- •1.1 Кенорын геологиясы
- •1.2 Тектоникасы
- •Сурет 2. Каспий маңы провинциясының тектоникалық және мұнайгаз геологиялық аудандау схемасы:
- •Сурет 3. Қарашығынақ структурасының дамуы
- •Сурет 4. Орта және соңғы девонның тектоникалық-седиментациялық шарты
- •1.3 Стратиграфиясы
- •1.4 Мұнайгаздылығы
- •1.5 Гидрогеологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ |
|
|
|
Кіріспе |
3 |
1 Негізгі бөлім |
4 |
1.1 Кенорынның геологиясы |
4 |
1.2 Тектоникасы |
6 |
1.3 Стратиграфиясы |
10 |
1.4 Мұнайгаздылығы |
16 |
1.5 Гидрогеологиясы |
17 |
Қорытынды |
18 |
Пайдаланылған әдебиеттер |
19 |
|
|
|
|
|
|
КІРІСПЕ
Қазіргі ХХІ ғасыр мұнай мен газ ғасыры болып табылады. Ғасырдың басында ағаш пен көмірді ауыстырған осы ресурстарды өндіру және қолдану жылдан жылға өсіп келеді. Мұнай мен газ қазіргі Қазақстан экономикасының негізінің бірі болып табылады және еліміздің экспорттық түсірілімдерін бастысы болып келеді. Соңғы бес жылда Қазақстанның мұнай-газ өндірісіне бес миллиард доллардан астам ақша аударылды, бұл Республикамызға түскен тікелей инвестицияның үлкен бөлігі.
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы қазіргі таңдағы жағдайларға байланысты мемлекетіміздің перспективті аудандарына жатады. Қазақстанның барлық ашылған, зерттелген және өндірілетін мұнай, газ және конденсат кен орындарының 92,5% -ы осы ауданға келеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының территорияларында 14 ірі кен орындары ашылды, олардың ішінде ерекше коммерциялық қызығушылыққа ие болғандары: Қарашығанақ, Чинарев, Гремячинское, Елемес, Сазтөбе, Жанатам, Лақтыбай, Жаңаөзен, Теніз және тағы басқалары.
Қарашығанақ кен орны – бұл 1979 жылы ашылған ірі мұнайконденсат кенорны. Аталған кен орын Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданында орналасқан. Қарашығанақ солтүстік ендіктің 51 паралелінен және шығыс бойлықтың 50- меридианынан солтүстік шығыста, Ақсай қаласынан солтүстік – шығысқа қарай 16 километрде немесе Орал Қаласынан 150 километр қашықтықта мұхит деңгейінен 80 – 130 м биіктікте орналасқан.
1 Негізгі бөлім
1.1 Кенорын геологиясы
Қарашығанақ кенорны ірі мұнайконденсат өндіретін орталықтардың бірі болып табылады, оны супергигант деп те атайды. Ол дүние жүзіндегі 25 ірі кен орын қатарына кіреді. Осында Қазақстанда өндірілетін газдың 34 процентін өндіреді, алайда оның көп бөлігін жағуға жұмсайды. Жалпы мұнай мен конденсат қоры 200 млн т (9,5 млн баррель), ал табиғи газ қоры 1 350 млрд м3(48 триллион куб фут), Орташа күндік өндірілуі дебиті газ үшін 51,526 млрд м3, мұнай үшін 46,63 млн т. кеннің игерілуі 1984 жылы басталды, ал газ бен конденсатты Ресейдегі Орынбор өңдеу зауытына экспорттап отырды.
1997 жылы құрамына Karachaganak Integratied Organization мен ННК «Казахойл» кіретін концорциум мен Қазақстан Республикасы арасында 40 жыл мерзіммен кенорнында эксплуатациялау мен өндіру жұмыстары туралы келісімшарт жасалды.
Қарашығанақ Интегралданған Ұйымы өз жұмысын Қазақстанда Карачаганак Петролеум Оперейтинг деген атпен жүргізеді. Оның құрамына мынандай компаниялар кіреді; British Gas – 32.5, Agip-32.5, Texaco – 20, Лукойл – 15. Келісімшарттың негізгі бөлімдері төмендегідей:
Келісімшарт мерзімі 40 жыл, 1998 жылдан 2037 жылға дейін;
Жобаның әр кезеңіндегі әр жақтың өздерінің міндеттері орындалуы тиіс.
Әлеуметтік жобаларға жыл сайын 10 млн доллар инвестиция бөлу;
Қоршаған ортаны қорғау, жумыс тауып беру және оқыту туралы міндеттерді орындау.
Қарашығанаққа жақын жатқан елдімекендерге мыналар жатады: Березовка (3км жерде), Успевка, Қаракемір, Жаңаталап, Қарашығанақ, Димитров, Жарсуат, Бестау.
Кенорынның оңтүстікке қарай 15 километр қашықтықта «Орал – Илек» теміржол тармағы өтеді. Кенорын ауданын « Орал – Орынбар» асфальтты автожол кесіп өтеді. Қарашығанақтан солтүстік – шығысқа қарай 35 км-де «Орынбор – Батыс Шекара» магистральды газ құбыры, ал батысқа қарай 160 км-де « Маңғышлақ – Самара» магистральды мұнай құбыры өтеді. Қарашығанақ кенорыннан Орынбор қаласынан солтүстік – батысқа қарай 30 км-де орналасқан Орынбор газ өндеуші зауытқа дейін ұзындығы 120 км газ және конденсат құбырлары жүргізілген. Кенорынның батыс бөлігінде солтүстік – шығыс бағытымен ЛЕП – 35 ток линиясы, ал кенорын арқылы ЛЕП – 110 ток сымы жүргізілген.
Ауданның гидрографиялық жүйесін қарастыратын болсақ, солтүстікке қарай (15 -20 км) Жайық өзені, солтүстік-шығыста (10км) – Елек өзені ағып жатыр. Кенорын жері бойымен жазда кеуіп қалатын Березовка өзені ағып өтеді.Өндіріс территориясында кішкене жасанды су қоймалары бар. Сумен техникалық қамтамассыздандыру жер асты сулары есебінен жүргізіледі. Су көтергіш қабаттар 65-110 м тереңдікте жатыр. Сулары аз минералданған, ұңғыма дебиті 26 – 100 м3/тәул құрайды.
Ауданды орография жағынан қарастыратын болсақ, жұмыс жасау алаңы тегіс жазық болып келеді, кей жерлерде жыралар мен батпақтар кездеседі. Рельефтің абсалютті көрсеткіштері 80 мметрден 200 метрге дейін өзгеріп отырады. Ал жыралар тереңдігі 5 – 10 метр. Рельефтің биіктік өзгерісі 1 км-ге 50 метрден аспайды. Кен орын алаңының көп бөлігін жайылымдар алып жатыр, олар жеке телімдерге орман жолақтармен бөлінген. Елек және Жайық өзендері бойында орман массивтері де кездеседі.
