- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
- •Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
- •Тапсырма
- •1. Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйесі
- •Мs Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдары
- •Ms Access ортасында формамен жұмыс жасау.
- •Ms Access ортасында есеппен жұмыс жасау
- •Ms Access ортасында сұраныспен жұмыс жасау
- •Мs Access ортасында макроспен жұмыс жасау
- •2. Дәмхана. Мәліметтер қорын құру әдістемесі
- •2.1 Дәмхана. Мәліметтер қорына кесте құру әдісі
- •2.2 Дәмхана мәліметтер қорына форма құру
- •2.3 Дәмхана мәліметтер қорында есептер туралы түсінік
- •2.4 Дәмхана мәліметтер қорындағы cұраныс
- •2.5 Дәмхана мәліметтер қорында макроспен жұмыс жасау
- •2. Шәріпбаев а. Информатика. 1992.
- •22. Шәріпбаев а. Информатика. 1992.
Мs Access ортасында макроспен жұмыс жасау
Макрос - бұл жиі қайталанатын іс әрекеттерді автоматтандыру үшін қолданылытын басқару командаларының жиынтығынан тұрады.
Макрос құру алгоритмі
Деректер қорымен жұмыс істеу барысында қажетті обьектілерді ашуға біршама қосымша уақыт керек болатындығы белгілі. Сондықтан бұл үдерісті жылдамдату үшін, қажетті құжаттарды ашатын макрос құрып, оларды экранда бір реттен орналастыруға болады.
Макросты іске қосу :
Ол үшін:
Запуск тетігіне шерту керек
Сервис – Макрос – Запуск макроса жарлығын белгілеу керек;
Макросы жапсырмасымен ашып, курсорды қажетті макростың атына орналастырып Запуск тетігін шерту керек.
Біз құрған макросты іске қосқан кезде деректер қорының макроста белгіленген барлық обьектілері сәйкесінше орналасады және экранға жүктеледі.
2. Дәмхана. Мәліметтер қорын құру әдістемесі
2.1 Дәмхана. Мәліметтер қорына кесте құру әдісі
Кесте - берілгендер қорының негізгі обьектісі. БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Кесте жапсырмасының Құру түймесін шерткенде сұхбаттық терезесі ашылады. Онда жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.
Кесте режимі. Оны кестені қолдан құру режимі деп те атауға болады, өйткені кесте режимінде кесте құру командасын берген соң, экранда қолдануға дайын кесте құрылады да, қолданушы оны толтырумен айналысады. Кестені мәліметтермен толтырмас бұрын оның өрістеріне қажетті жаңа атаулар беріледі. Ал мұндағы өрістердің типтері, өзіне енгізілген мәліметтерге байланысты, автоматты түрде анықталады.
Конструктор режимі. Бұл режимді Жаңа кесте терезесінде Конструктор тәсілін белгілеп, ОК түймесін немесе БҚ – да бұрыннан бар кестенің құрылымын өзгерту кезінде, қажетті кестені белгілеп, Конструктор түймесін шерту арқылы іске қосуға болады. Бұл терезеде кесте құрылымын құрастырушы өзі анықтайды. Терезенің жоғарғы бөлігінде өріс атауларын, олардың типтерін және сипатын анықтау керек. Мұндағы сипаты деген бағанды толтыру міндетті емес.Өрістің тиін анықтау үшін Берілгендер типі бағанындағы сәйкес ұяшықты шерту керек. Сонда белгіленген ұяшықтың оң жақ шетінде тізім белгісі пайда болады, осы белгіні шертіп, ашылған тізімнен қажетті тип таңдалады. Кез келген өрістің негізгі қасиеті – оның ұзындығы. Осы ұзындыққа сәйкес өріске қанша информация сиятыны анықталады.
16
Сурет 10. 1-тағамның (толық порция, жарты порциясы туралы қосымша мәліметтер) конструкторлық кестесі
Деректер қорында бағандар – өрістер, ал жолдар – жазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жазбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды. Біз құрып жатқан «Дәмхана» мәліметтер қорының кесте
режимі бойынша кесте құру (сурет 11).
Сурет
11. 1-тағамның (толық порция, жарты порциясы
туралы қосымша мәліметтер) кестелік
түрі.
17
Сурет 12. 2-тағамның (толық порция, жарты порциясы туралы қосымша мәліметтер) конструкторлық кестесі.
Сурет 13. 2-тағамның (толық порция, жарты порциясы туралы қосымша мәліметтер) кестелік түрі.
