Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
113.21 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

1. Карвасарский Б.Д. Медицинская психология. - Л.: Медицина, 1982

2. Зейгарник Б.В. Патопсихология. - М.: МГУ, 1986

3. Лебединский М.С., Мясищев В.Н. Введение в психологию. -Л, 1966

5. Сидоров П, Парников А.В. Введение в клиническую психологию. -М., 2000

6. Блейхер В.М. Клиническая патопсихология. - Ташкент, 1976

7. Абрамова Г.С., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. – М., 1998

8. Конечный Р., Боухан М. Психология в медицине. – Прага: Авиценум, 1983

9. Тонконогий И.М. Введение в клиническую нейропсихологию. – Л., 1973

10. Менделевич В.Д. Клиническая и медицинская психология. – М., 1998

11. Перре М, Бауман У. Клиническая психология. – С-Пб.: Питер, 1999

12. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. -М, 1973

13. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. –Алматы, 2002

14. Бап-Баба С. Жалпы психология. – Алматы, 2005

15. Құдиярова Г. Психиатрия. –Алматы, 1994

16. Основы психологии. Под ред. Березин Ф.Б. - М, 2002

10 дәріс

Тақырыбы: Эмоцияның бұзылуы

Жоспар:

1. Күйзелістік бұзылыстар

2. Эмоциялық симптомдар

3. Эмоциялық бұзылыстар параметрлері

Адам шынайы дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын көзбен қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл – күйін білідіріп отырады.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды.

Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып отырады. Қуаныш пен қайғы, ашу, қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, т.б. осындай сезімнің сан алуан түрлері. Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білушілік, яғни екеуінің мәнін бірдей деп ұғу кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мысалы: осындай түсінік адамдар мен жануарлар арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін.

«Эмоция» түсінігі әртүрлі мағыналарда қолданылады:

1. субъективтік эмоциялық қалып күйлер;

2. жағдаяттарды когнитивтік бағалау;

3. физиологиялық өзгерістер;

4. түрткіліктік бетбағыстар;

5. экспрессивтік мінез-құлық;

6. аспаптық мінез құлық.

Бұзылыстар түрлері бақыланады:

1) кәдімгі эмоциялық бұзылыстар;

2) күрделі клиникалық синдромдар компоненті ретіндегі эмоциялық бұзылыстар;

3) эмоциялық қалып күйлерден тәуелді бұзылыстар, басқа психикалық салалардағы бұзылыстар;

4) белгілі эмоциялардың мазмұны, қайталану жиілігі, қарқындылығы немесе ұзақтылығы қоғамдық, клиникалық немесе субъективтік тұрғыдан қарағанда барабар болмайтын эмоциялық бұзылыстар;

Эмоциялық симптомдар:

Эйфория — құштарлық билеп алатын жоғары, қуанышты көңіл-күй. Көңілділік байқалып, тамаша денсаулық сезімі, төзімділік пен күш билеп алады. Науқасқа бәрі де қолайлы болады, бәрі оған алқызыл жарық түрінде көрінеді. Пайымдау, мінез-құлык. жақсы көңіл-күйге негіз болады. Қарама-қарсы аффектілер бөлінбейді, барлық жағынан ершілдік білінеді. Көптеген психиатрлар сипатталған көңіл-күйді «гипертемия» терминімен белгілейді. Эйфория деген түсінікте көтеріңкі көңіл-күй ұғынылады. Ауруды клиникалық жағынан осылай атау дұрыс. Себепсізден себепсіз ризалық, енжар қуаныш, тымық рахатты сезім ассоциациялы процестердің баяулауымен қоса жүреді

Дистимия гипотимия, депрессиялық аффекті —меланхолиялық көңіл-күй, терең қайғы, сары уайым, жабырқау, терең бақытсыздықты күңгірт және белгісіз сезіну, әдетте дененің әр түрлі ауыр сезімі езіліңкі сезім, қысылу сезімі, жүрек пен кеуденің тұсындағы, бүкіл денедегі ауырлық, құштарлықпен қоса жүреді.

Дисфория — нашар, жек көрінішті, риза болмайтын, жабырқаңқы, көңіл-күй, кейде қорқынышты көңіл-күй де қосарланады. Шектен тыс ызалы, ашулы көңіл-күй қоса жүреді.

Эмоциялық әлсіздік — көтеріңкі көңіл-күйден төмен көңіл-күйге кілт ауытқитын айқын бөлінетін тұрақсыздық, оның үстіне, көтеріңкілік, әдетте, сезімге берілгіштік, ал төмен көңіл-күй күйректік реңк алады. Мұндай ауытқулар болмашы себеп нәтижесінде пайда бола береді. Сыртқы тітіркенудің барлық түріне сезімнің көтеріңкілігі тән болып келеді (гиперестезия). Эмоциялық әлсіздіктің шектен тыс дәрежесі аффектілік зәр ұстамаушылық деп аталады.

Енжарлық — маңайдағының бәріне және өз жағдайына немқұрайлылық, қатыссыздық, ойсыздық. Ештеңе де эмоциялық жауап туғызбайды. Бейнелеп айтқанда бұл күйді, терең ессіз ұйқылары сияқты күйде ұйықтамайтын көзі ашық жағдайда келетін өлім деп атайды.