- •А лматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі «Көліктік радиоэлектрондық жабдықтарды техникалық пайдалану»
- •I Теориялық бөлім
- •1.1 Бизнес жоспар түсінігі
- •1.2 Бизнес жоспардың түрлері
- •1.3 Жоспарлау
- •II техникалық-экономикалық бөлімі
- •2.1 Күрделі қаржы салымдарын есептеу
- •2.2 Өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысын есептеу
- •2.3 Шикізат және материал шығындары
- •2.4 Қосалқы бөлшектер
- •2.5 Үстемелік шығын
- •2.7 1000 Км жүріс кезіндегі шығын құны төмендегі формуламен есептелінеді;
- •2.8 Жобаның экономикалық тиімділігінің есептеулері
1.3 Жоспарлау
Жоспарлау – бұл әрбір кәсіпкерлік жұмыстардың нормасы болып табылады. Бизнес–жоспарлау фирманың жеке кәсіпкерлік жұмыстарының әділ бағасы бола отырып, нарық талаптарын шешудегі қажетті құрал ролінде атқарады, яғни кәсіпорынның негізгі аспектілері сипатталады. Бизнес–жоспарлау – бұл ғылыми зерттеу және жобаларды жасау жұмысы болып табылады. Бизнес–жоспарлауды кәсіпорынды басқарудың негізі десек, асыра сілтеген болмаймыз. Бизнес–жоспарлау арқылы кәсіпорын басшысы өз кәсіпорынының қате кемшіліктерін, жетістіктерін көру мүмкіндігіне ие болады. Бизнес–жоспарлаудың негізгі мақсаттары несие алу, немесе инвестициялар енгізу, фирманың стратегиялық және физикалық жұмыстарын анықтау т. б. болып есептеледі. Бизнес–жоспарлау кәсіпорынның алдында тұрған стратегиялық мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады: - кәсіпорынның ұйымдастыру – басқару және қаржы экономикалық жағдайын бағалау; - кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің потенциялдық мүмкіндіктерін анықтау, оның күшті және әлсіз жақтарын зерттеу; Бизнес – жоспарлауды төмедегілер негіздейді: - нарық жағдайында кәсіпорындардың қызмет етуінің жалпы және меншікті деңгейлері; - бәсекенің стртегиясын және тактикасын таңдау; - кәсіпорын мақсаттарына жету үшін қажетті болған қаржылық, материялдық және еңбек ресустарын бағалау;
БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕМЕЛЕР
Жұмысшылар саны |
1 |
Құралдардың жұмыс істеу көлемі |
4600 |
Автокөлік саны |
400 |
Ауысым саны |
1 |
Автокөліктің 1 жылдық жүрген жолы |
7950805 |
Автокөлік маркасы |
Mercedes |
Двигательдің қуаты |
160 |
Құралдардың құны |
315410 |
Ғимараттың құны |
9900000 |
Тарифтік мөлшер |
310 |
II техникалық-экономикалық бөлімі
2.1 Күрделі қаржы салымдарын есептеу
Күрделі қаржы салымдарын техникалық бақылау (ТБ) аймақтарының реконструкциясы, ескі құрылғылардың сатып алынуы, жеткізілуі, монтаждау-демонтаждау жұмыстары , жөндеу жұмыстары кіреді. Өндірістік ұйымның жақсартылу және ұлғайту шараларында, жабдықтардың босатылу құны және жойылған құрылғылардың қалдық құны ескеріледі.
Күрделі қаржы салымдардың сомасы, К-тг.
К=Шсат+(Шд*0,1)+(Шж*0,5);
Мұндағы:
Шсат -сатып алынатын құралдардың құны, құрал-жабдықтар,аспаптар;
Шд -құрылғылардың демонтаждауға кеткен шығыны;
Шж -жол шығындары;
Шсат =315410тг
К=315410+(315410*0,1)+(315410*0,05)=362721.5тг
К=362721тг
Сатып алынатын құралдардың , құрал-жабдықтардың,аспаптардың құны жобаның технологиялық бөлімінде жеке бағаланады. Құрылғылардың монтаждық және демонтаждық жұмысының құны , сатып алынатын құрылғының 5%-15% шығынына тең.
Смета шығындарының құрамы
Смета шығындарының құрамы дегеніміз жоспарланған кезең бойындағы кәсіпорынның жалпы тұтынған соммасын және ұйымның өнімдерінің құынын есептлуін қамтиды. ТО –ның жобасы бойынша смета шығындарының құрамы келесі экономикалық элементерге бөлінеді: өндірістегі жұмысшылардың жалақысы, әлеуметтік қажеттіліктер үшін есептеулер, шикізат, қосалқы бөлшектер, үстеме шығындар.
