Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
33448_2016-11-03 22_48_26_срс7.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.59 Mб
Скачать

Табиғи тамақтандыру техникасы

ДДҮ ЮНИСЕФ (1998) ұсынысына сөйкес табиғи тамақтандыру ережесі төмендегі тәртіптерден тұрады:

1. Жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау. Емізу алдында қолын сабындап ұкыпты жуу керек. Бюстгальтер таза жуылған болу керек.

2. Инфекцияланған болуы мүмкін болғандықтан, емізу алдында сүт безінің шыгарушы өзектеріндегі түратын, үрпідегі алғашқы бірнеше тамшы сүтті са-уып тастау керек. Сүт безі, емшек үшы қатайып, тартылғанда ІІ-ІІІ бармақтар ұшымен жеңіл айналдыра сипау қимылдарымен сүтті сауып, емшек ұшы айма-гын жүмсартқан жөн. Кейде қатаю дөрежесіне байланысты емшек үшы жөне оның аймағы ішіне қарай тартылып түруы мүмкін. Бүндай жағдайда, бала ем-шек үшын аузына сала алмайды, сондықтан сүтті көбірек сауып тастауға тура келеді.

3. Алғашқы күндері ана сөбиін бір жақ қырына жатып емізеді (92 сурет). Сөбиді аузына емшектің үшын салуға қолайлы етіп жатқызады да, емшегін

сөл көтеріп, ұшын саусақтарымен ұстап (сүт безі қолының алақанында жата-ды), сөбидің аузына, ұшын ғана емес айналасындағы терінің бөлігін дұрыс ұстай-тындай етіп, салады. Бас бармағымен, баланың мұрнын жауып тыныс алуына кесел келтірмеу үшін, сүт безін кейін, төмен ығыстырып үстап тұрады. Одан өрі босанған әйел отыруға рұқсат берілгеннен кейін (3-4 күннен бастап) ана ба-ланы, бір аяғының астына кішкене отырғыш қойып, отырып емізеді (93 сурет). Сонымен қатар, емізетін басқа да қалыптар белгілі: тікесінен, «қол астынан». Бастысы бала емізіп отырған ана өзі тыныш, демалып отыратын жағдайда ор-наласуы керек. Сонымен қатар, өр уақытта баланың басынан емес арқасынан сүйеп отыру қажет.

4. Емізіп болғаннан кейін бірнеше тамшы сүтті сауып, онымен емшектің сулықпен жауып қою керек.

5. Емізіп болған соң қалған сүтті түгел сауып тастаған жөн.

6. Емізіп болғаннан кейін, міндетті түрде, баланы асқазанға емген кезде кеткен ауа шыққанша, тікесінен ұстап тұрады.

7. Бір емшекті емізгеннен кейін, ондағы сүт толық таусылса, балаға міндетті түрде екінші емшекті беру керек, ал келесі емізгенде міндетті түрде осы емшек-тен бастап емізу қажет.

8. Емізу ұзақтығы еш уақытта шектелмейді. Бала еркін тамақтану керек, яғни бала бекітілген төртіппен емес, өзінің қалауы бойынша тамақтануы ке-рек. Бұндай жағдайда баланың өзі біртіндеп өзінің жеке тамақ ішу графигін жасап алады.

Еркін тамақтандырғанда баланы жиі, белгілеген күн төртібісіз, түнгі үзіліссіз (түнде пролактин күндізгіден артық түзіледі), ұзақтыгын өзінің қалауы бойынша емізілуі керек. Туылғаннан кейінгі алғашқы аптада 24 сағат бойы сөбиді 8-12 рет емізу керек. Жиі емізіп, емшекті толық босату, сүттің тез жөне көп сөбидің қанағаттандыра алатын мөлшерде түзілуіне ықпал етеді.

Егер сәби емшектен өртүрлі себептермен сүтті аз емсе, онда тағы да арты-нан сүтті сауып беру керек (дұрысы қасықпен берген). Емген сүттің мөлшеріөртүрлі болады. Алғашқы күндері нөресте 1-12 мл-дей сүт емсе, 3-4 күндері 40-50 мл, ол аптаның аяғында 70-80 мл-ге жетеді.

92 сурет.

Босанғаннан кейінгі алғашқы күндері баланы бір қырынан жатып емізу.

10-шы күндерден бастап тиісті сүт барлық нәре-стелік кезенде сондай мөлшерде қалады. Мөлшері дене салмағының 1/5 бөлігін қүрайды да, барлық нөрестелік кезенде сондай мөлшерде қалады.

ЕМШЕКПЕН ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

+ Емшек сүті, нәресте үшін табиғат дайындаған, балаларға арналған ең жақсы жөне пайдалы тағам болып келеді.

+ Емшек сүтінде балаға аса пайдалы, жеңіл қорыты-латын жөне сіңірілетін белоктар, майлар, көмірсулар бар;

+ Сонымен қатар емшек сүті қүрамында, баланың дүрыс психофизикалық дамуын қамтамасыз ететін, сана сезімінің даму көрсеткіштерін артыратын ферменттер, гормондар, ауыстырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады;

+ Ана сүті туа біткен жөне пайда болатын иммунти-тетті қалыптастыруға өмірінің алғашқы күндерінен қажетті витаминдерге, микроэлементтерге, минералдарға бай;

+ Теміртапшылық анемияның алдын алуға қажетті жеңіл сорылатын темір мөлшері жеткілікті; + Антиденелер және басқа баланы инфекциядан қорғауға қажетті жөне аллергиялык реакциялар даму қаупін төмендететін заттар жеткілікті;

+ Су жеткілікті мөлшерде. Тіптен күннің ыстық кезінде де қосымша сусын берудің кажеті жоқ.

+ Ана сүті тез және жеңіл сіңіріледі.

- Емшек сүті таза, құрамында бактериялар болмайды, сондықтан балалар ауруларның себебі болуы мүмкін емес. + Температурасы оңтайлы болады.

+ Анасының емшегін ему тісжақ жүйесінің, сөйлеу қабылетінің дұрыс калыптасуына ықпал етеді.

+ Табиғи тамақтану, анасы мен сөбидің арасында тамақтану кезінде тығыз эмоциялық қатынас қалыптасатын болғандықтан, баланың психикалық дам-уына жағымды ықпал етеді;

+ Емшекпен тамақтандыру қарапайым жөне арзан (экономды).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]