Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplom_kaz_perevod.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать

5. Еңбекті қорғау

5.1. Қауіпті және зиянды факторларды талдау

Еңбекті қорғау – бұл заң актілерінің, еңбек ету процесі кезінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен еңбекке қабілеттігін қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және емдеу-алдын алу іс-шараларының және құралдардың жүйесі.

Шын өндірістік жағдайлар зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың бар болуымен сипатталады.

Маркшейдерлік істе, кен орнын өндіру кезінде денсаулыққа зиянды мына зиянды факторлар келтіре алады:

- ауаның жоғары шаңдануы мен газдалуы;

- жұмыс зонасындағы ауаның жоғары немесе төмен температурасы;

- шудың, вибрацияның жоғарылаған деңгейі;

- электрлік тоқпен зақымдану қауіптілігі;

- өрттің пайда болу қауіптілігі;

- газбен улану қауіптілігі;

- сутегінің бөлінуі.

5.2. Еңбекті қорғау бойынша жалпы ұйымдастырушылық іс-шаралар.

Жоба кеніште екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасын қарастырады. Үш ауысымды жұмыс тәртібі пайдаланылады. Ауысымдар арасындағы үзіліс жобалық сағатты құрайды. Бір жылдағы жұмыс күндерінің саны 305 күнді құрайды. Әрбір жұмысшы жылына 23 күн ақысы төленетін демалысты алуға мүмкіншілігі бар.

Әрбір қызметкер жұмысқа кірген кезде және жаңа қызметке ауысқан кезде жұмыс орнында ЕҚ мен ҚТ-на, қорғанудың жеке құралдарымен пайдалануына, алғашқы медициналық көмек көрсетуіне, өрт сөндіру құралдарымен пайдалануына оқытылады.

Мамандықты игеру процесі кезінде еңбекті қорғау бойынша инженерге емтихандарды тапсырумен ЕҚ мен ҚТ оқыту өткізіледі.

Жұмысшының еңбек тәжірибесіне байланысты оқыту 1 күннен 10 күн аралығында өткізіледі.

Бұрын шахтада жұмыс жасаған жұмысшылардың бір қызметтен екінші қызметке ауысқан кезде нұсқаулық 5 күнді құрайды.

Оқыту процесі кезінде жұмысшыға жұмыс процесіне тәжірибелі ұстаның қадағалауымен қатысуға рұқсат етіледі.

Жұмысшы өз бетінше жұмысқа ҚТ бойынша емтихандарын тапсырғаннан кейін және жұмыстың негізгі дағдыларын алғаннан кеййін кірісе алады.

Жұмыс орына жұмысшы нұсқаулықтардың келесі түрлерін өткізгеннен кейін рұқсат етіледі:

- кіріспе (ҚТ бойынша инженер өткізеді);

- жұмыс орнындағы нұсқаулық (жұмыстар жетекшісі өткізеді);

- қайталама (белгілі-бір уақыт өткеннен кейін жетекші өткізеді);

- қосымша (тапсырма нарядын берген кезде өткізіледі).

Кіріспе нұсқаулық бас инженерде тіркеледі, ал нұсқаулықтың қалған түрлері тіркеу кітабында тіркеледі.

Кәсіпорында ҚТ бойынша бөлім екі бөлмені алады – ҚТ бойынша инженердің кабинеті және лекциялық зал. Бөлме ауданы 10м2 құрайды және онда сейфтың орналасуы қарастырылған, онда апаттарды жою жоспары, жазатайым жағдайлармен байланысты материалдар және жұмысшылармен емтихандарды тапсыру туралы материалдар, кәсіпорын жұмысшыларының картотекасы сақталады. Бөлмеде арнайы әдебиеттер мен оқу құралдарын сақтауға арналған шкы, хат столы мен телефон орналасады.

ЕҚ және ҚТ бөлімінің штаты кәсіпорн жұмысшылары санының есебімен есептеледі. Жұмысшылардың әрбір 1000-на ҚТ бойынша инженерінің орнын қарастырылған. Жоба бойынша жұмысшылардың саны 283 адамды құрайды, осыған байланысты бөлім бір ҚТ бойынша инженерден және лекциялық сабақтар өткізу үшін бір нұсқаушы-оқытушыдан құралады. Жұмыстар процесінде ЕҚ мен ҚТ сақталуын қадағалауды жұмыстар жетекшісі және орындарда инженерлік-техникалық жұмысшылар жүзеге асырады.

Кенішті немесе алаңды қабылдау, тапсыру, апаттар мен жазатайым жағдайларды тергеу, ЕҚ мен ҚТ сақталуын тексеру үшін комиссия мүшелерінің саны 5-еу бола отырып, ЕҚ бойынша комиссия құрылады. Комиссия құрамына ЕҚ мен ҚТ бойынша инженер, аумақ басшысы, Мемтаутехқадағалау өкілдері, кәсіби одақтар өкілдері кіреді.

Мемлекеттік қадағалау-Мемтаутехқадағалау, Мемэнергияқадағалау, Мемсанқадағалау, Мемөртқадағалау органдарымен жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]