Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tis_protez_Lektsia_1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.17 Кб
Скачать

Ағартқыштар, тіс протезін жалтыратуға арналған электолиттер.

Металл құймаларынан дайындалатын тіс протездері жасалу барысында әртүрлі термиялық өңдеуден өтеді. Металды қыздырған кезде беткі қабаты тотықты қабат түзейді. Түзілген тотықты қабат металдың бетін қарайтады. Тотық қабыршығын жою химиялық жолмен жүзеге асады. Бұл үшін әртүрлі минерал қышқылдардың концентрациядағы(тұзды, азотты, күкірт қышқылдар) ерітінділері мен олардың қосындылары қолданылады.

Тотық қабыршығын жоюға арналған ерітінділер «ағартқыштар» деп, ал тотық қабатын жою процессін «ағарту» деп атайды.

Ағарту технологиясының екі түрлі тәсілі қолданылады:

  1. қолдан ағарту, аспаптардың көмегімен ағартатын металды ағартқыш толтырылған ыдысқа саламыз;

  2. Қайнауға дейін қыздырылған ағартқышқа тіс протезін 0.5-1миут уақытқа батырып, артынша протезді ұқыптылықпен суға шайып тастаймыз. Есте сақтайтын нәрсе: ағартқышты дайындауда суға қышқылды құямыз, керісінше болмайды. Ағарту уақты қайнап шыққаннан кейін 40 сек.

  3. Алтыннан жасалған тіс сауытын тұз қышқылында ағартамыз. Ол үшін тұз қышқыл мен судың қатынасы: 1:2

  4. Коболь-хром,никель- хром,титаннан жасалған тіс сауыттарын күкірт қышқылымен ағартамы. Ол үшін күкірт қышқылы мен судың қатынасы: 1:3

2) электролитпен ағарту;

Тотық қабыршығын жоятын ерітінділердің құрамы әртүрлі болып келеді.

Электроағарту кезінде металл қанқаның бетін қабыршықтан тазалау үшін, алдымен протездің қанқасын металл щёткамен немесе құсепкіш аппаратын қолданып тазалайды. Құйманы арнайы ыдысқа салып, қабыршықтан еру температурасы төмен натрийдің гидроксид ерітіндісінде қайнату арқалы тазалаймыз. Протездің қанқасына анод бекітіледі, катод электролитте орналастырылады. Ағарту уақты1-3 мин. Электртоғының күші 7-9 ампер, ағартқыштың температурасы 20- 22ºС.

Темір протездердің қанқаларын өңдеу үшін арналған электролиттердің құрамы.

Электролит құрамы

1

%

2

мл

3

мл

4

%

5

%

6

%

7

%

8

мл

Ортофосфор қышқылы

12

60

92,4

56

35-45

60

45

40

Дистилденген су

11

25

200

32

10

20

40

19

Этиленгликоль

53

30

-

-

-

-

-

-

Этил спирт

12

-

-

-

-

-

-

-

глицерин

-

-

2

-

30-60

-

-

-

Хром қышқылы

-

-

-

12

-

-

-

-

ПАВ

-

2

-

-

-

-

-

2

Хром ангидриді

---

--

10

-

Күкір қышқылы(қою)

12

30

21,8

-

-

-

15

10

Электролит емпературасы Сº

55-0

7876

үү

Экспозиция уақты

Ток тығыздығы

Электрожылтырату этилгликолды электролитте токтің тығыздығы 5-6 А/дм кв, жылтырату уақты 5-7 мин. Көптеген фирмалар электрохимиялық жалтырату үшін арнайы қондырғылар шығарған «Шулер Дентал» фирмасы Электропол, Унипол, Вариант. Ал алтын жалатуға Ауро- Плат, Квик -Плат аппараттар.бұл үшін протездің қанқаларын «крокодил» атты қысқыштың көмегімен аппараттың сыртында бекітіледі, қанқаның бетіндегі майды, тотықты кетірумен қатар, алтынмен жалтыратады. Бұл үшін арнайы сұйықтық қолданылады. Оның құрамында 2 г/л алтын болады. Алтынның металл қанқаның бетіне отыру жылдамдығы 0,2мкм/мин, ток күшінің мөлшері 3А, сұйықтықтағы алтынның мөлшері Квин Плат аппаратымен істегенде 2г/л.

Металл қоспаларынан жасалған протездерді жылтырату.

Алтын сияты жұмсақ металл және металл қоспаларын жылтырату:

А) Моторға ылғалданған киіз тағылады пемза ұнтағы сумен араластырылады да протездің бетіне барынша жағылады, бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Содан кейін резина дискпен жылтыратамыз.( әртүрлі пішіндегі және көлемде болатын)

Б) Жылтырату моторына қара қыл щеткасы тағылады. Суланған пемза ұнтағымен протездің беті ұйкеленеді, бірнешерет қайталнады.

В) Жылтырату моторына киіз орнатылып жасыл пастамен өңдейді.(паста гои)

Г) Жылтырату моторына ақ қыл щетка тағылады және буланған пемзамен беттері тазаланады.

Д) Жылтырату моторына ақ қыл щетка тағып қызыл паста жағылады және протезге үйкеледі, процесс бірнешерет қайталанады. Біткеннен кейін жуу ұнтағымен ыстық суда тазаланады

С ). Жылтырату моторына мақта щетка тағылады және өңдейді.

Е) Жылы суда жуғыш ұнтақпен жақсылап жуылады.

Ж) Дайын болған тіссауыты клиникаға жіберіледі.

Клиникалық кезең:

Штапталған металдық тіссауыты жоғарыда айтылған талаптарға толық жауап берсе уақтынша цементке отырғызылады (репин, цинк эвгенолды паста). Ол үшін ауыз қуысындағы тірек тісті медициналық өңдеу, мақтадан жасалған жастықшамен( ватный валик) тірек тісті ауыз сұйықтығынан ажырату, кептіру, 0,05% хлоргексидин сұйықтығымен өңдеу, кептіру ауы қуысына сілекей сорғышты салып қою. Штапталған металдық тіссауыты медициналық өңдеп, кептіріп уақтынша цементке отырғызылады (репин, цинк эвгенолды паста). Тіссауыты кигізілген тірек тіске ауырлық түсірмеуге кеңес беріліп, кемінде бір апта үйренуге жіберіледі.

Цементке отырғызу;

Бір аптадан соң протезді шешіп, медикаменті өңделіп, кептіріліп, цементеріне отырғызылады. Ол үшін ауыз қуысындағы тірек тісті медициналық өңдеуп, мақтадан жасалған жастықшамен( ватный валик) тірек тісті ауыз сұйықтығынан ажырату, кептіру, 0,05% хлоргексидин сұйықтығымен өңдеу, кептіріп, ауыз қуысына сілекей сорғышты салып қою. Залалсыздырылған шыны айнаға стеклоиномер(megacem, megafic, кetac moiar, vita moiar ) цемент сұйықтығын керек мөлшерде тамызып,оған аз аздап цемент ұнтағын араластыра отырып қаймақ секілді масса алынады. Жуылып, спиртпен өңделіп, кептрілген штамповкалы металл сауытына қаймақ секілді массаны салып тірек тіске кигізіледі де мақта жастықшасымен тістетіліп қойылады. Он минутан кейін мақтаны алып, тағы жирма минут отырады,содан соң ұқыптылықпен артықша цемент гладилкамен тазаланады. Пацентке үш сағат тамақ жемеуге, қатты тістеп тірек тіске ауырлық түсірмеуге кеңес беріледі.

Тістің сауыт бөлігінің толық бүлінген кездегі қолданылатын протездер.

Л.В. Ильина Макросянның штифті тісі.

Штифтті тіс құрылымының бір кемшілігі болып сілекейдіңәсерінен штифт айналасындағы цементтің сорылып кетуі саналады.Осы жағдайды болдырмау үшін, жэне де штифттің түбір өзегіне жақсы бекіп, өз осінен айналу мүмкіндігінің алдын алу және түбір қабырғасына қысымды азайту мақсатында JI.B. Ильина-Маркосян, түбір өзегінің аузында қосымша салма үшін жәшік тәріздес қуыс жасауды ұсынды Бұл конструкцияны дайындауда түбірдің ауыз қуысына шығып тұрған шетін даярлау өте маңызды. Тістің мойын бөлігінің шеті ойыс, түзу, еңкіш, дөңес немесе шатыр түрінде болады

Қорғаныш жабуы бар штифт үшін түбірдің мойын бөлігін даярлау: 1-ойыс; 2-түзу; 3-еңкіш; 4-дөңес; 5-шатыр тәрізді.Түбірдің мойын бөлігін салма үшін даярланғаннан кейін өзекке штифт орнатылады, қосымша салмаға арналған қуысты және түбір бетін балауызбен толтырады. Балауыздан мүсінделген салма және мүсінделген түбір үсті жабуды штифтпен бірге алып, металға

айырбастайды. Асыл металдар немесе кобальт-хром қорытпаларын қолданған ұтымды. Металдан құйылған құйманы түбірге салып көреді де,

онымен бірге қалып-өлшем алып мүсін жасайды, алынған мүсінде сауыт бөлігін даярлайды. Түбір үсті жабу мен салма түбір ішіндегі цементті сілекейден айырады, қорғайды, қосымша салма шайнау қысымын азайтады.

Түбір үсті бөлікті штампталып - дәнекерленген фасеткалы тіс технологиясын қолданып та дайындауға болады. Жасанды тіс сауыттың мықты болуы үшін, оның түбір үсті бөлігін штифтпен біртүтас құйма түрінде даярлап, оның

вестибулярлы беті пластмассамен немесе керамикамен қапталады.Пластмассамен қаптау үшін фасетка үшін қорғаныш сияқты тіс

сауыттың тандай бөлігін балауыздан мүсіндейді. Балауыздан мүсінделген түбір үсті фасетканы, жабуды, салманы және штифтті металға айырбастайды. Осыдан кейін штифтті тісті қаптағыш материалмен каптайды.Jl.В. Ильина-Маркосян бойынша құйма штифтпен, косымша салмамен, түбір үсті жабуы бар қаптағыш материалы үшін құйма таңдайлы қорғанышпен бірге дайындалған штифтті тіс.

Тұқылды штифтті салма

Толығымен бүлінген тіс сауыттарды қалпына келтіру үшін

штифтпен біртүтас кұйылған тұқылды штифтті салма кең таралған.

Бүл құрылымың басқа штифтті тістермен салыстырғанда басымдылығы көп:

1) эстетикалық талаптарға сай, себебі алынбайтын протездер

(пластмассалы, фарфорлы, металды-пластмассалы, металды-керами-

калық, телескопты тіс сауыттары) үшін тірек ретінде қолдануға

болады;

2) сыртқы тіс сауыты штифтпен цемент арқылы байланысқан-

Дықтан қажетті жағдайда үстіңгі қүрылымды штифттен бөліп алуға

мүмкіндік бар;

3) түбір өзегіне берік және тығыз орналасады;

4) тістің сауыт бөлігінің толық бұзылған кезінде және мойын

бөлігінде бүлінушілік болса да қолданыла береді. Тұқылды штифтті, құйма салманы алдыңғы тістерге ғана емес, сондай-ақ бүйір тістерге (премолярлар мен молярларға) де және оларды алынбайтын және алмалы-салмалы протездер үшін тірек ретінде қолдануға мүмкіншілік бар.Штифттік тістерді қолдану үшін тіс түбіріне арнайы талаптар қойылады. Көптүбірлі тістерде жиі қолданылатын түбірлер төменгі үлкен азу тістердің дисталды, ал жоғары үлкен азу тістерде – ұрты және таңдайлы түбірлер. Каналдары түбір үшына дейін пломбаланған болулары керек.Tiс түбірін штифттік тіс үшін дайындаған жағдайда түбір өзекшесінің жұмсарған және бұзылған тіндерін толығымен алып тастайды. Тұқылды штифттік салманы дайындау тіс сауыт бөлігінің сақталған қатты тіндерінің мөлшеріне байланысты. Егерде тіс сауытының қабырғалары қалың сақталса, оларды көп егемейді, егерде

қабырғалары жүқа болса, онда оларды сақтамайды, дұрысы оларды мойын бөлікке дейін егеп тастау. Тұқыл қызыл иекпен бір деңгейде немесе одан төмен болған жағдайда түбірдің үшкір қырлары мен жүқа төмпешіктері тегістеледі Tiс түбірінің өзегін дайындағаннан соң жасанды тұкылды балауыздан мүсіндейді. Бүл үшін мүсіндеуші «Лавакс» балауызының

жалынға қыздырып, өзек ішіне ендіреді. . Түқылды штифтті салманың тіс сауыт бөлігінің бұзылу дәрежесіне байланысты құрылымдары Қыздырылған ортодонттық немесе кламмер сымды балауызбен толтырылған түбір өзегіне енгізеді. Балауыз суып, қатқан штифт пен балауыз түбірдің кіреберіс аузына дейін ғана жауып тұрады. Суыған соң балауызды штифтті уырып,бағалайды, штифтті қайтара түбір өзегіне кіргізіп тұқылды мүсіндейді. Түбір үстінен штифттің айналасына жүмсарған балауыз орналастырылады, антогонист-тістердің таңбасын алады, тіс тұқылының сауыт бөлігін мүсіндеу барысында, балауыз қалдықтарын алып тастайды.Осыдан кейін дайындалған балауыз композицияны металға айырбастайды. Оны өңдегенен кейін оның түбірге тығыз жанасуы- мен, антогонистерге қатысының жеткіліктігін бақылап, ауыз

куысында тексеріледі. Даярлаудың дұрыстығына көз жеткізгеннен

соң, тұқылды штифтті салманы түбір өзегіне цементпен бекітеді.

Телескопиялық тіссауытын дайындау технологиясы.

Телескопты тіссауыттары көпір тәріздес және жартылай алмалы-

салмалы тіс протездерін бекітуде, штифті салманы қаптау үшін де колданылады. Олар ішкі және сыртқы тіссауыттарынан тұрады. Ішкі тіссауыттың пішіні цилиндрлік сияқты. Тістің анатомиялық пішіні, протездің алынатын бөлігімен біріктірілетін сыртқы тіссауытпен қалыпқа келтіріледі.

Телескопты тіссауыттартарға арналған тірек тістердің клиникалық тіссауыт бөліктері биік болуы керек. Өйткені тістер егелгенде катты тіндердің едәуір қабатының егелетіндігін есепке алған дүрыс

(2 тіссауыт қалыңдығы).

Телескопиялық тіссауытын дайындау технологиясының екі түрі бар;

1. Штамталған тіссауытын дайындау технологиясы бойынша:

2.Құймалы тіссауытын дайындау технологиясы бойынша.

  1. Әдіс. Тістерді егеу қарапайым штампталған тіссауыттарына ұқсайды,

бұл дегеніміз, тістерге цилиндрлік пішін беріледі деген сөз, шайнау

беті немесе кесу қырлары жағына қосымша тегістеу жүргізіледі.

Тістер егелген соң қос қабаты қалып-өлшем алынады,супергипспен ғанышталады. тірек тістің мойын бөлігі химиялық қаламен сызылады да мүсіндеуші балауызбен анатомиялық пішінін қалпына келтіруінсіз, ішкі сауыт даярланады. Оны дайындау, дәл штапталған тіссауыттарын дайындау кезеңдерімен бірдей. Ол тіс тұқылының қалпын қайталау керек, оған тығыз жабысып жэне қызыл иекке 0,5 мм-ден аспайтындай кіруі керек.

Ауыз қуысында тіссауытты тексеріп, ағартып, тегістеп, жылтыратып цементпен тірек тіске бекітеді..

Содан соң ішкі сауыт үстінен жұмысшы жэне көмекші қалып-өлшем қайтадан алынып, карапайым штампталған (ескі үлгідегі) тіссауытқа қойылатын талаптарға сай сыртқы тіссауыт даярланады. Қалып-өлшем ғанышталады, қызыл иек түсында ішкі сауыттың сыртынан балауызбен сыртқы сауыт мүсінделеді.Техник арасымен балаузды мүсінді кесіп алынады да, ол тез қататын металл штампикке айлатырады, жұмысшы және соңғы штампиктер. Жұмысшы штампике гилза шақтап көріледі, қыздырылады, (наковалникте) төске кигізіліп, балғамен ұрып мүсінделеді. Сонғы штампике кигізіліп штамталады,ағыртылады, тегістеледі, жылтыратылады. Дайын болған сырткы тіссауытты ауыз қуысында тексереді. Сонымен қатар оның кызыл иекке 0,5 мм жетпей түруы, ары кетсе, қызыл иекке дейін, антогонист-тістер түйісуіне кедергі жасамауына, ішкі тіссауытты мойын бөлігінде тығыз орналасуына назар аударылады. Алмалы-салмалы тіс протезі, әсіресе айналу кезінде желім тәріздес тағам жеген кезде тік бағытта аз мөлшерінде болса да

жылжиды, уақыт өткен соң сыртқы тіссауыттың мойын бөлігі біртіндеп әлсірей бастайды, кейде онда жарықшақ пайда бола бастайды, протездің бекуі бүзылады, осының бэрі конструкцияның негізгі кемшілігі болып табылады. Осымен қатар тіссауыттың астында тағам қалдықтары жиыла бастайды, ауыз қуысының гигиенасы бұзылады. Бұл әсіресе, тіс қатарларын алмалы-салмалы тіс протездерімен протездеу кезінде көрінеді.

Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін штампталған қос

қабатты тіссауыттарының орнына құйма телескопты тіссауыттары

қолданылады.

2-әдіс. құйма телескопты тіссауыттарын доғалы протезде қолдану технологиясы. Ол үш кезеңде жүргізіледі.

Тірек тісті егеу кезінде оған аздаған конус түрі беріледі (5-7°).

Бұл сырткы тіссауыт үшін керекті бос орын қалдыруға жол ашады.

Тістің мойын түсында екі тіссауыттың қырының қалындығына сәйкес

кемер жасалады.

1- Кезеңде ішкі тіссауыты дайындалады «металды құю»әдісі бойынша.

Ол үшін тісті егегеннен кейін, қос қабатты қалып-өлшем алынады, одан құрамалы мүсін құйылады да, балауыздан ішкі тіссауыт мүсінделеді. Құю әдісі бойынша ішкі тіссауыты құйылады.Құйылғаннан кейін оны өңдейді, ауыз қуысына орнықтырады, оның тіс тұқылына тығыз жабысқанына көз жеткізген соң, кайтадан мүсінге бекітеді .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]