Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursavoy_-_kopia_2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

1.2 Сұраныс.

Сұраныстар арқылы бір немесе бірнеше байланысқан кестелерден берілгендерді,анықталған шарт бойынша,іріктеп алуға,яғни нәтижелік кесте құруға болады.Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс деп атайды.Access-те сұраныс құрудың бірнеше тәсілдері бар.Сұраныс қондырмасындағы Құру түймесін шертсеңіз,экранда Жаңа сұраныс терезесі пайда болады.

Сурет 1. Жаңа сұраныс шебер

Қарапайым сұраныс-кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте.Жаңа сұраныстерезінде оның Қарапайым сұраныс түрін таңдап,ОК түймесін шерткенде Қарапайым сұраныс шебері іске қосылады.Бұл кезде шебердің бірінші терезесі ашылады да, сұраныс жасалатын қажетті кестелер мен олардың қажетті өрістері таңдалады.

Егер сұраныс жасау үшін бір ғана кесте мәліметтері жеткілікті болса,онда шебердің екінші терезесінде сұранысқа атау беріледі де, Дайын түймесі шертіледі.бұл жағдайда шебер бірінші қадамда көрсетілген кестенің таңдалған өрістері мен олардың берілгендерінен ғана сұраныс кестесі құралады.

Ал егер сұранысқа екі немесе бірнеше кесте мәліметтері қажет болса, онда шебердің екінші терезесінде толық немесе қорытынды параметрлерінің бірі таңдалады да, оның атауы үшінші терезеде енгізіледі.Дайын терезесі шертілгеннен кейін экран бетіне жаңадан құрылған сұраныс кестесі пайда болады.

Сұраныстың түрлері

Таңдау сұранысы. Бір немесе бірнеше кестеден көрсетілген таңдау шартына сәйкес келетін Деректерді таңдауды жүзеге асырады.Таңдау сұранысында группалық амалдарды қолданып Деректерді топтауға болады немесе мысалы,қосындыны, орта мәнді және шартты қанағаттандыратын жазбалардың санын есептеуге болады.

Өзгерту сұранысы. Бір жалпы қасиеті бойынша біріктірілген сұраныстар тобы.Мұндай сұраныстың көмегімен жазбалар тобын өзгертуге болады.Мысалы, кестегеДеректерді қосу,жаңарту және өшіру,сонымен бірге нәтижесінде жаңа кесте құру.Өзгерту сұраныстарының 4 түрі бар.

Жаңату сұранысы.

Қосу сұранысы.

Өшірі сұранысы.

Кесте құру сұранысы.

Тоғысқан сұраныс. Мұндай сұраныстың нәтижесі электронды кестені есек түсіретін арнайы форматта ұйымдастырылады.

Параметрлі сұраныс. Бұл сұранысты арнайы ‘интерактивті’ түрі бар: сұраныс орындалу алдында, экранда бір немесе бірнеше параметрлерді енгізу туралы хабармен диологтық терезе пайда болады.

Конструктор-күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған негізгі құрал.Сұраныс конструкторы арқылы жаңа сұраныс кестесін құруға және бұрыннан бар сұраныс кестенің құрылымын көруге немесе оны өзгертуге болады.Жаңа сұраныс терезесінде Конструктор түрін таңдап, ОК түймесін шерткенде Сұраныс конструкторы терезесі және оған қосымша Кесте қосу сұхбаттық терезесі көрінеді.Коструктор режимі терезесі Фильтр терезесіне ұқсас, бірақ одан күрделі, оны Іріктеу бойынша сұраныс терезесі немесе Сұраныс бланкісі деп те атайды.

Коструктор режиміндегі сұраныс бланкісінде Топтық оператция қатары бар. Кейде ол қатардың көрінбеуі де мүмкін. Ол кезде саймандар тақтасындағы Топтық операция түймесін шерту керек.

Күрделі сұраныстар-сұраныстар конструкторы құралының көмегімен құрылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]