- •Қалыптық өлшем және мүсіндер(модельдер) материалдарының жіктелуі және оларға қойылатын талаптар
- •Ағартқыштар, тіс протезін жалтыратуға арналған электолиттер.
- •Кезеңде сытрқы тіссауыты дайындалады «металды құю»әдісі бойынша.
- •Полимерлер, олардың қаситтері және қолданылулары туралы жалпы мағлуматтар.
- •Металды –керамикалық тіс сауытын дайындау технологиясы.
- •Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Толық алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез дайындау.
- •Виды аттачменов
Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протезді дайындауда олардың негізгі элементері:
Базистік пластмасса, кламмер, жасанды тістер.
Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындаудың көрсеткіштері;
а. Көпір тәрізді пртезді қойуға мүмкіндік болмағанда;
б. Тірек тістер екінші дәрежелі қозғалыста;
в. тірек тістер жеткіліксіз;
г. тірек тістердің ара қашықтығы алшақ:
Осы жағыдайларда жартылай алмалы салмалы протездер қойылады.
Жартылай алмалы-салмалы протездердің түрлері:
а. Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез.
б. Жартылай алмалы-салмалы қарапайым кламмерлі доғалы протез.
в. Жартылай алмалы-салмалы аточментті бекітілетін доғалы протез.
г. Жартылай алмалы-салмалы био денто пластты протез.
д.Телескопиялық сауыттарға бекітілген жартылай алмалы-салмалы протез.
Клиникалық кезең:
1.Науқастың ауыз қуысын зертеп , тексеріп , диагноз қою, ауыз қуысымен мен тірек тістерді дайындау, протездің конструкциясын таңдау және қалыптық қасықты шақтап көріп , альгинатты немес силиконы массалармен қалыптық өлшем алу.
2.Жақ сүйегінен альгинитты массамен анотомиялық пішінінен қалыптық өлшем алынады. Доғалы протез дайындауда екі қабаттан тұратын, яғни негізгі(базисті) және корекциялаушы (католизатор немесе нақтайтын) қабаттары бар альгинитты массамен толық анатомиялық қалып алынады. Таңдалған қасыққа базистик массаны салып тірек тістің өлшемін аламыз. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, бірінші қабатқа корекциялаушы(нақтаушы) екінші қабаты жағылады да, қасық тіс көшірмесі бар жақпен тіс қатарына орналастырылады. Осылайша қалыптық өлшем алынады, қалыптық өлшем екі жақтанда алынады, зертханаға жіберіледі.
Зертханалық кезең:
1. Қалыптық өлшем қарапайым гипспен ғанышталады.
2. Гипстік мүсінді қалыптық өлшемнен ажыратып,болашақ алмалы-салмалы пластинкалы протездің шегарасы химиялық қаламен сызылады.
Жоғары жақтағы протездің шгарасы:қатты және жұмсақ таңдай шегарасындағы А сызығына 1мм жетпейді, вестебуляр беткейде жоғарғы ерін үзбесінің альвеола өсіндісіне біріккен төменгі нүктесіне 1. мм, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпардың шегарасына 1мм жеткізбей сызып алынады. Жоғары жақ дөңесі міндетті түрде протезбен жабылуы қажет, бұл оны бекіту мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.
Төменгі жақтағы протездің шегарасы: вестибуляр беткейде, төменгі ерін үзенгісіңің альвеолаға біріккен жоғары нүктесінен, альвеола өсіндісінің ұртпен жалғасқан қозғалмалы қатпарына және альвеола өсіндісінің дистал бөлігіндегі қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Ал ауыз қуысының оралды бөлігінде, тіл үзенгісінің альвеола өсіндісіне біріккен жоғары нүктесінен, ауыз қуысы табанының қозғалмалы қатпарына 1-мм жетпейтіндей етіп сызып алынады. Тірек тістердің шегарасы сызылады.
Қазақ ғалымы, м.ғ.к. К.М. Садығалиевтің зерттеуі бойынша ұрт, тіл, ерін шырышты тартпасын босату үшін алмалы салмалы протезде ойықты дөңгелек пішінде жасайды.
3. Пластинкалы мүсіндеуші балауызбен(қалындығы 2мм, ұзындығы 170мм, ені 80 мм) болашақ протездің негізі(базисі,ғаныштық мүсінде сызылған шегаралар бойынша) мүсінделеді. Сол балауыздан, альвеола өсіндісінің тіс қатары кемістігі аймағына (балауызды жастықша)білік қойылады, олардың бүйірлік бөлігіндегі ені 1-1.2мм, ал алдынғы тістер аймағында ені 0.6-0.8мм аспауы керек. Біліктердің биіктігі тістердің биіктігінен 1-2мм жоғары болуы қажет, келешекте олардың орнына жасанды тістер қойылады. Балауыздан дайындалған протезді шаблоны клиникаға шақтап көруге жіберіледі.
Клиникалық кезең:
3. Антропометрия әдісімен немесе басқада әдістермен орталық окклюзия анықталады.Жақтарда кемінде бір жұп қарама қарыс тістер болса,окклюзиялық, шаблонды балауыздармен тістетіліп,орталық окклюзия анықталады.
4. Балауыздан дайындалған протезді шаблоныдағы біліктерді электрошпателде жұмсартып, антогонист тістермен орталық окклюзияда тістетіледі. Шаблонда жоғарғы және төменгі ерін үзбелерінің орны, фонтал тістердің шегарасы және күлкі сызықтарының (линия улыбки) шегарасы сызылады. Балауыздан дайындалған протездің шаблоны зертханаға жіберіледі.
Зертханалық кезең:
4. . Балауыздан дайындалған протездің шаблонын окклюдаторға орнатады.
5. Шаблоныдағы біліктерді электрошпателде ажыратып, олардың орнына жасанды тістер теріледі. Тірек тістермен жанасқан бөлігіне кламмер орнатады.
6. кювейтаға қаймақ тәрізді гипс құйылады, балауызды шаблонды жартысынашейін гипспен ғаныштайды. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кюветаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 15 минут күтіледі.
7. Кюветаны преспен қосып ыстық суда 20 минут қайнатады.
8. Кюветаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып кюеталарды ашылады. Ондағы қалдық балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жіберіледі.
9. Кюветадағы балауыздың орнына яғни гипстегі қуысқа ажратқыш жағамыз( изакол), 15 минут қатуы күтіледі.
10. Залалсыздандырылған шыны ыдыс алып, ішіне мономер сүйықтығы құйылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосылады, үстін жауып қойылады. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы гипстік құыс толтырылады. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысылады.
11.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатылады, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.
12. Кюветаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталар ажыратылады. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протездің артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен).
Тегістеу және жылтырату
1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.
2. Пемза ұнтағына су араластырып, пластмассаға молынан жағып алынады, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасалады(үйкелеу)
3. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
4. жартылай алмалы-салмалы протезді пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған жартылай алмалы-салмалы протезді малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.
6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.
7. жартылай алмалы-салмалы протезді жуғыш ұнтағы бар ыстық суда, щеткамен жақсылап жуылады.
8. Дайын болған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникаға жіберіледі.
Клиникалық кезең:
Дайын боклған жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез клиникада медикаменті өңделіп, ауыз қуысында шақтап көріледі. Протезге коррекция жасалып, кеңес беріледі.
