- •1 Кен орнының геологиясы
- •1.1 Аудан туралы жалпы мәліметтер
- •1.2 Аудан мен кен орнының геологиялық құрылымы
- •1.3 Кеннің сапалық сипаттамасы
- •1.4 Кенорнын өндірудің инженерлік-геологиялық жағдайлары
- •1.5 Кен орнының гидрогеологиялық жағдайлары
- •2.1 Дипломдық жобаны құруға арналған бастапқы деректер
- •2.2 Кеніштің қызмет ету мерзімі және жылдық өнімділігі
- •2.3 Кенорнын ашу
- •2.4 Қазу жүйелердің салыстырмалы бағалары және таңдау
- •2.5. Таңдап алынған қазу жүйенің сипаттамасы
- •2.6. Тазартылыс алу үрдістерінің есебі
- •2.6.1 Құрал-жабдықтардың ауысымдық өнімділігінің есебі
- •2.7 Жұмыс көлемінің есебі
- •2.8 Тазарту жұмыстарының еңбек сыйымдылығы мен өзіндік құнын есептеу
- •3. Кеніштік аэрология
- •3.1. Желдетуді жобалау
- •3.2. Шахтаны желдетудің әдісін таңдау
- •3.3. Шахтаны желдетудің сызбасын таңдау
- •3.4. Шахтаны желдету үшін қажетті ауа мөлшерін есептеу
- •3.5. Шахта күйзелісін есептеу
- •3.6 Желдеткіштің өзіндік құнын есептеу
- •4. Бас жоспар
- •4.1 Жалпы мәлімет
- •5. Еңбекті қорғау
- •5.2. Еңбекті қорғау бойынша жалпы ұйымдастырушылық іс-шаралар.
- •5.3. Жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша техникалық іс-шаралар.
- •5.4. Көлденең қазбаны жарықтандыруды есептеу
- •5.4.1. Санитарлық-гигиеналық іс-шаралар
- •5.4.2. Өртке қарсы алдын алу шаралар.
- •5.5. Өрттік магистралдық құбыр жүйесін есептеу
- •5.7. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың кешенін таңдау
- •5.7.1. Қосымша шығу жолдары
- •5.8. Апаттарды жою жоспары
- •6 Арнайы бөлім. «-55» деңгейжиегіндегі тазартылым кенжарында бұрғы қондырғысын таңдау
- •6.1 Жалпы түсінік
- •( «Глубокий» кеніші, «Антей» кенорны)
- •(№2 Кеніш, «Лучистое» кенорны)
- •6.5. Ұсыныс.
- •7 Экономика бөлімі
- •7.1 Кәсіпорынның экономикасы
- •7.2 Кеніштің жұмыс режимі
- •7.3. Жерүсті ғимараттар мен ғимараттар құрылысына және тау-кен жұмысына жұмсалатын күрделі шығындар.
- •7.3.2 Құрал-жабдықтар алуға жұмсалатын күрделі шығындар
- •7.3.3 Шоғырландырылған сметалық есептеу
- •7.4 Пайдалы қазылымды өндіру құнын есептеу
- •7.4.2 Амортицазиялық аударымдар
- •7.4.3 Материалдық шығындар
- •7.4.4 Энергетикалық шығындар
- •7.4.5 Пайдалы қазылымды игерудегі өзіндік құнының калькуляциясы
- •7.5 Кеніштің технико-экономикалық көрсеткіштері
- •Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
«Молодежная» шахтасында – алғашқы жылдары жер бетіне жақын орналасқан кен орнының бөлігін ұзақ мерзімде ашық тәсілмен қазылғаннан кейін, бүгінгі таңда хром кені жерасты тәсілмен өндіріледі, тау-кен жұмыстары +251,0м деңгейде орындалады. Кен орнының жер бедері теңіз деңгейінен 450 метр биіктікте орналасқан. «Молодежная» шахтасының құрылысы 1973 жылы басталып, 1982 жылы өзінің алғашқы 27 мың тонна кені өндірілді. «Молодежная» шахтасы барланған қоры бойынша дүние жүзінде екінші орынды иеленген, ал сапасының жоғарылығы бойынша дүние жүзіндегі теңдесі жоқ ең ірі шахта болып табылады. Кенорны, үш тік оқпанмен, квершлагтармен және минус 55-135 метр белгілерінде кенорынның төнбе және сұлама бүйірлері бойынша қуақаздармен ашылған. Кен оқпан албарына электровоздармен тасымалданады: -135 және -215 деңгейжиегі бойынша кен екі айналмалы төңкергішке арналған К-14 электровоздарымен ВГ-4,5 вагоншаларына тасымалданады және кенқұдық бойынша екі ұсату кешені 900-1200мм жақты ұсатқыштармен жабдықталған. «Молодежная» шахтасында кеннің және кенсіз жыныстардың мықтылығы профессор М.М. Протодьяконов сыныптамасы бойынша fкен=4–6, fжыныс=8 құрайды. Қабылданған қазу жүйесіне сәйкес қолданылатын жабдықтар: бұрғылау қондырғылары УБШ-400, НКР-100М, 55ЛС-2СМ жеткізу қондырғысы және т.б қолданылуда. «Молодежная» шахтасында арнайы техникалық қауіпсіздікті ескеріп, тазартым кеңістігінде ұңғымаларды тиімді бұрғылап, жару тәсілдерін пайдалану жұмыстары жүргізіліп, шахтаның жылдық қуаты жыл сайын артып келеді. 2000 жылы өнім көлемін 1,7-ден 2,0 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа обьект пайдалануға берілді. Шахтада экологиялық тазалыққа ерекше мән беріледі. Бұл мақсатқа жету үшін 1997 жылы 1,0 млн АҚШ доллары жұмсалды, 2000 жылы 1,5 млн бөлінді. Қазіргі кезде комбинат елге «ТНК Казхром» АҚ-ның филиалы ретінде белгілі болып, сапалы хром кенін өңдіру арқылы еліміздің қажетін өтеп отырған, Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы үлкен мәртебеге ие кен орындарының бірі.
1 Кен орнының геологиясы
1.1 Аудан туралы жалпы мәліметтер
“Қазақ.КСР-іне 40 жыл-Молодежная” кен орны Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының Хромтау қаласынана солтүстік-шығысқа қарай 12км-де Солтүстік Мұғалжардағы Ор-Елек су айрығының шығыс бөктеріндегі Оңтүстік-Кемпірсай кен ауданында орналасқан. Аудандағы көліктік жағдайлар жағымды. Ауданның беті шығыс жаққа Ор өзеніне қарай және оңтүстік-шығыс жаққа Ойсылқара өзеніне бағыт бойынша бедерінің төмендеуі бар адырлы жазықтық ретінде көрінеді.
Ең
биік нүктесі – 487м, ең төмен – 307м.
Гидрожелі ауданда әлсіз дамыған және
жылдың көп бөлігінде ағынды сулары жоқ
Ор өзенінің сол жақ салаларымен ұсынылады.
Жаз-күз кезеңдерінде өзендер айтарлықтай
кеуіп қалады. Ауданның климаты шұғыл
континентті, қысы қатал және ұзық, жазы
ыстық, қапырықты қатты желі бар. Жылдық
орташа температурасы +4
С
аспайды.
Жылдық орташа атмосфералық жауын-шашындардың мөлшері 220мм-ден 250мм дейін құбылады. Климаттың сипаттық ерекшелігі болып батыс және солтүстік-батыс бағыттарда, желдің орташа жылдамдығы 4,3-5,2м/с басым болатын желді күндердің көп саны табылады. Экономикалық жағынан аудан ауылшаруашылық-кәсіпорындық болып табылады. Өнеркәсіптің негізгі саласы, хромдық кендердің (Дөң ТБК) және силикаттық-никельдік кендердің кен орындарының қорындағы тау-кен өндірісі (Батамша ТБК). Дөң ТБК-ның тауарлық өнімі қатардағы кен мен хромдық концетрат болып табылады.
Дөң ТБК кәсіпорындарының электрмен қамтылуы ЗАПКАЗЭНЕРГО жүйесінен жүзеге асырылады.
1.2 Аудан мен кен орнының геологиялық құрылымы
“ҚАЗ.КСР 40 жыл – Молодежная” кен орны Оңтүстік-Кемпірсай ауданының Шығыс кенді зонасы шегінде орналасқан және Кемпірсай ультра негізгі алаңына шоғырланған.
Ультра негізгі жыныстардың Кемпірсай алаңы Уралтаулық антиклинорияға тұстастырылған – бірінші реттегі құрылымға, оның шегінде екінші және одан жоғары реттегі брахиантиклиндық құрылымдар белгіленеді. Уралтау антиклинорий шығысында Магниторгорск склинорий шегінде екінші реттегі құрылыммен – Ор грабенімен шекаралас, батысында – Самаралық сиклинориймен шекаралас. Орталық-Урал мегантиклиорий қазбаның әртүрлі тереңдіктегі қирауларымен шектелген; олардан тек ауданның кейінгі орогендік, платформалық және неотектоникалық даму кезеңіндегі жасарылған және жас тереңдіктегі қираулар ғана айқын көрінеді.
Басты Уралдық тереңдіктегі қирау шығысқа 70-80 бұрышында түседі және көп мөлшердегі параллельді кулис тәрізді ажыратулардан құралады. Аталған қираудың зонасына Кемпірсай гипербазиттік алаңның басты кендік алаңы тұстастырылған.
Сакмарлық-Кокпетинск қирауы Сакмарлық және Зилаирлық құрылымдық-формациялық зоналарды бөледі. Оның бойымен жоғары девондық анағұрлым жас жыныстардың Орталық-Уралдық мегантклинорийдің ордовиктік-силурийлік қалыңдықтардың қаусырмасы белгіленеді.
Кемпірсай жоғарлауының ашық бөлігінде қирау лақтырулардың жіңішке зонасымен және меридиональдік жайылудың қаусырмасымен белгіленеді.
Терең қираулардың ішінде ең жоғары реттері 340 жайылу азимутымен Кемпірсай-Хабарнинск қирауы белгіленеді. Ол солтүстіктен-солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа өтеді. Кемпірсай алаңының өзі салыстырмалы ұзындықтағы (бірінші он километрлер) тереңдік қираулармен бөлінеді.
Осылайша, Кемпірсай алаңының оңтүстік-шығыс шектерінде тектоникалық бұзылулар зоналармен бөлінген 27 құрылымдық блоктар белгіленген.
Ауданның геологиялық құрылымында бор, палеогендік және төрттік жүйенің және түзілімдері және орта палеозойлық интрузивтік желілік кешен қатысады.
Палеозойлық жыныстар қатпарларға жиналған және қираулармен бұзылған бөлігі ұзақ ғұмырлы терең. Тереңдік қираулар зоналарына жер жарып шыққан жыныстар алаңдары тұстастырылған.
Мезазой кайнозой түзілімдер палеозой мен протерозой желдетілген жыныстардың әртүрлі көкжиектерінде шұғыл келісті емес жатыр.
Кемпірсай алаңы 1200м тереңдікке дейін әртүрлі деңгейде серпентинитделген перидотиттермен және дуниттермен ұсынылған. Перидотиттер гарцбургиттермен және лерцолиттермен ұсынылған. Дуниттер пироксен түйіршіктерінің қосуларын құрайды.
Дуниттермен перидотиттермен арасындағы байланыс әдетте шұғыл, бірақ кейде жыныстар арасындағы өтпелер ақырын.
Оңтүстік-Кемпірсай кенді алаңның дуниттар бойынша серпентиндер кенді денелердің жанас жыныстары болып табылады.
Алаңның желілік жыныстары екі бөлімде ұсынылған:
-ультра негізгі магмамен генетикалық байланысқан желілік жыныстар, дуниттармен, пироксениттармен, антинолиттармен ұсынылған;
-габбароидты магманың желілік жыныстары, оларға оливиндық нориттаре габбро-диабаздар, горнблендиттер жатады.
Дуниттар аз қуатты желілермен ұсынылған, олар хромдық кендер мен алаң жыныстарын кеседі.
Пироксениттер сирек кездеседі. Желінің жайылуы бойынша бірнеше жүз метрге байқалады. Оның қуаттылығы 1,5м-ден 3,5м дейін өзгереді.
Жанас жыныстары бар экзоконтакт қара серпинтиниттің жиектеуімен ұсынылады.
Актинолиттік жыныстар кен орындарында дамыған, 0,01м бастап 0,5м дейін аз қуатты желілерімен ұсынылған.
Оливиндік нориттер қуаттылығы 50-70т ұзындығы шамамен 5км болатын сығылмалар түрінде кездеседі.
Габбро – диабаздар алаңда кеңінен дамыған, шұғыл құлауы бар кеңдік жайылуларының сығылмаларымен (70-100º) ұсынылған, кенді денелерді жыртады және кенді денелердің жыртылған бөлшектерін салыстырмалы орын ауыстырулары белгіленеді.
Алаңның магматикалық массаларының дифференциациясы мен сууы қарқынды тектоникалық кернеудің әсері жағдайында өтті, оған әртүрлі жастағы жыныстардың жазықтығының көптеген жыртылыстары көрсетеді.
Ультра негізгі жыныстардың Кемпірсай алаңының ауданында 160 астам кен орындары мен кен көрінулері, хромдық кендер анықталды, олар үш рудалық ауданға топтасады:
- оңтүстік-Кемпірсай;
- батыс-Кемпірсай;
- далалық.
Оңтүстік-Кемпірсай кен ауданы ультра негізгі жыныстардың Кемпірсай алаңының оңтүстік-шығыс бөліктеріне тұстастырылған. Кен алаңының ауданында 4 ірі кен орындары ашылған: «40 лет Каз. ССР – Молодежное», «20 лет Каз. ССР», «Алмаз – Жемчужина», «Миллионное».
Осы кен алаңының кен орындары үшін бір біріне қатысты кулис тәрізді орналасқан бірнеше кенді денелердің болуы сипатына сәйкес келеді.
Кендік денелер жыртылыс қирауларымен бұзылған, әдетте бөлек блоктарға лақтырмалы-ысыру сипатында. Олардың тікелей амплитудасы 200м, 350м дейін. Оңтүстік-Кемпірсай кендік алаңның ауданындағы хромиттік кендердің кен орындарының шоғырланудың анағұрлым оптималды зоналары болып Батыс және Шығыс кенді алқаптары табылады.
Ауданның басқа пайдалы қазбаларынан мыналарды белгілеу керек: силикатты кобальт – никель кендері, темір кендері, магнезиттер, ультра негізгі жыныстар, минералды сырлар мен құрылыс материалдары.
«Молодежная» кен орны Оңтүстік-Кемпірсай кен алаңының Шығыс кенді алғабының шегінде орналасқан.
Кен орнындағы Кемпірсай ультра негізгі алаңның жыныстары мезокайнозой түзілімдерімен ұсынылған аз қуатты платформалық тыспен қапталған.
Геологиялық кеспеде белгіленеді (жоғарыдан-төмен):
- төрттік түзілімдер, байырғы жыныстардың желденуімен, жер жарып шыққан жыныстардың сынықтарымен, жерқалып тәрізді құм қиыршығымен, құмдармен және саздармен қабықтардың бұзылуы өнімдерімен ұсынылады. Төрттік түзілімдер жыраларда және олардың бөктерінде кездеседі. Осы түзілімдердің қуаттылығы 1,2м дейін жетеді;
- жер қалыптарымен, жер қалып тәрізді саздармен, кремнийленген жер қалыптарымен және саздармен ұсынылған палеогендік түзілімдер. Олардың қуаттылығы 0м-ден 15,5м дейін өзгереді.
- жоғары борлы түзілімдер, олар ультранегізгі жыныстардың су жуып кеткен беттерінде жатады және құмдармен, фосфориттермен, әк саздармен ұсынылады. Олардың қуаттылығы 10,8м жетеді.
Тауды жарып шыққын жыныстар гарцбургиттар бойынша серпентиниттермен, дуниттермен, пироксенді дуниттармен, пироксениттар мен диабаздармен көрсетілген.
Дуннитар бойынша серпентиниттар мен пироксенді дуниттар кенді денелердің жанында жақсы дамыған, гарцбуриттар бойынша серпентиниттар кен орнынының батыс және шығыс флангтарында көбірек дамыған.
Пироксендер мен габбро-диабаздар сорылғыштарды қалыптастырады, дуниттар бойынша қиылысатын серпентиниттер, пироксенді дуниттар мен периодиттар және кен орнының кенді денелерін қалыптастырады.
Гарцбургиттар бойынша серпентиниттар – бұл порфор түріндегі кескіні бар, түзу емес сынықтары бар қою-жасыл түсті көлмеді тау-кен жынысы. Гипергенді процесстердің аумақтарында оливин мен ромбикалық пироксен белгіленеді. Кейбір кезде аз мөлшерде моноклинді пироксен кездеседі. Әрдайым акцессорлық хромшпинелид ар болады. Екінші кезектегі материалдардан: серпентин – хризотил, антигорит, бастит, серпофит, сирек – амфибол, хлорит, магнетиттің шаң тәрізді түйіршіктері бар болады.
Дуниттар бойынша серпентиниттар – түзу сынығы бар қою-жасыл, сұрылау-жасыл және сарылау-жасыл түсті көлемді тау-кен жыеысы. Бастапқы минералдардың реликттер құрамында оливин 25% көп емес мөлшерде, пироксен – 3-5% көлемінде белгіленеді. Акцессорлық минерал хромшпинелидпен көрсетілген. екінші, кезектегі материалдар спорадты кездеседі және термолиттермен, хлориттермен, талькпен және бруситпен көрсетіледі.
Пироксенді дуниттар бойынша серпентиниттер макроскопты буниттар бойынша серпентиниттарға ұқсайды, бірақ ромбикалық, кейде моноклиндық пироксеннің түйіршіктерінің жоғары құрамы - 15% дейін бар болады.
Геологиялық барлау жұмыстарымен қатпарлы тектоника элементтері анықталынбаған.
Лақтырмалы-жылжыту сипаттамасы бар жыртылатын қираулар кен орнының солтүстік және оңтүстік бөліктерінде белгіленеді және үш ірі және бір ұсақ блокқа бөледі, олар өз кезегінде одан да ұсақ қираулармен бөлінген.
Лақтырмалы-жылжулардың лақтыруларының жазықтықтары 70-85º бұрышта оңтүстікке және оңтүстік-батысқа түседі. Орын ауыстырудың тікелей амплитудасы үлкен емесе – 8-16м-ден 42м дейін.
I жүйенің тектоникалық бұзылулары сотүстік-шығыс жайылуы бар және 60-85º бұрышында шығысқа және оңтүстік-шығысқа түседі. Осы жүйенің тектоникалық қираулары негізгі горизонтқа минус 215м тұстастырылған.
II жүйенің тектоникалық бұзылулары бағынушылық мағынаға ие, солтүстік-шығыс жайылу мен 60-85º бұрышында оңтүстік-шығыс пен солтүстік-батысқа түсуі бар, сирек кездеседі.
III жүйенің тектоникалық бұзылулары кен орнында кеңінен таралған, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жайылуы мен 70-80º бұрышында оңтүстік-шығыс пен оңтүстік-батысқа түсуі бар.
IV жүйенің тектоникалық бұзылулары кен орнында аз деңгейде таралған, оңтүстік-шығыс жайылуы мен 70-80º бұрышында оңтүстік-батысқа түсуі бар.
Осылайша, кен орнында солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жайылуымен түсудің шұғыл бұрыштары бар тектоникалық бұзылулар басым болады. Жиі тектоникалық бұзылулардың аумақтары жарылыңқылармен бірге жүреді. Тау-кен қазбаларын өңдеу кезінде осындай аумақтарда құлаулар пайда болады. Хромиттік кендердік кен орындары ультра негізгі жыныстарда шоғырланады, олар әртүрлі деңгейде серпентинизделген периодиттермен, діниттармен көрінеді, және әртүрлі кендік көкжиектерде орналасқан екі ірі шоғырдан құралады.
Кен орны шектерінде бір-біріне кулис тәрізді орналасқан 25 кендік денелер орналасқан. Теңгерімдік қорлар 18 кендік денелер бойынша есептелген. Өнеркәсіптік санаттар бойынша (А+В+С1) ең ірі кендік денелер 3,4 және 22 барланды, онда барлық қорлардың 98% және 14 кендік дененің бөлігі шоғырланған.
Жоғарғы кендік шоғыр 3,4 кендік денелерімен көрсетілген және олардың линзаларымен бірге жүреді, олардың орын тереңдігі 10,9-15,6м бастап 290м дейін өзгереді (№4 к.д.).
Кен орнының осы бөлігінде жалпы меридиондық жайылулар сипатына ие.
Төменгі кендік шоғыр үстіңгі қабаттан 420-600 м тереңдікте орналасқан және ірі кендік денемен 22 және бірнеше ұсақ линза тәріздес денелермен көрсетілген.
Кендік дене 22 солтүстік-шығыста жайылады, кен орынының жалпы жайылуымен 40º бұрышты қалыптастырады.
Жалпы қоры 1,5млн.т. бар 14 кендік дене үстіңгі қабаттан 267,0-321,0м тереңдікте орналасқан, бірақ карьерден жайылуы бойынша алыстатылған және 15 кендік денемен бірге 4 кендік дененің аз карьер асты бөлігімен ашық және жер асты жұмыстары арасында орташа аймақты қалыптастырады.
№22 кеншоғыр ең ірі болып табылады. Оның ұзындығы ұзын осі бойынша 1540м тең, ені 25м-ден 320м дейін өзгереді. Кендік дененің қуаттылығы 1,0м-ден 141,1м дейін өзгереді. (№76 үңгіме). Кендік дене көлденең дерлік жатады, оңтүстік-батысқа енеді. Оңтүстікте және шығыста сыналану кезінде кендік дене ыдырайды. Кендік дененің ілініп тұрған блогының орын тереңдігі солтүстігінде 422м дейін, оңтүстігінде 602м дейін өзгереді. Осы кендік дененің хромдық кені негізінен бай және өте бай түрліліктерімен көрсетілген.
