Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Freza_ сайрашшшшшшшшшшшш.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.75 Mб
Скачать

1.2  Сурет. Цилиндрлі жоңғыштың түр өлшемді оптималды мәндері пышқы кірістіруінің номограммасы

1.2 Цилиндрлі жоңғыштың құрастыру элементтері және геометриялық параметрлері

Цилиндрлі жоңғыш кесуші тісті жиектен, тұрқыдан және жұмыс үстелінен тұрады. Тұрқы тесігі құралбілікті ұстап тұруға қажет және кілтек ойықтарындағы тесікті кілтектің айналу моментіне келтіру үшін қажет. Құрастыру элементтері цилиндрлі жоңғышты (1.3 – сурет) кесуші бөліктерін алдыңғы 1, артқы 2 тістің арқабет(желке) 3, таспаша(кесуші жиекті сызықтар) 5, ені 0,03…0,08 мм, басты кесуші жиек 4 болып табылады.

Цилиндрлі жоңғыштың геометриялық параметрлеріне артқы және алдыңғы бұрыштар, сондай-ақ жоңқа бунағының қисаю бұрышы берілген.

Алдыңғы бұрыш жазықтығы γ, жоңғыштың алдыңғы жазықтықтағы тіске қатысты кесу жазықтығына перпендикуляр келеді. Алдыңғы бұрыш мөлшері қиылысуы N-N (1.3 – сурет), кесуші жоңқаға перпендикуляр бола алатын материал 10…20´ шамасында өңделеді.

Артқы бұрыш α артқы тіске қатысты жазықтықта және цилиндрлі жоңғыштың сыртқы жазықтығында жатады. Артқы бұрыштың жазықтықтағы мәні жоңғыштың қалыпты осінде, ұсақ тісті 160, пышқы орнатулы - 120 жоңғыштарда қолданады .

Бунақ (тісті) ω қисаю бұрышы цилиндрлі жоңғышты жазықтықта кесуші жиек арасында сыртқы жоңғышты өлшеуге арналады.

Қалыпты жоңғыштың тісті қисық бұрыш мөлшері келесі түрлермен анықталады:

 ұсақ тістер ω=30…350;

 ірі тістер ω=200;

 біркелкі пышқы сапталуы ω=200;

 композициялы пышқы сапталуы ω=450.

1.3 – сурет. Жоңғыш цилиндр шиыршық тісті

Цилиндрлі жоңғышты жону кезінде геометриясын бақылау бұрыш және шетжақтау қимасы орнатылады. Қалыпты шетжақтау қимасы кезінде бұрышқа байланысты формула:

(1.1)

(1.2)

Бұрыш α и γ1 жоңғыштың сызба бойында (1.3 – сурет), бұрыш αN и γ міндетті түрде жоңғыштың пішінқыруы көрсетілген.

1.3 Цилиндрлі жоңғыштың мұқалу және тозу сипаты

Цилиндрлі жоңғыштың тісінің мұқалуы негізінен артқы жазықтықта аз өлшемді алдыңғы жазықтыққа көшуі жұмыс барысында болады. Сол себепті цилиндрлі жоңғыштың критериясы артқы жазықтықта тоздыру μ мөлшері қабылданады.

Өңдеу кезінде жылдам кескіш болат жоңғыштың ұсақ тісті мөлшері μ=0,2…0,3 мм, ал ірі тісті пышқы сапталуы μ=0,7…0,8 мм болады. Жылдам кескіш шойынды жоңғышты өңдеу кезінде ұсақ тісті мөлшері μ=0,2…0,5 мм, ал ірі тісті пышқы саптау – μ=0,5…0,85 мм болады.

Цилиндрлі жоңғыштың әр нүктедегі іздері тістерінің өтпеуіне әкеледі. Әр нүктедегі саналмалы қабаттар (1.4 – сурет) осы формула бойынша анықталады:

(1.3)

мұнда – артқы жазықтықтағы тозу ұзындығы;

α, γ – жоңғыштың алдыңғы және артқы бұрыштары;

И – қосымша қабат (тозу үстінде), алынбалы қайрау кезіндегі өлшемі (0,05…0,1 мм).

Қабаттың қалыңдық мөлшері α, цилиндрлі жоңғыштың жылдам кескіш болатты ауытқуы шамамен 0,1 мм жоңғыш үшін ұсақ тісті 0,25 мм пышқы саптау арқылы болады. М қабат мөлшері (1.4 – сурет) бойынша тістің биіктігі жоңғыштық конструкциясына байланысты, пышқы саптау орналасу мөлшері бойынша т.б. =(0,4÷0,5)Н орналасады. ( 1.5 – сурет).

1.4 – сурет. Тісті жоңғыштың тозуы

1.5 – сурет.жоңғыштың пішінқыру кезіндегі ажарлау бойына таянышты орнату (бұрыш g) түзу тісті (w=0)

Цилиндрлі жоңғыштың аспалы пышқысын М=0,3 ойық биіктігіне орнату. Артқы(немесе алдыңғы) цилиндрлі жоңғыштың нүктелеу санын анықтауға арналған формула:

(1.4)

мұнда, а – қабат қалыңдығы, бір нүктеге санағандағы мәні.