- •«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибе нәтижелері бойынша кейстер өңдеуге қатысты әдістемелік нұсқамалар қарағанды - 2013
- •Мазмұны
- •1. Кейс түсінігі, мақсаттары, қызметтері және ерекшеліктері
- •2. Кейстің жіктелуі:
- •3. Кейс: өңдеу, құрау және қолдану
- •Кейсті өңдеу үшін рольдік идентификациялау мен уақыттың шектеулер:
- •Кейс жоспарын нақтылау:
- •4. Кейсті өңдеу құрылымы:
- •Кейс форматы мен көлемі
- •Кейстің «маскировкасы»:
- •5. Кейстің мазмұны:
- •6. Кейс сапасын бағалау жүйесі:
- •7. Кейсті кафедраға ұсыну:
3. Кейс: өңдеу, құрау және қолдану
Кейс-зерттеуді жоспарлау, материалды жинақтап, материалды талдау;
Тақырып пен зерттеу пәнін таңдау;
Зерттеу объектісін іздеу – «нақты жағдай»;
Контекстін анықтау;
Басқарушылық шешімдерді іздеу, жағдай дамуының баламалы сценарийлерін талдау;
Кейстің мазмұнын баяндау;
Сценарий құру;
Өндірістік тәжірибе нәтижелері бойынша конференцияда апробациялау;
Пікір-талас.
Қорытындылар мен ұсыныстар;
Түзету.
Кейсті өңдеу үшін рольдік идентификациялау мен уақыттың шектеулер:
- студент бағдарланатын ұйымдағы мәселенің шешілуі бойынша жауапты әрекеттерді қабылдау үшін бағдар мен уақыттық шектеулерді анықтау (шешім қабылдау үшін жауапты тұлғаны таңдау);
- студенттің өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал ететін факторларды ескеру (жалпы шарттар, қаржылық көрсеткіштер).
Кейс жоспарын нақтылау:
Сыртқы ортаға талдау жасау (экономикалық, қоғамдық, саяси факторлар);
Ішкі ортаны ескеру (материалды-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді талдау, персоналды, мамандар пікірін талдау).
4. Кейсті өңдеу құрылымы:
контекст (ішкі және сыртқы ортаны зерттеу бойынша объективті);
жағдай (билік құрылымдарының басқарушылық процесін сипаттау);
Ақпараттық қамтамасыз ету;
Мақсатты негіздеу;
Басқарушылық шешімдер;
Нәтижелілік (талқылау бағыттарын қалыптастыру).
Кейс форматы мен көлемі
Форматты анықтау: жағдайлық модельдерді таңдау, нақты материалдарды талдау, объектінің креативтілігін тексеру;
Кейс көлемі: 4 -10 парақ.
Кейстің «маскировкасы»:
Ұйым атауын өзгеріссіз қалдыруға қатысты пікірді келістіру;
Құпиялылықты сақтауға қатысты ұйымның пікірін ескеру (атауын, орналасу географиясын, саласын өзгерту);
Кейсті өңдеу барысында іс-әрекет көрсеткіштерінің түзетілу нұсқаларын қарастыру.
Кейсті өңдеу мерзімдері:
- кейсті өңдеуге дайындық – мәселені, мекеме мен ұйымды таңдау – бір апта;
- мәліметтерді жинақтау – екі-төрт апта;
- кейсті жазу – екі апта;
- кафедрада презентациялау.
5. Кейстің мазмұны:
- КІРІСПЕ (өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі мен мәселелері);
- негізгі бөлім;
- қорытынды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Жағдайдың сипаттамасы;
Ұйым, мекеме және әрекет етуші тұлғалар;
Материалды баяндау және мәселенің қойылуы;
Жағдайды шешудің ұсынылатын жолдары (сценарийлік тәсілдеме);
Талқылауға арналған мәселелер.
ҚОРЫТЫНДЫ (вариативті сипатқа ие болып, қосымша ақпаратты білідіреді):
- берілген жағдай бойынша басқарушылық шешімдерді қабылдау баламаларын өңдеу;
- ұсынылатын жағдайдың қамтамасыз етілуі және нормативті-құқықтық базасының сәйкес келуі;
- қойылған сұрақтарға жауап беру;
- қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыру.
6. Кейс сапасын бағалау жүйесі:
Ұсынылатын жағдайдың кейс-жағдай әдісінің талаптарына сәйкестік дәрежесі;
«нақты жағдайды» сипаттау толықтығы мен сәйкестігі;
Кейстің түрлік бөліктері арасында оптималды балансты ұстану;
Орындалған сипаттаманың сапасы: логикалығы, баяндау стилі;
Кейстің оның функционалдық тағайындалуына сәйкестігі (өзгерісті зерттеу, оқыту, диагностикалық материал);
Кафедраға бекітілген мерзімде ұсыну;
Өндірістік тәжірибе өту нәтижелері бойынша кейсті қорғау.
