- •80 Сұрақ. Көпжасушалыларға (Metazoa) тән белгілер. Көпжасушалылықтың пайда болуы туралы негізгі жорамалдар
- •81 Сұрақ. Spongia типі. Ұйымдасудың жасушалық деңгейі. Табиғи биосүзгілер ретінде губкалардың маңызы және экологиясы
- •82 Сұрақ. Coelenterata типі. Ішекқуыстылардың ұлпалық ұйымдасу деңгейі
- •83 Сұрақ. Plathelminthes типі. Морфологиясы, тән ерекшеліктері. Паразиттік жалпақ құрттардың тіршілік циклдары
- •84 Сұрақ. Nemathelminthes типі. Паразиттік және еркін тіршілік ететін түрлері. Типтің ұйымдасу ерекшеліктері
- •85 Сұрақ. Annelida типі.Дененің гомономды бөлшектенуі және екінші дене қуысы(целом). Буылтық құрттардың ұйымдасу ерекшеліктері
- •86 Сұрақ. Моллюскалардың морфологиясы. Моллюскаларды қолдан өсіруді дамыту және кәсіптік пайдалану
- •88 Сұрақ. Arthropoda типі. Буынаяқтылардың морфофизиологиялық ерекшеліктері. Буынаяқтылардың систематикасы
- •89 Сұрақ. Echinodermata типі – екінші ауызды жануарлар, морфологиясы, систематикасы
- •90 Сұрақ. Chordata типі. Хордалыларға тән белгілер. Хордалылардың негізгі кластарының қысқаша сипаттамасы
89 Сұрақ. Echinodermata типі – екінші ауызды жануарлар, морфологиясы, систематикасы
Тікентерілілер (лат. Echinodermata) типіне тек қана теңізде тіршілік ететін жануарлар жатады: теңіз жұлдыздар, теңіз кірпісі, теңіз лалагүлі, голотурилер сол сияқты ертеректе өліп біткен кейбір топтары. Сонымен бірге тікентерілілер өзіндік ерекшелігі жөне бейімделгіш қасиеті бар жануарлар тобы. Тікентерілілер коне жануарлар тобы, Кембрий уақытынан бері тіршілік етіп келеді жөне откен геологиялық кезеңдерде жануарлардың саны да өте коп болған. Қазіргі тікентерілілердің озіндік ерекшелігі дене қуысы бар жогары сатыдағы дамыған, сәулелі симметриялы. Олар ірі болып келеді, ғылымға 6000-ға жуық түрлері белгілі, теңіз түбіне бекініп және еркін қозғалып тіршілік ететін жануарлар. Олардың денесіңде радиалды жөне көбінесе бес сөулелі симмегрия болады, бірақ олардың ата- тектерінде билатералды (қос жақтаулы) симметрия да болған. Ерекше эволюциялық даму бағытының нәтижесінде тікентерілілерде қатты жабынды, инелері, улы бездері болған және регенераңиялық қабілеті (дененің жойылған бөлімінің қайтадан қалпына келуі) жақсы дамыған. Бұл қасиетгер теңіз бен мұхиттың түбінде жүрғенде жауларынан қорғануға немесе шабуыл жасауына мүмкіндік береді. Барлық алғашқы ауыздылардан айырмашылығы тері жабындысы бір қабатты эктодермалық эпителиядан және оның туындысынан (кутикула) тұрады. Барлық тікентерілілерде тері екі қабаттан тұрады: бірінші қабаты эпидермистен жөне соның астында жатқан мезодермадан туындаған, Сиііз деп аталатын терінің дөнекер болып тұрған ұлпа қабатынан тұрады. Осы жағынан қарағанда тікентерілілердің жабындысы хордалы жануарлардың жабындысының қүрылысына үқсас болып келеді. Қаңқасының өзіндік ерекшелігі бар ішкі тері қаңқасы болады. Тері асты дәнекер қабатында тікенектері мен инелері дене сыртьша шығып түратын ізбесті (әк) тақталардан қүралған қаңқа дамиды.
Нерв жүйесі радиалды қүрылысгы. Жүтқыншақ маңайыңцағы нерв сақинасынан дененің сәуле санына қарай радиалды нерв жүйесі тарайды.
Сезім мүшелері нашар дамыған. Теңіз жүлдыздарында қарапайым көздер сәуленің ұшында, ал теңіз кірпілерінде денесінің үсгіңгі жағында орналасқан. Сол сияқты басқа да сезім мүшелері бар.
Ас қорыту жүйесі ауыздан басталады. Аузы, қысқа өңеш арқылы үлкен қатпарлы қапшық төрізді қарьшмен байланысады. Қарын қысқа және тар артқы ішекке айналады. Артқы ішек қылаулатқыш жағынан ашылып аналь тесігімен жалғасады. Ас ортаңғы ішек бөлетін ферменттермен және фағоциттер арқылы қорытылады. Тікентерілілерде қоректенудің өздеріне тән негізгі төрт типі бар. Олар жануарлармен қоректенетін — зоофагтар. Бүларға нағыз жыртқыштар — жүлдыздар жатады. Олар моллюскалармен, аз қозғалатын омыртқасыздармен қоректенеді.
Өсімдіктермен қоректенетін — фитофаггар теңіз кірпілері балдырларды жартас қыртысынан қырып жейді. Үшіншілері органикалық бөлшектер мен су түбінде болатын ұсақ организмдермен қоректенетіндері- детриофагтар. Олар голотурилер мен офиуралар. Төртіншілері қорегіне судың терең қабатынан төмен түсетін "дождь трупов" үсақ организмдермен жөне кейбір планктондарды үстап қоректенетін — сестонофагтар. Бүл жолмен барлық теңіз лалагүлдері, бүтақсәулелі офиуралар және бүтаққармалауышты голотурилер қоректенеді. Қан айналу жүйесі бар. Ол кәдімгі екі сақиналы қан жолдарынан тұрады, оның біреуі ауыздың айналасында, ал екіншісі радиальды қан жолдарында. Олардың саны дененің сэулелеріне сәйкес келеді.
