- •Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
- •Алматы 2017ж Жоспары:
- •1.1. Фридоих Август фон Хайек, м.Фелдстейн еңбектері;
- •1.2. Эрхардтың қаржы саласындағы еңбектері.
- •2.1. Дж. К. Гелбрейт.
- •2.2. Дж. Бьюкеннен
- •Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.
- •3.1. Монетаризм.
- •3.2. Роберт Лукас ұтымды күту теориясы.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Факультет: ЭжБЖМ
Кафедра: менеджмент және маркетинг
СӨЖ
Тақырыбы: Неолиберализм мектебі, жаңа институционализм мектебі, осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.
Орындаған: Жайлықанұлы Ж.
Тексерген: Табеев Т.
Алматы 2017ж Жоспары:
1. Неолиберализм мектебі.
1.1. Фридоих Август фон Хайек, М.Фелдстейн еңбектері;
1.2. Эрхардтың қаржы саласындағы еңбектері;
2. Жаңа институционализм мектебі.
2.1. Дж. К. Гелбрейт;
2.2. Дж. Бьюкеннен ;
3. Осы заманғы консерватизмнің негізгі ағымдары.
3.1. Монетаризм;
3.2. Роберт Лукас ұтымды күту теориясы;
3.3. Қоғамдық таңдау теорияс;
Неолиберализм өкілдері инфляция құбылысын экономика үшін аса қауіпті деп санады. Олар экономиканы тапшы қаржыландыру көмегімен реттеуге болатын кейнсиандык концепцияға қарсы болды. Тіпті, олардың тұжырымдамасы бойынша экономикалық өсуді қамтамасыз ету мемлекеттің тікелей саясатына жатпайды. Мемлекеттің саясаты олар үшін, экономикалық өсуге өздігінен алып келетін еркін бәсекелестікке жағдай жасауға, оны қорғауға бағытталуы тиіс. Мемлекеттің инвестициялық қызметін еркін рынокты шаруашылықтың принципіне жат қылық ретінде теріске шығара отырып, олар экономикалық тепе- теңділікті еңбек ресурстарының толық жұмысбастылығымен байланыстырмайды. Неолиберализм екілдерінің теориялық талаптарынан туындайтыны, олар қаржы- экономикалық саясаттың мәні ақша айналымының тұрақтылығын, мемлекеттік бюджет пен төлем балансының тепе- теңділігін қамтамасыз етуде деп түсінеді.
70-ші жылдары әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясы кейбір өзгерістерге тап болады. Жаңа теориялық моделде мемлекеттің экономикаға әсерінің шеңбері ұлғаяды. Кейбір экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызды дегенжекелегентауарлардың: ауыл шаруашылығыөнімдері, электр энергиясы, көлік қызметтері т.б. бағасын мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі мен орындылығы мойындалады. Бұл мемлекеттік реттеу тікелей түрде, мемлекеттік кәсіпорындар үшін, және жанама түрде- кейбір шаруашылықтың жекелеген кәсіпорындары үшін субсидия арқылы жүргізілу мүмкіндігіне ие болды. Жаңа неолибералдық моделде тікелей мемлекеттік инвестицияға да жол берілді. Бұл инвестициялар тауарлары әлемдік рынокта жоғары бәсекелестікке ие, халық шаруашылығының қарқынды салаларына бағытталды.
1.1. Фридоих Август фон Хайек, м.Фелдстейн еңбектері;
Әлеуметтік рыноктық шаруашылық теориясы екінші дуниежүзілік соғыстан кейінгі Германия үкіметінің жүргізген экономикалық саясатының негізін құрады. Осы теорияны негізгі әзірлеушілердің бірі, экономика профессоры, экономика министрі, одан соң федералдық канцлер Людвиг Эрхард (1897-1977) болды. Аденауэр- Эрхард үкіметі өздерінің мемлзкеттік доктринасы ретінде неолиберализмді ұстанды. Жалпы Эрхард әлеуметтік рыноктық шаруашылықты капитализмнің де социализмнің де баламасына жатқызды.Ұсынымның экономикалық теориясы езінің мағыналыль жағынан екінші неоконсерватизм мектебіне жатады. Ол 18 ғасырдың 70 жылдары кейнстік ілімнің дағдарысы кезін қалыптасты.Ұсынымның экономикалық теориясы монетари - теориясымен салыстырғанда іргелі теория, ол барлы неоклассикалық теорияның идеялық, теориялық тәсілдері кеңінен қамтиды. Бұл теория негізінен консерватизм (ес тәртіпті сақтауды жақтайтын) өкілдеріне жатады және американдық экономикалық романтизм, прагматизм, саяси демогогия (дақпыралық) қоспаларынан шықан.
Біріншісі- оның методологиясы, ол екі мектептің. неоавстриялық және монетаризм мектебінің синтезі.Неоавстриялык мектепті кұрған АҚШ-та қызмет атқарушы австоиялықтар. Оларға Людвиг фон Мизес (1881-1973) және оның оқушысы Фридоих Август фон Хайек (1889-1924).Неоавстриялықтар- таза рынокты жақтаушылар және консерваторлар. Ұсынымның экономикалық теориясьіның өкігиәрі оздерінің ілімінде Ф.Хайектің ұсынған төрт түрлі тезисіне сүйенеді. Ф.Хайектің бірінші тезисі рыноктың монополиялык тәртібі. Ф.Хайектің пікірінше, экономиканың күрделілігі соншалықты, оның объективті заңдарын адамның ақыл-ойы түсіне бермейді. Сондықтан экономиканы реттеудің ең жаксы құралы смиттің "көрінбейтін қол механизмі" болып табыпады. Мемлекеттің рынокка араласуы экономикада бүлінушілікті тудырады. Хайектің ойынша "керінбейтін қол механ.измі" біріншіден, адамныңжекелеген еркін іс- қимылына сәйкес. екіншіден, шектеулі ресурстарды тиімді бөледі, үшічшіден. сұраныс, ұсыныс. баға құрылымы туралы дұрыс ақпараттар бере алады.Хайектің екінші тезисі рыноктың таза болуын білдіреді. Оның ойынша мемлекет рынокты бүлдіреді, сондықтан да ол экономиканың мемлекеттік реттелуі туралы кез-келген шешімге қарсы. Ф.Хайек- Маркс ілімінің жанды қарсыласы. Ол мемлекеттің экономикаға араласуын "зиянды ез-езіне сенушілік" деп атады.Хайектің үшінші тезисі- бюджеттің қайта беліну саясатын сынға алады. Бюджеттің қайта бөлінуі экономика мен қоғамға зиянын тигізеді, өйткені теңсіздік міндетті түрде болады. Бұл-рыноктың нәтижесі ғана емес. оның қажетті алғы шарты да.Хайектің төртінші тезисі- кәсіподақтарды сынға алады. Кәсіподақтар, Хайектің пікірінше, еңбек нарығындағы мочополистер. Олар да рынокты ластайды, сондықтан олармен де күресу қажет деген пікір айтады.Дегенмен ұсынымның экономикалық теориясының кейбір өкілдері Ф.Хайектің пікірімен барлықжағынан келісе бермейді. Олар Хайек секілді экономикадан мемлекетті толық шеттетуді емес, экономиканы мемлекеттің реттеуін төмендету шараларын ұсынады. Ұсынымның экономиклық теориясы бойыгша мемлекет екі мәселемен айналысуы қажет: 1) экономикалық өсуді қамтамасыз ету; 2) инфляцияны шектеу.
Ұсынымның экономикалық теориясының екінші ерекшелігі-жұмыссыздық теориясында жатыр. Ұсынымның экономикалық теориясының жақтаушылары әлеуметтік кепілдік жүйесіне толығымен қарсы.М.Фелдстейн- әлеуметтік шығындардың, салықтың, ақша жинағының, инвестицияның, жұмысбастылықтың динамикалық қатарын жасады. Осыларға талдау жасай отырып, ол әлеуметтік шығындардың есебінен жұмыссыздықтың азаятыны туралы тұжырымға келді.Фелдстейннің қарсыластары оның моделіне бірқатар сынақтар жүргізді, бірақ нәтиже шықпады. Оның қарсыластарының пікірі бойынша Фелдстейн өзінің моделіне қатты шектеу қойған. Сондықтан оның қарсыластары осы Фелдстейн моделіне ұқсас модель жасап шығарды. Нәтижесінде.бұлардың жасап шығарған моделіне сәйкес ұлттық табыстың дамыған елдерде 5%-і, ал Африка елдерінде 80-90%-і өндірілмей қалды. Осыдан кейін Фелдстейннің қарсыластары осы моделді АҚШ-тың мәліметтерімен салыстырып тексергенде оның іс- әрекетке қабілетсіздігін байқады. Нәтижесінде, Р.Рейган М.Фелдстейннің еңбектері бойынша экономикалық мүмкіндіктерге кеңес беруші ұлттық кеңесті таратып жіберді.
Ұсынымның экономикалық теориясының үшінші ерекшелігі- инфляция мәселелері. Бұл мәселе бойынша олар ақша массасын шектеу қажеттілігі туралы М.Фридменмен пікірлес. Бірақ бұл мәселені шешуде олардың арасында шамалы айырмашылық бар. Фридменнің пікірінше бюджет тапшылығы жағымсыз болса да шынайы болатын құбылыс. Онымен санасып, келісім жағдайда болу қажет. Ал ұсынымның экономикалық теориясының жақтаушылары бюджет тапшылығымен келіспейді. Олардың ілімі бойынша бюджет тепе- теңділік жағдайда болу кажет. Олардың пікірінше, мемлекет шенеуніктеріне бюджет билігінде осалдық жібермеу керек. Сондықтан конгресс бюджеттің тепө- теңділік жағдайын қадағалап отыруы қажет.
