Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bulgakova_D_A_Memleket_zh_ne_y_teoriasy.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
453 Кб
Скачать

2. Құқықшығармашылықтың қағидалары.

Құқықшығармашылыққа мына қағидалар тəн:

1) ғылымилық – нормативтік актілерді дайындау процесінде əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне басқа да жағдайларды, қо-ғамның дамуының объективтік қажеттіктерін жəне т.б. зерттеудің маңызы зор;

2) кəсібилік – мұндай қызметпен құзіретті тұлғалар – заңгер-лер, экономистер жəне т.б. айналысуы тиіс;

3) заңдылық – бұл қызмет Конституцияның жəне басқа да заңдардың негізінде жəне шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс;

4) демократиялық – азаматтардың бұл процеске қатысу дəре-

жесін, қоғамдағы процедуралық нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;

5) жариялылық – құқықшығармашылық процестің көпшілік қауым үшін ашықтығын білдіреді.

3. Құқықшығармашылық процестің кезеңдері.

Құқықшығармашылық процесс бірнеше кезеңдер арқылы жү-зеге асырылады:

1. Заң шығару ынтасы – құқықшығарушы органға нормативтік актіні шығару туралы ұсыныс немесе актінің дайын жобасы ұсы-нылады. Заң шығару құқығына ие субъектілер шеңбері заңнамада қатаң түрде анықталған.

2. Заң жобасын талқылау – бұл кезең құжатты қажетті сапаға жеткізу, қарама-қайшылықтарды, олқылықтарды, түсініксіз мəсе-лелерді жəне т.б. жою үшін қажет. Ерекше маңызды заң жобалары жалпыхалықтық талқылауға ұсынылады.

3. Заңды қабылдау.

4. Қабылданған актінің мазмұнын көпшілікке жеткізу, яғни, заңды жариялау.

29 кесте Субъектілеріне байланысты құқықшығармашылық төмендегідей болінеді: Құқықшығармашылық – бұл құзыретті органдардың заңдық нормаларды қабылдау, өзгерту жəне жою жөніндегі арнайы қызметі - референдумды өткізу процесіндегі халықтың тікелей құқықшығармашылығы - уəкілетті мемлекеттік органдардың тікелей құқық белгілеуші қызметі - мемлекеттік органдармен, өздерінен тыс əдет-ғұрып түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдармен жасап шығарылған нормаларды санкциялау

23 Тақырып. Заңңаманы жүйелеу

1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері.

2. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі.

1. Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен түрлері. Жүйелеу – бұл нормативтік актілерді реттеу, оларды белгілі бір жүйеге келтіру. Ол заңнаманы қолдану ыңғайлылығын арттыру үшін, көпшілікке түсінікті болуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Жүйелеудің түрлері:

1. Инкорпорация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-гертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Мұн-дай жинақта əрбір акт өзінің дербес мəнін сақтап қалады. Ин-корпорацияның қағидалары: хронологиялық (оларды қабылдау уақыты бойынша), тақырыптық (белгілі бір тақырып бойынша) жəне т.б.

Инкорпорацияны кім жүзеге асырғанына байланысты жинақ-тардың үш түрін бөліп қарастырады: ресми, официозды жəне бейресми. Ресми жинақ құқықшығарушы орган өзі жинақты дайындап, жариялаған кезде орын алады. Официоздық жинақ бо-лып құқықшығарушы органның (мысалы, əділет министрлігінің) тапсырмасы бойынша, бірақ оның ресми көрініс таппаған қолдауы арқылы шығарылған жинақтар табылады. Бейресми жинақ болып ғылыми мекемелердің, баспалардың өз ынтасы бойынша, құқық-шығарушы органның арнайы өкілеттіктерісіз шығарған заңнама жинақтары табылады.

2. Консолидация – бұл нормативтік актілердің мазмұнын өз-гертпестен бір жинаққа біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Ин-корпорациядан айырмашылығы – мұндай жинақта əрбір акт өзінің дербес мəнін жоғалтады. Мұнда нормативтік актілер олардың белгілі бір қызмет түріне қатыстылығы белгісі бойынша бірікті-ріледі (табиғатты қорғау, білім жəне т.б.).

3. Кодификация – бұл нормативтік актілердің мазмұндарын өзгертудің нəтижесінде оларды біртұтас актіге біріктіру арқылы жүйелеу нысаны. Кодификация процесінде ескірген материалдар мен нормалардағы қарама-қайшылықтар жойылады, жаңа жүріс-тұрыс ережелері қалыптасады, олардың өзара келісуі мен

логикалығы қамтамасыз етіледі. Кодификациялық актінің дəстүрлі қалыптасқан түрі болып кодекс табылады, ол – бір сипатты қоғам-дық қатынастардың белгілі бір саласын жан-жақты реттеуге мүмкіндік беретін ірі акт.

2. Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі. Заңнамада, құқықтағы сияқты, оның ішкі құрылымы болып табылатын өз жүйесі бар. Алайда, бұл түсініктерді келесі негіздер бойынша ажыратқан жөн:

1) егер құқық жүйесінің алғашқы элементі болып норма та-былса, заңнама жүйесінің алғашқы элементі болып нормативтік акт табылады;

2) егер құқық жүйесі мазмұн түрінде көрініс тапса, заңнама жүйесі нысан түрінде көрініс табады;

3) егер құқық жүйесі объективтік түрде, қоғамдық қаты-настарға сəйкес қалыптасса, заңнама жүйесі субъективтік сипатқа ие, себебі, заңшығарушыға тəуелді болып келеді;

4) егер құқық жүйесі негізгі, алғашқы сипатты иеленсе, заң-нама жүйесі туынды сипатқа ие, себебі, алғашықысы екіншісі үшін негізгі база болып табылады;

5) құқық жүйесі мен заңнама жүйесі көлемі бойынша ажы-ратылады: заңнама, бір жағынан, нормативтіліктің барлық түр-лерін қамтымайды, себебі, құқық заңнамамамен қатар əдет нормаларынан, нормативтік шарттардан жəне заңды прецедент-терден де көрініс табады; екінші жағынан, нормалардың атау-ларынан басқа да элементтерді қамтиды – преамбулалар, тарау-лардың бөлімдердің, баптардың атаулары жəне т.б.

30 кесте Кодификация – бұл еркін, жүйеленген, іштей келісілген, ірі нормативтік актіні заң шығырушымен жасау Заңдарды жүйелеу –бұл нормативтік актілерді бір тəртіпке келтіру, оларды белгілі бір жүйеге келтіру Инкорпорация – бұл əрекет етуші нормативтік актілерді мазмұнына өзгертулер енгізусіз жүйеленген түрде біріктіру Тəсілдері РесмиРесми емес

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]