Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
485.12 Кб
Скачать

Әуе-реактивті қозғалтқыш

Реактивті қозғалыс принципі – зымыран қозғалысына мысал келтірсек. Қарапайым зымыран жану камерасы бар отын толтырған қабықтан тұрады. Отынның жануа кезінде жоғарғы температураға дейінгі қызған жоғары қысымдағы газ Сопло деп аталатын ерекше пішіні бар камерадан үлкен жылдамдықпен (4км/с-қа дейінгі) атқылап шығады.Есептеуді жеңілдету үшін қабықша ішіндегі отын түгел жанады да, жану өнімдері mv1 импульс алады деп есептейік, мұндағы v1 – атқылап шығатын газ жылдамдығы, m – жанған отынның массасы. Газ бен зымыранның өзара әрекеттесуі кезіндегі күштер сыртқы күштермен салыстырғанда өте үлкен болғандықтан, «зымыран – газ» жүйесін тұйық жүйе деп есептеуге болады. Бұлай қарастыру жүйеге импульстің сақталу заңын қолдануға мүмкіндік береді. Мәре алдындағы зымыранның сыртқы қабығымен және отынның қоса есептегендегі массасы М болсын. Онда газ сыртқа атқылап шыққаннан кейін де денелер жүйесінің қорытқы импульсі өзгермейді. Онда массасы М- m болатын зымыран қабығы модулі бойынша тең, бірақ газ импульсінің бағытына қарама – қарсы бағытталған (М – m) v2 импульс алады, мұндағы v2 – зымыран қабығының жылдамдығы, Онда mv1 = - (М – m) v2 болады. Ал бұдан v2 = - mv/(М- m)

Осы күнгі зымырандар

Қазіргі заманғы зымырандардың қозғалтқыштары отын түрлерін пайдалану бойынша сұйық және қатты отынды болып ажыратылады. Қатты отынды зымыранда оқ – дәрініңң арнайы түрі,ал сұйвқ отынды зымыранда керосин, спирт, анилин, сұйық сутегі және жануды қамтамасыз ету үшін тотықтандырғыш ретінде оттегі, азот қышқылы және т.б. қолданылады. Сұйық реактивті қозғалтқыштар ғарыш кемелерін ұшыру үшін пайдаланылады. Ұшақтарда пайдаланылатын әуе реактивті қозғалтқыштарының зымыран қозғалтқыштарынан айырмашылығы сол, онда отынның жануы үшін ауадағы оттегі пайдаланылады. Қазіргі кезде көптеген әуе лайнерлері осындай реактивті қозғалтқыштармен жабдықталған.

Осы күнгі зымырандар көп сатылы болып жасалынады, яғни оның әр сатысының отын қоры тотықтандырғышы және реактивті қозғалтқышы бар болады. Бірінші сатыдағы отынның барлық қоры түгел жанып біткенде ол бөлініп қалады. Осыдан кейін екінші саты массаларының қосындысына тең зымыран бөлігі қозғалады. Массаның азаюы екінші, одан кейін үшінші сатыдағы отынды үнемдеуге және зымыранның жылдамдығын одан әрі қарай арттыруға себептеседі.Егер зымыранның Жерге қайтып оралуы жоспарланған болса онда үшінші саты қосылардың алдында ғарыш кемесі 180 градусқа бұрылады. Үшінші сатыдағы жану өнімдері зымыранның қозғалыс бағытына қарама – қарсы бағытталған импульс береді, ал бұл оның жылдамдығының азаюына, яғни тежелуіне әкеледі. Адамзаттың ғарышқа шығуы, басқа планеталарды, табиғат құбылыстары мен жер қойнауындағы қорларды зерттеуге мүмкіндік береді. Ғарыш зерттеулері өндірісте де, ғылымға да үлкен пайдасын тигізуде. «Байқоңыр» сияқты ғарыш айлағы бар біздің Қазақстан Әлемдегі санаулы ғарыштық мемлекеттердің біріне айналды.

Бірінші турбореактивтік самолёт .

Реактивті әуе қозғалтқышы (Воздушно-реактивный двигатель) — қозғалтқышпен бірге тасымалданатын отынның жануы үшін тотықтырғыш ретінде атмосфералық ауадағы оттекті колданатын реактивті қозғалтқыш. Реактивті әуе қозғалтқышында жану және реактивтік канал камераларымен бірге ауаны copy және сығу құрылғысы бар. Реактивті әуе қозғалтқышы тура дәлдікті, турбореактивті және соқпалы қозғалтқыштар деп бөлінеді. Қазіргі кезде коп тарағаны турбореактивті қозғалтқыш болып табылады.

Осылай зымыран газдың атқылап шығу жылдамдығы бағытына қарама – қарсы бағытталған жылдамдық алатын болады. Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Тура нүктелі реактивті әуе қозғалтқышы — (Прямоточный воздушно реактивный двигатель (ПВРД))- жану камерасында ауа тек қана жылдамдық ағынының әсерінен тығыздалатын реактивті әуе қозғалт қышы. Ол негізгі үш бөліктен: кіру диффузоры, жану камерасы мен шығу шүмегінен тұрады. ТНРӘҚ тағы… …

ТНРӘҚ — (Прямоточный воздушно реактивный двигатель (ПВРД)) жану камерасында ауа тек қана жылдамдық ағынының әсерінен тығыздалатын реактивті әуе қозғалт қышы. Ол негізгі үш бөліктен: кіру диффузоры, жану камерасы мен шығу шүмегінен тұрады. ТНРӘҚ тағы…

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]