- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Диплом және диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау ережесі Алматы 2016
- •Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Мазмұны
- •Диплом жұмысының жалпы ережелері
- •2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту
- •3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік
- •4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
- •5. Ақпарат дереккөздерін іріктеу және зерделеу
- •6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
- •7. Диплом жұмысының мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар
- •8. Диплом жұмысының мәтінін рәсімдеу тәртібі
- •9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
- •10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Дипломдық жұмысқа тапсырма
- •Диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Магистрлік диссертациялар туралы ереже
- •Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар
- •Магистрлік диссертацияның мазмұны, құрылымы және ресімдеуіне қойылатын талаптар
- •Магистрлік диссертацияның классификациялық белгілері
- •Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі
- •А қосымшасы
- •Б қосымшасы
Магистрлік диссертацияның классификациялық белгілері
68. Диссертацияны iзденушiнiң жеке өзi жазуға тиiс, онда көпшiлiк алдында қорғауға ұсынылған, өзектi тақырыпты игеру барысында автор алған жаңа әрi анық ғылыми нәтижелер мен қағидалардың жиынтығы қамтылуға, ол iштей сабақтасып жатуға және автордың ғылымға қосқан жеке үлесiн куәландыратын болуға тиiс. Автордың ұсынған жаңа шешiмдерi бойынша дәлелдi болуы, әрi бұрыннан белгiлi шешiмдермен салыстыра отырып, сын тұрғысынан бағалануы керек.
69. Қолданбалы мәнi бар диссертацияда автор алған ғылыми нәтижелердiң практикада қолданылуы туралы мәлiметтердiң келтiрiлуi, ал теориялық мәнi бар диссертацияда ғылыми тұжырымдарды пайдалану жөнiнде ұсыныстар болуы қажет.
70. Диссертация келесі талаптардың бірін қанағаттандырса, қорғауға жіберіледі:
- диссертация нәтижелері сәйкес ғылыми бағыттың дамуындағы жаңа жетістік деп тануға болатын теориялық қағидалар жиынтығы болса;
- диссертацияда маңызды әлеуметтік-мәдени, экономикалық немесе саяси маңызы бар ғылыми мәселені шешудің тәсілі ұсынылса;
- диссертацияда ғылыми-техникалық ілгерілеуге зор үлесін қосатын техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер ғылыми тұрғыдан дәлелденсе.
71. Магистрлік диссертация Университет жоспарланған зерттеулер бағдарламасына сәйкес орындалып, халықаралық, мемлекеттік немесе аймақтық ғылыми, ғылыми-техникалық және салалық бағдарламаларына, фундаментальді немесе қолданбалы зерттеу бағдарламаларына енуі тиіс;
72. Магистрлік диссертацияның нәтижелері:
- халықаралық (лицензиялар сатылып, халықаралық гранттар алынды);
- сала аралық;
- сала аясында;
- ұйым шегінде енгізілуі тиіс.
Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі
73. Белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген магистрлік диссертация алдын-ала қорғау ресімінен өту және ғылыми жетекшісінің пікірін алу мақсатында шығарушы кафедраға болжалды қорғау күнінен бұрын үш ай кешіктірмей ұсынылады. Егер магистрлік диссертация бойынша шектес ғылым саласындағы маман тағайындалса, ғылыми жетекші мен ғылыми кеңесшінің пікірлері жеке, яғни бір-бірінен дербес түрде жасалады.
74. Ғылыми жетекшінің және бар болған кезде ғылыми кеңесшісінің пікірлері алдын-ала қорғау ресімінен кейін 10 (он) күннің ішінде «қорғауға жіберілді» немесе «қорғауға жіберілген жоқ» деген дәлелді тұжырымдамамен магистрантқа беріледі.
75. Алдын-ала қорғау ресімінің табысты түрде аяқталғаннан кейін, ғылыми жетекшінің және бар болған кезде ғылыми кеңесшісінің жағымды пікірлері «қорғауға жіберілді» деген шешімі және жоғары оқу орнында/ғылыми ұйымда белгіленген тәртіпте плагиатқа тексеріс туралы қорытынды бар болған жағдайда, магистрант диссертацияны сараптамаға ұсынады.
76. Диссертацияны сараптамадан өткізу, тиісті құжаттарды дайындау және диссертацияны қорғауға рұқсат беру ресімі кешенді емтихан мен диссертацияны қорғаудың арасында өтеді және бір айдан аспауы тиіс.
77. Диссертацияға сараптама жасау мақсатында Сараптау кеңесі тағайындалады. Сараптау кеңесінің құрамы жоғары оқу орны/ғылыми ұйымның жетекшісінің бұйрығымен диссертацияны қорғаудың алдында екі ай бұрын кешіктірмей бекітіледі.
78.Сараптау кеңесінің құрамына қорғалатын диссертация бейіні бойынша соңғы 5 жылда екі немесе одан да көп басылымдармен расталған ұсынылған зерттеудің пәні мен нысаны саласында білімі бар үшеуден кем емес маман енуі қажет.
79. Диссертант Сараптау кеңесіне келесілерді ұсынады:
1) аяқталған диссертациялық жұмыс;
2) диссертация тақырыбын бекіту туралы құжат;
3) транскрипт;
4) реферат;
5) белгіленген тәртіпте куәландырылған ғылыми мақалалардың тізімі және көшірмелері;
6) диссертацияны плагиатқа тексеру туралы тұжырым.
80. Сараптау кеңесі 10 күннің ішінде диссертацияға сараптама жасап, ЖОО-да/ғылыми ұйымда белгіленген тәртіп бойынша дәлелденген және келесі мәліметтер көрсетілген жазбаша қорытынды береді:
- диссертацияда баяндалған нәтижелерге жету үрдісіне магистранттың жеке өзі қатысуы;
- жүргізілген зерттеу нәтижелерінің дәлелдену деңгейі, олардың жаңашылдығы мен практикалық құндылығы;
- диссертация мазмұнының Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі мамандықтарының жіктемесіне сәйкес келуі;
- магистрант жария еткен жұмыстарда диссертация материалдарының толық берілуі.
81. Сараптау кеңесі келесі шешімдердің біреуін көрсетіп бекітілген форма бойынша негізделген жазбаша қорытынды береді:
1) диссертация көпшілік алдында қорғауға жіберілсін;
2) диссертация белгіленген мерзімде ескертулерді жою шартымен көпшілік алдында қорғауға жіберілсін;
3) диссертацияға қорғауға ұсынылмасын.
82. Диссертацияны қорғауға ұсыну кезінде реферат магистратура-докторантура бөліміне диссертацияны қорғау күнінен бұрын бір ай кешіктірмей тапсырылады.
83. Магистрант қорғау күнінен бұрын бір ай кешіктірмей қорғауға қабылданған диссертацияның бір данасын және рефераттың екі данасын қорғау жүзеге асатын ұйымның кітапханасына тапсырады, және олар ктапханада диссертацияны қорғауға дейін қолжазба есебінде сақталынады. Табысты қорғағаннан кейін диссертация және рефераттың бір данасы жоғары оқу орнының мұрағатына тапсырылады. Қорғамаған жағдайда, диссертация және рефераттың екі данасы магистрантқа қайтарылады.
84. Магистрлік диссертация бойынша біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес келетін ресми қарсы пікір білдіруші тағайындалады. Ресми оппонент диссертация орындалған ұйымның қызметкері қатарынан бола алмайды.
85. Ресми оппоненттердің кандидатуралары ресми оппонентті тағайындаудың негізі, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы, қарсы пікір білдіретін магистрлік диссертацияның бейіні бойынша негізгі жарияланымдардың тізімінен (3 жұмыстан кем емес) тұратын шығарушы кафедра меңгерушісінің ұсынысы және болжалды оппонеттердің жазбаша келісімінің негізінде қорғау күнінен бұрын 1,5 (бір жарым) ай кешіктірмей ректордың бұйрығымен бекітіледі.
86. Ресми оппонент магистрлік диссертацияны зерттеу және диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстардың негізінде ресми оппоненттерді тағайындау туралы бұйрықтың шыққан күннен кейін 10 (он) күннің ішінде диссертацияны жан-жақты сипаттап, ғылыми қағидалардың, шешімдер мен ұсыныстардың дәлелдерін, олардың жаңашылдығын объективті түрде бағалайтын рецензиясын жазбаша түрде әзірлейді.
Ресми рецензент магистрлік диссертацияны меңгеру негізінде жұмысқа сипаттама және «үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағалардың бірін көрсетіп, және тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін беру немесе бермеу мүмкіндігі туралы дәлеледі қорытынды беруі қажет.
87. Ресми оппоненттердің пікірлерінің көшірмесі ізденушіге диссертациясының қорғалуынан кем дегенде 10 күн бұрын беріледі.
88. Магистрант кешенді емтиханды табысты тапсырудан кейін келесілердің бар болу жағдайында қорғауға жіберіледі:
- ғылыми жетекшісі және ғылыми кеңесшісінің (бар болған жағдайда) жағымды пікірлері болса;
-Сараптау кеңесінің диссертацияны көпшілік алдында қорғауға нұсқау беру туралы жазбаша тұжырымы;
- Ресми рецензенттің жұмысқа сипаттама және «үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағалардың бірін көрсетіп, және тиісті мамандық бойынша магистр академиялық дәрежесін беру немесе бермеу мүмкіндігі туралы дәлелді қорытындысы.
Ғылыми жетекшісі немесе ғылыми кеңесшісі «қорғауға нұсқау берілмеді» немесе «қорғауға рұқсат етілмеген» деген теріс пікір білдірсе, магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат берілмейді.
89. Магистранттың диссертацияны қорғауға деген рұқсаты диссертация қорғаудан бұрын екі апта кешіктірмей жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым жетекшісінің бұйрығымен ресімделеді.
90. Магистрлік диссертация магистратураның аталмыш мамандығы бойынша құрастырылған МАК мәжілісінде жүзеге асырылады.
91. МАК төрағаларының кандидатураларын ректор 1 қарашаға дейін білім берудің уәкілетті органына ұсынады.
92. Магистратура мамандықтары бойынша МАК төрағасының ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми атағын, немесе шығаратын мамандардың бейініне сәйкес PhD докторының академиялық дәрежесі бар болуы тиіс. МАК төрағасы аталған мемлекеттік аттестаттау комиссия қалыптастырылған ұйымның қызметкері бола алмайды.
93.МАК төрағасы уәкілетті органның бұйрығымен күнтізбелік жылға ағымдағы оқу жылының 20 желтоқсан мерзімінен кешіктірмей бекітіледі.
94. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен шығарушы мамандардың бейініне сәйкес келетін ғылым докторы мен кандидаты, бейін бойынша PhD және магистр академиялық дәрежесі бар тұлғалар кіреді;
95. МАК сандық құрамын ЖОО өздігімен анықтап, ректордың бұйрығымен 31 желтоқсан дейінгі мерзімде кешіктірмей бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы әрекет етеді.
96. Сараптау кеңесіне, МАК-на ұсынылатын құжаттарға қосымша кафедралар мен диссертант келесі құжаттарды ұсынады:
1) магистранттың жеке оқу жоспарын орындауы, барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырылған курстық жұмыстар мен практика түрлері жөніндегі офис-регистратор анықтамасы;
2) магистранттың ғылыми жетекшісінің (ғылыми кеңесшісінің) пікірі;
3) Сараптау кеңесінің қорытындысы;
4) магистрлік диссертацияның ресми оппонентінің пікірі.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына сонымен қатар магистрлік диссертацияның ғылыми және практикалық құндылығын сипаттайтын басқа материалдар, ресми емес пікірлер, магистрлік диссертация бейіні бойынша қызмет ететін ұйымдардың жазбаша тұжырымдары, ғылыми зерттеудің ендіру нәтижелерінің анықтамалары немесе актілері, макеттер, материал үлгілері, бұйымдар, ауыл шаруашылық өнімдерінің, минералдар, гербарий және басқа да соған ұқсас заттар да ұсынылуы мүмкін.
97. Ресми оппоненттің пікірі белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, МАК оны оппонентке қайтару құқығы бар, немесе диссертацияны қорғау күнінен 10 күн бұрын кешіктірмей ресми оппонентті ауыстыруы мүмкін.
98. Магистрлік диссертацияны қорғау жөніндегі МАК мәжілісі онда мүшелердің 2/3 кем емес болғанда құқылы деп есептеледі.
99. Ресми оппонент және ғылыми жетекші диссертацияны қорғау кезінде міндетті түрде болуы қажет. Диссертация бойынша жағымды пікір білдірген ресми оппонеттің орынды себеппен болмаған жағдайда, магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі. Осындай жағдайда МАК мәжілісінде жоқ болған оппоненттің пікірі толығымен жария етіледі.
100. Диссертациялық жұмысты қорғау ресімі жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйымның өзімен анықталады.
101. Диссертацияны көпшілік алдында қорғау ғылыми пікірталас жағдайында өтіп, жоғары талап, ұстанымдар мен ғылыми этиканың қорғалуымен ерекшеленуі тиіс, сондай-ақ диссертацияда берілген нәтижелердің, ғылыми мен практикалық сипаттағы шешімдер мен нұсқаулардың жаңашылдығы, дәлдігі егжей-тегжейлі талдануы тиіс.
102. Магистрлік диссертациялық жұмысты қорғау нәтижелері туралы шешім МАК жабық мәжілісіне қатысқан тұлғалардың дауыс көпшілігімен қабылданып, белгіленген үлгідегі хаттамамен ресімделеді.
103. Хаттамаға мәжіліске қатысқан МАК төрағасы және мүшелері қол қояды.
104. Қорғау нәтижелері бойынша теріс шешім қабылданған диссертация теріс шешім шығарғаннан бір жылдан кейін өңделген түрде қайта қорғауға ұсынылуы мүмкін. Қайта қорғау кезінде қорғауға рұқсат берудің ресімі қайта өткізіледі, Сараптау кеңесінің мүшелері және ресми оппонент толығымен ауыстырылуы тиіс.
105. Диссертациялық жұмыстарды қорғау нәтижелері олардың өткізілген күні жарияланады.
106. Магистрлік диссертацияны көпшілік алдында қорғаған магистрантқа белгіленген нысан бойынша ресімделген МАК мәжілісінің негізінде тиісті мамандық бойынша магистрдің академиялық дәрежесі беріледі.
