- •1 Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
- •1.1 Кесте құрылымы.
- •1.2 Сұраныс.
- •1.3 Форма.
- •1.4 Есептер.
- •2.“Емхана” мәліметтер қорын құру әдістемесі
- •2.1 “ Емхана ” мәліметтер қорына кесте құру.
- •2.3 “Емхана” мәліметтер қорына форма құру.
- •2.4 “Емхана” мәліметтер қорына есепті құру.
- •Қорытынды
- •1. Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ИНСТИТУТЫ
Жаратылыстану факультеті
Информатика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Емхана» мәліметтер қорын құру әдістемесі
Пәні: Мәліметтер қорында ақпараттық жүйелер
Мамандығы: 5В011100
Орындаған: Бердібай С.А.
Қабылдаған: п.ғ.к., аға оқытушы Адылбекова Э.Т
Комиссия мүшелері:_____________________________
_________________________
_____________________________
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................3
1 Мәліметтер қорының негізгі түсініктері..................................4
1.1 MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдар.......................5
1.2 MS Access ортасында сұраныс және оның түрлері.............................8
1.3 MS Access ортасында форма жіне оның түрлері.................................10
1.4 MS Access ортасында есеппен жұмыс жасау........................................12
2 “Емхана” мәліметтер қорын құру әдістемесі........................14
2.1 “Емхана” мәліметтер қорында кесте құрылымы..............................14
2.2 “Емхана” мәліметтер қорында конструктор көмегімен
сұраныстар құру....................................................................................17
2.3 “Емхана” мәліметтер қорында форма шебері мен
конструктор.............................................................................................19
2.4 “Емхана” мәліметтер қорында есептер
шебері........................................................................................................21
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланылғанәдебиеттер...........................................................................25
Қосымша............................................................................................. ..............
Кіріспе
Берілгендер қоры – ақпаратпен белгілі бір іс-әрекет жасауға болатын (қосу, жою, өзгерту, көшіріп алу, жүйелеу, сақтау, жинақтау және т.б.) жүйеленген мәліметтердің үлкен көлемінің сақталатын жері.
Берілгендер қорын басқару жүйесін(БҚБЖ) берілгендер қорымен жұымыс істеуге арналған программа деп түсінеміз. БҚБЖ-ның қатарына жататын Microsoft Office пакетінің құрамындағы Microsoft Access ең қолайлы және ең көп тараған программа.Берілгенлдер қоры бүгінгі таңда өте танымал ұғым болып отырғандығы белгілі.Берілгендер қорын пайдаланатын ақпараттық жүйелер ғылым, денсаулық сақтау, банктер және өндіріс кәсіпорындарында қарқынды түрде жасалынуда. Мысалы, емханада дайындалатын мәліметттер:
- түрлі бөлімдерде жұмыс істейтін дәрігерлер тізімі (аты-жөні,білімі,мекен-жайы,телефон номері);
- науқастар жөніндегі мәліметтік тізімдер;
- емхана орналасқан микроаудандағы барлық тұрғындар туралы мәліметтер және тағы басқа.
Берілгендер қоры(БҚ)- құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл.
Берілгендер қорын құру жане онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген бағдарламалар дайындалған.Олар: dBase, FoxPro, Access жане т.б. Оларды берілгендер қорын басқару жүйелері(БҚБЖ) деп атайды.
Берілгендер қорымен жұмыс істеуді үйрену арқылы адамзат өміріндегі ақпаратты сақтау бойынша көптеген мәселелерді дұрыс, тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік алады. Ол ірі корпорация, техникалық завод, жеңіл өндірісінің фабрикасы, сауда орталықтары немесе кішігірім үй кітапханасы болсын мәліметтерді есепке алуға, оларды өңдеуге, сақтауға, қосуға, жоюға бағытталған әрекеттерге сұраныс міндетті түрде пайда болады.
Бағдарламалаушылардың көзқарасы бойынша берілгендер қоры – файл жиынтығы, осы жиынтық ақпаратты сақтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Access бағдарламасын жетік меңгеріп, емхананың жұмысын автоматтандыру.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер орындалады:
1. Берілгендер қорымен жұмыс жасауға арналған әдебиеттерге шолу жасау, талдау;
2. МS Access ортасымен жетік меңгеріп, бағдарлама құру;
3.Емхана жұмысымен танысып, оның берілгендер қорын автоматтандыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері айқындалған.
«Берілгендер қорының негізгі түсініктері» атты бірінші бөлімде MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдары талданып, бұл ортада сұраныспен жұмыс жасау қарастырылған. MS Access ортасында формамен жұмыс жасау және осы ортада есеппен жұмыс жасау жолдары жасалады.
1 Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
Microsoft Access жайлы түсінік.
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер қорын жобалауға да жане оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access бағдарламасының бірнеше негізгі ерекшеліктерін атап өтейік:
- Windows интерфейсі-тұтынушының жұмысына ыңғайлы жағдай жасайтын әр түрлі менюлер,терезелер,батырмалар тәрізді стандартты графикалық интерфейсі элементтерін пайдалану;
- түс жане графика-экран көрнекілігін қамтамасыз ете алатын әр түрлі түстерді,белгішелерді(пиктограммаларды) жане одан да басқа графикалық элементтерді пайдалана отырып, экранға көптеген мәліметтер шығару;
- программа шеберлері(wizards)-тұтынушымен қарапайым әрі логикалық айқын түрде диалог ұйымдастыра отырып,қолданбалы бағдарламалардың кез-келген элементтерін тез құру.
- оқиғаларды бағдарламалау- бағдарламалар экранда көрініп тұрған элементтермен тікелей байланыса алады жане солардан кейінгі менюден команда таңдау, кез-келген батырманы шерту сияқты әрекеттерді тез жүзеге асыру;
- SQL- мәліметтерге тез қол жеткізу тәсілі ретінде программаларда,макростарда жане өрнектерде SQL операторларын пайдалану.
Берілгендер қоры(БҚ)- белгілі бір пәндік аймаққа жататын обьектілерді (процесстерді,құбылыстарды,оқиғаларды) олардың қасиеттерін және өзара қатнастарын бейнелейтін өзіндік аты бар мәліметтер жиыны. Пәндік аймақ дегеніміз- мәліметтер базасын қамтуға тиісті нақты дүниенің бір бөлігі.
Берілгендер қорын басқару жүйесі(БҚБЖ)- мәліметтермен жан-жақты қатнас құра отырып олардың өңделуін қамтамсыз ететін қор құру мен сүйемелдеуге арналған программалық кешен.
Microsoft Access Windows ортасында жұмыс істейтін жаңа буынға жататын реляциялық берілгендер қорының басқару жүйесі. Ол Windows жайлы жұмыс істеуіне бағытталған қолайлы графикалық интерфейсі бар.
Ол кесте,форма,сұраныс,басылым т.б берілгендер қорының обьектілерімен жұмыс істейді.
Кесте - бұл нақты тақырып бойынша мәліметтер жиынтығы.
Сұраныстар – берілгендер қорының кестелерінен белгілі бір шартқа сәйкес келетін мәліметтерді бөліп алу мүмкіндігін беретін қуатты берілгендерді басқару құралы.
Форма – берілгендер қорындағы кестелердің жекеленген жазбалармен жұмыс істеу үшін қолданылады.Форманың көмегімен кестеге ақпааттарды енгізуге, редакциялауға жіне өшіуге, сонымен берілгендерге енуді шектеуге және тек оларды көру режимінде бейнелеуге болады.
Есептер – берілгендерді элоктронды формадан, өзгермейтін соңғы қағаз түріндегі өнімге түлендіру болып табылады.
Макрос – берілгендер қорының нақты бір амалының орындалуын бағдарламаудың көмегінсіз автоматтандырады.
1.1 Кесте құрылымы.
Кесте-берілгендер қорының негізгі обьектісі.Берілгендер қорын жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Кесте жапсырмасының Құру түймесін шерткенде Жаңа кесте сұхбаттық терезесі ашылады.Онда жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.Кесте құру үшін БҚ терезесін ашып,Кестелер-Құру(Таблицы-Создать) командасын беру керек. Жаңа кесте (Новая таблица) сұқбат терезесі ашылады.Оған кесте құрудың 3 режимі енгізілген:
* Кесте режимі (режим таблицы)-кестені қолдан құру;
* Кестелер шебері (мастер таблиц)-кестені автоматты түрде құру;
* Конструктор.
Кесте режимі.Оны кестені қолдан құру режимі деп те атауға болады,өйткені кесте режимінде кесте құру командасын берген соң, экранда қолдануға дайын кесте құрылады да,қолданушы оны толтырумен айналысады.Кестені мәліметтермен толтырмас бұрын оның өрістеріне қажетті жаңа атаулар беріледі.Ол үшін,тышқан курсорын өріс тақырыбына алып барып,тышқан түймесін екі рет шертіп,өріс атауын клавиатурадан теру керек.Ал,мұндағы өрістердің типтері,өзіне енгізілген мәліметтерге байланысты,автоматты түрде анықталады.
Конструктор режимі.Бұл режимді Жаңа кесте терезесінде Конструктор тәсілін белгілеп,ОК түймесін немесе Берілгендер Қорын-да бұрыннан бар кестенің құрылымын өзгерту кезінде ,қажетті кестені белгілеп ,Конструктортүймесін шерту арқылы іске қосуға болады.Бұл терезеде кесте құрылымын құрастырушы өзі анықтайды.Терезенің жоғарғы бөлігінде өріс атауларын,олардың типтерін және сипатын анықтау керек.
Кестелер шебері режимі. Бұл режимде прграмма өзіндегі арнайы дайын тұрған кестелерді пайдаланады.Кесте шебері 4 қадамнан тұрады.Оның әр қадамына сәйкес терезелер ашылып,онда тиісті жұмыстар атқарылады.
1-қадам. Ашылған терезеде кестелер үлгісі тізімінен таңдалган кестенің өрістер үлгісіндегі тізімінен жаңа кестеге қажетті өрістер таңдалады;
2-қадам.Ашылган терезеде кестеге жаңа атау беріліп,оның кілттік өрісін анықтау режимдерінің бірі тағдалады;
3-қадам.Кестені басқа кестелермен байланыстыру мүмкіндігін беретін терезе ашылады.Программа барлық кестелерге кілттік өрістері бойынша талдау жасайды.Егер олардың ішінде осы құрылып жатқан кесте өрістерменаттас өрістерібар кестелер кездессе,онда оларды осы жаңа кестемен байланыстырады. Ал,кері жағдайда бұл терезеде олрадың атаулары алдына байланыспаған сөзі тіркелген тізім көрінеді.
4-қадам.Шебер жұмысы аяқталғанннан кейін орындалатын үш режимнің
бірі таңдалып,Дайын түймесі шертіледі.
БҚ кестесінде берілгендер адресі жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады.Бағанды Өріс(поле),жолды Жазу немесе Жазба (запись) деп атайды.
БҚ кестесінің өріс құрылымы жөнінде ескертілетін ерекшеліктер:
* Өріс атаулары бірегей (қайталанбайтын,уникальды) болу керек.
* Әр өріске бір типті берілгендер енгізу керек.Типтер мәтіндік(текстік),сандық(числовой),уақыт(дата),логикалық,ақшалық(денежный) болып бірнеше түрге бөлінеді.
* Түрлі өріс әр түрлі қасиетті (қасиет-өріс типі,өріс ұзандағы).
* Кейбір жағдайларда Access-те БҚ кестесінің бірінші өрісі етіліп автоматты түрде код тақырыбы меншіктелген өріс қосылып қойылады.
Оны есептегіш(счетчик) типті өріс деп аталады.
Берілгендер қорында құрылған кестелердің атаулары бірдей өрістер болып жане олардың типтері бірдей болса, мұндай кестелерді байланыстыруға болады жане оларды пайдаланып басқа кесте құруға болады(Access байланыстыруды автоматты түрде жүргізе алады).
Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды.Кестелерді байланыстару үшін тағайындалатын өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып оны кілттік етіп қояды.
Мен өзімнің мәліметтер қорыма конструктор режимін қолданамын.Бұл режимді түрлі әректтер үшін пайдалануға болады.Олар:
-өріс атауын өзгерту;
-өріс типін өзгерту;
-өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
-жаңа өріс қосу;
-өрісті кілттік ету;
-жаңа кесте құру;
Конструктор терезесін ашу үшін БҚ терезесінің кестелер қондырмасынан кесте атауын таңдап, конструктор пернесін шерту керек. Жаңа кесте құру үшін кестелер-конструктор командасы орындалу керек.
Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің берілгендер типі бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек.Оның он жағында тілсызық түймесі(тізім символы) пайда болады.Оны шертіп ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны.
Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп,тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Көрінген контексті менюден кілттік өріс(ключевые поля) қатарын шерту жеткілікті (немесе аспаптар панелінің кілттік өріс түймесін шерту керек болады).Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) кілт белгісі орнатылып қойылады.
Өріс қасиеттері.
Әр кестенің өз құрылымы бар.Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың типтерінен тұрады.Өрістің негізгі қасиеті-оның типі мен өлшемі.
Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса оны қолдан өзгертуге болады.Түрлі типті өрістердің қасиеттері әр түрлі.Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері конструктор режимі терезесінің төменгі бөлімінде көрінетін жалпы қондырмасын енгізіліп қойылады.
Мәтіндік типті өріс үшін басқа қасиеттерді орнату міндетті емес.Мұнда ескерілетін жайт-қасиеттер құрамында Қолтаңба (подпись) да бар. Ол-формамен жұмыс істеу кезінде Access автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы.
Сандық типті өріс қасиеттерін орнату.Сандық өрістер бүтін немесе нақты сандар ендірілетін өрістер болып екіге бөлінеді.
Жаңа құрылатын кестеде сандық өріс құру немесе өрісті күйге келтіру үшін қондырмадан өріс өлшемін,өріс форматын орнатып қою керек.Олардың тізімін экранға шығару үшін сәйкес қатардың шертілуі тиіс.Қатардың оң жағында тілсызық түймесі пайда болады оны шертіп,көрінген тізімнен қажеттісін таңдау керек.
Уақыт және Ақшалық типті өріс қасиеттерін орнату жоғарыдағыдай болады.
Мемо өрісі.Өріс мәтіндік өріс сияқты, бірақ ол ұяшықта[256:-65535] аралығындағы символдар тізбегінен тұратын ұзын типті мәтіндік берілгендерден сыйдыруға арналған.Мемо өрісінің ерекшелігі-берілгендер басқа жерде сақтауға жіберіледі де, ол орналастырылған орында сілтеме көрсеткіш қана сақталады.
Логикалық жане Есептегіш типті өріс форматтарын Access автоматты түрде өзі орнатады.Логикалық өріс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі тұрады.Оны орнату ұяшықта логикалық ия(ақиқат), орнатуды алып тастау жоқ(жалған) мәнін енгізу деп қабылданады.
OLE обьектісінің өрісі басқа программалар арқылы құрылған сурет жане т.б обьектілерді кірістіру үшін,гиперсілтеме өрісі интернет немесе басқа обьектінің файлдарымен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәнін енгізу үшін құрылады.
Алмастыру шебері өріс типтерінің соңғысы етіп енгізілген элемент. Ол тип атауы емес,кестелер байланысын орнатуға арналған ішкі программа.
Кестені байланыстыру жолы.
1. Аспаптар панелінің берілгендер схемасы батырмасын шертіп немесе Сервис-берілгендер схемасы командасын беріп,осы атаулы терезені ашу.
2. Мәзір арқылы байланыстыру-кестені қосу командасын беріп немесе аспаптар панелінің кестені қосу батырмасын шертіп,кесте атауларының тізімі енгізілген кестені қосу терезесін шығару.
3. Соңғы терезеден байланыстыратын кесте атауларын таңдап қосу батырмасын шерту.Таңдалған кестелер Берілгендер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады.
4. Кестені қосу терезесін жабу.
5. Терезенің Берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету (обеспечение целостности данных) ауыстырып қосқышын орнатып, Біріктіру батырмасын шерткенде,Біріктіру параметрлері сұхбат терезесі ашылады.Байланысты кестелердің түрлі өрістерін пайдаланып автоматты түрде жаңа кесте құруға болады.Байланысты кестелері бар БҚ реляциялық берілгендер қоры деп те аталады.Берілгендер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру жане олардың кейбір өрістерін пайдаланып,басқа кесте құру Access-ң негізгі ерекшеліктерінің бірі.Негіздік кестені басқалармен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын өрісі болуы тиіс.Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті.Егер кестеде мұндай өріс болмаса,оны құрып алуға болады.
Кестелермен жұмыс.Кесте элементтерін таңдау жане өшіру.
1.Ұяшықты таңдау үшін көрсеткішті сол жақ шетіне орналастырып,крест түріне айналған кезде тышқан батырмасын шерту керек.Ұяшықты өшіру үшін оны таңдап алып,DEL клавишін басу жеткілікті.
2. Бағанды таңдау үшін оның тақырыбын шертсе болғаны.Тақырыпта оң жақ батырманы шертсе,контексті мәзір ашылады.Бағанды өшіру үшін оны таңдап алып,Түзету-Бағанды өшіру командасын орындау керек.
3. Қатар орналасқан бірнеше бағанды таңдау тышқан батырмасын басып тұрып,алғашқы өріс тақырыбынан бастап көрсеткішті солдан оңға қарай жылжыту арқылы орындалады.
4. Жазуды таңдау үшін оның сол жағында орналасқан жазу маркерін бір рет шертсе жеткілікті.Таңдаған жазуды DEL клавиші арқылы өшіруге болады.
5. Қатар орналасқан бірнеше жазуды таңдау үшін тышқан батырмасын басып тұрып,көрсеткішті жазу маркері жолында төмен қарай жылжыту керек.Оларды өшіру әдісі жазуды өшіру сияқты.
6. Төртбұрышты ұшықтар блогін таңдау жолы:блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына көрсеткішті әкеліп ол крест түріне айналған соң қарсы бұрышқа жеткенше диагональ бойымен жылжыту керек.
7. Кестені таңдау үшін өрістер тақырыбының сол жағына орналасқан кесте маркер1 БҚ терезесін ашып,Сұраныстар-Құру командасын беру.Жаңа сұраныс терезесі ашылады.
Кестеге жазу немесе өріс қосу.Кестеге жазу қосу үшін БҚ терезесі арқылы кестені ашып,Кірістіру-Жаға жазу командасын беру керек.Кесте соңына бос жол қосылып қойылады.Оған жазу ендіріп,КҚ клавишін басу жеткілікті.Келесі жолға да жазуды осы әдіс бойынша ендіру мүмкін.Жазуды таңдап оны түймемен шерткен кезде жазумен түрлі операцияларды орындауға арналған контексті мәзір көрінеді.Кестеге жаңа өріс қосу үшін оны ашып Кірістіру-Баған командасын беру керек.Ашылған бос өрісті толтыру жолы әдеттегідей.
Кесте өрісін басқа кестеге көшіру.
А)Өрісті таңдап,алмастыру буферіне көшіру (ctrl+c клавиштерін басу немесе түзету-көшіру командасын беру).
Б)Қабылдайтын кестені ашып,жаңа өріс құру.Оның типі көшірілетін өрістің типімен бірдей болуы тиіс.
С)Құрылған өрісті таңдау (толтырылмаған кесте үшін екінші пункті орындамай,бірден өрісті таңдау жеткілікті).
Д)Буферден кірістіру командасын беру (ctrl+v немесе түзету-кірістіру).
