- •1 Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
- •1.1 Кесте құрылымы.
- •1.2 Сұраныс.
- •1.3 Форма.
- •1.4 Есептер.
- •2.“Емхана” мәліметтер қорын құру әдістемесі
- •2.1 “ Емхана ” мәліметтер қорына кесте құру.
- •2.3 “Емхана” мәліметтер қорына форма құру.
- •2.4 “Емхана” мәліметтер қорына есепті құру.
- •Қорытынды
- •1. Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
1.3 Форма.
Кесте үлкен болса, оны құру кезінде түрлі қателер жіберілуі мүмкін.Кейде кестені пайдаланушыға толық көрсетпей,бір ғана жазуымен таныстырады.Осы себепті көп жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады.Бұл Access-ң негізгі ерекшеліктерінің бірі.Форма-
берілгендерді экранға ендіруді жеңілдету үшін дайындалған бланк.Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады.Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қояды.Форма құрудың тәсілдері:
а) Автоформа-форманы автоматты түрде құрады;
б)Формалар шебері-форманы жартылай автоматты түрде құрады;
с)Қолдан-конструктор режимі арқылы.
Конструктор режимінде форма құру бұл – ең күрделі жол.Конструкор режимінде форма құру.
БҚ терезесінде Формы Создать тетікеріне шертіңдер.Экранда Новая форма диалогтық терезесі пайда болады.
Осы терезеде Конструктор пунктіне шертеміз.
Ашылған тізімнен форма құрылатын кестенің атын таңдап, содан соң ОК тетігін шертеміз.Экранда форма конструкторының терезесі, элементтер татасы және өрістер тізімінің терезесі пайда болады.Элементтер тақтасымен және өрістер тізімі – бұл конструктор режимінде форма құру үшін қажетті саймандар жиынтығы.Біріншіден, формада Деректерді енгізуге қажетті кестенің өрістері міндетті түрде болуы тиіс.
Сурет-2. Форма конструкторы
Автоформа немесе Форма шебері арқылы құрылған форма құрылымы түрлі бөлімдерден тұрады. Олармен танысу үшін дайын форманы Конструктор режимінде ашып,көріп шығу жеткілікті. Құрылымда Форма тақырыбы,Берілгендер облысы жане Формаға ескертпесі бөлімдері бар.
Формаға енгізілгендердің бәрін басқару элементтері деп атайды.Олар негізінен екі типті:байланысты жане байланыссыз.
Байланысты басқару элементтері- БҚ кестесінің өрістік берілгендерін пайдаланады.Мысалы, берілгендер облысына өріс атауы көшіріліп, форманы іске қосу кезінде атау орнына кестедегі сәйкес мән жазылады.Керісінше,өріске не енгізілсе,ол кесте өрісіне де енгізіледі.
Байланыссыз элемент-формада кесте өрісіне байланыссыз құрылған элемент,мысалы,формаға енгізілген түсініктеме сөздер,сызылған түрлі кескіндер.
Форманы қолдан құру жолдары:
1. БҚ терезесін ашып,Формалар-Құру командасын беру.
2. Көрінген форма құру терезесінен кесте атауын жане конструктор қатарын таңдап,ОК батырмасын шерту.
Access конструктор режимінде форманы іске қосып,толтырылмаған берілгендер облысы көрінетін терезесін,элементтер және қажетті аспаптар панельдерін экранға шығарады.
Берілгендер облысы-өрістер құрылатын жане күйге келтірілетін форманың негізгі бөлімі.Элементтер панеліне форманың басқару элементтерін құру үшін пайдаланылатын батырмалар енгізілген: Үстіне жазу (надпись),Өріс,Ауыстырып қосқыштар,Жалауша,Тізім,Сурет,Сызық,Төртбұрыш т.б.
3. Элементтер панелі экранда көбінесе Көрініс-Элементтер панелі командасын беру немесе аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шерту.Көрініс-Өрістер тізімі командасын беріп немесе аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шертіп,Өрістер тізімі терезесін экранға шығаруға болады.
4. Элементтер панелінің үстіне жазу батырмасын шерту керек.
5. Төртбұрыш ішіне өріс атауын енгізіп,enter клавишін басу.
Төртбұрыш объект үшін берілген орынды,ал оның ұзындығы бөлінген орын өлшемін көрсетеді.Қажет болса,форматтау әдісі бойынша қолдан қысу,ұзарту немесе өлшемін өзгертпей,түрлі бағытта жылжытуға болады.Форма элементтері төртбұрыш ішіне объект түрінде ендіріледі.
6. Өрістер тізімі терезесінен берілгендер облысының екінші қатарына Жылжыту жане Қалдыру әдісі бойынша өріс атауларын көшіру.Оларды бірінші қатарға енгізілген сәйкес өріс атауларының астына орналастыру керек.Атаудың сол жағында оның қолтаңбасы автоматты түрде енгізіліп қойылады.Оны алып тастау үшін DEL клавишін басу керек.
7. Енгізілген басқару элементтерінің орналасуын дұрыстау.Таңдалған элементті жобалаушының өз қалауынша орналастыру мүмкін.Оларды тор сызықтарының үстіне орналастыру үшін Формат-Туралау командасын беру керек.
8. Файл-алдын-ала көру командасын беріп,форманың құрылған форматын көріп шығу.
9. Конструктор режиміне қайтып оралып,қажет болса,элементтерді қайта форматтау.(esc клавишін басып немесе көрініс-конструктор командасын беріп,режимге қайта оралуға болады).
10. Конструктор режимі терезесін жабу.Форма құрылымын өзгертуді растау сұралатын сұхбат терезесі ашылады.Оның Иә батырмасын шерту.
11. Атау сұралатын сұхбат терезесі ашылады. Access тағайындаған атауды қалдыруға немесе жаңа ат беруге болады.
Құрылған формада берілгендер облысының бірінші қатарына енгізілген басқару элементтері өріс атаулары түрінде жазылып,екінші қатарға өрістер тізімімен көшірілген элементтер орнына берілгендер енгізіліп қойылады.
Бағандық форманы қолдан құру қиын емес.
Форманы көріп шығу үшін БҚ терезесінің Форма қондырмасын ашып,атауын таңдау жане жаңа жазу қосу үшін терезенің Жазуға өту түймелерін пайдаланылуы тиіс.
