- •I Теориялық бөлім
- •1.1 Бизнес жоспар түсінігі
- •1.2 Бизнес жоспардың түрлері
- •1.3 Жоспарлау
- •1.4 Бизнес жоспардың жалпы түрі мен ережелері
- •II техникалық-экономикалық бөлімі
- •2.1 Күрделі қаржы салымдарын есептеу
- •2.2Өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысын есептеу
- •2.3 Шикізат және материал шығындары
- •2.4 Қосалқы бөлшектер
- •2.5 Үстемелік шығын
- •2.7 1000 Км жүріс кезіндегі шығын құны төмендегі формуламен есептелінеді;
- •2.8 Жобаның экономикалық тиімділігінің есептеулері
Кіріспе
Автокөлік транспорты жоғары сұранысқа ие, себебі олар халықтың барлық жұмыс саласына қызмет көрсетеді. Жыл сайын автобус пен жеңіл көліктер қала ішінде, қала сыртына және халықаралық жолдармен адам тасымалы көбейіп келеді. Біздің елімізде жүк тасымалдау және адам тасымалдау тоқтаусыз өсуде, сол себептен қолданудағы автокөліктер мен автокөлік жолдарының сапасы жақсарып келеді. Жүктемесі жоғары жүк көліктері және автопойыздарды шығару қарқынды дамуда-бұл дегеніміз автомобильді транспортының қолдану тиімділігін жақсартуда. Осы жағдайда өндірістік қөрсеткіштері жоғарыланып, тасымалдау және тауар құны азаяды. Автокөлік транспорттарына қойылған міндетті талаптарға сай келіп,техникалық күйін үнемі жақсартып тұруы үшін арнайы техникалық қызмет көрсету орындарына жүгінеді. Сол себепті әр операцияда кеңінен қолданатын механикалық құрылғыларды дұрыс қолдану әдістерін білу керек. Квалификацияланған техникалық қызмет көрсету жұмыстары агрегаттардың,автомобиль жүйесі мен түйіндердің, максималды ремонт аралық жүрісі мен сенімділігін жоғалатады, өнімділігін көбейтеді, жанармай шығынын және тасымалдау құнын азайтып, қозғалыстың қауіпсіздігін, сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қызмет көрсету ғылыми-техникалық прогресстің жылдам дамуы, қолданыстағы мекемелердің реконструкциялануы, ескі техниканың озат техникамен ауыстырылып, мекеменің өндірістік әдістерін жоғарылатуы, еңбек көреткіштерінің қарқынды дамуы кәсіпорынның сапасын жақсартады. Автокөлік жөндеу жұмыстарының жақсаруы, автокөліктің дұрыс жөндеу мекемесі, ТЖО-ның орналасуына, оның қаншалықты күрделі жұмыс жасауын және мамандарының сапалы жұмыс атқаруына тікелей байланысты. Автокөлікті тиімді қолдану транспорттық бақылау мекемесінің дамуы және автокөлік қасиеттерін белгілі мөлшерде сақтай отырып, параметрлік көрсеткіштерін сипаттап, оның қасиеттерінің атқаратын функциясына тәуелді болып келеді. Автокөлікті қолдану процесінде оның функционалды қасиеттері уақыт өте нашарлайды, оның себептері желіну, коррозия, бөлшектердің зақымдануы, материалдардың шаршауы және тағы басқа. Автокөлік әртүрлі ақау пайда болғандықтан автокөлік тің қолдану тиімділігі төмендейді.
Ақаудың пайда болуынан және оны уақытылы жөндеу үшін автокөлік техникалық бақылаудан(ТО) және ремонт жұмыстарынан өтеді.ТО-бұл автокөлік жұмыс күйін сақтауға, автокөлік жөндеулуін және сенімділігін арттыратын операциялық жұмыстарды айтады.Жөндеу- бұл автокөліктің жұмыс жағдайын және оның бөлшектерін қалпына келтіретін жұмыс операциялық жұмыс. Зауыттағы көліктің тасымалдауға ұйымның ішіндегі ұйымдастыратын негізгі жолдары- бұл көліктің механикаландыру және автоматизацияландыруы, тиеу және түсіру жұмыстары.
I Теориялық бөлім
1.1 Бизнес жоспар түсінігі
Бизнес-жоспар — кәсіпорынның алдына қойған экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, міндеттері мен әдіс-тәсілдері баяндалған құжат. Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан-жақты зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. Бизнес-жоспар, көбінесе, банктен кредит алу және оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Меншік иесінің қатысуымен кәсіпорынның стратегиялық дамуының бағыт-бағдары анықталады, осы арқылы жобаның тиімділігі мен қажеттілігі айқындалады.Бизнес-жоспар болжалды қаржылық нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен тұрады:
жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;
тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарға қойылатын баға анықталады;
бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен бағасы) туралы мәліметтер талданады;
маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, жарнамалау, т.б.) сараланады;
өнім (не қызмет) өндіру жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері айқындалады;
ұйымдастыру-басқару жұмыстары және қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;
жобаның ұйымдық-құқықтық негіздерін көрсететін заңдық құжаттар жасалады;
жұмыс барысында кездесетін қауіп-қатерді болжау және оның алдын алу шаралары қарастырылады;
жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары нақтыланады;
қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) жобаланады. Бизнес-жоспар тауар, ақша, өндіріс факторы қозғалысының жалпы балансын айқын бейнелейді.
Кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтінін бағалауға және оның болжамды нәтижелерін анықтауға, сондай-ақ банктен несие рәсімдеу барысында қажет болады.Сонымен, бизнес-жоспар бұл – жаңа бизнестің жан-жақты толық сипаттамасы. Онда бизнес туралы ақпарат, бизнестің қаржылық талдауы, маркетингтік жоспары және қызметкерлер бойынша жоспары жасалу керек. Сонда, кәсіпкер жаңа бизнестің түр-сұлбасын көре алады және өзі де көп нәрсені түсініп, байқай алады.
1.2 Бизнес жоспардың түрлері
Бизнес-жоспардың кімге арналғанына байланысты оның бірнеше түрін ажыратамыз: Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл бизнес-жоспар кәсіпкерге жаңа бизнестің қаншалықты тиімді, я болмаса тиімсіз екенін анықтауға арналған.Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Банктер кәсіпкерге несие беру туралы шешім қабылдау үшін, одан бизнес-жоспарды талап етеді.Инвесторларды тартуға арғалған бизнес-жоспар. Инвесторлар өз қаржысын бұл бизнеске салар алдында, бизнеске талдау жүргізеді. Сол себепті, кәсіпкердің бизнес-жоспары қаралады.Жергілікті және шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорынға арналған бизнес-жоспар. Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығына серіктестің сенімін арттырады.Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Білікті мамандарды өзіңізге жұмысқа тарту қиынға соғады. Сондықтан, бұндай бизнес-жоспар қызметкерге болашақ қызметтің сипаттамасы жайында және ұсынылатын жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді.Басқа компаниямен бірігуге арналған бизнес жоспар. Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге көмектеседі.Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұрады:Бизнес-идея. Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек.Жеке мүмкіндіктер. Кәсіпкер жаңа бизнестің мүмкіндіктерін, өзінің мүмкіндіктерін және идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс.Клиент. Кәсіпкер болашақ клиентінің кім болатынын жақсы білуі тиіс. Ол үшін кәсіпкер «Менің ықтимал клиенттерім кімдер? Олар қайда орналасқан? Менің клиенттерім нені бағалайды?» деген сынды сұрақтарға жауап беруі керек.Бизнесті ұйымдастыру. Бизнесті ұйымдастыру барасында кәсіпкер өз клиенттеріне өнімді (тауарды немесе қызметті) шығару және оны сату үдерістері қалай, қашан ұйымдастырылатынын, оның қандай көлемде шығарылатынын ойластыруы тиіс.Ақша қозғалысы. Кәсіпкерге жаңа бизнестің кірісі мен шығысын, теңгерімін болжау сияқты қаржылық құжаттарды жасау қиынға түседі. Дегенмен, ақшаның қозғалысын елестетіп көру қажет.Тәуекелдер. Кәсіпкер бизнеспен бірге туындайтын: инфляция, несиелер, клиенттердің ақы төлеуден бас тартуы, төтенше жағдайларға байланысты немесе серіктесіңіз тарапынан алданып қалу сынды барлық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Бұл тәуекелдерге дайын болуға және туындаған жағдайда еңсере білу үшін қажет.
