- •1.1 Кенорын геологиясы
- •1.2 Тектоникасы
- •Сурет 2. Каспий маңы провинциясының тектоникалық және мұнайгаз геологиялық аудандау схемасы:
- •Сурет 3. Қарашығынақ структурасының дамуы
- •Сурет 4. Орта және соңғы девонның тектоникалық-седиментациялық шарты
- •1.3 Стратиграфиясы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •1.5 Гидрогеологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.2 Тектоникасы
Қарашығанақ кенорны Қарашығанақ көтерілімінен солтүстікке қарай орналасқан Қарашығанақ – Қобыланды зонасында Каспий маңы солтүстік бүйірлі зонасының ішкі бөлігіндегі тұзды палеозойдың түзілімдеріндегі ірі көтеріліммен байланысқан. Негізінен субендік бағытында созылған Каспий маңы ойпатының бүйірлі кертпеші бекітіледі. Бұл кертпеш кунгур ярусының табанында анық ерекшеленеді. Жақын жатқан төмен пермьді және таскөмірлі түзілімдерде шельфті карбонатты фациялардың терең сазды-карбонаттыларға ауысуы байқалады, осыған байланысты аталған кертпеш Каспий маңы ойпатының Еділ – Жайық антиклизасымен тұтауы зонасындағы тектоникалық – седиментиционды құрылымы деп саналады. Каспий маңы бүйірлі кертпешінің және оның тұзды палеозойдың әр түрлі горизонтымен шектелген сыртқы жиектерінің шегінде үймек сипатты көтерілімдер қатары бар. Қолда бар физикалық мәліметтер бойынша солтүстік кертпештің ішкі бөлігінде осындай құрылымдар қатары бар. Ал Қарашығанақ көтерілімі Қарашығанақ – Қобыланды үймегінің құраушысы болып саналады. Қарашығанақ тұзды көтерілімнің құрылымы төрт шағылдырғыш горизонттар (П3, С1, П2, П1-S) бойынша құрылымдық жоспарымдармен сипатталады, олардың екі төменгісі (П3, С1) кенорындарындағы бұрғылау мәліметтеріне байланыстырылмаған, сондықтан да олардың стратификациясы шартты түрде алынған. П3 горизонты төменгі шамамен жоғарғы девонның карбонатты кешеніне жатқызылады. С1 горизонты төменгі карбон турней ярусының әктастарына төбелік жабындысына жатса, П2 горизонты төменгі және орта карбонның шайылған беткейлі қабатына, ал П1-S төменгі пермь артин ярусы әктастарының төбелік жабындысына мен олармен ауысып тұратын филлиппов горизонтының ангидриттарына жатады. П1 мен S шағылымдары бір шағылдырғыш горизонтқа бірігіп кеткен. Қарашығанақ көтерілімінің құрылымдық жоспарларын тұзды кешеннің аталған горизонттар арқылы салыстыру олардың ұқсастылығы мен елеулі айырмашылықтарын көрсетеді. Сонымен қатар , П1 және П3 горизонттарының құрылымдары Қарашығанақ кенорнының карбонатты массивының беттік жамылғысы мен табанындағы құрылымдарды сипаттайды, ал С1 және П2 горизонттары оның таскөмірлі шөгінділер деңгейіндегі ішкі құрылысын көрсетеді. Барлық аталған горизонттар бойынша көтерілім кішкене созылған пішінді болып келеді және субендікті бағытта Каспий маңы ойпатының бүйірлі кертпешіне паралель бағдарланған. Сонымен бірге, оның әрбір горизонты бойынша изогипспен тұйыұталған контуры бойымен көтерілу мөлшері де белгілі болып отыр. Қарашығанақ көтерілімінің карбонатты массив құрылымының ерекше қасиеті оның қима бойынша амплитудасының жоғарға қарай өсуі болып табылады, бұл оның тектоникалық –седиментационды табиғатымен түсіндіріледі. Сейсмо – бақылаушылардың мәлеметтерінде П3 горизонты бойынша Қарашығанақ көтерілімінің амплитудасыы 300 метрдей құрайды, С1 горизонтында ол 600 – 700 м-ге көтеріледі, ал П2 горизонтында 1000м-ге және П1-s горизонтында 1550м-ге өседі. Төменгі пермь шөгінділерінің қуаттылығының ұлғаю зонасы көтерілімнің ортаңғы бөлігінде локальданған.
Төменгі карбонатты рифті құрылым Қарашығанақ көтерілімнің төбелік бөлігіне сәйкес келеді, оның шегінде кішкене локалды көтерілімдер С1 және П2 горизонттары арқылы бекітілген. Төменгі пермь шөгінділерінің төбесі бойымен №2,3,100,23 және 105 ұңғымалар ауданында екі кішкене көтерілімдер бөлінеді. Негізгі төменгі пермьді карбонатты массив шегінде құаттылықтың күрт өсуі байқалады. Ол 4500м изогипспен тұйықталған. Осы изогипс бойымен массив 14,5 м * 11,5 м изометрлі пішінге ие болады. Төменгі пермь карбонатты массивының баурайының максималды еңістігі солтүстік және оңтүстік бөлігінде байқалады, ол жерлерде жыныстардың сіңу тереңдігі 800-1000 м-ге жетеді.
Қарашығанақ көтерілімнің таскөмір шөгінділері беті созылған субендікті пішінге ие. Изогипс контурындағы мөлшерлер – 5200 м, 26 * 19 км. Көтерілімді кең нығыздалған шыны бар, ол 4600 м изогипспен тұйықталған. Қарашығанақ көтеріліміндегі кунгурдың галогенді кешені мен тұзды жоғарғы пермьді және мезозой – кайназой шөгінділері Каспий маңына тән тұзды тектоникамен қамтылған, онда тұзды қатпарлар, күмбездер және күмбезаралық мульдалар кездеседі. Бұл шөгінділерді көтерілімнің оңтүстік және солтүстік бөліктері сызықты созылған тұзды күмбездер – Қарашығанақ және Көкшебаймен сипатталады, ал шығысы периклинальды тұзды күмбездер Сухоречкамен берілген. Көтерілімнің тұтасу бөлігіне тұзсыз күмбезаралық мульда сайкес келеді.
Сурет А - 1.1 Қарашығанақ кенорнының схемалық геологиялық қимасы.
Сурет А - 1.2 Структурная карта КНГКМ по кровле каменноугольных отложений.
