- •«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибе нәтижелері бойынша кейстер өңдеуге қатысты әдістемелік нұсқамалар қарағанды - 2013
- •Мазмұны
- •1. Кейс түсінігі, мақсаттары, қызметтері және ерекшеліктері
- •2. Кейстің жіктелуі:
- •3. Кейс: өңдеу, құрау және қолдану
- •Кейсті өңдеу үшін рольдік идентификациялау мен уақыттың шектеулер:
- •Кейс жоспарын нақтылау:
- •4. Кейсті өңдеу құрылымы:
- •Кейс форматы мен көлемі
- •Кейстің «маскировкасы»:
- •5. Кейстің мазмұны:
- •6. Кейс сапасын бағалау жүйесі:
- •7. Кейсті кафедраға ұсыну:
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибе нәтижелері бойынша кейстер өңдеуге қатысты әдістемелік нұсқамалар қарағанды - 2013
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы студенттерінің өндірістік тәжірибе нәтижелері бойынша кейстер өңдеуге қатысты әдістемелік нұсқамалар экономикалық теория және МЖБ кафедрасының э.ғ.к., доценті З.Х.Жанбекова және аға оқытушысы Ж.А.Мамраевамен өңделген.
Экономикалық теория және МЖБ кафедрасының оқу-әдістемелік семинарының отырысында талқыланып, бекітілді
«_____» _____________2013 ж. Хаттама № _____
Экономикалық теория және МЖБ
кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., профессор Жетпісбаева М.К.
Оқытушылар жайлы мәліметтер:
Э.ғ.к., доцент Жанбекова З.Х., оқитын пәндері: муниципалды менеджмент, жергілікті мемлекеттік басқару, әлеуметтік саланы реттеу және т.б.
Аға оқытушы Мамраева Ж.А., оқитын пәндері: әлеуметтік-экономикалық жоспарлау, мемлекеттік инвестициялық стратегиясы және т.б.
Офис: экономикалық теория және МЖБ кафедрасы, аудитория № 266
Қарағанды қ., Академиялық көшесі 9
Тел.: 44-16-24 (143)
Мазмұны
КІРІСПЕ |
4 |
1. КЕЙС ТҮСІНІГІ, МАҚСАТТАРЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
5 |
2. КЕЙСТІҢ ЖІКТЕЛУІ |
7 |
3. КЕЙС: ӨҢДЕУ, ҚҰРАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ |
9 |
4. КЕЙСТІ ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ |
10 |
5. КЕЙСТІҢ МАЗМҰНЫ |
11 |
6. КЕЙС САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ |
11 |
7. КЕЙСТІ КАФЕДРАҒА ҰСЫНУ |
12 |
ВВЕДЕНИЕ……………………………………
|
4 |
1.ПОНЯТИЯ, ЦЕЛЬ, ФУНКЦИИ И ОСОБЕННОСТИ КЕЙСА……………………… |
5
|
2.КЛАССИФИКАЦИЯ КЕЙСА……………………
|
8 |
3.КЕЙС: РАЗРАБОТКА, СОСТАВЛЕНИЕ И ПРИМЕНЕНИЕ………………………………………..
|
11 |
4.СТРУКТУРА СОСТАВЛЕНИЯ КЕЙСА………… |
12 |
5.СОДЕРЖАНИЕ КЕЙСА………………………… |
13
|
6.СИСТЕМА ОЦЕНКИ КАЧЕСТВА КЕЙСА………….
|
14 |
7.ПРЕДСТАВЛЕНИЕ КЕЙСА НА КАФЕДРУ………
|
15 |
ВВЕДЕНИЕ……………………………………
|
4 |
1.ПОНЯТИЯ, ЦЕЛЬ, ФУНКЦИИ И ОСОБЕННОСТИ КЕЙСА……………………… |
5
|
2.КЛАССИФИКАЦИЯ КЕЙСА……………………
|
8 |
3.КЕЙС: РАЗРАБОТКА, СОСТАВЛЕНИЕ И ПРИМЕНЕНИЕ………………………………………..
|
11 |
4.СТРУКТУРА СОСТАВЛЕНИЯ КЕЙСА………… |
12 |
5.СОДЕРЖАНИЕ КЕЙСА………………………… |
13
|
6.СИСТЕМА ОЦЕНКИ КАЧЕСТВА КЕЙСА………….
|
14 |
7.ПРЕДСТАВЛЕНИЕ КЕЙСА НА КАФЕДРУ………
|
15 |
КІРІСПЕ
1869 жылы алғаш рет Гарвардтық мектепте пайдаланылған кейстер білім беруде нақты жағдайды бағалау құралы ретінде, ал өзге салаларда кәсіби жарамдылыққа және коммуникативті сапаға қатысты персоналды іріктеу мен бағалау барысында кеңінен қолданылды.
Кейтсер бойынша оқыту мынадай сызба бойынша жүзеге асты: соңғы курс студенттерін өндірістік тәжірибеде олардың бастан өткізген нақты оқиғасын (мәселе) баяндап, содан кейін мәселеге талдау жасап, оларды жою бойынша сәйкес ұсыныстар беру талап етілді. Мысалы, жағдайды жазбаша сипаттау, "суреттер" және белгілі сандық ақпарат. Кейбір кейстер өте қысқа және ұйымдағы жағдайды сипаттаудың бернеше парағын ғана құрайды (оған олардың іс-әрекетінің негізгі көрсеткіштері, кесте түріндегі қаржылық ақпарат та кіреді). Келесілері өте кең және «шынайы» ақпаратты қамтиды, мысалы, бұқара мақалалары, ішкі бұйрық көшірмелері, зерттеу есептері – яғни оларды құру барысындағы мүмкіндіктер алуан түрлі. Кейде басты әрекет етуші тұлғалармен сұхбатты қамтитын бейне-және аудио материалдар да қолданылады. Кейбір кейстердің көлемі 60-80 парақты да құрауы мүмкін.
Кейс өңдеудің мынадай негізгі кезеңдері болады:
1. Кейс тақырыбын таңдау.
2. Кейс мақсатын қалыптастыру.
3. Негізгі тезистерден құралатын кейстің бағдарламалық картасын қалыптастыру.
4. Институционалды жүйені іздеу (фирма, ұйым, ведомство және т.б.).
5. Кейстің бағдарламалық картасының тезистеріне қатысты институцоналды жүйеден ақпарат жинақтау.
6. Кейс жанрын таңдау.
7. Кейсті рәсімдеу (мәтіндер, графиктер, суреттер, презентациялар).
8. Кейс мазмұнын қолданып көру.
9. Кейсті толықтыру.
10. Кейсті қолдану.
