Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПИД ОСПЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.85 Кб
Скачать

Құтыру індетіне қарсы шаралар алгоритімі:

Жұқпа көзіне бағытталған шаралар-қоздырғышы — РНК-лы нейротропты вирус рабдовирустар (Rabdoviridae), лиссавирустар тұқымдасы (Lyssavirus)

Жұқпа көзі - үй, жабайы шөпкөректі жануарлар, сирек жарқанаттар.

Ауру жануарлар анықтау және өртеу немесе жою.

Науқасты жұқпалы аурулар ауруханасының жеке палатасына оқшаулау.

Берілу механизміне бағытталған шаралар:

Берілу механизмі мен жолдарын үзу:

Адамға жансу арқылы құтырған жануар тістесе, кейде сілекейі түссе жұқтырады.

Күнделікті және қорытынды дезинфекция жүргізіледі.

Жануар тістесе немесе сілекейі тисе немесе ауру малды сойғанда, тексергенде жарақат алса шұғыл түрде жарақат немесе хирургиялық кабинеттерге көмекке жіберіледі. Алғашқы көмек жараны 20% сабынсу ерітіндісімен жуып, шеттерін 5% иодпен немесе 70% спитрпен өңдеп стерильді битпен таңады.

Құтыруға қарсы (КОКАВ) вакцинасын 6 рет 1мл көлемінде енгізіледі.

Санитарлық-ветеринарлық шаралар: иесіз қаңғыған иттерді өртеу, жою, үй жануарлары мен мысықтарды тексеру, бақылау.

Тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.

Ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шаралар:

Жұқпа көзімен қатынаста болғандар

  • адамды тістеген, құтыруға күдікті ит, мысықтар 10 күн бақыланады;

  • тексеру барысында тістеген жануармен қатынаста болған, яғни жұқтыру қауіпі төнген адамдар анықталады;

  • диагностикасы: серологиялық, КБР, ГАЕР, ИФА, гистологиялық,

вирусологиялық.

8 билет

Вирусты гепатит «с» індетіне қарсы шаралар алгоритімі:

Жұқпа көзіне бағытталған шаралар:

Ауру адамды уақтысында анықтау, оқшаулау, емдеу

  • созылмалы и жіті түрімен науқасты клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызу;

  • вирус тасымалдаушылар көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызу.

Берілу механизміне бағытталған шаралар:

Берілу механизмі мен жолдарын үзу:

  • ошақта күнделікті және қорытынды дезинфекция жүргізу;

  • жеке қолданылатын– ұстара, тіс щеткасы, тарақ, маникюрлік залалсыздау.

Біррретік медициналық құралдарды қолдану, оларды өңдеу тәртібін қатаң бақылау.

Санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті қатаң бақылау.

Медициналық құралдарды хлораминмен, лизеоломмен, дезапревпен залалсыздау. Биологиялық қалдықтарды (қан және т.б) хлорамин мен Са гипохлоридпен залалсыздау.

Ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шаралар:

Жұқпа көзімен қатынаста болғандар:

  • медициналық бақылау жасырын кезеңінің соңына дейін;

  • санитарлық ағарту жұмысы;

  • арнайы алдын алу қарастырылмаған;

  • диагностикасы: ИФА, ИБ, ПТР, УЗИ, компьютерлік томография.

9 билет

Бруцеллез індетіне қарсы шаралар алгоритімі:

Жұқпа көзі - жануарлар: В. melitensis, В. аbortus, В. suis, В. canis, B.ovis, B.neotomae, B.rangiferi. Ауру жануаларды анықтау, оқшаулау, жою.

Науқас адамды анықтап, клиникалық көрсеткіштері бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулау. ТҚҚБ және ветеринарлық қызметке хабарлау.

Берілу механизміне бағытталған шаралар:

Берілу механизмі мен жолдарын үзу:

Бруцеллез тіркелген қожалыққа басқа малдар кіргізілмейді, мал қораларын, қоздырғыштың нақты факторларына қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізу.

Сырқаттанушылықты жою және төмендету үшін комплексті ветеринарлық-санитарлық және медициналық санитарлық шаралар жүргізу.

Сүт өнімдерін пісіру, пастерлеу және мал қораларына көп көңіл бөлу керек. Мал қораларын 20% хлорной ерітіндісімен, 2% формальдегидпен немесе 5% сабынды-креозол ерітіндісімен өңдеу.

Ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шаралар:

Жұқпа көзімен қатынаста болғандар:

  • жануарлар арасында ауру малды дер кезінде анықтау, жекешелеу, емдеу, үнемі ветеринарлық бақылау, түсік тастайтын малдарды мұқият серологиялық, бактериологиялық, аллергиялық әдістермен тексеру;

  • жануарларға тірі вакцина енгізу арқылы белсенді иммунды алдын алу;

  • медициналық бақылау 8 күн;

  • шұғыл алдын алу 10 күні бойы рифампицин ( 0,3г күніне 2 рет), доксициклин (по 0,2 г 1 раз в день), тетрациклин (0,5г күніне 3 рет) тағайындалады;

  • диагностикасы: Хедельсон, Райт, ГАТР, ИФА, ПТР.

10 билет