Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.11 Кб
Скачать

I, ү стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына.

Мiнез-құлқы бұл топқа жататын бала қай iстi де өзiнен гөрi басқалар жақсы атқаратындай көрiп тұрады. Өзiне, өз қабiлет қарымына күмәнмен қарайды, мүмкiндiгiн төмен бағалайды. Дұрыс, тiптi өте жақсы тындырған жұмысының өзiн мұны түгенше менен де қатырып атқарар едi, - деп ойлайды. Қиындау, күрделiлiеу тапсырмадан үнемi тайсақтап, ретi келсе оңайлау, жеңiлдеу жағына ойысқысы кеп тұрады.

Мұндай баланы қалай да ыңғайын тауып, мақтап отыру керек, өйткенi iстеген iсi еленбеген сайын оның өзiне, өзiнiң қолынан бiрдеңе келетiнiне сенiмi кеми бередi. Ал қолдау, қуаттау жеткiншектiң көңiлiне ешкiмнен олқы емеспiн, қайта көп нәрсенi басқалардан артық атқара аламын деген сенiм ұяалатады, өмiрге нық қадам басуына жәрдемдеседi. Мақтау бұндай бала үшiн ауадай қажет. әйтпесе оның табансыз, берекесiз адам боп өсуiне өзiңiз жол ашуыңыз әбден мүмкiн.

Дегенмен, әрине, қиындықтан қашпайтын баламын деп, балаға /жеткiншеккке/ шамасы келмейтiн тапсырма беруге болмайтыны анық. Өйткенi өзiне сенiмсiз баланың жан-дүниесi жараланғыш келедi. Сәтсiздiктiң оны мүлдем жасқап бұрынғыдан бетер жасытып тастауы мүмкiн. 

II стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына.

Бұндай балалар өзiне сенiмдi, қабiлеттi балалар жатады. Басқалардың қыруар уақыт жұмсап, қиналып атқаратын жұмысын, ол /олар/ аса бiр азапқа түсiп, әреленбей-ақ тындырып кете бередi. Және қашанда өзгеден озық, сапалы орндайды.  Мұндайда дарынды жеткiншектердi барынша абайлап, мүмкiндiгiнше сараң мадақтау жөн. Себебi артық мақтау онсыз да өзiне өзi сенiмдi баланы мүлдем дандайсытып жiберуi мүмкiн. Мұның ақыры оның не нәрсенi де қолдың ұшымен жеңiл-желпi атқаруына, өз қабiлетiнiң деңгейiнен көрiне алмауына соқтыру ғажап емес. Сондықтан мұндай мiнез-құлықтығы баланы көрiнген нәрсе үшiн көтермелеу, мадақтау артық. Оны өзiмшiлдiктен сақтандырып, өзгелерге қол ұшын беруге ынталандырған дұрыс. 

Келесi ұсыныс кез келген стильдегi отбасында кездесетiн балалардың ата-аналарына: Бұған тиянақты, ұқыпты балалар жатады. Олар жеңiл-желпi шаруаны да, күрделi, қиын шаруаны да зор ынта қойып, мүлтiксiз, мiнсiз орындауға тырысады. Өзiнiң қолынан қандай iстiң де келетiнiн, небiр ауыр тапсырманы да атқарып шыға алатынын дәлелдеуге ынталы болады. Олар салдыр-салақтыққа, жауапсыздыққа төзбейдi. Қатар-құрбыларын былай қойғанда ата-анасының iстеген iсiне сын көзбен қарайды, көңiлi толмаған нәрсенi жасырмайды. 

Бiрақ жақсылығын жақсы деп, көтерiп, қанаттандырып қою мұндай балаға да көптiк етпейдi. Негiзi оларды тапсырманы орындау /орындағасын ғана емес/ кезiнде көтермелеген, қолдаған дұрыс. Бұл оның күш-жiгерiн орынсыз ысырап етпей, маңызды нәрсеге ғана көңiл қоюына жәрдемдеседi. Мәнді мен мәнсiздi ажырата бiлуге, өнетiн, керектi iстiң соңына түсуге баулиды.

 Жалпы тиянақты, ұқыпты баланы тапсырманы ойдағыдай орындамаған күннiң өзiнде мақтап, қолпаштап қою жөн. Себебi ол не iстесе де бар мүмкiндiгiн салып iстейдi /шама-шарқы солай болғаны үшiн айыпты емес қой!/ Ал жан салып атқарған жұмысына мiннен басқа ештеңе айтылмаса, қай баланың да тауы шағылып, меселi қайтып қалатыны белгiлi[18]. 

    1. Ата –аналарға психологиялық көмек көрсету жұмыстары

«Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» жаттығу өткізіледі.

Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары:

  1. «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың плюс және минус жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

  1. «Достық» кірпіші

«Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

  1. «Махаббат» кірпіші

Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізесіз

  1. «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

  1. «Түсінушілік» кірпіші[19].

Байлаулы бала (тренинг):

Бір ата-ана ортаға шығады. Төмендегідей сұрақтар қойылады.

  1. Сіз балаңызбен көл жағасына бардыңыз. Балаңыз суға қызыққаны соншалық суға қарай жүгіріп кетті. Сіз қалай тоқтатасыз? (аяғы байланады)

  2. Қарасаңыз балаңыз адамдардың тастап кеткен темекінің тұқылын жинап алып, сонымен ойнап отыр. Сіздің әрекетіңіз? (қолы байланады)

  3. Жұмыстан шаршап келсеңіз бала теледидардан атыс-шабыс, бір сөзбен айтқанда өз деңгейіне келмейтін кино көріп отыр. Сіздің әрекетіңіз? (көзі байланады)

  4. Балаңыз сізге басқа ұлттың қызын ұнатты. Бірақ сіздің қалауыңыз ол емес еді. Сіздің әрекетіңіз? (кеудесі байланады)

  5. Балаңыз досымен келіспей қалды да, жаман сөздермен сыбағасын берді. Сіздің айтар сөзіңіз? (аузы байланады)

Міне, баламыз қандай күйге түсті, құрметті ата-ана. Мұндай күйге түспес үшін баламызға неге болмайтынын, «өйткені» сөзін қолдана отырып түсіндіруіміз керек. Сонда ғана сіз бала тәрбиесінде мақсатыңызға жете аласыз[20].

    1. Жеткіншектерге арналған психологиялық түзету –дамыту техникалары

Мектепке алғаш барған кезде шағым мәселесі баланың мінез –құлқына, жекелік ерекшелігіне байланысты болып келеді. Бұл мәселені микрожүйеде, отбасының психологиялық қызметі туралы қарауда отбасы жүйесінің үйлесімсіздігі дәлел бола алады. Бала мәселесіне ата –ана өзара қатынасы да жатуы мүмкін.

Көбіне ата –ананың психологке шағымданып келу мәселелері:

  • Жекелік –тұлғалық ерекшелігі: жылауық, қатал, қасарушылық, өз айтқанынан қайтпайтын, жайбасар, уайымшыл емес;

  • Мінез –құлқындағы мәселе: ұрлайды, өтірік айтады, үйден қашады, мектепте немесе балабақшада жанжал шығарады, өзіне және өзгеге дене жарақатын салады, ойыншықтарды сындырады, жиі жылайды, ешкіммен қарым –қатынасқа түспейді, кешке дейін үйде жалғыз отырады, телевизор көреді немесе компьютерде ойнайды, ешнәрсеге қызықпайды, оған бәрібір;

  • Үлкендермен немесе құрбы –құрдастарымен сирек кездесуі, сәтсіз отбасы балаларымен дос болуы, досының болмауы, баланы мектепте, аулада мақтауы, ұруы, үлкендермен қатынасқа түсе алмауы, ата –ананың, мұғалімнің, тәрбиешінің сұрағына жауап бермеуі, олардан жылап қашуы, отбасындағы әпке –інісімен нашар қатынаста түсіністіктің болмауы;

  • Баланың мектептегі оқу –үлгерімінің төмендеуі.

Шағымға қарамастан, тиянақты түрде толық диагностика (бала мәселесі, ерлі –зайыптылар мәселесі, ата –ана мен бала қатынасы мәселесі) жүргізу керек. Бала –ең қорғансыз отбасы мүшесі, өз алдына қолдауды қажет ететін «әлсіз звено»,ол отбасы қыметінің сақталуын түсінетін, қолдайтын байланыс көпірі. Психологтің ұстанымы баланың таңдауы мен қызығушылығына қолдау көрсету болып табылуы керек. Диагностика басында отбасы мүшелерінің әрқайсысынан мәселеге байланысты пікірлерін,әңгімелерін тыңдап алған жөн.

Психологиялық көмек алуға көбіне баласының қалыпты дамуында ауытқуы бар ата –аналар келеді. Бұл белгілі қиындық, ол жас және жекелік психологиялық ерекшелігіне, «Мен өзім» деп өз айтқанында тұруына, эгоцентризм, жаңа жағдайға қорқа және үрейлене қарауына, қарқынды және тура реттелуіне байланысты. Бала дамуындағы ауытқуға байланысты мәселелер төмендегідей болады:

  • Когнитивті өрісте кері кету, алға баспау (зейіннің, қабылдаудың, ойлау мен естің,қиял мен сөйлеудің бұзылуы);

  • Эмоционалды дамудағы бұзылыс (қобалжу,қорқу,фобии, ерте балалық аутизм );

  • Баладағы мінез –құлық мәселелері (гипербелсенділік, агрессивтілік) кейбір коммуникативті дағдыларды меңгеру дұрыс қалыптаспағандықтан, үлкендер мен достары арасындағы өзара әрекет күрделенеді.

Психолог –кеңесші диагностика жүргізе отырып, баладағы ауытқудың сипатын анықтайды. Қажет деген жағдайда арнайы мамандарға ұсыныс беру (логопед, психоневролог, дефектолог). Негізгі жұмыс баламен жүргізіледі, онда ата –ананың уайымы мен қарсыласуына көңіл бөлмеу қажет. Психолог –кеңесші алынған нәтиже көрсеткішімен міндетті түрде ата –ананы хабардар етіп, таныстырып отырады. Қажет деген жағдайда ерлі –зайыптыларға кеңес берумен қатар, психологиялық көмек беруі керек. Кешенді түрде отбасылық жүйедегі терапия мен психотерапевт жұмысына коррекциялық топпен жұмыс қосу.

Отбасында «қиын балаға» психологиялық көмек беру

Соңғы кезде мектеп жасындағы балалар дамуында, әсіресе оқу әрекетінде қиындық туындап, жекелік эмоционалды өрісінде бұзылыс байқалуда. Осындай балалармен психодиагностикалық –коррекциялық жұмыс жасауда кешенді ықпал етуді ұйымдастыра білу (педагог, психолог, дефектолог және психоневролог) керек. Отбасындағы «мәселелі баламен» жұмыс жүргізу мазмұны:

  1. Бұзылыс фактісін анықтау.

  2. Ата –анасын хабардар етіп, қажетті арнайы мамандарды (психиатр, психолог, дефектолог және психоневролог) бағыттау.

  3. Бала ата –анасымен психотерапевтік жұмыс жүргізу.

Психологиялық көмек көрсету М.М.Семаго пікірінше, арнайы мамандардың ақпарат беруіне, ата –ананың қабылдау дайындығына байланысты. Егер ата –ана берген ақпаратты мойындамай, мәселеге байланысты балада оның дамуы туралы күшті аффектілі әсерде болса, онда оның пайдасы жоқ.

Психолог міндеті:

  1. Ата –ананың ақпаратты дұрыс қабылдауына жағдай туғызу, алдын ала әңгімеге тартып, сол тақырып көлемінде түсінігін бақылау, осы мәселеге байланысты коррекциялық тәрбие жұмыстарының даму ұзақтығына психологиялық даярлығын қалыптастыру.

ә) Отбасы мүшелерін, ата –аналардың өзін кінәлау сезімін, стресті жеңу, эмоционалды тұрақтылық туралы жұмыс жүргізу. Отбасы мүшелері осы дағдарыстың дамуын бағалау, көңіл бөлу және жеңу жолдарын, тәсілдерін меңгеріп, отбасыішілік ресурстарды табуы қажет. Психологиялық көмек алу үшін арнайы мамандармен кездесу ата –ана тарапынан бала туралы ақпаратты жасырып, шындықты айтпауға әкеледі. Оларда өзіндік мотивация, шынайылық болмайды. Сондықтан алдымен ата –ананың мотивациясын көтеру жұмыстарын жасау керек.

Психолог –кеңесші «мәселелі баласы» бар отбасымен алғашы кездесуінде келесі міндеттерді шешеді:

  1. Ата –анамен байланысқа түсе білу. Яғни, психологтің отбасы мүшелеріне қолдау көрсетіп, оларды бар назарымен тыңдай білуі. Алдымен отбасы тарихы туралы, баланың даму тарихы, жалпы отбасы өзара қатынасы туралы мәлімет жинайды. Ата –аналардан бала мінез –құлқына байланысты қандай сұрақтар түсініксіз болып, қиналып жүргендері анықталады. Оларға ашық түрде алдағы уақытта не күтетіні жайлы да хабардар етіледі.

  2. Ата –ананы хабардар ету. Кеңесші ата –аналарды басқа да мамандарға бағыттауы мүмкін.

  3. Ата –ананың тапсырысын анықтап алу. Отбасына жүргізілетін жұмыстың қаншалықты тиімді екенін түсіндіріп өтуі керек.

  4. Отбасымен келісімге отыру. Келісімшартқа отыру ата –анамен психолог –кеңесші арасындағы өзара қатынас туралы бекіту.

Келісімшартта қаралады: жұмыс уақыты; жұмыс мақсаты мен міндеті; күтілетін нәтиже көрсеткіштері; кеңесшінің әдістері мен ықпал етуі; клиент және психолог міндеттері; аралық және соңғы бақылау жағдайы; есептесу ережесі (төлемақы жағын келісу, алдын ала төлеу немесе әр сеанс алдында төлеу); қосымша жақтары (кеңесу уақытының өзгеруі, келмей қалу мен кешігу). Отбасының бір мүшесі немесе психолог –кеңесші ауырып қалғанда келісімшарт орындалмай қалса, қатынастары бойынша келіспеушілік туса, төлем жағы бойынша форс –мажор міндеттері; келісімшарт мерзімі (қол қойылған күннен басталады). Келісімшарт ауызша жүргізіледі. Оны түсіндіруде әр пунктін нақты байқай отырып айтқан жөн.

Келесі кездесудің мәнділігі алғашқы байланысқа түсудің деңгейінен,бірге әріптестікте жұмыс жасай ала ма, соны шешеді. Терапектік техникаларды уайымдаудың әмбебап екендігі туралы, құндылық жүйелері, ойлау белгілері арқылы үміт отын жағатын жаттығулар жүргізіледі. Мәселені шешудің альтернативті жолдары қарастырылады. Бала мәселесіне байланысты шешім қабылдаудың қандай жолдары бар екенін кеңесші бағыттап отырады, ал ата –ана шешімді өздері таңдайды. Бұл кезеңде ата –анамен жоспарды жүйелі іске асыру міндеті тұрады.

Қорытынды кездесу. Қол жеткізген нәтиже көрсеткіштерін отбасы мүшелерімен бірге талдай отырып, мақсат пен міндеттердің орындалу деңгейін сөз етеді. Жұмыс барысында қандай да бір мәселе анықталса қайтадан терапевтік жұмыс басталады[3].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе, курстық жұмысымның нәтижесіне сәйкес толық емес отбасындағы ата –аналар мен балалар қарым – қатынасына келесідей ұсыныстар жасаймыз.

    1. Жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қарым-қатынаста тұлғааралық қатынасты үлкендер достық қатынасты орната отырып жетуге болады.

    2. Отбасының психологиялық жағдайын диагностикалауға арналған әдістемелердің басым көпшілігінің психокоррекциялық әсері мол

    3. Психокоррекциялық іс-шараларға ата-аналармен қатар балалары да қатысуымен жүргізілсе отбасында орын алған келіспеушілік, шағымдану, басқа да қақтығыс жағдайларды талдау және оны шешу жолдарын анықтау, тіл табысу мәселерін шешу тиімділігі арта түседі.

    4. Балаңыздың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен оны салыстырмаңыз.

    5. Күнде балаңызбен жеке сөйлесуге уақыт бөліңіз.

    6. Қателескені үшін баланы кекетіп, бетінен алмаңыз.

    7. Баланың әрбір жетістігі үшін мақтап отырыңыз.

    8. Балаға баға бермеңіз, оның іс-әрекетін бағалаңыз.

    9. Баланың қателік жіберуге құқығы бар екенін айтыңыз.

    10. Жалпы, өзіңізді баланың орнына қойып отырыңыз.

Отбасы - баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады.