- •Қалыптық өлшем және мүсіндер(модельдер) материалдарының жіктелуі және оларға қойылатын талаптар
- •Ағартқыштар, тіс протезін жалтыратуға арналған электолиттер.
- •Кезеңде сытрқы тіссауыты дайындалады «металды құю»әдісі бойынша.
- •Полимерлер, олардың қаситтері және қолданылулары туралы жалпы мағлуматтар.
- •Металды –керамикалық тіс сауытын дайындау технологиясы.
- •Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Толық алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез дайындау.
- •Виды аттачменов
Полимерлер, олардың қаситтері және қолданылулары туралы жалпы мағлуматтар.
Полимерлер- дегеніміз (грек. Бөлшек) молекулалары қайталанып келетін заттар.
Пластмассалар – дегеніміз негіздерін полимерлер құрайтын, бұйымды жасау кезінде тұтқыр. аққыш, немесе иілімдігі жоғары, ал эксплуатация, яғни қолдану кезеңінде шыны сияқты немесе кристалл күйінде болатын заттар.
Пластмассалар табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқалы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғи пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.
Полимерлер пластмассаның, химиялық талшықтардың, резиналардың, бояғыштардың, желімдегіш заттардың негізі болып саналады. Стоматологиялық полимерлік материалдарды өңдеуде қолданылатын негізгі қосылыстар мономерлер мен олигомерлер. Мономерлер тез буланатын болғандықтан , олардды эфирлермен бірге қолданылады, бұл полимердің отырғыштығын азайтады, олардың қосындысы метакрилаттар болады. Метакрилаттар көпшілік жағыдайда композициялық материалдар мен базистик пластмассалардың құраушы агенттері ретінде қолданылады.
Полимерлерге қойылатын жалпы талаптар:
-физика –механикалық(соққыға, сынуға, майысуға, созылғанға,сығылғаға, төзімділік, табиғи тістердің және шырышты қабаттың түсіне сайкестік, қаттылық, қырылғанға қарсылық)
- химиялық ( жасанды тістермен байланыстың берітілігі, қалдық мономердің өте аз мөлшері)
-технологиял (қарапайымдылығы, ыңғайлылығы және қайта өңдеудің қолайлығы) және басқ қасиеттерді өзгерту үшін олардың құрамына әртүрлі компоненттер яғни толықтырғыштар, пластификаторлар, құраушы агентер, микробқа қарсы агентер қосылады. Оларды практика жүзінде қолданғанда өздерінің қасиеттерін тұрақты түрде сақтайды.
Толықтырғыштар полимерді физикалық және механикалық күшейтеді, отырғыштығын азайту, биологиялық ортаның әсеріне қарсылығын көтеру үшін қолданылады. Толықтырғыштар негізінен ұнтақ тәрізді(кварц ұны, силикагелдер, алюминий және литий силикаттары, бор силикаттары, ұнтақталған шынылар, гидросиликаттар,фосфаттар) .
Полимерлерге пластификаторлар енгізу олраға эластикалық қасиеттерді береді, ултракүлгіндік сәулелерінің әсеріне тұрақтылығын арттырады. Полимерлік копозицияларға табиғи тістердің түстері мен шырышты қабаттың реңдерін қайталау үшін олардың құрамына әртүрлі бояғыштар пигменттер қосамыз, олардың зиянсыздығы, сыртқы факторлар мен биологиялық әсерден өздерінің түстерін сақтау, оптикалық қасиеттерінің жақсы болуы керек.
Полимерлрдің негізгі физикалық және механикалық қасиеттеріне баға беру үшін келесі көрсеткіштер анықталады:
- жыртылуға төзімділігі:
- жыртылғанда салыстырмалы ұзаруы;
- серпімділік модулі;
- майыстырғандағы төзімділігі;
- меншікті тұрақтылығы.
Аталған қасиеттер протездің қызметтік сапасын және қолдану ұзақтылығын сипаттайды.
Полимерлердің жіктелуі:
1. Шығу тегіне байланысты;
- табиғи(белоктар, нукеин қышқылы, табиғи каучук);
- синтетикалық(полиэтилен, полиамидтер, эпоксидті смола);
2. Табиғаттары бойынша:
- органикалық;
- органикалық элементі;
- органикалық емес.
3. Молекулаларының пішініне байланысты:-
- сызықты полимерлер(этакрил);
- тармақталған( акрел);
- торланған(фторакс, аронил).
4. Қолданылатын мақсаттарға байланысты:
Негізгі полимерлер , алынбайтын және алмалы салмалы тіс протездерін (негізін) жасау үшін қолданылатын:
а) базистик, қатты полимерлер;
б)эластикалық полимерлер, (силиконды, тиколды, полиэфирлі)
в) полимерлі,(пластмасса) жасанды тістер;
г) композитті полимерлер; пломбалар, штифті тістер, салмалар;
д) қаптауға арналған полимерлер;
ж) тез қататын реставрациялық полимерлер;
Көмекші полимерлер:қалып өлшем массалары, жеке арнайы қалып қасықтары, каппалар.
Пластмассалардың кемшіліктері.
1. Сыртқы температураның әсерінен көлемінің кеңею коэффицентінің өте жағары болуы,
2.Физикалық және механикалық қасиеттерінің төмен болуы(оған алынбалы протездердің сыну процесстерінің көп болуы);
3. Пластмассаның ішкі құрылысындағы қуыстардың тесікті болуы ауыз қуысындағы микроорганизмдермен және тамақ қалдықтарын құрамына сіңіріп, ауыз қуысының тазалығын төмендетеді, жаман иіс пайда болады. Шай мен кофенің әсерінен өзінің түсін өзгертеді.
4. Полимеризация реакциясынан кейін пластмассаның көлемінің кішірейу коэффициенті жоғары, 2% ті құрайды.
Қатты базисті полимерлер.
Пластмассалар дегеніміз негіздерін полимерлер құрайтын, бұйымды жасау кезінде тұтқыр. Аққыш, немесе иілімдігі жоғары, ал эксплуатация, яғни қолдану кезеңінде шыны сияқты немесе кристалл күйінде болатын заттар.
Пластмассалар табиғи заттардан химиялық жолдармен алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқалы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғи пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.
Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің(аминопластмассалар, фенопласттар,сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғары температуралар пластмассаның физикалық, механикалық, химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді. Термопластикалық пластмассалар температура жоғарылағанда жұмсарып, төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлер:поливинилхлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликорбонаттар.
Пластмассаларды қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптар:
- организм үшін оның зиянсыз болуы;
- ауыз қуысының шырышты қабатын тітіркедірмеуі;
- ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі;
- ауыз қуысының клегей қабатымен түстес болуы;
- өзінің түсін узақ өзгертпеуі;
- Физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы;
- басқа материалдармен оңай және берік байланысуы,
- металмен және басқа пласмассалармен химиялық байланысқа түспеуі,
- сынған жағыдайда оңай жөнделуі.
Қазіргі уақытта стоматологияда кең қолданылатын материалдар.
- этакрил
-АКР-15
- ФТОРАКС
-АКРАНИЛ
-БАКРИЛ
Стоматологияда қолданылатын акрилды пластмассалар екі заттаң қосындысынан тұрады. Полимер ұнтақ және мономер сұйықтық.
- Этакрилдің ұнтағы үш эфирдың сополимерлері: метил және этил эфирлерінің, метакрилді және акрил қышқылдарының қосындылары.
Этакрилдің мономері метилакрил және метилметакрилаттың қосындыларынан тұрады.
- ФТОРАКС құрамында фтор бар, акрилаттардың сополимерлері физикалық және химиялық қасиеттері, тұрақтылығы, мықтылыңы өте жоғары. Олар жартылай мөлдір, түсі ауыз қуысының жұмсақ тіндеріне өте жақын.
-АКРАНИЛ метилметаерилдің сополимері, құрамында поливенилэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысын күшейтетін диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор антиескірткіш қосылған. -АКРАНИЛ басқа пластмассамен салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен. Полимеризациялау үшін 120- 135ºС температура керек болады.
-БАКРИЛ басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты алмалы салмалы тістерді жасауға қоланылатын негізгі (базисті) акрилатты пластмасса. –БАКРИЛдің құрамында полимеризациядан кейінгі мономердің қалдығы 0,2-0,3%. Полимеризациялау үшін 110ºС температура керек болады.
Полимер мен мономер қосылғанда химиялық полимеризация реакциясы жүреді.
Полимеризация дегеніміз төменгі молекулалы заттардың химиялық рекациясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы органиклық затты алу.
Полимеризация кезінде полимер мен мономер қосылғанда химиялық полимеризация реакциясының бес кезеңі бар:құм сияты, қыл тәрізді, қамыр тәрізді, резина сияқты, қатаюы. Қамыр, резина, қатаю кезеңдерін пластмассаның полимеризациялық процессі деп аталады.
Айырғыш және жапқыш материалдар.
Пластмассаны полимеризациялау кезінде су моншасында, гипстен пластмассаға су буының енуі материалда қысым пайда болады, мұның салдарынан микросызықтар пайда болады. Жоғарыдағы айтылған жәйттерге байланысты әртүрлі ажыратушы материалдар ұсынылады. Бұл материалдарға жатады: Изокол лак, АЦ-1, Силикодент, Изодент, ФИС-8, Изофикс,Акро-сип, Джи Си, Стомаплекс лак,Сепара G, Ивоклар, Мегадент, Мега-1 тағы басқалар.
Изокол альгинат натрийдің коллоидты ерітіндісінің ажыратушы қасиеті өте жоғары. Құрамы: альгинат натрий (1,5%), аммоний оксилаты (0,02%), диоцидантисептик қолданылады(0,003%) және су.
Ажыратушы материалдарға тән қасиеттер:
- гипстің сұйықтығын оқшаулайтындығы;
-түзілген қабыршықтың қалындығы 0,005мкр;
- Қысым және полимеризация жағыдайына төзімділігі;
- полимердің түсін өзгерпеу және оны боялмауы;
-протез базисінің гипстен оңай ажырауы;
- полимерге қатысты интертті болуы.
Ажыратқыш лак базистік пластмассаға арналған. Гипс мүсінің бетін жылтыр, тегіс жасайды. Полимеризациядан кейін базистен оңай ажырайды.
Мульти -сеп атты универсал ажыратқыш лагі балауызды гипстен, гипсті гипстен, пластмассаны гипстен оңай ажырату үшін қолданылады.
Жапқыштар.
Комбинирлі(аралас) көпір тәрізді протездерді дайындау кезінде пластмассаның түсін сақтау үшін, оны металл қанқасынан оқшаулату қажет болады. Осы мақсатта жабушы (покрывные) лактар ұсынылады. Бұл лактардың металға адгезиясы жақсы болуы қажет және жұқа қабат түрінде жалтыратқыштығы жақсы болу керек. Бұл топтарға жататын материалдар: Жапқыш лак комбинирлі көпіртәрізді протездердің металл қанқаларын жасыруда қолданылады. Лак қолдану алдында сілкілу жолымен жақсы араластырылады.
Болат таяқшамен протездің қанқасына жұқа қабатпен жағылады, осыдан кейін оны 15- 20 минут уақыт ашық ауада қалдырамыз, ашық оттың жалынында лак құрғатуға болмайды.
Жапқыш ЭДА лагі-тез қатаятын акрил шайырының негізіндегі композиция, ұнтақ және сұйықтықтан тұрады.
Метилметакрилат-екі сұйықтықтың эпоксидті шайырымен қандырылған, адгезивті беріктігі 2,9 МПа( 30кгс/см кв), лак қабыршығының қатаю уақты 8-10 мин.
Термостоп сықпасы-ұсынылады доғалы протездердің(бюгель) жөндеу, кейбір жағыдайларда оларды дәнекерлеу немесе пісіру(сварка) де қолданылады. Балқытып пісіретін жерге жақын пластмасса негізімен тістерді сықпа жауып жатады. Бұл сықпа , доғалы протездің полимерлі элементтерін дәнекерлеуде жоғары тепературадан сақтайды.
Қалыпты қасықтар.
Қалыптарды арнайы қасықтармен алады, олар стандартты және дербес болып келеді. Стандартты қасықтар жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне арналған болып, тот баспайтын болаттан, дюралюминийден, пластмассадан дайындалады. Қасықтардың қырлары мен табандарының арасындағы бұрыш 90-120º аралығында болады.
Қасықтар анатомиялық және функционалдық болып екіге бөлінеді. Анатомиялық қасықтар протезбен шектелетін тіндердің қызметтік күйін ескермейді. Функционалды қасықтар протезбен шегаралас өтперлі қатпарлардың және қозғалмалы шырышты қабатты толық қамтуға әсерін тигізеді. Қасықтарды таңдалғанда қасықтың ішкі бетімен тістердің аралығы 3-5мм аз болмауы керек. Қасықтар бес тұрлі размерде болады және жақтағы тістердің орналасуына байланысты болады. Қасықтар № 1,2,3.4,5 түрінде болады , соның ішінде №1, 2 қасықтар балалар жасындағы пацентерге, ортодонтиялық пластинкалар жасауға қолданылады. Ал № 3,4,5 қасықтар ересек пацентерге қолданылады. Тістердің жақтағы орналасуына байланысты қасықтар; бүйірі толық қасықтар, бүйірі жартылай қасықтар, толық жазықты қасықтар, бүйірі фонтал жағында бар, ал бүйір тістер жағы жазық және бүйір тістер жағы бүйірлі, ал фонтал тістер жағы жазық болып келеді қасықтар бар. Қасықтардың «жартылай қасық» түрі бар, олар жартылай оң, жартылай сол жақтық болып бөлінеді.
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындау технологиясы.
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудың көрсеткіштері:
А.
Б.
В.
Г.
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындаудың кемшіліктері:
А.
Б.
В.
Г.
Клиника кезеңдері:
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті сауыт бөлігін егеудің өз ерекшелігі бар, ол екі жолмен егеледі: керітпелі, керітпесіз. Пластмассалар ауырлық күшке тұрақсыз болғандығы себепті, тірек тістің кіреуенке және дентин бөлігінен көп егеулеуге тұра келеді.
Алдымен паценткпен атқарылатын жұмыстың көлемін және оны орындауға кететін уақытты анықталып диагноз қойылады.. Одан соң, қажеттілігіне қарап
1)жансыздандырылады
2) тірек тісті егейміз, ол үшін түрпілік алмазды заттармен егеу қажет болады, тіске конус немесе цлиндр тәрізді пішін береміз.Пластмассаға арнап тірек тіс егелгенде қызыл иектің тұсынан тұра бұрышты, кермек.....(уступ) жасаймыз, содан соң ұшы доғал цлиндір тәрізді алмаз бормен кермек (уступты) қызыл иектің астына енгізіледі. Сумен жуылып, антисептикпен тірек тісті өңделеді, ауамен кептіріледі.. Тірек тістің қабырғасы мен қызыл иектің астына ретракценды жіпті жайғастырамыз. Бұл жағыдайда екі қабатты қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді алу үшін қасық таңдалады. Таңдалған қасыққа қалып өлшемніңбазистік массаны салып тірек тістің өлшемі алынады. Бірінші өлшемдік қалыптан кейін, ретракционды жіпті алып тастаймызда, екінші қалыптық өлшем аламыз. Қалыптық өлшемді суға салып зертханаға жібереміз. Қызыл иекті және тірек тісті сумен жуып, медициналық өңдейміз.
Пластмассалы жеке тіс сауытын дайындауда тірек тісті егеудің керітпесіз тұрінде , тірек тістің қабырғасы қызыл иекпен жанасқан бөлігін сұйр бұрышын жіңішкелеу цлиндр тәрізді алмазды бормен периметер бойынша жайық етіп егеулеп, қызыл иектің астына жібереміз.
Зертханалық кезең
1. сұйық қарылған гипісті қалыптық өлшемге ауа түйіршіктері қалмау үшін ұрғылап тұрып құйамыз, үстелдің үстіне гипс блокін құйамызда , оның ұстіне гипс құйылған қалыптық өлшемді аударамыз, артықша гипсті ұқыптылықпен жинаймыз.он, он бес минут қатуын күтеміз. Қатқаннан кейін техниктің балғасымен жайлап қалыпы ұрып гипс пен қалыптық өлшемді ажыратамыз.
2. Тірек тістің мойын бөлігін сызып аламыз да балауызбен модельдейміз. Балауызбен түссіз болу шарт
3. жасалған( модельді) мүсін техник арасымен столбик етіп кесіп аламыз;
4. кювейтаға қаймақ тәрізді гипсті құйамызда, балауызды модельдің сауыт бөлігінің вестибуляр бетін жағары қаратып жайғастырамыз. Ол қатқаннан соң, суға салып аламызда үстіне гипстің екінші қабатын құйамыз. Кювейтаның бетін жауып, оның қатуын он, он бес минут күтеміз.
5. Кювейтаны техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрамызда кювейталарды ашамыз. Ондағы балауызды ыстық су құйып, ерітіп жұып жібереміз.
6. Гипстегі қалыпты өлшемге ажратқыш жағамыз( изакол), он бес минут қатуын күтеміз.
7. Пластмасса тіс сауытын жасау үшін Синема, Сигма 10, Сигма 75, Сигма М сияқты пластмассалық материалдарын қолданамыз. Кішкене шыны ыдыс алып, ішіне екі, үш, төрт тамшы мономер тамызамыз, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағын қосамыз,үстін жауып қоямыз. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кювейтадағы қалыпты өлшемді толтырамыз. Кювейтаның екінші бөлегін жауып, преске қысамыз.
8.Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювейтаны салып қайнатамыз, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кювейтаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытамыз.
9. Кювейтаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кювейталарды ажыратамыз. Дайын болған пластмасса тіс сауытының артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып аламыз(ұқыптылықпен).
Тегістеу және жылтырату
1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.
2. Пемза ұнтағына су араластырып, молынан сауыт тіске жағып аламызда, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасаймыз(үйкелеу)
3. Сауыт тісті пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
4. Сауыт тісті пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған сауыт тісті малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.
6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.
7. Пластмассалы тіс сауытын жуғыш ұнтағы бар ыстық суда щеткамен жақсылап жуамыз.
Клиника кезеңі
1. Дайын болған пластмассалы тіс сауытын ағын суда жуып, кептіріп, спиртпен өңдеп аламыз.
2. Пацентің ауыз қуысында пластмассалы тіс сауытын тірке тіске кигізіп шақтап көреміз, бәрі дұрыс болса,қайта шешіп алып тіс сауытын және тірек тісті медициналық өңдеп, кептіреміз. Шақтап көруге байланысты, тіс сауытын уақтынша цементке отырғызуымыз мүмкін.
3. Залалсыздырылған шыны тақтайшаға стеклоиномер цементінің сұйықтығын тамызып, шпательмен аз аздап ұнтағымен араластырамыз, қаймақ скілді масса дайын болғанда пластмассалы тіс сауытының ішіне салып тірек тіске қатырамыз, пресстелген мақтамен антогонис тіспен тістетіп қоямыз (валик).
4. он бес минуттан соң мақтаны алып тастаймыз, тағы он бес минут күтеміз.
5. Артық цементті ұқыптылықпен тазалап, 3 сағат пластмассалы тіс сауыты кигізілген тірек тіске ауырлық түсірмеуге кеңес береміз
