- •1.1 Кенорын геологиясы
- •1.2 Тектоникасы
- •Сурет 2. Каспий маңы провинциясының тектоникалық және мұнайгаз геологиялық аудандау схемасы:
- •Сурет 3. Қарашығынақ структурасының дамуы
- •Сурет 4. Орта және соңғы девонның тектоникалық-седиментациялық шарты
- •1.3 Стратиграфиясы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •1.5 Гидрогеологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Сурет 2. Каспий маңы провинциясының тектоникалық және мұнайгаз геологиялық аудандау схемасы:
1 – ернеулі кертпеш, 2 – кедертасты кешендер, 3 – кунгур жікқабатында тұздардың таралу контуры. 1 – Орталық Каспий депрессиясы, 2 – Астрахань дөңесі, 3-Солтүстік – Каспийлік көтерілім, 4-Биікжал көтерілімі, 5-Жарқамыс көтерілімі, 6- Қызылжар көтерілімі, 7- Еңбек көтерілімі, 8-Оңтүстік Ембі ойысы, 9-Қарашығанақ-Қобыланды мегабелі;
Мұнай және газ геологиялық аудандастыру: А –Оңтүстік Каспий маңы МГО, Б- Шығыс Каспий маңы МГО;
Сурет 3. Қарашығынақ структурасының дамуы
Сурет 4. Орта және соңғы девонның тектоникалық-седиментациялық шарты
1.3 Стратиграфиясы
Жобаланған жұмыс алаңында ең көне ашылған шөгінділер төменгі девон кезеңіне жатады. Олар 15, Д-ғ ұңғымаларында алғаш кездескен. Төменде жазылған шөгінділердің сипаттамасы сәйкесінше Бұзылық қазаншұңқыры, Шығыс – Орынбор және Соль-Елек күмбездері аудандарымен бөлінеді.
Кристалды іргетас. Іргетас Шығыс – Орынбор күмбезі шегінде 4,1 км тереңдікте қазылды (Землянская ауданы), Бұзылық қазаншұңқырында (Зайкин және Ростогинская аудандары) 4,5 – 4,7 км тереңдікте, Булатов көтерілімінде (Чинаревская ауднаны, П-9 ұңғымасы) 5260 м тереңдікте орналасқан. Іргетас гранит құрамды жыныстардан тұрады. Іргетас жасы архей – орта протерозойға сәйкес келеді. Сейсмобақылаулар нәтижесі бойынша жобаланған жұмыс аймағында іргетастың қалыптасқан тереңдігі 7-9 км-дей болады.
Жоғарғы протерозой тобы – PR. Қарастырылып отырған ауданда аймақтық таралу екі кешеннен тұрады – рифей және венд кезенділер.
Еділ –Жайық антиклизасы шегіндегі рифейй кешені архей – протерозой массивтеріндегі іргетастың магмотоморфтық шөгінділерін бөлетін грабендерде дамыған. 300 – 400 м тереңдіктегі рифей шөгінділері Үлкенөзен, Рожков, Землянская аудандарында орналасқан. Кешен тереңдігі сейсмобақылаулар нәтижесі бойынша 1000 м-ге дейін жетеді. Ол қызылтүсті молассовидті түрлердің жиынтығанан тұрады, осы жинақта гравелиттер, құмдақтар және аргиллиттер белгілі бір ретпен ауысып отырады.
Венд терригенді кешені Шығыс – Орынбор күмбезінің шегінде бұрғылау кезінде қазылған. Кешен қалыңдығы шамамен 600-800 м-ді құрайды. Іргетаста трангрессивті орналасқан шөгінділер немесе Рифей шөгінділері сұр түсті құмтастармен және құрамына карбонатты жыныстардың қабатшалары енген аргиллиттармен берілген.
Қарашығанақ ауданында сейсмологиялық зерттеулер нәтижесінде іргетас пен «П» шағылдырғыш горизонты арасындағы шөгінділердің қалыңдығы 2 км-ге жетеді, бұл жобадағы қимада девон кезеңіндегі бар деуге негіз болады.
Палеозой тобы – PZ, ордовик және силур жүйелері - O-S. Ордовик шөгінділері Шығыс – Орынбор күмбезінің шығысы мен оңтүстігінде, Соль-Елек күмбезі шекарасында және оларды бөліп тұрған мүйісте қалыптасқан. Оның ең қалың шөгінділері Соль –Елек күмбезінің бүйірлі бөлігіндегі 1 ұңғымасы – Красный Ярда ашылған. Ордовик шөгінділермен ұңғымалар 2020 м тереңдікпен жүргізілді және олар бар құаттылығына дейін қазылмады.
Шығыс –Орынбор күмбезінің оңтүстігі мен шығысында силур шөгінділері табылды, олардың тереңдігі 40 м-ді құрады.
Төменгі палеозой шөгінділері тығыз орналасқан құмдақтардан және карбонатты жыныстардың қабатшалары бар сұр түсті аргиллиттардан тұрады.
Қапшағай ауданының қимасында төменгі палеозой шөгінділері 1000м қалыңдықпен қалыптақан деп қарастырылады.
Девон жүйесі – D. Девон жүйесі төменгі, орта және жоғарғы бөлімдермен берілген, олар өз кезегінде одан ары қарай бөлінеді.
D1 – төменгі бөлігі. Қазіргі уақытқа дейін ерте девон кезеңінің шөгінділері тек Д-ғ ұңғымасында ғана табылған. 6245 – 6248 м үзілісті керн қоңыр ренді қара сұр аргиллиттармен берілген. Оның қалыңдығы шамамен 30 м-дей болады.
D2 – орта бөлімі. Д-6 және 15 ұңғымаларында табылған және эйфель және живет ярустары шөгінділермен берілген. Эйфель ярусының D2ef шөгінділері Д-5 ұңғымасындағы мәліметтер бойынша бірдей жасты карбонатты – сазды (6218 -6081 м интервалды) және афонин жасты карбонатты ( 5980 – 5955 м интервалды) қалыңдықтан тұрады. Афонин горизонты аргиллитті қалыңдықтын құаттылығы 15 – ұңғымада 59 м-ге жетеді және арасында қара сұр, қара тығыз микро және жұқа қабатты әктастары бар қара қара сұр аргиллиттармен берілген. Д-5 ұңғымасында да бұл қалыңдық осындай сипаттамаға ие және қақпақретінде қарастырылады.
Живет ярусының D2zv шөгінділері органогенді, қара – сұр немесе қара әктастардан және аргиллиттерден тұрады, сонымен қатар қиманың жоғарғы жағында олармен бірге 5 мм-ге жуық ашық сұр ұсақ кристалды әктастар да кездеседі.
Г.П. Лященконың пайымдауынша, живет ярусында D2zv көп мөлшерде қабыршақтар кездеседі. Ал Н.С. Овнотанованың ойынша, конодонттар кешені ендіргіш шөгінділердегі живет жасын дәлелдейді. Ярус қалыңдығы 64 м-ді құрайды.
D3 – жоғары бөлімі. Жоғарғы девондық түзілімдер фамен ярусымен берілген. Төменгі – ортанғы бөлшектелмеген фамен шөгінділері стратиграфиялық үзілістермен орта девондық шөгінділерді жабады. Қима 15 – ұңғымада тереңірек зерттелген, онда сұр және қара сұр органогенді – сынықты әктастар мен қаралау ұсақ кристалды доломиттер қабатшалары кездеседі. Әктастарда көптеген бір камералы фораминифералар, криноидей бөлшектері, жұқа қабырғалы острокод қабыршақтары байқалады. Ерте – ортанғы фамен ярусы бір камералы фораминифер кешені арқылы қалыптасады. Максималды қалыңдығы 368 м.
Жоғарғы фамен D3fm шөгінділері төменгі – ортанғы фамен шөгінділерін жауып тұрады. Олар кристалды әктастар көп кездесетін орталық, батыс және шығыс бөліктерде қалыптасқан. Жоғарғы фамен шөгінділері фораминифер мен балдырлар бойынша анық палеонтологиялық сипаттамаға ие. Бұл шөгінділер қалыңдығы 368 м-ге жетеді және көтерілімнің шеткі бөліктерінде қалыңдау болып келеді.
Таскөмірлі жүйе – С. Таскөмір шөгінділері барлық зертелген аудан бойынша орта және төменгі бөлімдермен берілген.
Төменгі бөлімі – C1. Төменгі таскөмір шөгінділері турней, визей және серпухов ярустарға бөлінеді.
Турней ярусы C1t балдырлы – сфералық әктастардан органогенді – сынықты әртүрлі шөгінділермен немесе қара түсті сазды – битуминозды, доломиттенген әктастармен литологиялық ауысып тұратын ярусшалармен берілген.
Визей шөгінділері C1v окск қабатшасымен (тула, алексин, михайловск, винев горизонттары) көлемінде қалыптасқан. Бұл шөгінділері қималардың екі түрімен берілген: таяз – мұхиттық, қалыңдығы 108 м-ден 242 м-ге дейін және салыстырмалы терең, қалыңдығы 28 м-ге дейін. Біріншісі сұр органогенді – детритті, биоморфты – детритті әктастармен, ал екіншісі қара әктасты аргиллитті қабатшалары бар қара – сұр түсті әктастармен берілген.
Серпухов ярусы C1v төменгі ярусшаның тагус және стегиев горизонттары және жоғарғы ярусшаның протвин горизонтымен берілген. Араларынан таяз, рифті және салыстырмалы терең қима түрлері ерекшеленеді.
Таяз түрі қалыңдығы 1448 м биоморфты – детритті әктастармен, ал рифті түрі қалыңдығы 623 м-ге дейінгі балдырлы ашық сұр әктастармен, салыстырмалы терең түрі қара сұр плиткалы, микроқабатты әктастармен және қалыңдығы 27 м доломиттермен қалыптасқан.
Ортаңғы бөлімі – С2. Ортанғы таскөмірлі шөгінділер тек башкир ярусымен берілген, оның ішіне қызылаланды горизонт енеді және ол құрылымның шеткі аймақтарында кездеседі. Башкир шөгінділері органогенді – сынықты, балдырлы әктастармен берілген таяз – теңіздік түрмен және әктастар мен сұр және қара түсті, құрамында сазды материал бар доломиттері қабаттастырылған терең түрмен қосылған. Шөгінділердің қалыңдығы 9 м- ден 55 м-ге дейін өзгеріп отырады.
Пермьді жүйе – Р. Пермь жасының шөгінділері кенорын шекарасында таскөмірлілерге стратиграфиялық үзіліспен жабылып жатыр. Пермь жүйесі төменгі карбонатты, орта тұзды және жоғары теригенді қалыңдықтардан құралады.
Төменгі бөлімі – P1. Бұл бөлімнің зерттелуі оның құрамынан ассель, сакмар, артин және кунгур ярустарын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді,
Ассель ярусы P1a үш түрлі қимамен берілген. Біріншісі биогермді әктастар, екіншісі еңісті, биоморфты – детритті әктастар, үшіншісі терең, қара битуминозды жыныстардан тұрады. Ассель шөгінділерінің максималды қалыңдығы 557 м-ге жетеді, ал еңісті шөгінділер 42-216 м.
Сакмар ярусы P1s рифтік фацияда сұр балдырлы әктастармен, ал еңісті түрінде органогенді – детритті және пелитоморфты әктастармен берілген. Бірінші түрінің қалыңдығы 23-90 м, екіншісінікі 15-56 м. Салыстырмалы терең түрде сакмар шөгінділері шартты шартты түрде бөлінеді.
Артин ярусы P1ar рифтік және еңісті қима түрінде 2 ярусшаға бөлінеді: төменгі және жоғарғы артин. Біріншісі екінші ретті доломиттерден тұрады және қалыңдығы 90 м-ге жетеді. Екіншісі литологиясы мен қима түрі бойынша біріншісіне ұқсас. Биогенді түрде артин ярусы шөгінділері 143 м-ден 303 м-ге жетеді, ал еңісті түрде 5-217м.
Кунгур ярусы P1k ең толық қималарда доломитті қабатшалы карбонатты –сульфатты сұр, көкшіл сұр ангидриттарын төменгі қалыңдығымен және жоғарғы тұзды тас тұзы және тұзды – терригенді жыныстармен берілген. Алғашқысының қалыңдығы 1-300м шегінде өзгеріп тұрады. Ал тұзды шөгінділердің қалыңдығы 172-3028 м-ді құрайды.
Жоғарғы бөлім – P2. Бұл шөгінділер белгілі шарттылықпен уфа, қазан және татар ярустары көлемінде бөлінген. Олар арасында тұз бен гипс қабатшалары кездесетін қызылтүсті, қоңырқай сұр саздар мен ангидриттардан құралған. Уфа ярусының қалыңдығы 84 м-ден 1630м-ге дейін, қазан -138 м-ден 180-м-ге дейін, татар 700 м-ден 1925 м-ге дейін өзгереді.
Мезозой тобы – MZ, триас жүйесі-Т. Триас жүйесінің шөгінділері жыныстардың терригенді қалыңдығымен берілген, оны ары қарай бөлшектеу мүмкін емес. Олар қызыл – қоңыр саздар, құмдақтар, алевролиттерден құралған. Қалыңдығы 1068 м-ден 2040 м-ге жетеді.
Юра жүйесі – J. Юра жүйесінің шөгінділері орта және жоғарғы бөлімдерден тұрады.
Орта бөлімі - J2. Ортанғы юра шөгінділері құмдақты саздар және өсімдікті детриті бар саздардан құралған. Бұл шөгінділер қалыңдығы 121-392 м.
Жоғарғы бөлімі - J3. Жоғарғы юра бөлімі оксфорд – кимеридж жасты келловейден құралған. Құрамында волж ярусының сазды – мергельді қалыңдығы мен саздар , алевролиттер және құмдақтар кіреді, жалпы қалыңдығы 50-140 м.
Бор жүйесі – К. Бор жүйесінің шөгінділері төменгі бөлім көлемінде дамыған. Бөлім ары қарай валажин, готерив (мергель сызықтары бар саздар), барремдік (сазы қара, бұрыс қабатты) және апт ярустарына (әктассыз, қара – сұр саздар) бөлінеді. Ярустар қалыңдығы 13-44 м және 24-0 м.
Неоген жүйесі – N, төменгі бөлімі – N2. Плиоцен шөгінділері әртүрлі жасты жыныстарда орналасқан: төменгі бор, юра және триас жастылар. Олардың құраммына жасыл –сұр саздар, құмдақтар мен алевриттер жолақтары бар сұр әктастар енеді, жалпы қалыңдығы 20 – 125 м-ді алып жатыр.
Төрттік кезең – Q. Төрттік кезең жүйесінің шөгінділері саздақтар, құмдасын қыртыстар, құмдар және саздар жолағынан тұрады. Саздар қалыңдығы 8 – 20 м аралығында өзгеріп отырады.
Сурет
5.
Қарашығынақ
кенорнының стратиграфиялық қимасы
