Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭПИД ОСПЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.85 Кб
Скачать

Туляремия індетіне қарсы шаралар алгоритімі:

Жұқпа көзіне бағытталған шаралар: жабайы кеміргіштер, қоянтәрізділер, ондатралар, синантропты кеміргіштер. Анықтау және жою.

Науқасты анықтап жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаландыру, емдеу және ТҚҚБ хабарлау.

Беріліс механизміне бағытталған шаралар:

Берілу механизмі мен жолдарын үзу:

Агротехникалық шаралар: уақтысында жемді, сабандарды, шөпті жинау, оларды аммиакпен өңдеп, престеу, қоймаларға жеткізу. Кеміргіштерді жою – дератизация,

тасымалдаушы кенелерді жою-дезинсекция жүргізу.

Ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шаралар::

Қатынаста болған адамдарды анықтап, оқшаулау:

  • медициналық бақылау 7 күн;

  • тұрғындарға тірі туляремия вакцинасын жүргізу;

  • антибиотикпен алдын алу (доксикцилин, теракциклин, сифлокс, ципролет);

  • диагностикасы: серологиялық ГАТЕР, РА, ИФА, ПТР

бактериоскопиялық, тулярин тері-аллергиялық сынамасы.

5 билет

Сібір жарасы індетіне қарсы шаралар алгоритімі:

Жұқпа көзіне бағытталған шаралар: үй, жабайы өлген жануарлар. Жабайы сүткөректілер. Ауру жануарларды анықтау және жою.

Науқасты анықтап, жұқпалы аурулар ауханасына оқшаулау, емдеу және ТҚҚБ хабарлау.

Берілу механизміне бағытталған шаралар:

Берілу механизмі мен жолдарын үзу:

  • қорытынды дезинфекция жүргізу – ыдыстарды, кимідерді, жанауарлар тұратын қораларды, олардың жүндерін, терілерін залалсыздандыру. Қолданылатын дезинфектанттар: 4% хлорамин, 6% сутегінің асқын тотығы + 0,5% ұнтақ, 5% формальдегид сабынды ерітіндісі. Ыдыстарды, аяқ киімдерді - 2% ас содасымен 60 минут немесе 2% хлорамин ерітіндісімен 2 сағат қайнату.

Ағзаның қабылдаушылығы бағытталған шаралар:

Инфекция көзімен қатынаста болғандар:

  • ветеринарлық карантин – 15 күн;

  • медициналық бақылау - 8 күн;

  • 20-25мл иммундыглобулин енгізу;

  • СТИ вакцинасын 2 рет 21 күн аралықпен, 1 рет ревакцинация жүргізу

  • антибиотиктермен (тетрациклинмен, доксициклинмен, ципрофлоксинмен) 5 күн шұғыл алдын алу.

6 билет

Вирусты „в“ гепатит індетіне қарсы шаралар алгоритмі:

Жұқпа көзіне бағытталған шаралар:

Ауру адамды анықтау, оқшаулау

  • жіті түрімен науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу;

  • созылмалы түрімен көрсеткіштеріне байланысты ауруханаға жатқызу;

  • HBs-антиген тасымалдаушысын көрсеткіштеріне байланысты ауруханаға жатқызу.

Берілу механизміне бағытталған шаралар:

Берілу механизмі мен жолдарын үзу:

  • ошақта күнделікті және қорытынды дезинфекция жүргізу;

  • жеке қолданылатын– ұстара, тіс щеткасы, тарақ, маникюрлік залалсыздау;

Біррретік медициналық құралдарды қолдану, оларды өңдеу тәртібін қатаң бақылау.

Санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті қатаң бақылау.

Медициналық құралдарды хлораминмен, лизеоломмен, дезапревпен залалсыздау. Биологиялық қалдықтарды (қан және т.б) хлорамин мен Са гипохлоридпен залалсыздау.

Ағзаның қабылдаушылығына бағытталған шаралар:

Жұқпа көзімен қатынаста болғандар:

  • медициналық бақылау – 6 ай;

  • санитарлық ағарту жұмысы;

  • арнайы вакцинамен алдын алу;

  • диагностикасы: ИФА, ПТР.

7 билет