Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОТЕ 5 курс Каз-1.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
662.53 Кб
Скачать

2. Оқте өткізуге арналған ұйымдастырушылық-дайындық шаралары:

  • емтиханға жіберілген студенттер санын анықтау;

  • әр кезеңге бекітілген тәуелсіз емтихан қабылдаушыны анықтау;

  • аудиторияны дайындау, тәжірибелік дағдының өткізілуіне жауапты оқытушы мен лаборантты анықтау;

  • жұмыс орнын дайындау, әр тапсырманы орындауға қажетті құралдармен, уақытты белгілеуге керек сағатпен қамтамасыз ету;

  • ОҚТЕ бойынша кафедрада ақпараттық бұрыштаманы ұйымдастыру;

  • ОҚТЕ бойынша құжаттарды дайындау (1-3 қосымшаларын, анкеталар, хаттамалар, емтихан қағаздарын, әр кезең бойынша студенттерге арналған тапсырмалар, емтихан қабылдаушыға арналған әр қадамды балдық бағасы көрсетілген критерийлері бар ақпараттық қағаз, емтихан тапсырушының аттестациялық қағазы, ОҚТЕ нәтижелерін бағалау критерийлері).

3. Студентке арналған ақпарат

  • студент емтихан басында хатшыда тіркеледі, төрағадан тапсырма, өзіндік аттестациялық қағаз алады және кезеңдерді өту жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындауға кіріседі;

  • тапсырмаларды орындау кезінде студент керек:

- критерийлерде көрсетілгендей өз әрекеттерінің кезектілігін сақтау;

- тапсырмаларды орындау жолы бойынша өз әрекеттерін нақты және қысқа баяндау;

- тапсырмаларды орындауға берілген уақытты есептеу;

- гигиеналық зертханадағы техникалық қауіпсіздік пен жұмыс тәртібін сақтау;

- құралдармен жұмыс істеу тәртібін сақтау;

  • 5 минуттан көп уақытты қажет ететін тапсырманы орындау кезінде, емтихан алушы келесі қадамды орындауы туралы мәліметтерді айтып ымдайды:

- 1 кезең тапсырмаларын орындауда осы құралдардын жұмыс тәртібін және қолдануын баяндау;

- 2 кезең тапсырмаларын орындауда қоршаған ортаның сапасын жоғарлату мен олардың алдын алу шаралары туралы баяндау;

- 3 кезең тапсырмаларын орындауда еңбек гигиенасы бойынша теориялық білімін баяндау;

4. Емтихан алушыға арналған ақпарат

  • ОҚМФА студенттерінің оқудағы белестерін қорытынды бақылаудағы ОҚТЕ/ОҚКЕ әдісімен тәжірибелік дағдылары және біліктіліктерін аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу туралы ереже» және осы әдістемелік нұсқаумен танысуы қажет.

  • әдістемелік нұсқаудағы 5-б. талаптарына сай кезеңдердің дайындылығын тексереді.

  • емтихан тапсырушының тапсырмаларды (кезеңдер) орындау үдерісіндегі тәжірибелік дағды мен біліктіліктігін бағалау кезінде емтихан алушыға арналған нұсқауға сүйенеді.

  • емтихан тапсырушының тапсырмаларды орындау және балдарды қою кезінде қадам әрекеттерін бағалаудағы обьективті болуына жауапкершілік алады.

  • кезеңдерді орындауда қадамдарын бағалайды және емтихан тапсырушының қағазына балдарды қояды (1-қосымша), емтихан алушының өзіндік аттестациялық қағазына кезеңдердегі балдар жиынтығын қояды (2-қосымша), қағазға қол қояды және студентке береді.

5. КЕЗЕҢДЕР КЕЗЕКТІЛІГІНІҢ СЫЗБАСЫ

Емтихан тапсырушы емтиханды тапсыруға дайындық үдерісінде 1-сызбаға сәйкес кезеңдерден өту тапсырмалары мен жоспар тізімімен танысады;

1 – сызба «Еңбек гигиенасы»

пәні бойынша ОҚТЕ кезеңдерінің кезектілігі

КІРУ

Шығу

Төраға

Кезең 1

Құралдармен жұмыс

Кезең 3

Теориялық тапсырма

Кезең 2

Алдын алу шараларын пайдалана отырып жағдайлық есептер шешу