Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЕ 5 курс Каз-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
662.53 Кб
Скачать

6. Тапсырмалар (кезеңдер) тізімі

Кезең

Студентке арналған тапсырмалар

Макс. балл

Уақыт мин.

1

Ұсынылған құралдардың қолданатын аймағы.

Ұсынылған құралдардың жұмыс істеу тәртібі.

7

5

2

Өндірістегі іс шаралардың қоршаған ортадағы сапасын жоғарылату.

7

5

3

Еңбек гигиенасы бойынша теориялық тапсырмалар

6

5

7. Оқте өткізуге арналған жабдықтардың кезеңдеріне орай тізімі

Кезеңдер

Қажетті жабдықтар

1

Қолдану аясы.

Жұмыс тәртібі.

  1. Әмбебап газанықтағыш.

  2. Дозиметр-радиометр.

  3. Электростатикалық алаңды өлшегіш.

  4. Шуды өлшегіш.

  5. Термогигрометр.

  6. Люксметр-яркомер.

  7. Электрлік және магниттік өріс

параметрлерін өлшегіш.

8. Аспиратор.

9. Зертханалық экстрактор .

10. Дірілді өлшегіш.

2

Өндірістегі іс шаралардың қоршаған ортадағы сапасын жоғарлату.

Жағдайлық есептер

3

Еңбек гигиенасы бойынша теориялық тапсырмалар

Сұрақтар

8. Кезеңдердің орындалуы

Әр кезеңге арналған тапсырмалар тізімі.

ОҚТЕ бойынша тәжірибелік дағдыны тапсыру үшін әр кезеңде студентке таңдауына қарай 2 «қадамнан» тұратын 10 вариант таңдауға беріледі. Әр «қадам» емтихан қабылдаушыға бақылау ақпаратқа арналған баллдық жүйе бойынша бағаланады.

1-кезең

1-билет

1.Әмбебап газ анықтағышты мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау және мемлекеттік ауа-райын болжау қызметі, өндірістік мекемелердің өндірістік санитарлық зертханалары қоршаған орта жағдайына мониторинг және экологиялық бақылау жүргізу үшін қолданады.

2. Әмбебап газ талдағыштың жұмыс істеу тәртібі:

  • Қосу (ON).

  • Индикаторда көрінетін белгілер тәртібін орналастыру.

  • Газ концентрациясына қарай дыбысты ескерту белгісін нақтылау.

  • Индикатор жарығын қосу (15 сек кейін өздігінен сөнеді).

  • Параметрлерді көру.

  • Қолдану уақыты кезіндегі белгілерді таңдау.

  • Техникамен қамтамасыз ету деңгейіне жету.

  • Берілген мәліметтердің дұрыстығын нақтылау.

  • Өшіру (OFF).

2- билет

1. Радиометр – дозиметрін радиациялық қауіпсіздік, санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау қызметтері мен далалық жылжымалы зертханалар қоршаған ортадағы радиация деңгейін анықтау үшін қолданады.

2. «ЭКО-1» радиометр – дозиметрінің жұмыс істеу тәртібі. «ҚОСУ/ӨШІРУ» тетіктерін басу арқылы дозиметр – радиометрін қосқан соң СК – дисплейде «ҒО.ОО» мәліметінен кейін 20 секундтан соң алғашқы өлшеу қорытындысы, мысалы «ҒО.15» көрсеткіші жазылады, яғни дозиметр – радиометрі жұмыс істеуге дайын.

«Режим» тетігін бір рет басу құралды амбиентті эквивалентті дозаның қуатын өлшеуге мүмкіндік береді. 20 секундтан соң СК – дисплейде өлшеудің жалғыз нәтижесін көруге болады. Өлшеудің аяқталғанын дыбыс сигналы білдіреді.

«Дыбыстық белгі» тетігін басу арқылы дыбыс сигналын өшіреді.

3- билет

1.Электростатикалық өріс өлшегіш жұмыс орны мен бөлмені кешенді түрде санитарлық – гигиеналық тексеру үшін қолданады.

2.Электростатикалық өріс өлшегіштің жұмыс істеу тәртібі. Құралды тоқ көзіне қосып, «1» жағдайынан соң, сұйық кристалды дисплейде

St – 01

Rady

00:00:00

Жазу қысқа уақыттағы дыбыс белгісімен беріледі. Төменгі қатарда құралдың жұмыс істеу уақыты көрсетіледі. Сонан соң құрал автоматты түрде жұмыс тәртібіне еніп, келесі команданы күтеді.

Жұмыс тәртібі беткі панельдегі 1-9 тетіктерінің біреуін басу арқылы іске асырылады. Құралды тоқтату үшін ол тетіктерді екінші рет басу қажет.

4- билет

1. Шу өлшегіш құрал шу көздерін анықтау және адамдар көп жүретін жерлердегі шуды сипаттау, машиналар мен механизмді зерттеу мен сынақтан өткізу, әртүрлі өнімдердің сапасын бағалау үшін қолданылады.

2. Шуды өлшейтін кезенде жұмыс тәртібі бойынша дыбыс деңгейі және дыбыстық қысым диапазонда жиілігі 2-ден 18000 Гц капсюл болады.

ЛИН жиілігін сипаттамасымен дыбыстық қысым деңгейін өлшеу.

Өлшеу тетіктерін төмендегі жағдайға келтіру қажет.

Род работы – Ғ;

«ДЛТ1» , «dB» - 80;

«ДЛТ2» , «dB» - 50;

«ФЛТ» - ЛИН;

Барлық түймелер басылып тұр.

Бұл жағдайда 130 dВ индикаторы жанады.

Бөлмеде дыбыс деңгейін өлшеу барысында ВПМ-101 күшейткіші капсюлімен еденнен кем дегенде 1,5м биіктікте, ал дыбыс көзі мен қабырғадан 1м қашықтықта болғаны жөн.

5- билет

1. Термогигрометрді қолдану аясы: тұрғын үйлер мен өндіріс бөлмелерін, мұражайды, кітапхананы, мұрағатты, жұмыс орнын аттестациялау үшін санитарлық және техникалық қадағалауда қолданылады.

2. Термогигрометрдің жұмыс істеу тәртібі.

а. Құрал біріңғай блок түрінде дайындалған. Құралдың беткі жағында сұйық кристалды индикатор мен 3 тетік орналасқан: қосу/өшіру; көрсеткіштерді ұстап қалу; экранға жарық беру.

б. Құралды қосып зерттеу аймағына орналастырылған соң, сұйық кристалды дисплейдегі көрсеткіштерді есепке алады.

в. Құралды қосу және өшіру үшін /Қосу/ өшіру тетіктерін бір рет басу қажет.

6- билет

1. Люксметр-яркомерді қолдану аясы: өндіріс орындары мен мекемелер оқу орындары, ғылыми орталықтар, мұражай, кітапхана мен мұрағат, көлік және байланыс мекемелері, метрология мен сертификаттау орталықтары, медициналық мекемелер, мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау орталықтары, ауыл шаруашылығы және көптеген т.б. мекемелерде, сонымен қатар жұмыс орнын аттестациялауда да кеңінен қолданылады.

2. Люксметр-яркомердің жұмыс істеу тәртібі. Жарық ағыны энергиясын электр энергиясына айналдыруға негізделген. Қабылдау бөлігіндегі фотоэлемент гальвонометрмен жалғасқан, ондағы шкала люкспен көрсетілген. Өлшеу кезінде фотоэлементті горизонтальды беткейге қойып, қосқыш тетігінің көмегімен қажетті өлшеу диапозонына қояды. Жұмыс соңында фотоэлементті өшіру қажет.

7- билет

1. Электрлік және магниттік өріс өлшегішті қолдану аясы: бөлмедегі электромагниттік фонға жалпы талдау жасау, электромагниттік сәуле көздерін іздестіру, жұмыс орнын аттестациялау және т.б. мақсатта қолданылады.

2. Электрлік және магниттік өріс өлшегіштің жұмыс істеу тәртібі. Ауыстырғыш тетігін ӨШІРУ/ КОНТ/ ӨЗГЕРТУ жағдайынан КОНТ жағдайына қою қажет. УО-101 индикаторы құралдың қуатына сәйкес бақылау санын көрсетеді. Индикатордағы сан 75 пен 100 аралығында болуы тиіс.

Жұмыс тәртібіне сәйкес 3 мин.өткен соң ауыстырғыш тетігінің көмегімен ӨШІРУ/ КОНТ/ ӨЗГЕРТУ жағдайынан ӨЗГЕРТУ жағдайына ауыстырады. Құралды зерттеу аймағына орналастырып, бір қолмен оның пластмасса сабынан, ал екінші қолмен есептегіш қондырғысын ұстау қажет. Құралдың бағытын өзгерту арқылы индикатордағы максимальды көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

8- билет

1. Аспираторды қолдану аясы: Аспираторды мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау және мемлекеттік ауа-райын болжау қызметі, өндірістік мекемелердің өндірістік санитарлық зертханалары қоршаған орта жағдайына мониторинг және экологиялық бақылау жүргізу үшін қолданады.

2. Аспиратордың жұмыс істеу тәртібі: сынама алу үшін ауа арнайы сүзгілерден өткізіледі. Ауа сүзгіден өткен кезде, онда қоспалар сүзіліп қалады. Ауаның сүзгіден өту жылдамдығы мен уақыты белгілі болғандықтан, сүзгі арқылы өткен ауа көлемін есептеу қажет.

Аспираторды қосу, тублерді қозғалту арқылы (3), шүртпені бұрау арқылы (6) ауаның өту жылдамдығын қондыру. Ауа жылдамдығының қажетті сынамасын қондыру, уақытын белгілеу ауаның сынамасын алу, ауаның өту жылдамдығын кесте бойынша(қалтқының жоғарғы шегімен). Сүзгі ішінде қалған шаңды аналитикалық таразымен өлшейді. Есептеп шығару.

9- билет

1. Зертханалық экстрактор мұнай өнімдерін, беткейлік белсенді заттарды, фенолдарды, хлорорганикалық қосындыларды, ауыр металдарды анықтау үшін қажет.

2. Экстрактордың жұмыс істеу тәртібі.

Жұмыс алдында энегия блогын тексеру.Сүзгіні тексерілетін сумен толтыру. Айналуын және уақытын ақпараттық блок арқылы қондыру. Енгізу тетікшесін басу.

Уақыт біткеннен соң сүзгінің төменгі жағындағы қалдықты колбаға құю.қалған қалдықты бірнеше пробиркаға бөліп құю.реактивтер арқылы ауыр металдарға,хлорорганикалық және органикалық қосылыстар және мұнай өнімдеріне тексеру.

10- билет

1. Діріл өлшегіш құралды қолдану аясы - діріл өлшегіш құрал діріл көздерін анықтау және адамдар көп жүретін жерлердегі дірілді сипаттау, машиналар мен механизмді зерттеу мен сынақтан өткізу, әртүрлі өнімдердің сапасын бағалау үшін қолданылады.

2. Шуды өлшейтін кезенде жұмыс тәртібі бойынша дыбыс деңгейі және дыбыстық қысым диапазонда жиілігі 2-ден 18000 Гц капсюл болады.

ЛИН жиілігін сипаттамасымен дыбыстық қысым деңгейін өлшеу.

Өлшеу тетіктерін төмендегі жағдайға келтіру қажет.

Род работы – Ғ;

«ДЛТ1» , «dB» - 80;

«ДЛТ2» , «dB» - 50;

«ФЛТ» - ЛИН;

Барлық түймелер басылып тұр.

Бұл жағдайда 130 dВ индикаторы жанады.

Бөлмеде дыбыс деңгейін өлшеу барысында ВПМ-101 күшейткіші капсюлімен еденнен кем дегенде 1,5м биіктікте, ал діріл көзі мен қабырғадан 1м қашықтықта болғаны жөн.

Емтихан алушыға арналған ақпарат: Студенттің білімін құралды атап, қолдану аясын айтып беруіне қарай бағалаңыз. Тәжірибелік дағдыны студент құралдардың қолдану аясын айтып беруіне қарай бағалаңыз.

Қадамды бағалау критерийлері

Баллдық бағалау

1

Құралдарды немесе аппараттарды қолдану аясын студент дұрыс айтып берді.

3,6-4,0

3,0-3,56

2,0-2,96

1,96 төмен

Құралдардың немесе аппараттардың жұмыс тәртібін студент дұрыс айтып берді.

2,7-3,0

2,22-2,68

1,5-2,16

1,5 төмен

Максималды балл: 7

Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

2-кезең