Бұқар жыраудың «Тілек» атты толғауы
Мен кейде қазақтың бұрынғы қарияларының білімі ХХІ ғасырдағы біздің оқыған-тоқығанымыздан артық па деп қаламын. Әрине, бұрынғылардың заманына барып-келген ешкім жоқ. Дегемен өз басым бұрынғылар бізден мықты деп ойлаймын. Бір ғана Абай қарияның өзінің білімі қандай болғандығын қазіргілер тамсана айтатын болдық. Құнанбай қажының баласы қазақтың дініне де, тіліне де, әдет-ғұрпы мен өмір салтына да қатысты керемет ойлар айтқан дейміз. Ғұламаның сол ойларын түсінсек жақсы, меніңше біз оны да жөнді ұқпай жүрміз. Негізі менің айтпағым бұл емес еді, әйтеуір сөз реті келген соң бір шолып өткен түрім ғой. ХХІ ғасырдың мендей қазағын таңқалдырған «мықты» өзге жан. Енді сол туралы айтып берейін. Қаламды қару етіп, журналистикалық қызметте жүрген соң ба, жоқ әлде ішкі жан-дүниемнің қалауы сол ма, қазақтың әдебиетіне тәуір қызығатын әдет бар менде. Әдебиет болғанда қазақтың ауыз әдебиеті, от ауызды, орақ тілді жыраулар мен шешендердің айтқандары қатты қызықтыратыны бар. Бірде Бұқар жыраудың «Тілек» атты толғауын оқыдым. Оны бұрын да талай оқысам да, соңғы оқығанымда ойланып көрейінші дедім. Өйткені, Бұқар қарияның айтқандарының ішінде маған түсініксіздеу біраз ұғымдар бар сияқты көрінді. Жыраудың он бір тілегі былай еді:
«Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер, шұғыл, пасық, залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске,
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың
Күнінде біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа таяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз
Он бармағы қыналы
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы судай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа»
Қазақ тілін тәуір білемін дейтіндер үшін бұл жырда түсінбейтін ештеңе жоқ тәрізді. Бірақ бірде, қазақ пәлсапасын зерттеп жүрген Омар Жәлелұлы деген ағамызбен әңгіме-дүкен құрып отырғанда ғалым тосын пікір айтты. Елең ете қалдым. Сөйтсем, өз басым жақсы түсіндім деген Бұқар жыраудың тілегінде де терең ойлар жатыр екен. Біріншісі, жыраудың бірінші тілегіндегі «жазбасқа» деген ұғымда жатыр. Негізі қазір де «не жаздым мен саған», «жазығым не?» деп келетін тіркестерді талай естіп жүрміз. Пенденің пендеге деген сүйіспеншілігнен басқа тақырып таппайтын талай ақындарымыз бен сазгерлеріміз бұл тіркестерге қатысты біраз ән шығарғанын да білеміз. Бір сөзбен айтқанда бұл ұғым қазақтың қазіргі тілінде әлі жүр. Бәріміз «жазу» ұғымының мәнін түсінетіндей көрінеміз. Сөйтсек, шын мәнінде «жазу» ұғымының бірінші мағынасы тікелей қалам мен қарындашқа қатысты болса, екінші мағынасы «күнәлі болу» дегенді білдіреді екен. Бұрынғы қазақтардың дінді жақсы түсінгендігі сонша, «жазу» ұғымына қатысты терең ойлар қалдырса керек. Қазақтың тілінде «жазмыштан озмыш жоқ», «Алланың жазғанын көреміз» дейтін ұғымдар әлі бар. Жазмыштың тағдыр екендігін қазақ жақсы біледі. Ал, осы «жазу», «жазмыш» ұғымдарының астарында Алла тағаланың «кәлам» сипаты бар» дейді Омар Жәлелұлы. Мұны Абай да айтыпты, 38 қара сөзінде Құнанбай қажының баласы «…Сіз «Әмәнту биллаһи кәмаһуә би әсмайһи уасифатиһи» дедіңіз. Ол есім Аллалар һәмма ол Алла тағаланың фиғыл ғазимләрінің аттары, олардың мағынасын біл һәм сегіз сифат затиялары не деген сөз, кәміл үйрен. Өзіңді оның құлы біліп, өзіңе муслим ат қойып, тәслим болғаныңа раст боласың да. Өз пиғылдарыңды соған өз халіңше ұқсатуды шарт қыл. Алла тағалаға ұқсай алам ба деп, надандықпен ол сөзден жиіркенбе, ұқсамақ – дәл бірдейлік дағуасыменен емес, соның соңында болмақ. Оның үшін Алла тағаланың сипаттары: Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәмиғ, Ирада, Кәлам, Тәкин. Бұл сегізінен Алла тағаладағыдай кәмәлат-ғазамат бірлән болмаса да, пендесінде де әрбірінен өз халінше бар қылып жаратыпты…» депті. Әрине, Абай Жаратушы иеміздің сегіз заттық, яғни, өзіне лайықты сипатын айтыпты. Хаят– өмір, тіршілік, Құдірет–күш, Басар–түсіну, білу, қабылдау,Сәмиғ–естуші, тыңдаушы, Ирада–тілек, мақсат, қалау, Кәлем–сөз, тіл, Тәкин–тудыру, жасау, бар қылу деген мағыналар беретінін зерттеушілер айтып жүр. Ал, Бұқар жырау солардың біреуіне ғана қатысты айтса керек. Жырау «адам баласы ең алдымен Алланың алдында күнәһар болып қалудан сақтансын» дегенді меңзейді. Япыр-ау дейміз, орыстар қазақтың өзіндік танымын да отарлаған екен ғой. «Қазақта дін болмаған» деп, «указной молда» атанған миссионер молдалар арқылы «қазақ мұсылман емес, өйткені мешіттерің жоқ» деп біздің сананы біраз өзгертіпті ғой. ХҮІІІ ғасырдың өзінде қазақтың жыраулары осындай терең ұғымды айтқан болса, Бұқардың бұл тілегін түсінген сол кездің қазағының иманы қандай болды екен дейміз. Жалаңаш барып жауға тиген, ата жауы қалмақты аттан түсірген қазақты батыр еткен бәлкім иманы шығар. Бұл енді бөлек әңгіме. Ал, біз Бұқар жыраудың осы тілегіндегі екінші мәселеге оралайық.
Қалқаман баласы Бұқар қария.
«екінші тілек тілеңіз,
Ер, шұғыл, пасық, залымның,
Тіліне еріп азбасқа»-дейді.
Пасық пен залым дегенді түсінемін, мынау «ер» дегені, «шұғыл» дегені не деп ойладым. «Ердің» сөзіне неге еруге болмайды деп қоямын ғой баяғы. Жақсы ұғым ғой бұл деймін. Ал, «шұғыл» дегенге қалай еруге болады деймін тағы да. Біз үшін «шұғыл» сөзі жедел, тез арада, жылдам деген мағынаны беретіндей көрінеді емес пе?! Түсініксіз дүние. . Содан не керек, осы мәселе жайлы әңгіме арасында Омар Жәлелұлынан тағы сұрадым. Омар «ертеректе «ер» деген ұғымның бірнеше мағынасы болыпты, соның бірі «пенде» дегенді білдіреді екен» дейді. Міне, түсінікті Бұқар жырау қазаққа «пендешілікке ерме» деген екен-ау деп топшыладық. Ал, «шұғыл» сөзіне келсек оның да айрықша мағынасы бар екен. В.Ф. Гиргась деген ресейлік ғалымның 1881 жылы Қазанда басылған, кейін 2006 жылы қайта жарық көрген «Арабско-русский словарь к Корану и хадису» деген сөздігінде «шұғыл» сөзінің мағынасы «ол оны алаңдатты, алаңдатушы істер» дегенді білдіретіндігі жазылыпты. Яғни, «щұғыл» деген дүниенің ісі» дейді менімен сұхбаттасқан зерттеуші. Расында да біз дүниелік істерге қатты алаңдап кететін кездеріміз аз емес. Біреу «жүр, жұма намазына барайық» десе немесе «Құран әліппесін үйренейік, үйге кел» десе «ойбай, шұғыл шаруам бар» деп тұра қашуға даяр тұрамыз. Бірақ, «жүр бильярд ойнап қайтайық» десе, іштей «күйіп бара жатқан ештеңе жоқ, бір демалып қайтайыншы» деп ойлаймыз да, тартып отыратын кездеріміз мол болады. Демек, Бұқар жырау екінші тілегінде «пасықтың, залымның, пенделердің тіліне ерме, Аллаға құлшылыққа бастайтын жолдан алаңдатып тұратын дүниелік істерге ерме» депті ғой деген ой түйдік. Дана жырау «жүретін жолың пайғамбардың жолы, оқитын кітабың Құран болсын, сыйынарың тек Алла болсын деген шығар» дедік. Оның үстіне Омар ағамыз «шұғыл» ұғымы Абайда да бар» деді. Кітапқа қарай жүгірдім. Сөйтсем, Абай
«Жалын мен оттан жаралып…» деп басталатын өлеңінің соңында
«Қулық пен құбылдан,
Жалықсаң, жақсы жансыңдар.
Түзелмесе шұғылдан,
Арсылдар да қалшылдар.
Несі өмір,
Несі жұрт?
Өңшең қырт,
Бас қаңғырт!»-депті. Осыны оқыған соң, бұрынғылардың айтқанын ұқпай жүрміз деген тұжырымға келдім. Әйтпесе, қазақ дүниелік істерден гөрі Аллаға жағатын, ақыретке пайдалы еңбекке ұмтылар едік. Айтпақшы, Мәшһүр Жүсіп «дүниеде жетпіс жеті тіл бар. Олардың ең асылы–араб тілі. Өйткені, Құран араб тілінде түскен. Одан кейінгі асыл тіл–қазақтың тілі. Ғылым да, дін де, әулиелік те қазақтың тілінде тұр. Шіркін, біздің замандастарымыз осы тілді білсе ғой» деген екен. Мәшһүрдің заманында бұқара қазақ тілінің шын қуатын сезіне алмаса, тілді білмеген болса, қазіргі жағдай қандай болды дей беріңіз. «Түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан ізде» дейді ғой қазақ. Бәлкім, Бұқар, Үмбетей мен Ақтамберділер, Шал ақындар, тіпті Абайдың айтқандарын ұқпай жүргеніміз де Мәшһүр Жүсіп айтқан мәселеге барып тірелтін шығар. Бұқар жыраудың бір толғауының өзінен біраз дүниеннің қыр-сырына көз жеткізгендей болдым. Бір- екі ұғымнан, қазақтың бұрынғы ұғымдарынан осындай терең мән таптым. Хандық дәуірдің қазақтары дінге берік болғандығын, иманды болғандығын осы ұғымдар көрсетіп тұрғандай. Тағы бір айтар жай, үшінші тілектегі «үшкілсіз көйлек» деген кебінді білдіреді екен. Үшінші тілек, жасың жетпей, маңдайың сәждеге бір рет те болса тимей жатып, тәубеңе келмей бақиға аттанудан сақтасын дегенді ұқтырып тұр ма дедім. Бабалардың таным-түсінігі осындай екен. Менің ұққаным осы.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.
Мақсаты[өңдеу]
Shannon - Jungle Tales.jpg
Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.[1]
Құрылымы[өңдеу]
Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.
Түрлері[өңдеу]
Plate 17 of Tanglewood Tales (1921).png
Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:
1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;
Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.
Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.
Қалыптасу тарихы[өңдеу]
Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні – алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әр түрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлардың көптеген белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бітімін мүлде жоғалтып, толық ертегіге айналған. Солардың бірі – миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен.
Миф – алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың тотемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаhармандар туралы, олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жұрт кәміл сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап, бірте-бірте «қасиетті» сипатынан айрылған, құпия болудан қалған. Осының нәтижесінде мифке сенушілік те әлсіреген, ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер басқа сипат қабылдаған, тіпті мифті айтушы бара-бара өз жанынан да қосатын болған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипаттан айырылған. Мифтің себеп-салдарлық белгісі жоғалған. Бірте-бірте мифтің бұрынғы масштабы тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді. Сөйтіп, миф хикаяға, содан соң ертегіге айналады. Ертегінің тағы бір тамыры – алғашқы рулық қауым адамдарының аңшылық әңгімелері мен хикаялары. Алғашында шын болған оқиғалар негізінде айтылған әңгімелер бірте-бірте ел арасына тараған сайын қоспалармен толықтырылып, хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Осындай аңшы мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызған небір ғаламат мақұлықтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, албасты, жалмауыз кемпір, т.б.) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп, хикая туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретіні де сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф, әсіресе, хикая өзінше жеке айтылып, елге жайылады.
Қазақ ертегілерінің қалыптасуы[өңдеу]
Stamp of Kazakhstan 239.jpg
Қазақ халқы прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Жалпы ертегілердің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алшақ кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған. Ал көркем фольклорлық жанр болып қалыптасқан классик. Қазақ ертегілерінің жиналуы мен жарияланып, зерттелуі 18 ғ-дың 2-жартысында басталды. Алғашқы жүз жылда, негізінен, Қазақстанға Ресейден келген адамдардың кейбірі қазақ жұртының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы туралы деректер жинап, солардың қатарында фольклор жайында жалпылама мәліметтер жариялап жүрді. Ертегілердің көбірек жиналып, жарық көрген тұсы – 19 ғ-дың 2-жартысы. Бұл кезеңде қазақ ертегілерін ғыл. мақсатта жариялаған жинақтар да болды. Әсіресе, В.В. Радлов, И.Н.Березин, Ы.Алтынсарин, Г.Н.Потанин, А.В.Васильев, А.Е.Алекторов, Ә.Диваев жинақтарында ертегілердің көптеген мәтіндері жарық көріп, олар туралы азды-көпті ғыл. пікір айтылды. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғыл. түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғыл. айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А.Н.Веселовскийлердің кең масштабты ғыл.- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «[[Дала уәлаятының
газеті]]нде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш.Ш.Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев,Ә.Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы 20 ғ-да кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40–50-жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамедовтің, М.О.Әуезовтің, С.Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Е.С.Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс 20 ғ-дың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғыл. негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В.Сидельниковтың, М.Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 ж. басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы – Әуезов). Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н.С.Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы – Е.Костюхин). ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С.А.Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е.Д.Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972–1973 ж. баспадан шықты. 1979 ж. хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы – Қасқабасов). Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды.
Өлең
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Өлең құрылысы[өңдеу]
Өлең құрылысы – өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең-жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
1) Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.
2) Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
3) Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
4) Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Өлең құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады; қысқышы Қазақ өлеңдерінің құрылысы.
Өлең өлшемі[өңдеу]
Өлең өлшемі – біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлең өлшемі қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді. Мысалы, алты буынды тармақта екі бунақ болады (3 буын + 3 буын). Поэзияда орныққан өлең өлшемдері ауызекі тілде күнделікті айтылатын сөзге тән ырғақтың ең жеңіл, ықшам түрлерін саралап, екшеп, соларды бір жүйеге түсіру негізінде жасалған. Қазақ поэзиясында аралас буынды өлең өлшемдері де жиі қолданылады. Абайдың “Сегіз аяғы” осындай үлгімен жазылған. Мұнда 5 және 7 – 8 буынды тармақтар белгілі ретпен кезектесіп отырады. Өлең өлшемі сөздердің тек сыртқы өрнегі ғана емес, ол ойдың өрістеуі, сөздердің мағыналық өзара байланысына, қиюласуына орайлас келеді.
Өлең ұйқасы[өңдеу]
Өлең ұйқасы – тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, өлең сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп кездесетіні – қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб) және “Сегіз аяқтың” ұйқасы (аабввбгг).
Мысалдар[өңдеу]
""Егіз ұйқас""
Сені ойлаумен барлық күнім, барлық түнім өтеді (а) (өтеді)
Өте қатты жақсы көрем шын сүйемін мен сені (а) (мен сені)
Сендей қызды ешқашан да өмірімде көрмедім (в) (көрмедім)
Бұл өмірде сендей сұлу бар екенің білмедім (в) (білмедім) (Сағындық Қуандық)
""Шалыс ұйқас""
Шаң шығармас жол дағы, (а) ( жол дағы)
Сілкіне алмас жапырақ. (в) (жапырақ)
Тыншығарсың сен дағы, (а) (сен дағы)
Сабыр қылсаң азырақ. (в) (азырақ) (Абай)
""Ақсақ ұйқас""
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп, (а) (әсемдетіп)
Қоздырып делебені дәсерлетіп. (а) (дәсерлетіп)
Шырқатып, шығандатып, шалықтатып, (в) (шалықтатып)
Шапшытып, шүмектетіп, нөсерлетіп. (а) ( нөсерлетіп) (Әсет)
Өлең ырғағы
Өлең ырғағы – өлеңдегі белгілі ырғақты үлгі-өрнекті қолданудан туатын өлшемділік. Ол алдымен өлеңнің жеке жолдарға, яғни мөлшерлі тармақтарға бөлінуіне байланысты болады. Өлең тармақтарының көлемі әдетте тұрақты. Мысалы, қазақ поэзиясында тармақ көбіне 6, 7 – 8, 11 буынды болып келеді. Әр тармақтың ішкі құрылысы, өрнегі. Айталық, 7 буынды өлең 2 бунақтан (4 буын + 3 буын), ал 11 буынды өлең 3 бунақтан тұрады (3 + 4 + 3 немесе 4 + 3 + 4 буындар). Тармақтар көбіне белгілі мөлшерде топтасып, тұрақты шумақ өрнегін жасайды. 4 тармақты шумақ қай елдің поэзиясында болсын ең жиі қолданылатын үлгі, сондай-ақ 2, 6 тармақты, т.б. шумақтар да кездеседі. Шумақ көлемінде тармақтар әр түрлі тәртіппен өзара ұйқасады, ұйқас бірнеше тармақтың соңындағы сәйкес буындардың дыбыс үйлестігінен туады. Өлең ырғағы өлшемділіктен туса да, жеке сөйлемдердің интонациялық-синтаксистік құрылысының сан алуан болуына орай, өлең сөздің нақтылы айтылуындағы ырғақ-үні үнемі құбылып, өзгеріп отырады. Өлең ырғағын байыту үшін сөзде бай мазмұн-мағына болуы керек, сонда интонация, дауыс толқыны түрленіп, жанданады, сөздің ырғақтылық-әуезділігі арта түседі.
Сөз өнері дамыған сайын қазақ өлеңінің құрылысы шыңдалып, кемелденіп, жаңа өлшем-өрнектермен толысып, байып келеді. Қазақ поэзиясының ырғақтық-интонациялық байлығын молынан игеріп, өлең өрнектерін байытып, дамытуға зор үлес қосқан Абай ақын болды. Ол жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан көп тараған белгілі өлшем-өрнектерді керек жерінде өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан да соншалықты зор өнегелі іс атқарды. Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлең өрнектерінің ішінде “Сегіз аяқ” пен “Сен мені не етесің?” атты өлеңдері бар. Қазақ ақындары өлеңнің ырғақтық-интонациялық мүмкіншіліктерін толығымен ашу, өлең сөзді сөйлеу интонациясына тән ерекшеліктермен байыта түсу ісіне ат салысып келеді. Әсіресе, соңғы кезде поэзияда ерікті өлең түрі қолданыс тапқан, мұндай өлеңдерде белгілі бір өлшем берік сақталмағанмен, қалыпты ырғақтық өрнектер еркін қолданылады. Қазақ өлеңінің құрылымын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, І.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдар зерттеді.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”
Еңбектері
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заманда негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапарының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауидің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бірсыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожамен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған жұртты аралайды. Осындай екінші сапарына Мәшһүр Жүсіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты туындылары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырларының 30-40 шақтысы топталған.
Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Бозторғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі болдық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жинағынан ала отырып, олардың бәрін қолжазбаның әр жеріне шашыратпай, бір жеріне ғана топтастыра орналастырған. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.
Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша туралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар Желкілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кездеспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.
Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа айтысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Сақау ақыны мен Қаракесек қызы Тоғжан айтысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шөже айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақыны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман-Түбек айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Орманшы- Сақау ақын айтысы”, “Қуандық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.
Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыстың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт –Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыстанбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жанақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” айтысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғжан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дерегімен де бірге берген.
Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қамбар Жанақ, Найман Сабырбай, Найман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Балта, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға түсірген.
Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б.
Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін түгел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қысқартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмайтындығы, диалектілік ерекшеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жөніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығарманы кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім.
Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жырлардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жырларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; мақал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы, т.б. нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді жинағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақты жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көптеген ғалым-фольклоршылардың шарты.
Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым білімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді.
Бұлардан басқа қолжазбаларда мынадай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пайғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сарыарқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған сары бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Шанышқылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгімелері”, күлдіргі сөздер, “Қаракесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қалалары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жасында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет билер хақында, жыл басы туралы, Орманшы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған.
Қолжазбадағы кейбір материалдардың жазылған жылдары да көрсетілген. Мәселен, “Төбет ішіндегі Жанкелді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, “Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар.
Жалпы ауыз әдебиеті мен фольклорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі – экспедициялық әдіс екені белгілі. Бұл экспедиция сапарларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалымдар көптеген ауыз әдебиетін жинайтын тілшілер мен өз елінің мәдениеті мен фольклорына жанашыр көзқараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фольклорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды.
Жинаушылықтың осы формасын “экспедициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ғалымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйенбеген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете меңгергендігі, бір жағынан, оның жинаушылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрынбауын негіздесе, оның жинау жұмыстарының тез қарқынды жүруіне де, фольклорлық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті.
В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фольклорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір халықтың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі келсе, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыздарына зейін салатыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың түсінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мәдениетін, т.б. түсінеді. Мәшһүр Жүсіп болса, халыққа сол кезеңде “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ауқымды жұмыстар атқарған. Сонымен жинаушылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізілгендіктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айналған Асан қайғы мен Жиренше шешен тәрізді бабалар дәуірі ме, қайсысында кейінгілер тағылым аларлық қаншалық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қызықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұдан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік концепциясы оның демократиялық, ағартушылық көзқарасынан туындағанын көреміз.
Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ сипаттарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, батыс мәдениетін, қазақ тілін жетік меңгерумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі және ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласын көп аралауы нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз замандастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдарды шолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады.
Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.
Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылы шығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасап отыратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тіліндегі сөздер фонетикасы тарихын жасауда да елеулі рөл атқаратынын дәйектеуге болады.
Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз.
Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғы айтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып отырған зерттеушілік еңбегін көрсетеді.
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар.
Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы;
Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі;
Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері.
Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгілерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демократиялық көзқарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фольклорды өзгертуге, түзетуге жатпайтын асыл мұра деп білген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шартын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған.
Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бірнеше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шөмекейге қараның ханы болғанын тілге тиек еткен.
Мұндай мысалдар ақын қолжазбасында көптеп кездеседі. Екіншіден, фольклорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сондықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағдайын, қалай тарағанын анықтап отырған. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың баласы Алтай деген жігіттің Піспекбайдың жылқысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығармай аман алып шығуы баяндалады. Жылқышының таза көңіліне, адалдығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жоғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады.
Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарайтындығы баяндалады. Міне, көріп отырғанымыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады.
Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Автор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топшылауларын да бірге беруге тырысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинаушылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фольклорды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге болады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс болғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жалпы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, даналығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бастысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, татулығы, ынтымақтығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жеткендігі айтылады.
Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филологиялық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклордың ел арасында ерекше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастерлейтінін барынша айқын көрсетуге тырысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық арасында ең алдымен ақын-жазушы ретінде танылғанын ескерсек, онда оның фольклорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл байлығының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есепті бағалағаны анық.
Мәселен, ел аузындағы “Жиренше шешен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төркінін білемін деп ізлегендіктен қалыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ханының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі боласың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгімесінің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фольклор үлгілерін көбінесе тарихи адамдар есімдерімен ұштастырған. Фольклор үлгілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, айнасы екендігіне көңіл бөлгені байқалады.
Жинаушылықтың бесінші ұстанымы – Мәшһүр Жүсіп фольклорды этнографиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халықтардың шығу тегіне, рулық құрамына, қоныс аударуына, қалыптасуына, тіпті олардың тұрмыс-тіршілігіне, қоршаған табиғи ортасына, киетін киімдері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәселен, “Бұл қазақ қай уақыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтылғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шыққандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрынғы заманда қазақтың Жүз деген де аталарының аты болса керек. “Жүз” деген атты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қылысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген.
ИМАН
Исламның бес парызы біреуі – иман,
Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.
Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,
Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған.
"Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың..."
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.
Әдеби сын – әдеби шығарманың бір түрі.
Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол – бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын – оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.
Маркстік-лениндік принциптерін дамыту, орнықтыру барысында субьективтік сынмен де, нормативтік, яғни бір қалыптан шықпайтын догматикалық сынмен де күресуге тура келді. Совет әдеби сынының қалыптасу барысында көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсінбеген, оның қоғамдық, өзгертімпаздық сипатын танымаған, шығармашылық бостандықтың сырын ұқпаған, түр мен мазмұнның арасындағы диалектік байланыстың құпиясына көз салмаған сектанттықты, «әдебиет автономиялығын» уағыздаған, «өнер – өнер үшін» немесе «өнер – саясаттың құлы» деген теорияларға сүйеген дарындар мен топтардың бәріне қарсы күрес жүргізуге тура келді. Совет әдебиеті адамзаттың көркемдік дамуындағы жаңа бір қадамы болып, ең революцияшыл, ең оздық әдебиетке айналды.
Шет елдегі қазақ әдебиетінің өкілдері
Қытай қазақтарының әдебиеті
Әдебиет деген алып байтеректің сандаған бұлақтардан құралатыны даусыз. Олай болса қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы ұғымды Қазақстан көлемімен ғана шектесек сыңар жақты көзқарас болар еді. Қазақ әдебиеті әлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып, тамыр тартты. Әсіресе, екі милионға жуық қандастарымыз қоныстанған қытай елінде де біздің әдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, әрі қазақ әдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы сақталған алып әдеби орта екені ақиқат. Ал, біз кейде сондай әдебиетімізбен мәдениетіміздің мәйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. Жақында ғана Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романын оқып отырып ойларымыздың шындығына онан ары көз жеткіземіз. Осы орайда қытайда болған күндерімде жазушы Шәміс Құмарұлы ағамызбен сәті түсіп сыр бөліскен едім. Сөзіміздің дәлелі де мәйегі сол сұхбатымыз болсын.
- Шәміс аға, сіз қытай қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген жазушының бірісіз, әрі осы салада көп жылдан бері басшылық міндетін арқалап келесіз. Сол қытай қазақ әдебиетінің жалпы жайы, бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы туралы не айтасыз? - Қытай қазақтарының жазба әдебиетінің тарихы тым ұзақ емес. Қытай топырағында туған жазушылардан тұңғыш шығармасы басылым көрген Ақыт Үлімжіұлы екен. Біз әйгілі ақын Ақыт Ұлімжіұлының 1891 жылы қазан баспасынан жеке кітап болып шыққан тұңғыш кітабы “Жыйһаншаны” Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің тұңғыш кітабы деп есептесек, жазба әдебиетіміздің тарихы әрең 115 жыл болады. Қытай зерттеуші мамандар қытай әдебиетін төмендегідей бірнеше дәуірге бөледі. 1840 жылдан 1919 жылға дейінгі әдебиетті қазіргі заман әдебиеті 1949 жылдан кейінгі әдебиетті осы заман әдебиеті деп айырады. Осы тұрғыдан алғанда Ақыт Ұлімжіұлы ғана қытай жақынғы заман қазақ адебиетінің уәкілі болады. өйткені оның “Жиыһаншадан” басқа трөіт кітабы түгел 1919 жылдан бұрын қазан баспасынан шыққан. Сол арқылы Ақыт бүкіл қоғамға өте кең танылған. Сонау ХІХ ғасырда, оқу-ағартуы төтенше мешеу, баспа сөз орны мұлде жоқ, қараңғы өңірде қолына қалам алып шетел баспаларынан кітап шығару оңай жұмыс емс. Қатынасы қолайсыз өте шеткері Өралтай өңірі жөнінен алғанда тіпті де қиын еді. Ақыт Ұлімжіұлының халықты оқу - ағартуға, ғылым, білім үйренуге үндеген шығармалары өте көп. Әсіресе ахылақ мұралға, адалдыққа үндеген өлеңлдері сонау 30-40 ж.ж. халықты оятып, мәдениетке жетелеу де орасан қызмет атқарған. Ал, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар Татанайұлы, Дубек Шалғынбаев, Нығымет Мыңжанұлы қатарлы қаламгерлердің алды 1930 жылдардан бастап шығармалар жариялап, қоғамға ақын - жазушы ретінде танылған. Құрманалы Оспанұлы, Қаусылқан Қозыбайұлы, Рахметолла Әпшеұлы, Мағаз Разданұлы қатарлы ақын жазушылардың алғашқы шығармаларының жарық көруі 1949 жылдан бұрын болғанмен саны шағын, дені 1949 жылдың қарсаңында жарияланған екен. Сондықтан бұл жазушыларды да қытай қазіргі заман әдебиетіне өкілдік ететін, қытай қазақ әдебиетінің уакілдері деуімізге болады. Бұл жерде соны анық айтуымызға болады. Соңғы аталған ақын - жазушылардың кесек еңбектері мәдениет зор төңкерісінен кейін жарық көрді. Бұл оларлдың сонау 1949 жылдардағы алғаш әдебиетке атсалысқан дәуірінен айрықша екені анық. Мен олардың алғаш танылған дәуірін негіз еттім. 1949 жылдан 1966 жылға дейін Совет қазақ әдебиеті мен Қытай жаңа дәуір әдебиетінің ықпалында бір буын ақын - жазушылар қосыны қалыптасты. Бұлардың негізгі өкілдері ретінде: Омарғазы Айтанұлы, Күнгей Мұқажанұлы, Мақатан Шәріпқанұлы, Ғани Саржанұлы, Құлмұқамет Ахметұлы, Тәліпбай Қабаев, Шәкен Оңалбаев , Задақан Мыңбаев, Мәди Әбдірахманов, Жақып Мырзақанов, Бердібек Құржықаев, Жұмәділ Маман, Батырхан Құсбегин, Шәйсолтан Қызырұлы, Тұрсынәлі Рысқалиев, Жұмабай Біләлұлы, Ғалым Қанапияұлы, Әуелхан Қалиұлы, Райхан Ібінқызы, Ұлықан Солтанқызы қатарлы елуден артық қаламгерді атауға болады. Бұл дәуірде ақын - жазушылар қонысы молайып, бір бөлім көркем туындылар барлыққа келгенімен жәнеде советтер одағынан келген әсіре солшылдық идеялардың шырмауынан аулақ бола алмады. Бұл дәуірдегі шығармалардан таптық күресті жырлаған солшыл, ұраншылдық бастан - аяқ қамтылып отырды. Шындап айтқанда қытай қазақ әдебиеті, қытай әдебиеті мен ұқсас, «мәдениет зор төңкерісі» делінетін әсіре солшыл он жылдық ойран аяқталып, Қытайда реформа жүргізу, есікті ашу саясаты жолға қойылғаннан кейін ғана өзіндік даму жолына түсті. Ақын жазушыларымыз шығармашылықпен алаңсыз шұғылданды. Соның нәтижесінде 1978 жылдан 2000 жылға де йінгі қысқа ғана 22 жыл ішінде жүзге тарта роман, неше жүздеген әңгіме, повестер жинағы, дастан, өлеңдер жинағы жарық көрді. Соны ашық айтуға болады. Қытай қазақ әдебиеті тарихындағы едәуір үздік шығармалар сол дәуірде туды. Бұрынғы қарт қаламгерлердің де белді шығармалары осы дәуірде жарыққа шықты. Тарихта өткен Ақыт, Таңжарық ағаларымыздың да томдары осы дәуірде баспадан шықты. Меніңше 80-90 ж.ж. Қытай қазақ әдебиетінің бір шама гүлденген, өлмес шығармалар туған тамаша дәуірі болды. Қытай қазақ әдебиетінің болашағы туралы кесіп бір нәрсе айта алмаймын. Солайда Қытай қазақ әдебиетінің бүгінгі даму ауқымына шама мөлшер жасауға болады. XXI- ғасыр басталғаннан бері қарай яғни 1999 жылдан кейінгі әдеби шығармалардың жалпы даму деңгейіне көз салғанда, яғни жас қаламгердің тебініне қарағанда, қытай қазақ әдебиетінің болашағы нұрлы деп қараймын. Болашақта халқымызға мақтан боларлық яғни қазақ халқының абыройын асыратын әйгілі шығармалар туылуына тамаша негіз бар.- Қытай осы заман қазақ әдебиетінде бүгінгі өмірді тақырып еткен қандай кесек шығармалар бар? Сіз оларға қандай баға бересіз? - Жоғарыда қытай қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы туралы тоқталып, осы заман әдебиетіндегі кесек шығармалар мене халық жүрегін ұялаған әйгілі шығармалардың барлығы 1978 жылдан кейін ғана дүниеге келгендігін айттым. Бүгінгі өмірді жазған кесек шығармалар негізгі жақтан осы қарсаңда дүниеге келді. Ал, мәдениет төңкерісінің соңғы дәуірінен бері қарайғы өмірді жазған шығармаларды қосқанда саны біразға барады. Бұларға Күнгей Мұқажанұлының “Тайталас” поуэсті, Жұмабай Біләлдің “Жондағы жорықтар” романы, Омарғазы Айтанұлының “Таразы” романы менің “Көз жасы сарқылмайды” романым мен “Жусанды дала” “Тірлік тынысы” қатарлы поэсдтерім, “Ертіс кілкіп ағады” романым, Қайса Түсіпұлының: “Үзілген үміт”, “Тағдыр таразы” романдары, Оразхан Ахметтің: “Көкбелес романы “80-аулада”, “Алыстағы оттар” поэсдтері, Шәйсолтан Қызырұлының “Алтын тау азматтары” романы, және “Шаңырақ” повесті, Жұмәділ Маманның: “Көпірдегі көк жалдар” поэсді, Жеңіс Ырсқанұлының “Тортөбелдің толық емес тарихы”, “Томпақтың қоныс аударуы”, “Бір реткі қонағасы” қатарлы повестері, Қырбақ Нұрғалиұлының “Үкі күлкісі”, “Сорға біткен дос”, “Сынық қанат көгершін” қатарлы поэсттері, Серік Қауымбайұлының “Құйынды қабір” повесті, бұдан басқада повестер бар. әңгімелерде аз емес. Романдардың ішінде Омарғазы Айтанның “Таразы” романы Менің “Қөз жасы сарқылмайды” романым оқырмандардың жақсы аңысын қозғағаны көпшілікке белгілі, менің “Ертіс кілкіп ағады” романым 2006 жылы Қытай тіліне аударылып баспадан шықты. Сыншылыр тисті бағаларын жазды. Повестерден:”Жусанды дала”, “Тор төбелдің толық емес тарихы”, “Үкі күлкісі”, “Құйынды қабір” қатарлы повестер реформа дәуірін бір шама жанды бейнелеген шығармалар деуге болады. Әр жазушы өмірдің әр қырынан, әр түрлі жазу тәсілімен жазып келеді. Әр кімнің шығармашылық іздену жолы әр бөлек. Сондықтан шығарма атаулыны бір өлшемге салып баға беруге келмейді. Қайсы үлгіде, өмірдің қай қырынан жазылған шығарма болсада оның өзіндік артықшылығы әрі кемшілігі болады. Бірінің кемін бірі толықтайды. Сондықтан жазу шеберлігі жетпеген яғни көркемдігі төмен шығарманың да жалпы әдебиетімізге аз болсада қосқан үлесі бар деп қараған дұрыс. Оқырмандардың көңілінен жол тапқан, халықтың аңысын қатты қозғаған әйгілі шығармаларды мен ашалап отырмасамда жұрттың көңілінде сайрап тұрғаны анық, соны анық айтуға болады. Әйгілі шығарма дүниеге келген соң ғана сол шығарманың авторы әйгілі жазушыға айналады. Қытайда 45 тен төменгі қаламгердің бәрін жастар қатарына жатқызады. Осы тұрғыдан алғанда біздің жас ақын - жазушыларымыздың саны аз емес. Әсіресе ұлтымыз жөнінен алғанда, қоғамға шығармашылықпен танылған жас қаламгерлердің саны расында едәуір көп. Мұның бәрін бірден атап отырсақ үлкен бір тізімдік болады. Жалпы сапасы жағынан алғанда, әрине бір келкі емес екені анық, бір келкі деу шындыққа да жанаспайды. Десе де осы жас қаламгерлеріміз ішінде көркемдік деңгейі едәуір биік үздік шығармалармен көзге түсіп жүрген жастарымызды мақтана ауызға алсақ артық болмайды деп ойлаймын. Жақынғы жылдардан бері Тәпей Қайысқанұлы, Қидаш Жұбанышұлы, Білісбек Әбдіразақұлы, Қырбақ Нұрғалиұлы, Балапан Рабатов, Жеңіс Ырысқанұлы, Еркеш Құрманбекқызы, Мағаз Мәлікұлы, Алмагүл Жұмажанқызы, Тұрсынбек Байжұмаұлы, Қасен Әубәкірұлы, Мәдениет Мұқатайұлы, Ерлен Нұрдықанұлы, Серік Сейтқазыұлы қатарлы жас қаламгерлер бұрынғы көне сүрндекті бұзып , өздерінгше ізденіп, өз алдарына жол тауып, шығармашылықта өз даралықтарымен жұрт көңілінен орын алды. Жазушының жазу стилі деген сөз жазушының қалам даралығы ғой, мұны түсінікті тілмен айтсақ, жазушының шығармада пікір көтеру яғни идея табу тәсілі болады. Біз ауызға алып отырған осы бір топ жас ақын-жазушылар өздеріне тән идеч табу тәсілдері бар қаламгерлер десек артық болмайды. Адам баласы көңілге, рухқа сүйеніп жасайды. Бір ұлттың әдебиеті сол ұлттың асқақ рухы. Сондықтан жер бетінде бір ғана адам қалған күнде де сол бір адамның көңіл - күйіне қажет рухани әлем болуы керек. Менің қарауымша жер бетінде адам баласы болады екен, сөзсіз әдебиет те болады. Айтуларға қарағанда адамдардағы ауырудың жүзде тоқсаны адам көңіл - күйінің қалыпсыздығы себебінен болады екен. Бұл адамдардың көңілге сүйеніп жасайтындығының дәлелі. Әдебиеттің өзі адамдардың көңіл - күйінің дәрісі. Егер бір адам өмірде тығырыққа тіреліп, өліп алуды ғана ойлап отырғанда, қолына бір жазушының шығармасы түсіп, осы шығарманы оқығаннан кейін ол, мыныдай блғанда мен ұлмеуім керек дейтін ойға келсе, ал, бір адам біреуге өлердей өшігіп өлтірмей қоймаймын деп жүргенде бір кітап қолына түсіп оқыған соң райынан қайтса бұл шығарма нақты адам көңіл - күйінің баға жетпес емі деуге болады. әдебиетте болашақ жоқ дейтін аңыс, біріншіден, ұлыт мүддесін емес, ақшаны ғана қуған бір бөлім адамдармен, жазудан белгілі өзіндік жол таба алмаған адамдардың қоғамға көтеріп шыққан идеясы болуы мүмкін. өз басым, қоғам дамыған сайын әдебиетте дамиды деп қараймын. Әдебиетте адамның жан дүниесін жазу деген сөз ертеден айтылып келеді. Бұл сайып келгенде жәнеде адамдардың көңіл-күйін жазу деген сөз.
Қазірде Қытайдың Шыңжаң автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында тұратын жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған.
Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
1986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді.
Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
Монголия қазақтарының әдебиеті
Атамекендегі қазақ әдебиетін алып бәйтерекке теңесек, моңғолиядағы қазақ әдебиеті соның бір мәуелі бұтағы болып табылады. Бұл өлкедегі қазақтар арасынан жиналған фольклорлық мұра 5 том кітап боп жарыққа шықты.
Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940)
Ақыт Қажы Үлімжіұлы - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мектеп ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін ұсталып қамалды да, 1940 жылы абақтыда қаза болды.
Ақыт Қажы атамыздың “Жиһанша”, “Ахиретбаян”, “Сәйпілмүлік - Жамал” дастандары Қазан баспасында бірнеше рет жарық көрді. Оның “Абақ керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” сияқты толғау өлеңдері қолжазба түрінде кең тараған. Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. Тауданбек Қабанұлы(1830-1908), Төлебай Бөжекұлы(1858-1924), Мешел Қожекеұлы(1858-1928), Отарбай ақын(1882-1953), Нәжікеш Таңқайұлы(1885-1953), Оңашыбай Ірбітұлы (1892-1953), Бұрқасын Тауданбекқызы (1905-1968) т.с.с. халық ақындарының шығармашылығы арнайы зерттеліп, оқырман қауымға жол тартты. МХР тәуелсіздігінің нығая түсуіне байланысты 1940 жылы Баян- Өлгий қазақ ұлттық аймағы боп жеке құрылды. Бұл оқиға мұндағы қазақтың әлеуметтік-саяси өміріне бетбұрыс әкеп, ұлттық мәдениеттің гүлденуіне негіз болды. 1942 жылы 3-қыркүйекте “Қазақ аумағында жаңа әліпбиді қолдану туралы” қаулы қабылданып, латын әрпі орнына Қазақстанда қолданылып отырған қазақ (кириллица) әліпбиін пайдалану ісі жүзеге асып, ана тілінде алғаш рет “Өркендеу” газеті (қазіргі “Жаңа өмір”) жарыққа шығып, қаламгерлер осы газет төңірегінде топтаса бастады. Тұңғыш мәдени ошақ Ұлттық клуб құрылды.
1955 жылы қазақ қаламгерлері үйірмесі орнап, 1957 жылы жылына 4 мезгіл жарық көретін “Жаңа талап” альманағы (қазіргі “Шұғыла”) шыға бастады. 1948 жылы өткен Моңғолия Жазушылар Одағының съезіне ақын Ақтан Бабиұлы, жазушы Құрманхан Мұқамадиұлы бастаған қаламгерлер қатысты. 1968 жылы 28 желтоқсанда МХРП ОК-нің саяси бюросы арнайы қаулы қабылдап, МХР Жазушылар Одағының қазақ бөлімшесін ресми құрды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің түлеп жаңғыруына, әсіресе жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етіп, олардың қатарынан 20-дан астамы МХР Жазушылар Одағының мүшесі шығып, 70-тей талант иелері аймақтың жазушылар бөлімшесіне мүше болып, 1957-жылдан кейінгі кезеңде ақын-жазушы, драматургтер алды 10, арты бір кітаптан шығарма жазып, барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу, 40-тан астам біріккен жинақ, моңғол тілінде 30 жинақты жарыққа шығарды. Әдебиеттің жаңа мазмұны мен түрі пайда боп әңгіме, повесть, роман, драма, кинодрама, поэма, сатира, фантастика секілді барлық жанрды қаламгер қауым игеруге атсалысты.
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады. І кезең: 1940-1970 жылдар. Бұл жаңа әдебиеттің пайда болып қалыптасу кезеңі. ІІ кезең: 1970 жылдан бүгінге дейінгі уақыт. Бұл жазба әдебиетінің толысу дәуірі.
Ақтан Бабиұлы (1897-1973)
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады.
А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды.
Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды.
Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964)
Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Октябрь тойына”, “Қазақстандық достарға” “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді.
Арғынбай Жұмажанұлы
Арғынбай Жұмажанұлы 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң туған жеріне қайтып оралып, Баян-Өлгей аймағындағы мәдени-ағартушылық істердің тізгінін қолға алып, ел-жұрттың рухани толысуына тегеуірінді ықпал еткен адам.
Арғынбай Жұмажанұлы 1929 жылы Моңғолиядағы қазақ аймағының Тұлбакөл деген жерінде туып, 1994 жылы Қазақстанда, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние салды. Марқұмның құлпытасына өзінің "Қоштасу" деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған:
Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам,
Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам.
Кешір мені туған жер — Моңгол елім,
Пендемін ғой, қаныма тартып барам!
Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан. Монғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Монголия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Моңғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы моңғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украйн, болғар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан. Моңғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған.
Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының алғашқы жинағы “Тақпақтар” деген атпен 1949 жылы Ұланбатырда жарық көрді. Содан кейін “Ертіс жырлары” (1960), “Біздің өлкеде” (1972), “Меңдікөл” (1979) жинақтары оқырманға жетті.
Ақын Даниял Дікейұлының “Жетілген жетім”, “Таң алдында”, “Солдат сөзі”, “Алтай аясында” секілді поэмалары, Имашхан Байбатырұлының “Телқоңыр” (1967), “Аққу әні” (1970) секілді жинақтары, Шабдарбай Қатшанұлының “Көрімдік”, “Шығыстағы алау”, “Майлы жер” поэмалары, Дайын Қалаубайұлының “Жас дәурен”, “Гүлсім” сияқты жинақтары поэзияның аяқ алысын байқатқан айтулы туындылар. Аға буын қаламгерлер Ж.Байыт, И.Жәбенұлы, Қ.Кәп, М.Егеухан, А.Қауия, І.Яки, орта буын өкілдері Ж.Кәкей, Ш.Зуқай, Р.Шынай, І.Кеңес, Қ.Тойлыбай, Қ.Бодаухан, О.Солдатхан, Ж.Қуанған, М.Зүлкафил, Б.Мұрат, Ә.Дәулетхан, Р.Зұрғанбайұлы секілді ақындардың туындылары өлең өнерінің биік үлгіде дамуына баспалдақ жасады.
Проза саласына келсек, бұл кенже қалған жанр 1955 жылдан кейін дами бастады. Дәлірек айтқанда, Қ.Мұқамадиұлының бірнеше көркем әңгімелерінен бастау алып, керуен тартты. Қ.Мұқамадиұлының “Алғашқы қадам” (1955) “Жұрт ала ма, жұт ала ма?” көркем эссесі прозаның сәтті жазылған алғашқы үлгілері болды. “Алғашқы қадам” әңгімесінде аймақ өмірінде болған тұңғыш рет адамға хирургиялық операция жасаған тарихи оқиға суреттеледі. Көркем проза Махфуз Құлыбекұлының “Мұралық”, “Көк лақтың құпиясы” әңгімелері, “Қызыл қайың хикаясы” повесі арқылы жалғасын тапты. Жазушы Шерияздан Нығышұлының “Күдірлі керуен” повесі қазақ және моңғол тілінде жарық көрді. Ақын Алақанұлының “Менің анам”, “Егіншінің баласы”, “Ананың ақ тілегі” секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді.
1970-1985 жылдары Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің оншақты роман, көптеген повесть, әңгімелері жарық көрді. Алғашқы роман – жазушы Елеусіз Мұқамадиұлының “Қобда қойнауында” шығармасы еді. Одан кейін Шабдарбай Қатшанұлы “Жырақта қалған жылдар”, Мағауия Сұлтанияұлы “Ұрпақ тағдыры”, Ісләм Қабышұлы “Ұрпағың үзілмесін”, Жамлиха Шалұлы “Үлкен үй”, Қауия Арысбайұлы “Жиекте”, Сейітхан Әбілқасымұлы “Қара боран”, Сұлтан Тәуекейұлы “Мұнар таулар” романдарын жазды. Бұл әдебиеттің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі болды.
1940 жылы аймақтық Ұлттық клубтың шымылдығы Ақтан Бабиұлының “Ермалай” пьесасымен ашылып, бұл туынды драма жанрының алғашқы қарлығашы болды. Оның“Жамал” (1941), “Еріншек пен екпінді әйел” (1942), “Қалқаман-Мамыр”, “Ақайша” секілді драмалық туындылары өлкедегі театр өнерінің қалыптасып дамуына септігін тигізді.
Жазушы, драматург Құрманхан Мұқамадиұлы буыны енді беки бастаған драма өнерін зор белеске көтерді. Мәскеуден білім алып,л әлем классиктерінің шығармаларымен терең сусындаған ол осы салаға тың серпін берді.Оның “Кезең үстінде” (1955), “Қарға қарғаның көзін шоқымайды” (1957), “Жасыл дөң” (1959), “Тұлбакөл шайқасы” (1962) секілді драмалық шығармалары күрмеуі мол күрделі жанрды игеруге соны соқпақ болды.
Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының “Талаптылар мен табынушылар” пьесасы 1956 сахнаға жол тартты. Оның “Ертіс шындығы”, “Сандуғаш” секілді пьесалары бар. “Моңғолкино” студия түсірген “Шайқас алдында”, “Домбыра әуені” фильмдерінің сценарииін жазды. Жазушы Ж.Баят, ақын Қ.Шабдарбайлар да осы жанрға үлесін қосып, ақын И.Байбатырұлы “Керім-Торым” либреттосын жазды.
Көркем аударма саласы да қарқынды дамып, Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары түгелдей дерлік моңғол тіліне аударылды. Атап айтар болсақ, А.Құнанбайұлы, Ж.Жабаев, М.Әуезов М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, І.Есенберлин, Ж.Молдағалиев, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин т.с.с. көптеген қаламгерлердің белгілі туындылары моңғол тіліне тәржімаланды. Бұл іске аударма шеберлері Ж.Шалұлы, О.Қаһар, И.Қабышұлы, Т.Сұлтан, Ж.Қамайұлы өз үлесін қосты.
Әсіресе М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан бастап қазақстандық атақты қалам қайраткерлерінің туындыларын аударуға өмірін арнаған ақын-жазушы Жамлиха Шалұлы мен А.Құнанбайұлы, М.Өтемісұлының шығармаларының толық жинағын моңғол тілінде сөйлеткен ақын, аудармашы Жүкел Қамайұлының еңбегін ерекше атауға тиіспіз. Сонымен бірге моңғолдың көне фольклорлық мұралары мен классикалық әдеби шығармалары қазақ тіліне молынан аударылды. Бұл іске Қ.Мұқамадиұлы, М.Сұлтанияұлы, Б.Құрманханұлы, Қ.Жұмаханұлы секілді көптеген қаламгерлер үлес қосты.
Әдеби сын, зерттеу саласында ф.ғ. докторы Қабидаш Қалиасқарұлы, ф.ғ.кандидаты Қуанған Жұмаханұлы, ф.ғ.кандидаты Есенгүл Кәпқызы секілді ғалымдар қажырлы еңбек етті.
Соңғы буынға келсек, Қазақстан тәуелсіздігінен кейін Рысбек Зұрғанбайұлы, Жүкел Қамайұлы, Сұраған Рахметұлы, Бақытбек Бәмішұлы, Абай Мауқараұлы, Есенгүл Кәпқызы, Дәулеткерей Кәпұлы, Жандос Бәделұлы, Бақытгүл Баймолдақызы секілді ақын-жазушылардың көбі тарихи отанына оралып, әдебиет саласында еңбек етіп отыр.
Түйіндеп айтқанда, моңғолиядағы қазақ әдебиеті қазақ пен моңғол халықтарының рухани бай қазынасынан тең сусындап, мазмұны байып, жанрларының барлық түрі дамып, ұлт әдебиетінің алып дариясына құятын мөлдір бұлаққа айналып отыр.[1][2]
6 том - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы.
«Қазақ әдебиеті тарихының» алтыншы кітабы ХХ ғасырдың басындағы әдеби даму заңдылықтарының басты ерекшеліктерін саралап көрсетуге, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың мұраларын талдап зерделеуге арналды.
Сонымен, он томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» төртінші - бесінші, алтыншы кітаптары тұтас бір дәуірдегі әдеби процестің ішкі-сыртқы заңдылықтарын сарлап көрсетеді де социалистік реализм әдебиеті алдындағы көркемсөз шежіресін қамтиды.
Бұл белесті кезең де әдебиеттің өз уақытына сай жедел дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны барынша бай әдебиет болуымен ерекшеленеді. Әр жылдарда оның тарихи-теориялық мәселелері де жан-жақты байсалды зерттеліп отырды. Академиялық зерттеу еңбектерінің ішінде 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үштомдығының тұтас бір кітабы осы ХХ ғасыр әдебиетінің тарихына арналған еді. Осы кезеңнің әдеби талдаулары өткен ғасырдың өзінде көрінекті әдебиетшілердің жарыққа шығарған жинақтарында жарияланды. М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаев, Р. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, М. Қаратаев, М. Жармұхамбет, т.б. әдебиет зерттеушілердің еңбектерінде талданды. ХХ ғасырдың басындағы көркем шығармалар да қазіргі заманғы зақ әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырды, әрі олар ХХ ғасырдың бастауында тұрып әдебиеттің одан әрі дамуына жол ашқан еді.
Ғалымдар мен әдебиетшілер осы кезеңдегі әдебиет тарихына арналған еңбектерін әр жылдарда жариялап жұртшылық назарына ұсынып отырды. Бұл орайда С. Сейфуллиннің, «Қазақ әдебиеті» (1932 ж.), С. Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932 ж.), т.б. еңбектер өз мәнін жоғалтқан жоқ. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық көптомдық зерттеу еңбегі әдебиет тарихын, оның ішінде ХХ ғасыр әдебиетінің шығармаларын зерттеудегі межелі бір белес болса, одан кейінгі кезеңдерде де ХХ ғасыр әдебиеті жайында белгілі ғалымдардың, қаламгерлердің зерттеу еңбектері мен көзқарастары түрлі деңгейде жарияланып отырды.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін оның алдындағы Алаш ұранды әдебиет, ұлттық-демократтық бағыттағы өзге де туындылар мен жазушылар еңбектеріне көзқарас өзгерді. Біртіндеп қуғын-сүргін науқанына ұшырап, ұзақ жылдар бойы қапаста қалды.
ХХ ғасырдың басындағы әдебиет тынысын зерделеуге арналған бесінші томда бұрынғы зерттеу жұмыстарына да методологиялық тұрғыдан назар аудара отырып, көптеген әдеби мұралар жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында рухани дүниенің жаңғыруына, әдебиетті жаңа ұлттық таным өресінен тануға ұмтылыс басымдықпен жүргені аян. Сол мақсатта көптеген бұрыннан мағлұм шығармалар мен авторлардың дүниетаным тұжырымдары тарихи шындыққа сәйкес талданды. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ қоғамының тарихы арасындағы жанды байланысқа баса назар аударылып, содан туындайтын көркемдік шындық пен тарихи шындықтың аражігіне жете көңіл бөлінді. Жаңа реалистік, демократтық-ағартушылық әдебиет пен дәстүрлі әдебиеттің өзара үндестігі мен көркемдік-эстетикалық бағыттарының аражігі ескеріліп сөз болды. Ұлттық әдебиетті жедел дамытқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин тұлғалары мен әдебиеттегі мәртебелі жаңашылдық қызметіне арнайы назар аударылды. Сол арқылы Алаш ұранды кезеңнің көркемдік шындығы зерделенді. Ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда да қанат жайды. Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХХ ғасырдан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. Қазақ әдебиеті тарихының алтыншы томы осындай басты-басты сипаттарымен ерекшеленеді.
Алтыншы томды әзірлеуге әдебиеттанудың көрінекті мамандары қатысты. Осы дәуір заңдылықтары туралы терең із қалдырған ірі зерттеушілердің көзқарастары мен еңбектері де ұжымдық зерттеу ісінде өзіндік орнын тапты. Көптеген ақындардың шығармалары мен өмірбаян деректері туралы қысқа тұжырымды шолу дәйектері ұсынылды. Он бес көрінекті ақынға арнайы монографиялық портреттер (сымбаттамалар) әзірленді. Алтыншы томның алығсөзін, кіріспесін («ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті») филология ғылымдарының докторы, профессор, зерттеу жобасының жетекшісі А.Қ. Егеубаев жазды. Жалпы шолу бөлімінде ұсынылған 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы тұсындағы әдебиет, Абайдың ақындық мектебі, Алаш ардагерлері, басылымдар мен кітаптар, әдеби байланыстар туралы тараулар мен жекелеген ақындар шығармашылығы туралы тармақтарды, ақындардың өмірбаяны мен шығармашылық қызметі жөніндегі деректемелерді ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Нұрғали, филология ғылымдарының докторы, профессор М. Жармұхамедұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов, филология ғылымдарының докторы, профессор Д. Қамзабекұлы, филология ғылымдарының кандидаты С. Сүтжанов, филология ғылымдарының кандидаты, доцент С. Қорабай, филология ғылымдарының кандидаттары: Т. Әлбеков, Қ. Раев, кіші ғылыми қызметкерлер Ж. Керімбек пен А. Сейітова әзірледі.
Монографиялық тарауларға ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор С. Қирабаев («Сұлтанмахмұт Торайғыров», «Спандияр Көбеев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ысмағұлов («Ахмет Байтұрсынов», «Міржақып Дулатов»), филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Мәшһүр Жүсіп («Мәшһүр Жүсіп Көпееев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Әбдіғазиев («Шәкерім Құдайбердіұлы», «Нарманбет Орманбетұлы»), филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Кәкішев, филология ғылымдарының кандидаты С. Жұмағұл, («Сәбит Дөнентаев»), филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Тебегенов (Тайыр Жомартбаев), филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ө. Әбдіманұлы («Бернияз Күлеев»), филология ғылымдарының докторы С. Бәйменше («Жиенғали Тілепбергенов»), филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ. Ергөбек («Мұхаметжан Сералин»), филология ғылымдарының кандидаты Қ. Сыдиқов («Ғұмар Қараш» ) зерттеулері қосылды.
7 том - ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы.
"Қазақ әдебиеті тарихының" 7-томы кеңестік дәуірдің 20-30 (1917-1940) жылдарын қамтиды.
Кітаптың зәрулігі бұл кезеңдегі сан алуан тарихи-әдеби аласапырандар мен әдеби құбылыстардың көркемдік ерекшеліктерін, бұған дейін біржақты түсіндіріліп келген шығармашылық лаборатория сипаттарын жаңа деңгейде айқындау қажеттігінен туындайды.
Еліміздің егемендік алуы өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, ұлтымыздың әрқилы тарих асуларында ұтқаны мен ұтылғанын, жеткені мен жете алмаған тұстарын кең ашып, тәуелсіздік жолындағы күрес идеясының заңды жолын көрсетуді талап ететіні даусыз. Халықпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен әдебиетіміздің тарихы да осы талғаммен қайта қарауды қажет етеді. Бұл тақырыпта бұрын жазылған еңбектер ("Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі". 1949, 1958. "Қазақ әдебиетінің тарихы", 3-том, 1967.) қоғамдық орта қысымынан бүкіл әдеби процесті толық қамти алмады. "Алашордашыл" деген жазушылар (А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев) есімдері мен еңбектері аталмады. Кеңес әдебиеті өзінің алдындағы дәстүрлерден үзіліп зерттелді. Кей шығармаларға тақырыптық жағынан баға беріліп, көркемдік ізденістері ашылмады. Әдебиет партиялық принциптің шылауында болды. Енді осыларды қайта қарау қажеттігі туды.
Зерттеудің жаңалығы, міне, осы айтылған мәселелердің жаңаша пайымдалуында, соны концепциялар ұсынуында, көптеген ақын-жазушыларымыздың туындыларына әділ баға берілуінде, бұрын бүркемеленіп келген шындықтың бұған дейінгі әдебиетке қарағанда әлдеқайда толымды да тұтас көрінуінде, шығармашылықты бұрынғыдай кеңестік идеологияға бейімделгеніне қарап емес, көркемдіктің мәңгі талаптарына қандай деңгейде жауап бере алғандығына қарай бағалау принципін басшылыкқа алынуында. Осы талаптардың барлығы да "Қазақстан-2030" және "Мәдени мұра" атты мемлекет бағдарламасына толық үйлеседі.
Кітаптың құрылымы "20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті", "Поэзия", " Проза", " Драматургия", "Әдеби сын" атты шолу тараулармен бірге "Жүсіпбек Аймауытов", " Мағжан Жұмабаев", "Сәкен Сейфуллин", " Ілияс Жансүгіров", " Бейімбет Майлин", "Жамбыл Жабаев", "Нүрпейіс Байғанин", "Иса Байзақов" сынды ақын-жазушылардың шығармашылық портретінен тұрады. Сондай-ақ, тыңғылықты жасалған "Әдеби өмір шежіресі" мен "20-30 жылдардағы казақ әдебиетінің қысқаша библиографиялық көрсеткіші" де осы кітаптың құнды тарауларының бірі.
Кіріспеде сол кездегі әдеби процеске ықпал еткен жағдайлар, 1917 жылғы ақпан, қазан төңкерістеріне қазақ жазушыларының көзқарасы, әдебиетті партия жолына түсірудің әрекеттері мен жазушылар ұйымдарын құру кезіндегі таластар, әдебиет кадрларының іріктелуі, отызыншы жылдары өткен жазушылар съездері мен партиялық принциптің жеңісі т.б. мәселелер қаралған.
Поэзияға арналған тарауда 20-жылдардағы әдеби бағыттың екі жүйесін белгілеген С.Сейфуллин мен М.Жұмабаев және халық ақындары шығармалары, олардың өмірді тану мен бейнелеу принциптері, көркемдік табыстары мен заман қайшылығынан туған олқылықгары сөз болады. Отызыншы жылдардағы поэзияның социалистік реализмнің шектелуіне ұшырап, заман үні болуға тырысуына бүгінгі күн түрғысынан баға беріледі. Мұнда көркемдік дәстүр, көркемдік таным мен талғам, эстетикалық қабылдауға катысты мәселелер тыңғылықты зерттелген. М.Жұмабаевтың "Батыр Баян", С.Сейфуллиннің "Көкшетау", С.Мұқановтың "Сұлушаш", І.Жансүгіровтің "Күйші", "Құлагер", И.Байзақовтың "Құралай сұлу" т.б. поэмалардың мазмұны, образдардың көркемдік әлемі, ақындық ізденістердің ерекшеліктері айтылады.
20-30 жылдардағы проза жанрының жедел өркендеу жағдайлары С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Мұқанов т.б. жазушылардың алғашқы прозалық шығармалары негізінде қаралған. Отызыншы жылдардағы роман жазуға деген талаптың молдығы, әр саладағы ізденістер, олардың тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктері сараланған. С.Сейфуллиннің "Тар жол тайғақ кешу", Ж.Аймауытовтың "Қартқожа", "Ақбілек", С.Мұқановтың "Адасқандар", "Жұмбақ жалау" ("Ботакөз") романдарындағы ізденістер мен көркемдік ерекшеліктер жөнінде тың тұжырымдар жасалған.
XX ғасырдың басында оқыған қазақ жастарының қатысуымен ұйымдастырылған ойын-сауық кештері сахналық өнердің дамуы мен драмалық шығармалардың тууына түрткі болғаны жақсы айтылған. Төңкеріс жылдары алғашқы пьесаларымен көрінген Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Сейфуллиндер осы жанрдың негізін салғаны, реалистік драма үлгілері жасалғаны анықталып, сол тұстағы ойын-сауық кештерінде қойылған пьесалар толық қамтылған. Олардың ішінде Ж.Аймауытовтың "Рабиға", "Мансапқорлар", "Қанапия-Шәрбану", М.Әуезовті "Еңлік-Кебек", "Бәйбіше-тоқал", "Қаракөз", С.Сейфуллиннің "Бақыт жолына", "Қызыл сүңқарлар", Б.Майлиннің "Шаншар молда", "Ел мектебі", "Неке қияр", "Көзілдірік", Ж.Шаниннің "Арқалық батыр", Қ.Кемеңгеровтің "Алтын сақина", Ж.Тілепбергеновтің "Перизат-Рамазан" пьесаларының орны атап көрсетілген. Қазақ театр өнерінің дамуымен байланысты туған алғашқы драмалық шығармалардың тарихи маңызы мен көркемдік сапасына көңіл бөлінген. Сондай-ақ, М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек", "Айман-Шолпан", Ғ.Мүсіреповтің "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" т.б. театр сахналарында қойылған драмалық шығармалар жөнінде кең сөз болады. Драматургия саласындағы басқа да жазушылардың шығармалары, әр саладағы ізденістері талданған.
Әдеби сынның үлгілері, жаңа дәуірде әдебиеттің қандай бағытта дамуы қажеттігі жайлы таластар, С.Сейфуллин, М.Жұмабаев, М.Әуезов шығармаларын бағалаудағы әр қилы пікірлер, социалистік реализм әдісін түсінудің жолдары, мәдени мұра және оны бағалаудағы қайшылықты ұғымдар, алғашқы зерттеулер т.б. мәселелер өз бағасын алған. Осы кезеңде жарық көрген А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш", М.Әуезовтің "Әдебиет тарихы", Х.Досмұхамедовтің "Қазақ халық әдебиеті" (орыс тілінде), С.Сейфуллиннің "Қазақ әдебиеті", С.Мұқановтың "XX ғасырдағы қазақ әдебиеті" және Қ.Жұмалиевтің "Әдебиет теориясы", Е.Ысмайыловтың "Әдебиет теориясының мәселелері" т.б. зерттеулері қамтылған.
Монографиялық тарауларға ортақ сипаттар - сол кезең шындығын кең қамтитын материалдардың молдығы, оның нақты талдануы, қазіргі талаптарға әсер еткен факторлардың дұрыс айқындалуы. Әрбір ақын-жазушының шығармашылық ерекшеліктері мен әр түрлі жанрдағы ізденістері көркем шығарманы талдау негізінде олардың ұлт әдебиеті тарихынан алатын орнын айқындайды.
Ұжымдық зерттеуді жасауға қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері қатысқан.
8 том - ХХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы.
"Қазақ әдебиеті тарихының" 8-томы кеңес дәуірінің екінші кезеңіне арналған. Онда ХХ ғасырдың 40-50 жылдарындағы әдебиет дамуының жолдары талданады. Сонымен бірге аталған кезеңдегі әдеби процесте жетекші рөл атқарған ақын-жазушылардың (М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мүстафин, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ғ.Орманов, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин) шығармашылық жолына баға беріледі. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір күрделі кезеңі саналған бұл дәуірдегі әдеби ағымдар мен туындыларды жаңаша бағалауға ұмтылыс жасалды. Томға сол дәуірдегі әдеби өмір шежіресі мен библиографиялық көрсеткіш берілді.
Кітап әдебиет зерттеушілеріне, жоғарғы оқу орындары студенттеріне, ізденушілер мен аспиранттарға арналған.
9 том - ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы.
"Қазақ әдебиеті тарихының" 9-томы кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті дамуының үшінші кезеңін (1956-1980) қамтиды. Бұл кітап 7,8-томдарда қарастырылған әдеби қозғалысты ғылыми жинақтаудың жалғасы болып табылады. Кеңес әдебиеті дамуының бұл кезеңі алдыңғы дәуірлерге қарағанда бірсыпыра өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Осы дәуір әдебиетінің басты ерекшелігі - жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы. Жаңа туындылардың көбеюі, әдеби процестің ұлғаюы негізінде әдеби сын мен әдебиеттану ғылымы да қарқынды дамыды. Әдебиет жанрларының барлық түрі тең дамып, олардың тұрақты кадрлары қалыптасты. Жаңаша күшпен толыққан ұлт әдебиетінде талантты топ өкілдері өз шығармашылығымен әдебиетті байытты.
Зерттеуде одақ және дүниежүзі көлемінде мойындалған ұлт әдебиетінің көркемдік эстетикалық табыстары, оның өз дәуірімен байланысы кең қарастырылған. Еркіндік, бостандықты аңсаған ұлт әдебиетінің халықтық сипатына көңіл аударылады. Осы талаптардың барлығы да "Қазақстан - 2030" және "Мәдени мұра" атты мемлекеттік бағдарламалармен толық үндеседі.
Кітаптың құрылымы "60-80 жылдардағы қазақ әдебиеті", "Поэзия", "Проза", "Драматургия", "Сын мен әдебиеттану" атты жанрлық шолу тараулармен бірге "І.Есенберлин", "Х.Ерғалиев", "Ж.Молдағалиев", "С.Мауленов", "ТАхтанов", "Ә.Нүрпейісов", "Қ.Мұхамеджанов", "Ғ.Қайырбеков, "С.Жүнісов", "М.Мақатаев" "Қадыр Мырза-Әли", "Т.Молдағалиев", "Ә.Кекілбаев", "М.Мағауин", "Қ.Ысқақов", "Ш.Мұртаза" сынды сол дәуірде үздік табыстарымен көзге түскен ақын-жазушылардың шығармашылық портреттерінен тұрады. Бұл тараулардағы материалдарды осы дәуірдегі "Әдеби байланыстар", "Қытай және Монғолия қазақтарының әдебиеті", "Орыс тілді қазақ әдебиеті" сынды тараулар толықтырады. "60-80 жылдардағы әдеби өмір шежіресі", "60-80 жылдардағы қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші" де кітаптың мазмұнын көтере түседі.
Кіріспеде 60-80 жылдардағы әдеби процестің даму тенденциясы әдебиеттің көрнекті туындылары негізінде көрсетілген. Қазақ әдебиеті тарихының даму жолдарының ерекшеліктері, әдебиетке жасалған биліктің әр қилы ықпалы, заман мен қоғам, адам арасындағы байланыс сабақтастырыла қаралған.
Поэзия жанрына арналған тарау өз ішінен лирика, поэма болып екіге бөлініп зерттелді. Лириканың заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда ұшқарылық танытқаны, көркемдік деңгейі жағынан жаңа сапаға көтерілгендігі зерттеуде жете айтылды. Эпикалық жанрдың өсу, өркендеу жолы тегіс болмағандығы, оның себеп-салдары да сөз болады. Қазіргі қазақ поэзиясының тарихтағы орны анықталып, ғылыми тұрғыдан баға беріледі. Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Қайырбеков, Т.Жароков, Ж.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Х.Ерғалиев, А.Шамкенов, Т.Әбдірахманова, М.Шаханов, Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова, Қ.Жұмағалиев секілді ақындардың сүбелі поэмалары қазақ поэзиясының табысы ретінде көрсетілді.
Проза жанрының жедел өркендеуі көрнекті жазушылардың шығармаларымен айқындалды. Прозаның өзі өз ішінен әңгіме, повесть, роман (тарихи және осы заман романы) жанрлары бойынша зерттелді. Әңгіме жанрына қомақты үлес қосқан Т.Әлімқұлов, О.Бөкеев, Т.Нұрмағамбетов, Д.Исабеков т.б. жазушылардың шығармалары зерттеу нысанына алынды.
Ғ.Мүсіреповтің "Ұлпан", Ә.Шәріповтің "Партизан қызы", Н.Ғабдуллиннің "Кестелі орамал", Б.Соқпақбаевтың "Қолқабыс", С.Шәймерденовтің "Мезгіл", Т.Әлімқұловтың "Көк қаршыға", Қ.Жұмаділовтің "Көкейкесті", М. Мағауиннің "Қара қыз", Т.Нұрмағамбетовтың "Он төрт жасар жігіт" т.б. жазушылардың шығармаларымен повесть жанрының негізгі белгілері анықталған.
"Осы заман романдары" тарауында қазіргі өмір туралы шығармалар бүгінгі күн тұрғысынан лайықты бағасын алды. Ә.Нұршайықов, Т.Ахтанов, З.ПІашкин, З.Қабдолов, Қ.Жұмаділов, Б.Нұржекеев, Д.Исабеков, Д.Досжановтардың осы заман тақырыбындағы романдарына жіті талдау жасалды. Тарихи романдардың көшбасшысы саналған І.Есенберлиннің "Қаһар" романынан бастап, М.Мағауиннің "Аласапыран", Ә.Әлімжановтың "Жаушы", С.Сматаевтың "Елім-ай", Қ.Жұмаділовтің "Дарабоз" т.б. романдарды зерттеу барысында олардың көркемдік ізденістері жөнінде тың тұжырымдар ұсынылған.
Бұл тұста қазақ драматургиясы дәстүрлі жолын ары қарай
жалғастырып, сол дәуірдің талап-талғамынан туған құнды
шығармаларымен толыққандығы да зерттеуде жете айтылды.
Тарихи тақырыпқа жазылған Ш.Мұртаза, О.Бодықов және бүгінгі
күн өмірінен алынған Т.Ахтанов, С.Жүнісов пьесалары зерттелді.
О.Бөкей, Д.Исабеков, Н.Оразалин, А.Сүлейменов, С.Балғабаевтардың пьесаларында әлеуметтік құбылыстарды зерттеудегі шығармашылық батылдық пен философиялық топшылаулар кездесетіні, оқиға мен тартыс ұйымдастыруда, бейне сомдауда өткенді қайталамайтын, жаңаша, өзгеше бір ізденіс үрдістері байқалатыны да баса айтылған.
Әдеби сын мен әдебиеттанудың мәселелеріне заман талабына сай жаңа пайымдаулар жасалып, тың пікірлер білдірілген. Бұл саладағы ізденістің өнімді болғандығы нақты мысалдармен көрсетілген. Шығармалары әлем тілдеріне аударылып, ұлттық әдебиетке қомақты үлес қосқан ақын-жазушылардың шығармашылық өміріне жеке-жеке тараулар арналды. Әрбір қаламгердің көркемдік ізденістері шығармаларға талдау жасау негізінде айқындалды. Олардың ұлттық мұрамызға қосқан үлесі сарапталып, қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны анықталды.
Ұжымдық зерттеуді жасауға қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері қатысқан.
Махамбет шығармалары
Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тақырлы. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Оның «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері патшаның жергілікті билеуші өкілдері - хан-сұлтандарға қарсы жазылған, олардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ақын өлеңдерін дәстүрлі үлгіге негіздей отырып, түр, мазмұн жағынан байыта, жетілдіре түсті. Махамбеттің лирикалық өлеңдері, көбіне, толғау, жыр, терме үлгісінде жазылды. Исатайға арнаған өлеңдерінде жоқтау сарыны басым. Махамбет шығармашылығы қазақ поэзиясы жанрларының қалыптасуына (сатира, элегия, монолог, арнау, т.б.), стилінің дараланып, поэтикалық тіл құралдарының артуына, философиялық тереңдіктің орнығуына үлес қосты. Халық нақылына құрылған философиялық толғаулары мен жігерге толы ерлік жырлары, жауынгер рухты биік өлеңдері ақын шығармашылығын жоғары деңгейге көтерді. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті («Мұңайма», «Желп-желп еткен ала ту», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Ұл туса», «Толарсақтан саз кешіп»). Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Махамбет жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Махамбет шебер күйші де болған, оның 11 күйі «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрді (1982). Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Қубала, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді
Шернияз Жарылғасұлы (1817, қазіргі Ақтөбе облысы Ойыл ауданы — 1881, қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) — халық ақыны. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836 — 37) қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады. Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды. Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Жалпы Шернияз поэзиясы мазмұндық сипатымен, стильдік айқындығымен, көркемдік бейнелеу нақыштарының шеберлігімен ерекшеленеді. Шернияз өлеңдері үш нұсқасы (Алыш ақын, Мәшїүр Жүсіп, Омарбек нұсқалары) бар. Шығармалары 1925 жылы Мәскеуде, Ташкентте (Қ.Жансүгіров жариялауында) жарық көруінен бастап, әр кездерде шыққан орта мектептерге арналған хрестоматияларда, “18 — 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Айтыс” (1-т., 1965) жинақтарында басылған.[1]
Алмажан Азаматқызы (1823, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Бекетай-Бесқасқа ауылы — өлген жылы белгісіз) — ақын. Әкесі Азамат 1836 — 37 жылдары Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне қатысып, шайқаста қаза тапқан. Алмажан жастайынан өлең шығарып, ақын қыз атанады. Бірақ сақталып қалған шығармасы — “Жетім қыз” дастаны. Дастан әділетсіз әкімдердің жетім-жесірлерге жасаған зорлық-зомбылығы әшкереленеді. “Жетім қыздың” басты кейіпкері — Алмажанның өзі. Оқиға 2-жақтан баяндалады, аракідік қарасөзбен баяндауы бар. Дастанның сюжет желісіне әкесі Азамат қайтыс болғаннан кейін жетім қалған 14 жасар қыз бен 7 жасар ұлға Нарындағы билік иелері тарапынан жасалған зардаптар, Жәңгір ханғаарызданбақшы болғанда көрген қиыншылықтары негіз етіп алынған. Дастанда әділдік іздеп күрескен жетім қыздың өршіл тұлғасы сомдалған.[1]
1916 жылғы көтеріліс туралы жырлар
К.Әзірбаев
Он Алтыншы Жылғы Көтеріліс Туралы Жырлар – дәстүрлі халық поэзиясының жаңа мазмұны бір саласы. 1916 ж. Қазақстан және Орта Азия халықтары және т.б. езілген еңбекші бұқара өздерінің азаматтық, теңдік құқықтарын қорғап, шексіз қанауға, әлеуметтік өзгіге қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Осыған байланысты туған поэзия үлгілері сол кездегі халық өмірінің ерлік шежіресі тәрізді. Онда көтеріліс тұсындағы ел басына төнген ауыр азап пен жұрттың ізгі тілек ой-арманы, оның жарқын болашаққа деген зор сенімі, тап жауларына қарсы күресте ту ұстап, қол бастаған халық ұлдарының ерлік, табандылығы шебер сипатталды. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың айрықша бір түрі – үндеу, үгіт өлеңдері. Бұзаубақ ақынның «Құты қашты патшаның», О.Шипиннің «Аманкелдінің айбаты», К.Әзірбаевтың «Аттан», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», «Құбашаның Әбдірахманға хаты», «Әбдірахманның жауабы», Б.Қожаевтың «Күнді бұлт құрсайды», тәрізді өлең-жырлары үстем тап өкілдерінің жауыздық, екі жүзділік әрекеттерін батыл әшкерелеп, ел-жұртты бірлікке, езуші таптан кек алуға шақырды.
Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» атты толғауы мен Қарсақ ақынның жырларында Маусым жарлығынан кейін ата қоныстан ауып босқын болған елдің ауыр халі, шеккен қорлық, азаптары сипатталса, Баттал, Құсайын, Есқайыр толғаулары мен Сартайдың «Тар заман», Төлеудің «Сарыарқаның сарыны» секілді жырларында жауыхдық пен әділетсіздік билеген кешегі заман жайы, ішкі-тысқы өзгіден күйзелген ел жағдайы сөз болады. Бұл сипат ел аузындағы «Қоштасу», «Жұбату», «Естірту», «Дәметкеннің зары», «Асқардың үй-ішімен қоштасуы» атты лирикалық өлеңдерінен де айқын аңғарылады. Майданнан елге, елден майдан шебіне жазылған сәлемдесу хаттарында («Ақбастың Нұржанға хаты», С.Бегімовтің «Туған елге хаты» және т.б.) жігіттердің туған, өскен елге деген ыстық сезімі, еңбекші бұқараны ашық күреске шақыратын жігерлі үн мен болашаққа деген зор сенімі бар. Майдан өмірін бейнелейтін Б.Берденовтің «Прием», Есқайырдың «Зарлы заман кезінде», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», Ж.Жаңабаевтың «Ұзақ жолға аттандық», Ә.Аманжолов пен Қарамолдаевтың «Еріксіз кетіп елімнен» атты жыр, дастандарында елден аттанған жігіттердің майдан шебіне дейінгі ұзақ сапары мен әр алуан жол азаптары, олардың қайғы-мұңға толы көңіл күйі мен ой-арманы, алдыңғы шептегі сұрапыл соғыстың нақты көріністері жан-жақты суреттелген. Халық өмірін арнаулы тақырып етіп сипаттайтын туындылармен қатар Қ.Бозаевтың «Қарақойын көтерілісі», «Губернатор келгенде» жыр, дастандарында сол қиын сәтте ел бақыты үшін асылып, езілген бұқараны азаттық күреске бастаған Аманкелді, Әліби, Бекболат, Ұзақ, Тайлақ, Иса, Күркебай, Әли, Қырғызбай секілді батыр-қолбасшылардың ерлігі мен жарқын бейнесі жырланды.
Жетісу қазақтарының ерлік күресін бейнелейтін «Бекболат» дастанында ел мен ер трагедиясы жырланды. Батырдың сот алдындағы батыл жауаптарын диалогпен беру арқылы аутор үстем өкілдерінің шектен тыс жауыздықтарын, әділетсіздіктерін ұтымды тәсілмен әшкереледі. Сол дастанның үлгісінде туып, халық батырларының өшпес ерлігін паш ететін К.Әзірбаевтың «Қырғызбай», «Әли батыр», Е.Кандековтың «Әли батыр», К.Сауранбаевтың «Ұзақ батыр», Бекболат Әшекеевтің үндеу-хаты арқылы жазған «Албан көтерілісі» атты көлемді дастаны, Бөлтірік ақынның «Ел жарыла көшкенде» жыры туды. Омар, Сәт, Сүлеймен, Күдері, Досмұқан, Орынбай сияқты Аманкелді сарбаздарының қатарында болып, оқиғаларды өз көзімен көрген ақындар Аманкелді Иманов бастаған Торғай көтерілісі туралы сан алуан жыр, дастандар шығарды. О.Шипиннің «Аманкелді», С.Есенбаевтың «Ер Аманкелді», Н.Ахменбековтың «Аманкелді дастаны» - Аманкелді батырдың ұлт-азаттық көтерілісі мен Азамат соғысы кезіндегі ерлікке толы күрес жолдарын тұтас қамтитын кесек әрі көркем туындылар. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері ең алдымен қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен тап қайшылығын өзекті мәселе етіп жырлап, қазақ әдебиетінде бұрын байқала қоймаған соны мазмұн, жаңа идея ала келді.
Абайдың қара сөздері[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зер салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
Қара сөзде айтылған ой[өңдеу]
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...
Абай Құнанбаев қара сөз кітабының авторы
Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" тағы басқа өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":
"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
Абайды публицист ретінде қарастырған ғалым-зерттеушілер, олар көп емес — саусақпен санарлық қана, негізінен қарасөздеріне тоқталып, солар жөніндегі пікірлері мен пайымдауларын білдірумен шектеледі. Мәселен, тамаша ғалым М.И.Фетисов «Национальное и жанровое своеобразие публицистики Абая Кунанбаева» деген мақаласында әңгімені «Абаю Кунанбаеву и по стилью цикл назидательных рассуждении под общим названием «Гаклия», деп әңгімені бірден қарасөздерден бастайды. Ол Абайдың публицистік сипатын ең алғашқылардың бірі болып ашып көрсетті. Әйткенмен, бұл ғалым Абайдың қоғамдық ой-пікірлерін білдіретін шығармаларына тек қарасөздерін ғана жатқызумен жаңсақтыққа ұрынды деп есептейміз. Аталған зерттеушінің еңбегінде Абай қарасөз жазбаса публицист болмас та еді деген пайымдаулар бой көрсетеді.
Абайды публицист деп ең алғашқылардың бірі болып атап айтқан Х. Бекқожин де өз зерттеуіне қарасөздерді өзек етеді: «Стиль, идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың қара сөздері — нағыз публицистикалық шығарма» дейді ол. Біздіңше, осы пікірлердің барлығы да «Абай –публицист» деген анықтаманың толық дәйектемесі бола алмайтын сияқты.
Абайдың публицистігі туралы әңгіме қозғағанда ел естімеген жаңалық ашуды мақсат етіп отырған жоқпыз.
Өйткені, адамзат ардақтысының публцистік қыры – қазіргі таңда дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Әйкенмен қазақ аудиториясында публицистиканы кемсітетін, оны әдебиеттен көш төмен қоятын теріс көзқарас қалыптасқанын айтуға тиіспіз. Біз «Абай — публицист» деп сипаттама беріп, осы тұрғыдан өз ой-пікірімізді ортаға салар болсақ, кейбір әдебиеттанушы ғалымдарымыз ұлы тұлға өзінің ақындық, ойшылдық тұғырынан түсіп қалатындай көріп, бұл сөзді оның төңірегіне жолатқысы келмейтіні шындық.
«Абай – публицист» деп соқырға таяқ ұстатқандай ашып көрсетпесе де ұлы Мұхтар: «Жалпы қара сөздерден мазмұн, тақырып жағынан өзгешерек тұратын — қырық алтыншы сөз.Ол тарихтық мақала — очерк тәрізді» деген пікірімен, Абайдың публицист болғанын аңғартады. Егерде Әуезов «Абай – публицист» деп астын сызып жазбаса, оның да өзіндік себеп-салдары бар деп ойлаймыз. Оның ең бастысы — публицистика деген атаудың төңірегінде күні бүгінге дейін қызыл-кеңірдек пікір сайысы жүріп, дау-дамай өрбіп» дәл анықтамасы берілмеуінде деп білеміз. Бірақ бір анық нәрсе: қоғам дамуына үн қосып пікір білдіретін дәуір тынысын танытатын шығарма — публицистика. Ал ондай шығармалар Абай мұрасының негізгі бөлігін құрайды.
Мұхтар Абай публицистикасына баса ден қоймауына ақынның өз тұсындағы мерзімдік басылымдармен байланысы жөніндегі деректердің жеткілікті анықталмауы да себеп болуы мүмкін.
Соңғы отыз бес жылдай мерзімде Абайдың публицистік болмысына тоқталып, оның. шығармаларының публицистік сипатын көрсеткен ауыз тұщытатын еңбек дүниеге келген жоқ десек, шындықтан аулақ кетпейтініміз анық. Тіпті Абайдың — публицистігі жайлы әңгіме қозғаған кездің өзінде оның мұрасы тар ауқымда зерттеліп, ой-пікірлер тек қарасөздер жайлы айтылды. Ал біз публицистік сарынды Абайдың.. бүкіл шығармасынан қарастырып, мәселент кең көлемде зерделеген жөн деп есептейміз.
Абай — публицист. Оны публицист еткен өзінің ортасы, Абай дәуірінен көп бұрын басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан сананың мешеулігі, ұлтының талайсыздығы мен ұлтының талапсыздығы еді. Сондықтан да М.Әуезов оның қарасөздері жайлы әңгімелей келіп:
«… Абайдың өз тұсындағы күнделікті өмір шындығына қолма-қол қатынасып, жәрдем етсем деген талабын көрсетеді. Өлеңдік шығармаларында өз заманының шындықтарымен қолма-қол байланысты болып, онны сынау арқылы пайдалы іс етемін деген ақын, жаңағы қарасөзінде сол әлеуметтік, әкімшілік қалпына нақтылап араласқысы келеді» дейді.
Бұл біздің Абай жаратылысынан публицист, оның ақындық құдіреті публицистік болмысынан бастау алады деген ойымызды нақтылай түседі.
Белгілі ғалым Т.Қожакеев: «Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Байлар жүр жиған малын қорғалатып», «Көңілім қайтты достан да» дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Менсінбеуші ем наданды», «Қайғы шығар ілімнен», «Қарашада өмір тұр», «Бойы бұлғаң» деген өлеңдерінде де ел ішінің бұзылуы, ондағы жікшілдік, баққұмарлық, алауыздық, өтірікшілік, өсекшілік, пайда іздеу ұрлық қылу, сұмдық-сұрқиялық істеу сияқты қасиетсіздіктерге қарғыс таңбасы басылған» дейді. Міне, бұлар қоғамға, оның мүшелеріне баға беретін, сын айтатын шығармалар. Олай болса, публицистика дегеніміз осы. Бұл пікірді сәл өзгертіп ұлы Мұхтар да айтқан: «Абай өскенде, ортасынан асқанда осы сияқты тарихтық, қоғамдық қайшылықтарды терең аңғарып танып барып өседі… барлық ақыл ойын мынау ортаны мінеп, шенеп, нәрсіздік, құнсыздығын ашуға жұмсайды». Осыдан кейін Абайдың публицист болмасқа амалы да жоқ еді.
Абай бір-ақ күнде, тек қарасөздерін жаза бастаған сәттен бастап публицист болды деудің қисыны келмейді. Әлемдік өркениеттің қайнаған ортасынан тысқары қалған жартылай көшпелі елдің топырағында кіндік қаны тамған болашақ классиктің көзін тырнап ашқаннан көргені көк бөрідей жұлқысқан, тіршілік үшін жаға жыртысқан айқастар еді. Оны таразылап, терісін-теріс, оңын оң деп обьективті баға беруге Абайдың ақылы тек орыс демократтарын оқығаннан кейін ғана жетті дегеніміз де ағаттық болар. Оның табиғи дарынын үстеуге Мұхаң көрсеткен үш арнаға қоса қоғамдағы әралуан қайшлықтар да белгілі дәрежеде ықпал жасағаны хақ. Ислам әлемінің үлкен қайраткерлерінің бірі Әли ибн Әби Талиб «Мен өзімнің ұзақ өмірімнің барысында адамдардың туған әкелерінен гөрі өздері өмір сүрген заманға көбірек ұқсайтынын жиі байқадым» деп айтуы тегін емес. Сөйтіп Абайға ең алдымен заманы ықпал жасап, публицист етіп өсірді. Оған дәуірдің ызалы, ащы сөзін айтқызды.
М.Әуезов: «… Жаманшылықтың жайын жалтарып айтпай, Добролюбов үгіттеген жол бойынша ызалы шабытпен, тура шабуылмен айту керек деп ұғынады. Сондықтан өз бойындағы ажуа мен сатираға толып келген ызалы, толқынды ойларын Абай мысалсыз –ақ ашық, анық өлеңдерімен шығарады» десе, ол да Абайдың-публицистігін ашық мезгегені.
Бұл арада М. И. Фетисовтың «Абаевские назидательное рассуждения представляют классический образец нациальной публицистической прозы. Закладывая основы казахской демократической литературы, Абай чуткий по всем современным народным запросам, не мог, естественное, миновать и оперативных жанров не мог не использовать их для активного воздействия на сознаниее своих современников, на общественную жизнь в Казахстане» деген пікірін келтіріп жатудаң өзі артық болар. Әңгіме болып отырған оперативті жанрларға тек Абайдың қара сөздері ғана емес, сонымен бірге, уақыт, қоғам тынысын білдіретін өлеңдері де жатады.[1]
Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстология, тарихнама, библиография. Әдебиет теориясы әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны — әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе — жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип — тарихилық. Нәтижесінде — сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек әдебиет теориясын терең білген адам, сол арқылы өз дәуірінің талабы дәрежесінде өзінің эстетик. талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады. Бұл ретте, әдебиет теориясы көркем шығармашылықтың психол-сы мен ерекшеліктеріне қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз. Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, әдебиеттің өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, сайып келгенде, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатты тану мүмкін емес. Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексеріліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең және жан-жақты талдау, байыптау нәтижесіеде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар (қазақ әдебиеті теориясы). Әдебиет тарихы жалпы сөз өнерінің әр халықтың тарихында қалай пайда болғанын, қайтып қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Әр ұлттың атамзаманғы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігенін, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті өніп-өрістегенін, сөйтіп оның көркемдік дамуы қай заманда қай бағытта болғанын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар шығармашылығы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Мұның өзі Қазақстанның жоғары оқу орындары соңғы отыз жыл бағдарында тұрақты оқулық ретінде пайдаланып келе жатқан “Сөз өнерінде” бір ғана өлең эволюциясы арқылы дәлелденеді: “[[Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым]]” деп келетін Орхон жазуындағы жырлардың қазақша аудармасын бүгінгі биік талғаммен өлшесек, эстетик. құны онша мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, танымдық мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең сөздің 15 ғасырладағы белгілі Доспамбет жыраудың: “[[Ағарып атқан таңдай деп, шолпанды шыққан күндей деп, май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп, ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, жазыда көп-ақ жортқан екенбіз]]” деген толғауындағы жыр тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешендікке ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенін байқаймыз да, қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз. Осының бәрін тек әдебиеттің тарихы арқылы ғана танып-білуге болады. Бірақ бұл қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің тек біреуі ғана. Ал бүкіл әдебиеттің қалыптасу, даму тарихын жан-жақты талдап-түсінуде Әдебиеттанудың әлгі саласының атқарар қызметі орасан зор (қазақ әдебиеті тарихы).
Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның шығармашылық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. Сыншы — қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға деген сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан. Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Мұны білу, игеру сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді. В.Белинскийдің анықтауынша “сыншы таланты-сирек талант, сыншы жолы — тайғақ һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби сын — қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика. Ал эстетика — әдемілік туралы ілім болуының үстіне қоғамдағы көркемдік даму тәжірбиесінің теорияcын жинақталуы. Сыншының өзіндік сыры, сынның өзгеше сипаты осы арада жатыр (қазақ Әдебиет сыны). Сонымен қатар әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өзара тығыз бірлікте: әдебиеттің теориясын нәзік түсінбей тұрып тарихы жайлы әңгіме қозғау, тарихын білмей тұрып сынын өрбіту мүмкін емес. Бұл бірліктін Әдебиеттанудың жанама тараулары да сырт қалмайды; олардың да мазмұны, пішіні, атқарар қызметі осыған негізделеді. Текстология — әдеби туындылардың мәтінін зерттеп-танудың принциптері мен әдістерін анықтайтын арнаулы ғылыми пән. Текстология көркем шығарманың түпнұсқасын талдап, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан нұсқаларын өзара салыстырады, әр басылымын қолжазбамен салғастырады; мәтіннің автор еркінен тыс қысқарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді; түпнұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Әдеби тарихнама — әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен құжаттар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, тарихына не сынына қатысты қандай арнаулы мәселе болмасын, оны зерттеудің көлемі мен тереңдігі, мәні мен маңызы сол мәселенің тарихнамалық материалының мөлшері мен мазмұнына қарай белгіленеді. Библиография — көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен Әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың — мәтіндер мен мәністеулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиография көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып пайдалануға болады.
Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы тым әріде жатыр. Бүкіл әлем шеңберінде алып қарасақ, сөз өнері, оның сыры мен сипаты туралы топшылаулар, көркемдік таным мен талғамның алғашқы белгілері грек өркениетінен ондаған ғасыр бұрын көне Қытайдың “Ән кітабы”, “Құбылу кітабы”, ежелгі Мысырдағы “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі”, байырғы Вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді адам баласының жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштерінде б.з.б. 3 — 2 мыңыншы жылдарда пайда болып, келе-келе тұрлаулы эстетикалық ұғымға көше берген. Эллада эстетикасы да бірден мектепке айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагоршілердің (б.з.б. 6 ғ.) өнер мәнін санға, Гераклиттің сапаға, Демокриттің мөлшерге, Сократтың өлшемге сайған аңқау аңғарымдарынан басталып, Платонның “сәбилик” филос-сы арқылы Аристотель (б.з.б. 384 — 322 ж.) “Поэтикасына” келіп ұласады. Ал “Поэтика” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философия-эстетика трактат қана емес, өз кезіндегі әжептеуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Өнер туындысының көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т.б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Осы арада айырықша атап айтатын бір шындық: өзіміздің қазақ топырағында — ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Наср Әл-Фарабиәл-Фарабидің (870 — 950)
A.
Әл-Фараби.
әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі — адам таң қалғандай ғажайып құбылыс. әл-Фараби — дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Оның “Музыканың ұлы кітабы”, “Поэзия канондары” т.б. зерттеулері — бүкіл дүние жүзінде эстетикаға қосылған айтулы үлес. әл-Фараби өзінің поэзия туралы байыптауларында Аристотельдің “Поэтикасын” талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды; поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. Мәселен, “[[Комедия — деп түсіндіреді ол, — арнаулы өлшемі бар поэтикалық жанр. Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кеспірсіз мінездері сықақ етіледі]]” (әл-Фараби, “Логикалық трактаттар”, А., 1975, 535 бет). Бұл кәдімгідей қалыптасқан, көп ретте дәл және тұрлаулы теор. тұжырым. Батыс Еуропадағы әдеби-эстетикалық ілімнің әбден жетіліп, ғылым мен өнердің дүр сілкінген, дүрілдей дамыған тұсы — қайта өркендеу (ренессанс) дәуірі екенін Италия суретшісі Леонардо да Винчи, француз философы Рене Декарт, эстетигі Никола Буало, ағартушысы Дени Дидро еңбектерінен көріп-білуге болады. Бұлардың қай-қайсысы болсын, шын ғылым, шыншыл өнер жолында ортағасырлық схоластикаға қарсы нағыз алыптарша алысқан өнерлілер мен білімділер. Осыдан былай қарай неміс ағартушылары Готхолд Лессинг пен Иоганн Гердер әдебиет пен өнерді ақсүйектер әулетінің ат төбеліндей аз ортасынан кең алаңға — қалың бұқара арасына алып шықты. Әдебиеттанудың ендігі дамуы Иммануил Канттың эстетикасына, одан әрі дүниенің түп діңгегі — абс. идея, абс. рух деп білген Гегельдің атышулы тридасына барып тіреледі. Ресейдегі эстетикалық байыптаулардың басын сөз өнерін зерттеушілер сонау 10 ғасырдағы библиографиялық жазбалардан іздеп, кейінгі риторикалар мен пинтикаларға көшіп жүр. Бірақ біз бұл жерде бұл мәселені мұншалық егжей-тегжейлі тексеріп жатпай-ақ, әдебиет пен өнерді шын мәніндегі сипаты тұрғысынан уағыздап, сыншыл реализмнің эстетикалық принциптерін теор. жағынан айта қалғандай жарқырата ашқан орыс демократтары В.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, Д.Н.Писаревтің есімдерін атап өтеміз. Өйткені олардың эстет. ой-пікірлері тек орыс қоғамында ғана емес, бүкіл дүн. жүз. парасат әлеміндегі бір биік болып табылады. Қазақ топырағындағы төлтума қоғамдық ой, оның ішінде эстет. пікір тарихында қазақтың асқан ғалымы Ш. Уәлихановтың, атақты ағартушысы Ы. Алтынсариннің, ұлы ақыны А. Құнанбаевтың алатын орындары айырықша. “Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыққан” (Веселовский) Ш. Уәлихановтың сөз өнері жайлы ғылымға қатысты еңбектерін ауыз әдебиетін жинау және жинаған нұсқаларын өзінше парықтау деп екі салаға бөлуге болады. Бұл ретте, Шоқанның өзі “дала Илиадасы” деп бағалаған әйгілі қырғыз эпосы “Манастың” бір тарауын тұңғыш жазып алуы, өз халқының ұлаңғайыр өлең-жырларын ел аузынан іздеп-тауып, талдап-тексеріп, оларды араб поэзиясымен салыстыра келе қазақ поэзиясы — саф таза сұлу поэзия екенін, қазақ тілі араб тіліндей бояма, күлді-балам емес, татаусыз төгілген тұнық, мөлдір тіл екенін дәлелдеуі — соншалық байсалды, парасатты, ғылым тұрғысынан әбден піскен, кәмелетті пікір. Нәтижесінде оның поэзияны жалпы жұрттың рухани сусыны ретінде ғана емес, халықтың көркем тарихы, халық тағдырының сырлы шежіресі ретінде пайымдап, сол арқылы сөз өнерінің таным және тәрбие тарапындағы мәні мен маңызын белгілеуі, сондай-ақ қазақ өлеңін бес түрге бөліп, бұлардың әрқайсысына өзінше мінездеме әрі сипаттама беруі — әдебиет теориясына қатысты толғамдар. Қазақтың болашақ Ә-ының алғашқы кірпішін Ш.Уәлиханов осылай қалаған еді. Ал Ы.Алтынсаринның әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі жұртқа мәлім ағартушылық еңбектерімен сабақтас. Осы бағытта ол қазақтың әдеби тілінің тазалығы, әдеби шығармалардың халықтығы, тәрбиелік мәнінің биіктігі үшін күресті. Ақындардың ақыны А.Құнанбаев өзінің эстетикалық көзқарасын жүйелейтін ғыл. трактат жазып қалдырған зерттеуші де, сыншы да емес. Десе де нағыз реалистік поэзияның үлгісін көркеткен шыншыл ақынның, ғасырлар бойғы қазақ өлеңінің игі дәстүрін тың өріске, соны сатыға көтерген жаңашыл ақынның тамаша шығармашылық принциптері, сөз өнері хақындағы ұғым-түсініктері мен ой-пікірлері күллі көркем шығармаларының өнбойында желі тартып жатыр. Сонымен, сайып келгенде, қазақ топырағындағы әр түста әр сипатта көрініс тапқан қоғамдық-эстетик. ой-пікірлердің шын мәніндегі жүйелі әдеби ғылымға айналуы — Абайға дейін емес, Абайдан кейін болған процесс. 1905 жылы Ә. Бөкейханов жазып, жариялаған “Абай (Ибрагим) Құнанбаев” деген азанама — Абайтанудың басы. Байтұрсыновтың 1913 жылғы “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласы — соның жалғасы. Осыдан былай қарай Абай туралы (дұрысы бар, бұрысы бар) пікір айтпаған, еңбек жазбаған, шығармашылық айтыс-тартысқа араласпаған әдебиетшілер кем де кем. Солардың дәл ортасында талмай еңбектеніп, жан-жақты зерттеп, ақыр-аяғында атақты монографиясы — “Абай (Ибраһим) Құнанбаев” арқылы Абайтану мектебін қалыптастырып тынған Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды. Осылай туып, дамыған қазақтың әдебиет туралы ғылымының бүгінде барлық саласы түгел, тұтас: А. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышынан” бастау алып, Қ. Жұмалиевтің “Әдебиет теориясына” жалғасқан, одан З. Қабдоловтың “Сөз өнеріне” (әдебиет теориясының негіздеріне) келіп ұласқан қисын саласы; Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің “Әдебиет тарихынан” басталып, Сәкен Сейфуллиннің “Қазақ әдебиетінен”, Сәбит Мұқанұлы Мұқановтың “XX ғасырдағы қазақ әдебиетінен” әрі қарай өрбіп, Ә. Марғұланның, Б. Кенжебаевтің, Қоңыратбаевтың, Т. Нұртазиннің, Мәлік Ғабдуллиннің, Х. Сүйіншәлиевтің, М. Сильченконың, Р. Бердібаевтің, М. Базарбаевтың, З. Ахметовтің, С. Қирабаевтың, Х. Әдібаевтің, Ш. Сәтбаеваның, Н. Ғабдуллиннің, Р. Нұрғалиевтің т.б. оқулықтары мен монографиялары — әдебиет тарихы; Жүсіпбек Аймауытовтың “Мағжанның ақындығы” секілді үздік үлгісі бар әдеби сын Е. Ысмайыловтың, Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаевтың, А. Нұрқатовтың, Т. Кәкішевтің, Ш. Елеукеновтың, З. Серікқалиевтің т.б. сын-зерттеулеріне дейін өрістеді. Бұлардың соңынан жедел жетіліп келе жатқан жас ғалымдар мен сыншылар қазақ әдебиеттануын одан әрі дамытып, жаңа белестерге шығарары даусыз.[1]
Қазақ фольклоры
Миф, аңыздар
Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары — ол миф пен әпсаналар. Миф — фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір, өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.
Көшпелілердің көне мифтік көзқарастары жыр-аңыздарда көрініс тапқан. Түркі көшпелілерінің ең көне аңыздарына Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер жатады. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелердің негізгі сюжеті — өмір мен өлім, адамның ажал алдындағы дәрменсіздігі.
Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз-әңгімелеріне, жырларына "Ер Төстік", "Еділ — Жайық" эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған. "Еділ" аңызындағы батыр жалғыз көзді дәумен кездесіп, оның көзін қыздырған темірмен ағызып түсіріп жеңеді.
Ғұн дәуірінен сақталған аңыздың бірі — "Дың-сұлу". Аңыз бойынша, ерте дәуірдегі ұлы ханның қызына Әлеупа батыр ғашық болады. Хан биік мұнара — "дың" тұрғызып, қызын сол мұнарадағы жайға орналастырып, дыңның сыртынан қырық күзетші қойған екен дейді. Жігіт мұнараға тылсым арқылы шығады. Қыз оған ғашық болады. Содан әкесінен рұқсат сұрап жігітке қосылады. Бұл аңыздың таза ғұн дәуіріндегі нұсқасы бойынша, хан өзінің өзгеше сұлу туған екі қызын елсіз жапан түзге салынған "дың" — мұнара ішінде сақтайды. Оның қыздарына бәрі (қасқыр) ғашық болып, қыздарға күн болып дарып, олардан көп ұрпақ тарайды. Қозы Көрпеш—Баян сұлудың кешенін ғалымдар ғұндарда да болған сондай "дыңның" бір түрі деп есептейді.
Ғұндардың керемет әпсаналарының біріне олардың басын біріктіріп үлкен мемлекет құрған Мөде тәңірқұты туралы аңыз-әңгіме жатады. Ғұндар бірнеше ғасырлар бойы Қытайды бағындырып келген. Бірақ әр кез Қытайдан жеңіліс тауып отырған. Ғұн елі бір әлсіреген кезде Қытай үкіметі Мөдеге елші жіберіп, оның бір керемет жүйрік атын беруді талап етеді. Мөде уәзірлерін шақырып кеңеседі, уәзірлер бермеуге кеңес береді. Бірақ Мөде күш жинап алғанша елдің амандығын тілеп, атты бергізеді. Соғысқа сылтау іздеген Қытай басшысы ендігі жерде Мөденің бір сұлу жас тоқалын өзіне әйелдікке беруді сұрайды. Мөде бұл қалауын да бергізеді. Үшінші жолы әбден даңдайсыған қытайлар ғұндардың оңтүстігіндегі бос жерді сұрайды. Сонда Мөде тағы да уәзірлерін жинап алып ақылдасады. Сонда уәзірлері: "Ақыры бос жатқан жер ғой, берейік", — дейді. Мөде сонда "Біздің ең құнды, қасиетті дүниеміз — жер, біз бір тұтам да жер бермейміз", — дейді де, Қытайға соғыс ашады және жеңіске жетеді. Ғұндардың бұл әпсанасынан көшпелілер үшін "жер", "атамекен" ұғымы сонау ерте бастан-ақ ең қасиетті, ең қадірлі құндылық саналғанын көреміз.
Бөрілі байрақ — ұраным[өңдеу]
Ғұндар мен көне түркілердің өздерінің шығу тегі жөніндегі аңыздарының да тарихи мәні бар. Ол аңыздың бір нұсқасы бойынша, ғұндар (түркілер) өзінің күншығыстағы көрші елінен қатты жеңіліс тауып, тегіс қырылады. Жау әскері бір жас баланы өлтірмей, тастап кетеді. "Содан тараған жұрт ғұндар мен түркілер еді" дейді көне аңыз. Көне түркілер қасқырды ата тегіміз деп біледі. Түркі халқын бірінші басқарған Ашына өзінің осы тектік ерекшелігін білдіру үшін ордасының қақпасына бөрі басының суреті бар ту байлаған. Бұл аңыздың бұлыңғыр сілемі кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Қазақта бөріні "тәңір серісі" деп құрметтеген.
Ғұн, үйсіндер қала да салып, қала мәдениетін білген. Бұл дәуірде пайда болған Түймекент, Тасақыр қалалары жөнінде қазақ арасында ғажайып хикаялар, аңыздар сақталған. Аңызда бұл қалалар Талас өзенінің бойында салынғандығы айтылады.
Мал түліктеріне байланысты аңыздар[өңдеу]
Қазақтың көне аңыз- әңгімелерінде мал түліктерінің жебеушісі, пірі бар. Мысалы, қойдың иесі — Шопан ата, жылқының иесі — Қамбар ата, түйенің иесі — Ойсыл қара, сиырдың қолдаушысы — Зеңгі баба деп түсінген. Қазақ "Ойсыл қара, оңдай гөр", "Қамбар ата, қолдай гөр", "Шопан ата байыта гөр"," Зеңгі баба, жарылқай гөр", — деп, малдың жебеушілерінен көмек сұраған.
XIV ғасырда Әмір Темір қасиетті Әзірет сұлтанның күмбезін жаңадан тұрғызуға кіріскенде, Қаратау, Сырдария маңы қазақтары жиналып келіп, қирап жатқан күмбезді қоршап алады. Әмір Темірдің кісілеріне былай дейді: "Сақып қыранға барып айтыңдар, алдымен Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызсын, ол Әзірет сұлтаннан (Қожа Ахмет Йасауи) көп заман бұрын өткен данышпан, өзі бақташы, сиырды табынымен шоңайтып, халыққа байлық сыйлаған кісі". "Темір халық ұйғарымын қабылдап, Зеңгі бабаның басына күмбез тұрғызған" дейді ескі аңыз. Зеңгі баба күмбезі Қазығұрт тауының оңтүстігінде, Ташкентке таяу жерде салынған.
Түйенің алыбы Ойсыл қараның туған өлкесі — Жетісу, Қазығұрт, Қаратау. Оның бейнесін тас оюшылар осы өлкелерде тасқа ойып түсіріп кеткен.
Шопан ата жатқан жер Маңғыстау түбегінде, кейін оның маңайы әулиелі үлкен қорымға айналған.
Көне аңыздар бойынша, сақ, ғұн, үйсін жауынгерлері ұзақ жолға шыққанда, беліне не күміс кісе, не тұлпар аттың тұяғын байлап жүретін болған. Әлкей Марғұланның дерегі бойынша, бұл дәстүр бергі заманға дейін Кіші жүз қазақтарында сақталып келген. Тұлпар аттың тұяғы таудағы тасқа да мөрдей боп түскен. Тұлпар ізі түскен тастар Арғанаты тауынан, Абралы тауынан табылған. Олар тұлпартас деп аталады. Геродот келтіретін сақ аңызы бойынша, сақтар жерінде тасқа түскен "тәңірінің табан ізіне" табынған. Осындай тасқа қашап салынған адам ізі Бетпақдаланың Таңбалы жартасында, Сарысу бойында, Теректі әулие тасында, Ұлытауда Арғанаты тасында кездеседі. Орта ғасырлардағы мұсылман деректеріне қарағанда, ондай тасқа басылған адам ізі қыпшақ және оғыз дәуірінде ерекше қасиеттелген.
Қазақ аңыздары бойынша, дүниені топан су басқанда Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауының басына келіп тоқтаған. Халық аңызы бойынша: "Қазығұрт тауының үстінде тоқтаған кеменің ізі — апан бар, оның асты үңгір, төбесіне ағаш қадаған, Қазығүрт атаның ордасының орны сол жерде болған", — дейді. Бұл жерді қазақтар осы күнге дейін Қазығұрт бабаның тауы, Қазығұрт ата, Қазығұрттың жаңғақ қорасы, Қазығұрттың ақ қойлары, шудалы түйелері жайылған жер", — дейді.
Ғұндарға, түріктерге тотем болған жануарлар мен аңдар — бұқа, көк бөрі, марал, т.б. Тотем түсінігі — халықтың өз тегіміз, туысымыз деп жан-жануарды қастерлеуі, оларға сиынуы. Рим жазушыларының ғұндардан жазып алған бір аңызы бойынша, ғұндар Меотис батпағында аң аулап жүріп адасып, батпақтан шыға алмай тұрғанда, оларға бір ақ марал жол көрсетеді. Батпақтан шыққан соң, ғайып болып жоғалып кетеді.
Ғұн елінде көк бұқа жөнінде аңыз кең таралған. Бұл аңыз қазақтарда, әсіресе наймандар арасында жақсы сақталған. Өріден келе жатқан "Көк бұқаның күйі" Тарбағатай, Алтай жерінде көпке дейін ұмытылмаған.
Қытай деректері бойынша, ғұндарда "Окр" деген ат ер балаға жиі қойылатын болған. Өкір — өгіз сөзінің бір түрі (салыстыр: "өгізше өкіру"). Осы ғұн дәуірінен келе жатқан дәстүрден наймандардың бір атасы — өкіреш наймандар тарағанында күмән жоқ. Бұлардан бұрын окр, өгіз сөзі түркілердің үлкен тайпасы — оғыздардың атауына айналған.
Ғұндар балаларын әлпештеп, айналғанда былай дейді екен: "Ай мүйізді ақ қошқарым бастаған ақтылы қойым сенікі болсын, қамыстай сүйір құлағының шетінде қара меңі бар, мөлдір көзді боз айғырым бастаған ұлан-байтақ боз жылқым сенікі болсын, шудалары төгілген, түсінен кісі шошитын қара бурам бастаған отарлы түйем сенікі болсын, мүйізі қарағайдай, бәрі келсе, оны жармай тыныш алмайтын, көк бұқам бастаған малым сенікі болсын!"
Ғұндардың, одан бері түркілердің басты діні Көк тәңірісінің болуы, шығып келе жатқан Күнге мінәжат етуі, жаңа туған Айға сәлем беруі, құрбандыққа ала жылқы шалуы, өлікке жоқтау айтып, әйелдерінің бет жыртып жылауы, үйленгенде қалыңмал беру салты, түскен келінге отқа май құйғызу ғұрпы, т.б. XIX ғасырда қазақ халқында бар салт-саналар. Ғұндардың көп сөзі көне түркі тұрмақ, қазіргі қазақтардың тіліне келеді. Мысалы, "жер" — жер, "су" — су, тәңірі, "төз" — төзім, төзімді адам, т.б.
Эпостық жырлар[өңдеу]
Түркі мәдениетінің, одан бері қазақ мәдениетінің керемет құнды дүниелерінің бірі — эпостық жырлар. Ә.Марғұлан қазақ эпосын мынадай кезеңдерге бөлген:
Архаикалық кезең. Ол исламшылдыққа дейінгі түркі мифтері негізінде жасалған туындылар. Оған Күлтегін жоқтауы, Құламерген, Шола мерген, Ер Төстік, Ақ Көбек, Оғыз қаған туралы аңыздар жатады;
Огыз-қыпшақ дәуірі (VI—XII ғасырлары). Бұл кезде жергілікті түркілер Қытай, Иран, Византия, Араб шапқыншыларына қарсы күресті жырлаған. Мысалы, "Қорқыт ата кітабы", "Алдар көсе", "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", т.б.;
Ноғайлы дәуірі (XIII—XVI ғасырлары) — "Бөген батыр", "Едіге батыр", "Қобыланды", "Ер Сайын", "Қамбар батыр", "Мұсахан", "Орақ батыр", т.б.;
Қалмақ шабуылы дәуірі — XVII—XVIII ғасырлардағы "құба қалмақ" заманы. "Олжабай", "Қабанбай", "Бөгенбай", т.б.;
Кейінгі дәуір. Қазақ батырларының хан, сұлтандарға, патша әкімдеріне қарсы күресін бейнелейтін жырлар.
Фольклорлық шығармалар тарихымызды зерттеудегі құнды деректің бірі. Жалпы, қандай да болсын, фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу қиын. Дегенмен де көне мифтік аңыз-әңгімелерден халықтың дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптарының іздерін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлық шығармалардан сол замандағы тарихи-этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы фольклорлық шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи тұлғаларға арналған жырларды фольклоршылар жеке жанрға — тарихи жырлар деп бөліп қарастырады. Тарихы көбінесе ел жадында ауызша сақталып келген көшпелі қазақтар үшін осы тарихи жырлардың деректемелік орны бөлек. Дегенмен де фольклорлық шығармаларға дерек ретінде сүйенгенде, онда әсірелеудің, тарихи тұлғаларға типтік образдық портрет берілетіндігін ескеру қажет. Жырда тарихи нақтылы құбылыстар дәлме-дәл қайталанбайды.
"Алпамыс" жыры көшпелі түркі халықтарына ортақ эпостық шығарма. Белгілі фольклортанушы В. М. Жирмунский оның ең көне нұсқасын VI—VIII ғасырларға жатқызады. Алпамыстың бұдан кейінгі таралуы IX—X ғасырларға — оғыз, қыпшақ замандарына сай келеді. Алпамыс классикалық қаһармандық шығарма ретінде осыдан кейінгі кезеңде, қоңыраттар арасында көркемделіп жетілген деп есептеледі.
Көне эпостық шығармаға қазақтың "Құламерген, Жоямерген" жыры жатады. Жырда Хазар (Каспий) теңізі, Орал тауы, Болгар шаһары аталады. Қазақтың эпостық жырларының ішінде оқиғалық жағынан ең ескісінің бірі — "Мұңлық — Зарлық". Бұл шығармада да мифтік, ертегілік, аңыздық сюжеттер басым.
Батырлар жыры[өңдеу]
Қобланды Батыр
Бөгембай Батыр
Қазақ халқының көне эпостық жырларына батырлар жыры жатады. Батырлық эпос халықтың сан ғасырлар бастан кешкен тарихын, елін, жерін қорғауды дәріптейді. Бұл жырлар белгілі тарихи оқиғалардың дәлме-дәл көшірмесі болмағанымен, сол заманның тыныс-тіршілігін, жалпы тарихи болмысын аңғартады. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында қалу, соны тарихи дәлдікпен суреттеу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, ретін де қуаламайды. Қазақтың қаһармандық эпосының ең жарқын үлгілеріне "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр" жатады. Ел жадында батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді. Рулар арасындағы әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпостық жырларында дәріптелмейді. Елін, жерін қорғауға, халықты басқа жұрттың езгісінен азат етуге жұмсалған батырлық қана ерекше ілтипатқа бөленіп, ел жадында қалады.
Қобыланды — қыпшақ елінің, Алпамыс — қоңырат жүртының, Ер Тарғын — бүкіл ноғайлы елінің намысын қорғаған батырлар. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы елі деген жалпы атпен белгілі болғаны белгілі. Батырлық жырларындағы қазақтың негізгі жаулары — қызылбастар, қалмақтар. Қызылбастар — түркі жұрттары сонау ерте заманнан қақтығысып келген Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы иран тектес халықтар да, қалмақтар — жоңғар-моңғол тектес халық. Мұрын жыраудан жазылып алынған жырларда ғана бір ындыс деп аталатын жұрт тарихта нақты белгісіз, мүмкін индус болуы. Өйткені Қушан, Моғолстан заманында түркілер үнділермен де қақтығысқан.
Қазақтың "Қарасай Қазы", "Шора батыр", "Қырымның қырық батыры", эпостанушылардың пікіріне қарағанда, ноғайлы елінің ыдырап, жеке-жеке жұртқа бөлінген дәуірінде (XV ғасырдың соңы) туған жырлар.
Әлеуметтік-тұрмыс эпосы[өңдеу]
Қазақтың эпостық мұрасының қомақты бір бөлігі — әлеуметтік-тұрмыс эпосы, оны кейде лиро-эпостық поэмалар дейді. Бұл шығармаларда ерлік, батырлық, ел қорғау мақсаты емес, жеке бастың мүддесі — махаббат еркіндігі мәселесі алға шығады. Кезеңдік дамуы жағынан алып қарағанда, ғашықтық жырлар архаикалық, қаһармандық эпостан кейін туындаған шығармалар. Фольклортанушылардың пікірінше, лиро-эпостық мұра көне эпостан жазбаша романға өтер жолдағы аралық саты, аралық деңгей.
Соңғы кезге дейін қазақтың лиро-эпосы ретінде "Қозы Көрпеш — Баян сұлу", "Қыз Жібек", "Айман—Шолпан" секілді санаулы жырлар ғана ауызға ілініп келген. Соңғы жылдары мұндай шығармалар қатарына қазақ халқына кең тараған, түп-төркіні шығыс елдерінен келсе де қазаққа төл туындысындай етене жақын болып кеткен бір топ ғашықтық жырларды да жатқызып жүр. Олар: "Жусіп—Зылиха", "Ләйлі—Мәжнүн", "Құсрау—Шырын", "Сейфілмәлік", "Таһир — Зухра", "Бозжігіт", т.б. Лиро-эпостық жырлардан, әсіресе тіні қазақ топырағында қалыптасқан жырлардан халықтың әдет-ғұрып, салт- санасы туралы ұшан-теңіз мәлімет алуға болады. Әлі де болса тарихшы-этнографтар халқымыздың өмір салтының, әдет-ғұрыптарының осы бір деректерін толық пайдалана алмай келеді.
Тарихи жырлар
Қазақ фольклорының тағы бір қомақты бөлігін тарихи жырлар құрайды. Тарихи жырларда кейде оқиғалар жазба тарих сарынына сәйкес баяндалса, екінші бір тұста қиялдау, көркемдік жинақтау түрінде беріледі.
Түркі халықтарына ортақ, ноғайлы заманының тарихи жырларына Едіге батыр жайындағы жыр, аңыздар жатады. Бұл жыр қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар, көшпелі өзбектер, алтайлықтарда сақталған. Сәкен Сейфуллиннің сөзімен айтқанда: "Қоспа ертектерін, жапсырма "кереметтерін" былай алып тастағанда, қазақтың ескі ел әдебиетіндегі бұл Едіге батыр әңгімесінен Алтын Орда іріп-шіри бастаған кездегі заманның оқиғаларына меңзейтін бірсыпыра жайттар көрінеді". Едігенің ұрпақтары саналатын Орақ, Мамай, Қарасай, Қази жайындағы жырлар, "Шора батыр", "Ер Сайын" тарихта болған ноғайлы елі тұлғаларына арналған жырлар.
Қазақтың тарихи өлеңдерінің қалың жұртқа белгілісінің бірі — "Елім-ай" өлеңі. Белгілі фольклортанушы Рахманқұл Бердібайдың сөзімен айтқанда: "Бір замандағы ел басына душар болған қайғылы оқиғаның елесіндей бұл шығарма тек көркем мұра ғана емес, саяси құжаттың орнына да жүргендей". Бұл мұңлы өлең — 1723 жылы жоңғарлар шапқыншылығынан қойдай қырылып, бөкендей ауған қазақтың "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" заманының тарихи шығармасы. Зерттеушілер бұл өлең ұзақ жырдың тек ел аузында сақталып қалған үзіндісі деп есептейді. Осы жырдың тобықты Топыш ақын айтқан екен деген нұсқасы 86 жолдан тұрады. Жырда қазақ елінің кіндік жері ретінде Қаратаудың аталуы тегін емес, өйткені XV ғасырдан бері "қазақ" деген атпен құралған халықтың әкімшілік, мәдени, діни орталығы Қаратау, Түркістан болғаны белгілі.
XVII ғасырдың соңында, яғни "Ақтабан шұбырындыдан" бұрын жоңғарлар қазақ жеріне бірнеше жорық жасаған. Ол шабуылдарға тойтарыс берген қазақ қолдарын басқарған Төле би, Жәнібек, Қасым, Әбілмәмбет сияқты ел билері мен хандарының ерлігі баяндалатын жырлар әлі Қазақ әдебиеті қолжазбалары қорында зерттеушілерін күтіп жатыр.
XVIII ғасырдағы тарихи жырларға Абылайға арналған жырлар, "Қабанбай батыр", "Бөгенбай", "Шақшақұлы ер Жәнібек", "Олжабай батыр", "Сырым батыр", "Арқалық батыр", т.б. жатады. Бұл жырларда, негізінен алғанда, қазақ батырларының жоңғарларға қарсы күресіндегі ерлік жолы баяндалады. Бұл жырларда жыр арналған батырлардан басқа батырлар туралы да деректер кездеседі.
XIX ғасырдың тарихи оқиғаларын суреттейтін жырлар да мол. Оның ішінде Кенесары—Наурызбай бастаған халықтық қозғалысқа арналғандары — "Қиса Наурызбай төре", "Кенесары — Наурызбай дастаны", "Кенесары поэмасы", "Қиса Наурызбай төрені" Жүсіпбек Шайхисламұлы, "Кенесары—Наурызбай" дастанын Хан Кененің жорықтарына қатысқан, барлық оқиғалардың куәсі болған Нысанбай жырау шығарған. Кенесарыға арналған, оның ерлік жолын дәріптеген, көбіне авторлары белгісіз жоқтау, мақтау өлеңдері де аз емес.
XIX ғасырдың тарихи өлеңдеріне "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Жанқожа", "Досан батыр", "Еңлік—Кебек", "Қалқаман— Мамыр", "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" жырларын жатқызуға болады.
Ығылман Шөрековтің "Исатай—Махамбет" атты шығармасында Жәңгір хан мен Исатай, Махамбеттің арасындағы күрес, 1836—1838 жылдардағы Кіші жүздегі халық қозғалысының тарихы баяндалса, "Жанқожа батыр" жырында қазақтардың Хиуа хандығы мен Ресей отаршылдарына қарсы күресі, "Бекет батыр", "Досан батыр" жырларында Маңғыстау өңіріндегі осы аттас батырлардың тарихи ерліктері жырланған. Бұл жырларда тарихи шындық эпостық өсірелеумен астасып, араласып отырады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының отарлық езгісіне қарсы Есет Көтібаровтың, Жанқожа Нұрмағанбетовтің, Досан Тәжиевтің көтерілістері жаншылып, отарлық саясат әбден күшейген кезде Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Нарманбет, Әбубәкір Кердері, т.б. өлеңдері тым мұңды, тым күйрек сарындағы шығармалар еді. Шортанбай бастаған бұл ақындарды кезінде "Зар заман ақындары" деп кінәладық та, шындығында, бұлар заманға қатты наразы, қазақтың, елдің, жердің, діннің болашағын ойлап күйзелген ақындар еді. Мысалы, Мұрат ақын:
Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны —
Жағаға қолды салғаны, —
десе, Шортанбай:
Елді алды, елді алды,
Есілді алды, жерді алды,
Енді алмаған не қалды? —
дейді.
Кезінде Сүйінбай Аронұлы, одан соң Жамбыл Жабаев жырлаған "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" жырлары Жетісу жерінен шыққан XVIII ғасырда Жоңғар шапқыншылығына, XIX ғасырдың ортасында Қоқан басқыншыларына қарсы күрескен батырлар жөніндегі эпостық өлең шежіре.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жөнінде сол көтерілістерді көзбен көрген Омар Шипиннің, Кенен Әзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, Сәт Есенбаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлең-жырлары тарихи деректердің бір бөлігін құрайды.
Сонымен, көне мифтер, аңыз-әңгімелер, эпостық жырлар, тарихи жыр-өлеңдер — мұның бәрі де қазақтың тек әдеби туындылары ғана емес, әрқайсысында еліміздің тарихының табы, бедері бар тарихи деректер, тарихи қайнар-бұлақтар деп қарастырған жөн. Бұл мәселелерді белгілі әдебиетші-фольклоршыларымыз қарастырған. Бірақ Ә.Марғұланнан басқа маман тарихшылар бұл телегей-теңіз деректерге қажетті мән бере алмай келеді. Бұл мәселелердің болашақ зерттеушісі сендер деп білеміз, жас буын![1]
XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев, географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров ңурастырды. 1929 жылы араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу жүзеге асырылды.
XX ғасырдың бас кезі қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше кезең болды. Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің негізі қаланып, жаңа стильдік формалар пайда болды, қазақ жазушылары жаңа жанрларды меңгере бастады. Осы кезеңге Спандияр Көбеевтің шығармашылығы тән. С. Көбеевтің шығармашылық жолы орыс жазушыларының шығармаларын казак тіліне аударудан басталды. С. Көбеевтің И. Крыловтан аударған мысалдар жинағы 1910 жылы жарық көрді. 1913 жылы басылған «Қалың мал» романы қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі оқиға болды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті тулғаларының бірі Султанмахмут Торайгыров еді. Ол ауыл мектебінде және Троицк медресесінде оқып, білім алды. 1913-1914 жылдары С. Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен өлеуметтік теңсіздік такырыбына арналған алғашқы өлендері мен әңгімелерін жариялады. Ол сол кезде «Қамар сұлу» романын жаза бастады.
Қазақ әдебиетінде көрнекті қазақ ақыны, журналист, қоғамдық қайраткер Мұхаметжан Сералин елеулі із қалдырды. Ол атақты ақынның отбасында дүниеге келіп, медреседе, екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде окыды. 1900-1903 жылдары «Топжарған», «Гүлкашима» поэмаларын жазды. 1914 жылы М. Сералин Фирдаусидің «Шахнамасынан» «Рұстем-Зұхраб» поэмасын қазақ тіліне аударды. Оның кызметіндегі негізгі сала - журналистік кызмет еді. Ол «Айқап» журналының бас редакторы болды. Журналдың шыға бастауы сол кездегі Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі құбылыс саналады.
XX ғасырдың бас кезіндегі аса танымал әрі көрнекті әдебиет қайраткерлерінің бірі ақын, түркітанушы-ғалым, аудармашы, педагог, көсемсөзші, қоғам қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлы болды. Өз уақытында ол әділетсіздік пен сталиндік қуғын-сүргіннін құрбаны болып, жарты ғасырдан астам уақыт бойы есімі еске алынбай, Қазақстан тарихындағы лайықты орнын ала алмай келді. Ол отаршыл әскерге қарсы күреске қатысқаны үшін қаторғалық жұмыстарға айдалған ықпалды ру басшысының отбасында дүниеге келді. Әкесіз қалған Ахмет Торғай училищесін бітіріп, білімін жалғастыру үшін Орынборға аттанды. 1895 жылдан бастап А. Байтұрсынов педагогикалық және әдеби қызметпен айналысады. Оның бүкіл шығармашылығы өз халқын өнер-білімге баулуға бағытталды. Оның өзі қазақ қоғамының ой-өрісі терең, зиялы бөлігінің өкілі еді. Оның тұңғыш ақындық еңбегі - қазақ тіліне аударылған И. А. Крылов мысалдарының жинағы — «Қырық мысал» болды. Жинақ 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрді, бірнеше рет қайта басылып шығып, қазақтардың арасында кең тарады. Бұл жинақ оны халқына бүкіл жантәнімен берілген ақын, аудармашы, азамат ретінде танытты. 1911 және 1914 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жеке басылып шықты.
А. Байтұрсынов мәдениеттің көтерілуін жалпыға бірдей ағарту жұмысын жүргізу мен жалпы адамзат мәдениетінің жетістіктерін меңгеру арқылы жүзеге асыруға болатынын терең түсінді. Қазақ тілінің табиғатын зерттей отырып, ол тілтану жөнінде мақалалар мен оқулықтар, кейінірек ғылыми жұмыстарын жазды. Қазақ тілі туралы мақалаларында тілдің тазалығын сақтау, оны әр түрлі шұбарланудан тазартуды жақтады. А. Байтурсыновты қазақ тілтану ғылымының негізін салушы деуге болады, ол қазақ тілінің ерекшеліктеріне араб жазуын бейімдеді. 1913-1917 жылдар - А. Байтұрсыновтың өміріндегі маңызды кезең. Ол сол кезде қазақ тілінде Орынборда шығып тұрған жалғыз Қазақ газетінің редакторы болды. Мүнда ол окырмандарды халықтың бай рухани мұрасымен таныстыра отырып, оны білім жарығына, рухани жағынан кемелденуге шақырды. Халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелеріне арналған көптеген мақалаларын жариялады.
Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов қазақ халқының мәдениетінің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның қызметі сан кырлы болды. Ол орман ісі, экономика, тарих, мал шаруашылығы, этнография, ауыз әдебиеті жөнінде бірқатар ғылыми мақалалар жазды. Еуропа мәдениетімен көңіл қойып айналысқан ол ез мақалаларында М. Лермонтов, А. Чехов, В. Короленко, Л. Толстой, А. Пушкиндермен катар В. Скотт, У. Теккерей, Ч. Диккенс т. б. есімдерін жиі еске алып отырды. Оның шығармаларында осы жазушылардың ой-пікірлері кеңінен қамтылып, шығармаларынан кейбір үзінділер де келтірілді.
Әлихан Бөкейханов Абай шығармашылығын терең зерттеді, бірінші болып Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінің жинағын жарыққа шығарды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. М. Дулатов бастапқыда ауыл мектебінде, соңынан білімін орыс мектебінде жалғастырды, өздігінен білім алды. Қажырлы еңбегінің арқасында ол орыс тілін кемеліне келтіре меңгерді, орыс және шетел жазушыларының шығармашылығын зерттеді. М. Дулатов ақын әрі жазушы, өлең жинақтары мен бірінші қазақ романы - «Бақытсыз Жамалдың» авторы ретінде көпке танылды. Роман орыс сыншылары мен қазақ қоғамы тарапынан жоғары бағаланды. М. Дулатов А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крылов, Ф. Шиллердің шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ол қазақ әдеби тілінің тынымсыз жаңашылы әрі реформаторы болды, өз шығармаларында жаңа сөздер мен түсініктер енгізді.
XX ғасырдың бас кезінде талантты қазақ жазушысы әрі драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық жолы басталды. Ол ауыл мектебін бітіріп, білімін орыс-қазақ мектебінде жалғастырды, 1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына түсті. Оның негізгі шығармалары кеңестік уақытта жазылды. Дегенмен Ж. Аймауытов 1917 жылдың өзінде «Абай» журналының жұмысына да араласты.
Мағжан Жүмабаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алады. М. Жұмабаев казак ағартушылык ойының неғұрлым белсенді әрі жарқын идеологтарыньщ бірі болды. Ол 1925 жылға дейін Кеңес өкіметіне карсы болып, ұлттык рухты оятуға, бостандыққа үмтылуға бағытталған шығармалар жазды. Мағжан өлең жазуды 14 жасынан бастады, оның шығармалары қазақ жөне татар тілінде шығатын барлық газеттер мен журналдарда жарияланып тұрды. 1912 жылы Қазанда оның өлеңдерінің «Шолпан» атты жинағы шықты. М. Жумабаев - еуропалық мәдениет биігіне жеткен талантты ақын. Қазақ өлең өнеріндегі жаңа поэзиялык формаларды енгізу оньщ есімімен тікелей байланысты. Ңазақ, араб, парсы, түрік тілдерін, басқа да түркі халықтарының тілдерін терең меңгерген ол бозбала кезінен бастап-ақ Абай мен Махамбет поэзиясының мектебінен өтіп, өзінің ақындық өнерін дамытуда кол жеткен табыстарымен тоқталып қалған жоқ. Сталиндік баскарудың каһарына мінген жылдары оның шығармашылығына тыйым салынды. М. Жүмабаев түтқын- далып, алдымен Беломорканал, соңынан Соловкидегі лагерьге жіберілді. 1938 жылы ату жазасына бүйырылды.
Қазақ баспасөзінің қалыптасуы.
Мәдениеттің дамуына осы уақытқа дейін елеусіз жағдайда болған баспа ісін жолға қою белгілі бір ықпал жасады. Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты XX ғасырдың бас кезіне тура келді. Бұл кезде кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияқты мәдени орталықтарда қарқынды дамыды. XIX ғасырдың соңында «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газеті» атты екі басылым шығып тұрды. 1905 жылға қарай бірқатар жаңа газеттер мен журналдар пайда болды. 1907 жылы қазақ зиялыларының бір тобы Санкт-Петербургте редакторы Әбдірашид Ибрагимұлы болған «Серке» газетін шығара бастады. Бұл газеттің екінші нөмірінде М. Дулатовтың «Біздің мақсат» деген мақаласы жарияланды. Патша тыңшылары газетті «қазақ халқын барлық үкімет орындары мен өкілдеріне қарсы қоздырушы» үндеу ретінде қарап, жауып тастады. 1907 жылы наурызда Троицкіде бірінші нөмірі шығысымен тыйым салынған «Қазақ газеті» жарық көрді.
Оқу ағарту мен білім идеяларын бұқара арасында насихаттау мен бастауыш білім беру жүйесін кеңейтуде «Айқап» журналы, «Киргизская степная газета», «Степной край», «Қазақ» газеттері елеулі рөл атқарды. 1911 жылы Троицкіде «Айқап» журналының бірінші нөмірі жарық көрді. Журналдың редакторы мен идеялық дем берушісі Мұхаметжан Сералин болды. Журнал өдебиеттің дамуы мен қазақ әдеби тілінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. Онда ауыз әдебиеті, этнография, тарих жөніндегі зерттеу мақалалар жарияланды. Сол уақытта «Айқап» журналы далада мектептер мен медреселер ашу, ескі мектеп- терге реформа жасауды насихаттады. Журналда түрік және парсы тілдерінен аударылған шығармалар, мысалы: Фирдаусидің «Шахнамасы» жарияланды. 1911 жылдан бастап редакторы Сағынгерей Бөкеев болған «Қазақстан» газеті шыға бастады. Газетте саяси мақалалардан басқа қазақтар мен ноғайлардың халық әдебиеті жөніндегі зерттеу мақалалары да жарияланды. Ұлттық баспасөздің дамуында Орынбор мен Торғайда 1913-1918 жылдар аралығында Ахмет Байтұрсынұлының редакторлығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті ерекше рөл атқарды. Газеттің негізгі міндеттері қазақ халқының мәдениетін көтеру, қазақтың әдеби тілі мен әдебиетін дамыту болды. Газет беттерінде Ә. Бөкейхановтың ауыз әдебиеті мен А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен қазақ әдебиеті жөніндегі еңбектеріне көп орын берілді.
1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға бастады. Оған жылдың соңында «революциялық идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916 жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К. Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай» әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда - «Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті, Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған «Тіршілік» газеті шыға бастады.[1]
20-30-шы жылдардағы оқу-ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардғы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәлім еттеріне сүйеніп жасаған мына мәліметгеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелегенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі жеңіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан Төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) Төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері - ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды. Осы орайда оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ең алдымен Түркістан Республикасы Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұловтың, сонымен бірге Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Санжар Асфандияровтардың атқарған қызметтерін атап өткен орынды.
Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі.
Айтыс 1895 ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Ешкіөлмес тауының баурайында Тоғызқұмалақ мекенінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, “Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенов жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді. 1918 жылға дейін бұл үлгілер сегіз рет, Кеңес өкіметі тұсында он бір рет жарияланды. Сөйтіп, ел ішіне жазбаша да, ауызекі де таралып келді. Айтыстың жарық көруіне, таралуына, өңделіп сарапталуына Сара, Жүсіпбек қожа, Әріп ақын елеулі үлес қосқан.
Біржан мен Сара айтысы сол тұстағы қазақ әйелдерінің бас бостандығы мәселесін, адамгершілік пен әділдікті, шындықты өзекті де әлеум. тақырып етіп көтереді. Екі ақын өздері тұрған екі өңірдің жақсы-жайсаңдарын кезекпе-кезек сараптай отырып, олардың сан алуан адамгершілік қасиеттері мен келеңсіз іс-әрекеттерін жайып салып, оларға халық талабына сай келетіндей баға беріп отырады. Сонау қияндағы Сарыарқадан Сараны жеңемін деп Жетісуға келген Біржан сал ә дегеннен амандасу рәсімінің өзін бойында дос тұрмақ дұшпан кемітер бір міні жоқ сұлудың, шебер ақын, шешен қыздың бетін қайырып, жігерін жасытып алуға пайдаланбақ болады. Бірақ білімді де ақылды қыз Хауа анаға Адам атаның өзі келгенін “Хиссас-ул-Әнбиядан” оқып білгенін дәлел етіп ұсынады. Мұндай жауапты күтпеген Біржан қатты тосылса да, сөз кезегін әрі қарай жалғастыра береді. Қос жүйрік бұдан әрі жалпы ақындық өнер, адам бойындағы сан алуан қасиеттер, ел дәстүрі, байлық, салтанат, ел басшыларының іс-әрекеттері секілді мәселелерді сөздеріне арқау етеді. Айтыс алғашында рулық бағыт алса да, кейін дәстүрлі арнадан ауытқып, жүйелі өнер сайысына, көркем де кестелі сөз жарысына айналады, қазақ қоғамындағы әлеум. қарым-қатынастың адам өміріне әсері, тұрмыстың мән-мазмұны философиялық ой-толғамдармен қосыла өріліп, өз нақышын тауып жатады. Айтыста халқымыздың әдептілік пен әсемдік туралы пікірлері, эстет. талғам-талаптары кең көрініс тапқан. Осының бәрі Біржан мен Сара айтысының 19 ғ-дағы қазақ халқының болмыс-тіршілігін жан-жақты суреттейтін көркем туынды екенін айқын аңғартады. Біржан мен Сара айтысы атақты екі ақынның арасындағы сөз айтысы ғана болмай, айтыс өнеріндегі көркемдік қуаты, тіл бейнелілігі жағынан ерекше эстет. талғам биігінен көрінген айтыстың үздік үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінің тарихынан ерекше орын алады. Айтыс негізіндегі Қажым Жұмалиевтің либреттосы бойынша 1946 ж. М. Төлебаев “Біржан — Сара” операсын жазды.
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Қалқаманұлы, Бұқар жырау
Бұқар жырау
Дүниеге келгені: 1668
Қайтыс болғаны: 1781
Мансабы: жырау
Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Бұқар жырау (айрық) деген бетті қараңыз.
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер
Мазмұны [жасыру]
1 Өмірбаяны
2 Толғаулары
2.1 Мирас толғаулар
3 Дереккөздер
Өмірбаяны
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:
“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.
Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:
“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”…
Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
Толғаулары
Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:
“Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”
Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су еді.
Өзен бойын шаңдып ап,
Сүзекісін салды, ойла!
Нұрада бар Ақмола,
Есілде бар Қараөткел,
Екі өткелдің аузынан,
Қараөткелді салды, ойла!
Баянауыл, Қызылтау,
Оны да кәпір алды, ойла! ….
Кетпейін десе жері тар,
Кетейін десе алды-артын,
Қарқаралы деген тауларға,
Қарқарасын шанышты, ойла!
Ұлытау, шеті Созақтан,
Берекелі жерлерден,
Көкорай шалғын көре алмай,
Шұбырып қазақ кетті, ойла!
Қоршап алған кәпір бар.
Ұйлыққан қойдай қамалып,
Бүйірден шаншу, қадалып,
Сорлы қазақ қалды, ойла!”.
Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:
“Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
— Қызыққа тоймас адамзат!”
Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген. “Әлемді түгел көру”, “Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну” деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Бұқар Жырау толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 — 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір жасыңда”, “Күпшек санды күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің”, деп “Айбалтасын алтынменен булатқан”, “Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, “Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп, Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…”, “Орындығын оймыштан, Ою нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық сипаттаулары; ердің ері Бөгембай батырды “Қазақтың қамал қорғанына”, “Бұтақты мүйіз бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен — Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен — бұзау терісі шөншіксің, Мен — өгіз терісі талыспын” деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек, немесе: “Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының ұшы алтын” тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды. Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты ұғып-түсінуден, танып-білуден, “тұрмыс қазанында қайнап піскен”, сөз-ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады. Б. ж. поэзиясында ақындық даналықтан, тапқырлықтан нәр алған әсерлі, көркем теңеулер де кездеседі. Мыс., “Ұрғашының жақсысы, Абжыландай есіліп… Бозжорғадай бұлғаңы”; “Ормандай көп Орта жүз”; “Қорғасындай балқыған”; “Киігін қойдай қайырған”; “Құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған”; “Буыршындай тіздесті”; “Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лақтай”; “Ерттеп қойған құр аттай”; “От орындай тұяқтым… Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым… Кекілін қыздай тараған” және т.с.с. Бұлар ұлттық поэзия тілінің құлпыра түсуіне, сырты сұлу, іші ну оюлы, өрнекті сөздердің молая беруіне жойқын ықпал жасайтындығы даусыз. Бұқар Жырау толғауларының танымдық-эстетикалық мәні, сұлулық әлемі даралық-авторлық айқындаулардан да байқалады. Айталық: “сегіз қиыр шартарап”, “Төсі аршынды сұлу”, “құрсағы жуан боз бие” “алпыс басты ақ орда”, “еңсесі биік кең сарай”, “құбылып тұрған бәйшешек”, “ардақталған сұлулық”, “ойнай басқан аяқтым”, “қиғаш қамыс құлақтым” “Шұбар көсем сары аяқ”, “Қоспақ өркеш сары атан”, “Тостаған көзді торыны” және т.б. Сөз кестесі мен бунақталу тәртібінің әуенін, орайын, шырайын түрлендіріп келтіруде меруерттей мөлтілдеген фразеологиялық оралымдардың бір-бірімен әсем қиысып, табиғи құйылып отыруы — жырау поэзиясының басты ерекшелігі. Мыс., “өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма”, “омыртқасы үзілген”, “Өлетұғын тай үшін, “Қалатұғын сай үшін”, “Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен”, “Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген” “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, Қайырусыз жалқы бақтырған, Қалыңсыз қатын құштырған”, “екі қара көзді алар”, “Ауыздағы сөзі алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіндегі нұрды алар, Бойыңдағы шарды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар”, “Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге”, т.б. Бұқар Жырау ой-пікірін, лебізін құйқылжыта, тамылжыта жеткізуде бірінен бірінің артықшылығын, айырмашылығын көрсетуде қарама-қарсы құбылыстарды шендестіре суреттейді:
“Айналасын жер тұтқан,
Айды батпас демеңіз.
Айнала ішсе таусылмас,
Көл суалмас демеңіз”.
Я болмаса:
“Құландар ойнар қу тақыр,
Қурай бітпес демеңіз.
Қурай бітпес құба жон,
Құлан жортпас демеңіз”.
Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады. Мыс.,
“Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес”,
“Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы”.
Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс.
Қалқаманұлы, 1993, Қазақстан пошта маркасы, (Michel № 29)
Мирас толғаулар
«Бірінші толғау»
«Күллі әлемді жаратқан»
«Құбылып тұрған бәйшешек»
«Он сегіз мың ғаламды жаратқан»
«Керей, қайда барасың»
«Әлемді түгел көрсе де»
«Ай, заман-ай, заман-ай»
«Абылай ханның қасында»
«Айналасын жер тұтқан»
«Ай не болар күннен соң»
Шалкиіз жырау
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі.
Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Үлкен Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.
Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического общества” жинағында жарияланған. Кейін аталған жинақта (1885), “Астраханский вестник” газетінде (1893, 1916), Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1879, 1906), т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971) “15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1984) жинақтарында жарық көрді.[1]
Шалкиіз жырау (1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.[2]
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтұған жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болган Қазтуғанның (15 ғ.) біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем түстерге бай толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Жыраулық поэзияның дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз шығармалары айрықша әсеретті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523) шығармаларынан ортағасырлык жауынгер көшпендінің ер тұлғасы, ерлік кейпі көрінеді. Доспамбет толғаулары 19 ғасырдың 80-жылдарынан бастап баспа бетін көре бастады. Жыраулық поэзияның ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465- 1560). Шалкиіздің толғаулары ең алғаш 1875 жылы хатқа түсіп, баспа бетінде жарияланыпты. Жырау мұралары ерте жиналуына байланысты бүгінгі күндерге бір сыдырғы толық жетті. Жиембет жырау (17 ғасыр) мен Марқасқа жыраудың (17 ғасыр) өмір жолы Есім хан тұсындагы тарихи оқиғаларға тікелей қатысты. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті мемлекет кұру туралы идеяларының ұраншысы атанса, Жиембет жырау ханға қарсы араздығын бүкпесіз, бұлтармасыз жеткізді. Жиембет жыраудың толғаулары ең алғаш 1908 жылы "Жақсы үгіт" кітабында жарияланса, Марғасқа толғаулары кеңес заманында зерттеліп, баспа бетін керді. 18 ғасырда Жыраулық поэзия тақырыптық жағынан кеңейіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан байи түседі. Жоңғар шапкыншылығы және "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" жылдары, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер - ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да жыраулар шығармаларғында өзінің көркемдік шешімін тапты. Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес сарыны, әсіресе, Ақтамберді жырау (1675- 1768) шығармаларынан айқын көрінеді. Оның шығармаларғындағы отаншылдық, патриоттық сарындар 18 ғасырдағы қазақ поэзиясының бет-бейнесі, бағыт-бағдарын айқын танытады. Осы кезеңде өмір сүрген Улбешей жырау (1706-1778) мұрасындағы жетекші тақырып - сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен, ел корғаны болған батырларды мадақтау. 18 ғасырдағы Жыраулық поэзияның көрнекті өкілдерінің бірі - Тәтікара жырау. Ол кене заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, отаншылдық идеяны насихаттайтын жорық жырларын туғызған. Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара шығармалары кейінгі жылдары ел аузынан жазып алынып, бірнеше жинақтарға енді. 18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Бұқар жырау (1668 - 1781). Ол жырау ғана емес, қабырғалы би де болған. Ол қоғам өміріне белсене араласып, ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдайды. Бұқар жырау шығармалары ғақлия толғаныстар, нақыл афоризмдер түрінде келеді. Оның туындыларының олең олшемі өте күрделі. Бұқар жырау шығармалары ең алғаш "Таң" журналында (1925) жарияланғанымен, ғылымының түрде жүйеленіп зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарының үлесіне тиеді. 18 ғасырдағы халық поэзиясының танымал өкілдері - Көтеш (1745- 1819). Котеш шығармаларындағы негізгі сарын - кедейлік таксіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырып жағынан алғанда біршама бай. Бұлардің, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік жайлы философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар, тұрмыстық олеңдер мен арнау жырлар. Екі ақын шығармағынан да әлеуметтік әуен айқын сезіледі. Жыраулық поэзия деген ортақ тақырыпқа біріктірілген 15 - 18 ғасырлардағы қазақ поэзиясы көне дәстүрді қайта түлетіп, жаңа тақырып, соны мазмұнмен дамытты. Осы тұста өмір сүрген және әдеби мұралары бүгінгі күндерге там-тұмдап болса да жеткен жыраулар шығармаларғы сол заманның тұтас бір шежіресін құрастырады. Олар да ел өміріндегі елеулі окиғалар, қоғамның ащы шындығы, халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы бейнелі тілмен келісті корініс тапқан. Бұл кезеңде тол әдебиетіміздегі ұлттық дәстүр дамып, халық поэзиясы сапалы жаңа биіктерге көтерілді.
«Мұхаббатнаме» – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде. Біздің заманымызға «Мұхаббатнаменің» екі нұсқасы жеткен: бірі – араб (1508 – 09), екіншісі – ұйғыр (1432) жазуымен жазылған. Екеуінің де түпнұсқасы Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан арабша екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. Дағстанды В.В. Бартольд (1924), А.Н Самойлович (1928), Ә.Нәжіп, т.б. ғалымдар зерттеп, А.М. Щербак орыс тіліне аударды. «Мұхаббатнаме» 1954 жылы орыс тілінде (Т.Жололов), 1985 жылы қазақ тілінде (А.Қыраубайқызы) басылды. Дастанда Хожа бек атына дәріптеу, мадақ сөздері айтылғанымен, тұтастай махаббат тақырыбын жырлауға арналған хаттар жинағы деуге болады. Еңбекте бүгінге дейін құнын жоя қоймаған философиялық, эстетикалық ойлар көп кездеседі. Жырда сопылық поэзияға тән – жар, отқа ұмтылған көбелек, теңіз бен тамшы, бұлбұл т.б. астарлы мәні бар ұғымдар кездеседі. «Пақырлықта азға қанағат ете білсең, Сонда өзіңе шаһ һәм әмірсің» немесе «Өтті өмір құмарлықпен өзіңе, қанша жүзбек адам дария ішінде» секілді сопылық таным аясындағы ой-түйіндердің молдығы шығарманың орта ғасырдағы түркі жазба жәдігерліктері арасында шоқтығы биік еңбек екендігін танытады.
«Мұхаббат-наме»
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат-наме» дастаны. Оны жазған – ақын Хорезми. Хорезми – ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтер сақталмаған. Олар жайында білетініміз онша көп емес. Ақын Хорезми – Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат-наме» дастанын жазған.
Бүгінгі күнге «Мұхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның «Британия» музейінде сақтаулы тұр. Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фото көшірмесін алды. Қол жазбаның бірі – 1432 жылғы ұйғыр әрпімен көшірілген. Демек, «Мұхаббат-наме» дастаны Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бұл - дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінің бірі болса керек.
«Мұхаббат-наме» дастанының кіріспесінде ақын: «Мен де ұлы Тәңгірге жалбыранып, «Мұхаббат-намені» даздым» - дейді. Автор сол кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан Тәңірге сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтау сөз айтады. Содан кейін ғана дастанның жазылу себептеріне тоқталады.
«Мұхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдір махаббатты жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік әлемінен теңеу таппай, оны Айға да, Күнге де теңеп, жер бетіндегі сұлулық атаулының ғажайып картинасын жасайды.
Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл қасиет екенін ақын зор шеберлікпен суреттейді:
Екі жарық гауһарды әлем берген,
Махаббат кешінін адамға берген.
Көкте берген сұңқарға аққуды,
Толған айдай қылар бір тамшы суды.
Оның кемел өңінде мең жаратты,
Бойы менен шашын тең жаратты.
Діни мистикалық бағытта жазылған сол кездегі қисса-хикаяттар адамды бұл өмірдің қызығынан безуге шақырып, сүйіспеншіліктің өзін жұмақтың ісі етіп қоятыны мәлім. Мұндай шығармалар «о дүниенің» ләззаты үшін тіршіліктегі іс-әрекеттен, өмір үшін күрестен бас тартуға шақырады. Жұмақтағы хор қыздарын дәріптейді.
Ал «Мұхаббат-наме» дастанында адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады. Ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі үшін ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайды.
«Мұхаббат-наме» – сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу құралдары алуан түрлі, өлең құрылысы шебер жасалған дастан. Ақын Хорезми дастанда жыр жолдарына үстеме мағына беріп, оны ажарландырып жіберу үшін теңеу әдісін көбірек қолданады. Сөйтіп, ол өзі суреттеп отырған белгілі бір заттың яки құбылыстың ерекше белгілерін айқындай әрі ажарлай түседі, сол арқылы жырдың эстетикалық әсерін еселеп арттырып жібереді.
Бұл дастан ертеректе жазылса да, қазақтың лиро-эпостық жырларымен сарындас, үндес, идеялас, тіпті түр жағынан да ұқсас болып келеді.
Қорыта айтқанда, Хорезми сәтсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін сөз етеді.
Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі саналатын «Мұхаббат-наме» дастанының әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан маңызы зор. Хорезмидің бұл ғажайып шығармасын танып-білу арқылы біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өмірге келу жолдарын, қазіргі қазақ тілінің даму сатыларын, халқымыздың өткендегі әдет-ғұрпын, т.б. тереңірек ұғынатын боламыз.
Диуани хикмет
Диуани хикмет, «Ақыл кітабы» – Қожа Ахмет Ясауидің сопылық идеясын жыр еткен, этикалық-дидактикалық мазмұндағы әдеби шығармасы.
Ақын өз кітабын қыпшақ даласы мен Орталық Азия түркілеріне кезінде түсінікті болған шағатай тілінде жазған. Мұның өзі араб тілінде жазылған Құран Кәрім мен түрлі хадис, тәфсирлердің күрделі қағидаларын жергілікті түркі халықтарының түсініп оқуына мүмкіндік берді. «Диуани хикмет» – көшпелі елдің ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделіп, түркі халықтары фольклорының тілдік-стильдік, модельдік тәсілдерін зор шеберлікпен пайдалана отырып жазылған көркем туынды. «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғ-дың орта кезінде араб әрпімен көшірілген. Бертін келе «Диуани хикмет» Қазан (1887–1901), Ыстамбұл (1901), Ташкент (1902–11) баспаларынан жарық көрген.
Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің жазылу тарихын, поэтикасын, сопылық-философиялық идеясын, қоғамдық-әлеуметтік мән-мағынасын, ислам дінін таратудағы рөлін М.Ф.Көпрүлузаде, Н.С.Банарлы, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Э.Р.Рустамов, В.И.Зохидов, т.б. ғалымдар жан-жақты зерттеді. Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.
«Диуани хикмет» әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Қожа Ахмет Ясауи әрбір адамның қадір-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты деген түйін жасайды. Ал имандылық дегеніміздің өзі Алланың құлына ғана тән, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны құдай жолына салып отыратын киелі күш деп түсіндіреді. Ақынның айтуы бойынша, имандылықтың ең басты көрінісі – мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарау болып табылады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін ақын оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан-дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.[1]
Бүкіл әлемдегі түркі халқы «Диуани хикмет» арқылы исламның рухани әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлерімен танысты. «Диуани хикметте» жырланған адамгершілік, имандылық, қанағат, кішіпейілділік, жомарттық жайындағы этикалық-дидактикалық тұжырымдар бертін келе, қазақ ақын-жыраулары поэзиясынан өзінің көркемдік жалғасын тапты.
Құтадғу білік
Жүсіп Баласағын 1000 қырғыз сомы банкнотасында.
«Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұни (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.
Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.
Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.
Жүсіп Баласағұни «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен.[1]
Құтадғу Біліг [2]– Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғ-ларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған.
Aудармашылар[өңдеу]
Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді.
Дастан[өңдеу]
Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Баласағұн өзінің «Құтадғу Біліг» дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Дастанда елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдық-этик. талаптар сипатталып көрсетілген.
Дастанның идеясы[өңдеу]
Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Баласағұнның «Құтадғу Білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған.
Туындысынан үзінді[өңдеу]
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!
Әзіз уа ұлы Аллаһтың құдіреттілігі айтылады
Аллаһ атымен бастадым сөз әлібін,
Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім!
Шексіз құрмет, шүкірлік[1] мың да бір,
Ол мәңгілік, Хаққа[2] лайық кіл қадір.
Жаратты Ол: жасыл көк, ай, күн, түнді,
Қара жер, ел, заман, уақыт, бұл күнді.
Қалады да, жаратты бар болмысты,
«Бол!» - деді де, бірден бәрін болғызды.
Жаралғанның бәрі мұңлық, мұңы көп,
Ием ғана, Жалғыз, шері, мұңы жоқ.
Ай, ерікті, Күшті, Мұңсыз құдайым,
Бұл есімдер Саған ғана лайық!
Ұлылық Сен, серігі жоқ Жалғызсың,
Жаратушым, жоқ Өзіңмен түсер тең!
Саған өзге кіріге алмас Дарасың,
Әуелгі де соңғы да Өзің, Сарасың.
Күмәнсіз, Хақ, Мәңгілік Сен, Бір ғана,
Санақтан тыс, қатынассыз бір Дара.
Іш пен тысты бірдей білген Асылсың,
Көзден - жырақ, көңіліме жақынсың.
Жараттың Сен кішісін де, ірісін,
Өтер бәрі, Өзің мәңгі Тірісің.
Жаралғанға түгел танық Жаратқан,
Қос дүниені анық қолға қаратқан.
Жасыл көкті безендірдің жұлдызбен,
Қара түнді жарық еттің күндізбен.
Қанша ұшқан, жүрген, жүзген, інде өскен,
Ішіп-жемі Сенен болып күн кешкен.
Көк үсті мен жер қойнының арасы,
Мұқтаж Саған, жоқ өзгеше шарасы.
Хаққа бүтін сенсең, тілді табындыр,
Көңілің сенсе ақылыңды бағындыр!
Мұңсыз Ием! Мен бір мұңлық құлыңмын,
Күнәмді кеш мейіріміңе жылындыр.
Сыйындым мен, Сенде үміт, сенім де,
Өзің қолда мұңға батқан жерімде!
Аллаһтың Елшісі туралы айтылады, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.
Рахымды Ием пайғамбарын жіберді,
Кісі ізгісі, ел сарасы жігерлі.
Түнек түнде шамы болды халықтың,
Саған, жұртқа нұрын шашты ол жарықтың!
Ол Аллаһтың жаршысы, ерім, білгейсің,
Сен содан соң, тура жолға кіргенсің.
Ата-анадан жетім қалып келді ол,
Үмбетіне тілек тілеп, берді жол!
Күндіз жемей, көр, түнімен жатпады,
Сені жақтап, қолдамады басқаны.
Сені тілеп, бейнет шекті күні-түн,
Салауат айт[3], мақта, ақта үмітін!
Елге деген рахымы ол құдайдың,
Қылығы хош, құлқы түзу, шырайлы.
Көркем мінез, ақылды, аппақ пейілді,
Жаны жомарт, қолы ашық, мейірлі.
Пейіл бұрдым енді оның жолына,
Сүйдім сөзін, сендім ділі оңына.
Ия иләһім[4], қорғап менің көңілімді,
Қияметте пайғамбармен бір еткін!
Қияметте көрсет толық жүзіңді,
Рақым етіп, Раббым, өткіз өзімді!
Төрт сахабаның ерекшеліктері туралы[өңдеу]
Төрт серігі бар еді оның сенетін,
Әрбір істе бірге қолдап еретін.
Бәрінен де Атық[5] ұлы, ірі де,
Хаққа түзу көңілі де, ділі де!
Тәрк қылды мал, жан-тәнін, жүдеді,
Тек пайғамбар сүйінішін тіледі.
Сонсоң, Фаруқ[6] еді кісі сарасы,
Тіл-ділі сай, халықтың ең данасы.
Діннің көркі, жәрдемші еді асқан ол,
Шариғатты халыққа кең ашқан сол[7].
Үшіншісі, Оспан - жомарт, ақылды,
Тандаулы ер, сақи, кең-мол, асыл-ды.
Әли - сонсоң, жігерлі, мәрт, ер-ді,
Жүректі, отты, ақыл-ойы кемел-ді.
Қолы ашық, сара-таза жүрегі,
Білімді, есті, даңқты әрі ірі еді.
Бұлар діннің, шариғаттың жаршысы,
Тартқызды азап кәпір, дінсіз қылығы.
Бұл төртеуі төрт тұғырдай мен үшін,
Түзілсе олар, болар тірлік, келісім.
Шығармашылық жолы
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Ғарыш ауқымы, Ғылым салалары және Ғылым иерархиясы.(ағл.)
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Бірінші ұстаз — Аристотель
Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”[7], “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
оның шыққан қаласы;
философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
философиялық ағымды тудырған басты себеп;
философиялық талдауға түскен мәселелер;
философияның алға қойған мақсаты туралы;
философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грекиядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птоломейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). Әбу Наср Әл-Фараби химия, медицина, география, минерология т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған: “Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат]]”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады.
Жаратылыстану саласында жазған трактаттары да, бұл салаға қосқан жаңалықтары да қыруар. Физикалық құбылыстарды талдайтын еңбегі оннан асады. Оның таразы туралы, механизмдер туралы, оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары әлемге әйгілі. Ол механикаға математика мен геометрия әдістерін жан-жақты пайдаланды, тәжірибені логикалық терең ойлау нәтижелерімен ұштастырды. Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын.
Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:
Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
Сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.
Қамар Cұлу
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті.
«Қамар Сұлу » романындағы Қамардың бейнесін автор:
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай.
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай? –
деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде:
Еріткен іші-баурыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қылыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі. Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, Бойының мінсіздігі оның асып. Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып.
Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы асты сызылған күрделі эпиеттерді қолданған.
Қамар мен Ахмет
Ахметтің Қамарға бірінші жазған хатында:
...Амалсыз арды түйіп қалам алдым,
Кеткен соң ғашық оты бойымды алып...
...Шығаршы жүректегі шын сырыңды, Жаутаңдап екі көзді мөлдіретпей. деген өлең жолдарында С.Торайғыров Ахметтің жан-күйін сипаттағанда ғашық оты; шын сыр; жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған.
Талпынып, қол сермедім ұшқан құсқа, Болса да жетер ме деп қолым қысқа Негізінен «Қамар сұлу» романынды қазақ салт-дәстүрлері сынға алынған. Ең көрнекті көрсетілген мәселесі қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны болып табылады. Ал жоғарыдағы келтірілген шумақта кедей Ахметтің байдың қызы Қамарға «қолы қысқа болса да, ұшқан құсқа қол сермеуі» деп мәселенің түп-төркінің дөп басқан. Ұшқан құс, қысқа қол эпитеттеттерін қолдана отырып сол кездердегі әлеуметтік –теңсіздік мәселесінің қозғалғанын байқаймыз.
Қамардың Ахметтің хатына жазған жауап хаты:
Қарасам, сүйгендіктен қарамаймын,
Сүйсем де, сол сөзіне жарамаймын. Арыстан айға шауып мертігіпті, Секірме, қолың жетпес көктегі аймын. Сен шыда, күйіп тұрсың, бір-ақ отқа, Болсаң да қандай қызу жалын шоқта. Аузың айтып, ар жағың біліп тұр ғой Екі оттың арасында тұрғам жоқ па?! Деп Қамар Ахметке қатал да, ойлы хат жібереді. Мұндай хаттың жолдауының себебі «Аш бала мен тоқ бала ойнамайды» дегендей. Және Ахметтің кедей отбасынан шыққаның ескерсек онда Қамардың данышпандығына сүйсінуге болады. Бұны өлең жолының бірінші шумағынан байқауға болады.Ол өзінің махаббатын болашақта Ахметтің амандығына қияды десе де болады. Бұл хатты алған Ахметтің толғанып Қамарға жазған екінші хаты:
Ол рас менен гөрі малың тәуір... Не шара, айтқан сөзім ем болмаса, Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең болмаса Сен үшін мұнша қапа болмас та едім: Алды-артым бәрі қысқа кем болмаса.
Өз жағдайын осылай бағалайды, бірақ өзінің шың махаббатынан қол үзбейді. Екеу арасындағы сезімдерін ашқан ақ хаттар осылай өтіп жатады. Бірақ «Жазмыштан озмыш жоқ» дейді ғой қазақ , бірін-бірі сүйген жандардың тағдырына бірге болу жазбаған. Жол айрықта екі жаққа айырылғанмен махаббатары еш өшпейді. Қамарға жорға Нұрым деген бір шал көз салып, оны:
Ататай, болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ-қолы жиырылған, Қосылар күн болар ма тұлыбыма? Қамар сарказммен осылай суреттейді. Бұны сатиралық түрдегі мысқыл да секілді.Бірақ бұл өмірдің қайда апарарын білмейсін ғой. Солай да Қамарды он бепс жасында жорға Нұрымға тұрмысқа шығарады.Кейін Қамар қатты ауыруға шалдығып, күннен-күнге халі нашарлайды. Жорға Нұрым өзінің надандығынан әртүрлі сөзі майлы бақсыларға сеніп, Қамардың жағдайын одан бетер ауырлатады. Қамардың қалған соңғы күндерінде Ахмет Қамарға келеді. Сонда Қамардың айтқаны:
Қазақта қыз туған жоқ менен артық,
Құлпырдым он бескеше бағым артып, Майысып пісіп тұрған дер кезімде, Малды шал анталады иттей тартып.
Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы!
Түйрейтін мал менен шал-саған бізі. Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы, Бол себеп ақырында қалмасқа ізі. Естіп жанында тұрған Ахмет естіген сайын өнбойы шымырлап, үзіліп кете жаздағандай болып, егіліп жылап отырып мынаны айтады: Сені кім отқа салған шырылдатып, Қойыпты тамағыңды қырылдатып. Құтырған көк төбеттей арс-ұрс етіп, Бақсыны кім әкелген ырылдатып. Келіп ем көзі барда көрейін деп, Көрген соң, күйігіңнен өлейін деп. Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын, Өзімді сенен бұрын көмейін деп Ахмет бұл әділетсіздік өмір күресіне қате жол таңдап, жорға Нұрымға қол салады. -Қарағым Қамар, міне сенің үшін жаным, қасықтай қаным, қош!-деп Ахмет соңғы сөзін айтады. Бұл өмір шындығы. Қазақ тарихының ұйқыдағы қазағымның ұзын да ұзақ қаралы жолы.
Әдеби жанрлар
Әдеби жанрлар (фр. genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады. Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Қайта өрлеу дәуірі тұсындағы өнер жанрлар арасындағы нақты демаркациялық шекара жоқ; XVII – XVIII ғасырлардағы классицизм эстетикасы жалпы иерархиялық жанрлар жүйесіндегі әр жанрдың тазалығын қамтамасыз ететін қатаң тәртіп орнатты. Сол уақытта Францияда «жанр» ұғымы қолданысқа енді; XIX ғасырда жанрлардың өзара әрекеттестік процесі қайта оралды. Олардың қосылып кетуі, тоғысуы, қатаң белгіленген шекараның бұзылуы басталды. Кейбір қазіргі заманғы теоретиктер жанр дифференциясы тіптен ескірген деп жанр мәселесін алға қоюдың қажеті жоқ деп есептейді.
Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды. Бұған байланысты ұғымдар Г. Гегельдің «Эстетика» еңбегінде , А.Н. Веселовскидің «Исторической поэтике» шығармасында және басқа да ғалымдардың еңбектерінде қамтылды. Эпикалық, драматургиялық, лирикалық және лиро-эпикалық сияқты жанрлық топтар ерекшеленген. Осындай топтардың әрқайсысының шегінде шығарма әдеби тегі, өлеңдік және прозалық формасы және соңғысы, өзінің көлемі бойынша ажыратыла алады. Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Осылайша, классицизм поэтикасы болып жоғарғы, ортаңғы және төменгі жанрлар ерекшеленді. Жанр жазушылар немесе ақындар міндетті түрде сақтауы керек регламенттелген жалғыз норма сияқты ұғынылды. Бұдан әрі классицизм жанрларының рационалистік жүйесін сентименталистер мен романтиктер бұзды. Олар шығармашылық бостандығын «тәртіптерден» жоғары бағалап, қарсы шықты. Романтизм классицизмге керағар жанрлар тудырды. Ол адамның ішкі көңіл-күйін, сезімін тереңірек ашып алдыңғы қатарға шығарды. Классицизм дәуірінде орын алмаған адамның ішкі сыры, терең сезімі, жеке тұлғаның ішкі уайым-қайғысы, қуанышы, яки адами қасиеттер сентиментализм тұсында алдыңғы орынға шықты. Сентименталистер шығармалары классицистік мадақ жырын, батырлық поэмаларды, трагедия, поэмаларды ысырып, ішкі сырды бейнелейтін эллегия, баллада, лиро-эпикалық романтикалық поэмаларға жол ашты. Әр автор жанр түрлерін әр түрлі жүйелендірді.
Әдебиеттану ғылымында біз әдетте, әр автордың қаламының ұшқырлығы, жазу шеберлігі өзінше дара, өркештеніп тұрады, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік жазу ерекшелігі болады дейміз. Өйткені, әдебиеттану сөз өнері болғандықтан «сөз – алтын жіп, жыр – кесте» демекші, сөздің құдыреттілігімен түрліше өріледі. Алайда, көп ғасырлық даму тарихы бар әдебиеттану ғылымы типологиялық ұқсастықтар бар. Осылайша, типологиялық ұқсастығы мен негізгі қырлары бойынша олар нақты бірнеше топтар мен тектерге бөлінеді. Бұл тектік бөлініс әдебиеттану ғылымы дүниееге келген кезден бастап туындады. Бұл көне гректер мен римдіктерге белгілі болды. Әдебиеттегі тек пен жанр түрлерінің теориясының негізін тұңғыш рет Аристотель қалады. Аристотель өзінің «Поэтика» еңбегінде әдебиетті «сөзбен өрілген өмір» дейді. Солай деп айта келе ұлы философ оның үш түріне тоқталады. «Оқиғаға автордың өзі қатыспай сырттай бейнелеуі» эпикалық тәсіл деп айта келе ол бұған мысал ретінде Гомер шығармаларын келтіреді. Екінші тәсіл – бұл әдеби тәсіл. Яғни, шығарманың негізі нысанасы - автордың жан толғанысы, ішкі сезімі, лирикалық көңіл-күйі. Енді ең соңғысына келер болсақ, ол – драмалық, ал тектің өзімі драма деп аталады. Драмада жазушының бейнелеген кейіпкерлері айтайын деген ойын өзінің іс қимылы, дауыс ырғағы, интонациясы арқылы сахнада береді.
Неміс философы Гегель әдебиеттің тегі туралы мәселемен ден қоя айналысқан. Бұл ретте ол өзі ғылымының негізі етіп философиялфқ ұғымдарды алады. Яғни, объект, субъект ұғымдарын пайдаланады. Әдебиеттің әдеби тектерінің негізін ол өзінің диалектикалық идеяларының негізінде қарастырды. Субъект дегеніміз ақынның өзі, эпос - баяндаушы жанр дей келе, лириканың түрлеріне мадақ жырын, элегияны, лирикалық жолдауды, өлеңді, эпиграмма мен сонетті жатқызады. Драмаға драма мен трагедияны жатқызады.
Сөйтіп, бір елде ерте, бір елде кеш тарап, жанр атаулары қанатын кеңінен жайды, сонымен қатар осы процесс істінде олар әртүрлі ассоциацияларға ие болып, басқа да мағыналарды жүктеді. Мысалы, Италияда «новелла» сөзі басында әртүрлі жанрдағы прозалық шығармаларды, рыцарлық романдарды, антикалық дәуірдің батырлық мифтерін, тарихи туындылар мен мысалдарды білдірумен қатар, тұрмыстық күлкілі әңгімелерді де білдірді. Ал Ресейде повестерді новелла деп атады. Жазушылар өздерінің шығармаларына қоғамның санасында қалыптасатын жанрлық атауын белгілейді. Авторлар кейде жанама ассоциациялардың жетегінде кетіп, қателесуі де мүмкін. Әдебиеттанушыларға автор пікіріне қарсы шығу қиындық тудырады.
Әртүрлі жанрдағы шығармалар кейде бір атаумен айтылса, енді бірде бір жанр әртүрлі елдерде түрлі атауға ие. Мысалы романдардың тарихи және қазіргі заманғы немесе, екінші жағынан, саяси және философиялық бөлінуін есепке алудың қажеті жоқ. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Ал автор мен кейіпкерлердің саяси және философиялық мүдделері оның проблематикасы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды. Айталық, лирикадағы арнау жанрға жатпайды.
Жанр - бұл тарихи құбылыс емес, типологиялық құбылысқа жатады. Олардың құрылысы мүлдем басқаша болғанымен, нақты жанр туындысы болады. Роман, комедия, элегиялардың жанрлық ортақтығы неде? Оны шығарманың өң бойынан іздеген дұрыс болар деп ойлаймыз. Яғни, шығарма авторының өз ойын беру әдісі жанрлық тұтастықты құрайды. Жоғарыда айтқан Аристотель мен Гегель философиясы осының айқын дәлелі болып табылады. Көп құрылымды көркем шығарманың мазмұынынан оның жанрлық аспектісі болып табылатын, тарихи қайталанатын аспектісін, жанр және оның түрлілігінің негізі жататын қырын табу керек. Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі туралы
Р.Уэллек пен О.Уорреннің тұжырымдамаларында жанр мәселесі анағұрлым кеңірек зерттелген. Олар: әдеби жанр – бұл фикция емес дей келе, әдеби жанрға төмендегідей анықтама береді. Олардың тұжырымдамасы бойынша: «Бір мезетте жазушының жазу мәнері арқылы анықталатын белгіленген ереже» әдеби жанр. Уоррен мен Уэллектің пікірі бойынша жанр теориясы: әдеби процесті уақыт пен орын санатының көмегі (кезеңділігі мен тілі) арқылы емес, таза әдеби категориялардың көмегімен классификациялауға мүмкіндік беретін, тәртіпке келтірілген жүйе. Осындай таза әдеби категориялардың қатарына жанр да жатады. Зерттеушілердің идеясы бойынша, жанр әдеби құрылым ретінде көркем шығармағы сыни баға беруде де қолданылады. Уэллек пен Уорреннің ойы бойынша жанр мәңгілікке белгіленбейді. «Шығармағы жеке, сыни көзқарас жаңа тек түріне жол ашуға мүмкіндік береді. Уэллек пен Уоррен жанр деп шартты түрде жалпы «ішкі» (ішкі сезім, көңіл-күй, қарым-қатынас, ойлау, өзге сөзбен айтсақ- тақырып пен аудитория) және «сыртқы» (пішіні, құрылымы) теориялық белгісі көрінетін әдеби шығармалар тобын атайды.
Мазмұны [жасыру]
1 Жанр формалары
2 М.М.Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы
3 Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы
4 Шығарманың жанры мен құрылымы
5 Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар
6 М.С.Каганның жанрлық классификациясы
7 Дереккөздер
8 Тағы қараңыз
Жанр формалары[өңдеу]
Лирикалық формалардан өлеңді, өзара тақырыптық ерекшеліктері мен көтерген мпәселелері бойынша байланысты өлең циклдерін – лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады: эллегия, сонет, ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме, пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі. Бұл формалардың әр түрі әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы жазушылардың шығармаларында әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді. Эпос, лирика, драманың тектері, атаулары әртүрлі болғанымен бір-біріне жақын болуы мүмкін.
Жауынгерлердің ұлтты азат ету мақсатындағы төңкеріс қозғалыстарын туындатуы түрлі жанрларда лирикалық шығармалардың кеңінен таралып, дамуына ықпал етті. Ұлтттық-тарихи лирика жетекші маңызға ие болды. Ол басқыншы жаулап алушылардың құрсауынан босануды аңсаған халықтың, бүтін бір ұлттың демократиялық ұмтылысын білдірді. Билік тізгінінен босануды аңсаған халықтың арман-мұратын көркем сөзбен өрді. Европа лирикасының «этологиялық» тенденциясы саяси сатирада ғана көрінген жоқ. Әлемнің көптеген елдерінде идиллиялық немесе элегиялық сарындағы «этологиялық» мотивтер туындады. Олар тәкаппар, рухани азғынданған, бұзылған қоғамның жоғарғы табының өкілдеріне табиғат аясындағы тыныш та бейқам, еркін де қарапайым өмірді қарсы қоя білді.
Еуропа халықтарының лирикалық шығармаларында суреттеу, бейнелеу, табиғат лирикасы алдыңғы орынға қойылған. Әдетте, табиғатты суреттейтін өлеңдер идеялық-эмоциалдық байытылған, лирикалық көңіл-күйде болды. Сонымен қатар, табиғат лирикасы ұлттық-тарихи және «этологиялық» өзінің мазмұнының жанрлық аспектісі бойынша романдық болуы да мүмкін. Әрине, бұнымен қоса эпос пен драматургиядағы сияқты лирикада жанрлық мазмұнның әртүрлі аспектілері өзара өткелсіз шекара арқылы бөлінбеген. Бір өлеңде олар ауыса алады. Демек, жанр тобына бөлу принципі әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері - эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр - шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады. Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі) - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды.
Мазмұнның көркем қызметі - тотемдік, магиялық және мифологиялық болады. Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды. Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін. Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған. Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты, сольдық, азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді. Ал, даму процесімен қандай да бір халықта жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды.
Ертегі - жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы. Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады. Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті. Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді. Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық) өзіндік ерекшеліктерге ие болды.
М.М.Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы[өңдеу]
М.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция даралығымен ерекшеленеді. Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал. Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені атап айтуға болады:
Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы;
Шығарманың жанры мен құрылымы;
Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар, олардың генезисі мен дәстүрі.
Осы проблемалардың барлығы жанр типологиясына байланысты.
Шығарманың жанры және ішкі диалогтылығы[өңдеу]
Бахтин әдебиеттен тек қана «ұымдасқан идеологиялық материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік қатынас процесі шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман») - мұның бәрі пішін мен стильді анықтайтын тірі күш. Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады. Демек, әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған. Зерттеуші жанрлардың екі жақты бағытын атап өтеді. Біріншіден, авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден, жанр әртүрлі оқырман қауымына арналған. Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән. Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың көркем туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше. «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық) жанрлардың көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді. Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады. Жанр жазушының тек қана көркем ойлау категориясы емес; сол немесе өзге дәрежеде әдебиеттің жанрлық репертуарымен оқырмандардың таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі. Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады. Жазушының жанрды таңдауы оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді. Көркем қабылдау процесі қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады. Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында.
Шығарманың жанры мен құрылымы[өңдеу]
Ғалымның әдеби жанрға деген қызығушылығының артуын түсінуге болады. Өйткені бұл «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы. Бахтиннің негізгі еңбегі жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды. Ғалым жанрдың қандай да бір поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі. Бахтиннің зерттеулері ғалымдар арасында жанр туралыі семиотикалық көзқарастың қалыптасуына себепші болды. Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған. Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі поэтика болып табылады.
Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар[өңдеу]
Бахтиннің назары бәрінен бұрын жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі ұзақ өміріне ауды. Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып тарихи уақыт, оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі. Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің классикалық мысалы қызметін атқара алады.
О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды. Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян. Алайда, бұдан көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік. Тек (және тектің түрі ретінде жанр) - шығарма құрылымындағы жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама.
М.С.Каганның жанрлық классификациясы[өңдеу]
М.С. Каганның теориясы төрт тарапты жанрлық классификацияның жобасы ретінде белгілі. Жанрлар
«тақырыптық»,
«танымдық» тұрғыдан,
«аксиологиялық», (трагедия-комедия),
сондай-ақ үлгілі моделдер құруы бойынша (очерк, мысал) дифференцияланады.
Осып принциптердің әрқайсысының өзіне тән құрылымы бар. Каганның сызбасын әдебиетте пайдалану көп дау туғызады. Жетекші мазмұны проблемалық дәрежеде болғандықтан, тақырыптық немесе сюжеттік-тақырыптық шектеу (прозада махабаттық-психологиялық, әлеуметтік-талдау, тұрмыстық, рыцарлық, әскери, детективті жанрлар бөлінген) шартты түрде. Шығарма мәтінінің баяндау арқылы берілуі эпикалылығының, мәтіннің медиативтілігі – оның лирикалылығының, туындының диалог арқылы берілуі – драмалық тегінің кепілі. Негізінен алғанда Каган терминологиялық нақтылыққа қатты жүгінген. Екінші жағынан алар болсақ, зерттеуші шартты терминдерді де пайдаланған. Оларды атап айтар болсақ: ұлттық-тарихи, этологиялық, жанрлардың романтикалық тобы. Ғалым ұлттық-тарихи (батырлық) және романдық жанрдың арасындағы мазмұндық айырмашылықты атап көрсетеді. Каганның түсінігі бойынша ұлттық – тарихи, этологиялық және романдық жанрлар – көркем әдебиеттің даму формасы. Каган жанрдың төртінші тобы бар деген тың түсінік айтып, оған әдебиеттің ең көне жанры мифті жатқызады. Ғалым жанр формас деген түсініктің дәстүрлі түрде біздің санамызда жанр ретінде қалыптасқандығын айтады. Біз ертегі жанры, әңгімен жанры, роман, повесть жанры деп айтамыз, бұл біздің санамызда әбден сақталып әдебиетішлер мен сыншылардың терминолгиясында бекіді. Бірақ та жанр мәселесін дұрыс шешу үшін бұл көзқарастардан айну қажет дейді. Ол жанр нақты тарихи емес, типологиялық құбылыс деп таниды. Каган өзінің зерттеу нысанасын нақты көрсететін «жанрлар тобы» деген терминге көп тоқталғаны түсінікті жайт. Ғалымды бәрінен бұрын жанрлар тобын ортақтастыратын қырлары қызықтырады. Айталық, этологиялық жанр ретінде сатираның, идилияның, утопияның ұқсастығы. Каганның зерттеулері әдебиеттану классификациясын жанрлық типология ретінде қарастыру тәжірибесімен құнды. Бұл ретте, бір шығармада бірнеше жанрлық тенденцияның тоғысқандығы айтылады. Бұл топтар әдебиеттің тарихи даму кезеңінің әр сатысында әртүрлі қатынасқа түсіп отырады. Каганның ғылыми зерделеулері бойынша әдебиеттегі тек пен түрді, жанрды тек қана шартты түрде бөлуге болады[1].
Лирика[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
Саяси-азаматтық Лирика
Махаббат Лирикасы
Көңіл күй Лирикасы
Табиғат Лирикасы
Лириканың тағы басқа түрлері - арнау, ой, романс, пастораль, эклога, эпиталама, эпитафия, эпиграмма, идиллия. Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір түрі - баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар. Антикалық әдебиетінде көп тараған идиллия уайым-қайғысыз жеңіл өмірді жырласа, одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар. Арнаулы өлшеммен жазылатын Лирикалық сонет үлгісін Е.Әукебаев, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Аманжоловтар қолданған. Элегия да Лирикаға жатады. Онда көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін Лирикалық шығармалар өте көп. С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С. Мұқанов, С. Мәуленов, Ә. Тәжібаев, F.Орманов, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев шығармаларында қазақ Лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.[1]
Мұхтар Әуезовтің әдебиет зерттеу еңбегі[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұхтар Әуезовтің әдебиет зерттеу еңбегі. Әуезов шығармашылық өмірінің апғашқы кезеңінен бастап көркем шығармалар жазумен қатар, әдеби сын, зерттеу еңбектер тудырған. Оның ең алғаш баспа бетінде жарияланған еңбектері әдеби-публицистикалық сын мақалалар еді.
Жазушы 1928 ж. «Өз жайымнан мағлұмат» атты Өмірбаянында:
« «Алғашқы жазуларым сырлы әдебиет бетінде болмай, жалпы газет, журнал мақалаларынан басталды» »
деп жазған еді. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында алғашқылардың бірі болып, әдебиет тарихына байланысты зерттеу мақалапар, оқулық еңбектер жазып, тыңнан жол салды, мол ғылыми мұра қалдырды. 1918 ж. «Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы ақындар» атты мақалалардан бастап, 20-жылдары «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі», «Қызыл сүңқарлар» (1922-23), «Алтынсарыұлы Ыбырай» (1923), «Халық әдебиеті туралы» (1924), «Қобыланды батыр» (1925), «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» (1926), т. б. мақалалар мен «Әдебиет тарихы» (1927) атты көлемді зерттеу кітабын жариялады. Жазушы осы кезеңнен бастап Өмірінің соңына дейін қазақ ауыз әдебиеті мен жазбаша әдебиетінің тарихы, оның басты екілдері мен негізгі туындылары турапы зерттеу еңбектер жазған. Әуезов әуел бастан әдебиет тарихын халықтың жалпы азаматтық тарихымен тығыз бірлікте қарастыру қажет деп білді. Ол қазақ фольклористикасында ауызша әдебиеттің түрлерін:
1) сыршылдық салт елеңдері;
2) әңгімелі өлендер (батырлар әңгімесі, ел поэмалары, тарихи елеңдер;
3) айтыс-тақпақ;
4) ертегі, мақал, мәтел, жұмбақ
деп топтастырады.
Мазмұны [жасыру]
1 Салт өлеңдер
2 Әңгімелі өлеңдер
3 Айтыс өлеңдер
4 Абайтану
5 Дереккөздер
Салт өлеңдер[өңдеу]
Ғалым кейінірек осы езекті меселеге қайта оралып, өз үлгісін дамытып, жетілдіре түсті. Олардың кейбіреулерін кең таратып, алмастырып, басқаша атағанымен, сол алғашқы топтастырудың негізі сақталып, іргетас болып қаланды. 30-жылдардың соңында Әуезов Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты зерттеуі кейін өзінің тікелей жетекшілігімен, 1948 және 1960 ж. шыққан «Қазақ әдебиеті тарихының» (1-т., 1-кітап) академиялық басылымында мейлінше толықтырылып, жетілдіріліп жарияланды. «Әдебиет тарихы» зерттеу еңбегінің 1-беліміңде автор сыршылдық салт өлеңдерін: «жалпақ елдің салтымен байланысқан ел елеңдері, дін салты мен ұғымынан туатын елендер, қыз ұзату үстіндегі саж өлеңдер» деп үш түрге беліп қарастырды. Олардың әрқайсысының туып, таралуын халықтың күнделікті тұрмыстық, әдет-ғұрып салтымен тікелей сабақтастырып айқындады. Салт өлеңдерінің кейбірін басқа ел әдебиеттерінде кездесетін үлгілермен де салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік өзгешелік-ерекшеліктерін ашып көрсетті. Ап естірту, көңіл айту елеңдерінің де тікелей тұрмыс тауқыметі мен соның қажетінен туғандығын, «қайғы үстіндегі сүйеу сез, көңіл айтып жұбатқан сез болатынын», яғни егер естіртуде көбіне тұспал, жұмбақпен ауыр хабарға алдын ала дайындап алса, көңіл айтуда «ауыр хабар алғашқы рет естілетін жерде құр ғана қайғының бірін айтып, жараның аузын ашып қоймай, қазақтағы бауырмалдық, туысқандық, жанкүйерлік жолмен соның емі сияқты жұбату да айтылады» деді. Дінмен байланысты өлеңдердің ішінде басқа халықтардың ауыз әдебиетінде кеп кездесе қоймайтын қазақ арасындағы ескі діннің сарқыты саналатын «бақсы сарынының» ерекшеліктері жайлы да жазушының ой-пікірі көңіл аударарлықтай. Әуезов батырлар жырын мағыналық, көркемдік ерекшеліктерімен қатар тарихи тұрғыдан да тексеріп тану қажет деп санайды.
Әңгімелі өлеңдер[өңдеу]
«Батырлар әңгімесінің басы ескі түрік бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады... Қазақтағы батырлар әңгімелерін басынан аяғына дейін анықтап, тексеріп қарағанда, бізге тіпті анық қылып тарих бетін ашып береді демесек те, сол ескі тарих келемінде болған ірі мезгілдердің барлығының да ұлы суретін нобайымен, тұспалмен көрсеткендей болады»
деп, оларды талдау барысында әрбір жырдың тарихи негізін, ел тарихымен жанасатын тұстарын айырып айқындап, өзіндік таным-болжамын білдіріп отырады[1]. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» көркем, іңкәр ғашықтық жыры болумен қатар кешпелі қазақ елінің өзгеден бөлек тұрмыс-тіршілігінен, салт, кәсібінен көп мағлұмат беретін,
«қалың қазақ жайлаған жібектей шалғыны, көлеңкелі ағашы, қоңыр желі, малға шүйгін ақ кедесі бар Сарыарқаның жыры, барлық қазақ елінің ішкі, сыртқы өмірінің күйі, даласы мен кәсібі, салтының жыры»
деп жазады. «Қозы Көрпеш - Баянның» мәнісі» атты талдауында жазушы жыр кейіпкерлерінің әрқайсысы бір-біріне де, басқаларға да мүлде ұқсамайтын өте шебер жасалған өзіндік типтік бейнелердің әсем тізбегі сияқты. Жырдағы, бір жағынан, өте нәзік, сұлу сезімді махаббат иелері мен, екінші жағынан, қара күш пен дүниеқор пасықтардың тартысын «қасын түйген қара бұлт пен жүйрік, өткір найзағайды алыстырғандай болады» деп дәл сипаттайды. Ғалым «Қыз Жібек» жырын да осылайша, өзіндік әсем ерекшеліктерін түптен тартып, жан-жақты да терең талдай келе, оны «ел әдебиетінің ішінде жазбаның романы сияқты керінеді» деп өте жоғары бағалайды. Бұл екі жыр туралы жазушы 1939, 1948, 1960 ж. қайта толықтырып, жаңадан еңдеп жазған болатын. Автор ноқтаға бас иіп, орысқа бағынуға қарсы халық наразылығынан туған қозғалыс, көтерілістер туралы жырлардың «әзірге қолда бары» деп, «Кенесары - Наурызбай», «Исатай - Махамбет», «Бекет батыр» жырларын талдап қарастырады. Олардың жеке-жеке өзіндік ерекшелік қасиеттерін ашып, анықтай отырып, жалпы осы тарихи жырларға тән, ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен, батырлар жырынан айырым өзгешеліктерін де саралап айқыңдайды. Тарихи жырларда өзге өлең-жырлардай тұспалмен асыра, айдарлай суреттеуге бой ұра қоймайды, ейткені күні кеше ғана өткен «барлық оқиғалардың бетінде тарих басып еткен жер сорғалаған қан, сойқақтаған із болып ашық жатыр». Сондықтан оларда ақын қиялы қаншалық шарықтаймын дегенімен «Өмір кісенімен тұсалып», бұрынғы елеңдердегі жасырынды сүйетін тұманды сарын сейіліп, әдебиетте жаңа бағыт туғызып, өмірге жанасу басымдау бола берген.
Айтыс өлеңдер[өңдеу]
Айтыс өлеңдерінің «қазақ ескілігінде ете жанды, ете қызулы, бағалы сез болғандығын, ...айтыс сөздерінің молдығы мен көп жайылғандығына қарасақ, қазақ елі ақындық теңізі сияқты көрінеді» деп, оны басқа хапықтардың әдебиетіндегі кейбір анда-санда кездесетін елең жарысына ұқсаған шашыранды елеңдерге қарағанда, айтыс «қазақ әдебиетінің езіне ғана меншікті саналады» деген түйінді пікірін білдіреді[2]. Кейінгі зерттеулерінде автор айтыс өлеңдерін: әдет-салт айтысы және ақындар айтысы деп үлкен екі топқа беліп, ақын- дар айтысын сыртқы түр ерекшеліктеріне қарай: түре айтыс және сүре айтыс деп, түре айтысты - қайым өлең, қара елең деп топтап жіктейді. 1946 ж.«Жамбылдың айтыстағы өнері» атты ғылыми баяндамасында Әуезов айтыс ақындарына тән езгеше ерекшеліктерді айқындап, саралай келіп, ол ақындарға халық «суырыпсалма ақын» деген атақ беретінін, олардың «қынаптан қылыш суырғандай жалт еткіш, отты, өткір өнер иесі» болатынын;
«шабыты келген ақпа ақын бабындағы аш қыранға меңдес, тұрғыдан томағасын тартқанда алғыр қыран бар еңірді сәтте керіп, шолып етіп, қимыл еткен шөп басын, қыбыр еткен тышқан жүрісін, қылт етіп бұққан түлкі түгін ілезде шалып қалғандай. Айтыс ағымындағы ақпа ақын да сондайлық кемескіні көргіш, бұлдырды білгіш болмақ шарт» [3]
деп айқындайды. 1922 ж. жазған «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі» атты тарихи-әдеби сын еңбегінде әдебиеттің еткен дәуірлеріне қысқаша шолу жасап, жазба әдебиеттің басын, басталу кезеңін «кешпелі дәуір әдебиеті» деп атаған еді. Кейінгі «Әдебиет тарихы» атты кітапта жазушы осы ой-танымын ары қарай кеңейтіп, дамытып, «көшпелі дәуір» деген жалпы атауды нақтылай түсіп, ол кезеңдегі әдебиетті «Зар Заман ақындары» деп атайды. Бұл атауды автор Шортанбай ақынның заман халін айтқан бір елеңнің аты болса да, «Шортанбайдың өлеңі ілгері соңғы ірі ақындардың барлық күй, сарынын бір араға тұтастырғандай жиынды өлең болғандық- тан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен елең айтқан ақындардың барлығына «Зар заман ақындары» деген ат қойдық» деп түсіндіреді[4].
Абайтану[өңдеу]
Жазушы өзінің бала кезінен Абай елеңдерін жаттап өсіп, одан рухани нәр алып, сүйегіне сіңіріп, өсіп жетілгенін үнемі айтып, жазып келген. Семей семинариясында оқып жүрген кезінде 1918 ж. Ж. Аймауытовпен бірге «Абай» атты журнап шығарысып, «Абайдың өнері һәм қызметі», «Абайдан соңғы акындар» атты мақалалар жарияланған. 1922-23 ж. «Шолпан» журналында бастырған «Қазақ әдебиетінің бүгінгі дәуірі» атты тарихи-әдеби сын мақаласында Абай шығармашылығына кеңінен тоқталып, қазақ әдебиетінің тарихын Абайға дейінгі және Абай дәуірі деп жіктейді. Осы еңбектерден бастап Абай тақырыбына арнап үзбей көркем туындылар мен ғылыми-зерттеулер жазды. Әуезов ерте бастан Абай туындыларын жинап, оның толық шығармапар жинағын 1933, 1939-40, 1945, 1957 ж. құрастырып, толықтырыпжариялады. Оның ішінде ақын еңбектерінің жартысына жуығын езі іздестіріп-тауып енгізді. Орыс, өзбек, қырғыз, ұйғыр, қарақалпақ т. б. көптеген тілдерге аудартып, бірнеше дүркін басылып шығуына тікелей ат салысып, басшылық жасады. Абайдың ғылыми өмірбаянын тынбай зерттеп, 4 рет толықтырып жазып шықты. Жеке тақырыптарға жазған мақала, зерттеулерінен, абайтану курсынан оқыған дәрістері мен баяндамаларынан басқа 1959 ж. шыққан «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» атты монографиялық зерттеуінде ақынның өмірі мен шығармашылығын жан- жақты талдап, қарастырған. Әуезов осы монографилық зерттеуінде Абайдың ақындық айналасының, ақындық мектебінің төл шәкірттері Ақылбай, Мағауия, Көкбайлардың шығармалары жайлы, олардың тақырыптық, көркемдік жаңалықтарына Абай дәстүрінің әсер-ықпалы, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты алғаш рет тұжырым байлаулар жасап, кейінгі зерттеушілерге жөн-жоба, жол көрсетіп берді. Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс» поэмаларына талдау жасап, онда Абайдың антик дәуірінен «Ескендір», араб ескілігінен «Масғұт» поэмаларының үлгісімен «ұлттық шеңберден кеңірек өріс іздеген дәстүрін» жалғастырғанын атап өтеді. Поэмаларда қызық оқиғалы тартыс түйіндерін өте шебер қалыптап, адам образын керсетуде махаббат, кек сияқты өте сезімді күйлерді аса зорайтып жырлайды. Өлең тілінде, теңеулерінде «көтере көріктеу, асыра сипаттау мысалдары кеп кездеседі» деп, жалпы «Ақылбайдың суретшілігінде езгеше бір өндімелі кеңдік пен үйлескен анық дәлдік бар» деген тұжырым айтты. Мағауияның романтизм сарынындағы «Медғат - Қасым» поэмасына кеңірек тоқталып, оны «барлық құрылыс» стилімен, сюжеттік, образдық мәдениет өрнегімен және қазақ поэма жанрына кіргізген жаңаша шеберліктерімен орыс поэмаларынан кеп үлгі алғанын айқын танытады. 1994 ж. жарияланған «Абайтану дәрістері» атты кітапқа енген Әуезовтің «Абай мектебінің ақындары» деген тезис жазбасында:
«Абай шәкірттерінің дәл осы жөніндегі табыс нәтижелерін айтқанда, олардың бірде-бірі Абай жеткен дәрежеге жеткен жоқ»
деген әділ пікірін айтқан. Осы кітаптағы «Көкбайдың ақындығы» атты мақаласында оның «Абай айналасындағы бар ақынның ішінде суырыпсалма, импровизацияға ең жүйрік ақын» болғандығын атап керсетіп, 1924 жылдан бастап Абайдың Өмірбаянын жазушыларға және шығармаларының толық жинағын құрастыруға «Кекбай барынша зор кемек керсеткен еді» деп, мол ризашылықпен дәріптейді. Әуезов ілгергі «Абайдан соңғы ақындар» атты мақаласында Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушылар ретінде А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, М. Дулатов, С. Торайғыров, С. Дөнентаев, А. Мәметов, Б. Өтетілеуов, Ғ. Қарашевтарды атап, оларды өлеңдерінің мазмұн-мағынасына, өрнек үлгісіне қарай, теориялық, тарихи ерекшелік тұрғысынан үш түрлі негізгі топқа беліп саралап қарастырған. Жазушы жеке мақала, зерттеулерінде кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің басты екілдерінің өмірі мен шьғармашыльғы турапы, әдебиеттердің езара байланысы және кейбір ұлт әдебиеттерінің шығармалары туралы, жас ақын-жазушылардың алғашқы сәтті туындылары жайлы да өзіндік ой-пікірлерін білдірген. Әуезовтің жоғарыда атапған үлкенді, кішілі зерттеу еңбектерінде айтылған ой-тұжырымдары, баға-байламдары науқандық, кезеңдік еткіншілігімен емес, нағыз ғұлама зерттеушіге, суреткер-ғалымға тән өзіндік терең теориялық танымымен, кемел көрегендік болжамымен айқын өрекшөлөнеді, сонысымен құнды.[5]
Ұлы ақын әрі ағартушы Абай Құнанбаевтың қилы тағдыры мен өмірін суреттейтін «Абай жолы» атты роман-эпопеяны оның алыс туысы танымал қазақ жазушысы М.О. Әуезов жазды. Осы еңбегі үшін оған 1949 жылы Сталин сыйлығы («Абайдың» бірінші бөлігіне) және 1959 жылы Ленин сыйлығы («Абай жолының» екінші бөлігіне) берілді. Романда ХІХ-ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамының ауыр тіршілігі көрсетіліп, қазақтардың көп ғасырлық көшпенді өмірінен қол үзуі баяндалады. «Қамтылатын тақырыбының кеңдігі, сөз саптау шеберлігі және әдеби өңделуі жағынан «Абай жолы» ерекше көріністі береді», - деп жазды академик Қ.Сәтбаев.
Абай – ұлы ақын, философ, ағартушы-демократ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, халық жақтаушысы. Абай халқы үшін ауыр уақытта өмір сүрді. Дала билік үшін күшейіп келе жатқан күрестен, колониалдық және феодалдық ығыстырудан азғындалды. Осының бәрі қазақтың озық қоғамдық ойының және шексіз далада күнге, сәулеге ... қайраттандыратын көркем сөзінің өсуіне қорғасын болып төгілді. Мұның жемісі ретінде халыққа қазақтың реалистік әдебиетінің негізін салушы – Абай бұйырды!
Абай – бай әрі дүниеқор феодал Құнанбайдың ұлы. Ол туған ауылына оралғанда, әкесі оны өзінің ісіне баулымаққа ұмтылды. Құнанбайдың елшісі ретінде Абай ауыл-ауылды аралап, әкесінің жарлығын орындады. Осы көріністе Абайдың әкесі сияқты аты шыққан бай боларлық келешегі байқалады, бірақ Құнанбай күткендей және талап еткендей болмады. Өйткені Абайды билік те, байлық та қызықтырмайды, ол жеке басының амандығы мен игілігін әділдік пен шындыққа құрбан етеді. Абайдың осындай әділдік пен шындықтың құрбаны болуына оқуға деген махаббаты түрткі болғаны сөзсіз. Автор оның шығыс әдебиетін сүйіп оқығанын жазады. Абайдың көзқарасының қалыптасуына оның әжесі Зере мен шешесі Ұлжанның ықпалы да зор болды. Олар бала Абайды жақсы көріп, жағымды жаққа тәрбилеп, оның беделді азамат болуын қалады. Абай өзінің халқына зор сүйіспеншілікпен қарады. Ол заңсыздық пен қылмыс арқылы бейбітшілікке қол жеткізуді қаламады, оған көптеген қатал патриархалдық заңдар ұнамады.
Әкесімен қақтығыс баяу әрі ауыр болды. Абай өсе келе оның әкесімен қатынасы тіптен нашарлап кетті. Әкесінің пікіріне аса қарсылық білдірген бірінші жағдай – ол кедей әрі еш кінәсі жоқ Қодардың өлім жазасы. Осы жағдайдан кейінгі қу Құнанбайдың жағына Абай шықпады. Абай есейген сайын әкесіне және оның жақтастарына, кейінірек ізбасарлары: Тәкежанға, Оразбайға, Майбасарға және т.б. деген қарсылығы күшейе түсті.
Бүкіл романның желісінде Абай халықтың жақтаушысы болады. Халықтың басына жұттың ауыр күндері түскенде, Абай кедейлерді қорғады. Ол кедейлік жағдайды азайту үшін, әкесінен қорықпай, шөп пен малды кедейлерге үлестірді. Романда Дәркембай, Базаралы, Ербол сияқты кедей отбасынан шыққан Абайдың бала күнгі достары жайлы айтылады. Әділдікке қарсы күресте Абайдың өмірімен олардың тағдыры жиі қиысып отырады.
Ербол оның бүкіл өмірінде бірге болады – ол қарапайым адам, бала күнгі досы әрі жолдасы. Ерболдың арқасында Абай өзінің алғашқы махаббаты «басы байлаулы» Тоғжанмен жаза тартпай, кездесуге мүмкіндік болады. Тоғжанның арқасында Абай нағыз махаббаттың бал дәмін татады және кітаптың соңына дейін Абайдың ол жайлы естелігін кездестіреміз. Абайдың екінші үлкен махаббаты немесе біріншісінің жалғасы Тоғжанға ұқсаған Әйгерімге деген махаббаты. Абай оған үйленуге бекінеді, бірақ қыз басқаға тиесілі болып шығады. Абай оның әкесіне қалың малын толық төлеп, күйеу баланың барлық материалдық жағдайын жасап, Әйгерімнің некесін бұзады.
Абай халық жақтаушысы, ол күрескер ақын. Ол Абайдың кезінде өзінің күшін сақтап келе жатқан ескірген патриархалдық-рулық дәстүрлерге қарсы шықты. Жастар Абайды халық жақтаушысы ретінде қабылдайды. «Жаңа» жастар мен Абайдың балалары арасында – аса дарынды жасөспірімдер – Әбіш, Мағаш. Абай оларды жақсы көріп, олар арқылы өз халқының болашағын көрді.
Абай тұлғасы мен шығармашылығының қалыптасуына оның орыс революционерлерімен достығы және орыс мәдениетімен танысуы үлкен рөл атқарды. Әдебиет пен өнер – бұл Абай өмірінде ерекше орын алды. Ол онымен өмір сүріп, жаңа талантын тәрбиелейді. Оның халық шығармашылығына деген сүйіспеншілігі шексіз. Қызықты көрініс А.С.Пушкиннің «Татьянаның хаттарын» Абайдың аударуына арналады. Татьянаның терең сезімін ашатын Пушкиннің тамаша жолдарын аударып қана қоймай, ол жаңа әуен, жаңа өлең тудырды. Абай осы өлең арқылы өзінің сезімін сүйікті қызына арнады. Сонымен «Татьянаның хаты» жаңа өмірге келді – қазақ халқының сүйікті өлеңіне айналды.
Абай өмірінің соңына дейін өзінің ағартушылық идеалын, халықты гүлдендіру ісіне сенімін және күрескерлік қайсарлығын сақтады. Абай жолы – бұл қоғамдық және жеке себептерден туындаған азапты жол болды. Ол халқының қорланғаны, тапталғаны, кемсітілгені, қоршаған патриархалдық-феодалдық өмірдің жиркенішті жауыздығы үшін күйзелді. Ол орны толмас қайғысына күйзелді: Петербургте оқып жүрген білімді, талантты ұлы Әбдірахман, ал Әбдірахманның соңынан дарынды ақын Мағаш қайтыс болды. Басқа тауқыметімен бірге екі ұлынан бірден айрылуы ол үшін шамадан тыс соққы болып тиді. Абай дауылмен таласып, қапылыста күйреген жалғыз тал туралы, ол әлемге сепкен тұқымның берекелі көктеуін көксеп, зарығып қайтыс болады.
«Ұлы адам қайтыс болғанда, ол қалдырған жарық адамзаттың жолына ұзақ жылдар бойы сәулесін түсіреді», - деп айқан екен Генри Лонгфелло. Иә шын мәнінде, Абай сол айтқандай ұлы адам, оның шығармашылығы қазіргі күнге дейін өмір сүруде және болашақта да өмір сүре береді.
Әдебиет сыны[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы.
Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы. Міне, сол сан қырлы өмір оқиғаларының көркем әдебиетте қалайша көрініс тапқандығын анықтап отыратын Ә.с. да оларды түрлі жақтарынан зерттейтін ғылым салаларының жетістіктерін қажетінше пайдаланып отырады. Ә.с-нда берілген баға сол кезеңдегі әдеби процестің үні. Онда пікірлер қайшылығының кездесуі заңды да. Ә. с. көркем шығармашылыққа дер кезінде үн қосып, сыр-сипатын айқындайды, баға беріп, пікір білдіреді.
Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл-Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. АЫбырай Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Сұлтанбек Қожанов, Ы. Ыдырыс Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты. Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды.
Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой-толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды. Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды.
80 ж-дардың соңына қарай елімізде басталған түбірлі бетбұрыстар қазақ Ә. с-ына да тың серпіліс әкелді; алға жаңа міндеттер қойды. Мұндай үлкен міндеттерді атқаруға сынның ғыл. сипаты артып, әдебиеттану ғылымының өрісі кеңейе түсті. Қазіргі кезде Ә. с. жан-жақты өркендеп, жанрлық түрлері дамыды. Әдебиеттану ғылымының бұл саласында сын мақала, сын пікір (рецензия), шолу мақала, эссе (публист. немесе ғыл. очерк), сын-монография т.б. жанрлық түрлері дами бастады.[1]
Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес.[1]
Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді.[3] Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра. Байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен, тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы мен жаман туралы түсініктерінен, асыл арманы, биік мұратынан жан-жақты мағлұмат береді. Әрі ұлттық рухани мәдениеттің ғасырлар тізбегіндегі тарихи өзгерісін, этникалық санамен қарайлас жүріп өткен жолын да көз алдымызға елестете алады. Ауыз әдебиетінің шығарушысы да, таратушысы да, тыңдаушысы да — халық. Сондықтан ол, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Ауыз әдебиетінің осы өзгешілігі оның әлеум. бітімін де айқын сипаттайды. 20 ғасырдың басына дейін көшпелі қоғамда туып, көшпелі қоғамның талап-талғамы мен әлеуметтік қажеттілігіне толық жауап берген ауызша сөз өнері өзінің барлық даму жолдарында айрықша жүк арқалады, көркемдігі мен әлеум.-қоғамдық қызметі бойынша ең биік тұғырға көтерілді. Көшпелі қоғам мәдениетінде табан астында туып, тыңдаушысын тәнті етпеген өлеңді, мәнерін таппаған жырды өнер деп танымаған. Осындай тіршілік аясында қалыптасқан ауыз әдебиеті барлық белгілері бойынша классик. деңгейге көтерілген. Сондықтан да қазақ халқының ауызша сөз өнері отырықшы елдердегі көп өнердің бір тармағы ретінде дамыған фольклорлық шығармашылықтан оқшауланып тұрады. Көшпелі қоғамда фольклор белгілі бір әлеум. топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ханы мен қарасына, батыры мен биіне, байы мен кедейіне ортақ өнер, әмбеге тиесілі мұра. Бұған себеп күнделікті тіршілікті өнер дәрежесіне, кез келген құбылысты бейнелі де бедерлі жеткізуге дала перзентінің бейім тұруы еді. Қазақ даласындағы көшпелі қоғам мәдениет пен ғылымның біраз салаларынан кенжелеп жатқанымен, ауыз әдебиетінің таң қаларлықтай тұтас, қоғамдық дәрежеде дамуына мейлінше толық жағдай жасады. Ауызша айту фольклордың тек қана шығарылу, таралу жолы емес, бүкіл қоғам тарапынан қолдау тапқан өнердің басты шарты болды. Үлкен де, кіші де ауызша өнер дәстүріне дағдыланды, жасынан санасына сіңіріп, соны ғана мойындады. Бүкіл қоғам ауызша өнер мектебі болды. Осыған лайық ауыз әдебиетінің көтерген жүгі де орасан зор еді. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой-түйіндері, педагогикалық тәжірибесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары, театрлық өнерге тиесілі есесі ауыз әдебиетіне жүктеледі. Іс жүзінде оның араласпайтын саласы қалған жоқ. Шілдеханадан бастап рулар арасындағы дау-дамайларға, бесік жырынан бастап жоқтауға, ем-домнан бастап лирикалық өлеңдерге, ырым-түсініктерден бастап қоғамдық дүниетанымдық аңыз-әңгімелерге, мифтік сенімдерден бастап қоғамдық ой-пікірлерге дейінгінің бәрі де фольклорға тоғысты. Сондықтан да ол қай заманда да белгілі бір топтың (немесе таптың) ғана мұрасы болған жоқ. Бұған өткен қоғамдарда қазақ ауыз әдебиеті туралы пікір білдірген адамдардың әр түрлі мамандық иелері болуы да дәлел бола алады. Олар өздеріне қажет елдің тарихы, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, мінез-сипаты, дүниетанымы, моральдық-этикалық нормалары, заңдары, діні, дәрігерлік тәжирібесі, қару-жарақ, киім-кешек, жер-су, мекен, тау-тас, көл, өсімдіктер мен жануарлар туралы мәліметтерді алдымен осы фольклордан тапқан. Қазақ А. ә-нің қуатты қайнар көзі ауызша жырлаудың небір саңлақтарын дүниеге әкелді. Есімі тарихтан белгілі сонау 14 — 15 ғасырлардағы Сыпыра жырау, Асан Қайғыдан бастап кешегі Жамбыл, Нұрпейіс, бүгінгі халық ақындарына дейінгі аралықта ауызша жырлаған ақын, жырау легінің даңқы қазақ мәдениетінің тарихында біржола орын тепті. Бұл іс жүзінде халықтық фольклорлық мұраның ауызша даралық кәсіптік өнерге дейінгі жүріп еткен жолы еді. Авторлық ауызша әдеби мұраны ауыз әдебиетінің қатарына қоспағанымызбен оның төл тарихы содан басталатынына ешбір күмән жоқ.[4] Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Еліміздің тәрбиелік, эстетикалық, адамгершілік мұраттарының айқын айғағы, рухани өлшемі де сол фольклордан бастау алады. Ауыз әдебиеті жанрлық құрамы жағынан да сан-салалы болып қалыптасты. Тұрмыс-салт өлеңдері (еңбек-кәсіп, аңшылық, үйлену, жерлеу салты, наным-сенім т. б.), ертегілер, аңыздар, әпсаналар, мифтер, эпостық жырлар, тарихи өлең, қара өлең, лирикалық өлең, өтірік өлең, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, айтыс, шешендік сөздер, жаңылтпаштар, драмалық үлгідегі шығармалар... — міне, ауыз әдебиетінің негізін құрайтын осы бір жанрлардың өзі әрі қарай түр-түрге бөлініп кете береді. Бұлардың қай-қайсысы болса да сөзбен айтылатын шығармалар және олардың негізгі құралы сөз. Сондықтан ауыз әдебиеті, ең алдымен, сөз өнері. Рас, ауыз әдебиетінде сөзден басқа әншілік және орындаушылық өнер де айрықша қызмет атқарады. Ақындық, музикалық және театрлық шығармашылықтың мұнда қабаттаса қолданылуы табиғи жағдай. Алайда ауыз әдебиетінде сөзден басқа өнердің түрлері қосымша қызмет атқарады. Себебі ауыз әдебиетіне жататын шығармалардың идеялық көркемдік мән-маңызы, эстетикалық қуаты, тәрбиелік мәні, ең алдымен, бейнелі сөзге негізделген. Әрине сөз өнеріне жазба әдебиет те жатады. Фольклор мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді.[5] Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей.[6] Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес.[7] Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. [8] Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті. ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау — ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол — шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі — тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеум. талап-тілектері мен көркемдік Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы 18 ғасырдандан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі эскпедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын. Алайда, фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы 19 ғасырда жүзеге асты.[9] В.В. Радлов, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В. Васильев, сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстол-сына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды.[10] Ал 20 ғасырда фольклорды жинау мен жариялау жұмысы, мейлі ол идеологияның құралына айналса да, мемл. тарапынан қолдау тапты. 20 ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жер-жерден жинау жұмысы үздік-создық күні бүгінге дейін жалғасып келеді.сұраныстары. [11] Көшпелі қоғамның мұндай қажеттіліктерін жан-жақты әрі тұтастай атқарған өнер ауыз әдебиеті болады. Фольклор үлгілерін жинау ісі оны жарыққа шығару жұмыстарымен қатар жүріп жатты. 19 - 20 ғасырлардың басында Қазан, Уфа қалаларында қазақтың батырлық жырлары, діни және ғашықтық дастандары көптеп жарық көрді.[12]
“Ер Тарғын, “Қыз Жібек”, “Алпамыс”, “Бозжігіт”, “Мұңлық - Зарлық”, “Шәкір - Шәкірат” т.б. жыр- дастандар дүркін-дүркін қайта басылып шықты. Ал, кеңестік дәуірде ауыз әдебиетітінің көптеген үлгілері белгілі бір түзетулер мен редакциялауларға ұшыраса да, көпшілікке жол тапты.[13] Эпостар, дастандар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, айтыстар, шешендік сөздер, жұмбақтар т.б. тізбелі болып та, жеке де жарыққа шығып келеді. Бұлардың ішінде, әсіресе, “Алпамыс”, “Қозы Көрпеш - Баян сұлу”, “Қыз Жібек”, “Қамбар батыр”, “Қобыланды батыр” эпостарының екі тілдегі ғыл. (қазақша және орысша) басылымының шығуы фольклор текстол-сындағы ірі жетістік болды. Бұған қоса ауыз әдебиетінің көптомдық басылымын (1997 жылға дейін 17 томы шықты) шығару қолға алынды. М.Әуезов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев, М.Дүйсенов, Н.Төреқұл, Р.Бердібаев, М.Мағауин, С. Қасқабасов т.б. ғалымдардың бірнеше іргелі еңбектері жарық көрді. Ауыз әдебиетінің тарихы мен методологиясы жан-жақты зерттелді. Қазақ ауыз әдебиетініңнің озық үлгілері кәсіби ұлттық өнердің өзге түрлері (опера, театр, кино, кескіндеме т.б.) үшін де қайнар бұлақ, құнарлы тақырып саналады. Алғашқы қазақ опералары (Қыз Жібек, Айман — Шолпан), қазақ театры мен киносындағы сәтті шығармалардың көпшілігіне ауыз әдебиетіндегі туындылар арқау болды. Ұлттық дүниетаным мен тәлім-тәрбие жүйесін қалыптастыруды ана тілін, ұлттық тарихты зерделеуді мақсат тұтқан ғыл.-зерттеулер де ауыз әдебиеті үлгілерін айналып өте алмайды. Ауыз әдебиетінің кейбір жанрлары қазіргі заманға сай жаңа сипаттармен дамуда. Олар айтыс, беташар, жар-жар және т.б.[14]
Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды.[1] Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.[2]
Зар заман ақындарының өлеңдерінің мәні[өңдеу]
Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы Зар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын өршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан айқын байқалады.[3] Зар заман ақындары шығармаларындағы ұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуға үндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғы төзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндай өлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлт қайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.[4]
Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады.[5] Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.[6]
Зар заман ақындарының өлең-жырларында елмен қоштасу, туған жердің өткенін аңсау сарыны орын алған. Жалпы “ауа көшу”, “қонысты тастау” ұғымы көптеген халықтардың фольклорлық шығармаларына тән.[7] Талауға түскен елден кетіп, жайлы жер, ыңғайлы қоныс іздеу идеясы еркіндік, бостандыққа ұмтылу мұраттарымен орайлас келеді. Туған жердің табиғатына қарап тұрып, өткен күннің елесін іздеу, жастық дәуренді еске алу үрдісі ата қоныстың бүліншілікке түсіп, өзгенің ойранына айналған сәтте туындаған мұң-шермен астасып жатады. Ақындардың бірқатары жұтаған жер мен көшкен елге қайырылып сөз айтып тұрып, басқыншылық пиғыл мен зорлықшыл әрекеттерді зарлана жырға қосады. Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендей бейнелеп айтуы.[8] Мұндай болжам өлеңдер Зар заман ақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғни отарлаушылардың ойранынан бұрынырақ айтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан қарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куә боламыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатын пайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені – Дулат Бабатайұлы.[9][[Сурет:Dulat.jpg|thumb| alt=A.| Зар заман.]
Ақындарының шығармаларына тиым салынуы[өңдеу]
Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады.[10] Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты.[11] Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары шығарм. әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.[12]
20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.[13]
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты, яғни “а а а б” түріндегі желілі ұйқасты Абай ақындық дәстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді” өлеңінде одан әрі дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында ертеректе туған батырлық және лиро-эпос жырлары сияқты фольклорлық туындылар немесе тарихи жырлар болмаса, қазақ топырағында көне тақырыпты алып, ойдан сюжет құрып, поэма жанры үлгісінде шығарма жазу дәстүрге енбеген еді. Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. Дулаттың бұдан басқа “Шаштараз”, “Тымсал өлең” атты ірі шығармалары бар. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “... творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 1950 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.[1]
Шығармашылығы
Дулат Бабатайұлы
Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Ақын 19 ғасырдың 40-50 жылдарында өндіре жазған. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.
«Сауыр жерден айрылып,
Қазақ елі жұқарды.
Сауыр емес, шап болды...
Заманға сай адамы -
Қу заманға сұм басшы
Сорымызға тап болды...»
- десе, тіпті өткен ғасырдың орта тұсы емес, одан 100-150 жыл кейінгі біздің заманымыздағы қазақ халқының, оның қоғамының күй-қалпын суреттеп отырғандай. Дулат ақын айтқандай:
«Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты...
Майырдың алса бұйрығын.
Борбайға қысып құйрығын
Ел пысығы жортады-ай»
- сияқты шындық жергілікті басшыларға бұдан бір, бір жарым ғасыр бұрын ғана емес, «одақтасып» тұрған кезіміздегі біздің де ұлықтарымызға тән еді. Дулат ақынның бұл жердегі байқағыштығын кейін ұлы Абайдан да көрмейміз бе? Отаршылдық қамытын мықтап киген қазақ қоғамының ащы шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәттерде бір-біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты қорқытатын «ел пысығы», айталық, болыс «майырдың бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, алдына түсіп томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та:
«Күштілерім сез айтса,
Бас изеймін шыбындап...
Әлсіздің сезін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап...»
-деп өзі мойындайды. Абай да:
«Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға...» -
деп, Дулат айтқан «шен-шекпенге сатылған, батпаққа елін батырған» ұлықтар портретіне ұқсас етіп беріп тұр. Әрине, бұл жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін де осылайша сөйлетіп қойған - өмір шындығы, олардың сол шындыққа барған суреткерлік талғамдары. Абайдың қазақ халқының тағдырын толғаған кеп сөзі жүз жыл кейінгі біздің заманымызға арналғандай көрінсе, Дулаттың да:
«Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.
Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Бейнең қандай болды екен,
Қарасаңшы бір мезгіл Қодцарыңа айна алып...» -
дегені де бейне бізге айтып тұрғандай. Ар жағын былай қойғанда, соңғы 70-80 жыл бойы Дулат айтқандай:
«Болашақты болжамай,
Жол сауданы олжалай.
Ақбекендей алданып,
Жылқыдай делбе сандалып...» -
империялық торға, коммунистік әміршілдік құрығына түскен жоқпыз ба? Жалғыз ел билеу, заң-сот істеріне қатысты ғана емес, езге сәттерде де екі алыптың үндес, идеялас тұрғанын кереміз. Мысалы, ақынға, ақындыққа екеуі де қатаң талап қояды. Дулат:
«Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен елең жаттаса.
Сез - жібек жіп, жыр - кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз қылып баттаса...»
десе, Абай:
«Өлең - сездің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...»
деген талап қояды. Бірақ «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиген» сөз патшасын қалың жұртшылық түгел қабылдап жатыр ма? Абайдың:
«Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сез танымас бір парасы...» -
деп зар илегені және белгілі.
«Кім жалғыз бұл жалғанда, есті жалғыз,
Мұңдасар болмаған соң бір сыңары.
Жалтаңдап жалғыз Абай өткен жоқ па?
Қазақтың табылды ма соның пары?
Өлеңімен жұбатты өзін-өзі,
Еңбегі еш, іші беріш, жүзі сары.
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса не керек қазақ шары?!»
-деп Шәкәрім айтқандай, ұлы Абай «сөзімді айналама жеткізе алмадым, ұғып тыңдар адам аз» деп күңіренсе, осы ойды Дулаттан да көреміз. Ол бірде:
«Бәрі тегін жер тезек Қайсысын таңдап алайын, Асыл сөзден бұл кетті...»
- дей келіп, сол асыл сөзді айтатын да, тыңдайтын да кісі жоқ, ылғи «қылжың, қылжақ туысқан, қырт пен мылжың ағайын» десе, тағы бірде:
«Ел құлағы саңырау, Кімге айтамын сөзімді... Бәрін айт та, бірін айт, Ұғынар мұны ел кайда?..» -
деп, заман жайын толғап, ел билеген ұлықтар мен қадірі асқан жақсыларды сынап, «қармайтұғын талы қалмай, тереңге сүңгіген елі» туралы «түнде ұйқы бермеген көзінен төккен арманын» айтады. Бұл - Дулат пен Абайдың ортақ зары, заманы, ортасы тудырған шындық үні. Дулат - Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға бір табан жақын келген, Европа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын. Қазақ поэзиясы Абайға дейін ауызша жаралып, ауызша таралған, бірақ тілі ауыз әдебиеті тілінен өзгеше түсетін, авторлы поэзия болды, қазіргі жоғары үлгідегі жазба поэзияны бастаушы - ұлы Абай десек, Абайдың тақыр жерден өнер таппағанын және білуіміз керек. Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады. Сөзіміз құрғақ болмас үшін «кезбен көрсетіп, қолмен ұстататын» мысалдармен дәлелделік.
Дулат өлеңдерінің ерекшілігі
Дулат - жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Бұл - жыраулықтың төмендігінен, әлсіздігінен емес, заман талабынан туған бетбұрыс. 19 ғасырдағы қазақ поэзиясы үшін енді өлең арқылы ақыл-насихат дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам туралы жалпы философиялық толғаныстар аздық етеді. Еңдігі жердегі поэзиядан нақтылыққа көшіп, заманға ілесіп отыру, жалпы насихаттан гөрі сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге бару талап етіледі. Дулатты кейде, тіпті, жырау деп атағанымен және сырт қарағанда өлең-жырлары 7-8 буынды жыр өлшемімен келгенімен, ол жырау емес, ақын. Өйткені, құрылымдық және тақырыптық бітімі жағынан Дулаттың өлеңдері бұрынғы жырауларды былай қойғанда, тіпті кешегі Бұхар толғауларынан, одан қалды езімен тұстас ақындардың туындыларынан мүлде өзгеше құрылған дүниелер. Жазба поэзияның өлең әдісі ауызша дамыған өлең-жырлардан ерекшеленетін болса, сол өзгешеліктің бірі - шығарманың белгілі мақсатпен ажыратылатын ірі бөліктерге, ғылым тілімен айтқанда, шоғыр (тирада) дегендерге бөлінуі. Әр бөлік бір шағын идеяны (тақырыпты) білдіруі шарт, сонымен қатар әр бөлікті шоғыр етіп тұратын құрылымдық белгілері болуы қажет. Шоғырлардың тармақ сандары біркелкі болмайды және әр шоғырдың соңғы жолындағы ұйқас өзге шоғырлардың ең соңғы жолындағы ұйқаспен бірдей түсіп, сол елеңді тұтас дүние етіп құрастырып тұруы керек. Демек, өлеңдегі шумақ пен шоғырды шатастыруға болмайды: шумақ - қазақ поэзиясы құрылымында бұрыннан бар тәсіл, оның тармақ сандары біркелкі болады. Өлеңді шоғырларға бөліп құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең-жырларыңда жоқ. Ол - жазба әдебиетке тән өлең құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулаттан басталады. Ақынның «Тегімді менің сұрасаң» деп басталатын өлеңі 6 шоғырдан тұрады. 1- шоғыр:
«Тегімді менің сұрасаң,
Қалың найман нуынан.
Жырымды менің сұрасаң,
Сары алтынның буынан.
Сырымды менің сұрасаң,
Тұманың тұнық суынан.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам.
Сорғалаған нөсердей Жырын тыңда ДУЛАТТЫҢ...»
Мұндағы тақырып - ақынды таныстыру, алдыңғы 8 тармақ екі-екіден бөлініп, өзара ұйқасқан (нуынан, буынан, суынан), ең соңғы 10 тармақ жоғарғы ұйқастан тыс Дулаттың деген сөзбен аяқталады. Келесі 6 жол бір шоғыр, мұндағы тақырып - жырын тыңдауға шақырған ақынның қандай екендігін таныстыру, бұл шоғырдың өз ішінде «ағызып, тамызып, тойында, ойында» деген ұйқастары бар, ең соңғы жолы «Дулаттың» деген сөзбен аяқталады да, алдыңғы шоғырдың соңғы тармағымен ұйқасады. Алты жолдық 3-шоғыр да ақындық қуатты танытуға арналған. 4-шоғыр осы ақындық қуатты неге, кімге жұмсайтынын білдіреді, соңғы тармағы «улаттым» деген сөзді ұйқасқа шығарады. 5, 6-шоғырлар да осылайша әрқайсысы бір-бір шағын идеяны сез етіп, ең соңғы тармақтары арқылы өзара ұйқасады. Сөйтіп, алты шоғыр бір ұйқасқа құрылып, елең тұтастығын құрайды. Бұл - нағыз жазба поэзия үдесінен шыққан композиция. Дулаттың едәуір шығармасы осындай құрылыммен ұсынылған. Бұл тәсілдің алғашқы көрінісі Дулаттан басталса, оны жүйеге айналдырып, әрі қарай бекіткен Абай екенін білеміз. Жоғары дамыған поэзияның басты белгілерінің бірі - поэтик. образдар жүйесінің әр сипатты, алуан түрлі болып келетіндігі. Поэтик., образдар жасаудың тілдік механизмі, яғни образдың тіл арқылы берілуі де Дулатта дағдыдан тыс, жаңа түрлерімен көрінеді. Мысалы, мағыналары жағынан бір-бірімен тіркеспейтін сөздер болады. Айталық, дерексіз (абстракт) ұғым атауы мен деректі (нақты) заттардың немесе адам мен жан-жануарларға тән сын-сипат пен іс-қимыл атаулары бір-біріне жуыспауы керек. Ал көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде образ жасау үстінде мұндай мағыналық кереғар сездерді тіркестіру - ұтымды көркемдеуші амалдардың бірі болып саналады. Мысалы, Абай «жүрегім менің қырық жамау қиянатшыл дүниеден» дегенінде ауылдары алшақ сөздерден «қырық жамау жүрек», «қиянатшыл дүние» деген соны тіркестер жасаған. Бұл тіркестерді құрап тұрған сөздер тіркесімдік қасиеттері бір-біріне жуыспайтын элементтер: қырық жамау не киім, не төсек-орын болса керек, ал бүл жердегі жүрек сөзі «көңіл, сана-сезім» мағынасында түр, демек, дерексіз ұғым атауы. Соған қарамастан бұлар тіркесіп, «кеп қапа шеккен, зар илеген көңілім, ішкі дүнием» дегеннің соны образын жасауға жұмсалған. «Қиянатшыл дүние» де осы іспеттес. Қиянатшыл адам болса керек еді, бірақ, Абайдың дүниесі қиянатшыл сипатқа ие болып түр. Міне, осы тәсілді кепке дейін Абайға орыс әдеби тілінің әсерінен пайда болған тың амал деп келдік, өйткені бүл 19 ғасырдағы орыс поэзиясында кеңінен өріс алған ұтымды тәсілдердің бірі болғаны аян. А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтовтарды оқып, игеріп, оларды аударуға барған Абайдың назарына, әрине, орыс тілінің көркемдеу амалдары ілігуі мүмкін. Бірақ дәл осы тұста Абайға орыс көркем сөзі емес, қазақтың төл поэзиясының тілі үлгі болған. Ілгерірек уақыттардағы ақын-жыраулар тілінде бүл амал ара-тұра кездесетін болса, 19 ғасыр ақындарында едеуір жандана бастайды. Әсіресе Дулат өлеңдерінен әділетке шелдеу, жырмен жуыну («Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам»), арманды төгу («Күндіз күлкі бермеген. Түнде ұйқы бермеген. Көзінен төкті арманды»), «жетімдіктің белі», «көңілдің құтысы» сияқты тіркестердің сонылығы осылар қатысқан өлең жолдарының экспрессиясын (әсерін) күшейтіп, бұрын айтылмаған тың образдар жасап түр. Мысалы, «Әкеңнің айтқан аз сөзін «Құтысына көңіліңнің Төгіп алма, дәлдеп қүй» деген жолдарында ақын «көңілдің құтысы, ақылды құтыға құю» деген тіркестерді «қиыннан қиыстырады», өйткені бұлардағы сөздер «түтіні бөлек» дүниелер: құты - нақты зат, сауыт, ал көңіл қолмен ұстап, көзбен керіп, құтыға салуға болатын нақты зат емес, соңдай-ақ оны суша, сүт ше құюға да болмайды. Бірақ поэтика, яғни өлең тілі бұлайша «норма бұзуға» бара алады. Көркемдеу тәсілдерін іздеу, оларды құбылтып отыру - асқан зор талант иесінің, қас шебердің, үлкен ақынның арқалайтын жүктерінің бірі. Жалпы өлең сөздің, оның ішіңде жазба поэзияның да көркемдік сипатын танытатын тәсілдердің және біреуі - белгілі бір затты, құбылысты, іс-әрекетті бейнелей суреттеп, өзгеше атау болса (оны ғылымда перифраздар деп атайды), мұнда да ақынның тапқырлық, әр нәрсенің қыр-сырын танушылық қабілеті күшті болмаққа керек. Бұл орайда да Дулат ақынның сөз құдіретін танушылық қасиетіне тәнтіміз. Мысалы, өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ қауымының мәдени-әлеум. күй-жағдайын бейнелейді:
«Толқынды теңіз заманнан, Сенімді кеме болмаса, Жел қайықпен өтер ме?»
- деп, қалтылдаған қайыққа теңейді. Теңеу, салыстыру дегендер де - қазақ поэзиясы үшін кәнігі, кене көркемдеу амалдары. Дулат пен Абай сияқты ақындардағы қазақ құлағы үшін тосын теңеулер мен метафоралар да ақындық таланттың күшін танытады.[2] Мысалы, Дулаттың:
«Күнәм жойқын, тәубем аз, Тіршіліктен не таптым! Дүние - жемтік, мен - төбет, Соны бақпай, не бақтым? Ырылдасып, әркіммен Не қапқыздым, не қаптым...» -
деген өлең жолдарындағы теңеулер мүлде тың. Бұрын жалған дүние, алдамшы дүние, қайран дүние деп сипаттап келгенмен, дүниені жемтікке балау - қазақтың наным-сеніміне жат түсінік, ал ақынды сол жемтікті аңдыған төбетке теңеу тіпті шендестіруді «бастан асырып жіберу» болып көрінеді. Ойшыл ақын, парасат иесі - төбет бірде өзгелерге өзін қапқызады, бірде өзгелерді өзі қабады. Бұл - өмір шындығы, бірақ сол шындықты суреттеу сипаты соны. Ол ең алдымен өзіне дейін сан ғасыр бойы қазақ қауымының көркемдік-эстетик. қажетін өтеп келген ақын-жыраулар поэзиясының, бай ауыз әдебиетінің барша байлығын шебер, еркін пайдаланған ақын. Мысалы, оның өлеңдеріндегі «тұғырдан түсу», «олжаны ортаға салу», «жағасы сөгілу» сияқты етістікті тіркестер де, «айбарлы ақ орда», «шаншулы найза», «алтын қарғылы арлан», «кең қоныс», «еркін өріс» сияқты эпитетті тіркестер де кәнігі, баршаға ортақ дүниелер. Ақын құдіреті - осыларды орнымен, шебер жарата білгендігінде. Дулат - Абайдың алдында өткен қазақ сез зергерлерінің ішіңдегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап келген ақын-жыраулар тілі мен Абай бастаған жазба әдеби тілді жалғастырған көпір деп тану қажет.[3]
Ақан сері
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ақан Сері
Ақан Сері
Дүниеге келгені: 1843
Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөл
Қайтыс болғаны: 1913
Мансабы: күйші-композитор
Ақан Сері, Ақжігіт Қорамсаұлы — ақын, әнші, композитор.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.
Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли (Ахметуәли) молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Шоқанның қазасына көңіл айтып, оны Көкшенің биігіне, теңіздегі кемеге теңейді, “40 темірдің қылауын қосқан өнерпаз” деп бағалайды.
Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқияға Ақан серінің “Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия” деген өлеңің арнаған. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.
Өмір соққысын көрген Ақан сері енді: “Жақсылықтан жамандық асып кетті, Бой бағып тұру артық келсе шамаң” дейді. Ел аралауды сиретіп, бойын бағуды ойлайды. Жайлауға көшпей, Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Бірақ Ақан сері өмірден де, өнерден де қол үзбейді. “Өнерді бойға біткен іркіп болмас” деп қарайды. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі — “Балқадиша”. Бұл — өз теңіне атастырылған әдепті, сыпайы қыздың өнерлі ағаны қадір тұтқан сүйкімді қылығына разы ағалық қарыздар көңілден туған ән.
90 жылдардағы Ақан сері шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақан серінің алғашқы айтыс-қағыс өлеңдерінің бірі — “Жүсіп төреге” (Тәкінің Жүсібіне қайтарған жауап өлеңі). Орынбай, Нүркей тағы басқа он шақты ақынмен айтыстарының үзінділері ғана сақталған. Толығырағы — Нұрқожамен айтысы. Онда Ақан сері ел-жұртты тірек тұтады (“Хақ қалаған Есенбай қарашамын, Алтын бесік халқыма жарасамын”), ақындық өнерді қадірлейді, туған жерді, халықты мақтан етеді.
Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен “Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді “Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — “Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда “бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: “Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, “Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған “Мінажат” өлеңінде иман тілейді.
Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, “Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы.
Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі — кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.[1]
Мазмұны [жасыру]
1 Шығармалары
2 Музыка және әдебиеттегі үлесі
3 Қосымша мәліметтер
4 Дереккөздер
Шығармалары
Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған “Маңмаңгер”, “Қараторғай”, “Көкжендет”, “Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе “Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров “Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов “Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов “Ақан сері” романын жазды.
Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр», т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды.
Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған.
Музыка және әдебиеттегі үлесі
Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған
Ахмет Байтұрсынұлы
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ахмет Байтұрсынұлы
Baitursynuly.jpg
Туған кездегі есімі:
Ахмет
Қызметі:
ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері
Туған күні:
5 қыркүйек 1872
Туған жері:
Ақкөл (Сарытүбек) ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысы
Азаматтығы:
Қазақ елі
Ұлты:
Қазақ
Қайтыс болған күні:
8 желтоқсан 1937 (65 жас)
Қайтыс болған жері:
Алматы
Әкесі:
Байтұрсын Шошақұлы
Анасы:
Күңші Құлыбекқызы
Жұбайы:
Бадрисафа Мұхамедсадыққызы
Балалары:
Аумат, Қазихан, Шолпан
Марапаттары:
Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазы
Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.[2]
Аудармалары
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов
Мұқанов.tif
Туған күні
26 (13) сәуір 1900
Туған жері
Акмола губерниясы, Қызылжар уезі, Ресей империясы
Қайтыс болған күні
18 сәуір 1973 (73 жас)
Қайтыс болған жері
Алматы
Азаматтығы
Ресей Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Ұлты
қазақ
Мансабы
жазушы
Шығармашылық жылдары
1922-1973 жылдары
Марапаттары
2 Ленин Ордені
2 Еңбек Қызыл Ту Ордені
«Құрмет Белгісі» ордені
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов (13 сәуір (26 сәуір) 1900, Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 18 сәуір 1973, Алматы) — қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы[1].
ALAMukanov.jpg
Мазмұны [жасыру]
1 Өмірі мен шығармашылығы
2 Шығармаларынан
2.1 «Менің мектептерім»
2.2 «Өмір мектебі»
2.3 «Есею жылдары»
3 Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ықпалы
4 Абай Құнанбаев, Владимир Маяковский, Максим Горький шығармашылықтарының әсері.
5 Еңбектері
6 Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі
6.1 Қысқаша биография [5]
7 Дереккөздер
8 Әдебиеттер тізімі
Өмірі мен шығармашылығы
Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі, Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған. Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі өледі де, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді.
Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдаларынан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. Татар молдаларынан сабақ ала жүріп, «Шәкір – Шәкірат», «Зылиха – Жүсіп», «Зарқұм», «Сал-Сал», «Зейне – Зайнап», «Ләйлі – Мәжнүн», «Сейфул – Мәлік», «Бадүғұл – Жамал», «Алпамыс», «Ер Тарғын» жырларын, Ғабдолла Тоқаевтің шығармаларын тауып алып оқиды. Бұл дастандардың көпшілігін Сәбит ауыл ішінде көбінесе жатқа айтып жүреді. Өлең шығаруға талаптанады, ел аузына ілігеді, ауыл ішінде өлеңші бала атанады. Абай Құнанбаевтың 1909 жылы басылған өлеңдері жинағымен танысқан ол Абайдай ақын болуды аңсайды. Абай поэзиясы Сәбиттің ақындық талантына зор қозғау салады. Жасынан ел аузындағы жыр-толғауларды, қисса-дастандарды жаттап, мақамдап айтып үйренген.
Қазан социалистік төңкерісінің жеңісі арқасында Сәбит Мұқанов та жалшылық қамытын біржола үзіп, аңсаған арманына жетті, жаңа өмір үшін күресушілердің алдыңғы қатарына саяси-әлеуметтік, қоғамдық істерге белсене қатынасты. Ол 1918 жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Білім ала жүріп, М.Жұмабаевқа хатшылық етті‚ оның педагогика тарихы курсынан оқыған лекцияларын қағазға түсірді. Өзі де алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп‚ ақындық өнерін шыңдады.
Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарын талқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Көкшетау ревкомының төрағасы болып қызмет атқарады. 1920 жылы жаз айында Жұмабаевтың жетекшілігімен оқытушылар курсы қайта ашылып, күзге дейін сонда оқуын жалғастырды. 1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист (большевиктер) партиясына мүшелікке өтіп, 1921-1922 жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді. Осы тұста Сәбит Мұқановтың өлең, мақалалары «Еңбекші қазақ», «Жас қайрат», «Лениншіл жас» газеттері мен «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі» журналдарында жиі басылды. 1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып, орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен де танысады.
Партия орындарында қызмет атқара жүріп ол көп мәселелердің сырын ұғынады. Қазақ совет әдебиетінің өсуіне бөгет жасау ниетімен жаңашыл жас жазушыларды қақпайлап, тізгіндеп ұстамақ болған ұлтшыл-алашордашылардың зиянды әрекеттерін Сәбит дер кезінде байқап, Сәкен Сейфуллин бастаған советтік жас ақын-жазушылармен бірге тап жауларына қарсы күрес ашады. 1921 жылы коммунистік төтенше әскери бөлімнің жауынгері болды. 921–22 жылдары әртүрлі қызметтер атқарады‚ ел арасында астық жинау жұмысын жүргізді‚ Ақмола губерниясы ГПУ-дің Көкшетау болысындағы оперативтік уәкілі және РК(б)П Ақмола губернаторлық комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды.
С.Мұқанов жиырмасыншы жылдары бірнеше ұсақ өлеңдермен бірге, «Жетім қыз күйі», «Тұлпар жорығы», «Балбөпе», «Батырақ», «Октябрьдің өткелдері», «Қанды көл», «Құланның құны» дейтін поэмалары мен «Сұлушаш» романын жазды.
1922 жылы Орынбордағы рабфакқа (жұмысшылар факультетіне) түсіп, оны 1926 жылы бітіреді. Баспасөз орындарында қызмет атқарды: Республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлімін басқарды, Қазақстан Мемлекеттік баспасының бас редакторы (1926-28) болды, осы кезде ұлтшылдарды әйгілеуге арналған айтысқа қатынасады. 1928 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) университетінің филология факультетіне оқуға түсіп‚ аз уақыттан соң отбасы жағдайына байланысты Петропавл қаласына келіп‚ «Кеңес ауылы» газетінің редакторы және жазушылар бөлімінің жетекшісі болды. 1930 жылы жергілікті ақын-жазушылар шығармалары негізінде «Жарыс» атты альманах шығарып‚ Қазақстанның әр жеріндегі шығармашылық ұйымдарға үлгі көрсетті. 1932 жылы Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөліміне түсіп, оны 1935 жылы бітіреді. 1935 жылы республикалық «Кеңес ауылы», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің редакторы қызметін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағын (1936–37, 1943–51) басқарды‚ ҚазПИ-де (1937-41, қазіргі ҚазҰПУ) профессор болып, қазақ әдебиетінен дәріс береді.
Сәбит әр алуан қызметтер арқауымен қатар түрлі жанрда жаңа шығармаларын жариялады. Поэзияда: «Колхозды ауыл осындай», «Майға сәлем», «Сөз-советтік армия»; драматургияда: «Күрес күндерінде» (1938), «Алтын астық» (1939); прозада: «Жұмбақ жалау» (1938), «Менің мектептерім» (1940), «Балуан Шолақ» (1941) сықылды шығармалар осы жылдардың жемісі.
Екінші Дүниежүзәлік соғысы күндерінде ақын азаматтық, саяси лириканы өткірлей түсті. 1943 – 1951 жылдары Сабит Мұқанов Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып істеді. Бұл тұста да ол жас ақын-жазушыларды баулып, үнемі көмек көрсетіп отырумен қатар, өз творчествосын да байытып, «Сырдария», «Тыңда туған байлық», «Мөлдір махаббат», «Есею жылдары» атты романдары мен «Саяхаттар» (1945), «Туған жердің тыңында» (1955), «Адам Атаның шоқысында», «Алыптың адамдары» тәрізді очерктерін жазды.
1950 жылы Сәбит Мұқановтың шығармашылық қызметінің 30 жылдығы, жасының 50-ге толуына арналған мерейтойына республика жұртшылығы салтанатпен өткізді. Қазақ совет әдебиетінің туып, қалыптасу процесінде үздіксіз сіңіріп келген еңбектері үшін Сәбит Мұқанов екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.
1960 жылы жазушының 60 жасқа толуына байланысты оның совет әдебиетіне қосқан зор үлесін атап, КСРО Жоғарғы Кеңесі Сәбит Мұқановты Ленин орденімен наградтады.
Шығармаларынан
«Менің мектептерім»
Сәбит Мұқанов өз өмір өткелдерін әңгімелей отырып, сол кездегі халық басында болған ауыртпалықтарды сөз етті. Қазақ ауылының революцияға дейінгі тұрмысын суреттеуде жазушы балалық шағын бір шолып өтеді де, Мұқан мен Тұрағұлдың, Мұстафа мен Нұртазаның араларындағы қайшылықтардың бетін ашады.
«Менің мектептерім» мен «Өмір мектебі» мемуалдық шығарма болғандықтан, басынан аяғына дейін сюжеттік желі үзілмей, біріне-бірі өрбіп отыра бермейді. Алайда, әңгімеге тікелей қатынасып, әр істің басы-қасында жүретін негізгі кейіпкердің типтік образы арқылы белгілі бір дәуірдің оқиғасын шығармадан айқын көруге болады.
Мұның өзі шын мәнінде өмірбаяндық (библиографиялық) шығармалардың жанрлық ерекшелігінен келіп туады, өмір фактілері, тарихи оқиға басты кейіпкерлердің көз алдынан өтеді. Сондықтан да белгілі бір кездегі оқиға да, әдет-ғұрып, салт-сана да бұл романда әңгімешінің өмірге қоян-қолтық араласуы арқылы көрінген. Осыған орай шығармада жаңа адамдар, тың оқиғалар пайда болып отырады.
Шығармаларда өмір күнделігі басты геройдың бір жүріп, бір тұрған еңбек адамдарының тұрмыс тіршіліктерінен де танылады. Бет қаритын шыңылтыр аяздарда, боранды күндерде бай малының соңында жүрген жалшылар мен еңбегі еш болған кедей шаруалардың ауыр тұрмысы тебірендірмей қоймайды. Орыс крестьяндарынан көргендерін тұрмыс тіршіліктеріне пайдаланып, егін егіп, өз беттерінше күн көрмекші болған кедей шаруаларды бұра бастырмай, жайқалған астықты жылқыға жеткізіп тастап отыратын Тұртай сияқты байлар да романда әшкереленеді. «Малы бағылмай бос жүретін кең жайлауға егін сеппе деп едім, тыңдамадыңдар, өз обалдарың өзіңе» деп қарап тұратын Нұртаза би де сол Тұртай, тұрағұлдардан асып кете алмайды. Қараңғылық жайлаған қазақ аулында дүмше молдалардың тигізген кесір-кесепаттары да аз емес. Сол бір ауырпалықтарды өз басынан кешірген басты герой үнемі кедей жалшылардың арасынан көрінеді де, болашаққа зор сенім артып отырады.
«Өмір мектебі»
«Өмір мектебінде» кала мен ауыл өмірі қатар суреттеледі, негізгі кейіпкерлер тап күресін жүргізушілер болып келеді. Жазушы «Менің мектептерімде» кісі есігінде жүрген кедей, жалшылардың айғағы ретінде көрінсе, екінші кітапта сол жалшылардың оқу оқып, әлеумет ісіне араласып жүргендіктерін елестетеді. Шығармада автор әрбір істің басы-қасынан көрініп, не сол жұмысты атқарушылардың бірі болғандығын үнемі аңғартып отырады. Октябрь революциясының жеңісі нәтижесінде туған жаңалықтар, Қазақстанда Совет үкіметінің орнауы бұл шығармада нақты және жан-жақты суреттелген.
Романда әрбір эпизод әлеумет өмірінде болған үлкен оқиғалар тынысын аңғартып отырады. Кооператив ұйымдарын ашу, оқу-ағарту жұмыстарын жандандыру істері шығармада өзекті мәселе. Боржабай, Шегеннің Айсасы, Қазыбайдың сұлтаны сияқты байлар мен алаш партиясының мүшесі Абылай тәрізділердің бет пердесі ашыла түскен. Ел атынан сенім хат жазып, кооперацияға берілген товарлар мен ауыл шаруашылығына деген заттарды талғамай жұтып жататын олар Совет үкіметіне қарсы зиянкестік әрекеттерін жан таласа жүргізеді. Жаңа дүние құрушыларға кес-кестеп көлденең тұратын Абылай тәрізділердің құбылмалы екі жүзділігі де, бандиттердің зұлымдық әрекеттері де терең ашылған.
Бұл шығармалар өз дәуірінің шежіресі есепті. Станция жұмыскері Бексеит пен Нұркиннің Омбыдағы колчактар ұясын талқандауға қатынасуы да бір кездегі тарихи жағдайдың айғағы. Романда халықтың мәдени тұрмысы мен өнерге деген құмарлығы кең суреттелген. Көңіл-күйін, жүрек сезімін ақтара жазған қыз бен жігіттің өлең хаттарында өмір қыспағының іздері жатса, Оспан мен Мақметті мұқату үшін шығарылған өлеңде поэзияны құрал ретінде жұмсаушылық, ән мен күй, өлеңге деген құмарлық, ұлттық дәстүр шығармадан өзекті орын алады.
«Алуа басында нелер бір әдемі түндер болады. Кейбір айлы, жұлдызды немесе алашабыр бұлтты тымық түндерде ауылдан қалаға қарай беттеп шығып, жар қабақтана біткен жағадағы жұпар иісті жасыл шалғынның арасында бауырлай жата кетіп, жан-жағыңа көзіңді тіксең де, құлағыңды тіксең де нелер бір көркем суреттерді, нелер бір көркем дауыстарды естисің... Әлде қайдағы ауылдардан кейде екі әйел қосылып, кейде бір әйел мен бір еркек қосылып, кейде екі еркек қосылып, кейде әйелдердің я еркектердің бірнешеулері қосылып, кейде бірнеше еркектер мен бірнеше әйелдердің дауыстары сапырылып кетіп тымық түнде жұлдызды аспанға биіктеп көтерілген ән құлағыңа шалынса, ол алтыбақан тепкен қыз бозбалалардың әндері екенін айтпай-ақ шамалайсың... Әлдеқайдағы сайлардан кісінеген де шырқала, кейде баяулап естіліп жатады». («Өмір мектебі», 103-бет.)
«Өмір мектебінде» халықтың рухани тұрмысы басты геройдың күрес жолдары арқылы көрінеді де, «Есею жылдары» атты үшінші кітапта тамырын тереңдете түседі. Совет үкіметін нығайту жолында болған әр алуан күресті арқау ететін бұл роман социялистік зор оқиғаларды қамтиды.
«Есею жылдары»
«Есею жылдарында» жазушы бұрыннан көтеріп келе жатқан тақырыбына қайта оралып, ұлтшыл, байшыл ақын-жазушыларға қарсы жүргізілген күрес өмір фактісіне сүйене отырып баяндайды. Еліміздегі мәдени революция кезінде әлеуметтік зор істер атқарған қоғам қайраткелері қатарында Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Әбілқайыр Досов, Белаш, Зікірия Мухеев, Ораз Исаев, Жанайдар Садуақасов, Ораз Жандосов, Сейітқали Меңдешевтер есімі аталады. Негізгі кейіпкерлердің бірі болып отыратын жазушы шығарманың басынан аяғына дейін көрініп, үлкен тартыс, зор оқиғаға тікелей араласып жүреді. Солай бола тұрса да, автор кейде көргеннің куәсі болудан әрі аса алмай қалады.
Романда сөз болатын кейіпкерлер саны өте көп, олардың көпшілігі жиын, митинг, мәжілістерде көрініс береді де, шығарма өрісінен шығып қалады. Бұл салада жазушының кейіпкерлерге деген субъективтік қатынасы да біраз әсер еткен. Ел біліп, жұрт таныған тарихи адамдардың қайсы бірі шығармадан өз орнын таппай жататындығы да бар. Дегенмен, бұл роман өз жаңалығымен, өзіндік өзгешелігімен танылған. Шығармада елімізде жүргізілген мәдени революцияның адам санасына әсері нақтылы характерді ашу үстінде көрінген.
Әлеуметтік ішкі қайшылықтар роман сюжетінің тартыс желісін құрған. Совет мекемелеріне, үкімет орындарына орналасып алып ұлтшылдық уын себу үшін совет кадрларын қуғынға салған әрекеттерді шығармада терең ашылған.
Социалистік құрылыстың әрбір саласынан көрінетін тарихи адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін жазушы ұтымды әңгімелеген. Революционерлердің социалистік құрылысты нығайту жолындағы, идеология майданындағы жүргізген күресін көркемдік шындыққа көтере суреттеген.
Жазушы бір жүріп, бірге болған адамдар жайын сөз еткенде олардың характерлерін ашудан көрі өмірбаяндарына көбірек тоқтайды. Романда қаһармандардың арасындағы өзара кикілжің, атақ мансапқа таласу жақтары көп айтылған. Бұл ұнамды образдардың саяси, әлеуметтік мәселелерде атқарған зор істерін көрсетуге көлеңке түсірген.
Сабит Мұқанов ақындық өнерін лирикадан бастап, жиырмасыншы жылдардың екінші жарымында көлемді поэмалар жазды. Ұлы Октябрь революциясына дейінгі қазақ әдебиетінде өріс алған поэзия жанры жас талантқа игі ықпал жасаған. Ол халық мұрасының асыл дәстүрлерінің де молынан үйренген.
Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің ықпалы
Әдебиет тарихында белгілі бір кезең үшін құбылып болып оқырманын он сан ойға салып келетін шығармалар болды. Өзі құбылыс болумен бірге кезең үшін көркем сөзге талапкер жастарды даярлай келетіні бар. Қазақ совет әдебиетінің классиктерінң бірі – Сәбит Мұқановтың өлеңмен жазылған тұңғыш роман осындай шығарма санатына жатады. Қазақ совет әдебиетіндегі өлеңмен жазылған тұңғыш роман әдебиетке жаңа леп, тың тыныс ала келген. Бұл жауһар туынды күні бүгінге дейін оқырманның барша буынын сұлулыққа баулуда.
Роман алпысыншы жылдарға дейін талай талапкердің әдебиетке келуіне айтарлықтай ықпал-әсер етті. Жастарды сұлулыққа құштарландыра, сөз құпиясын меңгеруде тәрбиеші болды. Мұның өзі қазақ совет әдебиетінің профессионалдық тәжірибесі аз, халықтың сан ғасырлардан бері рухани қажетін өтеп келе жатқан фольклордан әлі де іргесін бөлектеп үлгермеген сәтте дүниеге келген көркем шығарманың күні бүгінге дейін атқарған үлкен эстетикалық қызметін көрсетсе керек. Сондықтан тұтас бір халықты оқырмандық белгілі бір кезеңнен алып өткен, туған әдебиетіміздің қазір ағасына айналған ат төбеліндей аға буынын, сан-сапасы молайған кейінгі толқын қаламгерлерін тәрбиелеген , қазіргі салауатты көркем шығармамен бірге тәрбиелесіп келе жатқан романның қыр-сырына бүгінгі уақыт биігінен үңілуге, творчестволық тарихы, кейінгі тағдыры туралы қызыға әңгімелеуге болады. Жақында ғана жарық көргеніне елу жыл толған роман кейінгі ұрпақтан жаңаша сөз етуді тілейтіні де анық.
Халық арасында айтылатын жыр негізінде эпикалық таптық туынды жазуды көздейді. Өйткені «Сұлушаш» эпосы жас ақынға өте жақын, етене таныс материал еді. Халық эпосы – «Сұлушаш» бала Сәбиттің талай-талай домбыраға қосып айтып тындаушыларын риза еткен, тіпті күндік дәм-тұзын айырған жыры. Ол кейін «панасыз жетім күнімде, халық жиналған жерлерде, немесе әдебиетке әуес жеке үйлерде жаттаған өлеңдерімді, әсіресе, хиссаларды айтып сонымен тамақ асырадым» («Өсу жолдарымыз», 654 бет) деп жазған, «Сұлушашты» ойға алғаны деп түсінуіміз керек. Халық эпосы Сәбитті осылайша сұлулыққа тәрбиелеген. Көкірегіне құлай жатталған жыр қашанғы айна-қатесіз қайталанып айтыла береді. Орындаушының көңіл-күйіне орай кейде асып-тасып толығып та, қысқарып та сан мәрте айтылған болар-ау?! Осы жайды назарға алсақ, Сәбит Мұқанов белгілі дәрежеде эпос («Сұлушаш») айтушысының біріне айналған екен. Эпос айтушысы – творчестволық тұлға. Жанынан алмай, жадынан қоспай айтпайды. Эпос және оның айтушыларының тарихи тәжірибесіне қарап, халықтың ғашықтық лиро-эпикалық жыры – «Сұлушаш» - Сәбитті, Сәбит – жырды байытты, дамытты, жетілдірді деп нық сеніммен айта аламыз.
Дүниеге осылай келген шығарма жөнінде мақтаған, даттаған әр түрлі пікірлердің болғаны мәлім. Бір кезде айтылған сындарға назар аударсақ, көпшіліктің фольклорлық эпостан реалистік шығарма жасаудың мәніне жете түсінбегенін көреміз. Ауыз әдебиеті материалы негізінде жаңа заман, жарқын дәуір идеясын жырлау мүмкіндігін жете пайымдамаған. Уақытында әр қилы пікір тұғызып, әдеби айтысқа себепкер болған роман жайлы пікір одан бері де айтылып келеді. Бұл – шығарманың өміршендік сипатын танытса керек. әлі де бұл романды әдебиеттің әр түрлі мәселелеріне орайластыра зерттеу қажет.
Рас, лиро-эпостық сюжетті пайдаланған автор аңыздық, фольклорлық сарындардан тысқары тұра алмады. Көптеген портреттерде, майдан сахнасында эпостық бейнелеу тәсілдері қолданылған. Алтайдың ата-анасының Тезек, Шұнақ аталуында да фольклорлық шартылық жатыр. Бірақ, сол кездегі эпикалық жанр табиғатын барлайтын болсақ адам характеріне нақты деталь негізінде назар салудан, идеяның образдар жүйесінде айтылуынан гөрі авторлық концепцияның ашық публицистік сарынға шығып кететінін байқар едік. Сондықтан романның жеке образдың жүйесіндегі фольклоризм элементтерін автордың саналы түрде барған әдеби тәсілі деп қарау жөн. Аға буын орыс әдебиеті мен ұлт әдебиеттерінің отызыншы жылдардағы даму тенденциясына назар аударғанда мұндай тәсілдің ортақ сипат алғанын байқаймыз.
Содан соң автордың оқырманына қарайлайтыны болады. Сол кездегі оқырман ой-санасы, психологиялық көңіл күйін, аңсарын көркем әдебиетті қабылдау мүмкіндігін ескергенде, автор фольклорлық сарындарға әдейі барған. Бұл орайда да фольклорлық әуен-мотивтер әдеби тәсіл ретінде өзін-өзі ақтайды.
Абай Құнанбаев, Владимир Маяковский, Максим Горький шығармашылықтарының әсері.
Сәбит Мұқанов отызыншы жылдары көптеген сын мақалалар, әдебиет зерттеу еңбектерін жазды. Қазақстан жазушыларының II-III съездерінде әдебиет сыны, проза, поэзия жанрларының даму процестері жайында баяндамалар жасап, қазақ Совет әдебиетінің негізгі салаларынан теориялық мәселелер көтерді. Эпостық жырлар, ақындар айтысы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп көлемді мақалалар жазды. Абай мұралары жөнінде көптеген еңбектер берді. Жазушы «XVIII-XIX ғ.ғ. қазақ әдебиеті тарихының очерктері» атты кітапта кейбір мәселелерді жаңсақ топшылап, қателіктер жіберді. Автор Абай творчествосы туралы жазылған еңбектерінде ертеректе жіберген ағат пікірлерін түзеп, өзінің «Жарқын жұлдыздар» атты еңбегінде ұлы ақынның мұрасын дұрыс бағалады. Әдебиет зерттеу мәселесінде теориялық жағынан тың пікірлер ұсынды.
Жиырмасыншы жылдардың алғашқы жарымындағы шығармаларында Сәбит Мұқанов көбінесе өткен өмірдің ауыр қыспағын реалистікпен сипаттады. Бұдан кейінгі кезеңде ол үгіттік сипаты басым саяси-лирикалық шығармалар тудыра бастады. Жаңа өмірдің жарқын көрінісін беруде сюжеттік шығармалар жазып, теңдікке қолы жеткен бұкара халық өкілдерінің табысын жырлады.
Отызыншы жылдардағы шығармаларында жазушы Владимир Маяковскийдің жалынды жырларынан, Максим Горький дәстүрінен үйрене отырып, оны өзінше меңгеріп, қазақ совет поэзиясына жаңалықтар енгізді, саяси лирикаларының идеялық-көркемдік сапасын жаңа белгі көтерді; поэзиялық шығармаларында жаңалықтар тудырып, түр мен мазмұн тұтастығын жетілдіре түсті.
Сәбит Мұқановтың 1937 жылғы Семейге сапары Абайды жазаша ұғынуына бетбұрыс жасады. Абай шығармаларының 1939 жылы бірінші томы, 1940 жылы екінші томы шыққан академиялық басылымына жазған кіріспе сөзде Сәбит Мұқанов Абайды «халықтың ақыны» деп, өзінің бұрынғы пікірлеріне түбірлі түзетулер жүргізді. Мұның алдында біраз уақыт бұрын, 1934 жылы жазушылардың бірінші съездегі баяндамасында Абайды «қазақ феодализмінің либерал беті» деген болатын. 1940 жылы Сәбит Мұқанов Семейге екінші рет келеді. Абайдың туғанына 95 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатынасып, ұйымдастыру, жұмыстарына басшылық етіп, баяндамалар жасайды. Абайтанудағы көзқарасының өзгеруі мен дамуы сапалана түседі және жеделдейді.
1945 жылы Абайдың туғанына жүз жыл толу мерекесіне арналып шығарылған академиялық толық жинақтың кіріспе сөзін Сәбит Мұқанов «Абай – қазақ халқының ұлы кеменгері» деп атап жазды.
Осы жылы, Сәбит Мұқанов өзі Абай шығармаларының 1939 жылғы бірінші томына жазған алғы сөзінде ескерткеніндей, абайтанумен тиянақты шұғылданып, қалың кітап арнамақ жоспарын орындайды. 1945 жылғы толық жинақтағы кіріспе сөз сол «Абай Құнанбаев» атты монографияның арқауы екен.
1947 жылы Ғылым академиясының мерекелік сессиясында «Қазақтың ұлттық әдебиеті туралы» баяндама жазған Сәбит Мұқанов түпкілікті шешуші пікірін біржола қалыптастырады: «Абай қазақтың көлемдегі ғана ақын емес. Ол өз тұсындағы қазақ поэзиясын дүниежүзілік ең мәдениетті жазба поэзияның дәрежесіне түр жағынан да, мазмұны жағынан да жеткізген ақын».
Әр ұлттың өнерлі иелерімен оның ішінде орыс әдебиетінің талантты қаламгерлерімен, белді зерттеушілерімен арадағы қарым-қатынас Сабит Мұқановтың жазушылық қаламының ұштаса түсуіне, көркемдік танымының кеңейе түсуіне әсері баса айтқан жөн сияқты. Сәбит Мұқанов үшін орыс әдебиеті қазақ әдебиетінің көркемдік талап-мұраттар тұрғысынан жаңа биіктерге көтерілуіндегі мектебіне айналды. Осы орайда
« Сәбит 20-жылдардағы сыни еңбектерде екі түбегейлі мәселеге ерекше назар аударды. Соның бірі орыс әдебиетінен қалтықсыз үйрену, үлгі-өнеге алу мәселесі. Ұлтшыл ақын-жазушылар дегендермен күресу дәстүрінде кейбір әдеби дәстүрімізді кеміте сөйлегеніне қарамастан, Сәбит Мұқанов білу, үйрену, білгеннен үлгі алу мәселесін күн тәртібіне қойып, өз ойын айтты. М.Горький мен В.Маяковскийдің новаторлық дәстүрлері қазақ әдебиетінде осындай саналы қадамдар мен орын тепті »
-дейді Т.Кәкішев.
Сәбиттің ең алғаш рет қарым-қатынасқа түскен орыс әдебиетінің қаламгері В.Маяковский болды. Сәбит Маяковскийді ең алғаш рет 1924 жылы тарих музейдің клубында әдебиеттік диспутта көреді. Маяковский онда өзінің творчесволық әдісін түсіндіре отыра, Пушкиннің «Чернь» өлеңін және өзінің «В. И.Ленин» атты поэмасынан үзінді оқиды. Соның бәрін тыңдап отырған Сәбит Мұқанов «Маяковскийдің кім екенін мен сонда ғана толық таныдым. Одан бұрын да, талай оқығышты көре жүре, мен өлеңді мұндай шебер оқушыны көрген мен «міне қайда оқу!»-дедім мен ішімнен,... оқыған поэманың бар сырын түгел түсініп. Оның оқу шеберлігі, дауыс қуаты, сөз мазмұны мені ғана емес, бүкіл залды билеп ап, қашан оқып болғанша жақтаушылары түгіл қарсылары да дыбыссыз тым-тырыс бола қалды»-деді.
Сәбит Мұқановқа В.Маяковскийдің орыс поэзия әлеміндегі өзіндік ақындық үні, өзгеше қолтанбасы ерекше әсер етеді. Осы орайда Сәбит Мұқанов Маяковскийге еліктей, оны үлгі ете отырып қазақ поэзиясына жаңа тақырып, Маяковскийше соны ырғақ әкелді.
Маяковский жаңашыл ақын ретінде орыс поэзиясының өлең құрылысының ырғағына жаңалық енгізгені мәлім. Онымен тұтас кезең ақындарының біразы оның ішінде оған Сәбит Мұқанов та айналып өте алмады. Оған Сәбиттің мына өлең жолдары куә:
Тыңда,
Даусын,
Дүние!
Деді,
Әне,,
«бір, екі, үш!»
Бар емес пе,,
Даусында,
Зеңбіректен,
Артық күш?,
Бұл өлеңдегі тағы бір ерекшелік ретінде Маяковскийдегі өлең жолдарындағы паузаны көбірек қолдануды атауға болады. Қазақ өлең формасындағы жаңалықтардың бірі есебінде де атап өтуге тұрарлық..
Сәбит Мұқанов халық поэзиясының асыл дәстүрлерін молынан пайдаланып, орыстың классикалық, кеңес әдебиетінен үйрене отырып, поэзиялық күрделі табыстарға жеткен шығармаларының бірі «Майға сәлем» өлеңі. Бұл идеялық-көркемдік жағынан қазақ поэзиясы үшін жаңа, елеулі табыс болды. Осы өлеңімен ақын қазақ совет лирикасында жаңа бет ашты, соны ырғақ, жаңа образ жасады.
Маяковский әдісін өз поэзиясында қолданған Сәбит «Гүл бағындай Отаным», «Н-тысяча», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз-Советтік Армия», «Поэзия маршалы» шығармаларында пікір байлығын, көркем образды сөз мағынасын көтереді.
Биыл... көктем кезінде... бір күн кешке,
Қиял шалқып, әрбір ой түсіп еске,
Түн бойы отырдым мен, шекпек болып
Қағазға сөзден сұлу көркем кесте.
«Гүл бағындай Отаным»
Сәбит Мұқановтың осы өлеңдері мен поэмалары – қазақ совет поэзиясында Маяковский дәстүрін кеңейте түскен және сол дәуірдегі әдебиетіміздің көркемдік амал-құралдарын молайта түскен шығармалар.
Маяковскийден үйрену, әсер алу-дәл Маяковский болу емес. Әсер ала отырып өзінің күшін, қасиетін, қабілетін көрсету басым. Сәбит Мұқанов орыс әдебиетімен қарым-қатынасын еске алған кезде Горькийді айта кету керек. Горькийді Сәбит Мұқанов алғаш рет 1928 жылы Ленинград вокзалында көрген. 1930 жылы Москвадағы Марр атындағы Тіл білімі институтына түскен Сәбит Мұқанов келер жылы ИКП-ның әдебиет бөліміне ауысады. Сол жылы Горькийге барып жолығады. Горькийден алған әсерін былайша түйіндейді: «Горькийге кеңес ақын-жазушылары екі жақтан қызығу керек. Бірінші, Горькийдің барлық еңбегін бойына түгел сіңіріп, білімін Горькийше көтеріп, досқа да, дұшпанға да Горькийше қарай біліп, дәуірді Горькийше сүю, жазуды Горькийше жазу. Екінші, Горькийдің образын өз шығармаларында беруге тырысу»-деп өзінше түйіндейді.
Қазақ әдебиетінде Горький дәстүрін қалыптасуын айтқанда Мұқановтың «Өмір мектебі» атты трилогиясын айрықша атаймыз. «Менің мектептерім» дейтін романында революция кезіндегі қазақ ауылының бейнесін көрсетуден басқа бір үлкен маңыз бар. Ол – жазушының проза жанрында Горький мектебінен оқып өскендігін көрсететін творчестволық жаңалық.
Сәбит Мұқанов шығармаларында жазушы Маяковскийдің жалынды жырларынан Горький дәстүрінен үйрене отырып, оны өзінше меңгеріп қазақ совет поэзиясына жаңалықтар енгізді, саяси лирикаларының идеялық-көркемдік сапасын белге көтереді, поэзиялық шығармаларында жаңалықтар тудырып, түр мен мазмұн тұтастығын жетілдіре түсті.
Осындай орыс әдебиетінің тұлғаларымен кездесіп, қарым-қатынас жасап жүрген Сәбит Мұқанов орыс әдебиетінің озық үлгілерінен, тәжірибесін өзінің шығармаларынан байқауға болады.
Мысалы, Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романында қазақ халқының жаңа өмірі үшін әрекет еткен революциялық күрес көрсетіледі. Орыс әдебиетіндегі жетістіктерді тани білген, танып қана қоймай оны өз шығармашылығына шеберлікпен пайдалануға тырысқан Сәбит Мұқанов халқының тіршілігін, онда ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүр мен әдет-ғұрыпты өз туындыларына арқау еткен тұстарда ұлттық мінезді негізге ала отырып бере білді.
Басынан бәлен дәуір өткерген, өсу мен дағдарысты кешірген орыс әдебиетінің тарихына үңіле қарап, көп мағлұмат алып қана қойған жоқ, жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ әдебиетінің тарихына жаңалық енгізуге тырысты.
Қорыта келгенде орыс ақын-жазушыларының шығармашылығындағы озық дәстүрлерінен үйреніп қана қоймай, оқыған мен тоқығаннан қазақ әдебиетіне жаңаша сипат дарыта білген Сәбит Мұқановтың әдебиет әлдеміндегі қаржылы еңбегі қай уақытта өз құнын жоймайтыны анық.
Еңбектері
1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты. Сәбит Мұқанұлы әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір‚ заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. мәні жоғары да бағалы. Оның артында қисапсыз мол мұра - 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. сан-салалы кітаптар қалды.
Сәбит Мұқанұлы қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Ш.Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармаларын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы жөнінде шығарма жазу мақсатын жүзеге асыру үшін Қытайда, Шыңжаң өлкесінде болып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп білді. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында болып‚ Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Соның нәтижесінде оның қаламынан «Жарқын жұлдыздар» атты зерттеу еңбегі туды.
Сәбит Мұқанұлы әдебиеттану саласына да көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игерумен бірге‚ поэзия теориясының қағидалары мен ережелеріне‚ өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Орыс символизмінің әдеби‚ эстетикалық және философиялық мәндерін ұғына отырып‚ оны өз өлеңдерінде қолдана білді.C.Сейфуллиннің «Советстаны» мен І.Жансүгіровтің «Дала» поэмаларындағы фольклорлық ізденістерге‚ ұйқас‚ ырғақ‚ шумақ құрылысындағы соны өзгеріс-құбылыстарға зер салды. «Поэзия мәселесі» дейтін зерттеуінде (1933) «Маған қазақ өлеңінің 4 аяқты‚ 6 аяқты‚ 8 аяқты түрлері күрделі пікір айтуға қолды байлайтын секілденді. Сондықтан мен «Тұрмыс тұлпары» өлеңімнен бастап халық әдебиетінің шұбыртпалы түріне бет алғандай болдым. Маған шұбыртпалы түрдің («Қобыланды»‚ «Алпамыс») екпіні‚ ырғағы 6 аяқтардан күшті сияқтанды. Шұбыртпалы түрдің құшағы пікір құшақтауға кең тәрізденді» деп жазады.
Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялық‚ сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып‚ олардың халық шығармашылығындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау‚ зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты.
18-19 және 20 ғасырларлардағы әдебиет тарихы және ақын-жыраулар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. 1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде «Әдебиет туралы ашық хат» жариялап‚ онда "Қазақстанда әдебиетті зерттеу жөнінде істелген іс атымен жоқ‚ сондықтан біздің міндетіміз аздап болса да‚ әліміз жеткенше осы істелмей жатқан іске атсалысу" деген пікірін білдірді.
Сәбит Мұқанұлының қазақ әдебиеті туралы зерттеу нысандарын‚ негізінен‚ 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы‚ 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті деп бөлуге болады. Оның «20-ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932) атты кітабы сол кезеңдегі қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында жарияланған бірден-бір еңбек болды. Еңбекте А.Байтұрсынов‚ М.Дулатов‚ Ж.Аймауытов, Ғұмар Қараш‚ С.Торайғыров‚ С.Дөнентаев‚ Б.Күлеев‚ Жұмабаев‚ М.Әуезов‚ т.б. ақын-жазушылар шығармаларына кезеңнің саяси талабына сай сыншылдық көзқарас тұрғысынан келгенімен‚ көркемдік тұрғыдағы озық үлгілерін шынайы бағалады. Жұмабаев туралы «Ақындық жағынан келгенде Мағжан‚ әрине‚ қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде‚ әдебиетке жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп‚ Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын жоқ» атты пікірін ашық жазды. «Қазақтың 18-19 ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942‚ кейін тыйым салынған) атты монографиясында ақын-жыраулар (Бұқар‚ Байтоқ‚ Жанұзақ‚ Махамбет‚ Шортанбай‚ Шернияз, Мұрат, т.б.) поэзиясы мен жыр-дастандарға‚ сондай-ақ атақты тарихи тұлғаларға (Абылай‚ Кенесары) қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тұрғысынан қарады. Сәбит Мұқанов қазақ елінің мүддесі‚ халық тағдыры тұрғысынан патша өкіметінің отаршылдық саясатын сынға алды. Сонымен қатар ол осыған дейін бір жүйеге түсіп жіктелмеген‚ жеке ғылыми талдау жасалмаған қазақ халқының айтыс өнерін зерттеу нысанына айналдырды. Оның 1944-45 жылдары жазылып‚ 1961 жылы жарық көрген «Абай Құнанбаев» монографиясы автордың Абай туралы пікірлерінің және қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы көзқарастарының өсіп-жетілу кезеңдерін көрсетеді. Бұрынырақтағы «Қара тақтаға жазылып қалмаңдар‚ шешендер» («Еңбекші қазақ», 01.03.1923) атты мақаласында ол Абайды ескішіл‚ байшыл ақындар қатарына жатқызып‚ үстем тап ақыны деп санаған болса‚ аталған монографияға дейін Абай болмысын танытатын көптеген құнды мақалалар («Абайды тану жолындағы пікірлер» («Қазақ әдебиеті»‚ 29.11.1934)‚ «Абай – халық ақыны» («Әдебиет майданы»‚ 1937‚ № 4‚ 5)‚ «Абайдың шәкірттері туралы» («Әдебиет және искусство»‚ 1951‚ №7‚ т.б.) жазып‚ Абайтануға үлкен үлес қосты. Сондай-ақ оның «Саяхаттар» (1954), «Туған жердің тыңында» (1955), «Тыңда тұнған байлық» (1957), «Алыптың адымдары» (1959), «Замандас туралы аңыз» (1961) атты кітаптарында 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жинақталған. Оның «Өсу жолдарымыз» (1960), «Жарқын жұлдыздар» (1964), «Халық мұрасы» (1974‚ «Қазақ қауымы»‚ 1995) атты монография, зерттеулері қазақ халқының мәдениеті, тілі, өнері, материалдық тұрмысы‚ т.б. туралы жазылған сүбелі еңбек болып саналды. Сәбит Мұқанов жаңа өмірге‚ бақытты өмірге қол жеткіземіз деп сендірген қоғамдық күштермен бірге социалистік идеяларға үн қосып‚ туған елінің мүддесіне‚ халық кәдесіне жарайтын жақсылық табуға ұмтылды‚ суреткерлік дарыны мен қайраткерлік қарымын сарқа жұмсап‚ аянбай еңбек етті. Осы жолда кеңестік идеологияны қолдамаған алашшыл ақын-жазушыларды сын тезіне алып‚ тапшылдық ұстанымдарын айқын танытты. Әйтсе де олардың жазушылық‚ ақындық талантын жоғары бағалады‚ оларды қазақ кеңес әдебиетіне қызмет етуге шақырды. Қазақ халқының ұлттық тілі мен мәдениетіне қатысты Кеңес өкіметінің әр кезеңдердегі солақай шешімдеріне қарсы шығып‚ өзі сенген биліктің сынына да ұшырады. Осы кезеңде Сәбит Мұқанұлына «Алашорда ақыны Мағжанға қамқорлық көрсетті‚ С.Сейфуллин бастаған ұлтшылдар тобында болды‚ буржуаздармен ымырашылдыққа барды» деген айыптар тағылып‚ саяси сенімсіздік көрсетілді. 1951 жылы 13-15 маусымда Қазақстан ҒА-сы мен Қазақстан Жазушылар одағының (Төралқа мүшелерінің) Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасы жөнінде өткізген пікірталасынан кейін Әуезов‚ Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов‚ т.б. әдебиет зерттеушілерімен бірге Сәбит Мұқанұлының да Абайтанудағы «қателіктері» көрсетілді (Әуезовтің «Литературная газетаға» жазған ашық хаты‚ «Абай» журналы‚ № 2‚ 1996). 1956 жылы Қазақстан КП ОК қазақ баспасөздерін аудару арқылы дубляж жасауды ұсынғанда алғаш болып Сәбит Мұқанұлы қарсы шықты. 1956 жылы қазақ зиялы қауымы республиканың қоғамдық-саяси өмірінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру туралы мәселе қойды‚ осыған орай Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі сессиясында сөйлеген сөзінде Сәбит Мұқанұлы «Қазақ республикасында қазақ тілі мәртебесін төмендетуге‚ республикалық мекемелерде‚ жиналыстарда қазақтардың өз тілінде сөйлеуіне тыйым салуға ешкімге құқық берілмегендігі» туралы өткір пікір білдірді (ЦГАНИ‚ 708 қор‚ 30 оп.‚ 76 іс‚ 85-б.). Екі аптадан кейін Орталық комитетке «қазақ тілі тек қана тұрмыстық деңгейде қалып‚ мемлекеттік тіл ретінде өмір сүруін шын мәнінде тоқтатқандығын» баяндай келіп‚ оны қалпына келтіру жолдарын көрсеткен өткір хат жазды. Сәбит Мұқанұлы сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі‚ өсіп-өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің әдебиет жолындағы бастапқы шығармашылық қадамдарына қолдау көрсетті‚ қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. 1930-50 жылдар аралығында әдебиетке келген өз қатарластары мен жаңа толқын өкілдері Сәбит Мұқанұлы жанашырлығын көріп өсті.
Сәбит Мұқанұлы есімі қазақ әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталады. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылды. 1956-66 жылдары Қазақстан КП ОК-нің мүшесі болды. 2-8-сайл. Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің депутаты‚ КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып, сондай-ақ Дүниежүзілік Бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшелігіне қабылданып (1958-69)‚ Араб елдерімен достық және мәдени байланыстар қоғамы Қазақ бөлімшесінің төрағалығына да (1965-69) сайланды. ҚР Мемлекеттік сыйлығының 1-лауреаты атанды. Сәбит Мұқанұлы 2 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталды. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламгердің есімі Алматы қаласы көшесіне, туған ауылына, ондағы мектепке, облыстық кітапханаға, облыстық драма театрына берілді. Алматы қаласындағы Сәбит Мұқанұлы атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылған (2000).
Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі
Толық мақаласы: Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі
С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Алматы каласында, Төлебаев көшесі 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973 жылы тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада ашылған. Мұражай үйі әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады. Мұражайдың әдеби бөлімінде жазушының зерттеулері мен сын мақалалары, монографиялары, ҚР ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлық дипломы және тағы басқы құжаттар бар. Оның 1922-1935 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Мәскеуде оқыған кезіндегі суреттер мен кұжаттар рет-ретімен орналастырылған. Мұнда Тәттімбет пен Үкілі Ыбырайдың фотосуреттері бар. Суретші Ү.Әжиевтің С.Мұқанов пен орыс жазушысы М.Горькийдің достығын бейнелейтін "М.Горький және С.Мұқанов" атты картинасы да осы залда. Жазушы наградалары - екі Ленин ордені, екі Еңбек Қызыл Ту," Құрмет белгісі" ордендері, КСРО медальдары, сондай-ақ оның Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаттығына бірнеше рет сайланған куәліктері қойылған. Мұражай экспозициясында түрлі қолжазбалар, жазушының поэзиялық, прозалық және әдеби сын шығармаларының басылымдары бар. Жазушының "Сұлушаш" (1928), "Адасқандар" (1931), "Жұмбақ жалау" (1938), "Балуан Шолақ" (1941), "Сырдария" (1948) романдары мен "Шоқан Уәлиханов" (1953), "Қашқар кызы" (1958), "Сәкен Сейфуллин" (1964) атты драмалық шығармалары туралы мол мәліметтер берілген. "Адасқандар" (1931) романының басты кейіпкері - Бүркіт (Сұлтанбек) пен Бәтестің (Бәтима) түпнұсқа суреттері, махаббат хикаясына байланысты көне күнделіктің мұқабасы, Қызылорда қаласындағы сотқа (1927) қоғамдық айыптаушы ретінде қатысқан С.Мұқановтың куәлігі қойылған. "Балуан Шолақ" романының (ҚХР, Шыңжаң) араб әрпімен басылған нұсқасы, Шәкәрімнің 1933 жылы Сәбитке жазған хаты мен фотосуреті, М.Жұмабаевтың "Шолпан" өлеңдер жинағы (1913), М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" (1914) романы, Ж.Аймауытовтың "Мансапқорлар" (1925), т.б. Мұқановтың жеке мұрағатында сақталған кітаптар бар. Мұражайдың мемориалдық бөлімінде жазушының қабылдау бөлмесі, жұмыс орны, демалыс бөлмесі толық сақталған. 4 мыңға жуық кітабы бар кітапханасы да осы бөлімде. Тұрмыстық заттары, үй жиһаздары, шетелдерден келген түрлі сыйлықтар, картиналар, т.б. экспонаттар қойылған. Мұражайда түрлі дәрістер оқылып, кинофильмдер көрсетіледі. Кейін С. Мұқанов пен Ғ.Мүсірепов мұражай-үйлері әкімшілік басқару жағынан біріктіріліп (8.2.1999), "С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені" деп аталды. Мұқановтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, экспозициясы жаңартылды, 8 мыңнан астам экспонат жинақталды. (2000).[2][3][4]
A.
Қазақстан пошталық маркасы, 2000 жыл
Қысқаша биография [5]
Сәбит Мұқанов ауыл Мәскеудегі Қызыл профессура институтын бітірген (1935).
1935-36 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы,
1936–37, 1943 – 51 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы,
1937–41 жылдары ҚазҰПУ-дың проф-ы қызметтерін атқарған.
Алғашқы кітабы «Совет өкіметі және қазақ әйелі» (өлеңдер, мақалалар, аудармалар) 1924 жылы жарық көрген.
«Бай баласы» (1928), «Мөлдір махаббат» (1931), «Теміртас» (1935) романдары Қазақстандағы таптық күрес мәселелеріне арналған.
«Ботагөз» (1938), «Сырдария» (1947 – 48) романдарында қазақ халқының тарихы суреттелген.
«Өмір мектебі» автобиографиялық трилогиясына (1949 – 64) Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген.
«Аққан жұлдыз» шығармасы (1967 – 70) қазақтың ағартушы-ғалымы Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған.
Қазақстан КП ОК-нің мүшесі (1956 – 66), 2 – 8 шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болған.
Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы (1967),
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының (1967) иегері. 2 мәрте Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, т.б. ордендермен, медальдармен марапатталған.
Қазір Мұқанов тұрған үй мұражайға айналған (1975).[6]
Аңыздың ақыры[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«Аңыздың ақыры» – аңыздың ізімен жазылып, ондағы оқиғаны философиялық-психологиялық астармен өрбіткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың кесек туындысы. [1]
Бұл роман алғаш рет «Махаббат мұнарасы» деген атпен жарияланған. Роман төрт бөлімнен тұрады. Шығарманың кейіпкерлері бар болғаны үшеу. Әмірші, Кіші ханым және шебер. Ұлы ханым, күтуші кемпір, бас шебер, Ахмет саудагерлер осы негізгі басты үш бейнені ашу үшін алынған.
Кенесары хан
(1841-1847ж.ж. билік құрған)
Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген нойанының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы.
1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.
Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды. Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы болып сайланды.
Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне қайтару жолындағы күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру барысында Орта Азия хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз әскерін жүзге, мыңға бөліп жүзбасылар мен мыңбасыларды тағайындады. Әскер тәртібін бұзғандар қатал жазаланды.
Кенесарының сыртқы саясатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ хандығын құру болатын. Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия хандықтарынан өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі ісіне араласып, билеушілерін өз жағына тартуға күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар әміріне өз елшілерін жіберіп, байланыс орнатады. Орта Азия мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып, олардан өздеріне қажетті қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады.
Кенесары өз хандығын нығайту үшін біраз экономикалық және саяси шараларды жүзеге асырады. Оның алым-салық саясаты шариғатқа негізделіп, мал өсіретін аудандарда зекетті, егіншілікті аудандарда ұшырды енгізеді. Халықтан алым-салық жинауды арнайы жасауылдар жүзеге асырды.
Отты қарумен қаруланған патша әскеріне қарусыз халық жасақтарының төтеп беруі қиын еді. Соған қарамастан Кенесары өзінің аса дарынды қолбасшы екендігін танытып, түрлі әскери тәсілдер арқылы оларға бірнеше рет ойсырата соққы беріп, бірнеше бекіністің талқанын шығарды. Солардың бірі Кенесарының Екатеринбург станциясына жасаған шабуылы. Шабуылдың тұтқиылдан болғандығы сондай, казактар, тіпті қарсылық көрсете алмай қалады. Осы жолы Кенесарының жігіттері 18 мылтық, 2 пистолет, 18 қылыш, 27 найза қолға түсіреді.
Көп жылға созылған күрес негізгі күшін әлсіреткен Кенесары патша әскерінің қысымымен 1846 жылы Орта жүзден Ұлы жүз қазақтарының жеріне кетуге мәжбүр болады. Мұнда ол қырғыз манаптарына Қоқандқа қарсы бірігіп соғысуға ұсыныс жасайды. Бірақ Орман мен Жантай бастаған манаптар оның бұл ұсынысын қабылдамай, орыстың генерал-губернаторы Капцевичке өздерінің Кенесарымен соғысатынын хабарлап, одан көмек сұрайды.
Ресей әскери күшінің дем беруімен болған Кекілік тауындағы қазақ-қырғыз арасындағы қақтығыста Кенесары қолға түсіп, қаза табады. Кенесарының тәуелсіздік жолындағы күресі де және осы жолда тек қана түркі халықтарының күш біріктіруі арқылы оң нәтиже күтіп, әрекет етуі де оның кең қарымды саясаткер, көреген стратег екенін айқын аңғартады.
Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.
1827-жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты. Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымов та мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді.
Кенесары Қасымов өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.
Қиын-қыстау шақтағы ортақ мүдде – ұлттың азаттығы үшін осындай әрекетке баруының өзі ұлылық емес пе?! Патшаның «бөліп ал да, билей бер» деген саясаты қазақ даласына кеңінен таралуы, елдің қатты наразылығын туғызуы оның жақтастарын көбейтуі заңды еді. Сонымен бірге, Кенесарыға қарсы шыққан рулар да болды.
1841-жылы Кенесары Қасымов хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
Кенесары қатаң тәртіп пен басқару принциптеріне негізделген Абылай атасының саясатын жүргізді. 1846-жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер аумағынан ығыстырды.
Кенесары қолы алғашқы әрекетін 1838-жылдың көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымов патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 1836-1838 жылдары Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды.
1841-жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды.
Кенесары өзінің басты мақсаты – азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844-1845 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.
Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20.000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.
Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.
Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843-жылы 27 шілдеде І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843-1844 жылдары біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.
Кенесары Қасымов Томақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды.
Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі – ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.
Өмірі
Сайын Мұратбеков 1936 жылы 15 қазанда бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Балалық шағына көз жүгірсек, Мұратбек ата оның үлкен атасы. Баласы қайтыс болғаннан кейін, бірі бес, екіншісі үш жастағы қос немересімен қалады. Бес жастағы немересі Сапарғалидан өмірге Сайын келеді. Кішкентай бала күні соғыспен дәлме-дәл келіп, әкесі майданға аттанып кетеді. Содан кішкентай шөбересін бауырына басып, Мұратбек атасы бағып қағады. Тегі де сол кісінің атына «Мұратбеков Сайын Мұратбекұлы» деп жазылған.
Алты жасқа келгенде, сонау «42-ші» жылы шешесі Рәзия қайтыс болады. Соғыс кезінде тылдағы еңбек күшінде қаншама әйел адамдар аянбай тер төкті. Қапалдың маңайында сол шақта басқа ұлт өкілдері көп қоныстанған еді. Солардан келген болуы керек, астық күзетіндегі Рәзия ананы ұрып-соғып, өлтіріп, өздері астықты жымқырып кеткен. Содан Сайын алты жасында жетім қалады. Ал, әкесі қанқұйлы соғыстан аман-есен оралып, балаларға жетімдікті сездірмеуге тырысып қайтадан Сақыпжамал деген кісіге үйленеді. Ол кісі екінші анасы болды. Осы алты жасынан кейінгі өмірінің біраз жері «Жабайы алмада» кеңінен суреттелген.
Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген. 1989 жылы «Қалың қар», 1995 жылы «Өліара» повестері кітап боп шықты. Алматы баспаларынан орыс тілінде «Дом молодых», «Камен тугай», «Дикая яблоня», т.б. кітаптары, Мәскеу баспаларынан әр жылдары жарық көрген «Дикая яблоня», «На вершине Учкары», «Запах полыни», «У теплого родника», т.б. кітаптары, Ташкентте өзбек тілінде «Евшан иісі», Қазанда татар тілінде «Әрем иісі», украин, белорус, грузин, армян, әзербайжан, литва, т.б. туыстас халықтар тілдерінде әңгіме, повестері, араб тілінде «Жусан иісі» повестері мен әңгімелері жеке кітап болып шықты.
Аударма саласында Ә.Әлімжановтың белгілі роман-повестерін, сондай-ақ Г. Толмачевтің Д. Қонаев, Н. Назарбаев туралы деректі повестерін, Алекс ла Гуманың «Тас ғалам» романын қазақшалаған. «Тел өскен ұл» (реж. Ш. Бейсенбаев, 1976) кинофильм сценарийінің авторы. 2003 жылы «Жабайы алма» повесі үшін Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылы «Қалың қар» повесі үшін Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығы, 1998 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2007 жылы дүниеден озды.
Үстіне
«Жусан иісі» қалай жазылды?
Сайын көбіне түнде жазатын. Күзде қарлы жауын жауады ғой. Әсіресе сол кезді қатты жақсы көретін. Ондай уақыттарда жұмыстан келе сала жазуға отыратын. «Алғашқы қар», «Қысқы кеш», «Ананың арманы», «Отау үй» әңгімелерін, «Қыран құс көк жүзін шарлап кетті» атты очерк-диплом жұмысын сол әуежай маңындағы үйде тұрғанымызда жазды. Төрт-бес жылдан кейін қаладан пәтер берілді де, сонда көштік. Ол үйде «Көкорай», «Күсен-Күсеке», «Жабайы алма», «Жусан иісі», «Басында Үшқараның» сынды шығармалары дүниеге келді. «Жусан иісін» жазып біткен соң ол керемет көңіл күйде жүрді. Сірә, оқырман қауымға, балаларға ұнайтынын сезген шығар.
Аянның ертегі айтатындығы Сайынның өзіне аздап келеді. Бірақ, Аянның прототипі бар. Ол - ауылда тобығы тайғандықтан, аяғын қисаңдатып, сәл ішіне басатын Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры шығармаға арқау болған. «Жабайы алмадағы» Қанат та өмірде бар адам. Қанаттың тағдыры - Сайынның ауылындағы Науқан деген баланікі. Оның да әкесі соғыста қайтыс болған. Шешесі соғыс уақытында колхоздың жұмысынан зорығып өлген. Қазір Науқан ауылда тұрады. Ақсақал болды. Он алты баласы бар. «Жабайы алмадағы» балалар Сайынның ауылындағы «Қызыл жұлдыз» бригадасының балалары. Ал «Басында Үшқараның» деген әңгімедегі Әсет - Сайынның өзі. Бір жылы Бердібек Соқпақбаев, Тахауи Ахтанов, Сайын үшеуі Қапалдағы Сайынның атасының жайлауын аралап, Бұрхан бұлаққа барып қайтқан. Келгеннен кейін ойыма бірдеңелер келіп жүр. Бір шығарма жазсам ба екен деп жүрді. Келер жылы Әкім Тарази өз ауылының жайлауына шақырып кетті. Содан келді де, күзге салым «Басында Үшқараның» әңгімесін жазып шықты. «Мұң жапырақ» деген повесі болатын. Шағын үзіндісін бір журналға жариялаған да: «Аса жақсы жазылған жоқ. Өзіме ұнамады», - деп жүрген. Бірде үйге кірсем пештің алдында керек емес қағаздарын, біраз қолжазбасын бұрқыратып жағып отыр. «Мұның не?» - десем, ««Мұң жапырақ» жақсы шыққан жоқ. Өртеп жібердім. Ойланып қайта жазармын», - деді. Бірақ, қайта жазуға отыра алмады. «Енді бір үлкен дүние жазсам, соған отырсам», - деуші еді. Үлгермеді…
/Мәриям апайдың естеліктерінен/
Ертегіші Аянның тағдыры бар Сайын ағаның балалық шағында...
«Балалар, тоқтаңдаршы. Мен сендерге кешегіден де қызықты ертегі айтып беремін» деп аяғын сылти басып, балалардың соңынан еріп жүретін Аянның аянышты тағдыры бүгінгі оқырманға таңсық болмас. «Жусан иісі» әңгімесін оқыған сайын, әуелі есімізге жусанның иісі оралады. Жусанның иісі ауылда өскен, ауылда дүниеге келген, ауылдың қара топырағын иіскеп өскен әр баланың есіне оралатыны анық. Аян тағдырына қатысты сауалыма Сайын аға бір кездері: «Бұл біздің ауылдағы соғыс кезіндегі балалардың барлығының тағдырынан жинақталған» деп еді. Сол жолы күліп отырып, ауылдағы жерлестері айтқан мына бір әңгімені еріксіз еске түсірген. Жазушының Ғұмар деген досы былай деп айтқан екен. «Сенің «Отау үй» атты кітабыңда «Жусан иісі» атты әңгімең бар емес пе?! Міне, соны оқыған біздің ауылдың Тәжібай, Науқан деген ағайынды механизатор екі жігіттің үлкені: «Бұл мен туралы жазылған екен», - дейді қызып отырып. Оны естіген кішісі: «Жоқ, мұндағы Аянның тағдыры тура маған ұқсайды», - деп оған қарсылығын білдіреді. Сөйтіп, екеуі шартпа-шұрт төбелесіп, ақырында оларды әзер айырып алатынын» айтқанда, Сайын ағаның жүзіне еріксіз күлкі үйірілген еді. Әңгіменің тым шынайы жазылғандығы да шығар, жерлестерінің ол шығарманың өн бойынан өздерін іздеп, өз болмыстарын танып жатқандығы. Әрине, Аянның тағдыры тым аянышты. Жусан иісін ұмыта алмайтын баланың ауылды, жусанды ұмытып кетуі мүмкін емес. Әңгімедегідей біз де Аянның жусанды ауылға қайтып оралуын тілеп едік. Естеріңізде болса, Аян былай дейтін еді ғой әңгімеде:
«- Әй, мен сендерге бір қызық айтайын ба,- деді ол сүйінші сұрағандай қуанышты үнмен, - Мен бүгін таң алдында түсімде ағамды көрдім. Рас айтам. Түнде жатар алдында ағамның пальтосын басыма жастап, көпке дейін иісін иіскеп жатқам. Ағамның иісі сіңіп қапты. Біртүрлі жусанның иісі сияқты жақсы иіс. Мен бүйтіп жағасына мұрынымды тығып алдым да ұзақ-ұзақ иіскедім... Әжем ылғи: «ағаңды анау Жусанды төбенің үстінде, мал қайырам деп жүргенде айдалада тапқанмын дейтін... Менің ағамда жусанның иісі содан қалған...Сөйтіп жатып ұйықтап едім, түсіме кірді...», - дейді. Сайын ағаммен болған алғашқы сұхбатым әлі есімде. Сайын аға редакцияға өзі келді. Сол жолы аға маған шығармалары жайлы, иә тек шығармалары жайлы, кө-ө-ө-п сыр шерткен. Өзiнiң де Қанат кейіпкері сияқты хат тасығанын, Ырысбек сияқты ағаларының кейбiр қияли қылықтарын шығармасына арқау еткенiн риясыз әңгiмелеген едi. Өткен күндерi еске түстi ме, ағамның әңгiме ауанына қарап, мен де сөзiн бөлгiм келген жоқ. Ара-арасында өткен күндердегi балалық қылықтарына өзi де риза боп, күлiп алады. Әсiресе, ең алғаш ересек балалардан хат жазуды үйренгенiн, хат жазамыз деп бүкiл балалар бiр-бiрiнiң көкелерiнiң атын хатқа жазып жiберген сәттерiн айтқанда, мен де ерiксiз күлгем. Мен үшін Сайын ағаның шығармаларының ішіндегі шоқтығы биігі - «Жабайы алма». «Жабайы алманың» әрбір сюжеті менің санамда жаттаулы. Кез келген сәтте сол бір повестен үзінді айтып бер десе, қиналмай айтатыным рас. Қанаттың бойындағы кейбір көріністерді соғыс кезіндегі балалардың бәрі бастан кешкені анық. Соғыс туралы жазылған шығармалардың көбінде «Жабайы алманың» кейбір эпизодтары қайталанып жатады. Бұл шығарманың қайталануы деген сөз емес, бұл сол қоғамның нақты көрінісін көрсететін шығарманың шынайылығында. Өйткені сол қоғамдағы оқиғаның бәрі солай біркелкі қайталанып жатты. Ауылдағы тұрмыс, балалық шақтағы қиындық, ұрлық-қарлық, әйелдердің колхоз жұмысындағы ауыр тірлігі, аналардың екі қолға бір күрек деп, таңның атысы, күннің батысы үй көрмей, дала кезуінің өзі сол қоғамдағы көріністі айқындап тұр.
/«Менің қарындасымнан» басталған жол / Түркістан.- 2011.- 17 қараша (№ 46). - 10/
Шағын жанрды шығармаға сыйдырған талант
«Алыста қалған балалық шағым… Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, есі қалмай далбақтап жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын» деген жалынышты үнін естимін» деп басталушы еді, бала кезімде оқыған «Жусан иiсі» деген повесть. Авторы Сайын Мұратбеков. Шығарманы оқи отырып, күрсінбеген, көзіне жас алмаған оқырман кемде-кем-ау. Шағын жанрдың шебері атанған жазушы Сайын Мұратбековтiң мықтылығы да сол, оқырманын самарқау қалдырмайтын. Бірге жетелейді, күрсіндіреді, күйіндіреді, қуандырады. Сонау қолға кітап алып, оқи бастаған шақта-ақ. Анау «Жабайы алма», «Басында Үшқараның», «Жусан иісі», «Менің қарындасым», тағы да басқа туындыларын бас алмай қайталап оқи беруші едім. Бөлек дүние-тұғын. Кейіннен КазГУ-дің журфагіне түскен соң бірнеше мәрте жазғандарымды Жазушылар одағына апарып жүріп, Сайын ағаны сұрастырғанмын. Ойым жақын танысу еді. Үлкен жазушыны көргім келген. Тіпті шығармаларындағы кейіпкерлер өмірде бар адамдар ма, жоқ, қиялдан туған жандар ма, соны да білгім келген. Бірақ ол кісімен кездесе алмадым... Бірақ Сайын Мұратбеков мен үшін жазуы бөлек, мықты қаламгер ретінде қала берген. Әлі де үйдегі сөреде тұрған кітаптардың ішінен ол кісінің жазғандарын құмарым қанбаған адамдай қайтадан отырып оқи беремін. Сонау алыста қалған ауылға қарай жетелеуші еді, Сайынның әңгімелері... Ауылды, жүйткіп өте шыққан бала дәуренді сағынушы едім... «...Аянның ертегі айтатындығы Сайынның өзіне аздап келеді. Бірақ Аянның прототипі бар. Ол - ауылда тобығы тайғандықтан, аяғын қисаңдатып, сәл ішіне басатын Ұзақбай деген бала. Сол баланың тағдыры шығармаға арқау болған. «Жабайы алмадағы» Қанат та өмірде бар адам. Қанаттың тағдыры - Сайынның ауылындағы Науқан деген баланыкі. Оның да әкесі соғыста қайтыс болған. Шешесі соғыс уақытында колхоздың жұмысынан зорығып өлген. Қазір Науқан ауылда тұрады. Ақсақал болды. Он алты баласы бар. «Жабайы алмадағы» балалар Сайынның ауылындағы «Қызыл жұлдыз» бригадасының балалары. «Басында Үшқараның» деген әңгімедегі Әсет - Сайынның өзі. Бір жылы Берді-бек Соқпақбаев, Тахауи Ахтанов, Сайын үшеуі Қапалдағы Сайынның атасының жайлауын аралап, Бұрхан бұлаққа барып қайтқан. Келгеннен кейін ойыма бірдеңелер келіп жүр. Бір шығарма жазсам ба екен деп жүрді. Келер жылы Әкім Тарази өз ауылының жайлауына шақырып кетті. Содан келді де, күзге салым «Басында Үшқараның» әңгімесін жазып шықты. «Мұң жапырақ» деген повесі болатын. Шағын үзіндісін бір журналға жариялағанда: «Аса жақсы жазылған жоқ. Өзіме ұнамады» деп жүрген. Бірде үйге кірсем пештің алдында керек емес қағаздарын, біраз қолжазбасын бұрқыратып жағып отыр. «Мұның не?» десем, «Мұң жапырақ» жақсы шыққан жоқ. Өртеп жібердім. Ойланып қайта жазармын» деді. Бірақ қайта жазуға отыра алмады. «Енді бір үлкен дүние жазсам, соған отырсам, деуші еді. Үлгермеді…» деп еске алады жазушының жары Мәриям апай «Ақ желкен» журналына берген сұхбатында. Сайын Мұратбеков өткен ғасырдың 50-жылдарының соңы, 60-жылдардың басында әдебиет көшіне өзіндік қолтаңбасымен келген талантты қаламгер. Шоқтығы биік «Жабайы алма» романы үшін Мемлекеттік сыйлық алды. Сайын аға бар болғанда биыл жетпістің жетеуіне толар еді...
/Қалихан Ысқақ, жазушы, драматург/
Батырлар жыры[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.[1] Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.[2] Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р. Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз. Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов, Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынұлы зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін, жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс емес.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда болған Б. ж. бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды. Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйелеркі (матриархат) дәуірімен байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі Батырлық жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән. Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер Батырлық жырларда үлкен орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай бастаған.
Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине, жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда, Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.
Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде төмендегіше жіктеуге болады.
Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):
1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
3) батырға тән балалық шақ;
4) алғашқы ерлік;
5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);
7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
Батырларға тән ерліктер:
1) жаудың шабуылы туралы хабар;
2) жорыққа аттану;
3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);
4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
5) жеңіспен елге оралу.
Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты, елін) азат ету:
1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);
2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына үйленуді ниет етуі;
3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен адамның кейпінде келу;
4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;
5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;
6) той.
Бұл жіктелуден байқалатын жағдай — бірқатар батырлық жырларда осы үш сюжеттің бәрі де бір-бірімен осы қиюласқан рет тәртібімен толық көрінетіндігі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қарабек” жырларында осы үш сюжет тұтас қамтылады. Ал атақты Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық батыры” сияқты жыр тізбегі негізінен І және ІІ сюжеттерден тұрады. “Дотан”, “Құбығұл”, “Құламерген”, “Жоямерген”, т.б. көне эпостар, жоғарыда айтқанымыздай, үйлену, үй-ішін қорғау оқиғаларына құрылатындықтан, олар І сюжеттің төңірегіне топталады. Екі не одан да көп сюжеттердің кіруі (контаминация) Батырлық жырлардың қалыптасуы үшін айрықша қызмет атқарған. Көптеген эпостарда әрбір жеке сюжет өз алдына дербес жырланатындығын да, бір жырда бір-бірімен жалғасып, тұтас баяндалатынын да байқаймыз. Оның үстіне, жеке сюжеттің кеңістік (мекендік) бойынша құрылымы бірдей болып шығады: батырдың мекені — жау елі — батырдың мекені. Жау елінде қаза таппаған батыр өзге елде дүниеге, малға, патшалыққа қызықпай қайтып келеді. Батырлық жырлардың оқиғасына жыршы мен жырау да, тыңдаушы көпшілік те болған шындық деп қарайды. Эпостың оқиғасы “Баяғы заманда”, “Бұрынғы өткен заманда”, “Ноғайлы заманында” деп көрсетіледі. Бұл батырлар өмір сүрген айрықша бір дәуір, тыңдаушылар мерзіміне ұқсамайтын, елдің бірлігі мен берекесі мол кезең деп түсіндіріледі. Міне, осындай дәуірде өмір сүріп, “ішкенге мас, жегенге тоқ” жүріп жатқан елдің тыныштығын бұзатын жаулар қалмақ, ындыс немесе қызылбас болады. Жыр оқиғасына қозғау салатын да, батырдың үйден шығып, жорыққа аттануына себепші болатын да — осы қалыпты өмірдің бұзылуы. Батыр — бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу—батырдың ерлігімен болатын іс. Ол кезең — айрықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы. Той — сол жақсылық атаулының жеңіс мейрамы.
Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір бар:
1) жеке рулар (тайпалар) дәуірі. Мәселен, “Алпамыс” жырында — қоңырат, “Қобыланды” эпосында — қыпшақ заманы;
2) ноғайлы дәуірі.
Жеке рулар дәуірі жыр тізбегіне (циклына) енбейтін дара тұрған эпостық жырға тән әрі ондай жыр көбіне жоғарыда көрсетілген инварианттың үш сюжетін де қамтиды. Батырлардың жорығын бірнеше рет қайталау, оқиғасын өмірбаяндық жолмен құру арқылы мұндай эпос өзі суреттеп отырған дәуірді мейлінше мол бейнелейді. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларында сюжеттердің толықтығын былай қойғанда әлеум. орта, жағдай, ел тіршілігі, біршама нақтылы баяндалады. Ал ноғайлы дәуірі қазақ эпосының тізбекті топтама жыр үлгілерінде көрініс береді. Бұларға қаһарманның дүниеге келуін, балалық шағын, үйлену тарихын толық баяндау тән емес. Бір жырдан кейін бір жыр тізбектеліп, қайта-қайта бір ізбен, бірыңғай өмірбаяндық жолмен баяндалып отырса іш пыстыратын қайталаушылыққа әкеліп соқтырған болар еді. “Қырымның қырық батыры” сияқты орасан зор тізбекті жырды жырлаған атақты Мұрын жырау бұл өзгешелікті өте терең түсінген. Сондықтан да, ол әр батырға тән жеке сюжеттерді (көбіне ІІ және ІІІ сюжеттер) іштей барынша ширықтыра отырып, бірер оқиға болса да, оларға бірегейлік қасиет дарытып жырлаған. Батырлық жырлардың құрылымына қатысты осындай ерекшеліктер олардың мезгіл мен мекендік және тізбектік сипатымен тығыз байланысты. Батырлық жырлардың өлең құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда, әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы, оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі. Қазақ халқының Батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа шығарған ғалымдар Уәлиханов, Радлов, Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т., Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, Н.Н. Ильминский, Ж. Шайхисламов]], т.б. болды.
Олар жалпы эпостық жырлардың ерекшеліктері, оның ішінде “Едіге”, “Тоқтамыс”, т.б. эпостар туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтты. “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” эпостарын Қазан, Уфа қалаларынан жарыққа шығарды. Бұлардың ізденістерін Әлихан Бөкейханов, Байтұрсынов, Халил Досмұхамедов жалғастырды. “Ер Тарғын”, “Қобыланды”, “Едіге”, “Батыр Бекет”, “Ер Сайын” жырлары алғаш рет осы ғалымдардың еңбектерінде талданды. XX ғасырда Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин, Н.С. Смирнова, т.б. ғалымдар қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады. 1950—1960 жылдары тұңғыш рет эпостың ғыл. мәтінін жариялау жұмысы жүзеге асты, сөйтіп “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” (1959), “Қамбар батыр” (1959), “Алпамыс батыр” (1961), “Қыз Жібек” (1963) жырларының академиялық басылымдары жарық көрді. Осы кезеңдерде батырлық жырлардың төңірегінде идеологиялық айтыстар да өрбіді.
20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С. Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов, О. Нұрмағамбетов, Ш. Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты қарастырылды. Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Ж. Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е. Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е. Рахмадиев) опералары қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.[3]
Айшықтау
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Айшықтау дегеніміз - сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу - сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту. Сөз айшықтары - сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтетін синтаксистік құрылымдардың формалары, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан, жиі қолданылатын амал - тәсілдер. Оларға: шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ - жауап, дауыс ырғағы т.б жатады. Сөз айшықтары адамның сөйлеу шеберлігін, зерделілігін, тіл байлығын көрсетеді.
Айшықтаудың бір түрі - риторикалық айшықтар. Мұнда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, өзінен-өзі анықталады. Мысалы, "Қыз Жібек" жырындағы Жібектің зары:
Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы,
Жылқысын көптігінен баға алмайды.
Өлгені Төлегеннің рас болса,
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?!
Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.
Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.
Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.
Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.
Батыр Баян (поэма)[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Батыр Баян деген бетті қараңыз.
«Батыр Баян» (поэма) – қазақтың атақты қаламгері Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы.
Мазмұны [жасыру]
1 Қысқаша мазмұны
2 Шығарма кейіпкерлері
3 Маңыздылығы
4 Дереккөздер
5 Сыртқы сілтемелер
Қысқаша мазмұны[өңдеу]
Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.
Шығарма кейіпкерлері[өңдеу]
Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.
Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.
Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.
Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды.
Маңыздылығы[өңдеу]
Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.
Жазушының «Қар қызы» повесінің көркемдік әдісі жөнінде әдебиет сыншы-лары арасында әр түрлі пікірлер бар. Мысалы А. Қодаров повесті филосо-фиялық-романтикалық шығарма қатарына жатқызады [6; 166]. Қар қызына мифтік желі, үш жігіттің көрген түстері, Нұржанды Қар қызының үсікке ұрындырмай, оятып алуы. Қар қызын бейнесін жасаудағы мақсаты – жақсылық, адалдық ұғымын оқырман санасына сіңіру. Алмажан мен қар қызы арасындағы сабақтастық мифтен-дірілу сипатымен танылады.
Повестегі жас жігіттердің совхозға шөп жеткізу мақсатымен шаруашылық сапарға шығуы, жол қиындығы реалистік тұрғыдан суреттелген. Бірақ Нұржанның сол сапарға шыққандығы негізгі мақсаты – шөп жеткізу емес, Қар қызын көру еді. Романтикалық сипат шығарманың Нұржан-ның Қар қызымен кездесетін тұстарында анық көрінеді.
Қорғансыздың күні
"Қорғансыздың күні" кітабы
Қорғансыздың күні - әңгіме
Қорғансыздың күні - М.Әуезовтің 1921 жылы «Қызыл Қазақстан» журналының 3-4 сандарында «Арғын» деген бүркеншік атпен жарияланған алғашқы көркем шығармасы. 1922 жылы Орынборда «Қорғансыздың күні» деген атпен жеке кітап болып шықты. Мұхтар Әуезов осы әңгімені жазғанда өзінің ішкі жан дүниесіндегі қиналған кезін баяндап берген.
Қысқаша мазмұны
«Қорғансыздың күні» оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады,қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді.Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді. Қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлыққа шыдамай, боранға ұрынып, үсіп өлгені айтылған.
Шығарма кейіпкерлері[өңдеу]
Ғазиза-13 жастағы жіңішке сұңғақ бойлы,аз ғана сепкілі бар,дөңгелек ақсұр жүзді,сыпайы,сүйкімді қыз.
Ақан-жасы 30 шамасындағы болыс.Орта бойлы,дөңгелек денелі,қысқа мұртты,шоқша сақалды кісі.
Қалтай-Ақанның атшабары.Аса пысық,сөзге ұста,қалжыңқой ер жігіт.
Мұқаш-Ғазизаның туған інісі.
Жақып-Ғазизаның әкесі.
Мәрден-Тобықтының жуан аулының кісісі.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
"Қазақ әдебиетінің тарихы" көптомдығының мұқабасы
«Қазақ әдебиетінің тарихы» - қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихын баяндайтын 3 томдық 6 кітап. 1960-1967 ж. «Ғылым» баспасы шығарған.[1]
Мазмұны [жасыру]
1 Толығырақ
2 1 том
2.1 1-кітабы
2.2 2-кітабы
3 2 том
3.1 1-кітабы
3.2 2-кітабы
4 3 том
4.1 1-кітабы
4.2 2-кітабы
5 Дереккөздер
Толығырақ[өңдеу]
Бұл басылымдарда қазақ ауыз әдебиетінің және 18-20 ғасырлардағы қазақ жазба әдебиетінің тарихы кеңінен қамтылып, ғылыми түрде жан-жақты баяндалған. Әуезов 1-томның жалпы редакциясын басқарып, «Айтыс», «Ертегілер», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Абай Құнанбайұлы», «Ақылбай Құнанбаев», «Мағауия Құнанбаев» тарауларын жазды. Еңбекте Әуезовтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арнайы бөлім беріліп (авторы М. Қаратаев), туындылары кезең-кезеңмен талданған (429-505-беттер). Әуезов жасаған асыл туындылар қазақ әдебиетін озық әдебиеттердің қатарына қосып, қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, талантын, ұлттық характерін жер жүзі оқушыларына танытты деп, ұлы жазушының ерлікке пара-пар еңбегіне әділ баға берген.[2]
Кітапта ежелгі дәуір әдебиеті, қазақ хандығы тұсындағы жыраулық поэзия, 20 ғ-дың бас кезіндегі демократияшыл әдебиет, сондай-ақ, кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің 50 жылдық тарихы жанжақты зерттеліп, тұжырымдалған.[1]
1 том[өңдеу]
1-кітабы[өңдеу]
1-томының 1-кітабы (1960, "Қазақ халқының ауыз әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған Мұхтар Омарханұлы Әуезов) ауыз әдебиетінің ерте заманнан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі тарихын қамтитын тоғыз бөлім мен бірнеше тараудан тұрады. Оған ауыз әдебиеті туралы ғылымның даму тарихы, тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, батырлар жыры мен лиро-эпос, тарихи жырлар мен айтыс жайындағы зерттеулер енген.
2-кітабы[өңдеу]
2-кітабы (1964 ж., жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) қазақ кеңес фольклорының тарихын әңгімелейтін алты бөлім мен бірнеше тараудан тұрады. Мұнда қазақ фольклортану ғылымның тарихы, онын даму жолдары, фольклор мен әдебиет, фольклор және музыка, айтыс, халықтық дастандар, мақал-мәтелдер, өлең-термелер, ақындық толғау, жұмбақ жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер жайындағы зерттеулер мен ақын, жырау, жыршылар туралы монографиялық тараулар, библиографиялық көрсеткіштер бар.[1]
2 том[өңдеу]
1-кітабы[өңдеу]
2-томынын 1-кітабы (1961, "ХҮІІІ-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған – Қажым Жұмалиев) 18-19 ғ-дағы қазақ әдебиетінің даму жолдары мен әр алуан бағыт-кезеңдерін ашып әңгімелейтін шолу тараулармен қатар сол дәуірдегі ақын-жазушылар творчествосын арнайы талдайтын монографиялық зерттеулерден тұрады. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы жеке қарастырылып, 18-19 ғ-дағы қазақ әдебиеті тарихы жайындағы материалдардың қысқаша библиографиясы берілген.
2-кітабы[өңдеу]
2-кітабы (1965, "XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған - Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев) 20 ғ-дың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерді, сондай-ақ, осы кездегі әдеби процестің дамуын ашатын шолу мен 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісіне байланысты туған халық поэзиясын талдайтын тараудан және ақын-жазушылардың шығармаларын арнайы қарастыратын монографиялық бөлімдерден тұрады. Сонымен қатар мұнда 20 ғ-дың басындағы оқу-ағарту жүйесі мен баспасөзге арналған жеке тарау мен сол дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихы жайындағы материалдардың қысқаша библиографиясы қамтылған.[1]
3 том[өңдеу]
1-кітабы[өңдеу]
3-томының 1-кітабы (1967, "Қазақ совет әдебиетінің тарихы" жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) "Қазақ совет әдебиетінің алғашқы дәуірі", "Отызыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті", "Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті" деп аталатын шолу тараулармен қатар қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылар: Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, І. Жансүгіров, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов шығармашылығы туралы монографиялық бөлімдерден тұрады. Бұдан тыс қазақ кеңес әдебиетінің тарихын бейнелейтін әдеби өмірдің шежіресі де (1917 - 1945) берілген.[1]
2-кітабы[өңдеу]
2-кітабы (1967, жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) "Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі әдебиет", "Қазіргі дәуір әдебиеті" атты екі шолу тараудан басқа, қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Қасым Аманжолов туралы моногр. бөлімдерден тұрады. Сондай-ак, кітапта әдеби өмірдің шежіресі де (1946-1965) берілген.
"Қазақ әдебиетінің тарихы" баспаға дайындаған Тіл және Әдебиет (1961 жылдан Әдебиет және өнер) институты. Бұл еңбек ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары филология фокультетінің оқытушылары мен аспиранттарға, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналған. "Мәдени мұра" мемлмлекеттік бағдарламасының кітап сериялары бойынша "Қазақ әдебиетінің" 10 томдығы шығарылын жатыр (8 томы жарыққа шыққан).
"Бақытсыз Жамал" романы
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның "Бақытсыз Жамал" атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" қазақ әдебиетінде көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар cұлу", т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатұлы осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатұлы бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатұлының романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.
Ақбілек - роман
Ақбілек - Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан туған роман. Роман тұңғыш рет 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында жарияланды.
Мазмұны [жасыру]
1 Қысқаша мазмұны
1.1 Шығарманың басты кейіпкерлері
1.2 Тағы қараңыз
1.3 Дереккөздер
1.4 Сыртқы сілтемелер
Қысқаша мазмұны[өңдеу]
Ақбілек романындағы барлық оқиғалар тікелей өмірден алынған. Ақбілек романы - қазақ ауылындағы дүрбелең жылдар шындығын, олардың дәстүрі мен тұрмысын, жекелеген адамдардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын, әсіресе негізгі тұлға - Ақбілектің қызығынан қиындығы мол өмір жолдары жайында мұң мен шер де, сыр да толғайтын туынды.Бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Сонымен бірге халқымыздың өткен өмір көріністерін, адамдар арасындағы көзқарастар қақтығысын, ел мен жер, келешек күндерге деген наным, сенімдері серпінді, шабытты, көркем кестеленеді. Кейіпкерлер келбеті, іс-қимылдары да нанымды жеткізіледі. Қазақ төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының өмір-тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті кеңінен көрініс береді. Романда көтерілген басты мәселе - қазақ қызының тағдыры,.әйел теңсіздігі. «Ақбілек» романы - бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
Шығарманың басты кейіпкерлері[өңдеу]
Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады.
Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады.
Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған.
Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады.
Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.
Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.
Ұлпан (роман)[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ұлпан романы
Ұлпан - Ғабит Мүсіреповтың 1974 жылы тарихи ел шежіресінің мазмұны негізінде жазған романдарының бірі. Бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт тараудан тұрады. Әрбір жеке тараулары рим цифрымен белгіленген.Ұлпан романында тоқсанға жуық образдар бар.
Мазмұны [жасыру]
1 Қысқаша мазмұны
2 Шығарма кейіпкерлері
3 Тағы қараңыз
4 Дереккөздер
Қысқаша мазмұны[өңдеу]
Шығарманың оқиғасы – ХІХ ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романдағы бас кейіпкер Есеней - қалың Керей-Уақтың билігін қолына мықтап ұстаған аузы дуалы биі, атақты байы. Ол Шыңғыспен партиялық сайлауда таласса, тең түсетін өткір сөзді, алып денелі, қара нар іспеттес қайраткер. Жасында жауынгер, найзагер батыр да болған. Кенесарының қалың қолымен кескілескен ұрыста ерлік көрсеткен, екі жүз сарбазын тұтқындап стапқа өткізген, кейін жараланып, орыс-казактары дәрігерлерінің көмегімен ажалдан аман қалған. Ол қалың жылқысын өзінің жауынгер досы, бүгінде аяқ қолы топ болып қалған Артықбай батырдың жайылымына байқамай қаптата жайып келе жатқанда оның алдынан ерекше киінген кесек тұлғалы, батырдың қызы Ұлпан қарсы шығып, Есенейді еселі сөзбен жеңіп, айып төлетеді. Ол бұдан он үш жыл бұрынғы әкесі Артықбай батырдың үйінде Есеней намаз оқып отырғанда еркелеп мойнына асылып, «Мен түйеге мініп кеттім! Әке, сен үйде қалдың!» деп маза бермейтін қара қыз. Бүгінде аңшы, құсбегі, жылқышы болып ат құлағында ойнап өскен батыр қыз. Оның екі баласы бір күнде шешектен өлген, бүгінде елуден асып, ел ағасы болған еңсегей бойлы Есеней бір балаға зар болып жүріп, өзінен қырық жас кіші қара торы өткір қыз Ұлпанға ғашық болады,Ұлпанды екінші әйелдікке алады. Айналасы он-он бес жылда Ұлпан дүйім елді билейтін ақылды ана болады. Бүкіл Торғай уезіне Есенейдің аты Ұлпанның атымен қатар жайылады.Ұлпанның шалы Есеней тоғыз жыл топ болып жатып қайтыс болады. Одан қалған жалғыз қызы Біжікенді Ұлпан Торсан деген пысық жігітке үйлендіріп, қолына күшік күйеу етіп енгізіп алады. Ол Есенейден қалған мал-мүлікті пайдаланып, ағайын-туғандарымен араздасып, Ұлпанды «отырса — опақ, тұрса — сопақ» етеді. Қорлыққа шыдай алмаған ер мінезді Ұлпан: «Маған көрсеткен қорлығың өз басыңа келсін»,—деп қарғап, бір түнде у ішіп өледі. Ел анасы болған Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсанның үлкен ұлы Шоқан болыс әкесінің зұлымдығына шыдай алмай өзіне-өзі пышақ салып өледі. 1920 жылы кеңес үкіметі кезінде Торсан өліп, балалары қаңғып кете барады да, Торсанның шаңырағы шайқалып ортасына түседі. . Ұлпан өлгеніне жетпіс бес жыл болған нағашы атасы Сырым батырға әнші, күйші, домбырашы, палуан, атбегі адамдарын ертіп, Сыр бойына айғыр үйір жылқы айдап барып аза тұтып, асын бергізеді. Осы астан кейін жиырма бес жыл өткенде (1906 ж. шамасында), Орынбор — Ташкент темір жолы салынған кезде, «Ұлпан ас берген көл» жағасынан өткен темір жол стансасының атын «Ұлпан» атайды (Шалқардан кейінгі станса). Романның ерекшеліктерінің бірі - қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болуы.
Шығарма кейіпкерлері[өңдеу]
Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан - кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.
Есеней – романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол − ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.
«Түрікпен» Мүсіреп - Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары - бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал - мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді.
Аңшы Мүсіреп – Есенейдің достарының бірі.Өзі мерген,шебер,аң аулаудан жанын салмайтын адам.
Шынар – түрікпен Мүсірептің сүйген жары, өмірлік серігі .Шынардың әкесі етікші болған. Шынар - қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек .Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі.Аяғында кестелі етігі бар.Көк қиығының құйрығы азғана көтеріңкі.Сол жақ бетінде бармақ баттысы бар.
Артықбай мен Несібелі− Ұлпанның ата – анасы.
Біжікен (Бибіжиһан) −Есеней мен Ұлпаның қыздары.
Тілеміс− тілмаш және Торсанның әкесі.
Байдалы би, Тоқай би, Күзембай болыс ,кәрі би Өтеміс - ауылдың би-болыстары.
Хұсайынғази – молда.
Еламан - Есеней бидің інісі. Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді.Еламанның үш баласы да өзі сияқты сотқар, арампаз болған.
Айтолқын - Еламанның әйелі. Оның бойы шарғылау,бөктеріншектілеу келген.Айтолқын өзін бәрінен жоғары ұстайды, сондай-ақ көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады.
Торсан - Біжікеннің күйеуі.Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Ол Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. Торсан алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болған.Торсан үй ішілік жайларда өте жұмсақ.
Сатира (лат. Satira)- өзі суреттеп отырған оқиғаны, құбылысты немесе кейіпкерді өткір сынға алып, әжуаға айналдыратын көркемдік бейнелеу тәсілі.
Сатираның мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, шарж, карикатура, анекдот сияқты жанрлары бар. Драматургияда сатира комедия жанрынан көрінсе, көркем прозада сатиралық әңгіме, повесть, романдар жазылады. Сатиралық шығармаларда әсірелеу (гротеск), тұспалдау (аллегория), юмор (достық рәуіштегі күлкі), ирония (жеңіл әжуа), сарказм (ащы мысқыл, кекесін), т.б. бейнелеу тәсілдері кеңінен колданылады. Ежелгі Грекияда жанр ретінде туындағанымен әдебиеттің дербес тегі ретінде Ежелгі Римде кең қанат жайды. Петронийдің "Сатирикон", Апулейдің "Алтын баспақ" романдары осы тұста дүниеге келеді. Орыс әдебиетінде алғашқы сатиралық шығармалар 17 ғасырда дүниеге келді.
Қазақ сатирасы халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Алдар Көсе туралы аңыз әңгімелерде ащы мысқыл, улы кекесін, сынап-мінеу сарыны басым болса, Қожанасыр туралы күлдіргі әңгімелер юмор, достық рәуіштегі сын, астарлы әзілге құрылады. Тазша бала туралы немесе өтірік өлеңдерде әсірелеу, гротеск тәсілі мол кездеседі. Қазақ фольклорында ұлттық ауыз әдебиетінде ғана кездесетін Шық бермес Шығайбай, Қарабай сияқты сараң байлардың типтік бейнелері жасалған. Жыраулық поэзия (Шалкиіз Тіленшіұлы, Тәтіқара, Бұқар жырау, Шал ақын, т.б.) өлеңдерінде кездесетін үстем топ өкілдерін сынау, шенеу сарыны Махамбеттің өлең-жырларында өзінің шырқау шыңына жетіп, батыл айыптауға ұласады.
Абай Құнанбайұлы
Абай шығармашылығы қазақ сатирасын сапалық жаңа биікке көтерген. Ұлы ақын шығармашылығында эпиграммалар "Абралыға", "Көкбайға", "Күлембайға", "Дүтбайға", т.б арналған өлеңдерінде жиі кездеседі. Көкбайға арналған эпиграммаларда юморлық сарын басым болса, Көкбай мен Күлембайға арналған эпиграммаларда айыптау, мысқылдау жағы үстем түсіп отырады. Абай шығармаларында пародияның элементтері де бар. ("Өлең сөздің патшасы, сөз capасы", "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"), Абай сатирасында мысал жанры ерекше орын алады. Мысал жанры 20 ғасырдың басындағы көрнекі қазақ ақындары А.Байтұрсынұлы, М.Сұлтанқожаұлы, Т.Ізтілеуов шығармаларында жиі кездеседі. сатиралық өлеңдер С.Торайғыров шығармашылығынан берік орын алды (мысалы, "Мағынасыз мешіт", "Сымбатты сұлуға", т.б.). Ол "Ауырмай есімнен жаңылғаным" атты сатиралық әңгіме де жазды. Сәбит Дөнентаев мысал, фельетон жазумен қатар, қазақ сатирасын сюжетті сықақ өлеңдермен байытты. С.Сейфуллин "Күзетші иттер", "Ұлтшылдың сандырағы", "Отарба мен ақ төбет", "Қара aрбада", т.б. сатиралық өлеңдер жазды. Бейімбет Майлин шығармаларын, сатираға мол орын берілді. Ол проза мен поэзиялық жанрларда шығармаларды өндірте жазды. Оның 1928 жылы "Сойқанды содылар", ал 1920 жылы "Кесінділер" атты шығармашылық жинақтары басылды. Бейімбет, әсіресе, комедия, сықақ әңгіме, фельетон жанрын дамытуға үлкен үлес қосты.
Сатира - І.Жансүгіров шығармашылығының жемісті саласының бірі. Сатира "Тілші" (1923 - 25), "Еңбекші қазақ" (1928 - 31) газеттерінде жұмыс істеген жылдары фельетонист ретінде танылып, 1929 жылы "Сықақ" атты жинақ шығарды. Жансүгіровтің сықақ әңгімелері мен фельетондар 1935 жылы "Құқ"деген атпен жеке кітап түрінде жарық көрді. 20-жылдардағы сатираға Алдоңғаров пен А.Сегізбаев т.б өздерінің уытты фельетондарыме үн қосты. 30-жылдары қазақ сатирасы өркендетуге белсене ат салысқан қаламгерлер қатарында 1936 жылы "Түйреуіш" атты жинақ шығарған Қ.Қуанышбаев, "Тоқсан" атты кітабы шыққан Ж.Сәрсеков, "Күлмескене" жинағы басылған Қ.Тайшықов пен "Шаншу" атты кітаптың авторы ЕДүйсенбековтерді айтуға болады. 2-дүниежүзілік соғысы жылдарында сатираны дамытуға Асқар Тоқмағамбетов, ал соғыстан кейінгі кезеңде сатираға Төлешов үлкен үлес қосты. 1956 жылы сатиралық "Ара" журналының шыға бастауына орай қазақ сатирасынын дамуы жүйелі сипат алды. 60-жылдары сатириктер легіне Б.Қыдырбекұлы, М.Рашевтер келіп қосылды. Кейін С.Адамбеков қазақ тілінде жазылған тұңғыш сатиралық роман "Атылған қыз туралы анызды" жазды. Сатиралык әңгімелер жанрын дамытуға "Талпақ танау". "Этнографиялык әңгіме". "Тарғыл қауын", "Сілекеевтердің кенжесі" атты шығармалары арқылы Ғ.Мүсірепов те өз үлесін қосты. 70- жылдары О.Әубәкіров, О.Иманәлиев,Ғ.Қабышев, С.Әлжіков, Ү.Уайдин, Е. Домбаев қазақ сатирасын дамытуға өз үлестерін қосса, 80-жылдары олардың қатарына С.Кенжеахметов, К.Әмірбеков, М. Шерім, Ғ. Ахметчин, Қ. Ілясов, т.б. келіп қосылды. Қазақ сатирасы жөнінде Т.Қожакеевтің монографиялары бар.[1]
Шешендік сөз[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шешендік сөз немесе шешендік өнер - ежелгі Грекия мен Рим заманынан бермен қарай көптеген халықтардың мәдени, рухани, өмір тіршілігіндегі өнердің бір түрі. Грек шешендiк өнерiнiң игi әсерi арқасында көне Римде де бұл өнер дами бастады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi III ғасыр Рим мен Грек елдерiнде эллиндiк дәуiр деп аталып, әдеби-мәдени құндылықтардың алмасуымен сипатталады. Бұл сипат шешендiк өнерге де тiкелей қатысты. Байырғы салалары: бейнелі сөз, шешендік сын, шешендік өсиет, шешендік нақыл, шешендік дау, шешендік толғау. Әр қайсының әсерлі өңі, сұлулығы, татымдығы, дуалылығы, зерделігі адам ой жүйесіне, жан-дүниесіне, сезіміне мықты қозғау салады, жүрек тебірентеді. Тыңдаушының еркі мен сезімін билейді, толғандырады.
Шешендік сөздер ағып тұрған поэзия, тұнып тұрған философия. Ақ өлеңмен өрілген сөз тұнығы: сырлы теңеу, астарлы сын, жинақы ой, жұмбақты меңзеу, қисынды толғам, тылсымды талай. Бәрі тіл құдіретінің, пікір түйінділігінің, таңғажайып ой толғағының әмбебап туындысы.
Өмір құбылыстарына байламды шешендік сөздер орны-орнына қойылса шебер шендестіріледі. Сырланып, әрленіп, татымы нәрленсе ойды шалқытып, сезімді тербеп адам көңілін ұйытады.
Сұлу, өрнекті әр шешендік сөздің өзіне тән терең мағыналы және астарлы жүктемесі бар. Жүйелі, байыпты айтылса досқа пір, дұшпанға зіл, шат көңілге шабыт, қам көңілге демеу, батырға айбынды ұран болар әрі тәтті, әрі қатты, әрі майда, әрі өткір алмас тіл.
сақталған. Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.
Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Олар ауылына келгенде баласының аузына түкіріп, отырған жеріне аунатып алған.Ел сыйлаған адамдар есімі халық жадында мәңгі
Шешендік сөз мынадай талаптарға жауап беруі керек.
Белгілі бір әлеуметтік мәні бар тақырыпты қозғайтын және шаршы топ алдында ауызша айтылған сөз болу.
Әңгіме өзегінің дәлелі (аргумент) болуға тиіс, соның арқасында тыңдаушыларға бір нәрсені әуелі түсіндіріп, содан соң ойлантып, ақырында белгілі бір харекетке ұмтылдыруды көздеуі қажет.
Тыңдаушыларға жақсы әсер етіп, құлақ құрышын қандыратын, сүйсіндіретін эстетикалық қасиеті болуы игі. Шешендік сөз дәстүрінің қажеттігі ауызша сөйлеудің аясы, кеңіген сайын арта түсуде. Жиналыс, мәжіліс, құрылтайларда, пікірсайыс жиындарда, семинар, симпозиумдарда шешендік өнер өте қажет.
Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.
Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.
Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолулар құрайды.
Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.
Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің "шешендік сөз" деген мәртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі - оның ішінде көркем, әсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның ішінде көркем әдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді, жүйелі болғанымен, ұйқас ырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, мақал-мәтелдермен қатар, өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді.
Тарихы[өңдеу]
Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi - қолбасылық, екiншiсi- шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”дeмократия -шeшендiк өнeрдiң анасы” /7:189/. Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон -шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды.
Қазақтардағы шешендік өнері[өңдеу]
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді "риторика" деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. "Риторика" ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан "Шешендікке қысқаша басшылық" атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би мен Аяз билерден басталып (XII-XIII ғғ.), Жиренше шешен, Асан қайғы (XIV-XV ғғ.) есімдерімен қатысты калыптасып, өркендей түсті. Шалгез, Бұхар (XV-XVIII ғғ.), Шортанбай, Дулат, Мұрат, Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелерге жалғасты. Шешендік өнерінің кеңінен дамып биіктеген кезеңі – XV-XVIII ғғ. Бұл кез қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді.
Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең-жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқалары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. "Қазақ әдебиеті тарихы" (1927 ж.) еңбегінде "Билер айтысы" деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.
Нағыз шешен үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топ алдында тайсалмай, мүдірмей сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын сабырлы болуы қажет.
Шешендік сөздерге тән ерекшеліктер[өңдеу]
Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері жазбаша емес, ауызша айтылып дүниеге келеді де, одан кейін бірден-бірге жатталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді.
Екіншіден, айтыла келе бастапқы нұсқа қалып өзгертіліп отыруы мүмкін.
Үшіншіден, шешеңдік сөздер кейінгі айтушылар тарапынан қажетіне қарай өзгеріп қолданылып отырған. Шешендік сөз ақындар айтысы сияқты сөз тартысы дау үстінде, ел тағдыры талқыланған ұлы жиын кеңес кезінде, оңаша ой толғау не сұхбат, әңгіме-дүкен барысында арнау, сәлем, өсиет түрінде де өмірге келген.
Шешендік сөздер көбінесе түсінік сөзден басталады. Түсінік сөзде айтылмыш шешендік сөздің немен байланысты, қандай жағдайда туғандығы мен кім айтқаңдығы баяндалады. Шешендік сөздің, айтылар ойдың негізі – мазмұн. Сөз нақтылы, нені айтса да сендіретіндей, иландырып қарсыласын мойындататындай дәлелді айтылған. Жазба әдебиетіміз дамыған кейінгі дәуірде шешендік сөздер саптан шыққан жоқ. Заманға сай жаңа мазмұн, жарасымды тұр тапқан шешендік сөз нұсқалары көбейді.
Қазақ халқы - тілге бай халықпыз. Қазіргі ақпараттық технология заманында - мына мəтінді ой түрткі сөздерді ғаламтордан кездестіруге болады:
1. Қазақ – ол сен, ол мен, олар біздер. Бізге - ешкімнің алдында ақталудың қажеті жоқ, қазақ ұлты – ұлы ұлт.
2. Барша адамды алла жаратты, әлеуметтік теңсіздікді адам жаратты.
3. Түн болғанмен, күн ешқашан сөнбейді.
4. Көп естісе құрғақ сөзге құлақтың еті үйреніп кетеді.
5. Кейде қорқудың өзі ерлік.
6. Біреудің үстінен күлсеңіз, ол жылайды деген сөз емес.
7. Сөзге тоқталу мен еру екі бөлек нәрселер.
8. Кемсітудің өзі кемшілік.
9. Уақытты қайтару мүмкін емес, бір нәрсе екінші рет қайталанса қызық емес.
10. Сіз біреуді сыртынан жамандасаңыз, өзгенің көзімен сізде сондайсыз.
11. Жас баланы тәрбиелеу оңай, егер сіз дұрыс тәрбие алсаңыз.
12. Өмірді түсінбеймін дейсіз, онда неге құранға шын сенбейсіз..
13. Ең алдымен адам өзін алдамау керек, сонда сізде алданбайсыз.
14. Шын бақытты білмесеңіз, оны неге іздейсіз.
15. Ана тілін білмеген адам - жетіммен тең.
16. Жанашыр болыңыз, себебі сол жағдай сіздің басыңызғада келуі мүмкін, үстінен күлсеңіз әрине.
17. Өзіңізге мен кіммін? - деңізші, ішкі түйсік өзі айтады.
18. Шексіздіктіңде шегі бар, шексіздікті де бір шектік етіп алуға болады.
19. Сабыр сақтау үшін адамға, бір сәтке ғана өзін – өзі ұстау жеткілікті.
20. Махаббат – бар адамдарда, қалған тіршілік иелері не болып жатқанын түсінбейді де меніңше, түсінсе оларда некеге тұрушы еді біз сияқты.
21. Жаман адамда жақсы болып көрінгісі келеді.
22. Ғаламның үлкендігін - сіздің ойша есептеген ең үлкен аумақтың, жай ғана бір нүкте болып қалған кездегі өлшемді айтуға болады.
23. Біреуді ақымақ деу ақымақтық, себебі әркім тек өзін көреді.
24. Әр адам сенімсіз екендеріне - сенімді, демек сенім бар.
25. Өсекті – соны таратушылар ғана айтады, қалғаны жай тыңдайды.
26. Қиындықты сезінсеңіз, оған дейін жеңіл болғанын білесіз.
27. Өзіңізді ешкімнен биік санамаңыз, төмендеп кетесіз.
28. Сыртынан қарағанда, қант пен тұздың айырмашылығы жоқ.
29. Өмірде әділдік бар болса, әділетсіздік болатын еді.
30. Үнсіздік – айқайдан жаман, не айтқанын ешқашан біле алмайсың, сөйлесе жалған болсада айтылды, ол – факт.
31. Біз оңбай алданғанбыз, жерден шыққан тас пен темірді – алтын, алмас деп атап, алдап сатқан.
32. Жаратушы күш – әлемдегі бүкіл ересек адамдарды « бес жасар бала » - деп есептегендегі, бізге қарап тұрған ересек кісінің, бізге түсіндіре алмай жатқаны сияқты сезіледі.
33. Жүрек елшісі – тіл, тіл – елшісі сөз, сөз – елшісі ой, ой – елшісі біз.
34. Ашкөздік – өзі емдей алатын, біле тұра емдемейтін адамның жан ауруы.
35. Ұлтжандылық – ерлерге тән қасиет, ездер – елін сүюдің орнына, айдаққа еріп жек көруге тырысады.
36. Ең әдемі күлкі – жымиған күлкі, дауыстап күлу – біреудің үстінен күлуге жатып кетеді, ол – жаман қасиет.
37. Таразының екі жағы тең болу керек, тек түсінбейтінім тепе – теңдік. Мен тіке тұрғанда маған тең сияқты, жердің арғы бетіндегі кісігеде тең болып көрінеді. Меніңше: жердің қақ ортасындағы иненің ұшындай ғана жерінің ортасы тең шығар, осыған қатысты дененің бәрінде ауытқу бар.
38. Бастамай жатып, қолдаудың орнына аяқтап тастау – кертарпалық, қисық сөйлеп отырып түзу қырқуға тырысады.
39. Нәтиже – босқа кетпеген уақыт.
40. Ар - ұят – ең құнды байлық, құнын білмейтіндер сатып жібереді.
41. Өмірде тегін ештеңе жоқ – дейді, тегін – ол құны жоқ нәрсе, олай болса бізге өмірді тегін берді ғой.
42. Боғауыз көп айтатындарға д***хана қағазын сыйға тарту керек, сауапқа қаламыз.
43. Егерде қиналмасаң – айтуға оңай.
44 Жұлдызы ұстау – адамдар арасынан оқшауланып, мына өмірге сыймай өзге өмірді аңсау, немесе өзін өзге өмірде жүрегендей сезініп, өгейленуін айтады.
45. Ән – көңіл кілтін табады, әнші – сол кілтті сатады.
46. Сағыныш – естеліктер жиыны, естеліктер ешқашан естен кетпейді, ұмытқан жағдайда еске салып тұрады.
47. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмайсыз, сіздің үстіңізден айтылған сөздерге мән бермеңіз, әркім өзін көреді, сосын ауызынан жақсы сөздершықпайды. Мысалы: ит үрсе – оған үрмейсіз ғой, адамгершілік танытып сүйек бересіз. Сол сияқты, иттік іс істейтіндерге – адамгершілік таныту керек.
48. Өмірден басқасының бәрі – әдемі ұйқас ғана.
49. Ақыл айту қиын емес, ақылды тыңдау қиын.
50. Таңдау жасау ең қиыны: қайсысын таңдасаңда, соңында қателескен болып шығасың. Себебі таңдамайтын адамдар – екі жаққада ауып кете салады, негізінен осылар « қателестің » - деп айтатын.
51. Жан сұлулығын көре алмаған адам, сыртқы сұлулықты біледі ғой дейсіз бе? Жан дүниеңіз сұлу болса. Сыртқы сұлулықтың болмауы мүмкін емес!
52. Табиғатта ең жасанды нәрсе – ай сәулесінен түскен көлеңке.
53. Күш көрсету – әлсіздік, олда біреудің алдында әлсіз, жоқ – дегенде жаратушы күштің алдында.
54. Таза ауаны жұтып тауыса алмайсың, бірақ кейде ауа жетпейтіндей көрінеді; қанағат - қайда болсада қажет.
Шешендік шендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.
Сөз туралы Бөлтірік шешен: "Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт, кімге, қай жерде, қай кезде, қалай сөйлейтініңді біл", – деп толғайды. Бұлар – "Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін, жауласқан елдің арасына бітім айтатын, күлгенді жылатып, жылағанды жұбата алатын даналық сөздер иесі". Мұндай сөз білетін, жөн білетін адамға ел ісіне араласуға, халық атынан сөйлеуге құқық берілген. Шешендік өнер — көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында талай айтыс-тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау: ...Көш бастау қиын емес – Қонатын жерде су бар. Қол бастау қиын емес – Шабатын жерде жау бар. Шаршы топта сөз бастау қиын – Шешімін таппас дау бар, –
деп дұрыс аңғартады.
Айтыс– шешендік өнердің шыңы. Мұнда ауыз әдебиетіне тән барша қасиеттер тоғысқан. Шешендер сөзі – халқымыздың тілдік қазынасы. Ол көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне ұқсас болып келеді.
Ертеден-ақ, халқымыздың өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеген, әділін айтқан шешендері, білімпаз билері болды. Би – халықтың көкейіндегісін айтқан, ойын жарыққа шығарған әділет жоқшысы. Қазақтың атақты билері Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекеденқалған сөз дәстүрі ғасырлар бойы үзілген емес.
Ш.Уәлихановтың: "Би атағын беру қазақта халық тарапынан бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған өкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот ғұрыптарына әбден жетік, сонымен қатар тілге шешен қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болған. Би атағын алу үшін би болам деген қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті бар екеңдігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласына тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім болып отырған", – деген сөздерінен би – халықтың көкейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған әділет жоқшысы екенін танимыз.
Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы: "Әділ билердің қолындағы билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы дәрі еді",– деді. Демек бұл қастерлі мұра – шешендікпен айтылған билер сөзі ұмытылмайды, қай кезде болса да халық жадында.
Мыңдаған, жүздеген жылдар өтсе де, Бәйдібек, Қазыбек, Байдалы билердің, Домалақ ана, Гауһар, Ақбикеш, Айбике аналардың, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынбай батырлардың есімін жұрт әлі де мақтанышпен айтып отырады. Шаршы топта сөз бастау қиын: Тауып айтсаң, мереке қылады, Таппай айтсаң, келеке қылады. -Досбол шешен Шешені судай төгілген халықпыз. Түгел сөздің түбін түсірген, аталы да, баталы да сөз қалдырған түп атамыз Майқы бидің ұрпағымыз. «Сылдырап өңкей келісім» деп Абай айтпақшы, өлең сөзге дес бермеген, ауылдың алты ауызын аңыратып, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітіретін данышпан халықтың перзентіміз. Небір дүлдүлдер домбыраны дәсерлетіп, қиыннан қиыстырып сөз тауып айта білетін аталар мен әжелер, ару аналар мен абзал әкелер тәрбиелеген ұланбыз. Тізбекті тарата берсем, таусылмасына көзім жеткендей-ақ. Ата-бабамыз жаудан қаймықпаған, сөзден тосылмаған. Ерттеулі атына міне сала жауға шапқан, шынайы шешендік өнерге машықтанғандар. Біз – шешендік өнерді сүйетін де, оны бағалай білетін де халықпыз. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демей ме дана халқымыз?! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешіп бере алатын қайран қазағым демеске лажым жоқ! Шешендік өнерді ең асыл өнер деп бағалаймын мен өзім. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарған халқымның өресі биік, өрісі кең, шығар асуы жоғары десем, нағыз бағасын бергенім ғой. Иә, көпті көрген, көп жасаған қазақ қариялары оқымаса да көкейге тоқығандарын, одан жасаған қорытындыларын құймақұлақ жастарға үйретуден жалықпаған. Талапты жастар үлкендерден, қариялардан өнер-білім үйренуді өздеріне міндет, мұрат тұтқан, жақсының атын ерттеп, қасына ерген. Олардан үлгі-өнеге алуды ар-намыс санамаған. Үлгілі, аталы сөз кемеңгер ой мен шебер тілден ғана тумаса керек-ті. Қазақтың оқу жасына толмаған баласынан бастап, қол бастаған батырларына дейін бақылап, шешен-билерін тыңдаған поляк саяхатшысы Янушкевич халқымыздың ақыл-ой қабілетін ерекше бағалайды. Бір көргенін үйреніп, лезде жаттап ала қоятын, өзінің білгенін біреуге жеңіл де тез түсіндіре қоятын қабілетіне, зеректігіне шет жерлік жолаушы да қайран қалады.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.[1]
