- •1.1 Кенорын геологиясы
- •1.2 Тектоникасы
- •Сурет 2. Каспий маңы провинциясының тектоникалық және мұнайгаз геологиялық аудандау схемасы:
- •Сурет 3. Қарашығынақ структурасының дамуы
- •Сурет 4. Орта және соңғы девонның тектоникалық-седиментациялық шарты
- •1.3 Стратиграфиясы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •1.5 Гидрогеологиясы
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Қорытынды
Қорытынды
Қорытындылай келе мен жазғы өндірістік практикамды АҚ «Karachaganak Petroleum Operating» өнеркәсібінде өткіздім. Пракика барысында АҚ «Karachaganak Petroleum Operating» - туралы мол мағлұмат алдым. Практикадағы менің тақырыбым Қарашығанақ кенорны болды.
Қарашығанақ кен орны – бұл 1979 жылы ашылған ірі мұнайконденсат кенорны. Кен орын Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және 280 шаршы километр аумақты алып жатыр. Солтүстігінде — Орынбор, солтүстік-батысында — Саратов, батысында — Волгоград және Астрахан сияқты Ресей Федерациясының облыстарымен, оңтүстігінде — Атырау және шығысында — Ақтөбе сияқты Қазақстан Республикасының облыстарымен шектеседі. Аталған кен орын Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында орналасқан. Ең жақын елді мекендер Тұнғыш ( кен орын контурына тығыз орналасқан), Березовка (3 км), Успеновка (9 км), Қаракемір (8 км), Жанаталап (4 км), Қарашығанақ (6 км). Қарашығанақ солтүстік ендіктің 51 паралелінен және шығыс бойлықтың 50- меридианынан солтүстік шығыста, Ақсай қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 16 километрде немесе Орал Қаласынан 150 километр қашықтықта мұхит деңгейінен 80 – 130 м биіктікте орналасқан. Кен орнынан оңтүстікке қарай 15км жерде Орал-Елек теміржол сызығы өтеді. Кен орын ауданын Орал-Орынбор қатты жабынды автожол торабы қияды. Кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 35км жерде «Орынбор-Батыс шекара» газ құбыры, ал батысқа қарай 160км жерде «Манғышлақ-Куйбышев» мұнай құбыры өтеді.
Жалпы мұнай мен конденсат қоры 200 млн т (9,5 млн баррель), ал табиғи газ қоры 1 350 млрд м3(48 триллион куб фут), Орташа күндік өндірілуі дебиті газ үшін 51,526 млрд м3, мұнай үшін 46,63 млн т. кеннің игерілуі 1984 жылы басталды, ал газ бен конденсатты Ресейдегі Орынбор өңдеу зауытына экспорттап отырды.
Жоғарғы протерозой тобы – PR. Қарастырылып отырған ауданда аймақтық таралу екі кешеннен тұрады – рифей және венд кезенділер.
Мұнайдың максималды дебиті 326 м3/тәул, ол 27-ұңғымада жатыр. Пласты газконденсат қоспасы үш негізгі бөліктен тұрады: көмірсутек (87,8 – 91,5), қышқыл (8 – 11,4) және инертті (0,6 -1,1).
Қарашығанақ кен орны Солтүстік – Каспий артезианды мұнайгазконденсат бассейнінің шегінде орналасқан.Қалыңдығы 3500-4000 м-ге жететін тұзды бөлігінде сулы горизонттар мен кешендер төрттік, бор, юра, триас және жоғарғы пермь жасына байланыстырылған.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
[1] СП « Бектель Снампрожетти»: «Проект разработки месторождения Карачаганак», 1999г.
[2] «Нефтяные и газовые месторождения Казахстана» Анықтама/ А.А Абдулина және Э.С Воцалевского. – М.: Недра, 1993 (бірінші бөлім)
[3] Практика уакытында жиналған материалдар.
[4] ҚР Азаматтық кодексі
[5] ҚР Еңбек кодексі
[6] ҚР Жер қойнауын пайдалану кодексі
[7] Иванова М.М., Дементьев Л.Ф., Чоловский И.П. Нефтегазопромысловая геология и геологические основы разработки месторождений нефти и газа. – М.: Недра, 1985.
[8] Чоловский И.П., Иванова М.М., Гутман И.С., Вагин С.Б., Брагин Ю.И. Нефтегазопромысловая геология и гидрогеология залежей углеводородов: Учебник для вузов. – М.: ГУП Изд-во “Нефть и газ” РГУ нефти и газа им. И.М.Губкина,2002.- 456 с.
