Тақырыбы: Сананың бұзылуы
Жоспар:
Сана – психиканың дамуының жоғарғы деңгейі ретінде
Сананың патологиялық күй қалыптары
Сананың алжасуы
Сана – тек адамға ғана тән, объективті шындылықтың жоғары формасы. Адамға сырт әлемді көкейтесті аңғаруды, сырт әлемді тануды қамтамасыздандырады. Адамға қоғамдық тиімділігін білдіріп, өзінің жоғары сапалылығын сезіндіреді. Спецификалық адамдық жоғары сапаны құрайды. Адамда жеке санамен қатар өмір сүріп жүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адам санасының мазмұнына қоғамдық сана ықпал жасап отырады. Идеялық мазмұны жағынан жеке адамның снасы қоғамдық сананың көрініс болып табылады. Экономикалық қатынастардың өзгеруіне байланысты адамның санасы да өзгеріп отырады. Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп атайды. Детерминизм тек сана құбылыстарының пайда болу, даму жолдарын ғана түсіндірмейді, сонымен қатар, табиғаттағы заттардың барлығының шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына бағынады дейді. Себептілік дүниенің заттары мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды.
Адам сыртқы дүниемен байланысып, танудың нәтижесінде ақыл-ойы дамиды. Адам санасының аса маңызды ерекшелігі оның сыртқы дүниені танып қана қоймай, оны мақсатқа сай өзгерте алатындығында. Олай болса, адамның санасы объективтік дүниені тек бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды.
Сананың патологиялық күй қалыптары: сананың сөніп қалуы, торығуы, жұқаруы, көмескіленуі, өзіндік сана сезімінің бұзылуы.
Сананың алжасуы деп, (ақиқат) дүние бейнелеуінде сананың ішкі байланыстары ғана емес (дерексіз таным), сондай-ақ сыртқы байланыстарының да кеселге шалдығуын атаймыз. Бұл жағдайда заттар мен кұбылыстарды тікелей бейнеленуі бұзылады. Сананың алжасуына заттық сананың кеселге шалдығуы, атап айтқанда сезімдік және рациональдық сананың бір мезгілде бұзылуы жатады. Сананың мұндай бұзылуы әдетте өткінші кезең ретінде басталып, барлық психикалық аурулар кезінде емес, тек шұғыл дәрігерлік жәрдем қажет ететін кейбір түрлерінде ғана басталады.
Сананың алжасу синдромдары бірдей емес. Сонымен бірге олардың барлық белгілеріне тән болатын ортақ қасиеттері болады. Бұлар мынадай:
а) маңайдағыларды айқын қабылдамаудан білінетін ақиқат дүниеден бөлініп қалу, қабылдауды ажыратудың қиындығы немесе толық мүмкін еместігі, кей жағдайда ақиқат дүниені бейнелеу жекелеген байланыссыз бөліктер түрінде ғана өтіп жатады;
ә) уақыт, орын, қоршаған адамдар, жағдайлар тұрғысында белгілі дәрежеде бағдар жасау үнемі айқын бөлінеді;
б) ойлау азды-көпті дәрежеде байланыссыз, пайымдау шектен тыс әлсіреген, көбіне болмайды;
в) ойда жатқан оқиғалар мен субъективтік ауру оқиғаларын еске түсіру қиын, сананың алжасуы туралы естелік не үзік-үзік не мүлде болмайды.
Сананың алжасу күйін анықтау үшін аталған бүкіл белгілердің жиынтығын анықтаудың шешуші маңызы бар. Бір немесе бірнеше белгінің болуы әлі де сананың, алжасуын білдірмейді. Ақиқат дүниеден қол үзушілік тек сана алжасуында ғана емес, сондай-ақ енжарлық пен тұйықтық кезінде де пайда болуы мүмкін. Уақыт, жағдай, орын және қоршаған адамдар тұрғысында бағдар жасау сананың алжасуына өзге амнезияда, сандырақтың кейбір түрлері мен енжарлықта да білінеді. Пайымдаудың әлсіреуі, ойдың байланыссыздығы тек сана алжасуында ғана емес, сондай-ақ басқа күйде, мысалы, кемақылдықта да кездеседі:
Сананың алжасуы мынадай синдромдарға бөлінеді: есеңгіреу сыртқы тітіркендіргіштердің шұғыл жоғарылауынан, ассоциация түзілісінің қиын, баяу жүруінен байқалады. Есеңгіреу кезінде психикалық қызмет баяулап, сана босап қалады. Бұл жағдайда қабылдау мен әсерлерді емдеу қиындайды, сыртқы дүние құбылыстары зейінді аудармайды, аңғарылмайды. Маңайға толық бағдар жасай алмайды немесе болмайды. Сұрақтар бірден қабылданбайды, олардың мән-мағынасы үлкен күш-жігер жұмсау арқылы түсініледі. Жауаптар да қиындықпен айтылады, дәл, толық емес, кейде дәйексіз болады. Сұрақтың күрделі мазмұны ұғынылмайды. Көп жағдайда ойлау персеверациясы білінеді. Түсінік жұтаң, тапшы болады. Ұйқы кезінде түс көрмейді. Еске сақтау, естелік-тер мүмкіндігі өте әлсіз. Абыржу, галлюцинация, сандырақ болмайды. Барлық қимылдар баяу болады. Ым-ишара жұтаң, үнсіздік, көбіне енжар қатысушылық, кейде эйфория байқалады. Көзқарас пен бет әлпет көрінісі енжар, топас, күйде білінеді. Тез қалғиды, кейде үнемі ұйқы билейді. Есеңгіреу күйі нашарлаған кезде ессіз ұйқыға ауысады. Есеңгіреудің жеңіл дәрежесін сананың обнубиляциясы деп атайды. Есеңгіреуді кейде органикалық психосиндромнан ажырату қиынға соғады.
Есеңгіреу-функциялық, энергетикалық кесел. Осыған сәйкес мұның психоорганикалық синдромнан өзгешелігі мынада: есеңгіреу кезінде сыртқы әсерлердің ықпалымен барлық аңғарылатын кеселдерді едәуір азайтуға бағытталған психикалық қызметтің жұмылуы, жүруі мүмкін. Есеңгіреу кезінде, әсіресе, психикалық күш салудың әлсіреуі, зейіннің шоғырлануы жағдайда сезінудің қиындауы айқын көрінеді.
Елес (делирий) есеңгіреуден күшті ерекшеленеді. Егер есеңгіреу кезінде психикалық қызметтің жұтаң, ассоциацияның тапшылығы басталса, елеске, керісінше, айқын сезімдік-нәзік түсініктер, бейнелі, үздіксіз білінетін кернекі естеліктер тән. Бұл жағдайда есеңгіреудегідей қарапайым бағдар жасау емес, маңайдағы жалған бағдар жасау пайда болады. Елеске, әсіресе, парейдалия мен сахналық галлюцинацияларды көрудің, ал кейде акоазм мен ақиқат вербальдық галлюцинациялардьң пайда болуы тән. Сонымен бірге неғұрлым дәйексіз бейнелі сандырақ та жиі байқалады. Көңіл-күй өте өзгермелі келеді. Кейде зәресі ұша қорқу, кейде, делебесі қозып әуестенушілік, ал кейде жүйкеге тиетін қыңырлық пен күйректік, сол сияқты эйфория пайда болады. Сөзшендік әрі үзік-үзік пікір айту және кейде жекелеген бет әлпет үнемі өзгеріп тұратын, мазасыз сыңай танытады, мазасыздық, төсектен тұрып, кетуге ұдайы әрекет жасау, қашып кетуге ұмтылушылық пен ұстаған кезде қарсыласу байқалады. Елес кезінде галлюцинациялық оқиғалар сахна немесе кино экрандарындай өтіп жатады. Аурулар көз алдында көрінетін елес оқиғаларға көрермен болып, олардың бәріне жауап береді, одан қорқып кашады, қорғанады, әуесқойлана карайды.Олардың алдына кезбе өліктердің, жалған баскесерлердің, құбыжықтар мен аңдардың, жәндіктердің бейнесі келеді. Жерлеу жоралғылары, кісі өлтіру, зорлау, кескілескен шайқас алдарында өтіп жатады. Сонымен бірге көз алдындағы елестерге өздерін қарсы қоюшылық та байқалады. Сананың елестік алжасуының қарқыны тұрақты болмайды. Елес, әдетте, айтқан сана арқылы үзіліске ұшырайды, бұл кезде ауру маңайдағыны таниды, сұрақтарға дұрыс жауап береді, өз жай-күйін дұрыс бағалайды, пайда болған елеске сын көзқарасымен қарайды.
Кәсіптік елес порейдолия мен галлюцинация қозғалтқыш күштердің басымдығымен ерекшеленеді. Бағдар жасау терең болады, әдеттегі елеске қарағанда сананың айқындығы сирек білінеді. Қозу әдеттегі кәсіптік әрекетті орындау түрінде басталады. Бұл жағдайда белгілі бір жаттанды дағдылар жүреді: машинист машинкада басып жатқандай болады, бухгалтер өз есеп-қисабын жасап, шотын қағады, кір жуушы кір жуып жатқандай қимыл жасайды, аспаз көз алдынан елестеген пышақ, шанышқымен жұмыс істейді, даяшы тиісті тамақты әкеп береді. Бұл тектегі қозу әдетте үнсіз орындалады, кейде кәсіпке қатысты жекелеген сөздер айтылады.
Аменция. Бұған ойлаудың байланыссыздығы мен абыржушылық тән. Ауру байланыссыз сөздер жиынтығын интонацияны өзгертпей, мүдіріссіз, кейде сыбырлап, кейде қатты айтады, кейде әндетеді. Ауру айтқан сөздер көбіне нақты, әдеттегі мәнге ие болады. Сөз арасында көңілсіз күлкі немесе өксіп жылаумен үзіліс туып отырады, осының себебінен тез қалжырап та қалады. Ауру айтқан байланыссыз сөздер сол сәттегі басым аффектіге сәйкес келеді.Байланыссыз сөзшеңдікке ұмтылушылық сыртқы қозғалтқыштардан да тыс пайда болуы мүмкін.Аменция кезіндегі қозу едәуір алуан түрде келеді әдетте ол төсек маңымен шектеледі, елестен осы тұрғыдан ерекшеленеді. Бұл ауру маңайындағыны ретсіз шашып, төгу, денесінің дірілдеп селкілдеуі, қалжырауы, қалшылдауы бүкіл денесін қисаңдату, қолдарын ерсілі-қарсылы сермеу тән. Елес кезіндегі галлюцинацияға карағанда мұнда галлюцинация түрі көп емес, үзік-үзік, байланыссыз және бейнелі сандырақ түрінде келеді.
Әдебиеттер:
1. Карвасарский Б.Д. Медицинская психология. - Л.: Медицина, 1982
2. Лебединский М.С., Мясищев В.Н. Введение в психологию. -Л, 1966
3. Сидоров П, Парников А.В. Введение в клиническую психологию. -М., 2000
4. Менделевич В.Д. Клиническая и медицинская психология. – М., 1998
5. Перре М, Бауман У. Клиническая психология. – С-Пб.: Питер, 1999
6. Рубинштейн С.Л. Проблемы общей психологии. -М, 1973
7. Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері. –Алматы, 2002
8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. –Алматы, 2004
9. Бап-Баба С. Жалпы психология. – Алматы, 2005
10. Бап-Баба С. Жантану негіздері. – Алматы, 2001
11. Құдиярова Г. Психиатрия. –Алматы, 1994
12. Основы психологии. Под ред. Березин Ф.Б. - М, 2002
№5 дәріс
Тақырыбы: Қабылдаудың бұзылуы
Жоспар:
Қабылдаудың негізгі қасиеттері
Қабылдаудың түрлері
Қабылдаудың бұзылуы
Қабылдау – заттардың сезім органдарына тікелей әсер етуіндегі адамның елестетуі немесе құбылыс. Қабылдау иллюзиялары – тұрақты мінездерге қатысты шындықтың жойылуы.
Қабылдаудың заттық тектілігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден арынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниеті заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады (И.М.Сеченов). Қозғалыс болмаған жерде біздің қабылдауымыз заттық қасиетінен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар еді.
Қабылдаудың заттық негізді болуы әрекет-қылықты реттеуде үлкен маңызға ие. Әдетте, біз нақты нысанды басқалардан түрі мен сипатына қарай бөлмейміз, біз үшін бұл жағдайда ең қажеттісі оның тұрмыстық қажеттілікке жарайтын негізгі қасиеттері. Мысалы, пышақ кесуге жараса – пышақ, болмаса әншейін металл. Қабылдаудағы басты міндет – осы қасиеттерді тану.
Қабылдаудың тұтастығы. Түйсік, жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі бірліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.
Түйсік құрайтын бөліктер өзара өте тығыз әрі күшті байланысқан, мұны біз сезім мүшелерімізге кейбір заттардың бір қасиеті немесе бөлігі ғана әсер етуден-ақ біздің санамызда сол заттың күрделі бейнесі туындайды (мақпал, мәрмәр тас). Мұндай танымның негізінде біздің бұрынғы тәжірибемізде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлексті қалыптасқан байланыстар жатыр.
Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, әдетте, ақты түйсінуден дербестеніп, дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайды, ал бұрынғы қорытындыға келу біршама уақыт өтуін талап етеді. Егер сіздің қандай-да бір әкенді тыңдай қалсаңыз, алғашқы естіген нотаңыз келесі нота берілгенше құлағыңыздан кетпей қояды. Әдетте, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталарымен емес, біртұтас әуенімен мәнді.
Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдылығы бейнеленуші қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзіндік ерекшеліктерінен туындайды.
Қабылдау тұрақтылығы (константтылығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орнын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Көбіне заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғымас қалпында бейнеленеді.
Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәне сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдылады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылап тану немесе талғаусыз және даралап тану болып көрінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.
Апперцепция. Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъекттің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан қабылданған бейне мазмұны қабылдаушы тұлға ерекшеліктерімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция деп аталады. Қабылдау барысында адамның өткен өмір тәжірибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжірибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т.т. орай) әртүрлі қабылдайды.
Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының (эмоция) ыпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы – иллюзия салдарынан жаңсақ пікірлер туғызатын жағдайларда болады.
Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау – галлюцинация деп аталады.
Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша жүйке байланыстары жатыр. Ми қабығы бөліктеріне келіп түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.
Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғарғы талдану-бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес, тұтасқан дыбыстық басы мен аяғын таңдау мүмкін емес. Ал енді осы баянды түсініп, қабылдау үшін оны бөлек тіркестер мен сөздер мағынасына орай жіктеу қажет, яғни естіп тұрғанымызды дұрыс қабылдауымыз үшін талдаумен бір уақытта біріктіру әрекеті де жүріп жатады. Осының арқасында біз дараланған дыбыстарды ғана қабылдап қоймастан, тұтас сөздер мен сөз тіркестерін ұғамыз. Мұндағы бірігім уақытша жүйке байланыстарының екі түрінде негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне – талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштер әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіштер ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу (интеграция) процесі мен күрделі синтездің болуынан.
Құрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екніші түрі - әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипап-сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан (ассоциация) жүзеге келеді (И.П. Сеченов). Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат не кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.
Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақытынастырының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Түйсікке қарағанда қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.
Сонымен, қабылдау сынды бейне түзуші күрделі процесс негізінде бір талдағыштың өзіндегі және талдағыштар аралық байланыстар жататынын аңдадық. Осы байланыстар арқылы біз тітіркендіргіштерді жете танып, күрделі тұтастық құраған зат қасиеттерінің өзара ықпалды әрекеттерін ескереміз.
Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар – кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнеленгенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайында бейімделеді.
Кеңістік нысандарын қабылдау – күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардық әрқайсысының белгілі түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық – көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екі көзге түсетін кескін қосылып, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір кескінге айналады. Осылайша көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельеф-бедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі.
Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы (жақындауы), яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі болып бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілет аккомадация (көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала менкең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болып келеді.
Заттың бағытын қабылдау көздің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізушілер, ұшқыштар мен ғарышкерлер, суретшілер мен әскери қызметкерлер, дәлдік аппарат жасайтын мамандар үшін маңызы зор.
Уақыт та – материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәоежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.
Уақытты қабылдауда субъективті мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзімде өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсық болса, ұзаққа созылады.
Қабылдау дегеніміз – осы шақтағы біздің сезім органдарымызға әсер ету кезіндегі шындық құбылыстармен заттарды елестетудегі психикалық процесс. Осы процесс арқылы қабылдау образы, объект образы немесе адамның қоршаған ортамен байланысы кезіндегі құбылыстар пайда болады. Қабылдаудың негізінде әруақытта сезу анықталады. Адам сырттан естілген дыбысты қабылдауда дыбыстарды сезу арқылы қабылдау айқындалады.
Қабылдау - әруақыттада заттардың күрделі образын бейнелеуші. Жаңа піскен қиярды тураған кезде көру, дәм сезу, тактильді сезуді бір - бірінен жекеленген түрде игермей, қиярға тән күрделі сәйкестіктерді, яғни түс, иіс, сыртқы түрін қабылдау арқылы анықтаймыз.
Қабылдаудың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: біртұтастық,, заттық , ойлау, қорытындылау, суреттеу.
Заттық қабылдау образды ойлау мен біртұтастық түрде жүзеге асады. Түс, форма, көлемі бар заттарды немесе формасыз, ретсіз берілген заттарды да адам сол көрген формаға ұқсас заттарға ұқсату арқылы қабылдайды.
Қабылдаудың тұтастығы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Осы қасиеттің көмегімен заттардың қандай да бір элементтері болмаса да тұтасымен қабылдай аламыз. Сондықтан суреттегі үйдің бейнесінде оның төбесі берілмесе де біз ол суреттің үй екенін анықтаймыз.
Қабылдаудың константтылығы- заттың объективті өзгерістерімен перцепциялық жағдайларына қарамастан тұрақты қабылданған формасының, түсінің, көлемінің болуы. Бақылауға алынған адамды 100 метрлік алыстықтан көргенде де ол адам алып немесе карлик күйінде емес, қалыпты адамға тән пішінде көрінеді. Қабылдаудағы константтылық заттардың түсін қабылдау кезінде айқындалады, яғни ақ түс қараңғыда болсын, шағылысқан күн астында болсын ақ түс болып қала береді.
Қабылдаудағы ойлау – адам қабылдайтын затты өткен тәжірибелерді еске түсірудегі арқылы қабылдайды. Перцептивтік образ адам үшін әруақытта нақты мағынаны қабылдауға қажет. Адам өзіне таныс емес затты көргенде өзіне бұрыннан таныс заттармен сәйкесьтігін табу арқылы қабылдауға ұмтылады. Мысалы, техникадан хабары жоқ адам шамның құрылымын көрген кезде оның механизмнің қандай да бір бөлшегі екенін түсінеді.
Қабылдаудағы суреттеу – заттарды қабылдауда оларды басқалармен салыстырып суреттеу арқылы қабылдайды.
Қабылдаудың мінездемелерімен қатар, заттардың сапасы мен тиімділігін ажыратудағы қасиеттері де болады. Олар:
қабылдаудың көлемі – адамның бір уақыттағы қабылдайтын объектілерінің көлеміне қарай қабылдаудағы объект санының қанша көлемде екендігін көрсетеді;
қабылдаудың жылдамдығы – қабылданатын заттың немесе объектініжәне қажетті заттарды қабылдаудағы анықталатын уақытпен, қабылдаудың күрделілігімен, жылдамдықпен, адамның психофизиологиялық жағдайымен анықталады.
қабылдаудағы дәлдік - өтілген перцептивтік образбен сәйкестену арқылы, адамның алдына қойған мақсаттары негізінде қабылданатын объектінің ерекшілігімен міндеттерінің сәйкестенуі арқылы анықталады;
қабылдаудағы сенімділік – қабылдауға берілген объектілерді берілген уақыт ішінле қабылдай алудағы талап етілетін дәлдік болып табылады.
Қабылдаудағы иллюзия – шындықтың жойылу арқылы елестеуі. Кейбір жағдайларда иллюзия физикалық, физиологиялық, психологиялық себептерге ұшырауы мүмкін. Физикалық себептермен анықталатын иллюзия былайша көрінуі мүмкін, яғни шай құйылған стақанға батырылған қасықтың сынған күйге ұқсас болып қабылдануы, физиологиялық себептермен анықталған иллюзия заттардың қосарланып көрінуі. Контраст иллюзиясы заттардың көршілес өте ұсақ заттардан артық болып көрінуі арқылы бейнеленеді. Тәжірибесі аз адам әр уақытта көзбен өлшеп вертикаль сызықтар сызған кезде сызықтың ортасын өте жоғары көтеру арқылы қателер жібереді. Сыртқы объектілерді қабылдаудағы иллюзиясы кеңістіктегі заттарды қабылдау кезінде дәлдіктің жоғалуына апарады. Сыртқы әрекеттегі қабылдау кезінде жіберілетін қателіктерді болдырмау үшін мына жағдайларды есепке алу керек.
1) есепке алу керек; ақ түс қоңыр түске қарағанда фигураны толықтырп тұратынын, вертикаль сызықты мата ұзартады, ал горизонталь сызық толықтырып отырады;
2)мақсатты түрде қолдануды әдетке айналдыру керек; заттардың салмағын бағалауда оның түсін ескерген жөн; қоңыр түсті заттар әруақытта ауыр болып көрінеді.
3) түзетулерді әркез жүргізіп отыру керек; объектінің алыс жақындығын ажырату. Ол машина жүргізушілер үшін керек;
Қабылдау иллюзиясына Шарпаньте иллюзиясын жатқызуға болады. Мысалы, бірдей салмақты, бірақ түрлі пішіндегі екі заттың ішінен кішісі ауыр болып көрінеді. Қабылдаудың бұзылуы физикалық, эмоционалдық, химиялық зат алмасу,психикалық ауыртпалықтар, тонустың төмендеуінде қабылдаудың бұзылуы бақылауға алынады. Қабылдаудың бұзылуының ең танымал түрі–галлюцинация–шындық объектілерсіз қабылдау образдарының бейнеленуі. Галлюцинация – кез – келген модальдық кейіпте көрінуі мүмкін, яғни көрудің түрлі жағдайлардың кино ретінде көрінуі, естудегі дыбыстардың нақты әрекет түрлерін орындауға қажеттіліктерін тудыратын тарсыл, сирена күйінде есту, тактильді сезудегі денеде қандай да бір насекомның жүргендігін сезу, ыстық күйді сезу арқылы анықталады.
Анализаторлық жүйелердің бұзылуында екі типтегі бұзылуларды анықтауға болады:
а) сенсорлық бұзылулар, (жарық сезгіштік, түстерді сезгіштік, жоғарыны сезу, дыбыстың ұзақтығын сезу).
б) Гностикалық бұзылулар, (заттың формасын қабылдау, символдарды қабылдау, кеңістік ұғымдары, сөйлеу дыбыстары).
Алғашқы типтің бұзылуы перифериялық нерв жүйесінің бұзылуы мен анализаторлық жүйелердің бұзылуы арқылы анықталады, екінші тип қабықтық аумақ пен үлкен жарты шарлар қабығының префронталбдық бөлігінің бұзылуы арқылы анықталады.
Қабықтық аумақ пен үлкен жарты шарлар қабығының префронтальдық бөлігінің бұзылуы арқылы анықталған гностикалық бұзылуларды агнозия деп атайды. Анализаторлардың бұзылуымен сипатталатын көру, есту, тактильді сезу агнозиялары анықталады. Агнозияның әртүрі түрлі формаларға бөлінеді.
Адам сыртқы ортадан алатын ақпараттарды көру каналдары арқылы алады. Сондықтан көру анализаторы адамның психикалық функцияларын бағалауда жетекші анализатор болып табылады.
Көру анализаторы барлық анализаторлық жүйелер сияқты иерархиялық принцип бойынша ұйымдастырылған. Көру жүйесінің бір жарты шарлар деңгейіндегі негізгі бөлім перифириялық деңгей көру торы, көру нерві, көру нервтерінің қиылысу аймағы (хиазма), көру қанаты (көру жолдарына хиазма аймағына өту орны), сыртқы немесе латеральды дене, көру бүдірі, көру жолдары және алғашқы 17-ші ми қабықшасының аймағы.
Көру жүйелерінің берілген деңгейлері көру жүйесінің бұзылуы арқылы көру симптомдарымен, көру функцияларының бұзылуымен анықталады.
Көру жүйесінің алғашқы деңгейі – көз торы. Тордың рецепторлық құрылымы екі типті рецептор арқылы белгілі болады: колба (күндізгі фотопиялық көру аппараты) және таяқшалар (кешкі скотопиялық көру аппараты). Колбалар мен таяқшалардың саны тор аумағында тең түрде орналасқан; колба тордың орталық бөлігінде көп болады. Адам фронтальды сүтқоректілердің қатарына жатады. Оларда көз аймағы фронтальдық аумақта орналасқан. Көру аймақтарының өзара қиылысуы эволюциялық жинақтардың маңыздысы болып табылады. Бұл қиылысу адамға көру арқылы дәл манипуляция жасауға және тереңді өте дәлдікпен көруге (бинокулярлық көру) мүмкіндік туғызады. Екі көздің көру аумағындағы қиылысу зоналары шамамен 120 градусты құрайды. У.Пенфилдың адамға жасаған зерттеулері арқылы көру аумақтарының электр арқылы тітіркендірілуі арқылы күрделі көру образдары анықталатындығы дәлелденген. Үлкен жарты шарлар аймағындағы негізгі мәліметтер көру функцияларының бұзылуы бас миындағы локальдық бұзылулар арқылы анықталатындығын көрсеткен. Клиникалық бақылаулар бұл аймақтардың бұзылуы көру гнозистерінің бұзылуына әкеледі. Осы бұзылулар көру агнозиялар деген атқа ие болды. Көру агнозиялары көру гнозистерінің ауытқушылықтары арқылы анықталады. Элементарлық көру функцияларының (көру анықтығы, көру кеңістігі, жарық сезгіштік) бұзылуы үлкен жарты шарлар бөлігінің артқы құрылымының бұзылуынан болады.
Клиникалық феноменалогия арқылы көру гнозистерінің бұзылуларының 6 формасы анықталған:
1. Заттық агнозия – элементтің бейнесін дұрыс бағалап, бірақ элемент бейнесіндегі мағынаны түсінбеу.
2. Бет пішіндік агнозия – аурудың адам бетін немесе суреттерді ажырата алмауы.
3. Оптикалық кеңістік агнозиясы – аурудың кеңістікте заттардың орналасуын бағдарлай алмауы.
4. Әріптік агнозия – аурудың әріптерді дұрыс көшіріп, бірақ оны оқи алмауы.
5. Түстер агнозиясы – ауру түстерді ажыратады, бірақ ажыратқан түстермен қандай заттың боялғанын білмеуі және өзіне таныс заттардың түсін еске түсіре алмауы.
6. Симультандық агнозия – көрудің нашарлауы салдарынан бейнелердің тек белгілі бір фрагменттерін көру.
