- •Толық емес отбасындағы баланы тәрбиелеу және дамыту стилі
- •Жеткіншектің тұлғалық қалыптасуына толық емес отбасының ықпалы
- •«Отбасының кинетикалық суреті» тестісі
- •Отбасы кинетикалық суретінің симптомокомплексы
- •Сауалнама шкалаларының шикі балдарын пайыздық дәрежеге ауыстыру кестесі
- •I, ү стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына.
- •II стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына.
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі: Психологияда тұлға, оның дамуы және әлеуметтену процесі орталық мәселелердің бірі болып табылады. Психология ғылымының алдында тұлғаның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділік көздерінің компененттері ретінде туыстық қарым –қатынастағы жаңсақ нанымдар мәселесін терең зерттеу міндеті тұр.
Қарым –қатынас барысында тұлға әлеуметтік ортаға деген көзқарасын, бағытын, алатын орнын, рөлін көрсетіп, өзінің мақсат –мүддесін белгілеп жүзеге асырады. Бұл процесс жалпы алғанда, адамның өмір жолының формасы ретінде көрінеді. Оның әлеуметтік мағынасы белгілі қоғамның тәжірибесін және мәдениетін таратушы негізгі құрал ретінде анықталады.
Отбасы осы ретте тұлғаның дамуына әсер ететін негізгі әлеуметтік –психологиялық фактор болып есептелінеді. Тұлға әлеуметтену барысында адамның бағыты, әлеуметтік тәжірибесі,құндылықтары арқылы қоғамға бейімделуін көрсететін, тұлғаның тұрпын (типизациясын) жүзеге асырып, өзінің табиғи автономдылығын, индивидуалдығы мен өзіндік көзқарасын тәуелсіз, бостандық негізінде дамытады[1].
30 –жылдары Л.С.Выготский әлеуметтенуді индивидтің біріккен іс –әрекет пен қарым –қатынаста әлеуметтік тәжірибелер мен мәдени белгілерді меншіктеп, интерпсихикалықтың интрапсихикалық түрленуі арқылы жасалуында деп түсіндірді[2]. Оның көрсетуінше, әлеуметтену -индивидтің төменгі психикалық қызметтері жоғарғы қызметтерге өтуі мәдениетін меншіктенуі. Бұл процестің негізі –бала мен үлкеннің арасындағы өзара әрекет. Әр психикалық қызмет үлкендермен өзара әрекеттік үлесін бөлісу ретінде көрінеді. Тұлғаның жоғарғы қызметі әлеуметтік және шынайы қатынастарда жатыр, яғни басқалар арқылы біз өзімізді көреміз.
Тұлғаның әлеуметтену ортасының бірі –оның отбасы. Себебі отбасы қоғамды құрушы әлеуметтік топ болып есептеледі. Сондықтан да отбасының атқаратын қызметіне байланысты оны макро және микроқұрылым болатын жүйе ретінде қарастыру қажет. Отбасын адамның өмір сүруіне қажетті әлеуметтік орта дей отырып, адамның қоғам ережелерін бойына дарытуға әсер ететін негізгі фактор ретінде қарастыруымызға тура келеді. Отбасы –басты тарихи қалыптасқан, жеке адамның әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыратын әлеуметтену институтының бір формасы. Қандай да болмасын отбасы қоғам талабына сай, арнаулы қоғамдық мемлекеттік заңдар мен тұлғалық құқық заңдары негізінде қалыптасып, өзінің отбасылық дәстүрлері мен ережелері негізінде өмір сүреді[1].
Қазіргі қоғамның жаңа талаптары мен жұмыссыздықтың етек алуынан отбасында қақтығыстар, түсінбеушіліктер деңгейі күрделіленіп, күнделікті әлеуметтік құбылыста ішімдік пен жеткіншек жастан бастап нашақорлыққа үйір болу, ерте жүктілік, ойсыз жыныстық қатынастарға бару салдарынан ажырасулар мен бүтін емес отбасылар қалыптасуда. Бұл жеке тұлғаның өзін, отбасын әлеуметтік ортадан шеттету мәселелерін туындатады[3]
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылдың күзінде ұсынған «Қазақстан -2030» бағдарламасының мақсатында: «... Біз әрі ішкі, сыртқы жағдайға сай болатын мәдени қоғамның қазақстандық үлгісін жасауымыз керек»,-деген сөзі жеке тұлғаны отбасында дамытуды көздейді. Сонымен қатар «Отбасы туралы Заң»,»Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасында өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан - ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті[4].
2007 жылғы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауының он тоғызыншы бағытында: «Жеке тұлғада парасатты экономика негіздерін қалыптастыру. Ондай экономиканы құру үшін, ең алдымен өзіміздің «адами қазынамызды» молайтуымыз керек екені анық»,-делінген. Осы жолдау экономика талабына шыныққан, өмір қиындықтарына мойымайтын, жігерлі жеке тұлғаны қалыптастыруды міндет етеді[5].
Мамандардың көрсеткіштеріне сүйенсек, отбасы қажеттіліктерін қамтамасыз ету әрбір жеке тұлғада қобалжу туғызып, сыртқы және ішкі деңгейде көрініс табады. Демек, оның дене және психикалық саулығына әсер ететіні сөзсіз[3].
Зерттеу мақсаты: Отбасы туралы теориялық талдау жасау, жеткіншектердің психологиялық жағынан үйлесімді жетілуіне отбасы құрылымының ықпалын анықтау.
Зерттеу объектісі: Толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық жай –күйі.
Зерттеу пәні: Толық емес отбасындағы жеткіншектердің дамуын анықтау процесі.
Зерттеу болжамы: Егер отбасының, толық емес отбасының тәрбиелеу, дамыту тәсілін анықтасақ, онда жеткіншектің жағымды эмоциялық күйі мен ерекшеліктерінің теріс бағытқа өзгеруінің алдын алуға болады.
Зерттеу міндеті:
Толық емес отбасындағы жеткіншектердің психологиялық ерекшеліктерін теориялық талдау жасау.
Толық емес отбасындағы жеткіншектердің эмоциялық жағдайларын анықтау.
Толық емес отбасындағы жеткіншектер және ата –анасымен эксперименттік жұмыстар жүргізу.
Зерттеудің теориялық әдіснамалық негіздері: Жанқазақова Қ. Отбасында баланы дұрыс тәрбилеу жолдары; Калыш А.Б. Дети и подростки в разведенных семьях; Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері; Л.С.Выготский Избранные псиологические труды; Даутқалиева П.Б. Отбасының бала дамуына психологиялық әсері; Е.Бене және Д.Антони Отбасындағы эмоциялық қатынастың балаға ықпалын анықтау; Мукатаева Х.О.Отбасының кинетикалық суреті тесті; А.Я.Варга, В.В.Столин. Ата –ананың балаға қарым –қатынасын анықтау.
Зерттеу әдістері: Отбасындағы эмоциялық қатынастың балаға ықпалын анықтау (Е. Бене және Д.Антони (1999)); Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы (А.Я.Варга, В.В.Столин);Отбасының кинетикалық суреті тестісі (Мукатаева Х.О.); Ата-аналар және балалармен өткізілетін жаттығулар.
Зерттеудің құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. курстық зерттеу жұмысының жалпы көлемі 36 бет.
1. ТОЛЫҚ ЕМЕС ОТБАСЫН ЖӘНЕ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Толық емес отбасы құрылымының қоғамдағы рөлі
Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы бала тәрбиесі саласында мол тәжірибе жинақтады. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы жоғарғы буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Ұзақ өмір әліппесі – отбасы тәрбиесі. Бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес, адами қасиеттерге баулу маңызды мәселе. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде қарастырылған. Қай халықта болмасын отбасын құрған ерлі –зайыпты баласының болуын армандайды. Сол сияқты қазақ халқы да баласын үйлендіріп, қызын ұзатқан соң олардың ендігі тілегі немерелерінің өмірге келуі. Жаңа үйленген жастар алғашқыда бала мәселесіне онша мән бермейді. Соған қарамастан отбасы үшін баланың орны ерекше. «Балалы үй базар, баласыз үй мазар» деген халық мақалы бекер айтылмаған. Соны біле тұра қазіргі таңда жастар үйлене салып ажырасып жатады. Ажырасқаннан кейін балалардың жағдайын ата-ана ойлай бермейді. Бала заң жүзінде анасының қолында қалып тәрбиеленеді[7]. Отбасы тұрақсыздығының нәтижесінде отбасының бірнеше типтері қалыптасады.
1. Жалғыз ана, бір өзі балаларымен тұрады. Ауылдық жерде көбіне тұрақты жұмыс болмағандықтан ана алиментке, мемлекеттің тарапынан берілетін көмекке өмір сүреді. Мектеп жасына дейін баланы үйде өзі қарайды. Мектеп жасына толысымен мектепке апарады. Жазғы демалыста баланы ата-әжесіне, туған-туысқандарына жібереді. Қалалық жерде ана баласын таңертең жұмысқа барарда балабақшаға апарып, кешке жұмыстан қайтарда алып қайтады. Мектепке барған уақытында осы процесс қайталанады. Бұл отбасының жақсы жағы бала отбасында болатын қарама-қайшылықты, ұрыс-керісті қабылдамайды. Отбасының жаман жағы: бала, әсіресе ер бала әкенің тәрбиесін көрмейді. Ана үй мен жұмыстың арасында балаға қарауға үлгермейді. Қаржы мәселесінде, бала ауырып қалған уақытта әке көмегі қажет. Бұндай отбасында бала әке мейіріміне зәру болып өседі. Бұл баланың ата-ананың тағдырын қайталауға әсер етеді. Толық емес отбасынан шыққан бала отбасылық құндылықтарды түсіне бермейді. Әйел ерінен көрген қиыншылықты, өмірге деген жаман көзқарасын баланың бойына сіңіріп, әкесіне қарсы қояды. Ересек балалар анасына ерегісіп, көрінбей жасырын әкесімен кездесіп жүреді. Ажырасқан отбасылардан шыққан балалардың жайын былай қарастыруға болады:
Бөлек тұратын ата-ана балаға қатысты объективтілікті әрқашан сақтай бермейді. Ажырасып кеткен әке баламен үнемі бірге болмағандықтан, біртіндеп баласымен ара қатынасы суый бастайды. Баланың алдында өз дәрежесін көтеру үшін әке барын салады. Әке баласымен келесі рет кездескенге дейін ана кәмілетке толмаған баласын өз жағына шығару үшін қарсы қоюы мүмкін.
Кейбір жағдайда әке отбасын бұзғаны үшін өзін кінәлі санап, қайтадан бәрін қайтару үшін көп уақытын балаға арнайды.
Ата-ана уақыттың тапшылығына байланысты баламен кездесуге уақыты болмайды. Сирек кездесу бала тәрбиесімен айналысуға кері әсерін тигізеді. Өз кінәсін жуып-шаю үшін силықтар және ақша беру арқылы баланы өзіне қаратады.
Бала үшін ата-ананың екеуі де жақын. Таңдау қиындығына ұшыраған бала психикалық, эмоционалдық жағынан шаршайды[8].
2. Ажырасқан әйел балаларымен күйеуінің немесе өзінің ата-анасымен бірге тұрады. Балалар мектеп жасына дейін ата-әжесінің немесе отбасының басқа мүшелерінің тәрбиесінде болады. Бұндай баланың сүйіспеншілік сезімдерін қамқорлыққа алу қажет. Бұндай балалар толық отбасындағы балаға қарағанда өзін кем санай бастайды. Сондықтан баланы ақыл-оймен, төзімділікпен, психологиялық тәрбиемен бағыттауы қажет. Тәрбиелікке жету оңай емес. Балаға ең бірінші әділетті қоғам мен өмір сүрген ортасының имандылық тәлімі қажет. Тәрбиелі адам – шынайы парасат пен мінезге бай болатыны белгілі. Екінші бір бала тәрбиесіндегі тәрбиелікке үйретудің пәрменді тәсілі адамдардың балаға тәлім етер жеке бастарының үлгісі, олардың өзара сүйіспеншіліктері, айналасындағы жандармен сыйластықтары, тіпті олардың табиғатқа деген көзқарастары. Сондықтан да халық даналығы «Адамнан адам тәлім алады, ағаштан ағаш мәуе алады» деп бекер айтпаса керек.
3. Ажырасқан әйел баласын ата-анасына беріп, өзі бөлек тұрады. Бұл жерде баланың әлеуметтенуі барасында мынадай ерекшеліктер байқалады:
Өз ата-анасының орнын ешқандай туысқан баса алмайтындықтан балаға мейірімділік жетіспейді.
Бала өз ата-анасымен қалай қарым-қатнас жасау кректігін білмейді, өзіне жақын тарта алмайды.
Ата-әжесі қайтыс болған жағдайда немересі өз анасына бауыр баса алмай, қиналады.
4. Ажырасқан әйел күйеуінің рұқсатымен немесе рұқсатынсыз өз баласын әпке-сіңлісіне немесе аға-інісіне береді. Бұл балаға мынадай қиыншылықтар тудырады:
Өз ата-анасының орнын ешқандай туысқан баса алмайтындықтан балаға мейірімділік жетіспейді.
Бала өз ата-анасымен қалай қарым-қатынас жасау кректігін білмейді, өзіне жақын тарта алмайды.
Бала өз отбасына қайтадан келген кезде анасына бауыр баса алмай, қиналады.
5. Ана маскүнемдікке салынуға немесе психикалық ауруға шалдығуға байланысты аналық құқығынан айрылады. Бала ажырасқан әкемен қалады. әке басқа отбасын құрмай баласын өзі тәрбилейді. Бұл тура бірінші типтегі ажырасқан отбасындағы жағдайды қайталайды. Тек әке орнына, ана мейірімі жетіспейді. Келесі жағдай әке екінші рет некеге отырады. Баланың жағдайы енді өгей шешеге байланысты қалыптасады. Әке үнемі жұмыста болғандықтан балаға қарауға қолы тие бермейді. Отбасындағы жағдай мындай жолдарға байланысты: өгей шеше бала туа алмайды, бірінші некеден туған балаларымен келеді, ортақ балаларының болуы. Қандай жағдай болса да бала қиыншылықтарға ұшырайды. Себебі, әке қызына аналық тәрбие бере алмайды. Екіншіден, өгей шешемен қарым-қатынас орнату балаға қиын соғады. Оған қоса өз анасы әкесі мен өгей шешесіне баланы қарсы қояды.
6. Бала ешкімге керек емес. Ата-ананың біреусі қайтыс болғаннан кейін, екіншісі балаға қарамайды. Оның екі жағы бар. Жақсы жағы: бала ағасы немесе әпкесінің қолында болады, бала жақын туысқандарының қолында болады. Жаман жағы: бала балалар үйіне түседі, қараусыз қалған бала қылмыстық істерге араласуы мүмкін. Біз жоғарыда ажырасқан жұбайлардың жалпы кең таралған отбасын құру түрлерін көрсеттік. Ал, шынайы өмірде толық емес отбасынан шыққан балаға әр түрлі жағдайлардың ықпал етуі мүмкін. Барлығын толықтыра келе, ажырасқан отбасылардан шыққан балалар үшін объективті және субъективті сипаттарды аңғарамыз.
Ажырасқан ата-ана балаларының жүрегін жараламау үшін барлық жағдайды жасайды. Баланың көзінше бір-бірімен ұрысып-керіспейді. Дұрыс тәрбие беруге қолдарынан келгенін жасайды. Бала бос уақытын тиімді пайдаланады. Спорт, шығармашылық, тіл дамыту үйірмелеріне қатысуға итермелейді. Аптаның демалыс күндері, мектептік демалыстарда әке балаларымен бірге қыдырады. Жоғарғы оқу орына түсу барысында әке балаға көмек көрсетеді. Ана олардың қарым-қатынасына кедергі келтірмейді. Бұндай тәрбие алған бала кейін өз балаларына да сондай көмек көрсетеді.
Баланың әкесі немесе шешесі басқа отбасын құрған жағдайда баланың алдында қиыншылықтар тұрады. Басқа отбасына түскен балаға әрі қарай өмір сүру, отбасының басқа мүшелерімен тіл табысу кедергі келтіреді. Баланың жақсы болып кетуі ішкі отбасылық қарым-қатынасқа байланысты.
Ажырасқан жұбайлар бірін-бірі жек көрушілікті балаларына береді. Бірнеше рет үйленген әке әр отбасында балаларын қалдырады. Оның көмегі алимент төлеумен ғана шектеледі[9].
Ажырасқан отбасылардағы бала психологиялық көмекке зәру болады. Қазіргі тұрмыс-тіршілігімізде эмоциялық дауылдар мен кездейсоқ кереғарлықтар тым көбейіп отыр. Бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесін қиындатып отырған негізгі себептердің бірегейі деуімізге әбден болады. Баланың жанын жаралайтын ажырасудың нәтижесіндегі психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады. Бұдан кейін ол ешқандай психологиялық хабарларды қабылдамайтын күйге ауысады. Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Бірақ біз өмір сүріп отырған қоғам ешуақытта адамның психикасын тәрбиелеуге мән берген емес. Соның салдарынан балабақшалар да, мектептер де, жоғарғы оқу орындары мен қызмет істейтін орындар да адамдардың психологиялық тәліміне көңіл аударылып келген емес[10].
Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары – ажырасқан отбасындағы балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. Осымен қатар жүргізілетін екінші бағыт – тез арада ата-ана мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері толып жатыр. Бала тәрбиесіне қатысты үлкендерге психикасының мән-жайы туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын – кітаптардан, кинофильмдерден тереңдей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тиылуын талап ету. Бұл мәселелерді шешу үшін ата-ана бала тәрбиесінде өз орындарын анықтап алуы тиіс. Ажырасқан отбасындағы баланың жан дүниесі жарақаттанады. Үлкендер жағы өздерінің қателіктерін мойындаумен қоса, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Ендігі жерде әке де, шеше де баламен достасуды ойлау керек. Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Мұндай өзгерістер мен игерулердің жалпы жағдайы мөлшермен төмендегідей сипатта болуы мүмкін:
– баланы міндетті түрде тәрбиелеу қажет. Ал, қайта жаңа көзқараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы үзілді-кесілді өздерін тексеру қажет. Баланың келешегіне керек ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді;
– егер үлкендер жағы өзін-өзі баланың ыңғайына орай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярлығымен бас тартқаны дұрыс;
– ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл – баланың келешігін сындыру мен құрту деген сөз;
– үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндеймін деу, барып тұрған надандық. Тек қана мейірімділік пен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін бірден ұққан жөн;
– психологиялық түзету жүргізетін кезеңдердің бәрінде де, басынан бастап, тек қана төзімділік керек. Тәрбиелік іс-әрекет үстінде – сабырлы ілтипат, салқынқандылық, ұстамдылық қажет;
– баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де, мазмұнды болғаны жөн. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғанымен, тым асыра мадақтаудың да орын алмауын қадағалау есте болсын.Артық айтқан мақтау сөз, ешқандай жақсылық әкелмейді.
Осылайша психикалық зардап шеккен, тұрақсыз отбасындағы балаға психологиялық түзетулер жасаудың жолдары көп. Біздер келтірген әдістерден басқа да жолдары болуы мүмкін. Батыс елдеріне қарағанда ТМД мемлекеттерінде ажырасуға көзқарас басқаша. Ол жақта қаржы мәселесі алғашқы орында тұрады. Соған қарамастан жер шары баланы қорғауға алып отыр. Оған 1924 жылғы Женева Декларациясы, 1959 жылы 20 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бала құқығы, 1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бала құқығына байланысты толықтырулары дәлел. Мемлекет пен қоғам толық емес отбасындағы балалар мен жасөспірімдердің азамат болып өсуіне ат салысады.[11]. Сонымен толық емес отбасынан шыққан балалардың өмірі бір жақты емес. Бала өз еркімен бұндай тағдырды қаламайды. Ата-ана, туысқандары, бүкіл қоғамның міндеті балаға дұрыс тәрбие беру, өмір сүру қажеттілігін түсіндіру. [6]
Толық емес отбасындағы баланы тәрбиелеу және дамыту стилі
Жеткіншек балада жекеленудің екінші кезеңі. Блос пікірі бойынша екі өзара өрілу процесінің қосылуы: бөліну немесе оңашаланудан тұрады.
Жеткіншек өзі осы жыныстық сәйкестік дағдарысының өкілі болып өтуі қажет. Үлкендер өміріне бейімделіп араласу үшін әлеуметтік ұл –қыз рөлі деген сөздер мағынасы жеткіліксіз. Нәтижесінде, сыртта отбасынан бөлек, әлеуметтік байланыстар өрісін кеңейтумен қатар, өмір сүрудің жаңа моделін табады. Бұл процесті оңайлататын фактор ата- анасының қолдауы, оның тұрақты әрі берік болуына сенім беруі. Екіншіден, жекелену тұрғысынан қарауда ата –анасының дәріптемеуі. Балада ішкі тұлғалық қақтығыс туындайды,оны отбасынан оңашаланудың қажеттігі, сондай –ақ ата –анасына деген сүйіспеншілігі әрі оның құнсыздануы уайымдатады.
Жеткіншектерді зерттеуге психология ғылымындағы базалық теориялар мен тұжырымдар негізге алынады. Психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғаның қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьевтің ғылыми мектебінде қалыптасқан теориялары жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген негізгі жұмыстар еді. Тұлғаның өзіндік сана –сезімдерін зерттеген тұжырымдар қатарында Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс –әрекет тұжырымдамасы зерттеудің методологиялық – теориялық негізін құрады.
Жеткіншек –әлеуметтік даму кризисі байқалатын шақ, бұл да үш жастағы «Мен өзім», бірақ енді әлеуметтік мағынада қолданылады. Әдебиеттерге жүгінсек бұл жасты екінші реттік кіндік кесу жасы деп те қарастырады. Негізгі сипаты өткірлік деңгейінде, оның белгілері төмендегідей: баланың оқу әрекетіндегі жемісі, дарынды жағының көрінуі төмендейді. Дағдарыстың екінші белгісі –жағымсыздық. Мұны кейде үш жастағы дағдарыспен ұқсас қарастырады. Бала өзін ортадан шектейді, ұрысқа дайын тұрады, сенімсіздік танытып, жалғыздыққа қарай мойынсынады. Ер балада жағымсыздық ерте және ашық байқалады, ал қыз балада 14-15 жаста көрінеді. Осы ретте Л.С.Выготский мінез –құлықты үш нұсқада қарастырған.
Бірінші нұсқасы –жеткіншекте жағымсыздық барлық жағынан ашық байқалады. Оның мерзімі бір –екі аптадан, бірнеше айға дейін созылуы мүмкін, бұл құбылыс 20 пайызға жуық жеткіншекте көрінеді. Екінші нұсқада балада күшті жағымсыздық байқалады. Ол қоршаған ортаның ұнамсыз құбылысынан: отбасындағы қақтығыс, үлкендер жағынан қысым көрсетілуі, қолайсыз жағдай негізінде туындайды, оған 60 пайыз жеткіншектер жатады. Ал үшінші жағдайда жағымсыздық жағдай жалпы байқалмайды немесе жоқтың қасы. Ол 20 пайызға жуық жеткіншектерде кездеседі[12].
Дағдарыс кезеңінде жеткіншектің сезгіштігі артады, ол қақтығысты, жоғалтуды, ұнамсыздық, психологиялық соққы деңгейін меңгереді. Созылмалы сипатта маңызды орынды екі топ факторы алады: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыс жағдайлары. Екінші топтағы эмансипациялық (құқығын меңгеру) қақтығыс еркіндікке бағытталған, онда құрбы құрдастары арасындағы топтасу, зорлап мұқтаждық көрсету, көшбасшылыққа таласу, жеткіншек негізінде өзін бүтін емес сезінуден (шын мәнінде немесе қияли түрде), өзіне қойған талаптың орындалмауынан пайда болады.
Жеткіншектердің агрессиялық мінез –құлқын зерттеген жұмыстар зерттеудің теориялық мәнділігін негіздеді, оларға Н.Д.Левитов, Л.И.Божович және поляк психологі М.Земскаяның отбасы ынтымағына әсер ететін жағымды және жағымсыз факторларды бөліп қарастыруы қажет.
Жағымды факторлар:
топтың қорғану қажеттілігінің эмоционалды тыныштықта қанағаттану;
тұлғааралық қатынаста жағымды –жағымсыз жақтардың тепе –тең таразыға түсірілуі;
жалпы идеалдары мен қызығушылығы;
ахуалдың әділдігі мен тепе –теңдігі; жалпы әрекет;
барлық құндылықтар бағыты отбасы мүшелеріне бірдей бөлінуі;
эмоционалды қажеттілігін қанағаттандыруы.
Жағымсыз жақтары:
эгоцентризмнің көрінуі;
қызғаншақтық пен бәсекелестік;
қанағаттанбау сезімі;
топқа немесе көшбасшыға талаптың күшейтілуі.
Біздің елімізде әлеуметі психологияның отбасы мәселесін шағын топ ретінде қарап, айналысқанына аз уақыт болды.
Жеткіншек өзінің жыныстық сәйкестігін іздеу барысында жеке өміріне енетін, құндылығымен мінез –құлқы отбасы ережесіне жатпайтын адамды таңдаса, ол отбасын қақтығысқа апаруы мүмкін. Қақтығысқа жиі апаратын негізгі себептер жеткіншек кезеңге байланысты керекті тәжірибелердің ата –ана мен балаларда әр түрлілігі; баланың тәуелсіздік кезеңінен, үлкендер өміріне өтуіндегі нақты қалыптасудың болмауы; ата –ана билігінің әлсіреуін белгілейтін ереженің болмауы; ата –ана мен бала арасында әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктің болуы.
Жеткіншекте психологиялық қақтығыс көбіне өзіне ғана емес, тікелей қоршаған ортаға деген көзқарастан туындап отырады. Осы жаста жеткіншекте шаршау көбейеді, ол психологиялық саулығына және ақыл –ой дамуына қысым түсіреді, оқу –тәрбие үрдісінің дұрыс ұйымдастырылмауы, оқуда психо –тазалықтың сақталмауы, өз қажеттігін өтеуге уақыттың тапшылығы, оқу барысында қақтығыс жағдайына әкеліп отырады. Психологиялық дағдарысты санада жағымсыз және күйзеліспен меңгергендіктен, алғаш өзіне қол жұмсау белсенділігі байқалады. Психологиялық дағдарыс салдары жеткіншекте келесі сезгіштік көрсеткіштер танытады: баланың қысым көруі, отбасы қатынасындағы мейрімсіздік, ата –анасынан айырылуы арқылы психологиялық соққы алу, ұялшақтық, ал дарынды балаларда нақты жетістіктерге қол жеткізіледі. Осы жаста өз дене бітіміне көңілі толмау, соған байланысты ашуланшақтық сезіліп, қоршаған ортаға деген көзқарасы өзгеріп, тәуелсіздікке талпыну барысында жөнсіздік, дөрекілік байқалады. Сондықтан қақтығыс балаларда дербестікті қажет етуінен, ал ата –ананың жауапкершілікті толық сезінуінен туындайтыны белгілі болды. Екінші рет жекелену балада түрлі құбылыста өтеді. Мінез –құлқында өзгеріс бірде үлкендерше, ал бірде кішкентай балаша әрекетте көрінеді. Осы кезеңде отбасы дағдарысты бастан кешіріп жатады, оны «жауапкершілік дағдарысы» деп атауға болады. Бала жетістігіне байланысты отбасы құрылымын қайта қарау қажет болады. Бұл уақытта ерлі –зайыптылардың жеке өздерінде де өзгерістер болуы мүмкін. Ата –анасынан бөлініп, оңашалануды білдіртпеген бала, депрессия симптомын көрсетеді. Депрессия қалай дамиды, жеткіншек өз қажеттілігіне зиян келтіріп, оның орнына үлкендерді қанағаттандыратын болады. Жеткіншектер депрессиясын былайша бөлеміз: бәрібір және немқұрайлы түрі; өзін бөлектеу (өзіне сенімінің жоқтығы мен болашақты болжай алмауы); тыныш түрі (көңіл күйдің өзгеріп отыруы, ішкі гармондық өзгерістердің болып жатуы).
Жеткіншек депрессиясы мектептегі мінез –құлқынан, жыныстық белсенді құмартулар мен әлеуметке қарсы әрекетінен көрінеді. [3]
