- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Диплом және диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау ережесі Алматы 2016
- •Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Мазмұны
- •Диплом жұмысының жалпы ережелері
- •2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту
- •3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік
- •4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
- •5. Ақпарат дереккөздерін іріктеу және зерделеу
- •6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу
- •7. Диплом жұмысының мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар
- •8. Диплом жұмысының мәтінін рәсімдеу тәртібі
- •9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
- •10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Дипломдық жұмысқа тапсырма
- •Диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Магистрлік диссертациялар туралы ереже
- •Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар
- •Магистрлік диссертацияның мазмұны, құрылымы және ресімдеуіне қойылатын талаптар
- •Магистрлік диссертацияның классификациялық белгілері
- •Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі
- •А қосымшасы
- •Б қосымшасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
Диплом және диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғау ережесі Алматы 2016
Диплом және диссертация жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің барлық мамандықтарындағы білім алушыларына арналған.
Құрастырғандар:
Оқу бөлімінің меңгерушісі, филос.ғ.к., доцент Ә.Р. Әлмұхаметов;
Офис-регистратор М. Махмет;
ЖуГП кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д. Ш.Б. Бәйнеш;
Дінтану кафедрасының меңгерушісі Қ.С. Ержан;
Исламтану кафедрасының меңгерушісі Ш. Әділбаева;
Магистратура-докторантура бөлімінің меңгерушісі Г. Имашева;
Оқу бөлімінің аға әдіскері С.Ә. Тлебалдина;
Оқу-әдістемелік кеңес төрайымы М. Жолмағамбетова.
Исламтану кафедрасының мәжілісінде қаралды.
(№ 1 хаттама, «22» тамыз 2016 ж.)
Дінтану кафедрасының мәжілісінде қаралды.
(№ 1 хаттама, «22» тамыз 2016 ж.)
ЖуГП кафедрасының мәжілісінде қаралды.
(№ 1 хаттама, «22» тамыз 2016 ж.)
Араб тілі және әдебиеті кафедрасының мәжілісінде қаралды.
(№ 1 хаттама, «22» тамыз 2016 ж.)
Оқу-әдістемелік кеңесте қарастырлып, мақұлданды.
(№1 хаттама, «23» тамыз 2016 ж.)
Нұр-Мүбарак университетінің Ғылыми кеңесінде қаралып бекітілген.
(№ 12 хаттама, «29» тамыз 2016 ж.)
Диплом жұмыстарын рәсімдеу және қорғауға табыс ету бойынша әдістемелік нұсқаулар
Мазмұны
ДИПЛОМ ЖӘНЕ ДИССЕРТАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ЕРЕЖЕСІ 1
ДИПЛОМ ЖҰМЫСТАРЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУҒА ТАБЫС ЕТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 3
1. Диплом жұмысының жалпы ережелері 5
2. Диплом жұмысының тақырыбын таңдау және бекіту 5
3. Диплом жұмысын дайындауға ғылыми жетекшілік 6
4. Диплом жұмысының мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі 8
5. Ақпарат дереккөздерін іріктеу және зерделеу 8
6. Тәжірибе материалын жинау және өңдеу 9
7. Диплом жұмысының мазмұнына және рәсімделуіне қойылатын негізгі талаптар 9
8. Диплом жұмысының мәтінін рәсімдеу тәртібі 12
9. Диплом жұмысының түпкілікті нұсқасын рәсімдеу 17
10. Диплом жұмысын қорғау және бағалау тәртібі 19
ДИССЕРТАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫН РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ҚОРҒАУҒА ТАБЫС ЕТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 27
Магистрлік диссертациялар туралы ереже 28
Магистрлік диссертацияға қойылатын талаптар 29
Магистрлік диссертацияның мазмұны, құрылымы және ресімдеуіне қойылатын талаптар 31
Магистрлік диссертацияның классификациялық белгілері 38
Магистрлік диссертацияны қорғауға ұсыну және қорғау тәртібі 39
А ҚОСЫМШАСЫ 44
Б ҚОСЫМШАСЫ 47
Диплом жұмысының жалпы ережелері
Диплом жұмысы (жоба) оқудың соңғы аяқталу кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады. Диплом жұмысы (жоба) мынадай мақсатта әзірленеді:
1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және оларды нақты ғылыми, әлеуметтік, мәдени, ислами, кәсіби саладағы міндеттерді шешуде қолдану;
2) өз бетінше жұмыс жүргізе алу дағдысын дамыту және өңдеу үстіндегі мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде ғылыми-зерттеу мен байқаудан өткізу әдістемесін меңгеру;
3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайларында өз бетінше жұмыс жүргізуге дайындығын және кәсіби құзырлылық деңгейін анықтау;
Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
1. Зерттеу обьектісі бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың қамтылуы;
2. Қолданылуы нақты міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің қамтылуы.
Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, басылым әдебиеттері, лекциялық курстар, журналдар, соның ішінде шет тіліндегі, нормативтік әдебиеттер және т.б.) терең зерттеу негізінде орындалады.
Әрбір диплом жұмысында (жобада) тапсырмаларға сәйкес жеке перспективалық теориялық немесе практикалық сұрақтардың өңдеуі болуы керек.
