- •Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
- •Алматы 2017ж Жоспары:
- •1.1. Фридоих Август фон Хайек, м.Фелдстейн еңбектері;
- •1.2. Эрхардтың қаржы саласындағы еңбектері.
- •2.1. Дж. К. Гелбрейт.
- •2.2. Дж. Бьюкеннен
- •Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.
- •3.1. Монетаризм.
- •3.2. Роберт Лукас ұтымды күту теориясы.
2.1. Дж. К. Гелбрейт.
Бұл ағымның ең жоғары өсуі ХХ ғасырдың 50-60ж. сәйкес келеді. Соғыстан кейін институционализм 30-шы жылдарғы институционализмнен методология жағынан да, теория аумағында жағынан да ерекше. Институционализмнің эволюциясы жаңа этаптарда индустриялдық технократтық тәсілді игеруден белгілі. Индустриялдық тұжырымдамалардың тамырлары Т. Вебленнің еңбектерінде көрінді. Бірақ 50-60-шы жылдардағы институционалистер ҒТР-ны «бизнес» әлемімен байланыстырды. Қазіргі институционализмнің лидерлері Дж. К. Гелбрейт. Оның еңбектері – «Американдық капитализм» (1925), «Жаңа индустриялдық қоғам» (1967), «Экономикалық теория және оның мақсаттары» (1973).
Дж. Гелбрейт индустриялдық жүйені, корпорацияларды, басқару мәселелерін монополия ішіндегі басқарумен қоғамды басқаруды, мемлекеттің рөлін, экономикалық саясаттың сұрақтарымен капиталистік жүйенің шаруашылық механизмін зерттеді.
Капиталистік мемлекеттердің барлық экономикалық жүйесін Дж. Гелбрейт екі сектордың-жоспарлық және нарықтық жиынтығы ретінде қарастырды. Біріншісіне ол «жетілген корпорацияларды» кіргізді. Олар жаңа технологияны пайдаланып бағаны белгілейді, қоғаммен үкімет алдында әкімділік жүргізеді. Мұндай корпорация ұйымы индустриалды қоғамның негізі(стержні).
Гелбрейдтің ойынша жетілген корпорацияларда билік және басқару меншік иесінен техноқұрылымға (инженрелер, менеджерге) ауысады.
Екінші жүйеде – нарықта – қоғамның әлеуметтік, рухтық және экономикалық мақсаттары біріктірілген. Оған шағын бизнес қол өнері қызметін көрсету сферасы жатады.
Дж. Гелбрейттің кейбір көз қарастары өзгерді. 70-шы жылдарда дағдарыс Дж. Гелбрейтке оның жоспарлау жүйесін мемлекеттің реттеуінсіз жеткілікті және тұрақты еместігіне көрсетті. Оның ойынша жетілген корпорациялар мен техноқұрылымының билігін шектеу қажет деді. Нақты күш, оның ойынша – бұл мемлекет. Дж. Гелбрейт «үлкен» корпорациялар мен басқару революциясы капиталистік өндірістің көп бөлігін бюрократизацияға әкелгенін көрсетті. Осының нәтижесінде әлеуметтік теңсіздік және қоғамның жіктелуі «артероксерозі» пайда болды. Бұл жағдайдан шығу үшін Дж. Гелбрейт мемлекеттің реттеу рөлін күшейту керек дейді. Осыған орай ол монитористердің көз қарастарынан бас тартты «қаржы –ақша» саясатының орнына финансы – бюджеттік саясатты қолдады.
Институтционализмде әлеуметтік-құқықтық бағыттардың негізін қалаушы болып Дж. Д. Коммонс табылады. Оның басты еңбектері – «Құқықтық капитализмнің негіздері» (1924). «Институционалдық экономика. Оның саяси экономикадағы орны» (1934). «Еңбек экономикалық теориясы әрекеттерінің» (1950). Коммонстың методологиясы өзімен шекті пайдалылық мектебінің ережесімен экономикадағы юридикалық концепциясының синтезін білдіреді.
Экономикалық талдауда Коммонстың басты көңілі жан-ұя мемлекеттік профсоюздық корпорацияларды, сауда ұйымдары сияқты институттарды зерттеуге бағытталған Коммонс бойынша экономикалық категориялар және институттар заңды ресімдеу арқылы көрінеді. Коммонстың айтуынша, нарықтық жағдай қазіргі заманға сай капиталистік қоғамда «рас емес» және «әділсіз» болуы мүмкін. Барлық минустарды жою үшін заңдылықтарды бекітіп және заңды дұрыс қолдану керек. Барлық тойтарыстар заңды негізде шешілулері керек.
Институционализмнің басты ерекшелігі (мағына) институттарды безендіру мәселелеріне беріледі.
Институтционализм ХІХ ғ. аяғында пайда болып үш бағытта тарады.
Олар: әлеуметтік-психологиялық институционализм; әлеуметті-құқықтық және эмперикалық (коньюнктура-статистикалық) болып.
Бұлардын барлығы жалпы фундаменталды жағдайларың бірлігіне қарамастан, олар бір-бірінен талдау тәсілдері мен әдістерімен, экономикалық құбылыстардың салаларын және себептерін талқылаумен, қоғам өміріндегі жеке институттардың мәні мен рөлі бойынша ерекшеленеді.
«Ескі» институтционалистермен (Т. Веблен, Дж. Коммионс және У. Мичелл) неоинститутционалистердің (Дж. Гелбрейт, Дж. Бьюкенен, Р. Коуз, Д. Норт және т.б.) көз қарастарының арасында кем дегенде үш ерекшеліктер бар:
«Ескі» институтционалистер құқық пен саясаттан экономикаға жүрген, басқа қоғамдық ғылым әдістерінің көмегімен, экономикалық процесті талдауға ауысты. Неоинститутционалистер, керісінше, саяси, құқықтық және көптеген басқа проблемаларды қоғамдық ғылымдардың неокласикалық экономикалық теория тәсілдерінің көмегімен әсіресе қазіргі микорэкономика аппаратары және ойымен теорияны қолданып талдауға кірісіті.
«Ескі» институционализм индуктивті жекешеліктен қоғамдық тәсілдерді қолданды, сондықтан ортақ институционалды теория сол бетімен қолданылмай қалды. Осы институттар ортақ теориясыз талданған, неоинституционализм дедуктивті тәсілдерді қолданып: институттарды бірыңғай теория негізінде талдаған.
«Ескі» институтционализм ең басты көңілді үйымның мүддесін қорғау мақсатында басты орынға тәуелсіз индивидті қояды. Неоинституционалистер бірінші орынға еркін мүшесін сайлайды ол қай ұжымға мүше болуды өзі шешеді.
