- •Қалыптық өлшем және мүсіндер(модельдер) материалдарының жіктелуі және оларға қойылатын талаптар
- •Ағартқыштар, тіс протезін жалтыратуға арналған электолиттер.
- •Кезеңде сытрқы тіссауыты дайындалады «металды құю»әдісі бойынша.
- •Полимерлер, олардың қаситтері және қолданылулары туралы жалпы мағлуматтар.
- •Металды –керамикалық тіс сауытын дайындау технологиясы.
- •Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Толық алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез дайындау.
- •Виды аттачменов
Кезеңде сытрқы тіссауыты дайындалады «металды құю»әдісі бойынша.
Тістің анатомиялық қалпын қалыпқа келтіре отырып, сыртқы тіссауытты мүсіндейді. Сыртқы тіссауытты алынбалы протезде ұстап түру үшін оның кетік жаққа қараған апроксималды бетінде бекіткіш мүсінделеді. Альвеола өсіндісінің тіс кетіктері қатарын ершік балауызымен, ал доғалы протездің негізі(базисі) пластинкалы балауызбен мүсінделеді. Барлық мүсіндер бір-бірімен біріктіруші(клей) балауызбен жалғанады. Ш.т.м.(елка) жасалынып, сыртқы тіссауытты және доғалы протездің қанқасы құйылады.
Сыртқы тіссауыт қанқасы керамикалық массамен қапталады,
3-Доғалы протездің полимерін дайындау кезеңі екі жолмен жасалады.
1-әдісі; алмалы- салмалы протездерді полимеризациялау:
2-өздігінен қататын полимерлер әдісі бойынша.
Доғалы протездің металды қанқасы дайын болғаннан соң,ершік бөлігін базисті балауызбен мүсіндеп, оның үстіне білік қойып,клиникада орталық окклюзияда тістетіп алынады. Зертханада,біліктің орнына, орталық окклюзияға негізделіп жасанды тіс теріледі. Жасанды тістер және балауызды базис(негіз) термопластик массамен қапталады. Ол қатқан соң мүсіннен ажыратылады. Жасанды тістер термопластик массамен бірге шығады. Гипстік мүсіннен балауызды базисті алып тастап, жасанды тістер термопластик массаны гипістік мүсінге қайта отырғызылады. Термопластик массаның жоғарғы жағын ойып, терезе ашылады. Ашылады терезе арқылы термопластик массаның құысы өздігінен қататын полимермен толтырылады. Одан соң ваккумды ыдыста қайнатылады бір сағат, термопластик масса алынып,доғалы протездің полимер бөлігі тегістеледі, жылтыратылады. Медикаменті өңделіп, клиникаға жібріледі. Клиникада шақтап көріліп, кеңес беріледі.
Штампталған жеке тіссауытын полимермен қаптау(облицовка Белкина бойынша) технологиясы және тірек тісті егеу.
Алдымен паценткпен танысап, атқарылатын жұмыстың көлемін және протездің констукциясын, оны орындауға кететін уақытты, диагноз қойылып, нарықы келісіледі. Одан соң, қажеттілігіне қарап.
1. жансыздандырылады
2. Тірек тістің сауыт бөлігін конус немес цилиндір тәрізді етіп егеулеу.
3. Қалыптық қасық таңдалып, шақтап көріледі, қос қабаты қалыптық өлшем (силиконды материалмен) алынады тірек тістерден және антогонист тістерден.
4. Орталық окклюзия анықталады.
Зертханалық кезең:
сұйық қарылған гипісті қалыптық өлшемге ауа түйіршіктері қалмау үшін ұрғылап тұрып құйылады және үстелдің үстіне гипс блок құйылады, оның үстіне гипс құйылған қалыптық өлшем аударылады.
Анықталғн орталық окклюзия бойынша окклюдаторға ғанышталады, артықша гипсті ұқыптылықпен жиналад 10-15 минут қатуы күтіледі. Қатқаннан кейін техниктің балғасымен жайлап қалыпы ұрып гипстік мүсін пен қалыптық өлшем ажыратылады.
Ажыратылға қалыптық өлшемге екінші рет гипстик мүсін құйылады.
Екінші гипстік мүсін штапмталған жеке тіс сауытын дайындауға қажет болады.
5. Екінші гипстік мүсінде тірек тістің мойын бөлігі сызып алынады да балауызбен мүсінделеді.
6. жасалған( модельді) мүсін техник арасымен столбик етіп кесіп алынады;
7. Техник столінің үстіне гипстен қаймақ тәрізді блок құйады, балауызды мүсін оған жартылай көміледі. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабатын құйылады, ол 10-15минут қатады .
8. Гипстік блокті балғамен ұрып ,гипстик мүсін алынады, шетке қойылады.
9. Гипстік блокті қайталап жинап, балауызды гипстік мүсіннің орнына тез қататын металл құйылады. Осылайша тірек тістің гипстік мүсіні металл штампикке айланды. Екі металл штампик дайындалады; біреуі жұмысшы, екіншісі соңғы штампик.
10. ММСИ әдісімен, қатты резинадан жасалған, табаны ашық дөңгелек ыдысқа, соңғы штампиктің(окклюзия) шайнау бетін ашық қалдырып,вестибуляр және апроксимал беттеріне лейкопластер оралады. Ыдыстың ішіне тез қататын металл құйып, дайындалған соңғы штампикті соның ішіне батырады. Металл қатпай тұрғанда үш жерінен сызып ,сынатын орындары белгіленет.(Металл қатқаннан соң балғамен ұрып сындырылады.)
11.Жұмысшы штамтике гилзаны шақтап алынады. Гилза сабан тәрізді сары ренге кіргенше қыздырылады (600º-900º).
12. Гилзаны Самсон аппаратында тартады.
13. Гилзаны төске(наковальник) қойып,балғамен жоғарыдан төмен қаратып ұрып мүсінделеді.
14.Гилзаны жұмысшы штампикке шақтап көріп,қайтадан төске кигізіп бірнеше рет ұрғылайды. Осы процесс бірнеше рет қайталанады.
15. Жұмысшы штамтике гилзаны шақтап көріледі, тағы бір рет гилза сабан тәрізді сары ренге кіргенше қыздырылады (600º-900º).
16.Гилзаны жұмысшы штампикке кигізіп,окклюзиялық бетімен қорғасын жастықшаға қойып ұрғылап, тістеу беткейінің мүсінін шығарады (фиссура).
17. Жоғарыда жасалған соңғы штамтик, ( тез қататын металлдан) металдан ажыратып алынады (тез қататын металды балғамен ұрып сындырады, бірнеше бөлшекке бөледі), штампиктен лейкопластер алынып тасталады. Гилза соңғы штампике кигізіледі. Резина ыдысқа тез еритін металдың сынықтарын жиып,орнына қойылады. Оның арасына гилзаны(соңғы штампикке кигізіп) қойып, балғамен ұрып кіргізеді. Осылайша гилза соңғы штамптаудан өтеді.
18. Гилзаны соңғы штампиктен металды қыздыру арқалы ажыратылады.
19. Тіссауытының пішіні берілген гилзаны фантомда өлшеп көріеді.. Металл тіс сауытын ағартып , жылтыратып өлшеуге дайындап бергеннен кейін тіс протездерін медициналық өңдеуден өткіземіз. Ол үшін тіс протезін ағын суда жуамыз, антисептикпен өңделед, спирт 70% өңделед, мақтамен және ыстық ауамен кептіріледі..Содан соң гилзаны гипстік штампке кигізіп, клиникаға шақтап көруге жіберіледі .
Штамповкалы металл тіссауыттарын фантомда шақтап көру.
Клиникалық кезеңі:
5.Тіссауыт медициналық өңделіп ,тірек тіске шақтап көріледі. Тіссауыты жоғарыдағы талаптарға жауап берсе:
А. Металды тіс сауыты тіске тығыз отыру керек;
Б. Қызыл иекті жарақаттаму;
В. Тістің мойын бөлігі толық жабу ;
Г. Қызыл иектің ішіне 0,2-0,5 мм кіріп тұру;
Д. Қалыпты тістемді бұзбау.
6. Металдық тіссауыты айтылған талаптарға толық жауап берсе,тіссауытын шешіп, тірек тістің вестибуляр беткейінен пластмассаның қалындығы егеп алынады.
6.Тіссауытының вестибуляр бетінен абразивті алмазды, шар тәрізді бормен тесіледі, оның ішіне балауыз ерітіліп құйыладыда, тірек тіске кигізіледі.
7. Штапталан тіссауытының сыртынан қалыптық өлшем алынады.
8. Қалыптық өлшем тіссауытымен қоса алынады, зертханаға жіберіледі.
Зертханалық кезең:
20. Тіссауыты бар қалыптық өлшем гипспен ғанышталады.
21. Гипстік мүсін қалыптық өлшемнен ажыратылады. Гипстік мүсінде орналасқан тіссауытын шешіп алып, вестибуляр бетін аброзивтік бормен немесе корборунт бормен қырқып,шетіне желбезек тәрізді мүсін береді.
22.Тіссауытын қолдан немесе электролите ағартып, тегістеп, жылтыратады.
23. Тіссауытын гипстік мүсінге кигізіп, балауызбен вестибуляр бетін мүсіндейді.
24. Кюветаға қаймақ тәрізді гипсті құйамызда, балауызды мүсінің сауыт бөлігінің вестибуляр бетін жоғары қаратып, мойнына шейін гипске батырылады.. Ол қатқаннан соң, суға салып аламызда үстіне гипстің екінші қабаты құйылады. Кюветаның бетін жауып, престеледі, оның қатуын 30-60 минут күтеміз.
25. Кюветаны ыстық суда 20 мин қайнатылады. Техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрылып кюветаларды ашылады. Ондағы қалдық балауыз ыстық су құйып, жұып жіберіеді.
26. Гипстегі қалыпты өлшемге ажратқыш жағамыз( изакол).
27. тіссауытының металл бөлігіне ЭДА лагін жағылады, қатады ашық ауада.
28. Пластмасса тіс сауытын жасау үшін Синема, Сигма 10, Сигма 75, Сигма М сияқты пластмассалық материалдарын пайдаланылады. Кішкене шыны ыдыс алып, ішіне мономер тамызылады, оның үстіне сұйықтық қаныққанша полимер ұнтағы қосылады,үстін жауып қоямыз. Он минуттан соң пластмассаны шпательмен араластырып қамыр тәрізді масса болғанда онымен кюветадағы( қалыпты өлшемді) тіссауытының қуысы толтырылады. Кюветаның екінші бөлегі жауылып, преске қысылады.
29. Бөлме температурасындағы суы бар ыдысқа кювета салынып қайнатылады, ( пластмассаның полимеризациясы) су қайнап шыққаннан соң тағы 45 мин қайнайды.Қайнау уақты жеткенде, кюветаны судан шығарып бөлме температурасына шейін суытылады.
30. Кюветаны престен шығарып,техник балғасымен жанынан жайлап ұрып,кюветалар ажыратылады. Дайын болған пластмассамен қапталған тіс сауытының артық бөліктерін түрпілік алмаз немесе корбуронт бормен қырып алынады(ұқыптылықпен).
Тегістеу және жылтырату
1. № 1-ші зымпара қағазымен сауыт тісті тегістеп аламыз.
2. Пемза ұнтағына су араластырып, молынан сауыт тіске жағып аламызда, киіз дискті шлифмотордың сүйір конусын орналастырып фальцовка жасаймыз(үйкелеу)
3. Сауыт тісті пемзаға малып қара щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
4. Сауыт тісті пемзаға малып ақ щеткамен бірнешерет үйкелейміз.
5. Ақ бордың ұнтағын спиртке араластырып паста тәрізді масса дайындап,оған сауыт тісті малып матасы бар дискпен бірнешерет үйкелейміз.
6. Ақырғы этапта құс қауырсынынан дайындалған дискпен (пух) жеңіл тұрде үйкелейміз.
7. Полимермен қапталғана тіссауытын жуғыш ұнтағы бар ыстық суда, щеткамен жақсылап жуамыз.
8. Дайын болған тіссауыты клиникаға жіберіледі.
Клиникалық кезең:
Полимермен қапталған штапталған металдық тіссауыты( облицовкалы) жоғарыда айтылған талаптарға толық жауап берсе уақтынша цементке отырғызылады (репин, цинк эвгенолды паста). Ол үшін ауыз қуысындағы тірек тісті медициналық өңдеу, мақтадан жасалған жастықшамен( ватный валик) тірек тісті ауыз сұйықтығынан ажырату, кептіру, 0,05% хлоргексидин сұйықтығымен өңдеу, кептіру ауы қуысына сілекей сорғышты салып қою. Штапталған металдық тіссауыты медициналық өңдеп, кептіріп уақтынша цементке отырғызылады (репин, цинк эвгенолды паста). Тіссауыты кигізілген тірек тіске ауырлық түсірмеуге кеңес беріліп, кемінде бір апта үйренуге жіберіледі.
Цементке отырғызу;
Бір аптадан соң протезді шешіп, медикаменті өңделіп, кептіріліп, цементеріне отырғызылады. Ол үшін ауыз қуысындағы тірек тісті медициналық өңдеуп, мақтадан жасалған жастықшамен( ватный валик) тірек тісті ауыз сұйықтығынан ажырату, кептіру, 0,05% хлоргексидин сұйықтығымен өңдеу, кептіріп, ауыз қуысына сілекей сорғышты салып қою. Залалсыздырылған шыны айнаға стеклоиномер(megacem, megafic, кetac moiar, vita moiar ) цемент сұйықтығын керек мөлшерде тамызып,оған аз аздап цемент ұнтағын араластыра отырып қаймақ секілді масса алынады. Жуылып, спиртпен өңделіп, кептрілген штамповкалы металл сауытына қаймақ секілді массаны салып тірек тіске кигізіледі де мақта жастықшасымен тістетіліп қойылады. Он минутан кейін мақтаны алып, тағы жирма минут отырады,содан соң ұқыптылықпен артықша цемент гладилкамен тазаланады. Пацентке үш сағат тамақ жемеуге, қатты тістеп тірек тіске ауырлық түсірмеуге кеңес беріледі.
Тіс протездерін өңдеу үшін арналған материалдар. Абразивтер, тегістеуші заттар(шлифовка)
Протездерді және ортодонтиялық аппарпттарды дайындап болғаннан соң барлық бөліктерін жақсылап жонып жылтырату керек. Бұл өңдеу мақсат тіс протездерінің сыртқы қабаттарын кедір бұдырлардан тазартып тегістеу.
Тіс протездерінің констукциясы қаншалықты дұрыс болғанмен, егер ол нашар өңделген болса, онда аурудың протезге үйренуі қинындап, тамақ шайнауын ауырлатады. Протездерді өңдеу және жалтырату үшін әр түрлі ұсақ түйіршікті өңделетін материалдардан пайдаланады. Бұндай материалдар түрпілік немесе абразивті материалдар деп аталады.
Абзазивті материалдар(қырғылау, аршу) –металдан, полимерлерден, ағаштан, тастан жасалған бұйымдардың беттерін өңдеу үшін (тегістеу)арналған мықтылығы жоғары. Ұсақтығы майда болатын заттардан жасалады. Абразивті материалдар төменгіше бөлінеді:
А) қолдау мақсатына байланысты;(тегістейтін, жалтырататын)
Б) байланыстырушы заттарына байланысты( керамикалық,бакелиттік, вулканиттік және сықпалық)
В) құралдың (материалдың) пішініне байланысты; дөгелектер,әртүрлі пішінді фрездер, фасонды ұштықтар(алмұрт, конус,шар, сегмент, бурс пішіндес )болады.
Г) тығыз зымпара қағаздар мен шүберектер.
Материалдарды түрпілермен өңдеу, оның құрамындағы әр түрлі орналасқан түйіршіктердің қарама қарсы қозғалысы кезінде кесуіне байланысты. Түрпілік тұйіршіктердің әрекеті олардың майдалығына, орналасуына, құрамына және қасиетіне байланысты.
Өнеркәсіпте пайдаланатын түрпілік материалдар табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.
А) Табиғи түрпілік материалдарға ұсақталған табиғи материалдр жатады;алмаз, корунд, зымпыра, гранат, квац, минутник, пемза және басқалар.
Б) Жасанды; электрокарборунд, карборунд, карбит боры ,карбит вальфрам.
Тегістеуге арналған абразивті материалдар нақты талаптарға жауап беруі керек:
А. Тегістеуші материалдың қаттылығы тегістелетін материалдың қаттылығынан төмен болу керек.(тегістеуші аспап «майланады» немесе тез бітеді)
Б.абразивтің түйіршіктерінің пішіндерінің көп қырлы болуы кесу өткірлігін қамтамасыз етеді;
В.материалдардың қолданысы технологиялық қолайлы болуы керек, түйіршіктері бір біріне жақын орналасып байланыстырушы затпен мықты бірігуі керек;
Алмаз ең қатты болып есептеледі, бұл кристалды пішіні бар, көміртегі, металл дискіге және дөңгелектерге тозаң түрінде жабысып, тірек тістердң өңдеуге, яғни егеуге арналған. Көпшілік фирмалар, стоматологиялық аспаптардың жиындықтарын белгілі бір шарада жүргізуге арнап шығарған. Мысалы «Медстар», «Майлифер», «СС вайт» фирмалары ортопед , терапевт стоматолог үшін арналған металды керамикалы протездерді дайындауға, тістерді егеуге арналған әртүрлі пішіндегі, мөлшердегі және қалындықтағы борлар жиындығын шығарған. Керамиканы өңдегенде алмаз дискинің тіс техник үшін, ең бағалы сапасы: дисктің жұмсақтығы,иілімдігі, қалындығының аз болуы және кесуінің тиімді болуы. Дисктің осылайша болуы, алдынғы жасанды тістердің аралықтарындағы эстетикалық аралықтарды жасауда қолданылады. Осы мақсатта қолданылатын ең жақсы инструмент «Ренферт» фирмасы(Германия) шығаратын Турбо-Флекс дискісі болып табылады. Дискіде V-түріндегі ойық бар, дискінің екі беті де алмаз қиыршықтармен қапталған, кесу тиімділігі жоғары.
Тегістеуші материалдарға: (АҚШ) фирмасының «Примьер дентал», (германия) «Алустрал», (Германия) «Алокс» пасталары мен ұнтақтары, гель бұл фирмалардың көрсеткіші бойынша ұнтақ түйіршіктерінің мөлшерлерінің біркелі болуы жалтырату уақтын екі минутқа қысқартады. Жалтыратушы гельдің құрамында алмастың өте ұсақ мөлшердегі түйіршіктерінің жоғары концентрацияда болуы жылтыратуды күшейтеді. Гель киіз аппликатордың көмегімен жағылады, бұл аппликатор қызбайды және тістің кез келген бетіне жақындауға мүмкіндік береді.
Зымпара(наждак)- тегісеуші материал, тау жыныстарынан алынған, құрамында корунд, темір тотығының қосылысы және басқада минералдар бар. Зымпарақағазы мен дискілер тіс протездері мен пломбаларды тегістеуші ретінде қолданылады. Карборунд жасанды түрде алынады. Карборунд керемний карбидінің кристалдарынан тұрады және қаттылығымен ерекшеленеді. Карборунд тегістеуші дөңгелек және диск ретінде қолданылады.
Протездердің тегістеліп өңделуі.
Жалпы ұғымда ,өңдеу дөрекі жонумен басталып, соңында жіңішкертіп және жылтырату түріне келтірілген істердің жиындығы деп түсінуге болады. Шлифовкада қолданылатын құрал жабдықтар:
1. Электроматор
2. Егеулер
3. Зымпаралар
Өңдеуге қолданылатын маторлар үш топқа бөлінеді: аспалы, микромотор, шлифмотор.Аспалы матордың минтына айлануы 12000. Микромоторды 25000 -40000 айланым, шлифмотордың айлануы дәл содай. Тіс технигі көзіне қорғаныш көзілдірігін кйіп жұмыс істеуі шарт.
Протездерді жылтырату.
Жылтырату- дегеніміз соңғы қалындыққа немесе протездің ең жіңішке деңгейге дейін жұқарту ісі болып табылады. Протездерді өңдегенде ең қолайлысы жылтырату шарық моторы. Жылтырату шарықмоторы электрлі. Өстері(штангасы) сыртқа қарай ұзартылған конус түрінде болады. Бұл өске жабдықтар кйгізіледі.
Жылтырату ісіне қолданыатын жабдықтар.
А) Киіз жүн немесе қылдан дайындалған,ортасында мотор осіне тығылаын тесігі бар.
Б)Қара қыл щетка,әртүлі диаметрде болады.
В)ақ қыл щетка ,жылтырату күші қара щеткаға қарағанда жұмсақ.
Г) Мақта щетка, жылтыратуға қолданылады.
Д) Шүберектен жасалған щетка, ол жалпақ беттерді жалтыратуға арналған.
Е) Резина диск
Ж) кұс қауырсыны.
Жылтырату ісіне қолданыатын ұнтақтар.
А) Құм(SiO) арнайы құрылғылармен құм себелеп тазалайды.
Б) Пемза( калий және алюминий сликаттан тұратын вулканит материал, сумен араластырып қолданылады. )
В) ГОИ пастасы жасыл (хром оксиді,триполи патасы) блок түрінде болады, киіз және қара щеткаға жағып қолданылады.)
Г) Бор ұнтағы (Испания ақ боры) су мен сииртке араластырып мақта щеткамен қолданылады.
Д) Қызыл ұнтақ ,( темір оксиді ) мақта щеткамен бірге қолданылады.
Жылтырату процессі
Пластмассадан жасалған тіс протездерін жылтырату:
А) Зымпарамен қолда өңдеп шығу;
Б) Пемза ұнтағын сумен араластырып протездің жылтырататын бетіне молынан жағады, киізбен үйкеледі.
В) Пемза қара қыл щеткамен үйкеледі;
Г) Бор ұнтағын сумен немесе спиртпен араластырып ақ мақта щеткада ақырын қимылдармен протезге үйкеледі.
Д) Жылы суда жуғыш ұнтақпен жақсылап жуылады.
Металл қоспаларынан жасалған протездерді жылтырату.
Алтын сияты жұмсақ металл және металл қоспаларын жылтырату:
А) Моторға ылғалданған киіз тағылады пемза ұнтағы сумен араластырылады да протездің бетіне барынша жағылады, бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Содан кейін резина дискпен жылтыратамыз.( әртүрлі пішіндегі және көлемде болатын)
Б) Жылтырату моторына қара қыл щеткасы тағылады. Суланған пемза ұнтағымен протездің беті ұйкеленеді, бірнешерет қайталнады.
В) Жылтырату моторына киіз орнатылып жасыл пастамен өңдейді.(паста гои)
Г) Жылтырату моторына ақ қыл щетка тағылады және буланған пемзамен беттері тазаланады.
Д) Жылтырату моторына ақ қыл щетка тағып қызыл паста жағылады және протезге үйкеледі, процесс бірнешерет қайталанады. Біткеннен кейін жуу ұнтағымен ыстық суда тазаланады
С ). Жылтырату моторына мақта щетка тағылады және өңдейді.
