- •1. Балалардың көректілігінің қазіргі жағдайын және оның қазіргі энергия-ның жойылуына сөйкес келуін анықтау. Ол үшін анкеталы-сүрастыру жөне сал-мақты өлшеу өдістері қолданылады.
- •Табиғи тамақтандыру
- •Тиімді табиғи тамақтандырудың он қағидасы (ддү / юнисеф-тің біріккен мөлімдемесі (1989 ж.))
- •Лактация
- •Уыз бен суттщ курамы
- •Нөрестені емізуде кездесетін қиыншылықтар жөне емізуге мүлде болмайтын жағдайлар
- •1. Гипогалактия - сүт бездерінің секреторлық мүмкіндігінің төмендеуі. Оны алғашқы және екінші реттегі, ерте жөне кеш гипогалактия деп бөледі.
- •I дөрежелі гипогалактия - сүттің мөлшерінің (баланың қабылдауға тиісті мөлшерінің) 25 % жетіспейді, п-дөрежелі - 50 %, ш-дөрежелі - 75 % дейін, IV-дөрежелі - 75 % артық жетіспейді.
- •Бала emi3etih аналардьщ 1 кунге арналған tafam өнімдершщ шамамен алынған мөлшер1
- •Табиғи тамақтандыру техникасы
- •Тиімді табиғи тамақтандырудың негізгі ережелері. Ддү/ юнисеф үсыныстары
- •Балаға емшекті емізудің негізгі ережелері
- •7 Айлығында дөнді дақылдар (негізгі-іі) қосымша тамақ енгізіледі. Олар: күріш, қараңүмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тагайындалады. Жүмыртқа сарысы - 7 айда.
- •Бір жасқа дейінгі балаларды табиғи тамақтандырудың шамалап алынған жобасы
- •Тағамдық заттар мен энергияға бір жасқа дейінгі балалардың мүқтаждығы (рф, 1991 ж.)
- •Қосымша жөне жасанды тағамдардың негізгі бөліктерін дайындау тәсілі
- •1 Литр 10 % манная ботқасын дайындау үшін 1 литр сүт, 100 г жарма, 50 мл ңант сиропы, 16 мл түз ертіндісі, 250 мл су алынады.
- •Жасанды және аралас тамақтандыруда қолданылатын сүт қоспалары
- •Жасанды және аралас тамақтандыру
- •Қорытынды
Жасанды және аралас тамақтандыру
Төуліктік тагам мөлшерінің 1/3 бөлігі жасанды тағамдардан тұратын бол-са - аралас тамақтандыру болып есептелінеді. Берілетін тамақ - үстеме тамақ деп аталады.
Аралас тамақтандыру табиғи тамақтанатын дені сау балалардың дене сал-мағының арытуы тоқтап қалғанда қолданылады. Бұны қадағалау үшін апта сайын тіптен одан да жиі салмағын объективті тексеру өдісі қолданылады. Оның басқа себептері табылмаған кезде ғана үстеме тамақ беріледі. Тексеру 1-2 апта-дан кем жүргізілмеуі керек. Кейде анасы жұмыс істеп, мерзімінде емізуге неме-се сауылған сүтті сақтай алмайтын жағдайда үстеме тамақ мөлшері ана сүтінің көлеміне сөйкес болып келеді. Кейде бір немесе барлық тамақтандырудан кейін үстеме тамақ беріледі. Кейде толық емшекпен тамақтандыруды сүт қоспала-рын берумен алмастырып отырады.
Шамамен ана сүтінің көлемі белгілі болғаннан соң, жетіспеген жерін сүт қоспаларымен толықтырады. Үстеме тамақ біртіндеп беріледі. Басында күніне бір (мүмкіндігінше кешке 18.00-19.00 сағатта) рет, кешке беріледі. Сөбиді 5-10 минут емізгеннен кейін, шай қасықпен үстеме тамақ беріледі.
Аралас тамақтандыруда тамақтандыру жиілігі табиғи тамақтандырудағы-дай болып қала береді.
Жасанды тамаңтандыру деп емшек сүті тіптен болмайтын немесе оның мөлшері төуліктік тамақтың 1/5 бөлігінен аз болатын жағдайларды айтады.
Дүние жүзінде алғашқы айдан бастап сөбиді жасанды тамақтандыру, ол үшін экологиялық зардап болып есептеледі деген пікір қалыптасқан. Себебі, ана сүтімен жасанды сүт қоспаларының айырмашылығы, өсіресе биологиялық қасиеттері бойынша, өте үлкен. Аралас немесе жасанды тамақтандыруға аударуға себеп болатын негізгі көрсеткіш гипо- немесе а-галактия. Өкінішке орай олардың саны соңғы кезде өсіп келе жатыр.
Дұрысы емшекпен тамақтандыруды бейімделген өнеркөсіптік жасанды сүт қоспаларымен ауыстыру. Себебі, олардың химиялық құрамы ана сүтіне жа-қын болып келеді де, емшек жасындағы балалардың ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктеріне сәйкес болып келеді.
Бейімделмеген қоспалар қолданғанда ащы қоспалар берген жөн. Себебі, олардың түщы қоспаларға қарағанда артықшылығы бар: белок үйыған күйінде болады, сүт қышқылды бактериялар казеиннің ыдырап, амин қышқылдары мен пептин түзуіне ықпалын тигізеді. Сүт қышқылды бактериялар ортаның РН 5,0-7,0 болғанда жақсы өсер етеді.
Ащы сүт қоспалары асқазаннан түщы сүтке қарағанда, баяу жөне біркелкі ығысады. Үйыған кезде түзілген сүт қышқылы асқазанның сөліністік қыз-метінің артуына ықпалын тигізеді. Бүл қоспалар оңайлау қорытылады. Бакте-риялық ферменттік ыдырауда қант мөлшері азайып, оның жеңілдеу қабылда-нуына, әсіресе лактоздық жетіспеушілікке ықпал етеді. Сонымен қатар, ащы сүт қоспалары ішек микрофлорасының қалыптасуына ықпал етеді.
Қосымша тамақ, табиги тамақтандырылатын балаларға қарағанда, ерте-рек беріледі. Себебі, олар жасында сүт қоспаларының қүрамында көптеген жаңа тағамдық заттармен (белок, полисахаридтер, липидтер жөне тағы басқалар) ерте танысып, бейімделеді. Осыған орай жаңадан қосылған 1-2 тағамдық зат-тарға (жеміс шырыны, пюресі, ботқа және т.б.) тез үйреніп кетеді.
Сонымен, жасанды тамақтанатын сөбилердің тамақтануы арнайы, жеке-ленген бақылауды талап етеді. Осыған орай, қосымша тағам оларға төмендегі мерзімдерде беріледі. Бірінші қосымша тамақ (көк-өніс пюресі) 4,5-5 айдан, екінші қосымша тамақ (дәнді негізде) 5,5-6 айдан бастап беріледі. Дегенмен, сәбидің жеке ерекшеліктерін ескере оты-рып, бірінші қосымша тамақ ретінде дөнді тағамдар беруге болады. Жеміс шырындары мен пюрелерін 3 жөне 3,5 айдан бастап берген жөн. Жекеленген жағдайларда оданда ертерек (1,5 айдан бастап) беруге болады. Жүмыртқа сарысын, етті 7 айдан бастап берген жөн. Айран жөне басқа ащы сүт тагамдары мен сиыр сүтін қажет болса, табиғи та-мақтандырудан, ертерек 7 айдан бастап беруге болады. Дегенмен, бүл балалар-ды тамақтандыру үшін арнайы сиыр сүті негізінде дайындалған өндірістік сүт тағамдарын таңдаған жөн.
Жасанды тамақтандыру тәртібі:
1. Тамақтың тәуліктік мөлшері белгілі көлемдік жөне калориялың төсілдермен, сөбидің жасына жөне дене салмағына сөйкес анықталады.
2. Тәуліктік тамақтандыру санын 1 ретке азайту керек (5-тен аз болмауы керек).
3. Ңоспалар емізікпен беріледі.
4. Жаңа туылған жөне алғашқы 2-3 айда міндетті түрде бейімделген қоспа-лар беру керек.
5. Физиологиялық мұқтаждылығы 1 кг дене салмағына бейімделген қоспа-ны пайдаланғанда белок 2-2,5 г, бейімделмеген қоспада белок - 3-3,5 г. Май мен көмірсуларға мұқтаждығы табиғи тамақтанғандағыдай.
6. Бейімделген қоспалармен тамақтанатын балалардың энергияға мүқтаж-дығы табиғи тамақтанатын балалармен бірдей болады. Бейімделмеген қоспа-лар пайдаланғанда энергияға мүқтаждығы 10% артылады. 7. Қоспаларды сәбиге емізік арқылы 35-40° дейін жылытып беру керек. Емізіктің тесігі өте үлкен болмауы (шыныны төмен қаратып ұстағанда қоспа тамшылап ағуы қажет) керек. Баланы тамақтандырған кезде шы-нының мойыны ұдайы толып тұрып, ауа жұтуга мүмкіндік бермейтіндей бол-уы керек.
а) Емізіктің тесігі өте үлкен болмаукерек; б) шыныныңдүрыс емес қалпы; в) дүрыс қалпы.
АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУ
Бір жасқа дейінгі сөбиді қосымша жасанды сүт қоспаларымен бірге ана сүтімен көректендіру аралас тамақтандыру деп аталады.
Сөбилерді қосымша тамақтандыру үшін берілетін жасанды сүт қоспалары үстеме тамақ деп аталады.
Аралас тамақтандыруға көшудің басты негізі - ана сүтінің жеткіліксіздігі (гипогалактия). Ана сүтінің мөлшерін анықтау үшін салыстырмалы (тексеріп) өлшеу төсілі қолданылады. Бүл сәбиді тамақтануга дейін және тамақтанудан соң төуліктің өр сагатында салмағын өлшеу.
АРАЛАС ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Аралас тамақтандыруды өткізгенде мынадай ережелерді сақтау қажет:
1. Аралас тамақтандыру үшін бейімделген жөне бейімделмеген қоспалар қолданылады;
2. Аралас тамақты біртіндеп 3-4 күннің ішінде тәуліктік тамақ мөлшерін толық қамтамасыз ететіндей етіп енгізу қажет;
3. Аралас тамақтандырудың ең жақсы тәсілі, сөбидің әр тамақтануда ана сүтімен сүт қоспасымен бірдей тамақтануы. Сонымен қатар, мынадай төсілді де қолдануға болады: үстеме тамақ өздігінен бір бөлек беріледі. Ана сүті аз мөлшерде болғанмен, оны мүмкіндігінше үзаққа дейін сақтау керек;
4. Сөбиге үстеме тамақты тек қасықпен беру керек, өйткені сүтті емізік ар-қылы оңай емген бала емшек емуден тез бас тартады. Үстеме тамақты шыныдан бергенде, емізік ұшында 3-4 ұсақ тесіктері, мүмкіндігінше қатты болуы керек.
5. Үстеме тамақ емшек емгеннен кейін беріледі;
6. Сонымен қатар, сөби ең аз болғанда төулігіне үш рет емшек ему керек екенін естен шығармау керек, өйткені, баланы сирек емізу сүттің азаюына өкеліп соқтырады.
7. Тамақтандыру төртібі: аралас тамақтандыруда, тамақтандыру сағатта-ры мен аралық үзілістері, табиғи тамақтандырудағыдай болып қалады;
8. Аралас тамақтандыруда тиісті тамаң мөлшері көлемдік жөне калория-лық тәсілдермен есептеп шығарылады;
9. Бейімделмеген сүт қоспаларын қолданғанда, барлық қосымша тамақ түрлерін табиғи тамақтандырудағыдан 2-4 апта ерте қосады.
