- •Қалыптық өлшем және мүсіндер(модельдер) материалдарының жіктелуі және оларға қойылатын талаптар
- •Ағартқыштар, тіс протезін жалтыратуға арналған электолиттер.
- •Кезеңде сытрқы тіссауыты дайындалады «металды құю»әдісі бойынша.
- •Полимерлер, олардың қаситтері және қолданылулары туралы жалпы мағлуматтар.
- •Металды –керамикалық тіс сауытын дайындау технологиясы.
- •Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Толық алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез дайындау.
- •Виды аттачменов
Толық алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
Тістерін толық жоғалтқан науқастарды емдеу функционалды және эстетикалық жағынан толыққанды протездерді жасауда күрделі мәселелерді тудырады
Протез негізі (базис) –дегеніміз жасанды тістер бекітілетін, протез алаңының бедерін қайталайтын пластмассадан немесе металдан жасалған пластинка.
Қазіргі кезде протез базисі пластмассадан жасалып жүр, бірақ эпилепсия, бруксизм сияқты аурулар пластмассалы негіздің жиі сынуына және олардың аллергиялық, токсикалық әсерлерінің болуы,протездің негізн металдан даярлауға мәжбүр етуде.
Тістердің жартылай немесе толық жоғалуы көбіне 60 және оданда жоғары жаста жиі кездеседі.Тістерді толық жоғалтуының себептері әртүрлі. Жиі тіс жегі және олардың асқынуы,пародонтит, пародонтоз, жарақат, ісіктер т.б.
Нақасты қарағанда бет-әлпетінің өзгерісіне, кәрілік прогениясына, шайнау және сөйлеу қызметінің бұзылуына,альвеола өсіндісінің атрофиясына, қаттты таңдайды жауып жатқан шырышты қабық жағыдайына көңіл бөлінеді.Табиғи тістердің орнын жасанды протездермен ауыстырғанда, келесі мақсаттар орындалуы қажет:
Бұл емдік мақсаттар
1.шайнау қызметін қалыпқа келтіру:
2.беттің эстетикалық нормаларын, сөйлудің және адамның психологиялық жағыдайын қалыпқа кетіру.
Профилактикалық мақсаттар:
А.асқазан –ішек жолдарының ауруларының алдын алу;
Б. Самай-төменгі жақ буынының ауруларының алдын алу;
В. Бұлшықеттің атрофиясының ауруларының алдын алу т.б.
Ортопедиялық стоматологияда бет-әлпеті үш бөлікке бөлінеді:
Жоғарғы
Ортанғы
Төменгі бұл жа,ыдай антропометриялық деп аталады
Жоғарғы бөлігінің 1/3-і шашпен маңлайдың шегарасы және қас үсті доғасының ортанғы сызығы арсында болады, содан мұрын қанатының негізіне дейін- ортанғы 1/3-і болады, мұрын қанатының негізінен иек шетіне дейін-төменгі 1/3-іболады.
Беттің ортанғы бөлігі аз өзгеріске ұшырайды. Сондықтан,орталық окклюзияның окклюзионды биіктігі етіп беттің орталық бөлігінің ұзындығы алынады.
Протез шекаралары
Жоғарғы жақ сүйекте протез негізінің шекарасы тіссіз альвеолярлы өсіндінің ұрт пен ерін жағынан, олардьщ ерін тартпаларын айналып, өтпелі қатпар бойымен өтеді. Протездің жақсы ұсталып тұруы үшін, жоғарғы жақ сүйек төмпешіктері міндетті түрде негізбен жабылады..
Төменгі жақ сүйекте протез шекарасы ұрт тартпаларын, ерін мен тіл үзеңгілерін айналып өтіп, тіссіз альвеолярлы өсіндінің аумағында өту қатпары бойымен өтеді.
Протез негізі анатомиялық ретенциялардың айқындығына, шырышты қабаттың басымдылық дәрежесіне, бекіту тәсіліне және т.б. факторларға байланысты болады. Жақ сүйекте сақталған табиғи тістер саны неғұрылым аз болса, протез негізінің ауданы соғұрлым үлкен болады.
Биік альвеолярлы өсінді, шығыңқы үстіңгі жақ сүйек төмпешіктері, қатты таңдайдың терең болуы протез негізін кішірейтуге мүмкіндік береді. Кламмерлер мен әртүрлі бекіту элементтерінің саны көбейген сайын, протез негізін кішірейтуге мүмкүндік туады.
алмалы-салмалы тіс протездерінің құрылымын (конструкциясын) таңдау:
олардың қатты тіндері мен пародонт жағдайына;
анатомиялық ретенция (альвеолярлы өсінділері, үстіңгі жақ сүйек дөңестері, қатты таңдай күмбезі) элементтерінің сақталуына;
және тістем түріне байланысты болады.
Көрсеткіштер
Имплант қоюға қарсы көрсеткіш болс.
Клиникалық кезең:
1.Науқастың ауыз қуысын зертеп , тексеріп , диагноз қою, ауыз қуысымен мен тірек тістерді дайындау, протездің конструкциясын таңдау және қалыптық қасықты шақтап көріп , альгинатты немес силиконы массалармен қалыптық өлшем алу.
2.Жақ сүйегінен альгинитты массамен анотомиялық пішінінен қалыптық өлшем алынады. Доғалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) және корекциялаушы (католизатор немесе нақтайтын) қабаттары бар альгинитты массамен толық анатомиялық қалып алынады. . Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, бірінші қабатқа корекциялаушы(нақтаушы) екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қалыптық өлшем алынады, қалыптық өлшем екі жақтанда алынады, зертханаға жіберіледі.
Зертханалық кезең:
1. Қалыптық өлшем қарапайым гипспен ғанышталады.
2. Гипстік мүсінді қалыптық өлшемнен ажыратып,болашақ алмалы-салмалы пластинкалы протездің шегарасы химиялық қаламен сызылады.
Жоғары жақтағы протездің шгарасы:қатты және жұмсақ таңдай шегарасындағы А сызығына 1мм жетпейді, вестебуляр беткейде жоғарғы ерін үзбесінің альвеола өсіндісіне біріккен төменгі нүктесіне 1. мм, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпардың шегарасына 1мм жеткізбей сызып алынады. Жоғары жақ дөңесі міндетті түрде протезбен жабылуы қажет, бұл оны бекіту мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.
Төменгі жақтағы протездің шегарасы: вестибуляр беткейде, төменгі ерін үзенгісіңің альвеолаға біріккен жоғары нүктесінен, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпарына және альвеола өсіндісінің дистал бөлігіндегі қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Ал ауыз қуысының оралды бөлігінде, тіл үзенгісінің альвеола өсіндісіне біріккен жоғары нүктесінен, ауыз қуысы табанының қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Тірек тістердің шегарасы сызылады.
Қазақ ғалымы, м.ғ.к. К.М. Садығалиевтің зерттеуі бойынша ұрт, тіл, ерін шырышты тартпасын босату үшін алмалы салмалы протезде ойықты дөңгелек пішінде жасайды.
3. Пластинкалы мүсіндеуші балауызбен(қалындығы 2мм, ұзындығы 170мм, ені 80 мм) болашақ протездің негізі(базисі,ғаныштық мүсінде сызылған шегаралар бойынша) мүсінделеді. Сол балауыздан, альвеола өсіндісінің тіс қатары кемістігі аймағына (балауызды жастықша)білік қойылады, олардың бүйірлік бөлігіндегі ені 1-1.2см, ал алдынғы тістер аймағында ені 0.6-0.8см аспауы керек. Біліктердің биіктігі 1-2см болуы қажет, келешекте олардың орнына жасанды тістер қойылады. Балауыздан дайындалған протезді шаблоны клиникаға шақтап көруге жіберіледі.
Клиникалық кезең:
3. Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады.
4. Балауыздан дайындалған протезді шаблоныдағы біліктерді электрошпателде жұмсартып, орталы окклюзияға негізделіп тістетіледі. Шаблонда жоғарғы және төменгі ерін үзбелерінің орны, фонтал тістердің шегарасы және күлкі сызықтарының (линия улыбки) шегарасы сызылады. Балауыздан дайындалған протездің шаблоны зертханаға жіберіледі.
Зертханалық кезең:
4. . Балауыздан дайындалған протездің шаблонын орталы окклюзияға негізделіп окклюдаторға орнатады.
5. Шаблоныдағы біліктерді электрошпателде ажыратып, олардың орнына жасанды тістер теріледі.
6. кювейтаға қаймақ тәрізді гипс құйылады, балауызды шаблонды жартысынашейін гипспен ғаныштайды. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кюветаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 15 минут күтіледі.
7. Кюветаны преспен қосып ыстық суда 20 минут қайнатады.
8. Кюветаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып кюеталарды ашылады. Ондағы қалдық балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жіберіледі.
9. Кюветадағы балауыздың орнына яғни гипстегі қуысқа ажратқыш жағамыз( изакол), 15 минут қатуы күтіледі.
10. Залалсыздандырылған шыны ыдыс алып, ішіне мономер сүйықтығы құйылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосылады, үстін жауып қойылады. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы гипстік құыс толтырылады. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысылады.
11.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатылады, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.
12. Кюветаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталар ажыратылады. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протездің артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен).
Тегістеу және жылтырату
1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.
2. Пемза ұнтағына су араластырып, пластмассаға молынан жағып алынады, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасалады(үйкелеу)
3. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
4. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған жартылай алмалы-салмалы протезді малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.
6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.
7. жартылай алмалы-салмалы протезді жуғыш ұнтағы бар ыстық суда, щеткамен жақсылап жуылады.
8. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникаға жіберіледі.
Клиникалық кезең:
5. Дайын боклған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникада медикаменті өңделіп, ауыз қуысында шақтап көріледі. Протезге коррекция жасалып, кеңес беріледі.
Шырышты қабаттың классификациясы (Суппле, Люнд) |
Классификация Суппле бойынша . Ең басты кңілді протез орнының шырышты қабығының жағдайына бөле отырып, тӛрт классқа бөлген: 1. Бірінші класс: жоғарғы жақ сияқты төменгі жақта да шырышты қабығы сәл икемді жабылған жақсы айқындалған альвеолярлы өсінділер бар.
Таңдайдың үштен бір бөлігі шырышты қабықтың біркелкі қабатымен жабылған. Шырышты қабықтың табиғи қатпарлары (ерін, тіл және ұрттың үзбелері) жоғарғы жақ сияқты төменгі жақта да альвеолярлы өсіндінің ұшынан жеткілікті алып тасталынған. Шырышты қабықтың бұл классы протезге ыңғайлы тірек болып табылады, сонымен қатар металды негізбен де. 2. Екінші класс: шырышты қабық жансызданған, альвеолярлы өсінді және таңдайды жұқа қабатпен жабады. Табиғи қатпарлардың бекіген жерлері альвеолярлы өсіндінің ұшына шамалап жақын орналасқан. Тығыз және жұқарған шырышты қабық алмалы протездiң тiрегi үшiн ыңғайлы, әсіресе металл базис үшін. 3. Үшінші класс: альвеолярлы өсінділер және қатты таңдайдың артқы үштен бір бөлігі қопсытылған шырышты қабықпен жабылған. Шырышты қабықтың бұндай күйі альвеолярлы өсіндінің төмен болуымен үйлеседі. Осындай шырышты қабықпен келген емделушілер ең алдымен емделуі керек. Протездеуден кейін оларға протез қолданудың қатаң тәртібін ұстану керек және міндетті түрде дәрігердің байқауында болу керек. 4. Төртінші класс: шырышты қабықтың қозғалмалы жүктері бойлай және оттискті массаның шамалы ғана қысымында жеңіл ығысады. Жүктер қысылып, протездің қолдануын қиындату немесе қолдануын мүмкін емес қылдырады. Бұндай қатпарлар төменгі жақта байқалады, көбінесе альвеолярлы өсінділер жоқ болғанда. Бұл түрге тағы да бос жұмсақ қыры бар альвеолярлы өсінділер де жатады. Бұл жағдайда протездеу тек оны алып тастағаннан кейін ғана мүмкін болады.
|
Тіс қатарының кемістігі Гаврилов классификациясы бойынша:
Тіс қатарлары бөлінеді.Оның ерекшелігі бір тіс
сақталған жақтарды бөлек бір топқа бөлген. Бұл жіктелуде ақаулар төрт топқа бөлінеді. 1) шеткері (біржақты және екіжақты);
2)ішінара (бүйірлі – біржақты, екіжақты және алдыңғы);
3)комбинирленген;
4)жалғыз тісті жақтар. Бұндай ақауларды протездеудің дайындығы мен әдісінің ӛзіндік ерекшеліктері бар.
Тіс қатарының кемістігі Бетельман классификациясы бойынша:
Тіс қатарының кемістігі Бетельман классификациясы бойынша 2 классқа бөлеміз,әрбір класс 2 түрге бөлінеді.
Бірінші класс – бір немесе бірнеше ақауы бар тіс доғалары, бірақ біреуі немесе екеуі шеткі болады.
Екінші класс – ішінара ақауы бар тіс қатарлары. Бұдан басқа әр класстың кіші класстары бар екенін айтып кеткен.
Кеннеди классификациясы:
Тіс қатарлары ақаулары 4 классқа бөлінеді.
Бірінші класқа екіжақты шеткі ақауы бар тіс доғасы жатады.
Екінші класқа – біржақты шеткі ақауы бар тіс доғасы.
Үшінші класқа – бүйір бӛлімдегі тіс доғасының ішінара ақауы.
Төртінші класқа – тіс доғасының алдыңғы бӛлімінің ішінара ақауы. Соңғысынан басқа класстар кіші класстарға бӛлінеді.
Кеннеди жіктелуімен тіс доғасының бірнеше ақауы болғанда пайдалану қиынға соғады. Осындай жағдайларда Кеннеди келесі ережелерді ұсынады.
Егер әр түрлі класстарға жататын тіс доғасынң бірнеше ақауы болатын болса,оны жоғарыдан тӛменге қарай қарастырып,төменгі класстарға жатқызамыз. Мысалы, тіс қатарының 00004300|00045600 формуласында бірінші және төртінші класс ақауы бар. Бұл жағдайда тіс доғасын бірінші классқа жатқызамыз. Тіс қатарының формуласы 87654000|1000340000 болса бұл ақау төртінші және екінші классқа жатады. Бұл жағдайда тіс қатары екінші классқа жатады.
Алмалы-салмалы доғалы протез түрлері.
Доғалы протез немесе металл базисті протез- тіс қатарының кіші, орташа және үлкен кетіктерін ортопедиялық емдеу үшін арналған протез.
Алмалы-салмалы доғалы протез протездің түрлері:
1.Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез.
2. Алмалы-салмалы аттачменті бекітілетін доғалы протез.
3. Алмалы-салмалы телескопиялық тіссауытымен бекітілетін доғалы протез.
4. Алмалы-салмалы балкілі бекітілетін доғалы протез.
5. Алмалы-салмалы магнитті бекітілетін доғалы протез.
