Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор ИОТ (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131.1 Кб
Скачать

48. Мәтінмен жұмыс.

Қолданбалы элементтерді геометриялық сипат бойынша нүктелік объект, беттер, маскалар, аймақтар, өлшемдер және мәтіндік элементтер деп бөлуге болады. Бұл элементтер түрлі жеке дара қасиеттерге ие бола алады, сонымен қатар жалпы ресурстарға жүгіне алады; олар логикалық байланыстағы элементтерге ие болуы мүмкін, мысалы, қолтаңбалар, шартты мағынадағы элементтер, т.б.

Мәтіндік элементтеріне бір қатарлы және көп қатарлы мәтіндер мен түрлі жазулар кіреді. Мәтіндерде мән-мағына құрылу және түзетулер кезінде сұралады. Мәтінді құру және түзету үшін Построения командасы қолданылады. Жазулар өздеріне қатысты элементтердің қасиеттерін көрсетеді, мысалы, тақырыптық нысана жазуларында олардың геометриялық және семантикалық қасиеттерін көрсетуге болады. КРЕДО жүйесінде тақырыптық нысана нүктелік, аудандық және сызықтық болып бөлінеді. Семантикалық ақпарат нүктелік тақырыптық нысана, аудандық тақырыптық нысана және сызықтық тақырыптық нысана үлгіде тақырыптық нысана жазулары түрінде көрініс алады.

52. Жұмыстар көлемін есептеу

КРЕДО жүйесінде Пландар терезесінде екі түрлі қабатта орналасқан және ортақ аймақтары бар екі беттер арасындағы жұмыстар көлемін есептеуге мүмкіндік берілген. Беттері бар қабаттар бір түрлі және неше түрлі жобалар жиынтығындағы жобаларда болуы мүмкін. Әдетте, есептеулер үшін рельфтер беті мен жобалы беттер қолданылады. Жұмыстар көлемін есептеу мәзірде көрсетілген Поверхность/Объемы командасы көмегімен жүзеге асады.

Между слоями Командасықабаттардың беттерінің барлығын қамтитын беттердің екі қабат арасындағы жұмыстар көлемін есептейді. В контурекомандасы құрылған еркін пішін көлеміндегі беттер арасындағы жұмыстар көлемін есептейді. По региону или площадному объекту командасы көрсетілген аймақтар мен аудандық объектілердің шегінің көлемін есептейді.

49. Нүктені құру, көру деңгейі мен түзету.

КРЕДО жүйесінде нүктелер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.

Негізгі нүктелер интерактивті әдіс арқылы немесе сыртқы мәліметтерді импортаған сәтте құрылады. Мұндай нүктелер рельефке байланысты рельефті, белгіленген ситуациялық, белгісіз ситуациялық деген атау мен сипаттамаға ие болады.

Рельефті нүктелер – бұл триангуляция кезінде ескерілетін белгісі бар нүкте. Нүкте трангуляцияда қатысып тұрған кезінде өшіріле алмайды. Трангуляцияны өшірген кезде немесе қайта құрылған кезде ондай нүктелер автоматты түрде өшірілмейді.

Ситуациялық нүкте – ситуациялық объектілердің орналасуын анықтаған кезде қолданылады және триангуляция кезінде ескерілмейді. Екі түрі болады: белгісі бар және белгісі жоқ. Соңғы жағдайда ситуациялық объектінің пландық орналасуынан басқа кезде оның жоғарғы орнын сипаттайды

Қосымша нүктелер құрылымдық түзулер қатынасқан беттерді құру процесінде автоматты түрде жүйе арқылы құрылады. Мұндай нүктелердің көрінуін қабаттарды басқару панелінде басқаруға болады. Түзетулер кезінде қосымша нүкте автоматты түрде негізгі болады.

Нүктелерді құру

Нүктелер Построения/Точка мәзірінде берілген әдістер арқылы құрыла алады. Содан кейін жоспардағы нүктенің орналасуын еркінше таңдаймыз. Параметрлер терезесінде нүктенің атауын беруге, оның координатын анықтауға, нүктенің сақталу қабатын таңдауға, Тип Н жолағында нүктенің түрін таңдауға болады.

Нүктелерді көру деңгейін жөндеу.

Жүйеде нүктелердің жазуларының көру деңгейін жеке дара әр қабатта жөндеуге мүмкіндік қарастырылған. Ол үшін Установки/ Активный проект мәзірінен Настройка подписей точеккомандасын шақыру керек. Настройка подписей точек диалогты терезесі активті жоба үшін шақырылады. Нүктелердің және олардың жазуларының көріну деңгейін басқару әр қабаттың көріну фильтрлерінде СЛОИ терезесінде Жоспарда жүзеге асады.

Нүктелерді түзету

Нүктелердің және олардың жазуларының орналасуының параметрлерін түзету Построения/Редактировать точку мәзірінің командасы арқылы жүзеге асады. Берілген әдістермен жұмыс барысында дара және топтық таңдаулар қарастырылған. Изменить подпись командасы нүктелердің жазуларының орналасуы мен көру деңгейін түзетуге арналған. Изменить параметры командасы арқылы нүктелердің парамтерлері мен өшіруін түзетуге және нүктелердің жазуларының орналасуы мен көру деңгейін түзетуге болады. Нүктені немесе нүктелер группасын таңдағанан кейін олармен жүретін әрекетке (параметрлерді өшіру немесе өзгерту) байланысты құрал-саймандар локальді панелінде сәйкес командалар таңдалады.