Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы рецептура нсауы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.07 Кб
Скачать

Рецепт және оның құрылымы

Рецепт- белгілі бір қалыпта, дозада, оның қолдану ережесімен қоса дәрілік заттың дәріханаға жазбаша түрде дәрігердің (фельдшер, акушерка) ұсыныс қағазы. Рецепт бланкасының 3 түрі бар:

  1. Формада балалармен үлкен кісілерге берілген дәрілер барлық бағасымен сатып алу үшін жазылады.

  2. Формада жеңілдікпен берілетін ( жартылай, ақшасын) дәрілер.

  3. Формада наркотикалақ дәрілер жазылады.

Рецепт үш бөліктен тұрады:

1-ші бөлігі –ресми бөлігі: мекеменің штампы, наукастың аты-жөні, 18 жасқа толмағандардың және 60-н асқандардың жасы жазылады, дәрігердің аты-жөні, жазылған күні айы, жылы.

2-ші бөлігі –латын бөлігі. Ол Recipe (ал) деген сөзден басталады, оң жағынан рецептке кіретін дәрілерді жазады және дәрілік қалыптардың әзірлену тәсілдері.

Дәрінің жанына мөлшері жазылады араб цифрасымен ондық санда. Тұтас грамм саны үтірмен бөлінеді. Бір граммнан төмен салмақтық өлшемдерідің белгіленуі:

0,1-1 дециграмм

0,01-1 сантиграмм

0,001-1 миллиграмм

0,0001-1 децимиллиграмм

0,00001-1 сантимиллиграмм

0,000001-1 промилли, 1 микрограмм

Тамшының саны рим цифрамен белгіленеді (guttas Y), сұйық заттар рецепте миллилитрде белгіленеді (10 мл).

3-ші бөлігі – сигнатура – науқасқа нұсқаулық, signa деген сөзден басталады, дәріні қолдануы мемлекет тілінде не орысша жазылады.

Рецепт соңында жазған адамның колымен мөрі қойылады.

Рецепт заңды, ақшалай, медициналық құжат. Ол анық, қатесіз, көк сиямен жазылады.Дәрілік заттың аты латын тілінде жазылады, әрбір келесі атаулар бірінің астына бірі жаңа жолдан жазылады. Егер екі немесе бірнеше дәрінің мөлшері бірдей болса онда тек бір рет соңғы дәріден кейін апа (аа) – бірдей қойып жазады, тең мөлшерде. Егер науқасқа тез арада қажет болса рецепт бұрышына «Cito не Statim!» «тез шұғыл!» деп жазады.

ҚАТТЫ ДӘРІЛІК ТҮРЛЕР

Таблетка Tabuletta өндірісте жасалатын, құрамында бір немесе бірнеше емдік және қосымша заттары бар престеліп арнайы машиналарда жасалынатын дозаланған, ішке қолдануға арналған қатты дәрілік түрі.

Рецепт жазу үлгісі:

Қарапайым таблеткалар.

Recipe:TabulettasDigitoxini 0.00025 numero 20

Da.Signa. 1таб. Күніне 2 рет

Құрделі таблеткалар.

Recipe: Amidopyrini

Butadioniana 0.25

Da tales doses numero 20 in tabulettis

Signa.1таб. Күніне 3 рет

Құрделі коммерциялық аты бар таблеткаларының жазылуы.

Recipe:Tabulettas «Aeronum» numero 10

Da. Signa. 1таб. Саяхаталдында

Домалақ Dragee–өндірісте жасалатын дозаланған шартәріздес қатты дәрілік түрі.

Recipe:DrageeDiazolini 0.05 numero 10

Da.Signa. 1 таб. Күніне 1 рет.

Ұнтақ Pulvis- cусымалы ішке, сыртқа, егуге арналған қатты дәрілік түрі.

Қарапайым дозаланбаған ұнтақтын рецепте жазылуы:

Recipe:Streptocidisubtilissimi 20.0

Da.Signa. Сеппе

Қарапайым дозаланған ұнтақ:

Recipe: Pancreatini 0.3

Da tales doses numero 30

Signa. 1 ұнт. Күніне 3 рет

Күрделі дозаланбаған ұнтақ:

Recipe:Zincioxydi

Amyliana 20.0

Misce,ut fiat pulvis

Da.Signa.Жараға себуге.

Күрделі дозаланған ұнтақ:

Recipe: Phenobarbitali 0.01

Sacchari 0.3

Misce,ut fiat pulvis

Da tales doses numero 10

Signa. 1 ұнт. Түнге.

Капсула Capsula екі түрі бар (capsula moles-жұмсақ, capsula dura – қатты), қабыққа жағымсыз дәмі мен иісі бар немесе тітіркендіргіш әсері бар дәрілерді шығарады.

Recipe:Rifampicini 0.3

Da tales doses numero 30 in capsulisgelatinosis

Signa. 1 қаб. Күніне 2 рет