Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GULDANA. BITTI.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.95 Mб
Скачать
    1. Ms Access ортасында формамен жұмыс жасау.

Форма – деректер қорының обьектісі және бір жазбамен жеке жұмыс істеуге арналған, яғни барлық назар тек бір жазбаға аударылады.

Формада – екпінді кестенің барлық өрістерінің болуы міндетті емес.Формалар бір кесте үшін ғана емес, бір – бірімен байланысқан бірнеше кестелер үшін де құрылады.Сонда форманың көмегімен деректердің толықтық шартын сақтай отырып бір мезгілде бірнеше кестеге мәлімет енгізуге болады.

Форманың сыртқы түрін ұйымдастыру мүмкіндіктерін ерекше атап өту керек. Форма конструкторының құралдары қолданушыға өз шығармашылығын жүзеге асыра отырып қолдануға ыңғайлы және көрінісі тартымды форма жасау мүмкіндігін береді [14].

Access – әр түрдегі форма құруға болады.

1. Ленточная. Форма терезесінде кестенің бір мезгілде бірнеше жазбалары бейнеленеді. Өрістің қолтаңбалары бағандардың тақырыбы түрінде беріледі. Кесте режиміндегідей оның сыртқы көрінісін өзгертуге болады.

2. Кестелік. Мұндай формадағы деректер электронды кесте түрінде беріледі. Кесте режиміндегідей оның сыртқы көрінісін өзгертуге болады.

3. Негізгі / бағынышты. Мұндай форманың бір аймағы негізгі кестенің деректеріне берілген, ал келесі аймағы байланысқан кестенің жазбаларын бейнелейді.

11

4. Кнопкалық. Басқарушы форма. Деректер қорының басқа формаларын немесе есептерін ашады.

Форма конструкторы. Конструктор режимінде форма құру бұл ең күрделі жол.Дегенмен форма құру үшін конструктор көптеген саймандық құралдарды және шеберлерді ұсынады. Сонымен конструктор режимінде форма құру үшін:

МҚ терезесіндегі Формы >> Создать тетіктеріне шертіп, экранда Новая форма диалогтық терезесі пайда болады. Осы терезеде Конструктор пунктіне шерту керек.Ашылған тізімнен форма құрылатын кестенің (сұраныстың) атын таңдап, сонан соң – ОК тетігіне шерту керек. Экранда форма конструкторының терезесі, элементтер тақтасы және өрістер тізімінің терезесі пайда болады, Элементтер тақтасы және өрістер тізімі – бұл конструктор режимінде форма құру үшін қажетті саймандар жиынтығы, Біріншіден, формада деректерді енгізуге қажетті скестенің өрістері міндетті түрде болуы тиіс [15].

МҚ терезесіндегі Создание формы в режиме конструктора жарлығына екі рет шерту арқылы конструктор режимінде форма құруға болады. Бірақ бұл кезде өрістер тізімі бос болады. Себебі форма құрылатын кестенің аты көрсетілмегендіктен. Мұны осы конструктор режимінде тұрып жасау керек.

Формаларды модификациялау

Конструктор режимі форманың қандай тәсілмен құрылғандығына қарамастан оның құрылымына өзгертулер енгізі мүмкіндігін береді. Ол үшін конструктор режимінде мынадай жұмыс тәсілдерін меңгеру қажет. Форианың сыртқы түрін өзгерту, басқару элементтерінің орналасуы, шрифті немесе өрістегі, басқару элементтерінің орналасуы, шрифті немесе өрістегі жазба мазмұнын өзгерту, форманы кейбір декоративті элементтермен безендіру және басқа түстегі сүлбелерді қолдану. Кестенің бір өрісіне қарасты басқару элеметін құрғанда формаға екі обьект орналастырылады: жазба және Поле типіндегі басқару элементі. Оларды бірге немесе бөлек жылжытуға болады. Жылжытулар конструктор режимінде орындалады [16].

Форманың бөлімдері

Жоғарыда қарастырылған формадағы басқару элементтерімен жасаған амалдар деректер аймағында орындалады. Дегенмен формада мынадай басқа бөлімдері де қолдануға болады.

  1. Форма тақырыбы

  2. Жоғарғы колонтитул

  3. Форма ескертпесі

  4. Төменгі колонтитул

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]