- •80 Сұрақ. Көпжасушалыларға (Metazoa) тән белгілер. Көпжасушалылықтың пайда болуы туралы негізгі жорамалдар
- •81 Сұрақ. Spongia типі. Ұйымдасудың жасушалық деңгейі. Табиғи биосүзгілер ретінде губкалардың маңызы және экологиясы
- •82 Сұрақ. Coelenterata типі. Ішекқуыстылардың ұлпалық ұйымдасу деңгейі
- •83 Сұрақ. Plathelminthes типі. Морфологиясы, тән ерекшеліктері. Паразиттік жалпақ құрттардың тіршілік циклдары
- •84 Сұрақ. Nemathelminthes типі. Паразиттік және еркін тіршілік ететін түрлері. Типтің ұйымдасу ерекшеліктері
- •85 Сұрақ. Annelida типі.Дененің гомономды бөлшектенуі және екінші дене қуысы(целом). Буылтық құрттардың ұйымдасу ерекшеліктері
- •86 Сұрақ. Моллюскалардың морфологиясы. Моллюскаларды қолдан өсіруді дамыту және кәсіптік пайдалану
- •88 Сұрақ. Arthropoda типі. Буынаяқтылардың морфофизиологиялық ерекшеліктері. Буынаяқтылардың систематикасы
- •89 Сұрақ. Echinodermata типі – екінші ауызды жануарлар, морфологиясы, систематикасы
- •90 Сұрақ. Chordata типі. Хордалыларға тән белгілер. Хордалылардың негізгі кластарының қысқаша сипаттамасы
80 Сұрақ. Көпжасушалыларға (Metazoa) тән белгілер. Көпжасушалылықтың пайда болуы туралы негізгі жорамалдар
Көпклеткалылар бірклеткалылардан
шыққан. Біршама қарапайымдылардың әр топтарында көпклеткалы құрылысы
жасауға бейімділіктері байқалады.
Э.Геккель көпклеткалылардың шығу тегі туралы гастрея теориясын ашты.
Геккельдің айтуынша, клеткалардың арғы ата-тегі шар тәрізді қауымды
қарапайымдылар болып табылады.
Келесі теорияны И.И.Мечников ұсынған. Төменгі сатыдағы
көпклеткалылардың онтогенезін қарастырып, олардың энтодермасы ойыстанып
енбей, жеке клеткалардың бластула қуысы – бластоцельге енуі арқылы
жасалған, яғни ол жеке клеткалар алдымен борпылдақ, онан кейін тығыз ішкі
қабат түзген. Геккель сияқты Мечников та көпклеткалылардың қауымды
талшықтылардан дамыған деген. Клеткалардың ішкі қабатын Мечников
фагоцитобласт деп, ал филогенетикалық кезеңді «фагоцителла» деп атаған.
Қарапайымдылар қауымының көпклеткалы дараға, яғни бір-бірімен
физиологиялық нашар байланысқан талшықтылар клеткаларының бірігіп –
қарапайымдыларға қарағанда жоғарырақ деңгейдегі организмдерге айналу
заңдылықтарын А.А.Захваткин анықтаған.
Эволюция процесінде жеке қарапайымдылар тұтасымен көпклеткалы
жәндітерге ауысқан деген гипотеза бар. Бұл пікірді югославия зоологы Иован
Хаджи қолдайды. Оның ойынша көпклеткалылар көп ядролы инфузориялардан
шыққан.
81 Сұрақ. Spongia типі. Ұйымдасудың жасушалық деңгейі. Табиғи биосүзгілер ретінде губкалардың маңызы және экологиясы
Губкалар(Spongіa немесе Porіfera) – омыртқасыздардың бір типі. Олардың теңіз түбіне немесе су түбіндегі заттарға бекініп қозғалмай тіршілік ететін 5000-нан астам түрі белгілі (1 түрі – Каспий т-нде кездеседі). Губкалар 3 класқа бөлінеді: ізбесті губкалар (Calcarea), шынылы губкалар (Hyalospongіa) және кәдімгі губкалар (Demospongіa). Губкалардың дене пішіні шар, бокал, цилиндр тәрізді, 5 – 10 мм-ден 2 м-ге дейін, кейде дене одан да биік шоғырлар (колониялар) түзеді. Ақ, сары, қоңыр, жасыл түсті болады. Оның су түбіндегі заттарға бекитін табаны, бүйір қабырғалары және жоғ. жағында тесігі болады. Губкалардың денесі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты (эктодермалық қабат) –эпителий клеткаларынан, ішкі қабаты (энтодермалық қабат) – талшықты-жағалық немесе хоаноцит клеткаларынан тұрады, аралық қабат – кілегей тәрізді мезоглеялық (құрылымсыз, қоймалжың) қабатта әр түрлі клеткалар (колленцит, склеробласт, спонгиобласт, амебоцит, археоцит, т.б.) болады. Хоаноцит клеткаларының орналасуына байланысты Губкаларды: аскон, сикон және лейкон деп үш типке бөледі. Ішкі қабатының клеткалары талшықтармен қапталған. Талшықты клеткалар қоректік заттарды қармап, қорытып отырады. Губкаларбактериялармен, қарапайымдылармен, балдырлармен қоректенеді. Қорытылмаған сұйық заттар ас қорыту вакуольдері – хоаноциттер мен амебоциттерден каналдар арқылы атриалды қуысқа түседі де, оскулум тесігі арқылы шығарылады. Губкалар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ішкі және сыртқы бүршіктену арқылы жүреді. Ішкі бүршіктену – бадягада (тұщы су губкасы) кездеседі. Ішкі бүршіктер (геммулалар) Губкалар өлгеннен кейін түсіп қалады да, жаңа шоғырлардың бастамасын салады. Көпшілік түрі – гермафродитті. Гаметалар мезоглея қабатында дамиды. Губкалардың қаңқасынан дене жуатын ысқылауыш дайындайды. Тұщы су Губкалары (мыс., бадяга) кептіріліп, ұнтақталған күйде медицинада ревматизмді емдеуге пайдаланылады. Шынылы Губкалардан сәндік бұйымдар жасалынады. Губкалардың қазба қалдықтары протерозой шөгінді жыныстарынан табылған. Губкалардың басым көпшілігі әлемдік мұхиттың тропиктік және субтропиктік аймақтарында кең тараған, аз ғана түрлері тұщы суларда кездеседі. Олар жағалаудан бастап, теңіздегі 500 м-ге дейінгі аралықта жиі кездеседі, тек шынылы губкалардың қаңқасы өте нәзік болғандықтан, олар теңіздің 7000 м-ге дейін терендігінде мекендейді.
Губкалар көп жағдайда таза суларда, тасты, топырақты жерлерде өмір сүреді, себебі лайлы су қоймаларындағы өте ұсақ шөгінді тұнбалар олардың саңылауларын бітеп тастап, өмір сүруіне кедергі жасайды. денесін субстраттан биік көтеріп тұрады.
Губкалар — күшті биофильтраторлар. Олар суды денесі арқылы көп сүзетіндіктен оны механикалық және органикалык ластанудан сақтайды. Мысалы, үзындығы 7 см-лі ізбесті губка Leuconia aspera бір тәулікте денесінен 22,5 л суды сүзіп өткізеді және тазалайды.
Губкалар басқа организмдермен селбесіп кейде қауымдасып та тіршілік етеді.
Кейбір көпқылтанды буылтық құрттар, шаянтәрізділер, жылан-құйрықтылар (тікентерілілер) губкаларды жауынан жасырынатын баспана ретінде пайдаланады, ал өз кезегінде губкалар да крабтардың, бауыраяқты моллюскалардың бақалшағына қоныстанып тіршілік етеді.
Губкалардың тәжірибелік маңызы онша үлкен емес. Туалетті немесе грек губкасының (Spongia officinalis) спонгинді қаңқасын техникалық мақсатта — өнеркәсіпте және медицина саласытнда — қан ағысын тоқтататын тампон ретінде, бұғақ (зоб) ауруын емдеуде қолданылады.
Туалетті губкалар көбінесе Жерорта, Қызыл және Кариб теңіздерінде, Үнді мұхитының Австралия жағалауларында кездеседі.
Шынылы губкаларды (Euplectella туысы) сәнді бұйымдар, сувенирлер жасау үшін пайдаланады. Оларды Жапония жағалауларында аулайды.
Тұщы су бадягасының (Spongillidae тұқымдасы) қаңқасын ревматизм ауруын емдеуге, сонымен қатар косметика ретінде пайдаланады. Кептірілген бадяганың қаңкасымен денені ысқанда, қан айналымы жақсарып, ем жүре бастайды.
Губкалардьвд жағымсыз ащы иісті заттары болғандықтан, олармен қоректенетін жануарлар да аз.
Классификациясы. Губкалардың систематикасы қаңкасының құрылысы мен қүрамына негізделген. Губкалар типі үш класкд бөлінеді: ізбесті — Calcarea немесе Calcispongia, шынылы — Hyalospongia және кәдімгі губкалар — Demospongia.
