Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СРС №4 ЭІТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.26 Кб
Скачать

1.2. Эрхардтың қаржы саласындағы еңбектері.

II дүниежүзілік соғыстан кейін Германия жұртшылығының, жалпы халықтың жағдайы, экономикалық дәрежесі, әлеуметтік ахуалы, барлығы қиын кезеңді бастан кешірді. Елдің экономикасы мен ауыл шаруашылығы 30 жылға артта қалып қойды. Сондай-ақ халық санына да бұл фактор өз әсерін тигізбей қоймады, соғыс салдарынан 13 млн жуық адам қаза тауып, жараланғандар мен хабар - ошарсыз жоғалып кеткендер де көп болды. Барлық қалалар қиратылып көпірлердің 90% жойылып кеткен, ал көлік құралдарының 3/4 жарамсыз күйде қалған. Ауыл шаруашылығы мүлдем күйзелісті жағдайға тап болып, егінді жерлердің 1/5 қараусыз қалған, бидай өндіру 41%-ға картофель өндіру - 24% төмендеп қалған еді.

Ал қаржы, мемлекеттік қарыздың жылдан жылға жоғарылауымен сипатталды. Мемлекеттік қарыз 1945 ж. 377,3 млрд маркаға дейін жетті. Айналымдағы ақша көлемі тауар көлемінен әлдеқайда көп болды. Ал инфляция болса, соғысқа дейінгі дәрежемен салыстырғанда 600% дейін өсіп кетті.Осындай қиын жағдайды басынан кешіре отырып, мемлекет еркін нарық шаруашылығын құрудың қажеттігін сезіне бастады. Соның арқасында түрлі реформалар, әсіресе ақша-валюта саласындағы реформалар қолға алына бастады.Нәтижесінде 10 жылдан кейін «Неміс ғажабы» деген құбылыс дүркін орын алып, Германияны күшті, дамыған мемлекет қатарына қосып, Германия «Еуропа локомотиві» деген атты иеленді.

Л. Эрхардтың қаржы саласындағы еңбектері

«Неміс ғажабы» атты құбылыстың авторы - продюсер Людвиг Эрхард болды. Л. Эрхард түсінігіндегі неміс ғажабының негізгі көріністері мыналар еді:

  1. төменгі салықтар;

  2. еркін бағалар;

  3. еркін, жеке инвестициялау шараларына түрлі жеңілдіктер  туғызу жағдайы;

  4. сыртқы бәсекеден ішкі нарықты қорғау.

Бұл жетістіктерге, АҚШ көмегімен  жеткендігін есептемегенде және неміс мамандарының мықтылығын қоспағанда не әсер етті деген күрделі сұрақ туындайтыны рас.

Біріншіден, өз елінің бұрынғы ұлтшылдығынан көңілі қалған қауымның қолдары;

Екіншіден, фашистік қылмыстық режимді сынға алу, экономиканы нарықтық дамыту жолындағы көптеген немістердің бірлесуі, неміс халқының жағдайының оңала бастауы;

Үшіншіден, барлық неміс халқының қажымас еңбегі мен патриотизмі, әлемдік қауымдастыққа ену құлшынысы ұлттық ішкі күштерді жұмылдыра түсті. Сондай-ақ ұлттық валюта - дойч марктердің бағамын төмендете ұстау Германияның әлемдік нарыққа енуіне ықпалын тигізді, мысалы «Фольксваген» автокөлігі еуропалық өзге машиналарға қарағанда үштің біріне арзанеді.

Германияны экономикасы қалпына келтіріле бастады және тез қарқынмен дами түсті. Халықтың өмір сүру деңгейі жоғарылады, экспорт өсе түсті 50-жылдың ортасында ГФР әлемде алатын қоры көлемінен АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты.

Жүргізілетін реформаға АҚШ-та өз кезегінде ықпалын тигізді. Жалпы экономиканы сауықтырудың жобасын Л. Эрхард 1945 жылдың соңында қарастырып қойған еді, бірақ осы бастаманы АҚШ-тың басқарушы органдары білдірді. Олар Германия окупациялық әскерлеріне және неміс мамандарына керекті мағлұматтар беріп отырды. Л. Эрхардтың экономикалық реформасы ескі ұлтшылдықты, фашистік Германияның экономикасын тоталитарлық басқару жүйесін сынға алды.

Бұл реформа ақша реформасы, еркін  баға және еркін кәсіпкерлікке негізделді.Осылайша ақша, баға мәселесі бойынша  реформа 1948 жылы басталып кетті. Реформаның мақсаты айналымдағы құнсызданып кеткен ақшалардан арылып, орнына мықты, тұрақты валюта шығару. Сөйтіп, 21 маусымда оккупациялық әкімшілік декретімен бұрынғы ақшалар - рейхскмаркалар жарамсыз деп танылып, орнына жаңа ақшалар - дойчмаркалар пайда болды. Алғашында әрбір азаматқа 40 дойчмаркалар беріліп, кейіннен бұл сомаға 20 дойчмаркадан қосылды. Жалақы мен зейнетақы жаңа маркамен 1:1 бағамы төленді, банктердегі жинақтар жартысы 1:10 бағамы бойынша айырбасталады, ал қалған жартысын 1:20 бағаммен айырбастап отырды. Банк мекемелерінің бұрынғы міндеттемелері толығымен жойылды. Бұл реформа шын мәнінде өте қатаң болды, бір күн ішінде құнсызданған ескі ақшалардың үлкен жиынынан құтылып, нақты нарықтық экономикаға жол басталды.Ақша реформасынан кейін 3 күннен соң 24 маусымда баға реформасы басталды. Баға төмендетілді. Көне гитлерлік Германияда жеке меншік пен бәсекелестікке қарамастан, бағалар мемлекеттік басшылық жолымен белгіленетін еді. Ендігі жерде бағалар еркін баға атағын алды. Эрхард жүздеген белгілеулер мен бағаны бақылауды алып тастады. Нәтижесінде барлық немістердің көз алдында «қара нарық» жоғалды. Дүкендер тауарларға толып, адамдар өнім іздеумен емес оны өндіру және жаңа ақша табумен айналысты.Бағалар жалақының көтерілуіне  байланысты өсті, ал ол сәйкесінше еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты болды. Сол себепті де инфляция онша байқалмайды.

Кәсіпкерлік еркіндігі өзінің мәнін  толық мөлшерде көрсетті. Нақты еркін кәсіпкерлікке жету үшін ол несиелік, салықтық саясат түрінде бағытталды  Эрхардтың айтуынша сатып алушы иарық тұлғасын анықтайтын «патша» болды. Қызметте барлығының жағдайын жақсартудың негізі шағын және орта бизнес болды. 1953 жылы шағын кәсіпорындарда жалпы еңбекпен қамтылған халықтың 50,8% жұмыспен қамтамасыз етілді. Ал, 1952 жылы баға өсуі тоқтады.

«Фольксваген» «Мерседес», «Опель» және «БМВ» сияқты ірі-ірі өнеркәсіп мықтылары автокөлік өндіруінің (шығуының) 4/5 бақылауға алды. Өндірісті монополизациялау нәтижерінде 1958 жылы Германияның 14 компаниясы елдің акционерлік капиталының 79% бақылауда ұстады. 1956 жылы үш ірі банктер «Дойче банк», «Дрезднер банк»э «Коммерц банк» сияқты ірі қаржы мекемелері өздерінің орталық басқару органдарын қалпына келтіріп елдегі банктік салымдардың 5,7% бақылауда ұстады.

Осылайша, қысқа мерзім ішінде жүргізілген реформалар өз нәтижелерін беріп жатты, сол себептен де болар «ғажап» деген үғыммен байланыстырылуы, дегенмен Эрхардтың өзі «ғажап» деген сөзді ұнатқан емес, себебі ғажап саясатта емес, тек ерте-гілерде ғана кездесетін құбылыс деп санады.

Бала кезінде Л. Эрхард музыкамен  әуестеніп, болашақта үлкен музыкант, тіпті дирижер болуды армандаған көрінді, бірақ жанұясы оны басқа бағытқа тартқан.

Германияда салық ісін ұйымдастыру  Л. Эрхард ұсынып кеткен қағидаларды ескере отырып құрылады. Ол қағидалар төмендегідей:

  1. Салықтар мүмкіндігінше ең аз болуы тиіс;

  2. Белгілі бір объектіге салық салынғанда салық алудың  экономикалық мақсаттылығы ескерілуі тиіс;

  3. Салықтар бәсекеге кері әсерін тигізбеуі керек;

  4. Салықтар саясат құрылымына сәйкес болуы керек;

  5. Салық салу жүйесі салық төлеушінің жеке өміріне сыймен қарау және коммерциялық құпияны сақтаудан түруы қажет;

  6. Салық жүйесінде қосарлы салық салу болмағаны жөн;

  7. Салықтар қоғамда табыстарды әділ бөлуді қамтамасыз етуі қажет;

  8. Салық көлемі мемлекет көрсететін қызмет көлеміне сәйкес  болуы керек.