- •Қалыптық өлшем және мүсіндер(модельдер) материалдарының жіктелуі және оларға қойылатын талаптар
- •Ағартқыштар, тіс протезін жалтыратуға арналған электолиттер.
- •Кезеңде сытрқы тіссауыты дайындалады «металды құю»әдісі бойынша.
- •Полимерлер, олардың қаситтері және қолданылулары туралы жалпы мағлуматтар.
- •Металды –керамикалық тіс сауытын дайындау технологиясы.
- •Жартылай алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Толық алмалы-салмалы пластинкалы протез дайындау технологиясы.
- •Алмалы-салмалы кламмермен бекітілетін доғалы протез дайындау.
- •Виды аттачменов
Ф-МК-003/046
Тіс протездерін дайындау технологиясы негіздері.
Стоматология мамандығы бойынша жоғарғы касіптік білімі бар маман тіс протездерін дайындаудың негізгі технологиялық үрдістерін және олардың пайдалану ережелерін игеруі керек. Бұл оқулықтың алдына қойған мақсаты мен міндеті; тіс протездерін жасаудың технологиясын, қолданылатын құрал жабдықтарды, қосалқы материалдарды, оларды пайдаланудың тиімді әдіст амалдарын жүйелеп таныстырады. Тіс протездерін дайындауда ортопед стоматолог пен тіс технигінің жұмыстарының үйлесімділігі дайындайтын тіс протездерінің сапасына әсер ететін маңызды факторлардың бірі. .Стоматологиялық тіс протездері мен аппараттарын дайындау үшін тіс техникалық лабораториясының дұрыс ұйымдастырылуы, оның құрамына кіретін негізгі бөлмелерді, қондырғыларды, құрал-жабдықтарды және қолданылатын материалдарды білу ортопедтік стоматологиялық көмекті сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тіс техникалық лабораториясының құрылымы және оның жабдықтары.
Стоматология бөлімі көп қабатты ғимараттың бірінші қабатында жайғасады және онда бірнеше бөлімдер болады, соның бірі ортопед стоматолог бөлмесі және тіс техникалық лабораториясы(шеберхана). Тіс протезін дайындайтын шеберхана құрамында арнайы бөлмелер болуы керек және олар тіс протезін дайындаудың әртүрлі кезеңдеріне тура келеді. Шеберхана құрамына негізгі, гипістеу, қалыптау, полимеризациялау, дәнекерлеу, металдарды құю бөлмелері,керамикалық бөлмелер жатады.
Негізгі бөлме: бұл бөлме тіс протездерін дайындау тістерді тізбелеу, протездері өңдеуді атқаруға арналған. Жұмыс бөлмесінің биіктігі үш метр,тіс технигінің жұмыс орнының көлемі 13 м куб, ауданы 4м квадрат болуы тиіс. Негізгі бөлменің қабырғалары ақшыл түсті майлы бояулармен сырланып, жуып тазартуға ыңғайлы болуы керек.Едендер линолиуммен немесе кафельмен төселеді. Бөлменің терезелері металло-пластикалық немесе майлы бояумен бойалған ағаш терезе болуы мүмкін.
1.Терезелер бір бірінен және бөлменің бұрышынан бірдей қашықтықта орналаулары қажет;
2.Терезелердің жоғарғы шеті барынша төбеге жақын орналасулары қажет(20-30 см)
3.Терезелердің әйнектері біртұтас болғандары дұрыс.
4.Жұмыс орнына жарық сол жағынан немесе тура алдынан түсуі керек.
5.
6.
7.
Шеберхананы жабдықтағанда арнайы ауаны ағынды желдеткіш қондырғылар, ыстық су жене суық су келетін құбырлар керек, сумен жылыту құрылғылары, қалдық ағатын құбырлар(канализация), электр өткізгіштер және техникалық шоғырлары келіп тұрады.
Тіс технигінің жұмыс орны.
Тіс технигінің жеке жұмыс орны столдан тұрады, столдың үсті мәрмәр тастан болмаса ортасы ағаштан, айнал шеті жалпақтығы 20-25 см латуннен немесе то баспайтын болат қаңылтырмен қамтылады. Столдың ортасында финагель орналасқан ойық болады. Ойық астына бір немесе екі жәшік блоады, бұл жәшіктер құрал саймандарды сақтауға және гипстің, пластмассаның, металл қалдықтарын салуға арналған. Сол столдың оң жағында мүсіндерді, материалдарды, протездерді сақтауға арналған тумба болады. Столдың үстінде сол жағында немесе тура үстінде жарық көзі, шлифмотор, арнайы бормашина, газ ошағы, электр шпатель сияқты қондырғылар орналасады.Тіс технигінің орындығы айналмалы және арқалы болуы тиіс.
Гипс бөлмсі: бұл бөлмеде гипстен мүсідерді құю, кюветаға орналастыру, протездерді гипс қалыптан ажырату жұмыстары жұргізіледі. Бөлмеде үсті металмен қапталған үлкен столда престер орналасады оның жоғарғы жағында гипске арналған бунке орналасады. Столдының тартпаларында окклюдаторлар, артиккуляторлар, кюветалар, резина колбалар, штатель, гипсти кесуге арналған моторлы қондырғы және гипсті вакуммды араластырғыш (Херку Кульцер фирмасының) CL VMR W ФОРМАТИВІ , вибросаттар(вибробой, вибробеби, вибромистер) басқа құрал саймандар сақталады.Бөлмеде ыстық және суық су құбырлары болады.
Қалыптау және полимеризациялау бөлмесі. Бұл бөлме пластмассалы тіс протездерін жасауға арналған матариалдар(фторакс, метилметакрил), герметик құтылар, пластмассаны полимеризациялауға арналған ыдыстар, престер болады. Столдың және газ ошағының үстінде вентиляция қондырңысы болады.
Жылтырататын бөлме. Бұл бөмеде тіс протездерін жылтыратын шлифмоторлар болады.Барлық шлифмоторларда шаң ұстағыштармен қатар жарық беріледі.
Дәнекелеу бөлмесі. Бұл бөлмеде дәнекерлейтін аппараттар және ауаны үрлеп тұратын компрессорлар болады. Бұдан басқа балауызды ерітетін муфельді пештер орналасады және ағартужұмыстары жүгізіледі ,бұл бөлмеде ауа сорғыш, желдеткіш қондырғылармен жабдықталады.
Металдары ерітіп құю бөлмесі. Бұл бөлмеде металдық керамикалық, бюгельді протездерді дайындау, олардың қанқаларын алу (металл қоспаларын ерітіп) құю жолымен жүргізіледі.Тіс протездерінің негізін, тіс сауыттарын, бюгельді протездері, көпір тәрізді протездері, имплантанттарды, пародон ауруыларында қолданылатын құрсауларды дайындағанда индукциялық токтың көмегімен металды ерітуге болады.
Индукциялық пеш блогы қорағыш металл корпуспен қапталған, бұл корпустың үстінде бақылау көзі бар, қалпақтың астында тигель мен опоканы қысатын құрау бар.
Металды керамика және бағалы металдармен жұмыс істейтін бөлме.Тіс протездерінің фрфордан, металды керамикадан,бағалы металдан дайындалуы, арнайы қондырғылар мен материалдардың болуын талап етеді.Электронды бағдарламалы басқарумен жабдықталған қондырғы форфордан және керамикадан жасалған тіс протездерінің беттерін күйдіру мен жылтыратуды қамтамасыз етеді және технологиялық өңдеуді іске асырады, атап айтқанда; күйдіру, құрғату, салқындату. Техникалық процесті басқару автоматты түрде бағдарлама бойынша іске асады. Балауыз мүсіндерді қалыптық массамен қаптау үшін вакуумды араластырғыш қолданылады. Бұл ыдыста ауа сорылып қалыптаушы масса балауыз мүсінді тығыз қабатпен қаптап, құманың бетінің таза болуын қамтамасыз етеді. Осымен қатар тесіктердің, саңлаулардың, шұңқырлардың болмауына әсерін тигізеді.
Құйылған құмаларды формовты массалардың қалдықтарынан, тотықтан және оның бетін ақырғы өңдеуге дайындау үшін арнайы құмсепкіш қондырғы қолданылады. Қондырғының ішінде герметикалық камера және құмды жинайтын бункер болады және құм себетін түтікшелер болады. Камераның қарайтын әйнегі және екі тесігі қолғатармен бітеді.Қондырғыға аяқпен басатын педаль жалғанған, педальді басқанда түтікшеге қысымен ауа беріліп, ол бункерден құмның ұшып шығуын қамтамасыз етеді, шаң атоматы сорылады.
Форфор және металокерамикамен жұмыс істеудің ерекшеліктері бар, олар үшін арнайы қондырғы мен құрал жабдықтардың болуы тиіс және арнайы бөлменің болуы керек.мүсінді құю, окклюдаторға отырғызу жәнеде бсқа гипспен байланысты опирациялар, гипс бөлмесінде орныдалады.
Тіс протездерін дайындауда қолданылатын зерттеу әдістері.
Ортопедтік стоматологияда тіс протездерін дайындау, белгілі бір кезеңдерден тұрады. Бұл кезеңдердің бір бөлігі шеберханада, ал бір бөлігі пацнетің ауыз қуысында жүргізіледі. Әрбір орындау кезеңінде қателіктерді түзетіп отырады.
Нысанға алынған жұмыс объектісінің зерттелуі үш түрлі болады:
1.Өлшеу арқалы істелген жұмыстың өлшемдерге сәйкес клеуі сызғыш, траспортир және микрометр көмегімен жүзеге асады.Бұл зерттеудің мақсаты:
А) өлшемдедің қысқа, кем, немесе аз мөлшерде болмауы үшін.
Б)Бақылау арқалы сәйкестендіру.
В)Көзбен бақылау.
Шеберханада қолданылатнын аппараттар материалдар және жабдықтар:
Аппараттарға;
Микроматор,шлифматор, самсон аппараты, газ дәнекерлеуші, ауа үрлеуші компрессор, керамика пеші (Аверон),индукциялық пеш блогы,электрлік шпательдер,құмшашқыш аппараттар., гипсті кесуге арналған мотор қондырғы, гипсті вакуммды араластырғыш (Херку Кульцер фирмасының) CL VMR W ФОРМАТИВІ , вибросаттар(вибробой, вибробеби, вибромистер), металқанқаларды құюға арналған Formax қондырғысы, вибропресс қондырғысы, лазерлі перфорат( гипс мүсіндерге штифтерді орнатуға арналған лазерлі қондырғы), «воскотоп» (еріген балауызды белгілі бір тұрақты дәрежеде ұстайды), муфелді пеш және басқа құрал саймандар сақталады
Жабдықтары;
Жұмыс үстелі, кювета,оккюдатор және артикуляторлар,пішінге келтіруші(наковольник) пресстер, мүсінге келтіруші шпатель,гипс шпательдер,резиналы кесе,мүсін алушы қасықтар,резиналы дисктер,мәсуек(щетка) балға,бром штром, спиртті шам,таразылар,тронспортир,сызғыштар,аралар,металл ерітетін қасық, гипс кесетін пышақ,
Материалдар;
Гильза,балауыз(воск),припой,бура,пемза,огнеупорный қағаз, тұз қышқылы,Фторакс,изакол,акрил,пластмассалы тістер ,акрилді тістер,керамиклық порошоктардың жинағы,гипс,пастагой, тез еритін металдар,фильц, сигма,синема, өлшем қалып алатын эластик материалдар,жапқыштар, ажратқыштар.
Ортопедтік стоматологияда қолданыатын материалдар.
Тіс протездерін дайындауда қолданылатын материалдардың жіктелуі.
Стоматологиялық материалтау іс жүзінде қолданылатын ғылыми бөлім болумен қатар,жаңа материалдарды шығару және жетілдірумен айланысады.
Материалтану дегеніміз-материалардың құрылысы мен қасиеттерін зерттейтін ғылыми сала.
Стоматологиядда қолданылатын материалдарды үш топқа бөледі: негізгі,көмекші, клиникалық
Негізгі материалдардан тіс протездері мен жақ -бет аппараттарын дайындайды
Негізгі материалдарға жатады;
-металдар және металдардың қоспалары;
- керамикалар(фарфор және ситалдар)
- полимерлер(базистік, қаптағыш, эластикалық, тез қататын пластмассалар)
- дәнекерлер (припой, бура)
- композициялық материалдар
- тіс құысын толтыратын материалдар( пломбалар)
Көмекші материалдарға тіс протезін дайындау технологиясының әртүрлі кезеңдерінде қолданылатын материалдар жатады.
- қалыптық өлшем;
- модель жасауға арналған мүсіндеуші;
- қалыптық заттар (формативтік);
- абразивтік заттар;(түрпілік)
- жалтыратқыштар;
- ажыратқыш;
- жеңіл еритін металл қоспалары;
- ағартқыштар
- балауыздар:
Дәрігердің клиникада қолданылатын материалдарын «клиникалық» заттар деп атайды.
- қалыптық өлшем;
- стоматологиялық құрал сайман заттар;
- Коп( коронка сниматель)
-өлшегіш:
-керамикалық заттар.
Материалдарға қойылатын талаптар мен олардың негізгі қасиеттері.
Стоматологиялық материалдарға өте жоғары талаптар қойылады Бұл талаптар;
- токсикалық тітіркенткіштік болмауы,
- аллергенді әсер етпеуі
- гигиненалық талаптар орындалуы
- жоғары мықтылық сапасы
-химиялық тұрақтылық (корозияқа қарсы қасиет)
- эстетикалық (ауыз қуысының тіндері мен беттің толық имитациясын беру мүмкіншілігі)
- технологиялық өңдеу мен дайындаудың қарапайымдылыңы.
- деформациялық құбылыс кезікпеуі (формасын және көлемін өзгертпеу) сияқты талаптар орындалуы шарт, бірақ ешқандай материал толық талаптарға жауап бермейді.
-медикаменті өңдеуге қолайлы
Қалыптық -өлшем материалдары.
Қалыптық өлшем және мүсіндер(модельдер) туралы түсінік.
Қалыптық өлшем- дегеніміз келешек дайындалатын тіс протездері мен аппараттардың орналасатын орыны және онымен шегаралас тіндердің теріс (негативі) бейнесі. Қалыпты өлшемді арнайы материалдар мен қасықтарды қолдану арқалы аламыз.
Мүсін( модель)- дегеніміз бұл бір дененің тура пішінін қайтлайтын арнайы үлгі.
Жақ сүйектерінің мүсіндері(модельдері) – ауыз қуысындағы протез орнында және шекарасында орналасқан жұмсақ және қатты тіндер бетінің дәл алынған өлшемі. Стоматологияда қолданылатын көшірме үлгі алу, қолдау орындарына байланысты үш топқа бөлінеді;
Мүсіндер негізгі және көмекші, диагнотикалық болып бөлінеді.
Тіс протезі дайындалатын жақ сүйегнен алынған мүсінді негізгі немесе жұмысшы мүсін деп аталады, одан тіс протездері және аппараттар дайындалады. Қарама қарсы тіс қатарынан алынған мүсін көмекші деп аталады.
Диагнозды анықтауға және келешекте протездің конструкциясын жоспарлауға арналған мүсінді диагностикалық мүсін деп атайды.
Қалыптық өлшем және мүсіндер(модельдер) материалдарының жіктелуі және оларға қойылатын талаптар
Қалыптық өлшем массалары өздерінің құрамына, құрылымына және қолдану барысындағы физикалық күйлерінің өзгеруіне байланысты төмедегінше жіктеледі.
1. қатты кристалдану жолымен қататын массалар
а) гипс, (суперқатты гипс, супергипс, бегодур, бегостоун, дуралит, фуджи рок. Вел микс, стоун, супра стоун, молдасин синтетикалық супергипсі )
б) мырыштотықты эвгинол сықпалары(репин, луралит,кавакс, дендия;)
в) мырыштотықтыгваяколды материалдар(Дентол)
2. полимеризациядан кейін эластикалық күйде болатын массалар
А) альгинатты-Стомальгин,Упен, Кромопан, Ортоприн-құсуға қарсы қоспасымен, Гидрогум- резинасияқты қасиетпен, Дупальфлекс, Триколоральгин, Пальгафлекс, Джелтрэйт- үш консистенций шығарылады Б) силиконды- Сиэласт 69 ,03, 05, 21, Экзафлекс, Экзамикс , Кольтекс, Кольтофлекс, Дентафлекс, Цафо-Тевезил 3М, Экспресс, Резидент, Гидросил, Регисил, Оптосил 11, Ксантопрен, Панасил, Формасил 11, Дегуфлекс, Гаммасил, Вигален-30, Вигален 35 тағы басқалар.
В) тиоколды және полисульфитті – Тиодент, Тиодент М, Пермопластик, КОЕ флекс тағы басқалар
Г)полиэфирлі –Полиджет , Пермодайн, Импрегам тағы басқалар.
3. термопластикалық(жылудың әсерінен жұмсаратын массалар) бірінші топтың массалары сияқты ауыз қуысында қатаяды және олардан айырмашылығы қайта қыздырғанда жұмсарады.
Термопластикалық материалдар : Стенс, Акродент-02, Стомапласт, Ортокор, Дентафоль, Адгезиаль, Керра, МТС-02, МТС-03, Ксантигин.
Стоматологиялық қалыптық өлшем материалдар төмендегі талптарды қанағаттандырулары керек;
1. ауыз қуысындағы шырышты қабаттың және тістердің рельефтерін дәл қайталау;
2.жұмсақ және қатты тіндерге жабысбауы,ауыз қуысынан алғаннан кейін көлемін өзгертпеу,бұзылмауы;
3. ауыз қуысына салғанда қамыр тәрізді жұмсақ, ауыздан алғанда эластикалық(резинке, қамыр тектес) болуы керек;
4. ауыз қуысындағы температура мен ылғалдық жағыдайд тез және толық қату керек;
5. ауыз қуысына кіргізілуінің және алынуының ыңғайлылығы;
6. ауыз қуысынада болатын термиялық және химиялық процестердің әсерінен туындайтын зиянды әрекеттердің болмауы(сілекейде ерімуі, ауыз қуысындағы тіндерге кірмеуі немесе сіңбеуі;
7. жаман исі және дәмі болмауы, бөлме температурасында көлемі өзгермеуі, ұзақ уақыт деформациясыз сақталуы;
8. пайдаланған материалдар оңай медициналық өңделуі;
9. модельді құйғаннан кейін гипспен бірікпеуі және одан оңай ажыралуы;
10. жеңіл қапталынып, сақтауға, алып жүруге ықшам, арзан болуы.
Гипс, оның түрлері, оған арналған құрал- саймандар мен амал –әдістер.
Тіс протездері мен әртүрлі жақ бет аппараттарын дайындау технологиясында ең жиі және кеңінен қолданылатын материалдың бірі гипс болып табылады. Алынған қалып өлшемнен мүсіндерді құю үшін. Беттің маскасын дайындауда, формативтик материал ретінде мүсіндерді окклюдаторға,кювейтаға бекіту үшін және дәнекерлеу істерінде гипс кеңіне қолданылады.
Табиғатта гипс сулы кальций сульфаты (СаSO4. 2Н2О) МИНЕРАЛ түрінде кездеседі, құрамы кристалды болады және минералда оның мөлшері 70% болады. Гипс минерал тасы ,алдымен механикалық езгіш машинада ұнтақталады, одан кейін 120-190ºС дейін қыздырады. Қыздыру мен ұнтақталу кезінде гипс минералындағы су ¾ бөлігі жоғалады, кальций сульфат жартылай гидрат (СаSO4 ½ 2Н2О) гипс пайда болады.
СaSO4 2 H -----CaSO4½2 H2O†⅔H2O гипс ұнтағы.
Тіс протездерінде қолданылатын гипс табиғи гипсті қыздыру жолымен алынған. ( α(альфа) және β (бетта) жартылай гидраттары) олар физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Стоматологияда гипстің β –түрі істетіледі. Қыздырып өңдеу жоғары атмосфералық қысымда (1.3атм) жүрсе онда α(альфа) -түрі алынады, бұл супергипс деп аталады.
Стоматологияда қолданылатын гипстердің жіктелуі.
Халықаралық стандарттың талабына сәйкес қаттылық дәрежесіне байланысты гипс бес түрге бөлінеді.
1.жұмсақ; (β гипсі)окклюзиялық қалып өлшем алуда, алмалы салмалы пластиналы протездерді дайындағанда, штамталған тіс сауытын дайындағанда кең пайдаланады.Бұл гипске жататындар:ақ гипс, Париж гипсі, қарапайым тіс технигінің гипсі.
2. медициналық гипс; Галипастер гипсі, жалпы хирургиялық гипс.
3. қатты ;алмалы салмалы тіс протездерінің технологиясында, диагностикалық және жұмысшы мүсіндерді дайындауда қолданылады, құрамында α(альфа) жартылай гидрат кальций сульфаттан тұратын гипс. Бұл топқа жататын гипстер; Пластон L, Гипсогал.
4. өте қатты гипс; жақ сүйектерінің құрамалы мүсінін алуға арналған, құрамында α(альфа) жартылай гидраты кальций сульфаты кіреді .Бұл топқа кіретін гипстер ;Фуджирок ЕР Галигранит, өте қатты гипс; Супергипс, Бегодур, Бегостоун, Херостоун М, Вел Микс Стоун, Супер Стоун қатаю уақты 8-10 минут, қатаю кезіндегі ұлғаю мөлшері 0,07-0,09%, қатқаннан кейін бір сағат өткеннен кеінгі қысымға төзімділігі 30 Н/мм квадрат бір туліктен кейін-35-60 Н/мм квадрат. Гипспен судың қатынасы 100 гр 22-24 мл.
5. ерекше қатты гипс; синтетикалық компоненттер қосылған.Бұл гипс беткі қабатының аса мықтылығымен сипатталады. Гипс ұнтағы мен
суды араластыруда өте жоғары дәлдікті қажет етеді. 100 гр гипске 21мл су араластырады, қатаю уақты 8-10 мин , ұлғаю коэффицент 0,1% құрайды Синтетикалық аса қатты гипстер; Херарок , Молдасинт. Қарапайым гипстерден ажырату үшін қызғылт, көк, қоңыр және сары түсті болып шығады. Супергипс су мен араластырғанда ауа түйіршіктері қалмауын қажет етеді, сол үшін вакуумды вибераторларда араластырылады, араластыру уақты 90 сек.
Қарапайым гипс үшін қатаю уақты 20 мин . Гипсті араластыратын суға тұз қосылса қатаю уақты азаяды, тұздың мөлшері тым көп болса қатаю уақты ұзарады.
Қалыпты қасықтар.
Қалыптарды арнайы қасықтармен алады, олар стандартты және дербес болып келеді. Стандартты қасықтар жоғарғы және төменгі жақ сүйектеріне арналған болып, тот баспайтын болаттан, дюралюминийден, пластмассадан дайындалады. Қасықтардың қырлары мен табандарының арасындағы бұрыш 90-120º аралығында болады.
Қасықтар анатомиялық және функционалдық болып екіге бөлінеді. Анатомиялық қасықтар протезбен шектелетін тіндердің қызметтік күйін ескермейді. Функционалды қасықтар протезбен шегаралас өтперлі қатпарлардың және қозғалмалы шырышты қабатты толық қамтуға әсерін тигізеді. Қасықтарды таңдалғанда қасықтың ішкі бетімен тістердің аралығы 3-5мм аз болмауы керек. Қасықтар бес тұрлі размерде болады және жақтағы тістердің орналасуына байланысты болады. Қасықтар № 1,2,3.4,5 түрінде болады , соның ішінде №1, 2 қасықтар балалар жасындағы пацентерге, ортодонтиялық пластинкалар жасауға қолданылады. Ал № 3,4,5 қасықтар ересек пацентерге қолданылады. Тістердің жақтағы орналасуына байланысты қасықтар;
1. бүйірі толық қасықтар;
2. .толық жазықты қасықтар;
3. бүйірі фонтал жағында бар, ал бүйір тістер жағы жазық;
4.бүйір тістер жағы бүйірлі, ал фонтал тістер жағы жазық ;
5.жартылай оң жақ тістеріне арналған және жартылай сол жақ тістеріне арналған.
Дара жеке қасықтарды жасау және оны дайындау үшін қолданылатын тез қататын полимерлі материалдар.
Өз бетімен қатаятын пластмассалар
Бұл пластмассалар сыртқы теператураның әсерінсіз полимеризацияға ұшырайтын акрилатты пластмассаларға жатады. Өз бетімен қатаятын пластмассалар жатады:
Протакрил, редонт 02,03, норакрил, стадонт,карбопласт, акрилоксид және басқалар.
Редонт 02,03, Норакрил ортопедиалық стоматологияда сынған алмалы салмалы протездерді жөндеу үшін, базистің сынығын жамауда, кламмер мен қосынша тістерді бекітуде және қозғалған тістерді бірбіріне байлап бекіту үшін, ортодонтиялық аппараттар дайындау үшін қолданылады.Тез қатаятын пластмассалардың полимеризациясына арнайы құрал саймандарды қажет етпейді. Протакрил, Протакрил-М-тез қатаятын қызыл түсті пластмассалар, құрамында ұнтақ( полимер), сұйықтық(мономер), дихлорэтан желімі және ажыратқыш лак Изакол болады.
Дихлорэтан желіміпротездің базисінің сынық бөлшектерін бір бірімен желімдеуге қолданылады.Бұл үшін базистіңбөлшектерін желімен жағып, бір бірімен жапсырылады, мин өткеннен кейін, гипсті сумен араластырып, оған протездің базисін бекітеміз.Гипс мүсінен протездің базисін ажыратып, оны Изокол ажыратқышымен жағамыз. Сынық сызықтарын фрез, борлармен кеңейтіп, оған мономер жағып гипс негізіне қайтатара отырғызамыз. Полимер мономер копозициясын қамыр тәрізді кезеңінде қалыптаймыз. Тегістеп, жылтыратады.
Тез қатаятын Дуракрил әртүрлі түсте болады, Суперакрил О, U, V, Z алқызыл пластмасса.
Реберон алқызл түсті, Мега А, Мега Ф, Метасил алмалы салмалы протездердің реставрациясынан кейін айна секілді айрықша жылтырайды.
Репид Репай алқызыл акрилді пластмасса,баска пластмассалардан айырмашылығы полимеризациясы төмен температурада жүреді. Селакта плюс пластмассасында ұнтақтан басқа полимеризацияны үдету үшін (8мин) және баяу жүргізу үшін (13мин) арналған сұйықтықы бар.
Дара жеке қасықтарды жасауға арналған пластмассалар.
Дара жеке қасықтар функционалды өлшем алуға арналған.Бұл қасықтар жартылай және толық алмалы салмалы протездерді дайындауда қолданылады. Дербез қасықтарды дайындағанда қолданылатын материалдар: базисті, тез қатаятын пластмассалар, полистирол.
Дербез қасықтарды дайындау технологиясы.
-базистик пластмассаны қолданғанда, гипс мүсінге балауыз базис дайындап, оны кюветаға гипспен отырғызып, балауызды әдеттегі технология бойынша пластмассаға ауыстырамыз. Бұл технологияға кететін уақыт 2,5 -3 сағат.
- тез қатаятын пластмассаны қолдану ретінде полимер мономер композициясын ажыратқыш лак жағылған гипс мүсінге жағуға болады. Композициясын қамыр тәрізді кезеңде алдын ала біркелкі қалындықта жаяды. Осыдан кейін полимеризация гидрополимеризаторда жүргізіледі. Дайындау уақыты 40- 50 минут.
- полистиролды қолданғанда гипс мүсінді қаптау термовакуум аппаратында жүргізіледі
Тез қатаятын Корбопласт(Украина) құрамында пластификатор дибутилфталатты ұстайды. Ұнтақ пен сұйықтықтың қатынасы 3:1, полимеризация уақыты 6-10 минут.
Дуракрил екі компонентті метакрилді құйма пластмасса, құрамында минералды толықтырғышы бар, химиялық реакция негізінде қатаяды, қыздыруды қажет етпейді.
Дербез қасықтарды дайындау үшін басқада акрилды пластмассалар пайданылады: Трей, Формтрей,Индивидо, Острон .Қасықтарды дайындау үшін пластинкаларда шығарылады, мысалы:АКР –П,Кавекс, Тессекс.
Штампталған жеке тіс протезін дайындау технологиясы.
Клиникалық кезең:
Штампталған жеке тіс протезін дайындаудың көрсеткіштері.
А) тіс сауыты бұтіндігі бұзылғанда
Б. Тіс сауыты штифталған металл салмамен қапталғанда
В. тірек тіске кламмер орнатқанда.(алмалы салмалы протез)
Г. Штамталған дәнекерлі көпір тәрізді протездерге тірек тіс ретінде пайдаланылады.
Штампталған жеке тіс протезін дайындауда тірек тісті егеу.
Алдымен паценткпен танысап, атқарылатын жұмыстың көлемін және протездің констукциясын, оны орындауға кететін уақытты, диагнозын қойылып, нарықы келісіледі. Одан соң, қажеттілігіне қарап.
1. жансыздандырылады
2. Тірек тістің сауыт бөлігін конус немес цилиндір тәрізді етіп егеулу.
3. Қалыптық қасық таңдалып, шақтап көріледі, қос қабаты қалыптық өлшем (силиконды материалмен) алынады тірек тістерден және антогонист тістерден.
3. Орталық окклюзия анықталады
Зертханалық кезең:
сұйық қарылған гипісті қалыптық өлшемге ауа түйіршіктері қалмау үшін ұрғылап тұрып құйылады және үстелдің үстіне гипс блок құйылады, оның ұстіне гипс құйылған қалыптық өлшем аударылады.
Анықталғн орталық окклюзия бойынша окклюдаторға ғанышталады, артықша гипсті ұқыптылықпен жиналад 10-15 минут қатуы күтіледі. Қатқаннан кейін техниктің балғасымен жайлап қалыпы ұрып гипс пен қалыптық өлшем ажыратылады.
Ажыратылға қалыптық өлшемге екінші рет гипстик мүсін құйылады.
Екінші гипстік мүсін штапмталған жеке тіс сауытын дайындауға қажет болады.
5. Екінші гипстік мүсінде тірек тістің мойын бөлігі сызып алынады да балауызбен мүсінделеді.
6. жасалған( модельді) мүсін техник арасымен столбик етіп кесіп алынады;
7. Техник столінің үстіне гипстен қаймақ тәрізді блок құйады, балауызды мүсін оған жартылай көміледі. Ол қатқаннан соң, суға салып алынады, үстіне гипстің екінші қабатын құйылады, ол 10-15минут қатады .
8. Гипстік блокті техниктің балғасымен жанынан жайлап ұрып ашады. Ондағы балауыз мүсін алынады, шетке қойылады.
9. Гипстік блокті қайталап жинап, балауызды мүсіннің орнына тез қататын металл құйылады. Осылайша тірек тістің гипстік мүсінін металл штампикке айланды. Екі металл штампик дайындалады; біреуі жұмысшы, екіншісі соңғы штампик.
10. ММСИ әдісімен, қатты резинадан жасалған, табаны ашық дөңгелек ыдысқа соңғы штампикті шайнау бетін ашық қалдырып,вестибуляр және апроксимал беттеріне лейкопластер оралады. Ыдыстың ішіне тез қататын металл құйып, дайындалған штампикті соның ішіне батырады. Металл қатпай тұрғанда үш жерінен сызып ,сынатын орындары белгіленет.(Металл қатқаннан соң балғамен ұрып сындырылады.)
11.Жұмысшы штамтике гилзаны шақтап алынады. Гилза сабан тәрізді сары ренге кіргенше қыздырылады (600º-900º).
12. Гилзаны төске(наковальник) қойып,балғамен жоғарыдан төмен қаратып ұрып мүсінделеді. Осы процесс бірнеше рет қайталанады.
13.Гилза тағы бір рет сабан тәрізді сары ренге кіргенше қыздырылады (600º-900º).
14. Гилзаны жұмысшы штампикке кигізіп,окклюзиялық бетімен қорғасын жастықшаға қойып ұрғылап, тістеу беткейінің мүсінін шығарады (фиссура).
15. Жоғарыда жасалған соңғы штамтик, ( тез қататын металлдан) металдан ажыратып алынады (тез қататын металды балғамен ұрып сындырады, бірнеше бөлшекке бөледі), штампиктен лейкопластер алынып тасталады. Гилза соңғы штампике кигізіледі. Резина ыдысқа тез еритін металдың сынықтарын жиып,орнына қойылады. Оның арасына гилзаны(соңғы штампикке кигізіп) қойып, балғамен ұрып кіргізеді. Гилза соңғы штамптаудан өтті.
16. Гилзаны соңғы штампиктен металды қыздыру арқалы ажыратылады.
17. Тіссауытының пішіні берілген гилзаны гипстік штампке кигізіп клиникаға, шақтап көруге жіберіледі.. Ол үшін тіс протезін ағын суда жуамыз, антисептикпен өңдейміз, спирт 70% өңдейміз, мақтамен және ыстық ауамен кептіреміз.
Клиникалық кезеңі:
4.Тіссауыт медициналық өңделіп ,тірек тіске шақтап көріледі. Тіссауыты жоғарыдағы талаптарға жауап берсе:
А. Металды тіс сауыты тіске тығыз отыру керек;
Б. Қызыл иекті жарақаттаму;
В. Тістің мойын бөлігі толық жабу ;
Г. Қызыл иектің ішіне 0,2-0,5 мм кіріп тұру;
Д. Қалыпты тістемді бұзбау.
Металдық тіссауыты айтылған талаптарға толық жауап берсе, зертханаға ағартып, тегістеп және жылтыратып өңдеу үшін жіберіледі.
Зертханалық кезең:
Тіс протездерін өңдеу үшін арналған материалдар.
