Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom-Disser.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Магистрлік диссертациялар туралы ереже

1-Міндеті және қолданыс аясы

Осы ереже барлық дайындық бағдарламалары бойынша магистрлік диссертациялардың құрылымы, ресімдеу қағидалары және қорғауын ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Ереже білім алушы магистранттар, олардың ғылыми жетекшілері мен университет кафедраларының жетекшілеріне арналған.

2-Терминдер және анықтамалар

Магистратура

Тиісті мамандығы бойынша "магистр" академиялық дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, нормативтік оқу мерзімі 2 жылды құрайтын жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;

Магистрлік диссертация

Магистранттың өздігімен нақты мамандық бойынша ғылым саласының өзекті мәселелерің бірін зерттеп, қорытындыларын жинақтаған ғылыми жұмысы.

3-Қысқартулар

Нұр-Мүбарак ЕИМУ

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

МАК

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы

ҚР МЖМБС

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 

ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорытынды мемлекеттік аттестаттау

 

4-Жауапкершілік

Осы ережені орындау және оның іс жүзінде қолданылуы үшін жауапкершілікті Оқу-әдістемелік бөлім меңгерушісі, магистранттардың, магистрлік диссертациялардың ғылыми жетекшілері, кафедра меңгерушілері тартады.

Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар

Жалпы ережелер

1. Магистрлік диссертация мазмұны бойынша теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдениетті немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген, ендіруі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс.

2. Магистрлік диссертация магистранттың кәсіби біліктілігінің деңгейін және оның таңдаған мамандық бойынша ҚР МЖБС талаптарына сәйкес ғылыми таным әдіснамасын меңгеру дәрежесін анықтайды.

3. Магистрлік диссертация ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады. Қажет болса магистрантқа ғылымдардың шектес саласы бойынша кеңесші тағайындалуы мүмкін. Магистранттың ғылыми жетекшісінде (ғылыми кеңесшісінде) ғылыми дәрежесі (ғылымдардың докторы немесе кандидаты) немесе бейіні бойынша PhD докторының академиялық дәрежесі болуы және ғылымның сол саласында (магистранттың оқу мамандығы бойынша) ғылыми зерттелермен белсенді айналасуы керек.

4. Магистранттардың ғылыми жетекшілерінің (ғылыми кеңесшілерінің) кандитатуралары бірінші курста магистратураға қабылданғаннан  кейін екі ай ішінде университеттің Ғылыми Кеңесінде қарастырылып ректордың бұйрығымен бекітіледі.

5. Магистрлік диссертация магистратураны бітірушіге тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін берудің негізі болып табылады.

6. Магистрлік диссертация келесі талаптарға сәйкес болуы тиісті:

- теориялық немесе қолданбалы тапсырмаларды шешуге көмектесетін немесе нақты ғылыми бағыттарды дамытудағы ірі жетістік болып табылатын жаңа ғылыми тұрғыдан дәлелденген, және (немесе) тәжірибелік нәтижелер дің бар болуы;

- магистрлік диссертация қорғалатын мамандықтың негізгі проблемаларына сәйкес болуы керек;

- өзекті болып, ғылыми жаңашылдық мен практикалық құндылығы бар болуы тиіс;

- ғылым мен тәжірибенің қазіргі теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделіп, кешенді және көпсалалы сипаттағы басқарушылық тапсырмалардың дербес шешімдері мен нақты тәжірибелік ұсыныстары болуы қажет.

- компьютер технологияларын қолдана отырып, мәліметтердің заманауи өңдеудің әдіс-тәсілдеріне негізделуі тиіс;

- орындалғанда ғылыми зерттеудің және ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы әдістері пайдаланылуы керек;

- негізгі қорғалатын қағидалар бойынша ғылыми/зерттеу тәжірибелік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерден тұруы тиіс;

- білімнің тиісті саласындағы озық халықаралық тәжірибеге негізделуі керек.

7. Магистрлік диссертациялардың тақырыптарын шығарушы кафедра әзірлеп, оны Университет ғылыми кеңесі қарастырып, бекітеді.

8. Магистрлік диссертациялардың жалпы тізімі жыл сайын 30 %-ға жаңартылып отыруы қажет.

9. Магистрлік диссертацияның тақырыбы магистрантқа жоғары оқу орны Ғылыми кеңесінің шешімімен қабылданғаннан кейін бірінші екі ай ағымында бекітіледі және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.

10. Бітіруші курста сарапшылар кеңесінің жұмыстары басталғанға дейін екі ай бұрын шығарушы кафедраның себепті қорытындысы негізінде магистранттың диссертациясының тақырыбына түзетулер енгізуге рұқсат беріледі.

11. Негізделген және құрылымды магистрлік диссертацияның тақырыбы, диссертация жұмысын аяқтау мерзімдері көрсетілген магистрлік диссертацияны орындау жоспары, ғылыми басылымдар, тағылымдамалар (қажет болған жағдайда) жоспары магистранттың жеке жұмыс жоспарында көрініс табады.

12. Магистрлік диссертацияның ғылыми жетекшісі:

·магистрлік диссертацияның орындалуы үшін тапсырма береді;

·магистрантқа магистрлік диссертацияны орындаудың барлық кезеңінде күнтізбелік жұмыс кестесін әзірлеуге көмек көрсетеді;

·магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасын құрастырады;

·магистрантқа тақырып бойынша қажетті негізгі әдебиеттерді, анықтамалық және мұрағат материалдарын, үлгілік жобалар мен басқа да әдебиеттерді ұсынады;

·өткізілу барысында магистранттың магистрлік диссертацияны орындау күнтізбелік кестесін сақтауын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультациялар кестесін бекітеді;

·магистрлік диссертацияның барлық бөлімдерінің көлемін бекітеді және магистрант пен кеңесшінің жұмысын үйлестіреді;

13. Магистрлік диссертацияның қорғауға шығарылатын негізгі нәтижелері біреуден кем емес басылымда және/немесе ғылыми-тәжірибелік конференциядағы бір баяндамада ұсынылуы қажет. Басылымға көлемі 0,3 б.т. аз емес аймақтық, республикалық, халықаралық конференциялардағы тезистер, симпозиумдар, мәжілістер, шолу ақпараттары, сараптамалық шолулар, ақпараттық парақтар және предпатенттер (патенттер) жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]