- •1. Балалардың көректілігінің қазіргі жағдайын және оның қазіргі энергия-ның жойылуына сөйкес келуін анықтау. Ол үшін анкеталы-сүрастыру жөне сал-мақты өлшеу өдістері қолданылады.
- •Табиғи тамақтандыру
- •Тиімді табиғи тамақтандырудың он қағидасы (ддү / юнисеф-тің біріккен мөлімдемесі (1989 ж.))
- •Лактация
- •Уыз бен суттщ курамы
- •Нөрестені емізуде кездесетін қиыншылықтар жөне емізуге мүлде болмайтын жағдайлар
- •1. Гипогалактия - сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі. Оны алғашқы және екінші реттегі, ерте жөне кеш гипогалактия деп бөледі.
- •I дөрежелі гипогалактия - сүттің мөлшерінің (баланың қабылдауға тиісті мөлшерінің) 25 % жетіспейді, п-дөрежелі - 50 %, ш-дөрежелі - 75 % дейін, IV-дөрежелі - 75 % артық жетіспейді.
- •Бала emi3etih аналардьщ 1 кунге арналған tafam өнімдершщ шамамен алынған мөлшер1
- •Табиғи тамақтандыру техникасы
- •Тиімді табиғи тамақтандырудың негізгі ережелері. Ддү/ юнисеф үсыныстары
- •Балаға емшекті емізудің негізгі ережелері
- •7 Айлығында дөнді дақылдар (негізгі-іі) қосымша тамақ енгізіледі. Олар: күріш, қараңүмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тагайындалады. Жүмыртқа сарысы - 7 айда.
- •Бір жасқа дейінгі балаларды табиғи тамақтандырудың шамалап алынған жобасы
- •Тағамдық заттар мен энергияға бір жасқа дейінгі балалардың мүқтаждығы (рф, 1991 ж.)
- •Қосымша жөне жасанды тағамдардың негізгі бөліктерін дайындау тәсілі
- •1 Литр 10 % манная ботқасын дайындау үшін 1 литр сүт, 100 г жарма, 50 мл ңант сиропы, 16 мл түз ертіндісі, 250 мл су алынады.
- •Жасанды және аралас тамақтандыруда қолданылатын сүт қоспалары
- •Жасанды және аралас тамақтандыру
- •Қорытынды
Нөрестені емізуде кездесетін қиыншылықтар жөне емізуге мүлде болмайтын жағдайлар
1. Гипогалактия - сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі. Оны алғашқы және екінші реттегі, ерте жөне кеш гипогалактия деп бөледі.
Алғашқы гипогалактия өйел организмінде байқалатын әртүрлі нейроэндок-риндік бұзылыстар нәтижесінде пайда болады. Олар негізінен жыныстық даму кезінде қыз балаларда гипоталамогипофизарлы жыныс безінің реттелуінің бұзылуынан болады. Осының өсерінен сүт безінің дамуы бұзылып, олардың жүктілік кезінде, босану және босанудан кейінгі кезендерде функцияның бүзы-луы пайда болады. Гипогалактияның бүл түрінде жыныс мүшелерінің инфан-тилизмі, етеккірдің кеш келуі жөне басқалар себеп болып келеді. Негізінен ги-погалактияға анасының әртүрлі аурулары жөне жүктілік кезеңінің асқынула-ры әкеліп соқтырады. Ананың жүктілік немесе босану кезінде ңолданған гор-мондық (прогестерон, туринол, диэтилстильбэстрол жөне т. б.) дөрілердің жы-ныс мүшелеріне жөне сүт бездеріне тигізетін жағымсыз өсері дәлелденген.
Ерте гипогалактия - босанғаннан кейін бірден байқалатын сүттің түзілуінің жетіспеушілігі. Ерте гипогалактия көбіне алгашқы рет дамиды, сон-дықтан оларды жою үшін гормонды дөрілермен (пролактин, питуитрин, окси-тоцин) ем қолданылады. Міндетті түрде эндокринологтан кеңес алу керек.
Екінші реттегі гипогалактия негізінен экстрагенитальды патологиялар-дың, жағымсыз медико-биологиялық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық жөне психоэмоциялық факторлардың әсерінен пайда болады. Олардың ішінде туылганнан кейін кеш емізудің, әйелдің өз баласын емізуге ынтасының болмау-ының, сәбиді сирек емізудің, балалы өйелдің күн төртібін сақтамауының маңы-зы үлкен. Дүрыс үйықтамау, шамадан тыс шаршау да лактацияны төменде-теді. Екінші реттегі гипогалактия әдетте кеш болып келеді.
Кеш гипогалактия босанганнан соң 10 күннен немесе оданда көп уаңыт өткеннен кейін байқалатын сүттің жетіспеушілігі. Негізінен бұган сәбиді та-мақтандыру техникасын дұрыс орындамау (емшектің дұрыс босамауы), өмір сарынын бұзуы, дұрыс тамақтанбау, шаршау-шалдығу, ананың өртүрлі ауру-лары, жаңа жүктілік немесе етеккірінің келуі себеп болады.
Гипогалактия сүт мөлшеріне сөйкес төрт дөрежеге бөлінеді.
I дөрежелі гипогалактия - сүттің мөлшерінің (баланың қабылдауға тиісті мөлшерінің) 25 % жетіспейді, п-дөрежелі - 50 %, ш-дөрежелі - 75 % дейін, IV-дөрежелі - 75 % артық жетіспейді.
Лактацияның төмендеуінің алдын-алу антенатальды кезеңде басталып, бо-сану кезеңінен кейін жалғасып, барлық емізу кезеңінде жүргізілуі керек. Әйел жүкті болған күннен бастап болашақ баласын емізуге ынтасы ауа бастауы ке-рек. Оның баласын емізудің бала және өзі үшін маңызы үлкен екенін анық түсініп, гипогалактияның алдын-алу бойынша ұсыныстарды толық орындап отыруы керек. Гигиеналық гимнастиканың маңызы үлкен. Жалпы дене тәрбие-лік қимылдар қан және лимфа тамырларының қалыптасып, дүрыс дамуына ықпал етіп, сүт безінде сүттің тиісті мөлшерде түзілуіне әсер етеді. Дене төрби-есін таза ауада немесе желдеткішті ашып қойып жүргізу керек. Оны су процеду-расымен, ягни денесін беліне дейін суық сумен жуып, қүрғақ орамалмен сүртіну-мен аяқтау керек. Босануға 6-8 апта қалғанда күніне 2 рет 2-3 минут бойына сүт безін уқалау (массаж жасау) керек. Массажды айнаның алдында жасаған жөн. Қолын таза жуған жүкті әйел беліне дейін шешініп айна алдына түрады. Әдетте 3 жол қолданылады:
1. Екі сүт безін екі қолымен бірдей бір уақытта, ұшына тимей, жоғарыдан тіке, иыққа қарай және төменнен қолтық астына қарай сипайды.
2. Бір уақытта екі сүт безіне дөңгелек бағытта, үшына және үшының айна-ласындағы дөңгелекке тигізбей, сипалау қимылын жасайды
3. Аяқтаушы қимылды әуелі бірінші содан кейін екінші сүт безінде жүргізеді: сүт безін бір қолымен көтеріп (сол жағын - сол, оң жағын - оң қолы-мен), үстап түрады. Ал, екінші қолымен үстіне, ұшының айналасындағы дөңге-лекке тигізбей салып, сүт безін 3-4 рет абайлап, екі қолымен кеуде қуысына қарай қысады.
Гипогалактия пайда бола қалған кезде, біріншіден, лактацияны стимуля-циялау үшін сөбиді жиі тамақтандыру қажет. Екіншіден, анасының күн жөне тамақтану ережесін қалыптастыру керек.
Сөбиін емізетін өйелдің төуліктік рационында орта есеппен 112 г белок, оның ішінде 60 г жануартектес, 90 г май, оның ішінде 25-30 г өсімдіктектес, 360-410 гкөмірсулар болуы керек. Бүндай рацион төулігіне 2700-3000 ккал энергиямен жабдыктайды. Бала емізетін ананың күнделікті тағамына ет, балық, сүт, сүт тағамдары (сүзбе, қаймақ, айран, сары жөне өсімдік майы, ірімшік), жүмыр-тқа, әртүрлі жармалар, көк-өніс, жеміс кіруі керек.
Минеральды түздар (кальций, калий, магний, фосфор) көзі ретінде бала емі-зетін әйелдің диетасына құрамында көк-өніс, көк шөптер, жемістер және көп қанықпаған май қышқылының көзі ретінде өсімдік майы болуы керек.
