Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС №4 ЭІТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.26 Кб
Скачать

Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.

Неоклассиктер – еркін кәсіпкерлікті, бірдей мүмкіндікті, нарықтық күштердің еркіндігін, экономиканың өзін-өзі реттеуін жақтаушылар. Осы мағынада неоклассиктер – А. Смиттің тікелей ізбасарлары.

Осы заманғы неоклассикалық бағыт біркелкі емес. Онда бірнеше мектеп аңғарылады: Австрия мектебі – шекті пайдалық теориясы (оның негізін қалаушы К. Менгер, Ф. Визер, Е. Бем-Баверк); А.Маршалл бастаған Кембрижд мектебі; А.Вальрас бастаған Лозан мектебі.

ХІХ ғ. соңғы 30жыл ішінде классикалық саяси экономияның орның маржиналдық экономикалық теория басты. Маржинализмнің негізгі идеясы – шекті экономикалық шамалардың фирма, сала, бүкіл халық шаруашылық масштабында экономикалық жүйенің өзара байланысты құбылысы ретінде зерттеу.

Экономикалық теория тарихында неоконсерватизмнің екі ең жарқын теориялық мектебі бар: монетаризм және ұсыныстар экономикасы. Монетаризм – кейнсиандыққа қарсы шыққан, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпауы» идеяларын қолдайтын бағыт, ол ең бастсы деп ақша теориясы мәселесін қойды.

3.1. Монетаризм.

Монетаризм – бұл кейнсиандыққа қарсы шыққан бағыт, «еркін нарық», «мемлекеттің араласпау» идеяларын қорғаушы, мұнда ақша теориясы басты мәселе ретінде қарастырылады. Монетарлық мектеп шеңберінде ақша және ақша процестері талданады. Осы заманғы монетаризм орталығы Милтон Фридмен (1912 ж.т.) бастаған АҚШ-тың Чикаго мектебі. Оның ең бірінші назар аудартқан еңбегі «Позитивті экономикалық ғылымның әдістемесі» (1953ж.) болды. Фридман позитивті және нормативті экономикалық теория арасын батыл түрде ашты прогресс тек позитивті негізінде ғана мүмкін деп берік мәлімдеді. Фридменның басты еңбектері мыналар: «Позитивті экономика очерктері» (1952 ж.), А.Шварицпен бірігіп шығарған кітап – «Құрама Штаттарының монетарлық тарихы, 1867-1960 жж.» (1968ж.)

Монетаризмнің басқа да ықпалды фигураларына Р. Барро, И. Фишер, К. Брунер, А. Мельтцер және т.б. жатқызуға болады. Олар Фридменның көз қарастарын дамытып түрлендірді.

Өзінің қалыптасуында, М.Фридменның монетарлық коцепциясы бірнеше кезеңнен өтті: 50-ші жылдар – перманентті табыс теориясын жасау; 60-шы жылдар – шаруашылық циклдің монетарлық теориясын жасау; 70-ші жылдар – номиналды табыстың монетарлық концепциясын жасау және ақшаның негізгі экономикалық параметрлерге әсерін түсіндіру.

Монетаристер кейнсиандық талдаудың негізгі қағидаларына қарсы тұрады. Мәселен, М Фридмен сұрансты мемлекеттің экономикаға араласу шараларымен реттеу бағдарламасына қарсы шықты. Ол бюджеттік дефицит саясатын жиынтық сұранысты жандандыру құралы ретінде жоққа шығарады. Монетаристер кірістің пайда болу көз өндірісті емес , барлық көріністегі байлықты есептеді. Байлықтың негізгі бес түріне М.Фридман ақшаны, облигацияларды, акцияларды, физикалық игіліктерді, адам капиталын жатқызады.

Ақша айналысы жылдамдығының тұрақты- тұрақсыздығы туралы мәселе «түйінді» болды. Монетаристік концепция ақшаның сандық теориясына сүйенеді. Оның мәні : тауардың бағалары ақша қаражатының мөлшерімен белгіленеді. Ақша көлемі артса- баға да өседі және керісінше ақша азайса баға да арзандайды. Ақшаның негізгі қасиеті өтімділігі.

Өзінің сандық теориясын түсіндіруде Фридмен әркімнің сұранысы байлықтың мөлшерімен, баламалы активтерге ие болу, пайданы шығарып алуға ұмтылу мен шектелетіндігін көрсетеді.Ақша көп болғанда оны бағалы қағаздар сатып алуға, қосымша пайда алуға пайдаланады.Ақша ұсынысынан ақшаға сұраныс салыстырмалы түрде тұрақты. Ақшалай сұранысқа кірістерден басқа әсер ететіндер: бағаның деңгейі, проценттік ставканың мөлшері. Ақша ұсынысы айналыстағы ақшаның санын білдіреді. Ол ақша эмиссиясының мөлшерімен, коммерциялық банктерін несиелермен, бағалы қағаздардың сату-сатып алумен анықталады. Ақшы массасының сұранысымен ақша ұсынысы арасындағы сәйкестік нарықтың өзін-өзі реттеу механизмін қамтамасыз етеді. Егер ақша ұсыныс азайса, онда несие шарты қатаяды, проценттік ставка көтеріледі. Осының нәтижесінде ақшаға сұраныс біраз төмендейді, ақшаның бір бөлігі пайдалы активтерді сатып алуға пайдаланатын болады. Ақшаға сұраныс пен ұсынысының тепе-теңдігі бұзылады, одан кейін ол жаңа нүктеде тоқтайды. Осы жағдайда орталық банк өз саясатын түзетеді - ақша ұсынысы артады, ставка төмендейді. Процесс кері бағытта жүреді. Осыдан Фридмен мынандай қортынды шығарды:

  1. Нарықтық экономикада, сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңділікті қалпына келтіруге кедергі жасамау керек;

  2. Егер ақша массасының қарқыны тауар массасының өсу қарқынынан артса немесе керісінше ақша массасы тауар айналысының өсім қарқынынан артта қалса, онда жағымсыз ауытқулар пайда болып, экономикалық дамудың тұрақтылығы бұзылады;

  3. Ақша массасының өсуі бағалардың орнықтығын қамтамасыз ететін қарқынмен жүріп, ұлттық жиынтық өнім (ҰЖӨ) динамикасына сәйкес келуі тиіс.

Фридменнің пікірі бойынша ақша саясатының проблемасы сұраныс пен оның ұсынысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде жатыр.

Фридменнің ойынша, ақшаның өсімі ұлттық жиынтық өнімнің өсуіне сәйкес болуы тиіс.

Фридмен айналыста болатын ақша массасының өсу қарқыны іскерлік циклдің қозғалысына байланысты екендігін анықтайды. Ғалым экономикалық циклдің шындарының орташа айналыстағы ақша массасының максимум мен салыстырғанда 16 айда құрайтын заңдылығын анықтады, ал олардың орташа кемуі – оның минимумынан кем 12 ай. Осылардан ол мынандай қортынды шығарды: ақша несие саясаты шеңберінде проценттік ставкаларды емес, ақшалай ұсыныстың өсім қарқынын тұрақтандыру керек. Фридмен монетарлық ережені заңдылықпен белгілеуді жақтады, ақшалай ұсыныс жыл сайын сол қарқында нақты ҰЖӨ әлеуметтік өсімнің жыл сайынғы қарқыны сияқты сол қарқының артуы тиіс, яғни 3-5% не.

Монетарлық теорияға сәйкес инфляцияның негізгі себебі ақша массасының артылуына байланысты – «ақша көп-тауар аз».

Осы артылу әдетте жиынтық сұранысты ақшамен ынталандыру саясатын жүргізгенде пайда болады. Нәтижесінде ақша нарықтың реттеуші құралы рөлін атқармай қалады.

Инфляцияны тудыратын арналарды бітеу үшін монетаристер мыналарды ұсынады:

  • Ақша айналысының өсімін қатаң қадағалау;

  • Қатаң ақша - несие саясатын жүргізу, ақша массасының біртектілік өсу ережесін пайдалану;

  • Тұрақты фискалды саясат жүргізу;

  • Бюджеттің тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік бюджет дефицтын жою, өйткені ол инфляцияның пайда болу көзі және мемлекеттің нарықтық мехнизмге ақталмайтындай араласуын көзі болып қызмет етеді;

  • Кейбір жағдайларда экономиканың күтпеген әсер ету әдістерін пайдалану (мәселен «шок-терапиясы» әдісі).

Монетаристік саясаттың негізгі принципі – ақша массасының өсімінің тұрақты қарқынына қол жеткізу, бұл нарықтың өзін-өзі реттеу негізінде өндірістің өсіміне және жұмыспен қамтудың жоғарғы дәрежесін сақтайды. Монетаризмді жақтаушылар инфляцияның жалғыз көзі ақша массасының өсімі, ал нөлдік инфляция шартсыз және экономикалық саясаттың анықтаушы мақсаты болып табылады деп есептеді.

Экономикалық ұсыныс теорияның авторлары А. Лаффер, Р. Барроу, П. Эвнс және т.б. 1970-1980ж.ж. АҚШ пен Англияда макро анализ мектебі құрды.