Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы рецептура нсауы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.07 Кб
Скачать

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

ШЖҚ МКК «Медициналық колледж»

ГКП на ПХВ медицинский колледж

Управление здравоохранения г.Алматы

ЦӘК «Жалпы кәсіби пәндер»


Дәрістік сабақтың әдістемелік нұсқауы

Пән: Фармакология негіздері

Тақырыбы: Кіріспе. Жалпы рецептура.

Мамандық: Емдеу ісі, мейірбике ісі

Дайындаған: Карбаева М.С.

ЦӘК мәжілісінде қаралып бекітілінген

Хаттама № 2016 жыл

ЦӘК меңгерушісі Жундабекова Р.Н.

Пән: Фармакология негіздері

Уақыты:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Жалпы рецептура.

Мамандығы: Емдеу ісі, Медбикелік іс

Оқытушы: Карбаева М.С.

Курс – Семестр –

Тақырыбы: Кіріспе. Жалпы рецептура.

Сабақтың мақсаты:

Оқыту:

-Жаңа тақырыпты меңгеру: кіріспені; жалпы рецептураны, дәрілік түрлерді.

-Осы тақырып бойынша білімдерін бекіту.

Тәрбиелік :

-мейірімділік пен жауапкершілікке тәрбиелеу;

-ой-өрісін кеңейту;

-оқып жатқан тақырыппен болашақ мамандағының байланысты екенін көрсету.

-Дамыту:

-оқушылардың дәрілік заттарды тағайындағанда, рецепт жазғанда, қабылдау кезінде өзіндік ойын дамыту;

-жаңа дәрілік заттарды пайдалануы жөнінде, ойлау қабілетін дамыту;

-медицина тарихына қызықшылықты, зейін коюын дамыту;

-теориялық білімі мен тәжірибені байланыстыру қабілетін дамыту.

Жүргізу орны: колледж аудиториясы.

Формасы:теориялық сабақ

Сабақтың ұзақтылығы: 90 мин.

Түрі: аралас-құрамдас сабақ

Оқыту тәсілі: өзіндік жұмысы, жаңа акпарат алу, иллюстрациялық-түсіндірмелі көрнекі сабақ.

Сабақтың жабдықталуы:

Дидактикалық:

-әдістемелік нұсқау

-жаңа тақырып бойынша ақпараттық материалдар

-дәрілердің жиынтығы.

Техникалық:

-мультимедиа материалдары

-ТСО

Пәнаралық байланыстар:

-латын тілі /рецептура, сөзжасам/

-қалыпты анатомия

-қалыпты физиология

-мейірбике негіздері

Пәнішіліқ байланыстар:

-жалпы рецептура.

Оқытушыларға арналған әдебиеттер:

Пичхадзе Г.М., Кадырова Д.М. Ким И.И. Карбаева М.С.

Фармакология, Руководство к практическим занятиям по фармакологии.

Султанов М.Ә. Ербасова А.А. Фармакология

Харкевич Д.А. Фармакология

Машковский М.Д. Лекарственные средства

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

Пичхадзе Г.М. Кадырова Д.М. Ким И.И. Карбаева М.С. Фармакология, 2016 жыл

Султанов М.Ә. Ербасова А.А. Фармакология, 2015 жыл

Иршаева Н.Б. Рысмаханова Г.Б. Фармакология, 2008 жыл

Майский В.В. Фармакология с рецептурой, 2008 г

Сабақтың кұрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, сабаққа окушылардың қатысуын тексеру.

Аудиторияның сабаққа дайындығын қадағалау, сабақтың мақсаты және жоспарымен таныстыру. Тақырыптық маңыздылығын түсіндіру.

  1. Жаңа сабақтың түсіндіру:

Оқушыларға фармакологияның тарихынан, дамуынан, медицина және фармацияның негізгі қалаушылары туралы ақпарат беріп, өзіндік жұмыстарының жоспарын беру.

Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік түрлері туралы ұғым беріп, дәрілік түрлерінің рецепте жазуды көрсету кажет.

  1. Өзіндік жұмысты жасау туралы, үй жұмысын орындауды талқылайды.

  2. Сабақтын қорытындылауы.

  3. Үйге тапсырма: Реферат дайындау, рецепт жазу, кітаптан Жалпы рецептура тақырыбын оқу.

Сабақтын хронокартасы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру 60 мин

  3. Жаңа білімді бекіту 15 мин

  4. Өзіндік жұмысты жасау туралы талқылау 5 мин

  5. Сабақты қорытындылау 3 мин

  6. Үйге тапсырма 2 мин

Барлығы: 90 мин.

1-ші қосымша:Өзіндік жұмыстардың тақырыптары:

Медицина қалаушысы Гиппократ.

Клавдий Гален- ежелгі Рим ғалымы

Дәрілік заттардың алу қөздері

Авиценна-Шығыстың ұлы ғалымы

Өтебойдақ Тлеуқабылұлы-қазақ данышпан емшісі.

2-ші қосымша:

Жаңа тақырыпты бекітуге арналган сұрақтар:

1/ Фармакология деген ғылым нені зерттейді?

2/ Дәрілік түрі деген не?

3/ Дәрілердің қатты түрлеріне қайсы жатады?

4/ Дәрілердің сұйық түрлеріне кайсы жатады?

5/ Дәрілердің жұмсақ түрлеріне кайсы жатады?

6/ Рецепт дегеніміз не?

7/ Дәрілерді қалай зерттейді?

8/ Рецепте дәрілердің мөлшері қандай санда көрсетіледі?

9/ Рецептік неше бланкі бар?

10/ Рецепт жазу негізгі ережелері қандай?

3-ші косымша:

Глоссарий құрастыру:

Фармакология-

Фармакопея-

Плацебо-

Рецепт-

Venena-

Heroica-

Varia-

4-ші қосымша:

Дәрілік заттардың әр түрлісіне рецепт жазу /арнайы дәптерде/.

Жаңа тақырып бойынша информациялық блок.

№1 Лекция

  1. Кіріспе

Фармакология (pharmacon – дәрі, logos – ілім) химиялық қосылыстар мен тірі ағзаның өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым.

Фармакология міндеттері – тиімділігі жоғары және қауіпсіз жаңа дәрілерді іздестіру.

- емге, ауруды алдын алу үшін қолданатын дәрілердің ағзаға әсерін зерттеу.

Фармакология маңызды медико-биологиялық ілімдердін дамуына әсер етеді. (физиология, патология, биология, практикалық медицина, клиникалық фармакология).

Фармакологияның қысқаша тарихы.

  1. Грек дәрігері Гиппократ (б.э.д 460-377ж.)

  2. Рим ғалымы Клавдий Гален (б.э.д 131-201ж.)

  3. Шығыс ойшыл дәрігері Авицена (980-1037ж.)

  4. Қазақ ғалымы Өтебойдақ Тілеуқабылұлы

  5. XV-XVI ғасырда Парацельс (1493-1541 ж.) бірінші болып бейорганикалық заттарды қолданғаң

  6. XVII-XIX ғасырдың аяғында Ганеман гомеопатияның негізін қалаған.

Фармакология үш тараудан тұрады:

  1. Жалпы рецептура (практикалық сабақта қаралады)

  2. Жалпы фармакология

  3. Жеке фармакология

Кіріспе

Емдік дәрі-дәрмектер туралы жалпы ұғым.

Фармакология дегеніміз дәрі-дәрмектердің организммен өзара әсерін зерттейтін және жаңа дәрілер алу жолдарын іздейтін ғылым.

Фармакология деген ұғым 2 сөзден тұрады:

  1. Pharmacon – дәрі-дәрмек деген сөз.

  2. Logos –білім/оқу деген сөз.

Фармакологтар дәрілердің организмге әсерін көбіне әр түрлі методтарды қолданып жануарларды зерттейді.

Мысалы: бұл зерттеу үстінде биологиялық, фармакологиялық, биохимиялық және т.б түрлі методтарды қолданады.

Клиникада дәрі-дәрмектердің адам организміне әсер етуін қадағалап отырып фармакологтар құнды материалдар алады.

Фармакология ғылымы басқа медицина ғылымдарының негізі деп айтса да болады. Өйткені, бұл пәнді оқып білу, танысу болашақ медицина қызметкерлері үшін өте қажет.

Себебі фармакологияны яғни дәрі-дәрмектерді күнделікті қызметтеріңізде пайдаланасыздар, ауруларды емдейсіздер және дәріні кейбір ауруларды алдын ала сақтандыру үшін пайдаланасыздар, профилактика үшін.

Фармакологтар организмге дәрілердің әсерін зерттей отырып 2-жағдайды тіркеулері керек: ол дәрілердің фармакодинамикасы мен фармакинетикасы.

Фармакодинамика дегеніміз фармакология заттардың организмге әр түрлі биологиялық процесстердің ағымына әсер етуі.

Фармакокинетика- дәрілердің организмге қабылдау, жайылуы, өзгеру және шығу жолдарын зерттейтін фармакология тарауы.

Фармакологтар тағыда жаңа дәрілер алу жолдарын іздестіреді. Жаңа алынған дәрілердің емдік активтілігі қасиеті жоғары және уландырғыш қасиеті төмен болулары қажет.

Уландырғыш қасиеті дәрінің токсикалық қасиеті деп айтамыз. Дәрінің токсикалық қасиеті деп емдеу дозасынаң жоғары дозада организмде жат биологиялық өзгерістер туғызуын айтамыз.