- •1 Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
- •1.1 Кесте құрылымы.
- •1.2 Сұраныс.
- •1.3 Форма.
- •1.4 Есептер.
- •2.“Емхана” мәліметтер қорын құру әдістемесі
- •2.1 “ Емхана ” мәліметтер қорына кесте құру.
- •2.3 “Емхана” мәліметтер қорына форма құру.
- •2.4 “Емхана” мәліметтер қорына есепті құру.
- •Қорытынды
- •1. Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
2.“Емхана” мәліметтер қорын құру әдістемесі
Емхана (гр. роlіs – қала және клиника) – науқас адам келіп-кетіп емделетін және үйінде сырқаттанып қалған адамдарға медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ, аурудың алдын алу шараларын жүргізетін мекеме.
Баспаханадағы орындалатын іс әрекеттерді төмендегідей топтастыруға болады:
Дәрігерлер(аты-жөні,мамандығы,қабылау уакыты,кабинет
нөмері);
Келушілер(аты-жөні,келген күні,диагнозы);
Науқастар(аты-жөні,туылған жылы,диагнозы);
“Емхана” дайын мәліметтер қорының ретімен орындалған кескіндемелері:
2.1 “ Емхана ” мәліметтер қорына кесте құру.
Кесте –берілгендер қорының негізгі обьектісі.БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады.
Конструктор көмегімен кесте құру.
БҚ терезесінде Таблицы-Создать-Создание таблицы в режиме конструкторды тандаймыз.Экранда кестені конструктор режимінде жобалауға арналған бос форма пайда болады.
Имя поле бағанына өрістің атын тереміз, ал Тип данных бағанында қажетті типті орналастырамыз.
Қажетті өрісті осылайша енгізіп, сонан соң алғашқы кілтті орналастырамыз.
Кестені сақтаймыз.
Саймандар тақтасындағы Вид тетігін басу арқылы кестеге Берілендерді енгізуге немесе Х қызметші тетігі арқылы кестені жабуға болады.
Сурет-3.Дәрігерлерің(аты-жөні,мамандығы,қабылау уақыты,кабинет Сурет-4.Кесте
Деректердің көптеген түрлері үшін арнайы форматтарды қарастырамыз.Текстік өрістер, сандық, ақшалық, мерзім мен уақыт үшін енгізу пердесін қолдануға болады.
Сурет-4.Кестегі мәліметтер
Сурет 5. Кесте “ келушілер”
Кестелер арасындағы байланыс орнату
“Бірде-бір”(1-1) қатысы. Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
“Бірдің-көпке” (1-¥) қатысы.Бұл қатыс бір кестедегі әрбір жазба басқа кестедегі көп жазбаға сәйкес екенін білдіреді. Мәліметтерді иерархиялық ұйымдастыру кезінде “Бірдің-көпке” қатысы ең ортағы болып табылады.
“Көптің-бірге” (¥-1) қатысы. Бұл қатыс “бірдің-көпке” қатысына ұқсас. Мұнда бір кестедегі көп жазба басқа кестедегі тек бір ғана жазбаға сәйкес екенін білдіреді.
“Көптің-көпке” (¥-¥) қатысы. Аталмыш қатыс екі кесте арасында мынадай жағдайларда туындайды:
· Бірінші кестедегі бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін;
· Екінші кестедегі бір жазба бірінші кестедегі бірнеше жазбамен байланысуы мүмкін.
Сурет-7.Кестелер
арасындағы байланыс.
2.2“ Емхана ” мәліметтер қорына сұраныс құру.
Сұраныстар-кестеден деректерді пайдалануға тиімді түрде беру үшін арналған. Сұраныс арқылы деректерді сұрыптау, фильтрациялау сияқты операциялар жүргізіледі.
Конструктор көмегімен сұраныс құру.
Сұраныс қондырмасындағы Құру түймесін шертеміз.
Экранда пайда болған Жаңа сұраныс терезесінен Конструктор режимін таңдап,ОК түймесін шертеміз.Сонда экран бетіне сұраныс бланкісі пайда болады.
Кесте қосу терезесінен Кестелер қондырмасын ашып,тізімнен Дәрігерлер кестесін таңдап, оны екі рет шертеміз.
Сұраныс бланкісінің жоғарғы бөлімінде орналасқан Дәрігерлер кестесінің Өрістер тізімі терезесінен Аты-жөні,Мамандығы, Қабылдау уақыты,Кабинет нөмері өріс атауларын бір-ьірлеп таңдап,оларды екі рет шерту арқылыӨріс жолының ұяшықтарына ретімен ендіреміз.
Сурет 8.Дәрігерлер сұранысының қарапайым түрі
Сурет 9.Сұраныс
Сурет 10. Сұраныс дәрігелер
