Жаңа дәріні алу жолдары
Қазіргі кезде көп дәрілер синтез арқылы алынады, химиялық синтез арқылы.
Мысалы: химиялық лабораторияды жаңа қоспа ашты дейік. Ол қоспа сынаққа фармакологиялық лабораторияға жіберіледі. Бұл жерде жаңа қоспа түрлі методтарды қолданып жануарларда зерттеледі.
Фармакодинамикасы, фармакокинетикасы зерттеледі. Егер жаңа қоспа жақсы қорытындылар берсе, ол қоспа өте жақсы тексеріледі. Ол қоспаның канцерогендік, токсикалық қасиеттері тексеріледі. Егер таза қоспа қойылған міндетті қанағаттандырса оны клиникада зерттеуге рұқсат береді. Үлкен клиникаларда жаңа дәрі соқырлық методпен тексеріледі. Жаңа дәрі клиникада өз еркімен келіскен ауруларға қолданылады. «Плацебо» бос дәрі деген сөз. Бұл методтың соқыр метод атануы аурулар қандай дәріні ішетінің білмейді, тек емдеуші дәрігер біледі. Ал кейде емдеуші дәрігерлер білмеуі мүмкін, тек бөлім меңгерушісі біледі, бұл уақытта қос соқыр метод д.а. жаңа дәріге берген қорытынды береді де, ол дәріні өндіріске шығаруды ұсыныс жасалынады.
Фармакология химиотерапия, токсикология,фармация жане т.б. білімдермен тығыз байланыста. Химиотерапия дегеніміз – жұқпалы ауруларды және қатерлі ісіктерді дәрі дәрмекпен емдеу.
Токсикология – заттардың улардырғыш қасиетін зерттейтін ғылым. Соңғы жылдары фармакология тез дамып өркендеп келеді. Өйткені қазіргі медициналық практикада қолданып жүрген дәрілердің 80% соңғы 25 жылдар ішінде ашылған.
Фармакологиялық тарихи-даму жолдары.
Фармакология ғылымы ерте заманнан бастап дамыған. Бірінші дәрі-дәрмектер өсімдіктерден, жануарлар органдарының алынған. Ол дәрілер ешқандай өндеусіз қолданылған. Құлдық заманда дәрі дәрмектердің әр түрлері пайда болды. Ежелгі Грециада Гиппократ( б.э.д. 460-377 ж. бұрын ) және Рим ғалымы Клавдий Гален (б.э.д.131-201 ж.бұрын) дәрі танудың дамуына үлкен үлес қосқан. Гален бірінші рет емге тұндырмаларды пайдалана бастаған. Сол себептен ол кісінің құрметіне қазіргі тұндырма дәрілер Гален препараттары деп аталады. Орта ғасырдағы тәжік ғалымы Әбу Әли Ибн Сина өсімдік дәрілермен көптеген ауруды емдеген. Ол ашқан камфора дәрісі әлі күнге дейін қолданады.
10-11 ғасырларда бірінші рет Ресейде дәрі-дәрмектер туралы қол жазбалар табылған.
1891ж.Француз физиологі Ф.Мажанди стрихнинді құрбақаға әсерін зерттеді.Бірінші экспериментальдық лабаротория 1847ж.Дерпте ашылды.
Орыс клиницистері К.И Пирогов пен А.И Филомафитский экспериментте хлороформ мен эфирдің жануарларға әсерін зерттеді.
С.П.Боткин клиникасында фармакологиялық лаборатория ашылды.1879 жылдан 1890 жылға дейін ол лабороторияның И.П Павлов меңгеруші қызметін атқарды. Ал 1899 жылда Кравков меңгеруші қызметін атқарды.
Фармакология кафедрасының меңгеруші қызметіне Н.П Кравков 1924 жылға дейн болды.Кравковты отандық фармакологияның негізін қалаушы деп атаймыз.Бірінші фармакология оқу пәнінің авторы да Кравков болған.
Кравковтың оқушылары Лихачев, Николаев т.б. кейшннен атақты фармакологтар болған.
Емдік дәрі - дәрмектер туралы жалпы ұғым.
Дәрі дәрмектерді жазу және дайындау тәртібі туралы фармакология тарауы « жалпы рецептура» деп аталады. Қандайда бір ауруды емдеу үшін немесе алдын алу мақсатында белгілі дозада қолданатын заттар дәрі деп аталады.
Емдік препарат деп белгілі бір емдік дәрі - дәрмек түрінде шығатын бір немесе бірнеше емдік заттардан тұратын препараттарды айтады.
Емдік дәрі- дәрмекті қолайлы түрі – дәрілік түрі.
Дәрілік түріне қарай дәрілер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Қатты дәрілер.Бұл топқа таблеткалар, ұнтақтар, домалақтар және қабық жатады.
2 .Сұйық дәрілер.Бұл топқа ерітінділер,тұндырма, тұнба, қайнатпа, сығынды, қоймалжың, сұйық қоспалар, тамшы және т.б. жатады.
Ал қолдану әдісіне байланысты дәрілер.
1.Сыртқа қолданатын
2. Ішке қолданатын
3 .Инъекцияға қолданатын дәрілер болып бөлінеді.
Дәрі- дәрмектері алу жолдары.Дәрілер әр түрлі шикі заттан алынады:
1. Синтетикалық жолымен.
2. Өсідіктерден алынады
3 .Жануарлар органдарынан көп дәрілер алынады
4 .Минералдық шикі затында дәрілер алынады
5 .Микробтардан көп антибиотиктер алынады.
Фармакопея
Дәрілерді дайындау методтары, сапасын тексеру, активтілігін тексеруі және жоғарғы дозаларын арнаулы оқулықта жазылған.Бұл оқулық фармакопея деп аталады.Фармакопея деген сөз екі латын сөзінен тұрады (pharmacon-дәрі, peo-жасау)
Фармакопея Ресейде де орыс тілінде 1866 ж басылып шықты. Ал Совет фармакопеясы 1925 ж. басылып шықты. Әр елдің өз фармакопеясы бар, бірақ барлық елге ортақ халықаралық фармакопеяда бар.
Дәріхана - медициналық мекеме. Негізгі мақсаттарының бірі халықты және емдеу мекемелерін дәрімен қамтамасыз ету. Дәріхана латын сөзі, аударғанда қойма, склад болады.
Дәріхана 2 түрлі болады:
1. Шаруашылық есепті дәріханалар - ақшаға халықты және дәріханасы жоқ емдеу мекемелерін дәрімен қамтамасыз етеді.
2 .Емдеу мекемелерінің дәріханалары, осы емдеу мекемелерінін бір бөлімі болып саналады.
Организмге әсер ету сипатымен күшіне қарай дәрілер 3 топқа болінеді:
1.Топ - улы дәрілер, А тізімі, бұл тізімге өте улы дәрілер жатады.
2. Күшті- әсер ететін дәрілер, Б тізім. Бұл тізімнің дәрілері ауруларға қатты әсер етеді.
3 .Басқа дәрілер. Бұл тізімнің дәрілері көп дозада берілсе де аса қауіпті емес.
